Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ… . . . 3
1-бөлім. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысына сипаттама . . . 7
1. 1. Әлемдік қаржы дағдарысының қысқаша тарихы . . . 7
1. 2. Қаржы дағдарысының таралуының себептері . . . 10
1. 3. Әлем елдеріндегі банктерді национализациялау мәселесі . . . 16
1. 4. Қаржы дағдарысының Қазақстанға ықпалы . . . 22
2-бөлім. Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету . . . 30
2. 1. Ұлттық Банктің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз
етудегі ролі . . . 30
2. 2. Қаржылық дағдарыс кезіндегі қаржы мекемелерінің
жағдайын талдау . . . 36
2. 3. Қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз
ету жолдары . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі - банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар - халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтаасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикаық тұрақтылықтың перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемеердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тіклей тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты- банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шыу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып:
- Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
- Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.
Дипломдық жұмыс екі бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық негізі онда:банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Орталық банк және оның қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1-бөлім. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысына сипаттама
1. 1. Әлемдік қаржы дағдарысының қысқаша тарихы
1944 жылы маусым айында Америка Құрама Штаттарының Бреттон-Вудс деген шағын қаласында 44 мемлекеттің қаржы министрлері жиналып, сол кезде болып жатқан екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан қисыны кеткен әлемдік қаржы айналымын реттеудің болашақ тетіктеріне келіскен болатын (бұл жиынға Кеңес Одағының Қаржы министрі де қатысып, бірақ ондағы шешімдерді орындауға кейін Кеңес үкіметі қатыспады) . Министрлердің келісімі бойынша қаржы мен экономика салаларын әлем деңгейінде үйлестіру мақсатымен Әлемдік банк және Халықаралық валюта қоры құрылды. Келісім бойынша әлем елдерінде тауар алмасу доллармен есептелетін болды, сөйтіп америкалық доллар әлемдік валюта дәрежесіне көтерілді. Доллардың құндылығы алтынның белгілі бір мөлшерімен (золотой стандарт) анықталатын болды.
Аталмыш келісімдер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін өз міндетін толық атқармағанымен, әлемдегі қаржы айналымын тиісті дәрежеде қамтамасыз етіп отырды. Доллар осы жылдары үлкен беделге ие болды, әр мемлекет өз байлығын доллармен есептеп, басқалармен салыстыруға айналды. Осыған байланысты әрбір доллардың алтынның белгіленген мөлшеріне сәйкес келу керектігі ұмытыла бастады. Доллардың өз басы құнды, оны алтынмен салыстырудың қажеті жоқ, онсыз да оның әлемдегі беделі жоғары және тұрақты деген пікір қалыптаса бастады.
Міне, осы кезеңнен бастап тауар және қызмет көрсету (услуги) көлемі мен олардың айналымын қамтамасыз ететін валюта көлемінің арасында алшақтық басталды. Қиыншылықтың басы осы болды деп атап айтуымыз керек, өйткені ақшаға сұраныс тек бір-ақ жағдайда - шығарылған тауар мен қызмет айналымын қамтамасыз ету үшін керек. Сондықтан олар тепе-тең, мөлшері жағынан бір-біріне сәйкес болуы керек.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап осы сәйкестік жоғала бастады, әлемдік алтын стандартпен шектелмеген доллар да, тек доллармен құндылықтарын анықтайтын басқа валюталар да көлемі жағынан тауар мен қызмет салаларына қажеттіліктен артық, барған сайын артық шығарыла бастады. Базельдегі халықаралық есеп банкі осыдан 15 жыл бұрын әрбір күнде әлемде ақша айналымы 1 триллион долларды, ол - тауар мен қызмет көрсету айналымынан 50 есе артық деп көрсетті. Міне, осы кезеңнен жаһанда қаржы пирамидасы қалыптасты деуімізге болады.
Оның қалыптасуына және барынша етек жаюына либералдық, жаңа либералдық нарық теориялары, осы қағидалардан туған іс-қимылдар үлкен әсер етті. Экономиканың жақсы дамуын ынталандыру үшін қаржы мол болуы керек деген теориялық қағида, АҚШ Президенті Р. Рейганның тұсында несие қаржы арзан болу керек деген пікірмен жалғасты. Инфляцияны реттеу жолында Батыс елдерінде монетарлық қағидаларды ұстанушылар болғанын және олардың қазір де бар екенін айтуымыз керек. Бірақ осы қағиданы берік ұстау туралы нарық реформасын жүргізіп жатқан ТМД елдеріне Батыс мемлекеттері қатаң талап қойғанымен, өз елдерінде (АҚШ-та, Еуроодақта) монетаризм үстемдік ықпалын өткен ғасырдың 80-ші жылдары жоғалта бастады. Нәтижесінде ақша есепсіз көбейді. Нақты экономика мен айналымдағы ақша көлемінің арасындағы алшақтық ұлғая берді. Қазіргі заманда барлық елдердің валюталарын және олардың жасанды түрлерін (суррогат) қосқанда, әлемдегі шығарылған ақша 700 триллион долларды құрайды екен, ал әлем елдеріндегі ішкі жалпы өнім 60 триллион доллар көлемінде ғана, яғни 10 есе аз.
Осындай өз тұғырынан (тауар мен қызмет көрсету айналымына сәйкестігінен) айырылған миллиардтаған, триллиондаған қаржы өндіріс саласына жұмсалудан емес, өзінің дербес айналымынан табыс табу жолына шықты. Оны қамтамасыз ететін сан алуан туынды қаржы құралдары (деривативтер) дүниеге келді. Бүгін әлемдегі қаржы саласында молынан қолданылып жүрген кепілхат (закладная), кепілдік қағаз, құнды қағаз, ипотекалық облигация, хедж-қор (сақтандыру, қайта сақтандыру), своп, опцион, форвард, тағы басқалары осы туынды қаржы аспаптары (құралдары) . Оларды қолдану ауқымының өскені сонша, әлемде экономиканың тағы бір жаңа түрі - қаржы экономикасы қалыптасты. Және оның тиімділігі нақты экономика тиімділігінен еселеп асты. Нәтижесінде ақша ақша жасады, тиімділігі жоғары болғаннан кейін осы салада жалдаптық капитал ағыны күшейді. Дами келе осы жағдайлар қаржы пирамидасының қалыптасып, өсуіне әкелді.
Көптеген салаларға арзан несие берілді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында кәсіпкерлерге берілген несиенің құны 2003 жылы 1 пайыздан аспайтын. Біртіндеп өндіруші емес, тұтынушылық психология қалыптаса бастады. Әлем деңгейінде тұтынушылық қоғамның ауқымы кеңейді. Мысалы, жоғарыда аталған мемлекеттің халқы арзан несиемен пәтер немесе тұрғын үй сатып алуға көптеп кірісті. Несие алу мүмкіндігі үзбей өскендігінен, халық оны тек баспана алуға ғана емес, күнделікті өмірде басқа мақсаттарға да кеңінен пайдаланды. Мысалы, 2005 жылы америкалықтар жергілікті банктерден 750 млрд. долларға несие алған екен. Бірақ оның 560 миллиард доллары немесе 75 пайызы жаңа пәтер (тұрғын үй) алуға, болмаса ескісін жақсартуға емес, күнделікті басқа мұқтаждықтарға жұмсалған. Несиеге аталмыш халықтың дағдыланғандығы сондай, дағдарыс қарсаңында әрбір америкалық 12 ай жылдық жалақысының 8 айлығын несиені өтеуге берешек болған. Америкалықтар әрбір тапқан долларына қосымша 30 цент жұмсайды, ол банктерден алған қарызынан құралады деген мәліметтер бар. Тұтынушы қоғамның осы бір көрінісі тек Америкада ғана емес, басқа елдерде де орын ала бастады.
Осылай дами келе, несие көбейіп, өзінің шарасынан шықты. Инфляцияны өсірді. Нәтижесінде несиені қымбаттату талабы туды. 2006 жылы Америка банктерінің несие құны бір пайыздан бес-жеті пайызға дейін, яғни еселеп өсті. Бұл қымбатшылықты халық та, кәсіпорындар да көтере алмады. Несие қайтара алмағандар банкроттыққа ұшырай бастады, етек жая келе осындай жағдай Америка Құрамына Штаттарының қаржы жүйесінің дағдарысына әкелді. Аталмыш елге осы дағдарыстың әкелген қиыншылығы мен залалы туралы біз жоғарыда айттық.
1. 2. Қаржы дағдарысының таралуының себептері
Тек соңғы онжылдықта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қаржы дағдарысы (1997-1998), Ресей Федерациясында мемлекет сыртқы қарызын өтеуден бас тартқан дағдарыс (дефолт - 1998), Америка Құрама Штаттары жоғары технологиялық компанияларының дағдарысы болып өтті. Кішігірім дағдарыстар Латын Америкасы елдерінде, басқа да мемлекеттерде өткені белгілі.
2007 жылдың ортасынан Америка Құрама Штаттарынан басталған жаңа дағдарыс бүгінгі күні бүкіл әлем елдеріне етек жайды. Бұл дағдарыстың төркіні тіпті бөлек. Ауқымы жағынан да, өзімен келген залал-зардабымен де. Мамандардың айтуынша, бұл ғасырда бір қайталанатын, бүкіл әлем елдерінің экономикасын орасан зор қиыншылықтарға тірелткен дағдарыс. Тарихтан осындай дағдарысты (Ұлы күйзеліс) 1929-1933 жылдары Америка Құрама Штаттары басынан өткізгенін білеміз. Соның салдарынан аталмыш ел өзінің ұлттық байлығының 40 пайызына жуығын жоғалтып еді. Сөйтіп, АҚШ экономикасы қирап та, күйреп те еді. Дегенмен, оның салқын әсері әлемнің басқа өңірлеріне аса біліне қойған емес, өйткені жаhандану үрдісі қазіргі замандағыдай кең өріс алмаған болатын.
Ал бүгінгі күнгі дағдарыс Америкадан басталып, өзінің ауыр зардабын әлем елдерінің бәріне (оның ішінде бізге де - қазақстандықтарға) тигізіп отыр. Америкалық үлкен-үлкен компаниялар мен банктердің акциялары күрт арзандап, кейбіреуі банкрот болып, кейбіреуін үкімет өз қарамағына сатып алуға мәжбүр болуда. Күйреу мен құлдыраудың тереңдігін көрсету үшін бір-екі мысал келтірейік. Американың ең үлкен, бүкіл әлемге қаржы ұжымының 150 жылдан бері озық үлгісі болып келе жатқан Lehman Brothers банкі аз ғана уақыт ішінде 679 миллиард доллар тұратын құнды қағаздарының 617 миллиард доллар құнын жоғалтып, өзін амалсыздан банкрот жариялады. Триллиондаған доллар ипотекалық құнды қағаз иелері Freddіе Mac және Fannіе Maе компаниялары тұрғын үй тұтынушыларынан тиісті қарыздарын (несиелерін) жинай алмағандықтан, банкроттықтан құтылу үшін Америка үкіметінің қолтығына тығылды (себебі төменіректе айтылады) . Бүгінгі күні Америка Құрама Штаттары еліндегі банктер мен компаниялардың күйреуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бюджеттен оларға жәрдем ретінде 700 млрд. доллар бөлуге мәжбүр болып отыр. Бірақ бұл да аздық қылады, жаңа сайланған Президент Обаманың көмекшілері ел экономикасына әлі де 600-700 млрд. доллар көлемінде қосымша қаржы бөлу керектігін айтып жатыр.
Еуропада, Азияда, құрлықтың басқа өңірлерінде де қазіргі дағдарыстың зардабы осындай ауыр. Өз қаржы мекемелері мен кәсіпорындарына Германия - 520 млрд. еуро, Франция - 320 млрд. еуро, ал жалпы Еуроодақ елдері (27 мемлекет) 2, 0 триллион еуро мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен көмек көрсетуде. Осы мақсатпен нарық субъектілеріне 50 млрд. фунт стерлинг - Ұлыбритания, 950 млрд. рубль - Ресей, 586 млрд. доллар Қытай Халық Республикасы бюджеттен қаржы бөлетіндерін хабарлады. Жапония, Австралия, басқа да елдерде дағдарысқа қарсы осындай шаралар қолданылып жатыр. Ерекше ескеретін бір жағдай - жекеменшік банктер мен жекеменшік компаниялардың қазіргі дағдарыстан мемлекеттен, оның бюджетінен басқа бір де инвестор, яғни қорғаушысының болмауы. Барлық елдерде жағдай осындай. Бұл - “мемлекет жекеменшіктің шаруасына араласпай, “түнгі күзетші” ретінде болуы керек, қалғанын нарық өзі шешеді” деушілерді келешекте қатты ойландыруы керек. Дегенмен, мемлекет тарапынан банктер мен компанияларға құйылып жатқан ағыл-тегіл қаржы олардың тұрақты дамуын әлі қамтамасыз ете алмай отыр. Әлі де жер-жерлерде көмек сұраған, күйреу қаупі бар қаржы мекемелері мен кәсіпорындардың аты жиі естіледі.
Дағдарыстың бастауы - қаржы саласы. Әлемдік қаржы дағдарысы біртіндей келе, нақты экономика дағдарысына әкеле жатыр. Қазір дүние жүзінде көптеген компаниялар өндірісін шектеп, жұмысшыларын қысқартып, тоқырау үстінде. Әлемге әйгілі Крайслер компаниясы өзінің АҚШ-тағы 30 мәшине жасау зауыттарының жұмысын тоқтатты. Еуропадағы, Жапониядағы мәшине жасау зауыттары да осындай күй кешуде. Әлемдегі шикізат шығаратын компаниялар олардың өніміне сұраныстың күрт азайғанынан және бағаның төмендеуінен тоқырауға ұшырауда. Мұндай қиыншылық кейбір қазақстандық тау-кен саласындағы кәсіпорындардың басына да түсіп отыр.
Ел экономикасын дамытуға өз мүмкіндіктері азайғандығынан немесе жоқтығынан Исландия, Украина, Латвия, Белоруссия мемлекеттері халықаралық валюта қорынан жәрдем сұрауға мәжбүр болып отыр. Басқа да Балтық бойы елдері, Словакия, Болгария мемлекеттері аталмыш қордан көмек сұрауы мүмкін. Қорыта айтсақ, әлем елдері басынан кешіп отырған қаржы және экономика дағдарысының ауырлығы батпандай. Ақпарат құралдарының айтқанына сүйенсек, 2008 жылы қаржы дағдарысының салдарынан бүкіл әлем елдеріндегі қор рыногының құны (фондовый рынок) 30 триллион доллардан артық арзандаған екен. Үнді елінде осындай қағаздар құны 52 пайызға, ал Қытай Халық Республикасында 66 пайызға төмендепті. Тек қана Америка үкіметі қаржы дағдарысымен күресу жолында 4 триллион 280 млрд. долларға шығынданған екен, кейбір есептер бойынша бұл әлем елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстағы шығынынан 2 еседен аса артық.
Нарық экономикасымен дамыған басқа елдер де либералдық теория қағидаларын мықтап ұстап, америкалықтар үлгі еткен қаржы-несие саясатын өз ішінде қолданды. Оларда да тұғыры жоқ қаржы пирамидасы қалыптасып, дами келе күйреуге әкелді. Екіншіден, Америка Құрама Штаттары экономика тұрғысынан дүние жүзіндегі ең үлкен, ең бай мемлекет, ол жылына әлем елдеріндегі ішкі жалпы өнімнің 20 пайызын шығарады. Сондықтан әлем экономикасына ықпалы зор, ол дүние жүзіндегі ең үлкен тауар шығарушы да, тауар сатып алушы да мемлекет. Сондықтан Америка экономикасы мен сауда саясаты бұзылған кезде көптеген елдерге, әсіресе Батыс Еуропа елдеріне, Жапония, Қытай мемлекеттеріне, басқаларға теріс әсерін тигізбей қоймайды. Оны біз қазіргі дағдарыс кезеңінде анық байқап отырмыз.
Оның үстіне Америка экономикасының тиімділігі мен даму тұрақтылығына барынша сеніп, ол елдің шығарған құнды қағаздарын басқа елдер молынан сатып алу дәстүрі қалыптасқан. Дағдарыс қарсаңында бірнеше триллион доллар америкалық құнды қағаздар шет мемлекеттердің, шетелдіктердің қолында болған. Америка қор рыногы күйреген кезде, бұл құнды қағаздар да еселеп арзандады. Мысалы, жүздеген америкалық хедж-қорлардың, қор биржаларының біреуінің ғана күйреу салдарынан оның құнды қағаздарын әр елдерде иеленушілерінің 50 млрд. доллардан артық зиян шеккенін баспасөз жариялады. Жоғарыда айтылған америкалық Lehman Brothers компаниясының банкротқа ұшырауы оның құнды қағаздарын иеленген Мюнхендегі Hypo Real Estate ипотекалық банкінің күйреу қаупін туғызды. Оны құтқару біздің басты мақсатымыз деп аталмыш банкіге Германия үкіметі өте қомақты қаржы салды. Әлем елдерінің қаржы саласының бір-бірімен тығыз байланыста екенін осыдан аңғаруға болады. Көптеген елдердің өз ақшаларын Америка құнды қағаздарымен сақтау тәсілі әлі де жалғасуда. Ресей ақпарат жүйелерінің айтуынша, қазіргі таңда Қытай 663 млрд. доллар мөлшерінде, Ресей 81 млрд. доллар мөлшерінде америкалық қазыналық облигация құнды қағаздарына ие болып отыр. Ұлттық қордың біршама бөлігін сақтау үшін біздердің, Қазақстан мемлекетінің де осы қазыналық облигацияларды сатып алғанымыз бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz