Орта мектепте географияны оқыту
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1. Географияны мектепте оқытудың алғышарттары
1.2. Географияны оқытудағы педагогикалық технологиялар
1.3. Географияны оқытудағы инновациялық технологиялар
2 ТАРАУ. ГЕОГРАФИЯНЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1. География сабақтарында компьютерлік құрал.жабдықтарды қолдану мүмкіншіліктері
2.2. География сабақтарында қолданылатын геоақпараттық білім негіздері
2.3. Географияны тереңдетіп оқытудағы картографиялық көмекші құралдардың ролі

Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Баранский Н.Н. Методика преподования экономической географии. -М.,1990.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.: Педагогика.- 1989.
3. Бенькович Т.М., Бенькович Д.Л. Опорные конспекты в обучении географии. 7класс- М., 1995.
4. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ. 2003
5. Выготскии Л.С. Педагогическая технология .- М.,1991.
6. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процеса. Волгоград: Перемена. –1995.
7. Селевко Т.К. Современные образовательные технологии. М., 1998.
8. Таубаева Ш.Т. , Барсай В.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп- №3,4-1999.
9. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001
10. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.
11. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.
12. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы. 2006ж.
13. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар.» Педагогикалық ғылымдар докторы профессор Е.С. Полат редакциямен. 2000ж. )
14. Беспалко В П “Програмирование обучения” М: - Высшая школа.
15. Кривошев А О “Програмное обеспечение учебного назначения и компьютерная технология обучения. http://www.riis.ru/PS/publ.
16. Официальный каталог 3- го Международного Форума “Информатизация образования Казахстана и стран СНГ” А. 2004 г.
17. Мамырова Кулаш. Новая электронная мультимединая обучающая программа. География және Табиғат 2004 жыл. 4.
18. Әбілдаева А. «Шапағат» газеті, сәуір 2003 жыл.
19. Горечко В.В., Чернышев А.В. Мультимедия и Гистехнологии в атласном картографировании. // Вестник. Моск. университета. С. 5 география 2004 г. № 2 с. 16-19.
20. Шульгина О.В. Возможности и проблемы использования компьютерных технологий в преподавании географии. // Геог. в школе 2003 № 8 с. 45-52.
21. Перфильев Ю.Ю. Пространственное распространение сети интернет в России как процесст диффуляции инновации. // Вестник Моск. университета сер. 5 География 2003 № 2 с. 30-36
22. Баранов А.С. О возможности использования средств MS office в обучении географии. // география в школе 2003 № 7 с.64-69.
23. К.Брукс и Эшли Кент Проект “Vongn net” электронное обучение и интернет. // География в школе 2002г. № 4 с.79-81.
24. Бейсенова А.С. “Экология” орта мектептерге арналған электрондық оқулық, А; 2002
25. Таможняя Е.А. Компьютерные технологий: возможности использования. // география в школе 2002 г. № 3 с. 46-51
26. Харлампович Г.Р. Шолина И.И. – Экология: общий курс, М: 1998 (электр. учебник)
27. Н.Керімбай “Геоинформатика ”А-2006
28. Е.Нусипов,А.В.Немченкова “Основы геоинформационных систем”А-2006
29. Интернет материалдары
30. Колдоба A.B., Повещенко Ю.А., Самарская E.A., Тишкин В.Ф. Методы математического моделирования окружающей среды.- М.:Наука, 2000.
31. А.В. Кошкарев, B.C. Тикунов. Геоинформати
32. Колдоба A.B., Повещенко Ю.А., Самарская E.A., Тишкин В.Ф. Методы математического моделирования окружающей среды.- М.:Наука, 2000.
33. Полищук Ю.М. Информатика и анализ техногенных вөздействий на природную среду.
34. Кошкарев А.В., Тикунов B.C., Трофимов A.M. Теоретические и
методические аспекты развития географических информационных систем.
География и природные ресурсы, 1991, №1, с.11-16.
35. Солцева О.И., Тикунов B.C. XIX Конгресс международной федерации геодезистов - территориальные информационные системы. - Вести. Моск. ун-та, сер. гсогр., 1991,№5, с. 91-95.
36. Гарелик И.С. Географические информационные системы и дистанционное зондирование. - Исследование Земли из космоса. Итоги науки и техники. Т'.З, ВИНИТИ АН СССР, М., 1989, с. 3-80.
37. Трофимов A.M., Панасюк М.В. Геоинформационные системы и проблемы управления окружающей средой. - Казань: Изд-во Казанского ун-та, 1984, 142с.

2 ТАРАУ. ГЕОГРАФИЯНЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1. География сабақтарында компьютерлік құрал-жабдықтарды қолдану
мүмкіншіліктері
2.2. География сабақтарында қолданылатын геоақпараттық білім негіздері
2.3. Географияны тереңдетіп оқытудағы картографиялық көмекші құралдардың
ролі
3 ТАРАУ. МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
3.1. Мектеп географиясында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жұмыс
түрлері
3.2. Мектеп географиясындағы сыныптан тыс жүргізілетін оқу-тәрбиелік іс-
шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені
қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш
техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы
негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу,
сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру
қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет
түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын,
қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік
ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды
белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі,
қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін
ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық
жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға
қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық
ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және
демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін
көтереді.
Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми –
техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін
интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің
шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа
ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану
процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық,
педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру – бұл
білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа
ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету
процесі. Бұл процесс ғылыми – педагогикалық ақпараттардың
автоматтандырылған мәліметтер базасы ақпараттық - әдістемелік материалдар,
коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім жүйесін басқару
механизмін жетілдіру; қазіргі заманғы ақпараттандыру кезеңінде оқитын жеке
адам дамуы мәселелеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен
ұйымдастырушылық формасының мазмұны стратегиясын іріктеу мен методологисын
жетілдіру; білімтерлердің интеллектуалды потенциалының дамуына, білімді өз
бетінше алуды қалыптастыру, ақпараттық оқу, эксперименталды – зерттеу
қызметін жүзеге асыру, ақпаратты өңдеуде әртүрлі жеке әрекеттерге
бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін жасау; оқушы білімінің деңгейін
бағалау мен бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік тестілеу әдістемелерін
жасау және пайдалану. Өндіріске автоматтандырылған жүйелерді, программалық
басқарудың микропроцессорлық құралдар мен құрылғылар, роботтар және
өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген ғылыми-техникалық прогрестің
дамуы қазіргі заманғы педагогикалық ғылым алдына маңызды мақсат қоюда –
ақпараттандырумен байланысты қазіргі заманғы қоғам дамуының жаңа сатысына
белсенді түрде қатысатын жас ұрпақты тәрбиелеу және дайындау. Жоғарыда
айтылған мақсатты жүзеге асыру – қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау –
түбегейлі түрде оқу орындарының перифериялық құрылғылары, оқу, демонстрация
құрылғылары бар электронды есептеуіш техникасымен қамтамасыз етілуіне
байланысты.
Қоғамның еңбекке жарамды халқының жоғары кәсіптік бөлігінің
интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды
барлық жерде пайдалану, жас ұрпақтан творчес белсенді резервті дайындау
қажеттілігін анықтайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын
пайдалану оқыту дамытудың, оқушының жеке дамуына әсері мол. Сонымен қатар
индивидтің шығармашылық потенциалын дамыту, оқушының өз қызметінің
нәтижесін талдай білуін қалыптастыру, қойылған мақсаттарына жетудің жолдары
мен әдістерін таңдау стратегиясын жасау болып табылады.
Оқу процесін интенсификациялау, оның тиімділігі мен сапасын көтеру
мақсатында жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдаланылуын
анықтауға бағытталған, психологтік-педагогикалық және әдістемелік
құралдармен қамтамасыз етілу маңызды мәселенің бірі.
Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты – жаңа ақпараттық кеңістікте
актуалды педагогикалық міндеттерін шешу мен қажетті біліммен қаруланған,
инновациялық процестерді басқару үшін компьютерлік техниканы пайдалана
алатын жаңа типті мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету төмендегі
міндеттерді орындаумен байланысты:
➢ педагогикалық оқу орнында оқу – тәрбие процесінің интеллектуалды
ақпараттық жүйесін жасау, яғни жоғары оқу орнының ақпараттануының
мақсаттары мен міндеттерін түсіну, әдістемелік, ұйымдастырушылық және
техникалық жасақталуын қамтамасыз ету;
➢ келесі сұрақтар бойынша барлық мамандықтардың педагогикалық
мамандарының біліктілігін жоғарылату мен дайындау; компьютерлік
техниканы пайдалану, математикалық модельдеу мен программалауды, жаңа
ақпараттық технологиялар негізінде магистранттар, аспиранттар,
докторанттарды дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі біліктілігін
көтеру;
➢ программалық құралдар жасау, стандартты қолданбалы программалар
пакетін меңтеру, эксперттік жүйелерді жасау, педагогикалық міндеттерге
қатысты білімтерлерді дайындауды қамтамасыз ететін оқыту материалдарын
жасау;
➢ жоғары оқу орны сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізінде үздіксіз
бағалау мониторингін ұйымдастыру; оқыту сапасын бағалау жүйесін жасау
және жоғары оқу орын рейтингісін анықтау(лицензиялау, аттестация,
мемлекеттік аккредитация, рейтинг); білім сапасын бағалаудың жоғары оқу
орын жүйесін жасау;
➢ ақпараттану құралдарын жоғары оқу орнында, жатақханада және мекен-
жайында тәрбиелеу процесінде пайдалану;
➢ қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация
құралдарын білімтерлер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысында
қолдану; білімтерлердің шығармашылық ой санасын дамыту;
➢ оқу, педагогикалық, дипломдық практикаларында білімтерлер болашақ
педагогтарды дайындауды басқаратын жүйелер жағдайында жұмыс істеуді
үйрену;
➢ үнемі компьютерлер паркін, видеотехника және байланыс құралдарын
жаңарту; материалдық техникалық қамсыздандыру мен ақпараттық
технологиялар орталығын сервистік қызмет етуді ұйымдастыру;
➢ сырттай оқитын білімтерлер үшін ара қашықтықта оқытуды енгізу;
➢ жоғары оқу орын сайтын ұйымдастыру.
Ақпараттық қоғамда сапалы оқыту мәселесі бар және үздіксіз білім беру
әрбір адам өмірінің бөлігі болып табылады. Базалық ақпараттық технологиялар
актуалды. Оларға ақпаратты сақтау мен өңдеу технологиялары, офистік
технологиялар, мультимедия технологиялары, геоақпараттық технологиялар,
ақпаратты қорғау технологиялары, CASE – технологиялары, телекоммуникациялық
технологиялар. Оқытудағы жоғарыда көрсетілген технологиялар ғылыми-
техникалық прогресс этапында кең тараған:
➢ электронды оқулықтар, оқу пособиялары, тренажерлер, зертханалық
практикумдар, білімді тестілеу жүйелері түріндегі оқытушы жүйелер.
➢ видеотехника, CD-ROM – ды пайдалану арқылы құрылған мультимедиа-
технология базасы негізгі жүйелері.
➢ оқыту процесі мен оқыту зерттеулерінде практикалық мәні бар
интеллектуалды оқытудың экспертті жүйелері.
➢ ақпараттық ресурстарға тікелей және қашықтықтағы мәліметтер базасы мен
білім негізіндегі ақпараттық орталар;
➢ электронды үстелді типография;
➢ электронды кітапханалар;
➢ геоақпараттық жүйелер;
➢ әртүрлі қызметтегі ақпаратты қорғау жүйелері;
➢ электронды поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық
жүйелер, телеконференция және әлемдік коммуникациялық желілерге шығу.
Ақпараттық қоғамның құрылу және оны құрайтын білімді ақпараттандыру
мәселелері цивилизацияның тұрақты дамуы мәселелерімен тығыз байланыста
қарастырылуы қажет. Білім беру жүйесінің моделі цивилизацияның тұрақты
дамуы моделіне білімнің бейімделуін ескере отырып, қалыптасуы қажет, осыған
байланысты болашақ ақпараттық қоғамның қажеттілігін өтеуге бағытталған
білім беру жүйесінің дамуы мәселесі пайда болады. Тек қана білім жаңа
ақпараттық мәдениеттің негізі бола алады; қазіргі кезде педагогтің,
тәрбиешінің, мектеп мұғалімінің және жоғарғы оқу орнының оқытушысының
ақпараттық мәдениетіне ерекше көңіл аудару керек.
Білімді ақпараттандыру мәселелері информатиканың қазіргі заманғы
жетістіктерімен және олардың білім саласында пайдалану методолгиясымен
анықталады. Осы жерде информатиканың үш деңгейін көрсетуге болады:
➢ есептеуіш техниканың физикалық – программалық – ақпараттық құралдары
және байланыс техникасы;
➢ логикалық технологиялар;
➢ қолданбалы-пайдаланушы ақпараттық жүйелер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: географияны оқыту
процесіндегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің маңызын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу нысаны: орта және жоғары оқу
орындарындағы география сабағындағы экологиялық білім мен тәрбие беру
процесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге,
статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру, алынған
нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.
Қорытындыда диплом жұмысының нәтижелері мен тұжырымы баяндалды,
ұсыныстар берілді.

Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың
жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Бұл жұмыстың негізгі кезеңі
жоғары оқу орны, мұғалімдер даярлау институты және базалық орта мектеп
арасындағы байланысқа тәуелді.
Қазіргі кезеңде оқу-тәрбие жұмысының негізіне жеке тұлға алынады.
Сондықтан география пәнінің де жеке тұлғаны қалыптастырудағы роліне жаңа
көзқараспен қарау қажеттілігі туындап отыр. Бір орталыққа бағынған оқыту
және тәрбие беру үрдісіндегі география ғылымының орнын анықтау қазіргі
география ғылымының (актуальды проблемалары) өзекті мәселелерінің бірі
десек қателеспейміз. Себебі география табиғаттың жан-жақты дамуы мен
адамдардың іс-әрекеті арасындағы байланысты көрсете алады. Оқушылар мен
студенттерге экономикалық білім берудегі география пәнінің мүмкіндігі зор.
Сондықтан, географиялық білім беруді мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
Осы маңызды мәселерді шешуде ғылым мен техника жетістектерін пайдалану
ерекше нәтиже береді.
Біріншіден, пән бойынша оқу бағдарламасын жасау кезінде осы кезеңдерге
дейін шыққан материалдарды пайдалану.
Екіншіден, педагогикалық оқу бағдарламасы бойынша енгізілген сұрақтарға
жауап бере алатындай болуы қарастырылады. Дұрыс жауабымен қатар, дұрыс емес
нұсқалар келтіріліп оқушының білімі тексеріледі.
География ғылымының салалары өз кезегінде актуальды проблемалардан
туындайтын маңызы мәселелерді шешуде жеке әдіс тәсілдерді ұстанады.
Үшіншіден, оқу бағдарламасы арқылы логмкалық ойлау қабілеті де
тексерілуі. Құнды құрастырылған бағдарлама негізінде көп нәтижеге жетуге
болады.
Төртіншіден, географияны оқыту барысында оқытылып өткен материалды
пайдалануы қажет.
Бесіншіден, оқушылардың бағдарламаны игергені жөнінде білім
тексеріледі. Қиын құрастырылған немесе күрделі сұраққа кейбір оқушы жауап
бере алмай, төменгі балл алуы мүмкін.
Алтыншыдан, компьютер экранында сұрақ мазмұны нақты, әрі түсінікті
көрсетілгені дұрыс.
Осы аталған өзекті мәселелерді шешуде педагогикалық бағдарламалар
типтерін пайдалануға болады:
• Тренажер – бағдарлама (негізгі мәселені оқып үйрену).
• Оқыту бағдарламалары (блок модуль бойынша беріледі).
• Көшірмелі – модельдеу бағдарлама (мәселелерді шешу мүмкіндігін
туғызады).
• Дидактикалық материалдарды пайдалану.
Жер қабаттары Жалпы пәндік Ізденушілік, Объектіні жалпы
ұғымдар себептік ұғымдық түсінікпен
байланыстар байланыстары
Экспедициялық
тәжірибелер
Стационарлық және Алғашқы талдау Мәліметтерді Тапсырманың
жартылай және мәліметті іздеу және қойы-луы және
стацио-нарлық өңдеу таңдау талдау, іріктеп
тәжірибелер бөлу
Аэровизуадды Кодтау Статистика-лы
бақылаулар к талдау
Ара қашықтықтан Маншкалдык, Имитациялық Талдау сценарийі
кодтау. жа-зылымдарды үлгілеу. және банк
кайта құру. сцена-рийін
Түскен ұйымдастыру.
сурет-терді
сақтап өндеу.
Ғарыштық және аэ- Мәліметті Сарапшы Банктің шешімі және
рофототүсірілімдер.құрылымдау бағасы кәдімгі
геоэкологиялық
жағдайлар
Алғашқы мәліметтер жинау. ГАЖ-ға келіп түсетін ақпараттардың көзі әр
түрлі болуы мүмкін: экспедициялық тәжірибелердің нәтижелері (карталар,
күнделік жазбалар, кешендік суреттеу), кескіндеу мәліметтері, т.б. Әр
кезеңдегі тәжірибешілердің байқауы бойынша, түскен ақпараттың ең басты
талабы - сол мәліметтерді салыстыру.
Мұның қол жеткен табысы - даладағы жиналған мәліметтердің нақты
(стандартты) әдістерін пайдалану (мысалы, ТТК-ны кешендік суреттеу бланкі).
Бұл шығу мәліметтерінің тұтас әдістемелік бірінші өңдеуі болып табылады.
Аймақтық ГАЖ-ды ұйымдастыру кезінде қабылданатын ең басты шешім
қоршаған ортаның жағдайын төтенше өңдеу болып табылады, соның ішінде
аэровизуалдық бақылау. Көбіне ГАЖ-ға ғарыштық және аэрофототүсірілімдердің
мәліметтері кіреді, сонымен қатар тақырыптық сериялар картасы ақпараттың
көзі ретінде шешілген тапсырманың масштабын анықтайды (зональды, аймақтық).
Сонымен бірге төтенше жаңарту мен жедел талдау тәжірибелерінің көрінісі мен
үдерісінің талабы кіреді.
Мониторинг жүйесін ұйымдастырудың нөтижесінде, қоршаған ортаның жағдайы
төтенше бақылауға (литомониторинг, радиоэкологиялық және т. б. байланысты
болады.
Гидрометеорологиялық ақпараттар жүйесі қабылдауы тиянақты мәліметтер
жиынтығын талдау торабы болып табылады, оған мемлекеттің барлық аймағы
кіреді және ол атмосфера мен су қорларының жағдайы жайындағы мәліметтерді
пайдалануға басшылық етеді. Табиғи құбылыстардың ретроспективті болжамы
кезінде өткен уақыттың ұзақтығы пайдаланылады, ол кей уақыттарда ондаған
жылдарға тірелсе, ал жүзжылдық уақыт сирек кездеседі. Сондықтан
географиялық жүйенің эволюциясын біліп тану үшін тарихи кезеңдердің
жинақтары мен архивтік мәліметтердің көмегіне жүгінеміз, осы мәліметтердің
арқасында өткен уақыттағы өңірдің ландшафт жағдайларын қалпына келтіреміз.
[24. 119-б]
Мәліметтердің кіруі және сақталуы. Жиналған мәліметтерді ЭЕМ-де өңдеуге
дайындау керек. Осы қойылған мақсат бойынша алғашқы талдау орындалады. Бұл
өзінің қатарына нақтылы мәліметтердің тексерілуін, толықтығын және
нақтылығын кіргізеді. Қойылған талапқа сәйкес келмеген мәліметтер істен
шығарылады. Аймақтық ГАЖ-дың негізі тақырыптық карта болып табылады.
Сондықтан да ең басты көңіл қоятын жағдай картографиялық ақпараттың
толықтығы мен нақтылығына байланысты. Картографиялық ақпараттағы ең басты
орын алатын айла - өңдеу пішінділігі, бұл алғашқы мәліметтердің жойылуы мен
бұрмалануына әкеліп соқпауы керек.
Картаны ЭЕМ-ге кіргізу екі сатыға бөлінеді: контурлық бөлімді сандау
және аңызды кодпен жазу. Картаның аңызды кодпен жазылуы арнайы жіктеулік
өңдеуге сәйкес келуі керек. Бұл сатыда ең басты көңіл қоятын жағдайдың бірі
- ол ТТК-ның стандартты түрде жазылуы, оның қатарына тікелей ТТК-ның
анықтамасын, сонымен қатар жекекомпоненттік меншіктеу, картографиялық
ақпаратты кіргізу үшін алдын-ала дайындық жұмыстары
жүргізіледі (сан-дауда түпнүсқаны сызу немесе тексеру), сонан кейін
картаның контурлы жағы талабына сай сандалады. Ақпараттың көзі ретінде
пайдаланған суреттер автоматтандырылған дешифровкаға және сандауға кіреді.
Алынған ақпараттың көпшілігі сандық қор құрайды. МБ-мен жұмыс істеу кезінде
белгілі операцияны орындау үшін құрылымдық мәліметтер қажет, сонымен қатар
таңдалған айланы ұйымдастыру мәліметтері осы форматқа орналасқан болуы
керек. Бұл жұмыстар қосымша тандаулы мәліметтермен толық-тыруды және
өзтертулер мен ыщайластыруды талап етеді. [23. 75-б]
Мәліметтердің талдауы. Пайдаланушының сұранысына байланысты
мәліметтерді талдауды атқару тәртібі оның іріктелуі мен ізденісінен
басталады. ГАЖ мәліметтік талдаудың мүмкіндігін әр түрлі тәртіпте қолдайды:
үлгілік, сараптамалық және анықтамалық. Қажетті түрде статистикалық
мәліметтер орындалады (корреляциялық, регрессиялық, факторлық,
дисперсиялық), ол іріктелудің бірыңғайлылығын айтуға көмектеседі, жіктеулік
тапсырманы шешуге көмектеседі. Үлгілік шешімдердің нақтылығы статистикалық
критерийді орнатуға пайдаланады.
ГАЖ-дың ең басты мағынасы имитациялық үлгілеу жүйесіне сүйенеді, яғни
ЭЕМ-нің математикалық үлгісінің көмегімен табиғи зерзатты біліп-оқу.
Тәжірибешінің математикалық әдіспен жұмыс істеу кезінде зерттелетін
зерзаттың әр түрлі жағдайларына байланысты тәжірибе алуға мүмкіндігі
жетеді. Математикалық әдістің ЭЕМ-дегі тәртібі машиналық тұжырымдар жасауға
мүмкіндік береді, мүның іске асуы табиғи жағдайда өте қымбатқа түседі
немесе кейбір нақтылы тұжырымдарға байланысты мүмкін емес. Қазіргі заман
талабына байланысты ГАЖ-ды жабдықтау үшін географиялық ақпараттарды, кең
көзқарастағы әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет.
Осылайша: имитациялық үлгілеу кезінде ақпараттық талдау мен табиғи
ортаның жағдайына қойылған баға сарапшының көңілін аударады. ГАЖ-дағы
маңызды орын алатын нәрсе - ол картаны автоматтандыру арқылы құру, яғни бар
ақпараттарды суреттеу үшін пайдалану, сонымен қатар имитациялық үлгілеу
нсмесе сарапты бағалардың шешімдерін ұсыну. Бұл карталық құры-лыстан басқа,
ГАЖ-ды іске асыру мүмкіндігі - ол іріктелулер мен ақпараттың мәтінді және
тізбек түрінде берілуінде.
Мәліметтің сценарийлері және шешім қабылдауы. ГАЖ-дың құрылуы, дүрысын
айтқанда, ұзақ үдеріс, өзінің құрылуы кезінде көп уақыттың және еңбек
қорларын қажет ететін кезең. Сондықтан жаңа ГАЖ ғылыми-тәжірибелік
тапсырмаларды шешу үшін ғана емес, сонымен қатар іс жүзіндегі әр түрлі
қажеттіліктерді қамтиды. Іс жүзіндегі тапсырмаларды шешу кезінде мекемелер
мен жеке колданушының өзара қарым-қатынасы маңызды орын алады. Олар ГАЖ-дың
ақпарат қорларын түтынушылар (АҚТ). Тәжірибенің мақсаты ретінде мамандар
құрастырылған АҚТ-ға сүйене отырып ғылыми тапсырмаларға мағлұмат бере
алады, олардың тәжірибелік шешімдері - ақпараттарды қамтамасыз ету жүйесін
үлгілеу. Қабылданған шешім талдаудың кейбір альтернативті варианттары
табиғи ккешендік жүйеге келіп тіреледі. Сондықтан осы аталған ГАЖ жұмысының
алдына қойған мақсаты жіктеу тапсырмасына келіп тіреледі. ГАЖ-дың жұмыс
істеу қағидалары. ГАЖ дегеніміз тақырыптық қабаттардың бірігуі негізінде
пайда болады. Бірақ өте иілгіш келетіні нақты тапсырыстарды шешуі өзінің
құндылығын көрсетеді. Яғни оған құралдар мен жабдықтар қабаттасып, қазіргі
жагдайлар мен жоспарлаған шараларды бөлшектеп елестету мен ғаламдық
атмосфера айналымын өңдеу жатады. [31. 87-б]
Векторларды үлгілеу ақпараттардың, XV координаттары түрінде, кодтарда
сақталады. (Қазіргі кезде ГАЖ-да жиі 3-інші кеңістік және 4-інші уақыттық
координаттары да қосылады). Нүктенің орны (нақты зерзатта) бұрғылау
скважинасы, координаттар жұбымен бейнеленеді. Сызықтық зерттеулер су, жол,
құбырлар сияқтылардың XV координаттарының жиынтығы ретінде сақталады.
Аудандарды зерттеулер өзен жайылмасы, жер учаскесі сияқтылар
координаттарының туыстық жиынтығы ретінде сақталады. Векторлық үлгі үзік
зерзаттарды сипаттау үшін өте қолайлы болса, ал құрамы үздіксіз өзгеріп
тұратын X тығыздығын сипаттау үшін қолайсыз.
Расторлы үлгі үздіксіз жұмыстар үшін қолайлы. Расторлы бейнелеу жеке
қарапайым құрастыру үшін жинақтау мәнін көрсетеді. Ол карта мен суретті
сканерлеуі мүмкін. Екі үлгілеу әдісінің де өзіндік қасиеті мен
жетіспеушілігі болады. Қазіргі ГАЖ-дар векторлы үлгілеумен қоса, расторлы
үлгілеуде де жұмыс істей алады.
ГАЖ-дың артықшылығы мен кемшіліктері. ГАЖ картографиялық дамуда жаңа
жол ұсынады. Бұл жүйе 4-картографияның кемшіліктерін ұтуға мүмкіндік
туғызады, яғни оларды шектелген сыйымдылық ұтады. Соңғы онжылдықта қағазды
карталардың ақпараттарын қолдануда күрделілік байқалады. ГАЖ ақпараттарды
көзбен көруге мүмкіндік туғызады. Экранға тек дәл қазір керекті ақпаратты
шығарып алуға болады. Шынында да күрделі кешенді картаны өзара үйлестірген
жеке меншік карта ауысуы орындалды. Сонымен қатар ақпараттық құрылымы,
демек оның өңделуінің тиімдігі артады. [26. 84-б]
Географиялық мәліметтердің көзі. Географиялық мәліметтердің көзі
ретінде географиялық мәліметтердің әр түрлі бейнеде (суреттер, карталар,
ғарыштық суреттер, зерзаттар координаты, сөздер, күрделі зерзаттар) болады.
Қазіргі уақытта Интернет жүйесі арқылы алынған сандық ақпараттар көп.
Оларды ГАЖ-да қолдану үшін мүндағы мәліметтердің түрпатын, сапасын,
дәлдігін, шындығын біліп, оларды ГАЖ-ға енгізуге қажетті техникалық
құралдардың параметрлерін білу қажет. ГАЖ-дың МБ-сына ерекше рөлі беріледі.
Кейбір кездерде, етер де МБ жақсы "басқару жүйесі" болса, оны ақпараттық
жүйе ретінде қарайды (мысалы, анықтама-лык ГАЖ-дар).
Геомәліметтердің үлгілерін таңдағанда:
➢ біріншіден, қажетті ақпараттардың тұрпатын, әр түрлі үлгілерді
салыстырып, мысалға "зерзаттық және қабаттық" құрылымы бойынша,
расторлық және векторлық мәліметтердің формасы бойынша;
➢ екіншіден, ГАЖ-дың МБ-сын таңцағанда біз бұл үлгілерді (ннтегра-ция)
қосып бірге пайдалана аламыз. Мысалы: "зерзаттық-қабаттық", "расторлық-
векторлық";
➢ үшіншіден, "зерзаттық" тұрғыда кеңістік дискреттік зерзаттармен
көрсетіледі.
Аумақтар туралы айтылса, оны жеке бір зерзаттар ретінде корсетеді -
орман, дала, үй, қала, т.б. "Қабаттық" тұрғыда мәліметтер шексіз нүктелер,
сызықтар, полигондар, растордың элементтері түрінде көрсетіледі. Бұл
тұрғыда, егер де жер бетінің бір компоненті өзгерсе, онда ол (қандай
қабылдау түрі алынса да) басқа қабат болып қабылданады. "Векторлық" -
кеңістіктегі зерзаттарды координаттарын жұп түрінде көрсетеді. Сондықтан
зерзаттардың геометриясы ғана сипатталады. "Расторлық" - кеңістіктегі
зерзаттарды және үздіксіз географиялық өзгерулерді растор түрінде
көрсетеді. "Полигондық" - кеңістіктегі зерзаттарды дұрыс емес формалы
бөліктерге бөледі. "Триангуляциялық" - кеңістіктегі зерзаттарды
үшбұрыштарға бөледі. МБ үлгісін тандағанда оның қандай формада (форматта)
екендігі - ең негізгі жұмыс. Екеуінің де өзіне тән ерекшелігі және
жетіспеушілігі бар. Мысалға: векторлық форматта көп операция жүргізуге
болады және өте тез. Ал расторлық форматта мәліметтер қарапайым
ұйымдастырылады: кейбір операциялардың тездігі (қабаттарды салыстыру),
буферлік зоналарды табу т.б. Бұл форматта жұмыс істеу "арақашықтықтан
зерделеу'" мамандарына ыңғайлы. Бірақ, бұл форматта көп мөлщердегі
элементтер (детальдар) жоғалып кетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта екі
форматты біріктіріп, бірін-бірі толықтыру үшін қолданылады.
МБ байланысын көрсету. МБ-сын құрғанда, ең күрделі мәселе ондағы
мәліметтердің бір-бірін көрсетуі және оларды кодтау әдістері. Қазіргі
уақытта МБ-ның мәлімет байланыстары түрде көрсетілген:
➢ қарапайым элеменперден күрделі зерзаттарды құру үшін колданылатын
байланыс;
➢ зерзаттардың координаттарын есептеу арқылы колданылатын байланыс (бір
картадан екінші картаға топырақ типтерін айқындау);
➢ мәліметтердің координаты арқылы есептелмейтін, мәліметтерді МБ-ға
кіргізерде кодтайтын байланыс.
МБ-дағы байланыстар қосымша атрибут ретінде корсетіледі. Сондықтан ГАЖ
бен МБ байланысын екі түрге бөлеміз: типологиялық және картографиялық.
Қабаттарды келістіру - ГАЖ-ды құрудағы негіtri операция. Оны оверлейлік
үдеріс дейміз. Оверлей дегеніміз - бір-біріне бірнеше қабатты қойып
келістіру. Мұндағы қабаттар бір жүйедегі координатта, бір проекцияда және
бір масштабта болу қажет. Оверлейлік операцияның 3 типі бар:
➢ географиялық мәліметтер қабаттарының оверлейі;
➢ көлемдік зерзатты бір және көп элементтердің қосындысы ретінде;
➢ көлемдік мәліметтерді интерполяциялау оверлейі.
Техникалық қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта карта бойынша зерттеулер
жүргізу жұмыстарында сандағыштар (цифрователь), картометриялық автоматтар,
автоматты графопостроительдер, есептеу техникалары қолданылады. Сандағыштар
картадан алынған мәліметтерді сандық көрссткіштерге айналдырып отырады.
Олар екі түрге бөлінеді:
➢ үзбесіз;
➢ сканерлеуші.
Үзбесіз орналасатын қондырғы картадағы сызықтардың үзбесіз жүріи
отыруына мүмкіндік береді және берілген интервалда координаторларын жазып
огырады. Бұл сандағыштар автоматты түрде жұмыс жасайды. Сканерлеуші
сандағыштар карта бетіндегі бейнелерді рет-ретімен бір қатарға түзеп
жазады. Етер картогра-([)иялық мәлімет түрлі-түсті кескіндер болса, онда
бір уақытта :щектронды гүрлі-түсті қондырғы пайдаланылады. Сонымен қатар
:лектронды картометриялардың өзіне тән өлшеулерінің тәсілі мен қағидалары
картографиялық автоматтандырудың негізі болып табылады, картометриялық
қондырғылар есептеу арқылы сандық анықтама жүргізеді. Бұл жағдайда
картадағы зерзаттардың көлемі бірден тіркеліп жазылады. ЭЕМ-де экожүйедегі
өте күрделі зерзат-тардың есептерінен синтетикалық көрсеткіштерді алуға
болады. Сонымен бірге картадағы бейнеленетін элементтердің беткейлердің
экспозициясын, қисық сызықтар мен қүбылыстардың жиілігі мен тығыздығын,
тағы басқа жұмыстарды есептеу үшін алгоритмдер бар. Мүнан соң алынған
мәліметтер сызықты басып шығаратын қондырғы -- автоматты графопостроитель
мен бейне-экранға салынады. [27. 95-б]
Мәтінді және санды мәтіндерді, кестелер мен графиктерді -осы
мәліметтерді жинақтайтын сызықтық басып шығару қондыр-гысы - ЭЕМ көмегі
арқылы өнделген картограммалар мен карто-диаграммаларды басып шығарады, 1
сек. ішінде 1500-ге жуық белгілер басылады.
Автоматты графопостроительдер (AT) - картографиялық бейнелерді қағаз
бетіне, пластинаға, фотопленкага түсіретін автоматты сызбалар . Үлкен АТ-
ның жұмыс аумағының көлемі - 2 м, кішісі 1 м болады. АТ видеоэкраннан
(дисплей) кестелер, графиктер, алфавитті-санды түрдегі барлық мәліметтер
енгізілетін электронды-сәулелі түтікшелерден тұрады.
Видеоэкранда жарық өткізгіштер болады, олар математикалық
операциялардың, сандық көрсеткіштердің дұрыс берілуін тексеруге арналған.
Экрандық фотопленка бейнелерді суретке түсіріп алуға, микрофильмдер
түсіруге болады.
Автоматты есептегіш құралдар мен сандағыштар электронды, картометриялық
приборлармен, автоматты графопостроительдермен және ЭЕМ-мен бірігіп,
автоматты картографиялық жүйелерді (АКЖ) құрайды. АКЖ арқылы үлкен
аумақтарда терең зерттеулер жүргізіп, өте дәл тиімді карталар жасалынады.
Карта жасауды автоматтандыру. Кешенді карталар геожүйені терең танып-
білуде, ондағы элементтердің бір-бірімен өзара тығыз байланысын зерттеуде
үлкен роль атқарады.
Әр түрлі тақырыптық карталарға біріктірілген талдау жасау геожүйедегі
әр түрлі құбылыстарды зерттеуге тереңінен жол ашады. Мысалы: топырақтың
және өсімдіктің өзара байланысы, бір-біріне тигізетін әсері. Сондықтан да
күрделі геожүйені зертгеуде карталар үлкен мәліметтің көзі болып
есептеледі.
Уақыт озған сайын карта жасаудың картографиялық әдістерінің
автоматтандырылуына мынадай факторлар әсер етті:
➢ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жоспарлау мен күрделі мәселелерді
тиімді шешу;
➢ қоршаған ортаны қорғау;
➢ табиғи байлықты ұтымды пайдалану;
➢ бұл зерттеулер өте үлкен аумақты немесс акваторияны, ірі экономикалық
аудандарды, табиғи және табиғи шаруашылық белдеулерін - шельфтерді
қамтыды;
➢ үлкен параметрлі геожүйені танып-білуде жаңа ғылыми зерттеулер
жүргізу, олардың қозғалысына баға беру;
➢ аэроғарыштық мәліметтердің түрлеріне байланысты картографиялық
шығармалардың, яғни түрлі тақырыптағы карталар онімдерінің күрт көбеюі;
➢ зерттеу әдістерінің жеделдеуі және экономикалық тиімділігі өз әсерін
тигізеді.
Ақпараттармен қамтамасыз етуді автоматтандыру. Автоматизацияны енгізу
және есептегіш техникаларды пайдалану МБ (мәліметтер банкі) мәселелерін
ұйымдастырады. Арнайы зерттеу жұмыстарының мәліметтер жиынтығы МБ болады.
Олар әр түрлі көлемді аумақтағы ақпарат болуы мүмкін. Мысалы, МБ жеке
полигондарда ірі өзендердің алабы немесе бір елді біртұтас қамтуы мүмкін.
МБ-ға қойылатын талаптар:
➢ мәліметтердің жүйелілігі;
➢ көрсеткіштердің өте дәлдігі;
➢ бір масштабтан екінші бір масштабқа ауысуы.
Шағын көлемді салаларды зерттеуде арнайы МБ, ал ірі кешенді
зерттеулерде көп мақсатты МБ пайдаланылады. Мысалы: қоршаған орта туралы
мәліметтер бірнеше карталардан алынады: бақылаған ауданның жағдайы,
антропогендік әрекеттің әсері, т.б. Бұл жағдайларда тұтастай МБ желісі
пайдаланылады. Үлкен және кіші МБ-ның негізі санды үлгі (СҮ) болып
табылады.
Автоматтандырылған картографиялау келесі этаптарга болінеді:
➢ ақпараттармен қамтамасыз етуді автоматтандыру;
➢ кеңістіктік-уақыттық ақпараттарды логикалық-математикалық өңдеуден
өткізу;
➢ карта жасауды автоматтандыру;
➢ картаны қолдануды автоматтандыру.
Картографиялы автоматтандыру да техникалық құралдарды қолдануға
байланысты екі деңгейге бөлінеді:
1-ші деңгей - ЭЕМ-де картографиялық бейнелерді АЦПУ-дың көмегімен салу.
2-ші деңгейі - арнайы техникалық құралдарды қолдану (графопостроитель,
матрицалық басу құралдары).
ГАЖ және КМБ-да арақашықтықты, ауданды, контурлардың периметрін, контур
біріктіру, автоматтандырған есептеу мүмкіндігі қолданылады, бұлар
аудандастыру, бағалау, карталар жасағанда және басқа да операциялар
жасағанда керек болады.
Қазіргі уақытта әлемде бірнеше мың ГАЖ-дар бар, олардың функционалдық
мүмкіндігі, ақпарат көзі, техникалық құралдарында айырмашылығы бар. Ең көп
дамыған және тараған көп мақсатты ГАЖ-дар қоршаған ортаның бір немесе
бірнеше компоненттерін зерттеуге арналған (топырақтану, геология,
гидрология, т.с.с). ГАЖ-ды жасау жұмысы өте қымбат және қиын, сондықтан да
көп мақсатты ГАЖ құруға көп көңіл бөлінеді. Бұған мысал - ландшафтық ГАЖ
-дар. [27. 67-б]
Ландшафтың жеке компоненттері негізінде құрылған ГАЖ-дар бүкіл ландшафт
құрылымы туралы толық түсінік бере алмайды. Сондықтан көп мақсатта
қолданылатын, ТТК-ның неше түрлі тұрпаттары туралы ГАЖ-дың негізі ретінде
ландшафтың үлгісін аламыз.
ГАЖ-дың ландшафт блогы, ТТК-ның сандалған үлгісі ретінде құрылады,
сондықтан ландшафтық ақпараттар ТТК-ны 3 жақтан сипаттайды:
➢ компоненттік (литология, топырақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz