Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары


Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
І - Тарау. Антропогендік ландшафттардың жалпы сипаттамасы……. 7
1. 1. Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері7
1. 2. Техногендік ландшафтар түсінігінің калыптасуы . . . 15
1. 3. Геокешендердің дамуына техногенез факторларының тигізер әсері…18
1. 4. Өндірістік аймақтардың техногендік ландшафтары. ……. . …22
ІІ - Тарау. Сырдария өзенінің төменгі алабының
ландшафтық жүйесі. . . . 33
2. 1. Агролаңдшафт түсінігінің қалыптасуы. . 33
2. 2. Агроландшафтардың жіктелуі. 36
2. 3. Бұзылған ландшафтарды қайтадан орнына келтіру
және рекультивация54
ҚОРЫТЫНДЫ. 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ67
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Алғашқы агроландшафтық кешендердің қалыптасуы осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңнен - адам баласының табиғи ресурстарды қажеттілігіне жарата бастағанынан бастау алған. Осы кезеңнен бастап азық-түліктік мәдени өсімдіктердің дамуы егістікті жерлерде, яғни ірі өзен аңғарлары мен суарылмайтын, климаты қолайлы тау етектерінде жүргізілді. Дүние жүзі бойынша ауылшаруашылықтық мақсатта игерілген агроландшафтар дала зоналарын қамтиды.
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту, суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістіқ әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.
Агроландшафтық, яғни егістікті комплекстерде әр түрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи-антропогендік құрылымдар, ізденістердің методикалық негізі мен теориялық мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ТМД елдерінде агроландшафтық ізденістердің негізін қалап, осы ғылыми бағыттың дамуына көп үлес қосқан ғалымдар: П. Л. Николаев, К. В. Зворыкин, И. В. Иванов, А. Т. Исаченко т. б. болca, агроландшафтық ізденістердің ғылыми жүйе ретінде қалыптасуына зор үлес қосып, оның методологиялық негізін жете тұжырымдағандықтан, В. А. Николаев ТМД агроландшафт мектебінің негізін қалаған ғалым деп есептеледі.
"Агроландшафт" термині география мен ауыл шаруашылық ғылыми оқулықтарда кеңінен қолданылады. Жерді егістік мақсатында пайдалануда жеке топырақ қабатында ғана емес, бүкіл комплекс шеңберінде өзгеріс болатыны белгілі. Өйткені егістікті айналымға геологиялық құрылым, жер бедері, жер асты мен жер беті сулары, климат пен өсімдік жамылғысы да қатысады. Сөйтіп, бір жағынан территорияның табиғи жағдайы мен табиғи ресурстары, екіншіден ауыл шаруашылықтық өндірістік комплекс бірбірімен тығыз байлаиыста біртұтас агроландшафтық жүйе құрайды. Осы агроландшафтық жүйенің экологиялық ортасы (ядросы) - агроценоз немесе егілетін ауыл шаруашылықтық дакыл.
«Агроландшафт» термині қазір географиялық және ауылшаруашылықтық ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде «Агроландшафт» үғымының қолданылуы агрономдық және экологиялық-географиялық ортада егістік ландшафтарының принциптері мен әдістері жете зерттелуімен байланысты болды.
Егістікті аймақтарда түрлі дақылдарды егу зоналық және азональдық факторларға байланысты қалыптасқан табиғи кешендердің құрылымына, жекелеген компоненттердің динамикалық ерекшелігіне тәуелді. Сондықтан антропогенез әсерінен өзгеріске ұшыраған табиғи кешендердің деңгейі, сандық және сапалық көрсеткіштері тіпті бір зона шеңберінде әр алуан. Бұл көрсеткіштерге егін шаруашылығында қолданылатын агротехникалық шаралар мен тыңайтқыш түрлерінің, егістікті өңдеу әдістерінің де елеулі әсер ететіні белгілі. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауыл шаруашылықтық және табиғи жүйелердің себеп-салдары тығыз байланыты құрылымы мен функңионалдық қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер - агроландшафтар қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы агроландшафттардың мысалындағы агроландшафттық жүйелер және олардың хронологиясы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- ландшафттар жүйесіне талдау жасау;
- еліміздегі агроландшафттардың қалыптасуының факторларын анықтау;
- агроландшафттардың экологиялық жағдайына баға беру;
- агроландшафттарды жақсарту шараларын ұсыну.
Агроландшафтарды табиғи механизмі, яғни өздігінен қалпына келуі нашар табиғи-ауыл шаруашылықтық геоэкожүйе деп қарастыруға болады. Өйткені:
1) ұзақ тарихи уақытта дамыған табиғи тұрақты фитоценоздарды бір жылдық агроценоздармен ауыстыру;
2) бір жылдық агроценоздарда арамшөптер мен ауыл шаруашылығына қауіпті зиянкестердің пайда болуы;
3) топырақ қабатының механикалық құрамының өзгеруіне байланысты оның эрозия мен дефляция сияқты процестерге тұрақтылығы нашарлайды;
4) жасанды химиялық тынайтқыштарды енгізу салдарынан топырақ фаунасы жойылады, жер асты суларының минералдық құрамына әсер етеді;
5) табиғи биогеохимиялық айналым өзгереді;
6) ландшафтардың түрлік құрылымы нашарлайды, морфологиялық бірліктерде аграрлық кешендер нығая түседі;
7) осылардың салдарынан территорияның шөлденуі, эрозияға
және дефляцияға ұшырауы үдемелі дамиды.
Агроландшафтарды көптеген көрсеткіштері бойынша жіктеуге болады:
- шаруашылықтағы құндылығы бойынша;
- пайда болу мақсатына қарай;
- шығу тегі бойынша;
- өмір сүру ұзақтығы мен қайтып орнына келу деңгейіне қарай.
Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы агроландшафтарды қалпына келтіруде мынадай әдістер қарастырылады:
- топырақтың құнарлы қабатын орнына келтіру;
- дәнді дақылдан жоғары өнім алу мақсатында улы емес химиялық тыңайтқыштарды тиімді пайдалана білу;
- ауылшаруашылық өнімдерін өсіру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай зерттеу әдістері қолданылды: теориялық іздену, алынған мәліметтерді салыстыру, статистикалық талдау жасау, көрсеткіштердің хронологиялық кестесін жасау және қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- ландшафттық жүйелердің бұзылуының алғышарттарын анықтау;
- ландшафттардың экологиялық жүргісіне баға беру;
- Қазақстандағы агроландшафттар түрлерін анықтау;
- Сырдария өзенінің төменгі ағысын мысалға ала отырып, агроландшафттардың экологиялық-мелиоративтік жүргісін реттеу мәселелерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
І - Тарау. Антропогендік ландшафттардың жалпы сипаттамасы
1. 1. Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту, суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістіқ әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.
Адамның табиғи ортаға әсер ету формасы әр түрлі болғанымен, әрқайсысының қарқындылығы мен масштабы бірдей емес. Мысалы, құрылыс жұмыстары мен қазба байлықтарды өндіру аз территорияны қамтығанымен, табиғи ортаны өзгертуі күрделі - бүкіл комплексте түбірімен өзгерістер туындатады. Келесі бір формасы, мысалы, ауыл және орман шаруашылығында үлкен аймақты қамтығанымен, ландшафтардың өзгеру деңгейі мардымсыз.
Кез келген территорияны пайдалану мен осының салдарынан сол аймақта антропогендік ландшафт типтерінің қалыптасуы, ең алдымен, табиғи жағдайға байланысты. Құрлықтардағы қара топырақты жазықтардың суарылмайтыны секліді, қоңыр топырақты құрғақ далалардың суармалы, ал құрғақ дала мен шөлейт зоналарының жайылымдық антропогендік ландшафт типінде пайдалануы тектен-тек емес.
Ф. Н. Мильков (1978) және басқа біршама ғалымдардың түсінігі бойынша, жер бетінде алғашқы жаратылысын сол табиғи күйінде сақтаған ландшафтар қалған жоқ, олардың басым көпшілігі антропогендік ландшафтар модификациясымен ауысқан. Құрамы қаншама өзгеріске ұшыраса да, антропогендік ландшафтар табиғи зандылықтарға бағынады, яғни тікелей табиғи процестердің әсерінде дамиды. Сондықтан адам баласы табиғи зандылықтарды ауыстыра алмайды: тундра, шөл, таулар мен жазықтардың дамуындағы негізгі табиғи айырмашылықтарды жоққа шығара алмайды. Мысалы, тайгадағы егістіктер тайга зонасының, ал шөл зонасындағы оазиссер зоналық заңдылықтар барда осы зонаның бір бөлігі болып қалады. Өйткені, адам баласы күн радиациясын, атмосфера циркуляциясын және тектоникалық қозғалыстарды басқаруды меңгермейінше, зоналық зандылықтарды басқару мүмкін емес.
Жекелеген компоненттерді: өсімдіктерді, су режимін қайта құру - "антропогендік ландшафтар" пайда болды дегенмен бірдей емес. Өйткені, біріншіден, тіпті ірі қоныстық антропогендік ландшафтар модификациясындағы қатты өзгеріске ұшыраған компоненттердегі (геологиялық фундамент, макрорельеф) табиғи ландшафтардың құрылысы мен дамуы табиғи заңдылықтардың ағымымен болады. Екіншіден, адам ландшафтардың жаңа компоненттерін жасаған жоқ, тек соған жаңа элементтер енгізді: өсімдіктердің жаңа түрлерін, каналдар, су қоймалары, карьерлер мен террикондарды қалыптастырды. Оның ішінде "жасанды элементтер" - инженерлік құрылыстар, тұрғын үйлер, әр түрлі транспорттық жолдар; табиғи - адам әсерінен бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы: өсімдіктер мен жануарлар акклиматизациясы. Дегенмен, кез келген жасанды элемент табиғат заңының, оның процестерінің әсеріне ұшырайды. Мысалы, су қоймаларының тау жыныстарымен толуы, уақыт өте келе біртіндеп өсімдік түрлерінің қалыптасуы т. б. "Жаңа", адам әсерінен пайда болған элементтердің "байырғы" элементтерден айырмашылығы олардың тұрақсыздығы.
Геожүйелерді қайта құру үшін немесе оның орнына "жаңасын" қалыптастыру үшін «тұрақтылығы» басқаша ішкі және сыртқы байланыстар жүйесін құру керек. Геожүйелерге әрекет етудің (кенеттен және әдейілеп белгілі бір мақсатпен) екі тобын ажыратады: фундамент пен ауа массалары; екіншісі қалған компоненттер. Геожүйелердің құрылысындағы көптеген өзгерістерге бірінші топтағы компоненттерді өзгерту арқылы жетуге болады, өйткені олар арқылы геожүйеге зат пен энергия келеді. Өзгеріс болған жағдайда фундамент пен рельеф кайтып орнына келмейді, яғни олармен байланысты басқа компоненттер де қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Мысалы, рельеф пішінінің өзгеруінен гравитациялық тепе-теңдік өзгереді, орнына келмейді. т. с. с.
Ландшафт немесе геожүйе деңгейінде екінші топтағы компоненттер көп өзгеріске ұшырайды, олар: биота, топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Дегенмен, биотикалық компоненттердің өздігінен қайтып орнына келу мүмкіншілігі жоғары. Ландшафтардағы бір элементті екіншісімен ауыстыру: жаңа өсімдік түрлерін отырғызу немесе басқа аймақтардан жаңа жануарларды қоныстандыру нәтижесінде зат алмасу мен топырақ түзілу процестері өзгереді, бірақ түпкілікті өзгеріс болмайды.
Қазіргі кезде жер беті табиғи ландшафтарының 85%-ға жуығы қатты өзгеріске ұшыраған. Бұл ең алдымен орманды алқаптардың ауданының азаюынан көрінеді: Антарктиданы қоспағанда бүкіл дүние жүзі жер бетінің 25 пайызын ғана орманды алқаптар алып жатыр. Демеқ орманды алқаптарды халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайдалану салдарынан оның түрлік құрамы мен сапалық ерекшеліктері нашарлайды. Мысалы, тропиктік ылғалды ормандардың ауданы соңғы 10 жыл ішінде 55, 3 пайызға дейін азайған. Егер де осындай қарқындылық сақталса, онда тропиктік ормандар 85 жылдан соң жер бетінен мүддем жойылуы мүмкін.
Халық шаруашылығының әсерінен өзгерген ландшафтардың ауданы географиялық белдеулер мен жекелеген құрлықтар бойынша бірдей емес.
Климаттың ритмикалық мезгілдік ауытқуы айқын байқалатын қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық белдеулер халық шаруашылығының салалары үшін өте қолайлы. Осы белдеулерде жер бетіндегі халықтың басым көпшілігі тұратындықтан, тығыздық өте жоғары. Мүнда халық шаруашылығына қолайлы жердің 1/5-і егістікке жыртылған, 1/4-ін жайылымдар мен шалғындар, ал 1/3-іне жуығын орманды алқаптар алып жатыр. Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде экономикалық деңгейі жоғары дамыған елдер жиі қоныстанғандықтан өнеркәсіп пен тау-кен өндірісінің, ірі қала агломерацияларының үлес салмағы жоғары. АҚШ, Герман Федеративтік Республикасы, Англия, Жапония сияқты ірі өнеркәсіп тораптарында игерілуге тиімді жердің жартысынан көбінде құрылыс объектілері орналасқан.
Жылу мен ылғал ресурстары мол экватор белдеуінде орман кешендері жаксы дамыған. Егістік мақсатында жыртылған жердің үлес салмағы төмен, өйткені фотосинтез қарқындылығы нашар, биогендік компоненттердің дамуына кедергі болатын жоғарғы температураның басым болуы, кесілген орман алқаптарында тропиктік топырақ қабаты құнарлылығының аз уақытта жойылуы нәтижесінде егін шаруашылығынан жоғарғы өнімділік алу мумкін емес. Өсімдіктен алынатын биологиялық өнімділік төмен және малға азық ретінде пайдаланылатын шөпте протеин мөлшері малдың өсіп-өнуіне жеткілікті болмағандықтан, мал шаруашылығын дамыту да тиімді емес. Экваторлық белдеудегі жайылымдық жердің көлемі 12 пайызға жуық. Климаты адам денсаулығы үшін қолайсыз, ылғалы артық батпақтар мен ойыстар басым, минералды ресурстардың игерілуі нашар және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен болғандықтан, өнеркәсіп пен қоныстық антропогендік ландшафтардың қамтыған ауданы белдеудің 1 пайызына тең.
Шөл зонасы тропиктік белдеудің көп бөлігін қамтиды: құрғақ және ыстық. Мал шаруашылығында жайылым, ирригация мүмкін территорияда суармалы егістік дамыған.
Субарктикалық, субантарктикалық және арктикалық белдеулер де халық шаруашылығында нашар игерілген. Егін шаруашылығы үшін қолданылудағы негізгі кедергі: төменгі температура, вегетациялық кезеңнің аз уақытқа созылуы, топырақ қабатында мәңгі тоңның кездесуі, сонымен қатар, табиғи ландшафтардың тұрақсыздығы. Сондықтан ландшафтар мал шаруашылығы үшін табиғи жайылым және жабайы андардың қоныстану орны ретінде қолданылуы ең тиімді жол деп есептеледі.
Құрлықтардың физгеографиялық ерекшелігі мен оны мекендеген ұлттардың әдет-ғұрпына байланысты жерді пайдалануда да айырмашылықтар байқалады. Осыған байланысты антропогендік ландшафтар модификациясы да алуан түрлі.
Жыртылған жердің, яғни агроландшафтардың ауданы бойынша бірінші орында Еуропа елдері - 32%, Батыс Еуропада Бұл көрсеткіш одан да жоғары - 40%. Әсіресе қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары мен субтропик белдеуінің мәңгі жасыл ормандарын бау-бақша, егстік плантацияларымен алмастыру салдарынан осы территориялардың табиғи кешендері көп зардап шеккен.
Азияда жыртылған жерлердің ірі екі ареалын ажыратады: Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдің тың және тыңайған жерлері, Индия мен Қытайға дейін созылып жатқан муссонды Азияның жазықтары мен ойпаттары. Индияда бүкіл территорияның жартысынан астамы жыртылған, сондықтан табиғи кешендердің өзгеру деңгейі жоғары - кейбір аймақтарда 99%-ға дейін.
Тропиктік Азияның агроландшафтары түрлік сипаты бойынша мәдени саваннаға ұқсас - шөптесінді өсімдіктер мәдени бау-бақша мен егістіктермен, ал қонысты антропогендік ландшафтар маңындағы орман ағаштары жеміс-жидекті мәдени ағаштармен ауысқан. Бұл ландшафтарға күріш монокультурасы (бір жерге бір дақылды ауыстырмай еге беру), бір қоныс пен екіншісінің жалғасып жатуы немесе олардың арасындағы кеңістікте егістікті жерлердің орналасуы, яғни шаруашылықта жоғары деңгейде пайдалануы тән.
Азиялық бөлік пен Таяу Шығыстың құрғақ территорияларында егін шаруашылығы ерте заманнан бері ирригацияға негізделген. Муссонды Азиямен салыстырғанда ірі кеңістікті қамтымайды. Олар арал немесе кішігірім дақ тәрізді сумен жақсы қамтамасыз етілген жерлерге жақын орналасқан. Бұл аймақтың Кіші Азиядан Моңғол жеріне дейінгі кеңістігін жайылымдық антропогендік кешендер алып жатыр.
Азия сияқты Африканың да құрғақ аудандарында антропогендік ландшафтардың қалыптасуы мен дамуы территорияны жайылымдық мақсатта пайдалану арқылы іске асады. Африка құрлығының басым бөлігінде тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыпқа және отаршылдық мұраға байланысты экстенсивті егістік осы уақытқа дейін жоқ деуге де болады. Жерді кетпенмен өндеу басым, сондықтан ауыспалы ылғалды зоналарда егістік ландшафтары арал іспетті тараған.
Африканың қазіргі ландшафт құрылымының территория бойынша орналасуына цеце шыбынының әсері едәуір: алдымен су айрықтық жазықтар өнделген, ал цеце щыбыны мекендейтін аңғарларда ит тұмсығы өтпейтін ылғалды ормандар сақталған, ал Азиялық бөлікте керісінше өзен аңғарлары егістікте экстенсивті пайдаланылады. Сонымен қатар, агроландшафтар Африка мен Эфиопияның солтүстік және оңтүстік шеткі аймақтарында орналасқан.
Солтүстік Американың қазіргі ландшафтары Еуропаның ландшафтарына ұқсас. АҚШ-тың және Оңтүстік Канаданың жазықтары жақсы игерілген. Мысалы, прерия зонасының 80%-ы, жалпақ жапырақты ормандардың 60%-ы егін шаруашылығында пайдаланылады. Тұтас ареал құратын агроландшафтарда монокультуралық дақылдар егіледі. Бірақ соңғы кезде рекреациялық және қоныстық кешендердің көлемінің ұлғаюына байланысты агроландшафтар ауданының азаюы байқалып отыр.
Басқа құрлықтармен салыстырғанда Оңтүстік Америкадағы орман алқаптарының 50%-ы сақталған, жыртылған жердің көлемі оның ауданының 10%-на, ал жайылымдар 20%-на тең.
Австралия құрлығы ландшафтарының қарқынды өзгеріске ұшырауы осыдан 200 жыл бұрын басталған, қазір игерілмеген жердің көлемі оның жалпы ауданының 25% - бұл құрлықтың орталығында орналасқан құмды және тасты-құмды массивтер мен солтүстігіндегі ылғалды ормандар. Шаруашылықта игерілген территорияның 35%-ы егістік пен бау-бақша, 56%-ы ормандар, қалғаны жайылымдық, жердің үлесіне тиеді. Австралияның жайылымдық ландшафтары алуан түрлі. Табиғи жайылымдармен қатар шөлейт және сирек орман зонасында жасанды жайылым кеңінен өpic алған. Жасанды жайылымдарда әр түрлі мелиоративтік және агротехникалық шараларды жүргізу жақсы жолға қойылған: жер жырту, суару, тыңайтқыштар енгізу мен өнімділігі мол шөптер егу т. б.
Жер ресурстарын халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану динамикалық ауытқымалы, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Оның айғағы - антропогендік кешендер туралы мәліметтердің жыл өткен сайын ескіріп, яғни жаңа сапалық және сандық көрсеткіштермен толығып отыруы. Бірақ негізгі бағыт-шаруашылықтағы жер көлемінің үнемі көбеюі.
Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану шаруашылықтық айналымнан шығып қалған жерлердің артуына әкеп отыр. Олар: бедлендтер, антропогендік кратер. карьерлер, тұзданған және батпақтанған территориялар, жылжымалы құмдар мен өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар. Сонымен қатар, кейбір елдерде жел мен су эрозиясына, қайтадан тұздануға ұшыраған жердің көлемі игерілген жердің ауданынан да артық екені белгілі.
Қазіргі күні жер қорын пайдаланудағы өзгерістің нақтылы бағыты анықталған - ірі қалалар мен тау-кен өнеркәсібі көлемінің артуына байланысты егіншіліқ жайылымдық және орман алқаптарының ауданы кемуде. Бірақ экономикалық жоғары дамыған, урбандалу денгейі жоғары елдерде рекреациялық мақсатта қолданылатын жер көлемі жыл өткен сайын артуда. Сондықтан жер бетінде жыл сайын орман алқаптарының көлемі кеміп отыр.
Сонымен, қоғамның дамуында ғылыми-техникалық революцияның қазіргі жетістіктеріне, халық санының өсуінен табиғи ортада антропогендік салмақ артып, табиғи кешендер сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Ол - өсімдік топтарындағы түрлік өзгерістер, топырақ қабатындағы ластану, құнарлықтың төмендеуі, эрозиялық шайылулар, химиялық элементтердің қарым-қатынасындағы ауытқулар, ластаушы ингредиенттердің жиналуы т. б. Осындай алуан түрлі көрсеткіштер антропогендік ландшафтар модификациясының өмір сүру ұзақтығына, территорияның игерілу деңгейі мен оның қарқындылығына тікелей байланысты. Антропогендік әсерден геожүйелердің табиғи тұрақтылығы, экологиялық сыйымдылығы нашарлап, өздігінен тазару деңгейі төмендейді. Сөйтіп табиғи кешендер қоғам мұқтажын қанағаттандыратын мәдени ландшафтармен ауысады.
Мәдени ландшафтарға екі қасиет тән:
1) жоғарғы өнімділік пен экономикалық тиімділік;
2) адамның рухани дамуына, оның денсаулығын, өмірін жақсартуға қолайлы табиғи ортаны сактау.
Соңғы уақытқа дейін бұл көрсеткіштер бірге сирек қолданылып келді, ал аз уақыттық экономикалық тиімділікті орнату ортаның нашарлауына әкеліп соқты. Мәдени ландшафтарға қойылатын негізгі шарт - биологиялық ресурстардың жоғарғы өнімділігіне жету, оның эстетикалық сапасы мен санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту. Ыңғайына қарай мәдени ландшафтарда табиғи және техногендік қолайсыз жағдайларды: топырақ қабатындағы су, жел эрозиясын, шайылуды, батпақтануды, өзен, көл суларының тартылуы мен қалдықты химиялық элементтермен ластануын болдырмауға тырысу қажет. Бұл шаралардың барлығы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты және өндіріс технологиясын жоғары сатыда дамытуға ықпал етеді. Соңғы жұмысты жақсарту тікелей география мамандарының жұмысы емес, бірақ оларға жүктелетін жұмыс - мәдени ландшафтар қалыптасуындағы ғылыми стратегияны нақтылы өңдей білу. Өйткені тек ландшафтану мамандары ғана кешендердін қазіргі құрылымына, даму ерекшелігіне сүйене отырып әрбір жекелеген комплекске сай келетін жақсарту шараларын қолдана біледі. Дегенмен, әрқашан ландшафтардың табиғи даму тенденциясы қоғам мүддесіне сәйкес келмейді, сондықтан кейбір жағдайларда тұрақты тепе-теңдікті бұзып жасанды жаңа модификацияларды құруға тура келеді.
Ландшафтарда жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады:
1) әр түрлі мелиоративтік әдістерді пайдалану;
2) оларды "күту, бағу". Олар: орман ағаштарында санитарлық кесулер, өртке қарсы шаралар қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын қатаң сақтау;
3) ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz