Ессіз құмарлық - денсаулықтың жауы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ессіз құмарлық - денсаулықтың жауы

Нашақорлық (грек тілінде пагсотапіа - құмарту) - патологиялық құмарлық. Есірткіні ертеде өзге де, көңіл көтеруге пайдалыныпты. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Шу-Меркі аумағында адамды ұйықтатып тастайтын әлдеқандай шөп жайында айтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген Геродот жазбаларында да есірткінің адам ағзасына әсері жайында мәлімет бар. Медицина атасы Гиппократ апиынды емге пайдаланған екен. Александр Македонскийдің жауынгерлері апиынды Оңтүстік Азияға әкеліп еккен көрінеді. Десе де, Шығыс пен Батыс елдерінде апиынды есірткі ретінде етек алған.

XX ғасырдың 60-жылдарында есірткіге елігу ерекше қарқынмен дами бастады. Есірткіге әуестеніп алған балалар мен жасөспірімдердің болашағы бұлыңғыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, республикалық наркологиялық орталықта есепте тұрған адамдардың саны - 49736. Диспансерлік есепте тұрған әйелдердің саны 4939-ға жеткен. Нашақор жасөспірімдер саны 3105 адам болса, оның 835-і он төрт жасқа толмаған балалар екен.

Нашақордың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, нерв жүйесін бірден улайды, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді.

Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болып, зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі. Нашақор әйелдерде түгелдей дерлік жыныс мүшесінің жұмысы бәсеңдейді, сонымен қатар етеккірлерінің келуі де бұзылады (кейде ерте, кейде кеш) . Олардан дімкәс, кемтар балалар дүниеге келеді. Ер адамдарда да жыныс мүшесінің қызметі нашарлайды. Оларды ештеңе қызықтырмайды. Осы себепті өз жандарын өздері аямайды, бір инені бір-біріне беріп, жалғастырып сала береді. Бұл түрлі жұқпалы ауруларға (тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына) әкеп соғады.

Есірткілердің бәрі өте қауіпті, зардабы ауыр. Ең үлкен қауіп - шамадан артык қабылдау. Бұл жағдайдың қауіптілігі сол - тыныс алу кенет тоқтап қалады. Шамадын тыс қабылдау есірткіні, уақытша қойып, қайтадан бастаған уақытта есірткіге төзімділіктің төмендеуін ескермей бұрынғы мөлшерде қабылдаудан пайда болады.

Есіркілердің бәрі өте қауіпті, зардабы өте ауыр. Мәселен, нарко диспансерлік орталығанда осы тұрғысында көптеген зерттеулер жүргіздім. Мен ол жерден көптеген мәліметтер алдым. Мысалы үшін 2003 - 2006 жж. Оңтүстік Қазақстан және Шымкент қаласы бойынша наркодиспансерлік есепте тұратын аурулардың көрсеткіштерін алдым. Сол бойынша ерлермен әйелдердің және 15 жасқа толмағандармен 18 жас арасындағы балалардың 2003 - 2006 жылы көрсеткіштері салыстырулар жасадым. Қарап отырсам 2003 жылға қарағанда көрсеткіштері Сәлде болса төмендеген ол жерде мен 3 ауру бойынша салыстыру жасадым.

  1. Алкогализм
  2. Наркомания
  3. Таксикомания

Жалпы алкогализм бойынша ерлер қатары 2003 жылға қарағанда бір шама төмендеген ал наркомания ерлер қатары жоғарылаған. Ал, таксикомания бойынша төмендеген. Енді әйелдерге келетін болсақ, 2003 жылға қарағанда 2006 жылғы көрсеткіші 818 ден 881 - ге артқан. Ал наркомания бойынша 282 ден, 112 ге төмендеген. Таксикомания бойынша 58 - 4 санына төмендеген. Ал енді 15 жасқа дейінгілер мен 18 жасқа толмағандар қатары алкогализм мен наркомания бойынша жоғары болса ал, таксикомаия бойынша 2003 - 2006 жыға қарағанда бір ама төмендеген.

Тағы да есірткі. Жалпы есірткімен мэңгі бітіспес «айқастың» соңы немен тынар екен?. . Адамзат есірткіні жеңе ме жоқ есірткі жеңіп тына ма?. . Мәңгілік күресте адамзаттың өз есебімен жеңілуі керек пе, жоқ өз есебімен есірткіні ауыздықтайды ма? Бүкіл ғаламдық проблеманың тығырықтан шығатын қандай жолы бар? Есірткінің жіпсіз-ақ адамзатты матап, ажалға еріксіз айдап апаратын «құдіретіне», пенде баласы қауқарсыздығы үшін мойынсұна белмек пе? Оның соңын ойлаудың, елестетудің өзі қорқынышты. Оған не себеп?

Адам баласының нәпсісін тыя алмауында, ары кетсе өз сана-сезіміне әлі толық иелік ету деңгейіне жетпегенінде ме? Көрінген қызыққа алданудың, оның дәмін татып көруге деген ұмтылыс, тіпті, зиян екенін білсе де, «есірткі жолын» таңдауына не түрткі? Оның астарында не жатыр? Оған - жастардың ойын-сауық орындары, би алаңдары, түнгі клубтар, мектеп т. б. деп жауап бере салуға даярмыз. Тіпті, тәрбиенің аздығынан да дейік. Қысқасы, ананы-мынаны айтатын себеп-сылтаулар көп-ақ. Осы орайда цифрларды да сөйлете жөнелуге ұстамыз.

БҰҰ-дың мәліметінше, әлемде марихуананы -142 млн, кокаинды - 13, 4 млн, героин мен апиынды -8 млн, аметамин мен синтетикалық есірткілерді -30, 5 млн. адам қолданатынын келтірген. Есірткіге тәуелділердің 60 пайызы 16 және 30 жас аралығындағы жастар. 20% жуығы - оқушылар. Қазақстанның ресми ақпараты нашақорлар санын 45-50 мың мөлшерінде деп отыр. Бір қызығы, әрбір нашақордың өзі 13-15 шақты «үмбет» жинайтын көрінеді. Ойлап қарасақ, қазақтың өзі 15 миллионға жуық қана. Оның 50 мыңы (оның ішінде есепке тіркелмегені қанша) нашақор, ал, түрлі есірткі заттарын пайдаланатын 350 мыңнан астам адамды оған қосып қойыңыз. Цифрлардың кінәсі жоқ. Ол жай сан ғана. Сол сандарды көбейтіп, құраған - өмірдегі тірі адамдар екенін, оны цифрлармен жеткізіп өзімізді шошытқанымыз ба, жоқ қатты алаңдағанымыз ба?. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Маңызды мәселе - психикалық ауруы бар пациенттердің медициналық қызметкерлерге қарсы агрессиясы
Денсаулық - басты байлық
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Баланы жастан немесе баланы бесігінен түзе
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулықты шынықтыру
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Салауатты өмір салтын ұстанайық, жастар
Қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz