Ерік туралы жалпы ұғым



Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) не түрткі деп атайды. Кез келген түрткі сан – қиылы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін- ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады.
Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуге көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп аталады. Сонымен ерік дегеніміз адамның мінез құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж.Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуіне жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді. Бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жеңуімізге сырт нәрселер кедергілер жасаса

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ерік туралы жалпы ұғым

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі
болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) не түрткі деп атайды. Кез
келген түрткі сан – қиылы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып
жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттері.
Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды
орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. өйткені, адам сыртқы
дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып не оған өзінің қатынасын
білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі
келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда
қимыл қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады.
Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің
жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін- ерікті қозғалыстар деп
атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың
соңғы түріне жатады.
Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға
болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе
білуге көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе
ерік деп аталады. Сонымен ерік дегеніміз адамның мінез құлқын меңгере алу
қабілеті. Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде
белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу (Ж.Аймауытов).
Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға
байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуіне жақсы байқалады.
Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді. Бірақ сабаққа кешікпеу
үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу
сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жеңуімізге
сырт нәрселер кедергілер жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай
болмаушылық т.б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету
арқылы адам өзінің әртүрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі
қажеттерін өтей алады. Адамның ерікті қимылдары оның өмір сүріп отырған
ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне
байланысты көрінеді. Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі жағдайда бір
қилы әрекет жасайтыны мән. Біз көп адамдардан не тілісіем, соны істеймін
деген сөздер жиі естиміз. Кейбір философия мен психология ғылымдарының
өкілдері осындай жеке пікірлерге тас кенедей жабысып адам не істеймін
десе де ерікті, өз қылығына өзі қожа дейді. Барлық тіршілік ерікке
байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық
жағдайлармен байланысы жоқ, өзінше пайда болған күш, - деп адамның барлық
әрекеті мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге,
жағдайларға байланысты болатындығына жеке мән бермейді.
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның
өмір сүретін ортасына байланысты дами отырып, ми қызметі продуктісінің бірі
болып есептелінетін психикалық процес деп түсінуіміз қажет. Орыс ғалымдары
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов екрік қимылдарының белгілі бір себепке
байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді.
И.М.Сеченов: кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды
бейнелеу мағынасында ұғыну керек.... Адамның кез келген қимылдарының
алғашқы себебі одан тыс болады, деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігіне
және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.
Еріктің физиологиялық механизімі де ми қабығының рефлекстік
табиғатына жатады. Ерік процесіне жоғарыда айтылып өткен ерікті
қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа
бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер, Еріксіз
қозғалысьарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара
қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен
кейін зерттеген И.П.Павлов болды. И.П.Павлов және оның шәкірттері басқа
анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да
түрлі тітіркендіргіштермен ұақытша жүйке байланысына түсуге қаблетті
екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда
болған уақытша байланыстардың негізінде жасалды. Мұндай қозғалыстар үшін
сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп,
басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген
қозғалыстары да іштей сөйлеу арқылы пайда болып отырады, мұндай сөздер
түрлі қимыл-қозғалыстың басталу белгісі. Адам сөз арқылы нұсқау алады
немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-
қозғалыстарын реттестіреді.
Қозғалыс анализаторын жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы
жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары
бар. Бұлар жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып
жатады. Қозғалыс катализаторын құрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол
деп атайды. Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл
қозғалысының береккесі кетеді, мұндайда оны паралич ауруы соғуы
мүмкін.
И.П.Павлов ...еріктік қозғалыстың механизімі жоғары жүйке қыметітің
барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс ерікті мидың
уақытша байланыстар принципінің заңына орайлас түсіндіреді.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз – еріктің ең қарапайы түрде
сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене
бастаған, өзінің денесін басқара алудан байқалады. Қозғалыстарды тежей
алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау – бірінші және
екінші сигнал жүйесінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның
психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді.
Ал дәл мағынасы да ерікті амалдар ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге
байланысты көрініп отырады. Мәселен адам жазу үшін столдың үстіндегі
қарындашты қол созып алады. Әрине, бұл саналы және белгілі мақсатқа
бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп
ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу
байқалмайды. Ерік амалы байқалған мен, оның көрнісі өте болмашы, мұндағы
ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын
мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың (тіпті,
ойланып істелген қылық болса да) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтіп адамның
дәл мағынасындағы ерікті амалы, біріншіден, әрбір адамның өзін-өзі
билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден оның
түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын
орындап, істі мықты тындыруынан көрінеді.

Ерікті амалдардың кезеңдері

Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасадын
күрделі рцесс екендігін төмендегі структурасынан жақсы көруге болады.
Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы
бар дейік. Оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажетті, білім
алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Кез келген адамнан сен үшін оқисың?
деп сұрасаң оның нендей болсада бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін,
жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп
атайды. Тілек- келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, газетке
мақала жазсам, өзенге барып шомылсам, домбыра тартып үйренсем т.б.
деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір
қажетті өтеу көзделген, Бірақ оны орындау жолдары әліде болса көмескі ,
яғни оның жоспары сызылмаған. Дегенмен , осы секілді тіліектерде еріктік
амалға тән талғамалылық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын
қажет етеді. Ой тезіне арқылы адам өзіне қажетті тілектерді тежейді де,
қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал- айла, әдіс
қарастырады. Тілектің алдын- артын тексеріп үйренген адам балалықта
ебдейсіз, еркеліктер, қиаңғылықтан, есейгенде еркеліктен аман болмақшы
(М.Жұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегі нақтылы келісімді түрге
келтіреді. Жақсы ниет жарым ырыс деп халық тегін айтпаған.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әректтің
орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде
өзіне Не істеу керек? деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде
Қалай істеу керек?, Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады? деген
сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді,
айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтарын сыр сипатын, оны жеңудің
жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келеді дейік. Ол
алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайлан алуға
болатындығын, қандай құрал- сайман керектігін, жұмыстың көлемін т.б.
топшылап алады. Қандай болмасын іс - әрекеттің жоспарын жасау – күрделі
процесс. Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын
қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жоспары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін
адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау - мақсаттың
айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.
Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік –жігерін толық
көрсете алмайды. Өйткені адамның ерік-жігерін толық көрсете алмай, қайшы
келіп отырады. Мәселен орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтық
институтқа түсіп, мұғалім болып шыққысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл
шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі
мамандықтың біреуін қалай қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық
түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын
білмей , әуре сараңға түседі. Міне осындай жағдайда тілек пен қалаудың
арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда түрткілер күресі деп
атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы – нақты
жағдайға тура келетінін біреуі жеңеді, тек содан кейін ғана адам белгілі
бір тоқтамға келе алады.
Мотивтер күресін Н.В.Гоголь Үйлену комедиясында жақсы көрсеткен.
Некесі қиылайын деп тұрған надворный советник Подколесин аяқ астында
үйленудің тиімді тиімсіздігін ойлай басы қатады. Үйленбей жүрген
жұрттың шетінен есуас екеніне көзім енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың,
көрер көзге адасып жүргені-ай десейші. Алда – жалда бір елге патша бола
қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай жұрттың бәрі түп-түгел
үйленсін деп әмір берер едім .... Ол осы арада ойланып, ақылға салып
үйленген жөн шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсызсық болар деген ойға
келеді. Бұл оның үйлену жөніндегі бірінші мотив – семья бақыты. Шынында
ойлап тұрсам, мінеки, әне- міне дегенше, әйелді болып шыға келгелі отырмын.
Сөйтіп, енді тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де
табылмайтын ертегідей бір шырын – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы
Еркіндік және жауапкершілік туралы
Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу
Психология
Ерік жайлы
Сеченов пен И. П. Павловтың психологиялық зерттеулері
Ерік қасиеттерінің психологиялық негіздері
Ерік және жеке адамның еріктік қасиеттері
Пәндер