Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дендрофлорасы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дендрофлорасы

Кіріспе . . .І. Сайрам - Өгем ұлттық саябағының физико - географиялық жағдайы.1. 1 Сайрам - Өгем ұлттық табиғи паркінің табиғи жағдайы. .1. 2 Географиялық зерттеу тарихы . . .1. 3Зерттеу әдістері мен әдістемелері . . .1. 4Сайрам - Өгем МҰТП дендрофлорасына таксономиялық талдау . . .ІІ. Ұлттық саябақтың дендрофлорасының морфологиясы менфизиологиясы.2. 1 Сайрам - Өгем МҰТП дендрофлорасының тіршілік формалары . . .2. 2 Өсімдіктердің тіршілік ету ортасы . . .2. 3 Белдеулік орналасу ерекшеліктері . . .2. 4 Сайрам - Өгем МҰТП дендрофлорасының сипаттамасы . . .ІІІ. Дендрофлораның экологиясы мен маңыздылығы. .5 Шаруашылықта бағалы өсімдіктер . . .6 Сирек кездесетін, эндемик өсімдіктері . . .ҚорытындыӘдебиеттер тізімі:

Кіріспе . . .

І. Сайрам - Өгем ұлттық саябағының физико - географиялық жағдайы.

1. 1 Сайрам - Өгем ұлттық табиғи паркінің табиғи жағдайы. .

1. 2 Географиялық зерттеу тарихы . . .

1. 3Зерттеу әдістері мен әдістемелері . . .

1. 4Сайрам - Өгем МҰТП дендрофлорасына таксономиялық талдау . . .

ІІ. Ұлттық саябақтың дендрофлорасының морфологиясы мен

физиологиясы.

2. 1 Сайрам - Өгем МҰТП дендрофлорасының тіршілік формалары . . .

2. 2 Өсімдіктердің тіршілік ету ортасы . . .

2. 3 Белдеулік орналасу ерекшеліктері . . .

2. 4 Сайрам - Өгем МҰТП дендрофлорасының сипаттамасы . . .

ІІІ. Дендрофлораның экологиясы мен маңыздылығы. .

5 Шаруашылықта бағалы өсімдіктер . . .

6 Сирек кездесетін, эндемик өсімдіктері . . .

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

1-59- 1415-1818-2021-2323-2425-2626-2930-4748-4950-5253-5758-60:

1-5

9- 14

15-18

18-20

21-23

23-24

25-26

26-29

30-47

48-49

50-52

53-57

58-60

Кіріспе

Дүние жүзінің көптеген елдерінде халықаралық табиғат қорғау одағының ұсынысы бойынша жалпы мемлекет аумағының 10 пайыз жерін ерекше корғалатын табиғи аумақтарға айналдыру көзделген. Осыған байланысты біздің елімізде де соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліп отыр. 2006 жылдың 7-шілдесінде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңның қабылдануының өзі елімізде табиғат қорғау мәселелеріне басты назар аударылып отырғандығының нақты дәлелі бола алады. Қазіргі таңда Қазақстан жерінде осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғи резервтер, 3 мемлекеттік зоологиялық саябақтар. 5 мемлекеттік ботаникалық саябақтар, 57 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 5 мемлекеттік қорық аймақтары ұйымдастырылған. Мұндай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінген жалпы жер көлемі өлкемізде 17 млн 874 мың гектар алқапты алып жатыр.

Ұлттық табиғи парктер-Қазақстанда ерекше қорғалатын ландшафтілердің бірі. Қазақстанда табиғи парктерді дамыту кәзіргі кезде қарқынды жұріп жатыр. Өйткені ғылыми-техникалық процесстің тез дамуы табиғатқа зиянды әсерін тигіздіруде. Кең байтақ Қазақстанның фаунасы мен флорасының кәзіргі жағдаайы өте нашар. Ал қәзір адамзаттың алдында тұрған мақсат табиғатты сақтап қалу. Сол мақсатта -ұлттық парктер мен қорықтарды көбейту. Өкінішке орай Қазақстанда -ұлттық табиғи парктер әле де толық өріс ала алмай келе жатыр. Табиғатты қорғау ұғымы, мәдениеті әледе болса толық жетілмеген.

Алпауыт мемлекеттерде -қоршаған ортаны қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Ірі қалалардың дәл ортасында -ұлттық парктер орналасқан. Жергілікті тұрғындар, туристер мен тынығушылардың ұлттық паркіне кіріп, демалуына рұқсат етілген. Америка құрама штаттарындағы ең ірі мегаполис Нью-йорк қаласында ұлттық табиғи парк орналасқан, жергілікті тұрғындар жануарлар мен өсімдіктерді тамашалап демалады. Бұл табиғатты қорғаудың бір шарасы.

Қазақстан жерін шаруашылық жағынан игерудің қарқыны өте жоғарлап кетті. Қазақстанның табиғаты ерекше қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын жерлерді ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр. Қазақста

нның табиғатты қорғау туралы заңның 8- статьясында жеке табиғат зоналарындағы тірі және өлі табиғаттың сирек кездесетін обьектілері мен табиғат ландшафттарын қорғауға алу жөнінде айтылған. Қорғауға алынған ландшафтілер мен обіектілердің - ғылыми, мәдени, танымдық, емдік және эстетикалық маңызы бар.

Өңтүстік Қазақстан облысы - табиғаты әсем, өсімдіктер мен жануарлр әлеміне бай, климат жағдайы қолайлы, топырақтың құнарлығы жоғары аймақ.

Ақсу-Жабағылы қорығы, Шымкент қаласындағы зоопарк, табиғаты әсем жерлер, ірі өзендер мен көлдер, қолайлы климат жағдайы ұлттық табиғи саябағын ұйымдастырұға мұмкіндік берді. Қазіргі кезде елімізде 10 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ұйымдастырылған. Олардың алып жатқан аймағы 1170714 га жерді қамтиді.

Қәзіргі кезде елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Халықаралық конвенция бойынша әрбір мемлекеттегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінген. Жер көлемі

Сол елдің жалпы жер көлемінің 10 пайызынан кем болмау керектігі ерекше аталып көрсетілген. Қазақстанда қәзіргі кезде ұйымдастырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 17 млн 874 мың га алып жатыр.

Бұл Қазақстанның жалпы жер көлемінің 6, 5 процентейін алып жатыр. Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлеріне- 10 мемлекеттік табиғи қорық, 10 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, 5 мемлекеттік қорықтық аймақ, 49 мемлекеттік табиғи қорықша, 26 табиғи ескерткіштер, 6 мемлекеттік ботаникалық бақтар, 3- мемлекеттік экологиялық бақтар, 2 мемлекеттік табиғи резерват және тағы басқа табиғи обьектілер.

Қазақстандағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мынандай топта.

1. Баянауыл Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. 1985ж құрылды

2. Көкшетау Ақмола обл. Зеренді ауданы 182076га 1996ж

  1. Іле Алатауы Алматы обл. Қарасай ауданы 199703 га 1996ж.
  2. Алтынемел Алматы обл. Кербулақ ауданы 161153 га 1996ж
  3. ҚарқаралыҚарағанды обл. Қарқаралы ауданы 90323 1998ж
  4. Қатон қарағайШығыс Қаз. обл Қатонқарағай ауд. 643477. 2001ж
  5. ШарынАлматы обл. Райымбек, Ұйғур ауд. 93150. 2004ж
  6. Бурабай Ақмола обл. Шортанды ауданы. 83511 га 2006 ж.
  7. Сайрам- ӨгемӨнтүстік Қаз. обл. Қазығурт ауд. 149053 га. 2006 ж.

10. Көлсай көлдеріАлматы обл. Райымбек ауд. 161045 га. 2007

Ландшафтарды қорғаудың негізгі формасы ұлттық саябақтарды ұйымдастыру. 1872 Америка жерінде алғашқы ұлттық саябақтар ұйымдастырылды. Рессейде 1874 жылы Аскания Нова ұлттық бағы құрылды. Бұл рессейде алғашқы қарлығаштар болып саналды. Қәзіргі кезде дұние жұзінің 124 елінде 2600 қорықтар жұмыс істеп жатыр. Жалпы Жер шарында қорықтардан, ұлттық парктер көп болып саналады. Оның басты себебі шетелдерде қорықтар аймақтары шектеулі болғандықтан табиғат қорғау ұшін осындай шараның ұтымды екенін дер кезінде түсіне білді.

Шын мәнінде табиғатты қорғау оның аймағымен шектелмеуі тиіс, керісінше барлық жер адам баласы ұшін саябақ құтты қоныс болуы керек. Осы орайда Канада, Африка, Австралия, Англия т. б. өркениетті елдерде мемлекеттің барлық аумағы ұлттық байлық ретінде қорғауға алынған.

Мысалы Англияның кішкене ғана жерінде 189 ұлттық қорықшы, 10 ұлттық парк, 81 корольдік қорықтар. Германия жерінде 735 қорықшылар, 400-ден астам ландшафтық заказниктер, 9100 табиғи ескерткіштер бар. Сол сияқты Франция жерінде 22 ұлттық қорық бар, соған қарай өркениетті елдерде табиғатты қалай аялайтыны көрініп тұр. Ал Қазақстанда 10 мемлекеттік қорық, 66 қорық қор, 8 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар. Әрине біздің жеріміздің көлеміне шаққанда, қорғалатын жерлер, барлық жердің 3% ғана қамтиды. Бұл көрсеткіш жер аумағы жағынан тоғызыншы орында тұратын Қазақстандағы қорғалатын жерлер аумағы үшін өте аз.

Мұның өзі қорғау проблемасының өз шешімін таппай отырғанын көрсетсе керек.

Дегенмен Республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Негізінен, ландшафтарды қорғаудың -10 категориясы бар: қорықтар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғи ескерткіштер, қорғалатын ландшафтілер, табиғат ресурстарының резерваттары, биосфералық қорықтар, микроқорықтар (Омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктерге) арналған, табиғат объектілері және көп мақсатта қорғауға алынған жерлер.

Қазақстан - жасыл өсімдіктер мен жабайы жануарлар дүниесіне бай өлке. Өздеріңізге белгілі олардың арасында, туған өлке топырағына ғана тән жануарлар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлерімен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері, бізге жеткен.

Толып жатқан себептерге байланысты олардың саны азайып, құрып бара жатыр. Айталық жойылып кету қауіпі бар және сиреп кеткендер тізіміне жануарлардың -87, өсімдіктердің 306 түрі бар. Қайткен күнде де олардың жерімізден жойылып кетпеуіне жағдай жасау керек.

Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішінде ең тиімді жолы қорықтар мен табиғи парктер, ботаникалық бақтар мен хайуанаттарды құру.

Қазақстан Республикасы қорғалатын жерлерінің алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайтиаланбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл мақсаттар мен міндеттердің биосфера компонентерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдаланудың орны ерекше.

Бұл мақсат-міндеттердің Қазақстан Республикасының жағдайында да көкейсті екендігі белгілі. Сондықтан, биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғау үшін Қазақстан Республикасындағы қорықтар мен ұлттық табиғи қорықтардың маңызы орасан зор.

Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемін арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы 52 қаулысы арқылы 2006 жылы 26 қаңтарда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды. Бұл ұлттық табиғи саябақтың Батыс Тянь-Шань тау жотасының табиғаты ерекше көрікті өңірлерін қорғау үшін маңызы ерекше. Ұлттық саябақ Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті алқаптарын қамтиды. Сайрам-Өгем ұлттық саябағының алып жатқан жер көлемі әзірше 149 мың гектардан астам.

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағы орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді камтиды. Бұл ұлттық табиғи саябақта өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі. Сайрам-Өгем ұлттық паркі Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік -батыс бөлігінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдайтау жоталарында орналасқан. Парк «Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысына сәйкес Түлкібас, Төлеби және Өгем орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қосылу жолымен ұйымдастырылды. Парк аумағынан Сайрамсу, Қасқасу, Бадам, Машат, Көкбұлақ және Өгем өзендері ағып өтеді.

Парктің жалпы жер көлемі 149 053 гектар, соның ішінде Өгем филиалында 76 573, Төлебиде 45 509 және Түлкібаста 26 971 гектар, шекарасының жалпы ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке дейін 135 км. Парк аумағындағы жерлердің категорияларға қарай: ормандар - 51010 гектар немесе жалпы жер көлемінің 34, 2%, мұның ішінде орманмен көмкерілгені 27 553 гектар немесе ормандануы 18, 5% құрайды, орманмен қамтылмаған жерлер 98 103 гектар, соның ішінде егістік - 92, шабындық - 261, жайылым -51 459, жолдар - 89, усадьба - 60, сулар - 315, мұздықтар - 1 135, басқа пайдалануға жарамды жерлер - 44 538 га.

Республика территориясында әлі де зерттелмеген аудандар қатарына Батыс Тянь-Шань тау жотасындағы сайрам- Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін жатқызуға болады. Өзіндік географиялық орналасу жағдайымен, геоморфологиялық құрылысымен және дендрофлорасының әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Жұмыстың өзектілігі: Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрудағы басты мақсат Батыс Тянь-Шань өңіріндегі ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтау, қалпына келтіру және көп салалы мақсатта пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында алғаш рет ұлттық табиғи паркінің дендрофлорасының конспектісі түзілді. Соның негізінде оларға таксономиялық экологиялық талдаулар жасалды, белдеулік орналасу ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар сирек кездесетін, эндемді түрлері және шаруашылықта бағалы өсімдік түрлері анықталып, оларға сипаттама берілді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дендрофлорасын зерттеу және сонымен қатар парктің өзіндік ерекшелігі бар ағаш өсімдіктердің маңыздылығын анықтау.

Осы қойылған мақсаттарға жету үшін бірнеше тапсырмалар жоспарланды;

  1. Токсономиялық талдау жасау, тіршілік формаларын анықтау.
  2. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі дендрофлорасының шаруашылықта бағалы өсімдіктеріне сипаттама беру.
  3. Сирек кездесетін, эндемдік өсімдік түрлерін анықтау.

Жұмыстың жаңашылдығы: Алғаш рет Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі дендфрофлорасы зерттеліп, 20 тұқымдасқа, 40 туысқа бірігетін 104 өсімдік түрлері көрсетілген. Түрлердің тіршілік формалары анықталды. Өзіндік ерекшелігі бар ағаш өсімдіктерінің шаруашылық маңызы, оларды пайдалану туралы мәселелер көрсетілді.

1. 1 Сайрам -Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің физико-географиялық жағдайы.

Батыс Тянь-Шань жүйесіндегі парк территориясының аумағы Солтүстік Шығыс бөлігін алып жатыр. Таулы массив пен тау етегі жазықтығы ретінде берілген, ол жазықтықтар Талас Алатауының Оңтүстік Батысында орналасқан.

Қаржантау жотасы Өгем өзені алабынан Келес саласын бөледі. Төменгі ағысында Өгем өзені терең және тар шатқалдарды тесіп өтеді, ол шығарында Шыршық өзеніне құяды. Жотаның Оңтүстік Шығыс баурайы қысқа және тік, Солтүстік Батысы жазық өзен алабымен бөлінген.

Қаржантаудан Оңтүстік Шығысқа қарай Өгем өзені алқабында Өгем жотасы орналасқан. Қазақстан мен Өзбекістан шекарасын бойлай солтүстік-шығыстан, өнтүстік-батысқа қарай 110км созылған, енді жері 30км. Ең биік жері Сайрам шыңы(4299) . Жер бедері әртүрлі төменгі шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлауларында бұлақ бастаулары мол. Жатық беткейлі кең өзен анғарлары жайпақ жоталар. Жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар алмасады, 3000м-ден жоғарыда жер бедерінің алілік пішіндері тараған. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Өнтүстік Қазақстан облысы Қазығурт, Төлеби аудандары аймағына Өгем жотасының солтүстік пен Өнтүстік батысы кіреді. Сайрамсу -Өгем жотасының мұздықтардан басталады. Солтүстік Шығысы биік таулы рельефті, Оңтүстік Шығыс бөлігі Пскем өзенінің алабына жарылады. Батысы мен Шығысы таулы жазықтық болып келеді және олар нәтижелі игерілуде.

Геологиялық кұрылымы. Батыс Тянь-Шань тауында таскөмір (орта таскөмірлі), девон дәуіріндегі сорттар таралған. Олар эк, мергель, алевролит, туф, сланц, құмдар. Өгем жотасына сонымен қатар интрузифты кешендер тән, негізінен гранит, гранодиорит, граносиенит түріндегі таскөмірлер тән. Олар топырақ және өсімдік қабатымен ерекше биіктаулы үстірт түзеді. Өгем жотасының Оңтүстік Батыс бөлігінде перм жасындағы жыныстар кездеседі (алевролиттер, құмдар, конгломераттар, эктастар) . Өзен алқабының жоғарғы тұсында палеогенді және неогенді шөгінділер кездеседі. Олар қызыл, ақ, қызыл қоңыр лай түрінде болады. Олар топырақ және өсімдік жамылғысының түзілуіне, әртүрлі болып өзгеруіне әсер етеді. Өзен алқабы, тауалды жазықтықтар әртүрлі ширек шөгенділерге бай. Орта ширек шөгінділер арасында орманды, топырақты шөгінділер бар. Кешширекті шөгінділер негізінен өзен жазықтығы бойынша ярус түзе отырып түзіледі.

Гидрографиясы. Аумақ тау жоталарынан ағатын көптеген өзендердің есебінен жақсы суландырылған. Ірі өзендердің бірі Арыс өзені Шақпақтағы бұлақты көлден бастау алады. Бұл жерде көптеген бұлақтар бастаулар Талас Алатауы мен Қаратау баурайларынан бастау алады. Ары қарай ірі ағыс Жабағлы-Су, Машат, Ақсу өзеніне айналады.

МАШАТ ӨЗЕНІ Келте Машат пен Ұзын Машаттың қосылуынан пайда болады. Өзеннің төменгі ағысындағы орта айлық шығыны сәуір айыңда болады, шілде-тамыз айларында төмендейді.

АҚСУ ӨЗЕНІ Арыстың ірі салаларының бірі болып табылады. Талас Алатауының Батыс баурайында орналасқан бассейні 750 кв км алып жатыр. Ақсу өзенінің жоғарғы саласында қарлар мен мұздықтар бар. Қар мен мұздықтардың еру нәтижесінде өзен қоректенеді. Орта айлық шығыны маусым айында, ал өзен деңгейі қаңтар- ақпан айында төмендейді. Сонымен қатар осы өзендермен бірге территориядан Сайрамсу, Қасқасу, Бадам, Келес, Өгем өзені ағып өтеді.

Табиғи аймағы. Батыс Тянь - Шань аймағының табиғи аумағы күрделі құрылымға ие. Бұл жағдай аймақтың ішкі континентальды орналасуымен, ірі таулы массивтердің болуымен байланысты. Бұл жерде мынадай табиғи аймақтар бар:

Биік таулы нивальды аймақ 3400-3500 м абсолютті биіктікте орналасқан. Климаттық жағдайы қатаң. Жылдық орта температурасы төмен. Жылы күндер тек жаз айларында болады. Жауын-шашынның жылдық көлемі 500-600 мм. Жауын-шашын негізінен қатты күйінде көктемде, кейде жазда және қыста түседі. Топырақ және өсімдік жамылғысы бар. Қына қабаты мен криопетрофитты өсімдіктер кездеседі.

Биіктаулы шалғынды_ және шалғынды-далалы аймақ екі белдеумен берілген -альпілік және субальпілік.

Альпілік белдеу 3000-3100-ден 3400-3500 м-ге дейінгі биіктік шегінде орналасқан. Оның рельефі биіктаулармен ерекшеленеді. Климаттық жағдайы онша қатаң емес. Жылдық орта температурасы 0°С-тен аз ғана жоғары. Жылдық орта жауын-шашын мөлшері 600-700мм асады. Жауын-шашын негізінен қысқы-жазғы кезеңдерде, жазда көп түседі. Топырақты және өсімдікті қабат тегіс баурайларда, топырақ түзуші субстратпен бірге кездеседі және беттің 30-дан көп бөлігін алады. Қысқа шөпті өсімдік жамылғысы альпілік шалғын және шалғынды-далалы жерлерде өседі. Топырақты-альпілік таулы-шалғынды, биіктаулы, шалғынды далалы. Сонымен қатар таулы шалғынды альпілік гидроморфты топырақтар кездеседі.

Субальпілік белдеу 2400-2450м-ден 3000-3 100м-ге дейін биіктікті алып жатыр. Альпілік белдеумен салыстырғанда рельеф аз жіктелуімен ерекшеленеді. Климаттық жағдайы альпілік белдеуге қарағанда өсімдіктің өсуіне ыңғайлы. Жылдық орта температура жылына 3-5С құрайды. Жылы күндердің ұзақтығы 6-8 айға дейін. Жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 600-700мм. Топырақты-өсімдік жамылғысы альпілік белдеумен салыстырғанда айтарлықтай сирек. Өсімдіктердің құрамында сирек шөпті субальпілік шалғын және шалғынды жерлер бар. Топырақтар таулы-шалғынды субальпілік, биік таулы-шалғынды далалы субальпілік, биіктаулы далалы субальпілік, сонымен қатар биіктаулы қара түсті топырақ түрінде кездеседі.

Таулы және тауалды аймақ аршалы сирек тоғайлы, бұталы және күрделі бұталы саванналар орналасқан интервал абсолютті биіктігі 1200-2400 (2450) м. Рельефі ортатаулы және аласатаулы. Тек жекелеген жағдайда ғана тауалды жазықтықтың жоғарғы бөлігін қамтиды. Климаттық жағдайы бұнда жағымды. Жылдық орта температура 6-10°С. Жылы кезеңнің орта ұзақтығы 240-280 күн. Аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 150-190 күн болса, жылдық жауын -шашашын мөлшері 600- 800мм. құрайды.

Өсімдік жамылғысы негізінен өсімдік қауымдастығының үш типін ажыратады.

1. Аршалы сирек орман (жартылай дөнгелек арша, зеравшан аршасы) . Орман ішілік бұталы шөп жамылғысы әртүрлі типті-саванналы, Оңтүстік баурайында саванналы шалғынды-далалы жер және жақын жерде тығыз және құнарлығы төмен топырақ шабындық жер Солтүстік баурайында орналасқан. Аршалы сирек орманның толықтығы 0, 1-0, 4, сонымен қатар жабық аршаларда кездеседі (Сайрамсу өзені) .

2. Бұталы және шөпті бұталы өсімдіктер, жікеленген долана ағаштары және шалғынды далалы немесе саванналы шөп жамылғысы. Долана ағашы Солтүстік баурайында орман түзеді. Бұталар және шөпті-бұталы өскіндер Солтүстіктен, кей жерлерде Шығыс баурайын алып жатыр. Солтүстік баурайында шалғынды-далалы шөптер өседі.

3. Бұталы дәнді-ірі шөпті саванналы қауымдастық. Олар таудың құрғақ, ыстық, негізінен Оңтістікте және Батыс баурайында орналасқан. Күрделі дәнді эфемеройдтардан (шашақтық бидайық, арпа) және күрделі шөпті саванналардан ( сайсабақ, сасыр, шырыш, айдарша) тұрады. Неоген - полеоген дәуірінде таулы ксерафиттер және тікенді эспарцет, кемпіршөп пайдаболған.

Топырақ жамылғысы көбінесе таулы қоңыр топырақтан түзіледі, бұл аршалы сирек орманды және бұталар өсетін Солтүстік бөлікте кездеседі. Топырақ жамылғысының екінші компоненті сұр-қоңыр топырақтар болып табылады. Бұл топырақ жамылғысы бұталы саванналы Оңтүстікте және Батыс бөлікте кездеседі. Солтүстіктегі жабық аршалы және жапырақты орманда таулы орманды қара-қоңыр топырақ кездеседі. Таулы жазықтықтарда жоғары сілтілі қоңыр және қалыпты топырақтар кеңінен таралған.

Тауалды аймақ жоғары саванналар 600-1200м биіктікте орналасқан. Ол тау жазықтығының жоғары бөлігінде орналасқан. Бұл аймақтың климаты айтарлықтай жоғары мәнге ие, әсіресе жазда. Ауа-райының жылдық орта температурасы 10-12° С. Жылы кезеңнің ұзақтығы 280-300 күн. Жауын -шашының жылдық орта көлемі 400-600мм. Көктем күндері жылы, ылғалды, жазы ыстық және құрғақ, қысы жұмсақ, ылғалы аз және ұзақтығы бойынша орташа.

Баурайлары табиғи өсімдік ірі дәнді саванноид пен ерекшеленеді, яғни шашақты бидайық және шабынды арпа және басқада эфемероидтар-селдірек қоның бас, Түркістандық қияқөлең, бозшағыл. Олардың ішінен көп көлемде кездесетін ірі шөпті саванналар (айдарша, аңдыз, қожакендір, сасыр, шырыш) . Аз кездесетін рельеф шалғын түрі.

Топырақты жамылғы сұр қоңыр, карбонатты топырақтан тұрады. Борлы және неоген-палеоген дәуіріндегі сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Рельефтің төмендеуімен шалғынды сұр-қоңыр топырақтар кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның фаунасы мен флорасы
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы
Қазақстанның табиғи қорықтары
Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы
Жабағылы өзенінің ұзындығы
Қаратау таулы жотасы
Ақсу - Жабағалы қорығының эндемик өсімдіктері мен жануарлары
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz