Шетел тілдеріне оқыту әдістері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Шетел тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (принциптері)

мен әдістері

1. 1 Жалпы әдістемелік (дидактикалық) қағидаттар . . . 7

1. 2 Арнайы қағидаттар . . . 12

1. 3 Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативтік біліктілікті

қалыптастырудың артықшылықтары мен принциптері . . . 19

1. 4 Тура әдіс . . . 25

1. 5 Саналы әдіс . . . 37

1. 6 Аралас әдіс . . . 40

2 Шетел тілдеріне оқыту әдістерінің жаңа амалдары

2. 1 Шетел тілі сабақтарындағы оқытудың жаңа технологиялары . . . 43

2. 2 Коммуникативтік бағытта қарым- қатынас жасауға үйретуде оқыту

әдістерінің жаңа амалдарын қолдану . . . 55

Қорытынды . . . 73

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 76

Кіріспе

Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып, танысудан бастадым. Диплом жұмысымның тақырыбы Шетел тілін оқытудың принциптері мен әдістері» болғандықтан мен шетел тіліне оқыту методикасы бойынша әдебиеттер, басылымдар, әдістемелік құралдарды іздестіріп, тауып, тізімін алып, таныстым. Диплом жұмысымды жазу барысында шетел тілін оқыту методикасы бойынша әдебиеттерден басқа, әдістемелік құралдар, атап айтсақ, «Мектептегі шет тілі», Ресейде шығатын «Иностранные языки в школе» басылымдарын пайдаландым.

Болашақ шетел тілінің мұғалімі ретінде институт қабырғасында шетел тілін оқыту әдістемесі пәндерінен алған білімдерім мен мектептегі практика кезінде алған тәжірибемді ұштастыра отырып, диплом жұмысының тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Шетел тілін оқытудың принциптері мен әдістері» деп аталады.

Диплом жұмысымның мақсаты - шетел тілін оқытудың принциптері мен әдістерін қарастыру, шетел тілін оқыту барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану және оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын нақты оқыту жағдайына сәйкес шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері:

  • оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау;
  • шетел тілі сабақтарында коммуникативті компетенттілікті қалыптастыру.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамымыздағы мәдени-экономикалық қарым-қатынастар, әлеуметтік тапсырыс, шетел тіліне оқытудың жаңа жолдарын қарастыруды талап етеді. Шетел тіліне үйретудің басты практикалық мақсаты-коммуникативті компетенттілікті (біліктілікті) қалыптастыру, бүгінгі күні сөзсіз өзекті және маңызды.

Нәтижелер жаңалығы. Шетел тілі сабағында сөйлеуге үйретуде шетел тілін оқытудың принциптері мен әдістерін басшылыққа алу тиімділігі.

Практикалық маңыздылығы. Жоғары оқу орындарында, орта мектептерде шетел тіліне үйретуде, әсіресе қазақ аудиторияларында оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдалану.

Ғылыми мәселенің қазіргі кезеңдегі жағдайына баға. Шетел тілі сабағындағы вербальдық қарым - қатынасты қазіргі кезде көптеген әдіскерлер зерттеуде, жақсы нәтижелерге жетуде, зерттеу әдістерінің тиімділігі практика жүзінде тексерілуде.

Зеттеу объектісі - шетел тілі сабағындағы тілдік қарым қатынас.

Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізіне Е. И. Пассов, А. Н. Щукин, Н. Д. Гальскова және т. б. әдіскерлердің еңбектері жатады.

Диплом жұмысының практикалық базасына мыналар жатады:

- осы мәселеге арналған педагогтар мен әдіскерлердің жұмыстарының

теориялық анализдері;

- өз практикаларында тілдік қарым- қатынасқа үйретудің түрлі әдістерін

қолданатын мұғалімдердің тәжірибесі.

Әдістеме дегеніміз - қойылған мақсатқа жету жолы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.

Әдістеме - мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тіліне оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымды қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына негізделген тұтас бір бағыт.

Мысалы: грамматикалық - аудармалық әдіс, тура әдіс, т. б. Грамматикалық - аудармалық әдісінің негізіне логикалық ойлау мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай -ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.

Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Ф. Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, М. Уэст әдісі, т. б.

Үшіншіден, әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидаттарымен айқындалатын іс - әрекет арқылы анықталады.

Егер, оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы (мұғалім) және оқушы (оқушы, студент) . Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс - әрекет: біріншісі - оқытады, екіншісі - оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.

Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті - оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін арақатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіну.

Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы. Мұғалімге қойылатын басты талап- оны ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалымен (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдастыруы тиіс.

Мұғалімнің бастапқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілі - оқушылар үшін жаңа пән және ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескерген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет, ол үшін оқыту тәсілі мен тәртібін дұрыс құра білу керек. Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі құралдарды пайдалану қажет. Мысалы, 2-сынып оқушыларына магнитафон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.

Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілді ауызша және жазбаша қарым - қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.

Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін, түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындағанын (дұрыс, дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінде қолданғанда (байланыс құралы орындалды, орындалмады, қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын т. б. анықтау жатады. Ал енді оқушы қызметіне не жатады, соны қарастырайық.

Оқушының қызметтері. Оқушының негізгі міндеті - оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын және қолданылуын түсіне білуі. Келесі міндет - жаттығу. Жаттығу дегеніміз оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп оны есте сақтау.

Шет тілін жаттығусыз оқып - үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті - қолдану, яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс - әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістемесін анықтауы қажет.

Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге болады. И. Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар.

Негізгі әдістемеге:

  • таныстыру;
  • жаттығу;
  • қолдануды жатқызуға болады.

Қосалқы әдістемеге:

  • бақылау;
  • түзету;
  • бағалау жатады.

Ал оқушының қызметінің негізгі әдістеріне:

  • танысу;
  • жаттығу;
  • қолдануды жатқызуға болады.

Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салып көрсетеді., фланелограф, магнитті тақтада көрсете алады. Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.

Оқыту принциптері - оқу процесіне қойылатын талаптарды анықтайтын ережелер жиынтығы. Олар әдістеменің базистік категориясына жатады, оларды оқу процесінде қолдану тиімділікті (эффективность) қамтамасыз етеді. Оқытудың принциптері табиғатқа кездесетін заңдылықтарды көрсетіп тұрады. «Табиғаттың заңдылықтарын тани отырып, оларды тиімді пайдалануға тырысады, адам олардың негізінде принциптерді ұсынады»(Пассов, 1977. С. 105)

Оқытудың қанша принциптері бар? Бұл сұраққа беру қиын. Әртүрлі жұмыстарда оқытудың 40 принциптері бар деген мағлұмат бар. Жалпыға бірдей

бекітілген принциптердің классификациясы да жоқ. Принциптердің классификациясын жасаудың бірден бір мүмкін жолы әдістеме ғылымының базистік мазмұны болып табылады, мұғалім өзінің жұмысында осыған сүйенеді. Бұл ғылымға дидактика, лингвистика, психология жатады. Бұл жағдайда оқытудың принциптер жүйесін мынадай таблица арқылы көрсетуге болады.

Барлық аталған принциптер бір - бірімен тығыз байланысты, бірыңғай жүйені құрайды, ал бұл қойылған оқытудың мақсатына жетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, принциптер мен принциптер топтарын атап көрсетуге болады, олар белгілі оқу жағдайларында басты роль атқарады. Қазіргі жағдайда әдістеменің басты принциптері коммуникативтілік принципі жатады, бұл коммуникативтілікті басшылыққа алу сабақтың практика негізінде қарым-қатынасқа бағытталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп, сөз әрекеті белгілі бір қарым-қатынаста қолданылады.

1 Шетел тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (принциптері) мен әдістері

1. 1 Жалпы әдістемелік (дидактикалық) қағидаттар

Дидактикалық принциптердің ішінде сапалылық және көрнекілік принциптеріне сабақта іс-жүзіне асыруға көп көңіл бөлінеді, ал психологиялық принциптердің ішінде оқытудың мотивациялық принципіне көп көңіл бөлінеді, себебі шетел тілін меңгеру оқушылардың қызығушылығын ескермейінше тиімді болмайды.

Оқытудың принциптері адамдардың сұранымын көрсетеді, өзгереді, қоғамдық процестің әсерімен жетіліп отырады. Принциптер жүйесіне жаңа принциптерде кіре алады, сонымен қатар бар принциптерді қайта ой елегінен өткізуге болады. Мысалы: коммуникативтілік принципі шетел тіліне оқыту бағытының өзгеруіне байланысты жаңа мазмұн алды; мәдениетаралық қатынас принципі жаңа ғылыми бағыттардың дамуына байланысты, тілді меңгеру деңгейін есептеу принципі мемлекеттік білім стандартын жасауына байланысты. Бұл принциптер дидактикада қарастырылатын оқыту мен білім теориясының негізгі заңдылықтарын көрсетеді.

Олар әртүрлі пәндерді оқыту кезінде қолданылады, оқыту пәніне байланысты емес. Солай бола тұрса да дидактикалық принциптерді белгілі бір пәнде қолданудың өзінің ерекшеліктері бар, ол оқытылып жатқан пәннің спецификасын көрсетеді.

бірінші болып Я. А. Коменский мен (1562-1670) жинақталды. Олардың көбі осы күнге дейін сақталған, бірақ мазмұны педагогикалық тығыз байланысты пәндердің дамуына байланысты өзгерді.

Саналылық принципі алдыңғы қатарлы дидактикалық принциптерге жатады, ол тіл сабақтарында шетел тілінің мазмұнын, оның бірліктерін, тілдің сол бірліктерден тұратынын, бұл бірліктерді пайдалану әдістерін түсіну керек. Белгілі әдіскер Б. В. Беллер дағды мен іскерліктің қандай жағдайда тезірек пайда болатынын айтты. Оның ойынша, тілді игеру процесі ойланумен тығыз байланыста болса жұмыс істеу қабілетінің барлығын көрсету. Білім оқушыларға ереже, инструкция, лексико-грамматикалық бірліктерді түсіндіретін кестелерді түсіндіру барысында пайда болады. Тілдік бірліктердің құрамы мен ерекшеліктерін түсіну, олардың сөз әрекеті процесінде практикада қолданылу ережесі «жоғары жол», «путь сверху» (Л. С. Выготский) ретінде анықталады.

Тіл сабақтарында сапалылық принципін қолдану алдымен тілдік бірліктердің ерекшеліктерін түсіну, кейін жатықтыру нәтижесінде оларды автоматты түрде сөйлеу процесінде пайдалану болып табылады. Әсіресе, ереже мен инструкциялардың рөлі жоғары; студент-филологтармен, келешек тіл оқушыларымен жұмыс негізінде маналы түрде меңгеру, себебі тілдік бірліктердің қызметінің ережесін білу, жіберілген қателерді уақытында түзетіп,

олардың пайда болу себебін түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ тілдік жүйесін игеру үшін ереже мен инструкция пракика жүзінде қажет болу керек, әйтпесе тіл сабақтарындағы сапалылық теория үшін тілідң теориясын оқыған болып табылмайды.

Бұл принциптің іске асуы оқушының оқу процесіне саналы түрде қарауын білдіреді, бұл яғни өз бетімен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, ал студент-филолог үшін бұл оқытушының сабақта қолданатын құралдары мен әдістерін түсіну тіл сабақтарындағы сапалылық принциптерінің жүзеге асу ережелерінің бірнешеуін жинақтайық:

  1. Өтілетін материалды түсінуге көмектесетін түрлі әдістерді қолданыңыз (ереже, инструкциялар, түсініктеме, аударма), қажеті болмаған жерде аударма мен көп сөйлеп түсіндірудің қажеті жоқ.
  2. Тілмен өз бетімен жұмыс жасаудың әдістерін жинақтаңыз, себебі ең бастысы оқуға үйрету.
  3. Оқушының алға басып келе жатқанын білдіру керек, бұл оқудың мотивациясын көтереді.

Сөйлеу процесінде тілдік бірліктерді қолдану және қалыптастыру әдістерін студенттердің өз бетінше шешуіне мүмкін болған жағдайда көмектесу керек. Бұл үшін инструкцияны қолданған жөн. Бұл жағдайда көрнекілікке сүйенген жөн, тақтаға жазуға болады.

Белсенділік принципі оқушының сабақтың өтілу кезіндегі тілдік белсенділігін айтады, бұл оқушының оқу процесіндегі психикасы: ойа, назары, есте сақтауы. Белсенділіктің негізгі көзі - мақсаты, мотиві, қызығушылығы және көңіл қалауы болып табылады. Осы аталған жағдайларды болдыру үшін оқытушы рөлдік ойындар, проблемалық сипаттағы тапсырмалар, көрнекілік құралдарын пайдаланады. Білім, іскерлік және дағды оқушылардың белсенді түрде ойлап жұмыс істеу барысында қалыптасады, оның негізінде ойлау мен сөз әрекетінің бірігуі жатыр. Оқытушыға сабақта белсенділік принципін жүзеге асыру үшін көмектесетін мынадай ережелер ұсынылады:

  • Әр оқушыны белсенді сөз әрекетіне тартыңыз. Проблемалық сипаттағы тапсырмалар және рөлдік ойындар сабақтардағы белсенділік принципінің жүзеге асуына көмектеседі.
  • Тек қана белсенді түрде жұмыс жасайтын оқушыларға ғана емес, барлық оқушылардың жұмысына көңіл бөлу керек. Шамалы белсенділік танытатын оқушылардың шамасына қарай тапсырма беріңіз. Бірлесіп жұмыс жасау оқу процесінің белсенділігіне көмегін тигізеді.
  • Тілді оқытудың қызығушылығын арттыру үшін оқытудың сәйкес әдістерін пайдаланыңыз. Әр сабақта өтілген әр сабақтың қорытындысын шығарыңыз, оқушылардың оқу барысындағы табысын, нәтижелерін көрсетіңіз(оқушылардың сөйлей, оқи, жаза және т. б. алатындығын) .
  • Эмоционалды және тілдік активтілікті туғызатын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар беріңіз. Ойындар, жарыстар, көрнекілікті көп қолданыңыз.

Көрнекілік принципі - оқытудағы ең алдыңғы қатарлы принцип. Оның қажеттілігі танып білу процесінде сезініп қабылдаудан абстрактылы ойлауға өту диалектикасына негізделеді. Осыған байланысты оқу белгілі бір образдарда құрылады, оқушылар көріп, сезініп қабылдауы керек. Көрнекілікті қабылдаудың екі бағыты бар: танып-білу және оқу құралы ретінде. Бірінші жағдайда көріп-тыңдау үлгілері(таспа, кестелер, схемалар, оқу суреттері, кино және видеофильмдер, компьютерлік бағдарламар) оқушылардың тілді дыбыстап айту нормаларын игеруге, лексика және грамматикалық біріктерді, әңгімені түсінуге және өз ойын жеткізуге, берілген тақырыптар мен ситуациялар көлемінде көмектеседі. Екінші жағдайда көрнекілік құралы информацияның шығу көзі ретінде, тілін оқып жатқан елді таныстыру негізінде қолданылады. Көрнекілік принципін былайша түсіндіруге болады: тілдік және экстролингвистикалық материалдарды жақсы түсіну мақсатында арнайы ұйымдастырылған, сөз әрекетінде материалды жақсы түсініп, игеріп және пайдалана алу үшін ұйымдастырылған.

Бұл принциптің тілдік және тілдік емес формалары бар. Тілдік көрнекілік уемес формалары бар. Тілдік көрнекілік деп тілді естіп қабылдау арқылы түсіну. Тіл сабақтарында тілдік көрнекілік үлкен роль атқарады. Қазіргі кездегі әдістеме көрнекіліктің барлық түрлері сабақтарда интенсивті қолдануды қарастырады. Тілдегі оқытылып жатқан құбылыстарды дұрыс түсінуге және іскерліктер мен дағдылардың дамуына көмектеседі.

Тіл сабақтарында көрнекіліктің мынадай қызметтерін атауға болады: 1) танымдық және оқу информацияларын енгізу көрнекілік құралы ретінде, 2) бақылау (көрнекі құралдары қалыптасқан жатқан іскерлік, дағды және білімді бақылау және өзін өзі бақылау сипатында) ; 3) ұйымдастырғыш (оқу материалдарын таңдау және оларды таныстыру құралы ретінде) .

Үйрену (оқыту) функциясы келесі бағытта жүзеге асады; а) семантизация (көрнекілік құралы фонема, сөз, ереже деңгейінде тілдің шетелдік бірлігінің мағынасын түсіндіруге көмектеседі) ; б) стандартизация (көрнекілік құралы, көріпестуге сүйене отырып тілді автоматтандыру үшін қолданылады) ; в) қарым-қатынас ситуациясын құру(көріп-есту информацияны жақсы түсіну үшін тірек ретінде қолданылады) ; г) әңгімелеп айту (көрнекілік құралы әңгімелеп айтуға тірек ретінде қолданылады) .

Оқытудың бірнеше әдістемесімен жұмыс жасау барысында (тура, аудиовизуалды, аудиолингуалды, коммуникативті) көрнекілік принципін қолданылуға мән беріледі, көрнекілік бұл жерде тілдік дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі көзі. Басқа әдістемелермен жұмыс істеу барысында (сапалы-практикалық, аударма-грамматикалық) көрнекілік - басқа әдістер және құралдармен қатар оқытудың қосымша құралы болып табылады.

Оқытудағы көрнекілік принципін ескере отырып, ережелерді басшылыққа ала отырып, бұл ережелер сабақта осы принципті іс-жүзіне асыруға көмектеседі:

  • Шетел тілін естіп түсінуді дамыту және дыбыстап айту дағдыларын қалыптастыру үшін бірінші сабақтардан бастап жазылған таспаны қолданыңыз. Шетел тілінен оқу кешендеріне кіретін фонограммалар сәйкес келеді.
  • Оқыту құралы ретінде оқу суреттерін, диафильмдер, кино және видеофильмдер, таблицаларды қолданыңыз.
  • Техникалық құралдардың көмегімен өздік жұмыс іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырыңыз.
  • Оқушылардың техникалық құралдарымен өзіндік жұмысына көп көңіл бөліңіз, бұл тілдік ортада көбірек болуды және оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Беріктік принципі оқу материалының оқушының есінде қалуын және оның әр түрлі ситуацияларда, яғни қарым-қатынас ситуацияларында қолданылуын қамтамасыз етеді. Материалдың берік игерілуі оның оңай түсіндірілуінен, оқушыға эмоционалды әсер етуінен, әртүрлі жаттығулардың жасалуынан. Бұл принцип саналылық принципімен тығыз байланысты: түсінікті нәрсе тез және берік есте қалад. Бұл принципті жүзеге асыру белгілі бір жаттығуларға сүйенуді талап етеді:

  • Жаңа материалды кіргізу кезінде іскерліктің түрлі сфераларынан ассоциативті байланыстар жасаңыз, ол оқушы қызығатын, материалды оңай түсіндіру нәтижесінде қамтамасыз етіледі.
  • Материалдың берік игерілуінің шарты жаттықтыруды ұйымдастыру болғандықтан, түрлі жаттығулар жасаңыздар. Жаттығудың негізгі мақсаты - үйретілген құбылыстың еркін айтылуын және оның коммуникативті - маңызды контекстерде қолданылуы.
  • Қарым-қатынастың түрлі ситуацияларында коммуникативті тапсырмаларды шешу үшін қолданылатын материалдар ғана оқушының есінде берік сақталатынын естен шығармау керек. Бұл үшін материалдың қайта-қайта тыңдалуын қамтамасыз ету керек.
  • Өтілген материалды тексеру мақсатында бақылау жасау, оның берік игерілуіне септігін тигізеді. Осы себептен бақылау үнемі жүргізілу керек, ал оқытушы оның түрлі формаларын қолдану керек, оның ішінде тестер.

Жеңілдету принципі бойынша бірінші сабақтан бастап материал оқушының жасын және интеллектуалды игерілуі оқушыларға қиындық туғызбайды. Ал, керісінше болған жағдайда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы тез түсіп кетеді. Жеңіл болу материалға да, және оның әдістемесіне де байланысты.

Жеңілдету кіргізілетін (енгізілетін) материалдың көлеміне қойылатын белгілі талаптардың сақталуын қажет етеді, оқу бағдарламасындағы алға жылжу темпінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жеңілдету принципін сабақтарда жүзеге асыру үшін мұғалімге бірнеше ережелер көмектеседі:

  • Сабақ үстінде оқушының материалды қалай игеріп жатқандығын үнемі тексеру қажет;
  • Сабақты жоспарлағанда тапсырманың жеңілдігін, қиындығын ескеру керек, оқушылардың түрлі топтарын естен шығармау керек (күшті, орташа, төмен) . Бірлесіп мүмкіндік береді және бұл талаптың іс-жүзіне асуына жағдай жасайды.
  • Бақылау сұрақтарының көмегімен, оқушылардың материалды қалай игеріп жатқандығын тексеру керек.

Пәнаралық координация принципі түрлі пәндердегі тақырыптары қайталанып кетпеуі мақсатымен үйлестіруді қарастырады және оқушылардың санасында қоршаған орта мен пәндерді қабылдауды қалыптастыру. «Бір-бірімен байланыста жататын нәрселердің барлығы, осындай байланыста түсіндірілуі қажет, »-деп жазған Я. А. Коменский, ол оқыту процесі кезінде барлық оқу пәндері байланыста болу керектігі өте маңызды деп бірінші болып айтқан. Тіл сабақтарында бұл принцип пән - тілдік деңгейде көрінеді; пәндерге оқытуда тілді меңгеру деңгейін ескереді және профессионалды қызығушылықтары ескеріледі. Оқушылар мамандықтарының тілдік элементтерін игереді. Осының нәтижесінде жалпылығымен пән ретінде де, қарым-қатынас құралы ретінде де профессионалды қарым-қатынас сферасында коммуникативті компетенцияны қалыптастыруға жағдай жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудың принциптері
Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері жайлы
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Вербалды қарым - қатынас
Педагогикалық кәсіби білгірлігі
Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі
Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері
Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі
Интерференция құбылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz