Шет тілі сабағында қарым-қатынастың ауызша формаларын үйретуде жаңа технологияларды қолдану


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Шет тілі сабағында қарым-қатынастың ауызша формаларын үйретуде жаңа технологияларды қолдану

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

1. Коммуникативтік бағытта ауызша қарым-қатынас жасауға үйрету

1. 1 Тілдік материалмен жұмыс істеудің үш сатысы . . . 6-9

1. 2 Сөйлеуге үйретудің бастапқы сатысы . . . 9-23

1. 3 Сөз, сөз тіркестері, сөйлем мен жоғары фразалық бірлік

деңгейіндегі жаттығулар . . . 24-33

1. 4 Қарым-қатынастың монологтық формасына үйрету . . . 33-40

1. 5 Қарым-қатынастың диалогтық формасына үйрету . . . 40-48

2. Коммуникативті әдіс - сөйлеуге оқытудың құралы

2. 1 Шетел тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану . . . 49-57

2. 2 Жобалар әдісі және олардың түрлері . . . 57-60

2. 3 Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану . . . 60-65

2. 4 Модульдік оқыту технологиясы . . . 65-68

Қорытынды . . . 69-70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71-72

КІРІСПЕ

Диплом жұмысымды жазуды пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып, танысудан бастадым. Диплом жұмысымның тақырыбы «Шет тілі сабағында қарым-қатынастың ауызша формаларын үйретуде жаңа технологияларды қолдану» болғандықтан мен шетел тіліне оқыту методикасы бойынша әдебиеттер, басылымдар, әдістемелік құралдарды іздестіріп, тауып, тізімін алып, таныстым. Диплом жұмысымды жазу барысында шетел тілін оқыту методикасы бойынша әдебиеттерден басқа, әдістемелік құралдар, атап айтсақ, «Мектептегі шет тілі», Ресейде шығатын «Иностранные языки в школе» басылымдарын пайдаландым.

Диплом жұмысымның тақырыбы «Шет тілі сабағында қарым-қатынастың ауызша формаларын үйретуде жаңа технологияларды қолдану».

Мақсаты: шетел тілін оқыту барысында алдыңғы қатарлы технологияларды және оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын нақты оқыту жағдайына сәйкес шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері:

  • оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арнайы жаңа технологияларды анықтау;
  • шетел тілі сабақтарында коммуникативті компетенттілікті қалыптастыру.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамымыздағы мәдени-экономикалық қарым-қатынастар, әлеуметтік тапсырыс, шетел тіліне оқытудың жаңа жолдарын қарастыруды талап етеді. Шетел тіліне үйретудің басты практикалық мақсаты- коммуникативті компетенттілікті (біліктілікті) қалыптастыру, бүгінгі күні сөзсіз өзекті және маңызды.

Нәтижелер жаңалығы. Шетел тілі сабағында сөйлеуге үйретуде жаңа технологияларды қолдану, жаңа технологияларды қолдану тиімділігі, ерекшелігі.

Практикалық маңыздылығы. Жоғары оқу орындарында, орта мектептерде шетел тіліне үйретуде, әсіресе қазақ аудиторияларында оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдалану.

Сөйлеу - көп аспектілі және күрделі құбылыс. Біріншіден, адам өміріндегі қарым-қатынас функциясын атқарады. Екіншіден, сөйлеу - қызмет, іс-әрекет, анығырақ, адам атқаратын қызмет түрінің бірі. Үшіншіден, сөйлеу әрекетінің нәтижесі - сөйлем. Іс-әрекет ретінде де, өнім ретінде де сөйлеудің белгілері бар, олар сөйлеуге үйретуде бағыт береді, сонымен қатар, сөйлеуге үйретуді дамыту үшін қандай шарттар жасалу керектігін анықтауға көмектеседі.

Қарым-қатынас ауызша және жазбаша түрде болады. Бірінші жағдайда, ауызша қарым-қатынас жасау үшін адам сөз әрекетінің екі түрі - сөйлеу және тыңдап түсінуді меңгеру керек. Екінші жағдайда, яғни жазбаша қарым-қатынас жасау үшін адам жазу және тыңдап түсінуді меңгеру керек. Сөйтіп, сөйлеу сөз әрекетінің түрі ретінде қарым-қатынас жасаудың бір құралы болып табылады. Қарым-қатынас негізінде сөйлеу арқылы адамның ойы жеткізіледі. Сондықтан, сөз әрекетінің бір түрі ретінде сөйлеуге үйрету қажет. Сөз әрекетінің түрлері - сөйлеу, жазу, тыңдап түсіну, оқу - қарым-қатынас құралы болады. Сондықтан, мақсатқа жету үшін оның белгілі тәсілі болу керек. Қарым-қатынас ретінде сөйлеуге үйрету тәсілі - коммуникативті тәсіл болып табылады. Қарым-қатынас жасауға үйретпей, сөйлеуге үйрету мүмкін емес, сондықтан, сабақта қарым-қатынас жасау шарттарын жасау керек. Сөйлеуге үйрету процесс кезінде нені өзгерту керек, не жетіспейтінін білу үшін мұғалімнің жалпы қарым-қатынас туралы түсінігі болу керек, «қарым-қатынас», «сөйлеу» және «үйрету» араларындағы байланысты түсіну керек.

Біз не туралы сөйлесеміз (жазамыз, оқимыз) ? «Қызық сұрақ! - деп таң қалады, оқушы. - Не болса, сол туралы!» Бірақ бұл солай ма? Міне, мәтін: «Бұл сынып. Бұл біздің сынып. Біздің сынып үлкен және жарық. Бұл жерде төрт терезе бар. Сыныпта он екі парта және бір стол бар». Сіз мынадай мәтінді ана тіліңізде оқып көрдіңіз бе? Мүмкін емес. Ал шет тілінде - кез-келген оқулықты ашыңыз. Сіз кітапты нұсқап, «бұл кітап па?» - деп сұрайсыз ба? Ал шетел тілі сабақтарында бұл әдетке айналған. Егер де сіздің парталас көршіңіз өзіңіз жаңа ғана бірге оқыған мәтінді, мақаланы қайтадан әңгімелеп жатса, сіз тыңдайсыз ба? Ал шетел тілі сабақтарында сіз оқылған мәтіннің мазмұнын қайтадан тыңдауға мәжбүрсіз. Бұл келтірілген мысалдар бұның алдында қойылған сұрақтың текке қойылмағандығын білдіреді. Өкінішке орай, шетел тілі сабақтарында қарым-қатынас (ауызша және жазбаша) мына тақырыптар төңірегінде өтеді: «Жанұя», «Почта», «Кино», «Мамандық» және т. б., сонымен қатар, ситуациялар: «Кассада», «Вокзалда», «Асханада», «Трамвайда» т. б. Ал шын қарым-қатынас жасағанда біз өзімізді толғандыратын проблемалар мен сұрақтарды талдаймыз: «Нағыз дос қандай болу керек?», «Ересектер ылғи да дұрыс айта ма?», «Сәнді әлде әдемі», «Классикалық музыка кімге керек?», «Жақсы адам қандай болады?», «Қалаймын ба әлде қажет пе?» және т. б.

Қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды және вербальды емес. Қарым-қатынастың вербальды түріне сөз әрекетінің түрлері жатады:

  • продуктивті сөз әрекетінің түрлері: сөйлеу және жазу;
  • рецептивті сөз әрекетінің түрлері: тыңдап түсіну және оқу.

Кейде сөйлеу мен жазуды активті, ал тыңдап түсіну мен оқуды пассивті іс-әрекет түріне жатқызады. Бұл ойлар ескірген. Пассивті іс-әрекет жоқ, болуы да мүмкін емес. Іс-әрекет адамның ішкі және сыртқы активтілігі. Пассивтілік - бұл ештеңе істемеу. Атап айтылған сөз әрекетінің түрлерінен басқа кейбір көмекші сөз әрекетінің түрлерін атап айтуға болады - дауыстап оқу, таспаға жазу, аудару және т. б. (Э. П. Шубин) . Бұлар екінші кезекте екені түсінікті: сөйлеу мен тыңдап түсінуді меңгермей ауызша аудару жасау мүмкін емес.

Вербальды емес қарым-қатынас құралдарына мыналар жатады:

  • паралингвистикалық (интонация, пауза, дикция, темп, ритмика, тон) ;
  • экстралингвистикалық (күлкі, жылау, әр-түрлі айқайлар, есікті қаққандағы дыбыс және т. б. ) ;
  • мимика;
  • дене қозғалысы, қашықтық және т. б.

Ғалымдардың ойынша, егер де біз вербальды емес қарым-қатынас құралдарын ескермесек, онда «коммуникативті» процесс толық болмайды. Олар:

  • сөйлесу кезінде маңызды сөздерді білдіреді;
  • кейбір сөздер мен сөйлемдердің орнын толықтырады және т. б.

Бұның барлығы мұғалімге не үшін қажет? Вербальды емес қарым-қатынас құралын қолдану арқылы мұғалім:

  • жағымды қарым-қатынас, контакт қалыптастырады;
  • оқушылардың активті жұмыс істеуіне әсерін тигізеді;
  • тілдік материалды есте сақтауға септігін тигізеді.

Мұғалім сабақ жоспарын жасау кезінде вербальды емес әрекетін де есепке алу керек.

Сөйлеу - бұл іс-әрекеттің бір түрі, сондықтан, оның белгілері бар, бірақ сөйлеу сөз әрекетінің түрі, оның өзіне тән белгілері бар.

  1. Мотивация - түрткі, себеп. Әдетте адам белгілі-бір себеп болғандықтан сөйлейді. Себеп қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Сондықтан шетел тіліне оқыту әдістемесінде коммуникативті себеп, түрткі туралы сөз болады. Себеп, түрткі қажеттіліктен туындайды: - қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік; - белгілі-бір ситуацияға «қатысуға» деген қажеттілік. Бұл екі түр, яғни коммуникативті мотивацияның екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Бірінші түрін, жалпы коммуникативті мотивация; екінші түрін, ситуативті мотивация деп атауға болады. Ситуативті мотивация оқушының қарым-қатынас жасауға қажеттілігін туғызады.
  2. Активтілік. Сөйлеу - активті құбылыс. Бұл құбылыс арқылы адам көрінеді (ішкі активтілік) . Бұл жерде мәселе тыңдап түсіндіруде емес, сонымен қатар, оның реакциясында. Активтілік қарым-қатынас кезінде қойылған мақсатқа жету үшін үнмен әсер етеді.
  3. Мақсаттылық. Сөйлеу мақсатқа негізделген. Мақсатсыз айтылған сөйлемдер сөйлеу болып табылмайды, бұл тек қана дыбыстап айту. Сөйлеуші өзінің ойын жеткізу арқылы бір мақсатты көздейді: көрінісінің (собеседник) көзін жеткізу немесе керісінше, оны ашуландыру немесе әсер ету, оның ойын қолдау немесе күлу және т. б. Мұндай мақсаттарды коммуникативті тапсырма деп атайды. Әр коммуникативті тапсырманың ортақ мақсаты болады. Бұл мақсат - бір адам екінші адамға, оның көзқарасын өзгерту үшін әсер етеді. Сөйлеу прагматикалық болу керек. Мақсаттылық - сөйлеуге үйретуде коммуникативті тапсырманың болуын талап етеді.
  4. Продуктивтік. Сөйлеу продуктивті, бұл процесс кезінде жаңа өнімнің пайда болуымен анықталады.

КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТТА АУЫЗША ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ

ТІЛДІК МАТЕРИАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ҮШ САТЫСЫ

Дифференциялық - әр әдістің қандай да бір мақсатқа жету құралы. Коммуникативтілік неден тұрады?

Коммуникативтілік - оқу процесінің практикада қолданылуы, тілді практика жүзінде қолдану. Тілді практикада үнемі қолдану, оны тартымды етеді, қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеуге үйретеді. Оқу процесіндегі сөз бағыттылығы оқушылардың активті жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Сөз бағыттылығы - бұл іскерлікті қалыптастыратын жаттығулар сөйлеушінің белгілі бір сөздік тапсырма болу керек, сол арқылы ол сөйлеп отырған көршісіне әсер етуі керек.

Сөз партнерлігі оқытушының қаншалықты коммуникативті болуында. Сөз бағыттылығы - соңғы кезде практика мен эксперименттер көрсеткендей қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеуге үйретеді.

Коммуникативтілік - оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру; оның қабілетін, іскерлігін және жеке ерекшелігін. Оқушының жеке ерекшелігін ескеру - коммуникативті әдістің басты құралы өзінің ортаға деген көзқарасын адам сөз арқылы білдіреді. Шетел тілінде қандай да бір сөз әрекетін үйретуде оқушыға берілетін сөздік тапсырма оның жеке басының ерекшелігіне, қызығушылығына, қажеттігіне сәйкес келу керек. Сондықтан да әр оқушының өмірдегі тәжірибесі, қызығушылығы, қабілеті, көзқарасы, коллективтегі орны есепке алыну керек. Бұл тәсіл шын мотивация, сонымен қатар, оқушының активтілігін қамтамасыз етеді. Оқушының ішкі активтілігі болған жағдайда, ол өзінің алдында тұрған сөз тапсырмасын орындап, өзі де контактіге кіреді. Айтылған нәрселерді ескере отырып, біз жеке ерекшелігін ескеруді сөз әрекетінің бірі сөйлеуге үйретудің екінші принципі ретінде алуыңызға болады.

Коммуникативтілік функцияналдылық деген ұғыммен байланысты. Тілдік форма немесе кез-келген тілдік бірлік коммуникация процесі кезінде қандай да бір сөздік функция атқарады.

Өкінішке орай, шетел тілін үйренуші курстан өткеннен кейін сөздік қоры бола тұра, грамматиканы біле тұра оны сөйлемде қолдана алмайды. Үйренушінің білімі болғанымен оның іскерлігі болмауы мүмкін, сондықтан да сөйлей алмайды. Сондықтан да іскерлікті білімнен жоғары қою керек.

Тілдік материалмен жұмыс істеуді сатыға бөлуге болады:

  1. тілдік іскерліктерді қалыптастыру;
  2. тілдік іскерліктерді жетілдіру;
  3. тілдік іскерліктерді дамыту.

Тілдік іскерлік (сөйлеу іскерлігі) бірден пайда болмайды, курстың соңына қарай. Жалпы сөйлеу іскерлігі біртіндеп тілдік материалдарды жеке-жеке игеруден пайда болады. Пайда болады дегеніміз - саны жағынан емес, сапасы жағынан, тілдік іскерлік көлемі жағынан емес, сапасы жағынан өседі. Аталған үш саты - жалпы оқу курсының бөлімдері емес, курс бойы үнемі қайталанып тұратын сатылар. Бұл сатылар арқылы белгілі бір көлемде тілдік материалдар өтеді. Оқу процесі, сондықтан, циклдық характер алады да, үш сатылы цикл оқу процесінің механизмі болады. Мұндай циклдық тілдік іскерліктің саны жағынан өсуін де қамтамасыз етеді, ал бастысы тілдік іскерліктің сапасы жағынан өсуі.

Бірінші саты лексикалық іскерліктер мен грамматикалық іскерліктерді қалыптастырудан тұрады. Жоғарғы сыныптарда барлық грамматикалық құбылыстар қарастырылғаннан кейін бұл саты, яғни грамматикалық іскерліктерді қалыптастыру алынып қалады. Лексикалық іскерліктерді қалыптастыру сатысы болмауы мүмкін, егер жаңа лексикалық бірліктер болмаса. Ал «фонетикалық сатыға» келетін болсақ, ол сөздерді дұрыс айту іскерліктері оқытудың алғашқы кезеңдерінде қалыптастырылатынымен түсіндіріледі, кейін бұл іскерліктер жетілдіріледі. Жетілдіру - лексикалық және грамматикалық іскерліктерді қалыптастыру процесі жүзеге асады немесе бұл процесс тілдік материалдарды дыбыстап айтпайынша мүмкін емес. Бұл оқу процесін үнемдеуге септігін тигізеді.

Көрсетілген сатылар бөлімдері орындарымен ауысуы мүмкін, жаңа лексика бұрынғы өтілген грамматика тақырыбымен игерілуі мүмкін немесе жаңа грамматикалық тақырып бұрынғы игерілген лексикамен түсіндірілуі мүмкін.

Бірінші сатыдағы жұмыс ауызша түрде болады. Бұл бірінші сатыда мәтінмен жұмыстың жоқтығын айтады. Жаңа лексикалық материал мен жаңа грамматикалық құбылыс екінші сатыда істелінетін мәтіннен алынып, ауызша түрде жүзеге асырылады. Бірінші сатыдағы барлық жаттығулар ауызша түрде немесе таспаға жазылған жаттығуларды тыңдау арқылы жүзеге асады, сонымен қатар, кішкене мәтіндермен жұмыс істелінеді. Бұл жерде кішкене мәтіндер мен жаттығулар, бірінші сатыдағы, новизна принципіне негізделген.

Екінші саты, іскерліктерді жетілдіру сатысы - мәтінмен жұмыс істеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеуге үйрету сатысында қолданатын мәтін сөйлеу мәтіні деп аталады, ол өзінің құрылымы жағынан басқа мәтіндерден айырмашылығы бар, мысалы, оқуға үйрететін мәтіндерден. Егер де оқуға үйрететін мәтіннің өзінің ерекшеліктері болса, сөйлеуге үйрететін мәтін - бұл ауызша сөйлеу ерекшеліктерімен, бірақ жазбаша түрде түсірілген. Сөйлеу мәтіні ауызша сөйлеуге тән барлық ерекшеліктерді қамтиды, интонация жазбаша түрде түспейді. Сөйлеу мәтінінде бірінші сатыда игерілмеген жаңа сөздер болмау керек. Бұл осы сатыдағы тапсырмаларды орындау шарты - іскерліктерді жетілдіру. Іскерліктерді жетілдіру қалай жүзеге асады? Бұл сұраққа беру үшін бұл сатыдағы жұмыстың мәтін мазмұны мен материалды жаттау үшін жүргізілмейтінін есте сақтау керек. Әдетте, мәтінмен жұмыс жасағанда оны оқып, сұраққа жауап беріп, мазмұнын айтып береді. Егер де оқушы мәтінді оқып, мазмұнын қайталап айтып берсе, бұл іскерлікті жетілдірмейді. Сондықтан да сөйлеу мәтінінің мазмұны оқушылардың қарым-қатынасына, яғни ауызша сөйлеу кезінде септігін тигізу керек. Әрине, оқылған (тыңдалған) мәтін туралы өзінің ойын айтқанда, оқушы мәтіннің материалын қолданады. Оқушы бір-ақ мәтіннің мазмұнын қайталап айтып бермеуі керек, қасындағы адамдар мәтіннің мазмұнымен таныс. Өзінің ойын білдіру арқылы оқушы әр уақытта қандай да болса бір тілдік тапсырманы орындайды, оған әр түрлі тілдік бірліктер қажет болады: бұрын меңгерген және мәтіндегі. Осылай тілдік материал біріктіріледі. Тілдік материалдың біріктірілуі арқылы тілдік материалды игеру дамытылады. Бұл жерде біріктірілудің мақсатты түрде, белгілі бір мөлшерде ғана болатындығын атап айту керек. Мысалы, бірінші сатыда етістіктің бір өткен шағы меңгерілсе, екінші сатының жаттығуларына өткен шақты осы шаққа, келер шаққа қарсы қоя отырып, өзінің ойларын білдіретін тапсырмаларды кіргізу керек. Лексикалық іскерліктерді жетілдіруге келетін болсақ, бірінші сатыда меңгерілген сөздерді екінші сатыда қолдану, яғни осы сөздермен сөз тіркестерін жасау арқылы лексикалық іскерліктерді жетілдіруге болады.

Тілдік іскерліктерді, екінші сатыда, жетілдіру сонымен қатар, көзбен көріп есте сақтау арқылы да жүзеге асырылады: оқушы мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше рет қарауға мәжбүр болады, бұл есте сақтауға септігін тигізеді. Екінші сатыдағы жұмысты бір сөзбен (қысқаша) айтсақ: сөйлеу мәтінінің материалын трансформациялау, оны бұрын игерілген сөздермен (материалмен) біріктіру.

Үшінші сатыда сөйлеудің барлық сапасы іс-әрекет ретінде де, өнім ретінде де дамиды. Бұл сатыда тілдік материал жаңа ситуацияда, жаңа тілдік тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Иллюстративтік сүйеніштер сөйлеуге стимул беру үшін ғана қолданылады. Барлық сүйеніштер іскерлікті дамытудың алғашқы сатыларында болады. Егер іскерліктерді жетілдіру сатысында әңгіме бір мәселенің төңірегінде болса, бұл сатыда аталған мәселе басқа да мәселелермен ұштастырылады. Бұл сатының маңызды жері - қарым-қатынасқа үйрену диалогтық, топтық, коллективтік формада өтеді. Үшінші сатыда тілдік жаттығулар орындалады, бұл белгілі бір ситуацияда, белгілі бір тапсырмалар болған жағдайда жүзеге асады[1, 123-128] .

Суреттелген жұмыс циклі оқу процесінің структуралық бірлігі болып табылады. Циклдер қайталанады, оның әр қайсысында тілдік материалдың белгілі мөлшері игеріледі, ал тілдік іскерлік күннен-күнге жетілдіріледі. Әр саты белгілі бір жұмыс деңгейінен тұрады. Әр циклде бір грамматикалық құбылыс пен 30-дан 60-қа дейін лексикалык бірлік игерілу керек, басым бөлігі лексикалық сабақтарда, қосымша бірнеше сөз - екінші саты сабағында. Осылайша, 1500-2000 лексикалық бірліктерді (қарым-қатынас үшін жеткілікті) және керекті грамматикалық құбылыстарды игеруге 30 цикл қажет, яғни 240 сабақ.

Сөйлеудің басқа сөз әрекеттері түрлерімен байланысты. Бұл байланысты 2 аспектіде қарауға болады:

  1. Курс бойы, сөйлеу, тыңдап-түсіну, оқу және жазу оқытудың мақсаты болған жағдайда.
  2. Сөйлеуге үйрету сабақтарының бір циклі бойынша басқа сөз әрекеттерінің түрлері оқытудың құралы болған жағдайда.

«кесте 1»

Сөйлеудің басқа сөз әрекеттері түрлерімен байланысы

Тыңдап түсіну

құрал ретінде

Оқу
Жазу
Тыңдап түсінуқұрал ретінде:

1) Тілдік жаттығу.

2) Іскерліктерді қалып-

тастыру сатысында жаңа лексикалық бірліктері бар және жаңа грамма-

тикалық құбылыс бар микро мәтінді тыңдау.

3) Жетілдіру сатысында сөйлеу мәтінін (разговор-ный текст) тыңдау.

4) Іскерліктерді дамыту сатысында сөйлемдерді тыңдау.

5) Оқытушы сөзін тыңдау.

Оқу:

1) Іскерліктерді қалып-тастыру сатысында жаңа материалы бар жазылған тексті оқу.

2) Вербалды сүйеніш ретінде лексикалық бірліктер мен грамма-тикалық тақырыптарды меңгеру мақсатында жеклеген жаттығуларды орындау.

3) Іскерліктерді жетіл-діру мақсатында сөйлеу мәтіндерін оқу.

4) Іскерліктерді жетіл-діру мақсатында сөйлеу мәтініне сүйене отырып жекеленген жаттығулар-ды жасау.

5) Іскерліктерді жетіл-діру мақсатында жекеленген жаттығулар-ды оқу.

Жазу:

1) Іскерліктерді қалыптас-тыру сатысында жаңа материалы бар тексті бір қарап таспаға жазу .

2) Барлық үй тапсырма-ларын жазбаша орындау (әр сабақтың соңында)

3) Іскерліктерді қалыптас-тыру және жетілдіру сатыларында бір жаттығуды жазбаша орындау.

4) Оқытудың орта және жоғары деңгейлерінде барлық сабақ циклдерінде сөйлеуге үйрету материал-дарын үнемі жазып жүру (іскерлік игерілгеннен кейін)

[2, 65] .

СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ БАСТАПҚЫ САТЫСЫ

Бұған дейін суреттелген жұмыс циклі орта деңгейдегі оқуды ұйымдастырудың негізі болып табылды. Оқушы бірінші күні шетел тілі сабағына барғанда, шетел тілінде сөйлеймін деп қуанып, үміттеніп барады. Бірақ уақыт өте, бірден сөйлемейтінін түсініп, қазір оқу керек, ал сөйлеу кейіннен екендігін түсінеді. Бұл „кейін“ мотивацияны бүлдіреді. Оқушы сөйлегісі келеді, ал оған бұйрық беріледі: „Сұраулы сөйлем жаса“ немесе „Бұл стол, ал бұл орындық “ сияқты сөйлемдер жасатады.

Коммуникативті метод тіл әрекетіне үйрету бірінші сабақтан басталғанын қалайды. Сөйлеуге үйретудің бастапқы деңгейін қалай ұйымдастыруға болады?

Социалды контакт - сөйлеуге үйретудің негізі. Социалды контакт (СК) үстіртін қарым-қатынасқа жатады. Бірақ адамдардың қарым-қатынасы не бірінші немесе не екінші деңгейде өтпейді. СК-нің құрамында 2 деңгей бар: жоғарғы және төменгі немесе С1 және С2. Егер де СК-дегі сөйлеушінің сөйлеу деңгейі үлкен болмаса, бұл СК жоғарғы деңгейінде сезіледі. Әрине, көрсетілген С1, С2 деңгейлері шартты, бұның оқытудың бастапқы деңгейлері үшін маңызы зор. Ситуацияларда деңгейлер бар деп айтуға болады, егер де ситуацияда 2 деңгей болса, онда қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеуге үйретуде бірте-бірте күрделілендіруге болады.

Бұл шетел тіліне үйретудің ең бірінші сабағынан бастап маңызды, характері жағынан өте жай, қарапайым, бірінші сабақтан бастап сөйлеуге үйретеді. Күнделікті өмірдегі қарым-қатынас бір деңгейден 2-ші деңгейге өтуден тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz