География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І . Бөлім. Географияны оқыту процесінде қолданылатын
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1. Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық

1.2. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ . Бөлім. География сабағында ақпараттық технологияларды
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1. География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану ... ... 21
2.2. География сабақтарында жаңа ақпараттық.коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3. География сабағында компьютерлік технологияларды қолдану ... .30
2.4. Географиядағы ақпараттық технология элементтеріне талдау ... ... 33
2.5. Географияны оқыту процесіндегі геоақпараттық технологиялар...39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.
Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру – бұл білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету процесі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Баранский Н.Н. Методика преподования экономической географии. -М.,1990.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.: Педагогика.- 1989.
3. Бенькович Т.М., Бенькович Д.Л. Опорные конспекты в обучении географии. 7класс- М., 1995.
4. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ. 2003
5. Выготскии Л.С. Педагогическая технология .- М.,1991.
6. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процеса. Волгоград: Перемена. –1995.
7. Селевко Т.К. Современные образовательные технологии. М., 1998.
8. Таубаева Ш.Т. , Барсай В.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп- №3,4-1999.
9. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001
10. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.
11. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.
12. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы. 2006ж.
13. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар.» Педагогикалық ғылымдар докторы профессор Е.С. Полат редакциямен. 2000ж. )
14. Беспалко В П “Програмирование обучения” М: - Высшая школа.
15. Кривошев А О “Програмное обеспечение учебного назначения и компьютерная технология обучения. http://www.riis.ru/PS/publ.
16. Официальный каталог 3- го Международного Форума “Информатизация образования Казахстана и стран СНГ” А. 2004 г.
17. Мамырова Кулаш. Новая электронная мультимединая обучающая программа. География және Табиғат 2004 жыл. 4.
18. Әбілдаева А. «Шапағат» газеті, сәуір 2003 жыл.
19. Горечко В.В., Чернышев А.В. Мультимедия и Гистехнологии в атласном картографировании. // Вестник. Моск. университета. С. 5 география 2004 г. № 2 с. 16-19.
20. Шульгина О.В. Возможности и проблемы использования компьютерных технологий в преподавании географии. // Геог. в школе 2003 № 8 с. 45-52.
21. Перфильев Ю.Ю. Пространственное распространение сети интернет в России как процесст диффуляции инновации. // Вестник Моск. университета сер. 5 География 2003 № 2 с. 30-36
22. Баранов А.С. О возможности использования средств MS office в обучении географии. // география в школе 2003 № 7 с.64-69.
23. К.Брукс и Эшли Кент Проект “Vongn net” электронное обучение и интернет. // География в школе 2002г. № 4 с.79-81.
24. Бейсенова А.С. “Экология” орта мектептерге арналған электрондық оқулық, А; 2002
25. Таможняя Е.А. Компьютерные технологий: возможности использования. // география в школе 2002 г. № 3 с. 46-51
26. Харлампович Г.Р. Шолина И.И. – Экология: общий курс, М: 1998 (электр. учебник)
27. Н.Керімбай “Геоинформатика ”А-2006
28. Е.Нусипов,А.В.Немченкова “Основы геоинформационных систем”А-2006
29. Интернет материалдары
30. Колдоба A.B., Повещенко Ю.А., Самарская E.A., Тишкин В.Ф. Методы математического моделирования окружающей среды.- М.:Наука, 2000.
31. А.В. Кошкарев, B.C. Тикунов. Геоинформатика. - M.: 1993, 213 с.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І - Бөлім. Географияны оқыту процесінде қолданылатын
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1. Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық

1.2. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылықтарын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13
ІІ - Бөлім. География сабағында ақпараттық технологияларды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1. География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану ... ... 21
2.2. География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .23
2.3. География сабағында компьютерлік технологияларды қолдану ... .30
2.4. Географиядағы ақпараттық технология элементтеріне талдау ... ... 33
2.5. Географияны оқыту процесіндегі геоақпараттық технологиялар...39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік
процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы
микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың
әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі
ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып
табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми,
өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы
қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының
дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын
интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану;
ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің
шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау,
пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір
саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын,
ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық
жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және демократияландыруға
жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.
Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми –
техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін
интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің
шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа
ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану
процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық,
педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру – бұл
білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа
ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету
процесі. Бұл процесс ғылыми – педагогикалық ақпараттардың
автоматтандырылған мәліметтер базасы ақпараттық - әдістемелік материалдар,
коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім жүйесін басқару
механизмін жетілдіру; қазіргі заманғы ақпараттандыру кезеңінде оқитын жеке
адам дамуы мәселелеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен
ұйымдастырушылық формасының мазмұны стратегиясын іріктеу мен методологисын
жетілдіру; білімтерлердің интеллектуалды потенциалының дамуына, білімді өз
бетінше алуды қалыптастыру, ақпараттық оқу, эксперименталды – зерттеу
қызметін жүзеге асыру, ақпаратты өңдеуде әртүрлі жеке әрекеттерге
бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін жасау; оқушы білімінің деңгейін
бағалау мен бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік тестілеу әдістемелерін
жасау және пайдалану. Өндіріске автоматтандырылған жүйелерді, программалық
басқарудың микропроцессорлық құралдар мен құрылғылар, роботтар және
өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген ғылыми-техникалық прогрестің
дамуы қазіргі заманғы педагогикалық ғылым алдына маңызды мақсат қоюда –
ақпараттандырумен байланысты қазіргі заманғы қоғам дамуының жаңа сатысына
белсенді түрде қатысатын жас ұрпақты тәрбиелеу және дайындау. Жоғарыда
айтылған мақсатты жүзеге асыру – қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау –
түбегейлі түрде оқу орындарының перифериялық құрылғылары, оқу, демонстрация
құрылғылары бар электронды есептеуіш техникасымен қамтамасыз етілуіне
байланысты.
Қоғамның еңбекке жарамды халқының жоғары кәсіптік бөлігінің
интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды
барлық жерде пайдалану, жас ұрпақтан творчес белсенді резервті дайындау
қажеттілігін анықтайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын
пайдалану оқыту дамытудың, оқушының жеке дамуына әсері мол. Сонымен қатар
индивидтің шығармашылық потенциалын дамыту, оқушының өз қызметінің
нәтижесін талдай білуін қалыптастыру, қойылған мақсаттарына жетудің жолдары
мен әдістерін таңдау стратегиясын жасау болып табылады.
Тақырыптың жаңалығы. Оқу процесін интенсификациялау, оның тиімділігі
мен сапасын көтеру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын
тиімді пайдаланылуын анықтауға бағытталған, психологтік-педагогикалық және
әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу маңызды мәселенің бірі.
Орта оқу орнының негізгі мақсаты – жаңа ақпараттық кеңістікте актуалды
педагогикалық міндеттерін шешу мен қажетті біліммен қаруланған,
инновациялық процестерді басқару үшін компьютерлік техниканы пайдалана
алатын жаңа типті мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету төмендегі
міндеттерді орындаумен байланысты:
➢ педагогикалық оқу орнында оқу – тәрбие процесінің интеллектуалды
ақпараттық жүйесін жасау, яғни жоғары оқу орнының ақпараттануының
мақсаттары мен міндеттерін түсіну, әдістемелік, ұйымдастырушылық және
техникалық жасақталуын қамтамасыз ету;
➢ келесі сұрақтар бойынша барлық мамандықтардың педагогикалық
мамандарының біліктілігін жоғарылату мен дайындау; компьютерлік
техниканы пайдалану, математикалық модельдеу мен программалауды, жаңа
ақпараттық технологиялар негізінде магистранттар, аспиранттар,
докторанттарды дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі біліктілігін
көтеру;
➢ программалық құралдар жасау, стандартты қолданбалы программалар
пакетін меңтеру, эксперттік жүйелерді жасау, педагогикалық міндеттерге
қатысты білімтерлерді дайындауды қамтамасыз ететін оқыту материалдарын
жасау;
➢ жоғары оқу орны сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізінде үздіксіз
бағалау мониторингін ұйымдастыру; оқыту сапасын бағалау жүйесін жасау
және жоғары оқу орын рейтингісін анықтау(лицензиялау, аттестация,
мемлекеттік аккредитация, рейтинг); білім сапасын бағалаудың жоғары оқу
орын жүйесін жасау;
➢ ақпараттану құралдарын жоғары оқу орнында, жатақханада және мекен-
жайында тәрбиелеу процесінде пайдалану;
➢ қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация
құралдарын білімтерлер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысында
қолдану; білімтерлердің шығармашылық ой санасын дамыту;
➢ оқу, педагогикалық, дипломдық практикаларында білімтерлер болашақ
педагогтарды дайындауды басқаратын жүйелер жағдайында жұмыс істеуді
үйрену;
➢ үнемі компьютерлер паркін, видеотехника және байланыс құралдарын
жаңарту; материалдық техникалық қамсыздандыру мен ақпараттық
технологиялар орталығын сервистік қызмет етуді ұйымдастыру;
➢ сырттай оқитын білімтерлер үшін ара қашықтықта оқытуды енгізу;
➢ жоғары оқу орын сайтын ұйымдастыру.
Ақпараттық қоғамда сапалы оқыту мәселесі бар және үздіксіз білім беру
әрбір адам өмірінің бөлігі болып табылады. Базалық ақпараттық технологиялар
актуалды. Оларға ақпаратты сақтау мен өңдеу технологиялары, офистік
технологиялар, мультимедия технологиялары, геоақпараттық технологиялар,
ақпаратты қорғау технологиялары, CASE – технологиялары, телекоммуникациялық
технологиялар. Оқытудағы жоғарыда көрсетілген технологиялар ғылыми-
техникалық прогресс этапында кең тараған:
➢ электронды оқулықтар, оқу пособиялары, тренажерлер, зертханалық
практикумдар, білімді тестілеу жүйелері түріндегі оқытушы жүйелер.
➢ видеотехника, CD-ROM – ды пайдалану арқылы құрылған мультимедиа-
технология базасы негізгі жүйелері.
➢ оқыту процесі мен оқыту зерттеулерінде практикалық мәні бар
интеллектуалды оқытудың экспертті жүйелері.
➢ ақпараттық ресурстарға тікелей және қашықтықтағы мәліметтер базасы мен
білім негізіндегі ақпараттық орталар;
➢ электронды үстелді типография;
➢ электронды кітапханалар;
➢ геоақпараттық жүйелер;
➢ әртүрлі қызметтегі ақпаратты қорғау жүйелері;
➢ электронды поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық
жүйелер, телеконференция және әлемдік коммуникациялық желілерге шығу.
Ақпараттық қоғамның құрылу және оны құрайтын білімді ақпараттандыру
мәселелері цивилизацияның тұрақты дамуы мәселелерімен тығыз байланыста
қарастырылуы қажет. Білім беру жүйесінің моделі цивилизацияның тұрақты
дамуы моделіне білімнің бейімделуін ескере отырып, қалыптасуы қажет, осыған
байланысты болашақ ақпараттық қоғамның қажеттілігін өтеуге бағытталған
білім беру жүйесінің дамуы мәселесі пайда болады. Тек қана білім жаңа
ақпараттық мәдениеттің негізі бола алады; қазіргі кезде педагогтің,
тәрбиешінің, мектеп мұғалімінің және жоғарғы оқу орнының оқытушысының
ақпараттық мәдениетіне ерекше көңіл аудару керек.
Білімді ақпараттандыру мәселелері информатиканың қазіргі заманғы
жетістіктерімен және олардың білім саласында пайдалану методолгиясымен
анықталады. Осы жерде информатиканың үш деңгейін көрсетуге болады:
➢ есептеуіш техниканың физикалық – программалық – ақпараттық құралдары
және байланыс техникасы;
➢ логикалық технологиялар;
➢ қолданбалы-пайдаланушы ақпараттық жүйелер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: географияны оқыту процесіндегі экологиялық
білім мен тәрбие жүйесінің маңызын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеті: орта және жоғары оқу орындарындағы
география сабағындағы экологиялық білім мен тәрбие беру процесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге,
статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру, алынған
нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - Бөлім. Географияны оқыту процесінде қолданылатын технологиялар
1.1. Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар
Қазіргі таңда жалпы орта білім беру мақсаты өзтерді. Жаңа үрдістік
іс- әрекеттерге негізделген мазмұнымен қатар оқыту нәтижелеріне де
талап қойылған білім берудің жаңа концепциялары, стандарттары жасалуда.
Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде“инновациялық”, “жаңалық
тану” үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс.
Біріншіден , өсіп келе жатқан ұрпақтын білім алуын жаңа бағытқа салу
үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс – тәсілдерден
қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің
мазмұнына өзтерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қаблеті
жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде
қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың
дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да
пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады.
“Технология” термині шетел әдістемесінен алынған. “Технология
- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін
ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың
жан- жақты ойластырылған үлгісі” [6. 21-б]. Педагогикалық технология-
практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы [2. 34-б]. Ал,
педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет
құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. [7. 52-б]
Педагогикалық технология ұғымы 3 деңгейде қолданылады: жалпы
педагогикалық-педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн,
оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен
обьектілерінің әрекет алгоритмі кіреді; салалық (пәндік) - бір пән
шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұны жүзеге асыруға негізделген әдістер
мен құралдар жиынтығы; локольдік (модульдік) - жеке әрекеттер технологиясы,
ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттері қалыптастыру және дамыту
сабағының технологиясы; жаңа материалды меңтерту технологиясы; қайталау
және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру
технологиясы. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге
болатындығымен ерекшеленеді. [4. 50-б]
Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда
оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту
процесінде нақты жүйе қызметін атқарады [6. 21-б].
Технологияның екі түсінігі бар: а) тиімді оқыту әдістемесін жасауды
білдіретін оқыту технологиясы ; б) оқыту барысында технологияны пайдалану.
Соңғы оқыту технологиясы технологиялық құралдарды оқыту үрдесінде
пайдалану деп түсіну керек. (ЭВМ, компьютер бағдарламалары, оның ішінде
географиялық жаңа мультимедиалық оқулықтары және т.б.). Бірақ екі
жағдайда технологияны қолдану- дидактикалық есептерді шығару кезінде
оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.
Оқыту технологиясының негізгі белгілері:
• оқушылар алдында оқудың мақсатты мен міндеттерін айқындап беру,
олардың әрқайсысы үшін оқытылатын материалдың маңыздылығын түсіндіру,
оқушылардын белсенділігін арттыру;
• оқытудың белгілі бір құралдары арқылы, оқушылардың әрекетін
ұйымдастырудың формалары мен қарқынды әдістері көмегімен қойылған
мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізетін процедураны құру;
• үлгілер бойынша оқыту (оқу дәптерлері, практикумдар, оқулықтар
бойынша, мұғалімнің нұсқауларын орындау);
• оқу міндеттерін шешуге бағыталған оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру;
• оқыту нәтижелерін тексеру үшін тест тапсырмаларының әртүрлі
формаларын кеңінен қолдану;
Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологиясын қолданудың едеуір
тәжірбиесі жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту технологияларының
бірі –оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы
әрекетерін қалыптастыру технологиясында ережелер, үлгілер, алгоритмдер
және географиялық обьектілердің жазбалары мен сипаттамаларының жоспары
келтіріледі. Бұл технгология бірқатар география оқулықтарында, әдістемелік
нұсқауларда жеткілікті түрде орын алған және көптеген география
мұғалімдері жұмысында жақсы итерілген.
Географияны оқыту процесінде бұрыннан бері Шаталовтың тірек –
сигналдары технологиясы (логикалық тірек конспектілері – ЛОК ) жеткілікті
түрде қолданылып келе жатыр. Географияны оқытудағы логикалық
байланыстар схемасының ролі туралы Н.Н. Баранский былай деп жазған!
схемалар басты және негізгіні айыруға үйретеді, логикалық
байланыстарды іздеуге, анықтауға және сабақты итеруге оқушыларға едеуір
көмек береді. [1. 35-б]. Байланыс схемаларын мұғалімдер үнемі
пайдалануда. Жасалынған тірек конспектілер, оқушылардың танымдық
әрекетін басқаруда мұғалімдерге көмек береді, оқушылардың өз бетімен
жұмыс істеу қабілетін дамытады, және де оқу жұмысы нәтижелерін өз
бетімен бақылауды іске асыруда тіреу болады. Практикум мұғалімдер бұл
технология жақсы меңтерген. Бұл технологияға байланысты бір қатар мақалалар
және кітаптар жарық көрді.
Көптеген география оқулықтарына енгізілген, журнал беттерінде жарық
көрген оқытушылардың жұмыс тәжірибесінен және мақалаларда жарияланған
технологияларының бірі -оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру
технологиясы. Бұл технологияда оқу әрекеті оқушылардың дәрістегі
белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады. Олар оқу
тапсырмаларын шешу көмегімен білім алуға бағытталған. Етер қалыптасқан
әдістеме мұғалімге не істеу керек екенін жазса , оқу әрекетін
қалыптастыру технологиясы оқушы оқу тапсырмасын қалай шешу керек
екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында сыныпқа оқу тапсырмалары
таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің
көмегімен диагностикалық тексеру жүргізіледі. Оқу әрекетін
қалыптастыру технологиясы , оқу тапсырмаларының жүйесін мұғалім қандайда
бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және
соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын ұйымдастыру
жобаларын жасайды және де тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары
мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін
дайындау сапасын бағалау жинақтары және т.б.) алуға болады. Бұл
технологияны қолдану В.П. Сухов, В.Я. Ромм және В.П. Дроновтың
оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып
көрсетілген.
Дифференциалдық оқыту технологиясы да география әдістемесінде жақсы
белгілі. Оны қолдану кезінде сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктері
ескіріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың
оқуға деген жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық
деңгейі ескеріледі. Тапсырманы орындау мазмұны, көлемі, күрделілігі,
әдісі мен тәсілдері бойынша және де оқыту нәтижелерін диагностикалау
үшін әртүрлі деңгейлестірілген бағдарламалар жасалады.
География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті
технологиясы кеңінен тараған. Бірақ оны іске асыру бір сәтті ғана (эпизод),
болады онда танымдық әрекетті ұйымдастыру жүйесі жоқ.Ойынмен оқыту ұзақ
дайындық жүргізгенде ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның
әрбір позициясы айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін
болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау
тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады.
Коммуникативтік оқыту технологиясы мұғалімнен оқу процесін
ұйымдастыруға творчестволық дайындықты, эвристикалық сұхбаттың тәсілдерін
итеруге, оқушылар арасында пікірталас тудыру үшін жағдай жасауды талап
етеді. Мектепте оқытылатын географияның коммуникативтік оқыту
технологиясын қолдануға үлкен мүмкіндіктері бар. Курстың әрбір
тақырыптарында оқу тартысын ұйымдастыру үшін проблемалар тудыруға болады.
Мысалы: Жел- адамның жауы ма, досы ма?, Атом энергетикасының дамытудың
болашағы бар ма? және т.б. Мұғалімге технологияның осы түрін қолдануға
көптеген география оқулықтарының бай әдістемелік аппараты көмек береді.
Модульдік технология географияны оқытуда да кеңінен қолданылуды. Модуль
деп- оқыту материалының мазмұны мен оны оқушылардың итеру технологиясын
біріктіретін ерекше функциялық түйінді атайды. Мұғалім берілген оқу
материалын итеру мақсаты айқын көрсетеді, оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеуі үшін арнайы нұсқаулар жасайды, ақпарат көздерін пайдалануға дәл
нұсқалар береді және оны ақпаратты итеру тәсілдерін түсіндіреді. Осы
нұсқаларды тексеру тапсырмаларының үлгілері келтіріледі (тестің әртүрлі
формаларын жасау).
Соңғы жылдары практикада оқытудың үмытылған әдістеріне көңіл бөлінуде.
География мұғалімдері оқушылардың жобалық іс-әрекетінің технологиясы деп
аталатын жобалар әдісіне жирек көңіл бөле бастады. Бұл технологияның
мағынасы, өлкетану жұмысы негізінде зерттеу қызметін ұйымдастырудан тұрады.

арттыру
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын көтеруге
айрықша көңіл бөлініп отыр. Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті түлек
тәрбилеп шығаруға көп мән беріледі.
Американдық педагог Филип Шлекти өзінің ХХI ғасыр мектебі атты
еңбегінде мектеп бағдарламасын жақсы меңтеріп, бірақ әртүрлі жағдайларда
ары қарай жетілдіріп қолдана алмайтын түлектің қоғамда өзінің орнын табуы
екі талай деп есептейді.
Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау үшін
педагогикалық іс-тәжірибе барысында сыныптардың географиялық біліміне
сараптама жүргіздім. Олардың нәтижелері бойынша сұрақтарға жауап берген
оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы 26% жоғары, 33% орташа, 41%
төмен деңгейде екендігі анықталды. ЖБДД анықтау үшін өткізілген бақылау
тілігі оқушылардың тек 51% ғана анализ, 38 % синтез 35% салыстыру жасай
алады. 29% логикалық ойлау, ал 34 % қорытынды жасау қабілеттері дамыған.
[9. 42-б]
Сабақта әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеу үрдісінде 8-сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасы анықталды.
Бұл диагностиканың нәтижелерін келесі кестеден көруге болады.
1 кесте.
№ Қабілеттер ЗерттелгенБарлық
оқушылар балалар
саны санынан %
1 Тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру 8 24
2 Тізбек жасау 9 26
3 Қосымша ақпарат көздерін таба білу 15 44
4 Қажетті ақпарат табу және жеткізе білу 13 38
5 Тез ойлау 8 24
6 Өз ойын анық жеткізе білу 8 24
7 Тапсырманы тиімді орындау 21 61
Нәтижесінде оқушылардың 61% тапсырманы тиімді орындай алатыны көрінді.
Ал тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру, тез ойлау, өз ойын анық
жеткізе білу қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізу қажет.
Зерттеудің нәтижелерінен оқушылардың танымдық қызығушылық
қабілеттерінің орташа деңгейден төмен екіндігі анық болды
География сабағын өту барысында мынадай міндеттер туындап отыр:
- Оқушыларды өз білімдерін қажет ететін қызметке итермелейтін
жағдайларды қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту формаларын қолдану;
- Үрдістерді, жағдаяттарды сапалы бағалау тәсілдеріне үйрету,
оқушыларға саналы білім беру үшін ақпараттық материалдарды жүйелеу;
- Шығармашылық бастамасын дамытуға, білімді үздіксіз толықтыруға
талпындыру, балалардың өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру
үшін, ізденістік, зерттеушілік іс әрекетке баулу.
Қазіргі заманда ең басты мақсат – біліммен қаруландыра отырып,
инттеллектісі жоғары дамыған, білімге құштар тұлғаны тәрбиелеу. Жоғары оқу
орындарына білімді, жаңашыл түлектер қажет. Осыған байланысты, заманымызға
сай мұғалім сабақта тұлғаны белсенді оқу-білім қызметіне кірістіру арқылы
дамыту керек. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыруының маңызды
факторларының бірі – оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлілігі. Оқушылардың
танымдық қызметінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып белсенді білім
алу жұмысына кірістіру, сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін әлдеқалай
кеңейтеді. [10. 23-б]
Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына
күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлылығын қойып отыр. Құзырлылық бірінші
орынға оқушының ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес, тапсырма жауабын ісі
арқылы шешудегі дайындық әлеуеті. Педагогикалық жобалау шығармашылық
қызметінің компоненті ретінде білім беру мазмұнын оқушы тұлғасының
жетістігі етуді, оны баланың жадына емес, жанына, интеллектісіне
жақындатуды талап етеді.оқушыға нақ осы сәтте не қажет екендігін нақтылау
оның даму бағытын белгісіздік қағидаларына сүйене отырып жобалау –
субъектілердің ойлануына, жаңа білім үлгісіне тән субъект-субъектілік
қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады.
Осы жерде айта кету керек білім-беру үрдісіндегі өзара қарым-қатынастың
маңызы өте зор. Адамның өмір сүру қабілеті өзінен тыс өмір сүре алмайды
және өзгелердің сыртқы әсерінен де пайда болмайды, ол тек қана оның өз
мәселелерін қалай шеше алатынына байланысты.білім алу үрдісіндегі өзара
қарым-қатынас әр түрлі құрылымдардағы, сабақтағы және сабақтан тыс,
оқушылар мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мұғалімдермен ата-
аналардың,қоғамдық ортаның, әкімшіліктің арасындағы ақпараттық, әрекеттік,
ұйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да байланыстардың тұлғалық
бағдарлы сипатын беретін ұғым болып табылады. Аталған қатынастар
педагогикалық үрдісте: мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім өзара
субъектаралық қатынастар, мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы ұжымдық
диалогтік және тұлғалық рефлексиялық қатынастар деп аталатын
педагогикалық шарттар ретінде қарастырылады.
Субъектаралық қатынастардың шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз
дамуының, білімінің субъектісі болып табылады.
Ұжымдық диалогтік қатынас шарттары мұғалімдер ұжымына да, оқушылардың
сыныпішілік, мектепішілік ұжымына да әкімшілік топтарына да қатысты
орындалады.
Тұлғалық рефлексиялық қатынастар шарттары тұлғаны педагогикалық
үрдістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен
мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді. [11. 65-б]
География сабағында оқушылардың ББД деңгейі мен мемлекеттік тапсырыс
арасындағы қарама-қайшылықтарды ескере отырып төмендегідей қорытында
жасауға болады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру барысында
мынадай бірнеше бағыттар ұсынуға болады:
-Оқушыларға заманымызға сай ғылым қозғалысын алға басуын көрсете алатын
деректермен, мәліметтермен таныстыру;
- қызықтыратын мәліметтермен таныстыру идеяларының туындауын, ғылыми
ізденістерінің мағынасын ашу;
- өзекті оқытуға сүйене отырып оқушылардың алдына әртүрлі қарама-
қайшылықтар қойып, ғылыми деректермен идеяларды түсіну үшін
диалектикалық тәсілдерді қолдануға үйрету;
- Оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыстарын түрлендіру, танымдық
қызметінің әдістерін жетілдіру. Оқушыларды мұғалімге, құрбыларына
сұрақтар қоюға итермелеу;
- Сабақта үрдістің топты және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасауды
үйретуді ұйғардым.
9 сыныптың география курсы мазмұнында республикамыздың ЭГЖ баға беру
үшін әртүрлі өзекті сұрақтармен мәселелерді кірістіруге зор мүмкіншілік
бар. Мәселелерді шешу жолдары оқушылардың білімдерін өмірмен тығыз
байланыстыруды талап етеді және мәселе шешу құзыреттілігін дамытады.
Мысалы:
Жаңа алюминий зауытын қай жерге орналастыруға болады?-деген мәселені
шешу үшін оқушы алюминий шығару үшін қажетті шикізат алу көзінің орналасу
жерін, осы өндіріс көп қажет ететін энергияның арзан көздері және еңбек
ресурстарына бай, яғни елді мекендерге жақын орналасу қажеттілігін ескеру
қажет.
Оқушының танымдық қызметін арттырудың кең тараған тәсілі – сұрақ қою.
Сұрақтарды танымдық қызметті басқару, ойды қозғау, яғни, салыстыру,
сипаттау, себеп-салдарды анықтау, қорытынды жасау үшін пайдалану керек.
Мысалы, 7-сынып географиясының курсында Еуразия және Солтүстік
Американы солтүстік жарты шар материктері деп ерекшелендіреді. Осы
себептен оқушылардан оларды салыстыруды талап етуге де болады.
6-сынып географиясында пәннің бастапқы, ең негізгі түсініктері
оқытылады, сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру,
тереңдету міндетті. Осы мақсатпен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп,
мынадай жұмыстарды ұйымдастырған дұрыс: сабақтарымды ойын түрінде немесе
ойын элементтерін қолданып жоспарлаймын Ол кім? Бұл не?, эстафета,
көңілділер және тапқырлар клубы. Үйге сөзжұмбақ, ребус, жасырынды
сөйлемдерді құрастыру сияқты шығармашылық тапсырмаларды беру де маңызды.
Әрине, оқушылардың танымдық қызметін арттыру үшін оқулықты пайдаланудың
мәні өте зор. Оқулықта берілген сызбаларды, графиктерді, суреттерді
түсіндіру, мәтінмен жұмыс барысында мәтіннің негізгі ойын табу, жаңа
түсініктермен сөздік жұмыс жүргізу, параграфтың жоспарын құру өздігінен
тірек сызба нұсқаларымен кестелер құрастырып, конспект жасау оқушылардың
ойын қозғап, қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
География пәніне оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда: а)
табиғи нысандармен (тау жыныстарының жинақтары, үлгілер, кеппешөптер
т.с.с), ә) географиялық картамен, б) суреттермен в) тәжірибе жасау
жұмыстарының маңызы зор.
Дәстүрлі емес түрде өткізілетін сабақтар да өте әсерлі болып табылады:
Бүгінгі заманның мектебінде білім беру оқытудың дәстүрлі емес, оқушының
оқу-танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін, оқушыларды өздігінен
білім алуды үйретуді, тұлғаның ізденімпаздығын және шығармашылығын дамытуды
қамтамасыз ететін технологияларды қолдануды талап етеді. [13. 82-б]
Оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану білімді толықтырады,
жүйелендіреді, бекітеді, оны саналы түрде пайдалануды қолдайды. Оқушылар
оқу үрдісіне белсенді қатысып, қызығушылығы артады және стандартты ойлау
бағытына сүйенбей, өз ой-пікірлерін еркін жеткізе алады.
Білім берудегі озық технологиялардың бірі Оқу және жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау технологиясын география сабағында пайдалануды тиімді деп
есептеймін.
Географияның әртүрлі пәндермен кіріктіруге мүмкіншілігі зор пәндердің
бірі екендігі белгілі.
Сондықтан СТО технологиясын қолдану арқылы ұйымдастырылған сабақтар
дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда айрықша есте қаларлық, тұлғаның
эстетикалық-эмоционалдық сезіміне тәрбиелейтін оқушыны жан-жақты дамытатын
сабақ болып табылады. Оқушылардың география пәніне деген танымдық
қызығушылығын арттыру жұмысымда СТО технологиясының стратегияларын
қолданып, сабақтарымды келесі үлгімен : ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ – МАҒЫНАНЫ
АЖЫРАТУ – ОЙ ТОЛҒАНЫС кезеңдерін ұстанып ұйымдастыру қажет.
Қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылатын әдістер оқушылардың
тақырыпқа байланысты бұрынғы алған білімдерін қолданып, қайта жаңғыртып,
естеріне түсіруін қажет етеді. Бұл кезеңде Білемін, Білгім келеді,
Үйрендім кестесін толтыру, ассоциациялар жүйесін құрастыру, Болжам жасау
сияқты әдістерді қолдануға болады.
Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар тақырыпқа ене отырып, оның
негізін ашады. Бұл жаңа материалдың мағынасын ашу үшін мәтінмен жұмысты
әртүрлі – топтық, ұжымдық, жұптық немесе жеке түрде ұйымдастырамын. Мұнда
Аялдамамен оқыту, Кернез жазу, INSERT кестесін толтыру әдістері тиімді.
[12. 39-б]
Қызығушылықты ояту және Мағынаны ажырату кезеңдерінде қолданылған
әдіс тәсілдер Ой-толғаныста шарықтау шегіне жетеді. Негізгі жұмыс
аяқталғаннан кейін, оқушылар топтық немесе жұптық формада бір-біріне сұрақ
қойып жұмыс атқарады. Оқушыларға мағынаны ажырату кезеңінде негізгі
мәтінмен жұмыс барысында алған білімдерін ой толғанысқа салады. Мысалы
үшін, 5 жолды өлең құрастыру, Эссе жазу, Дөңгелек үстел тесттік жұмыс
әдістерін қолдану да тиімді. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың ойын қозғап,
жаңа материалдан алған теориялық білімдерін қолдану арқылы практикалық
тапсырмаларды орындауға көмектеседі.
Осы технологияны қолдануда оқушылардан күтілетін нәтиже: оқушылардың
- өмірге бейімделген, алған білімін практикада қолдана алатын;
- өзі шешім қабылдайтын, жаңашыл, шығармашыл;
- ақпарат құралдарымен сауатты жұмыс істей алатын;
- коммуникативті дағдысы жетілген, әртүрлі саладағы адамдармен тіл
табыса алатын;
- өз білімін, мәдениет деңгейін көтере алатын тұлға алу.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін, олардың белсенді
танымдық қызметін ұйымдастыру әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың танымдық қызметіне деген мотивтерін тудырып, материалды
түсінуін қамтамасыз етуі қажет.
ІІ - Бөлім. География сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
2.1. География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
Дүниежүзі елдері бұдан 50-55 жыл бұрын қолданған әдіс тәсілдер мен озат
технология бұл күнде оқу мен тәрбие ісімен айналасып жүрген әрбір
мұғалімнің адастырмас компасына айналып отыр.
Қазақстан республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырымдамасында біздің республиканың білім жүйесі әлемдік денгейімен
үндеспей отырғандығына көңіл бөліп,білім жүйесінің алдына биік міндеттер
жүктейді оқушыға білім білік дағдыларын беріп қана қоймай ол жиі өзтеріп
тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі
заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай
білім берсеңіздер, Қазақстан сол денгейде болады деген еді. Қазіргі уақыт
талабы болып отырған жаңа технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние
емес, оның негізі ерте кезде-ақ қалыптасқан, бірақ уақыт ағымына қарй түрлі
өзтерістерге ұшырап, зерттеліп, жетілдірілді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі
адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәнімен алып
отыруға,білім беру мазмұнын ізгелендіруге мүмкіндік беретін
ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді. Жаңа технология бойынша,
әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі-жаңа технологияны пайдалану
арқылы жеке тұлғаны дамыту. Осы талаптарды орындау үшін,біріншіден
оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз
бетінше білім алуына әрекет ету.екіншіден оқытудың дербес және топтық
түрлері арқылы оқытушыға сенім арту,мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Үшіншіден жаңа технологияның мақсаты-оқытуды ізгілендіру.
Қазіргі заманда педагогикалық ой тұжырымдардан оқушыларға еркін білім
беру,оқушының жекеліктұлғалық күшін дамыту,оныңшығармашылық мүмкіндігін
дамыту басты роль атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қамуының
алдыңғы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-
әрекетіне қаблетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Қазіргі
оқу процесін ұйымдастыру тек қана білім берумен шектелмейді, оқушының жан-
жақты дамуына,ақыл-ойы ойлау тәсілдеріне үйрету, дағдылндыру. Оқытудың жаңа
технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын
қалыптастыруға бағыттаоған.оқудың жаңа техналгиясы оқу мен мазмұнын
тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Оқушылардың білім
білік дағдыларын жетілдіру үшін оқудың жаңа технологиясы бойынша,
дифференциалды және дербес деңгейлік принцептерінің талаптарына сәйкес
сабақты әртүрлі әдіс тәсілдерімен өткізу.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде
пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.
Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысын орындауда мектеп географиясының
қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін
қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы
көрінеді. Мектепте оқытылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық
географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір
аумақта оның географияның ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге
даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы
байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды
элементі болып саналады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және
әдіснамалық маңызы зор. Оны географиялық тұрғыда қарайтын болсақ, ол
оқушыларда әрбір объектіні себеп- салдарын байланыс негізінде аумақпен
байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік
саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады.“Қазақстан
Республикасының экономикалық және әлеуметтік география” курсын оқытудың
жаңартылған мақсат міндеттерін жүзеге асыру үшін мектепте географиядан
білім беру география ғылымының бұрыннан кіріктірілген тұжырымдары мен
идеяларына (географияның біртұтастығы, табиғатты тиімді пайдалану, табиғи-
шаруашылық аудандастыру және т.б.) сүйенеді. Ол Н.Н Баранский, К.К Марков,
Ю.Г Саушкин, В.А Анучин, И.П Терасимова, В.М Разумовскийдің еңбектерінде
көрініс тапқан. [147 93-б]
2.2. География сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды пайдалагудың тиімділігі
Соңғы 200 жыл мен XX ғ 50 жылдар аралығында адамзат тарихы екі
технологиялық төңкерісті басынан кешті.
Біріншісі- XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында бу двигателінің ойлап
табылуы болса, екіншісі- XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы электроэнергетика
мен электромеханиканың пайда болуы.
Ал, қазіргі уақытта адам баласы үшінші өнеркәсіптік төңкерісті басынан
кешіріп отыр. Ол электрондық есептеуіш машиналардың қоғамда кең етек алуы.
Қазіргі таңдағы өндірістік қоғам дамуының аса маңызды сипатының бірі-
ақпараттық технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде
білім беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі өзтерістердің енуіне әсер
етті. “Оқытудың ақпараттық ортасы” термині ақпарттық ортаны пайдаланудың
сапалық өзтерісіне байланысты өзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы
компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты.
Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін емес.
Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы пайдаланылады.
Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау оқыту процесінің
қарқындылығынң төмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі уақыттағы ақпарат
көлемінің ұлғаюына байланысты.
Компьютерді білім сапасына пайдаланудың алғашқы эксперименті алпысыншы
жылдарға сай келеді. Алғашында автоматтандырылған оқыту курсының пайда
болуы, одан кейін автоматтандырылған оқыту жүйесі. Ал, қазіргі уақытта
дербес компьютердің пайда болуы білім беру саласына оң өзтерістер енгізуде.
Қазақстан Республикасы ғылыми- техникалық прогрестің негізгі белгісі
болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының
негізгі алғы шарты. Ал, осы мәселені шешудегі басты роль мектепке
жүктеледі. Оған дәлел Қазақстан Республикасының президентінің 1997 жылғы
“Орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының” қабылдануы.
Қазіргі кезде еліміздегі орта білім ұйымдары ақпараттандырудың келесі
кезеңін басынан кешіруде, яғни, мектептерді жаңа компьютерлермен жабдықтау.
Қоғамдағы жаңа өзтерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму
жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзтертіп, қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей
міндеттерді қойып отыр:
• Білім сапасын арттыру;
• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
• Орта білімді ақпараттандыру;
• Интернет жүйесін пайдалану;
• Электрондық оқулықтар;
• Қашықтықтан басқару:
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат
қойып отыр: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Осы
мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі
бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты
“ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман
талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық,
сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту
технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық
коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла
бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы- ақпаратты оқушыға компьютер арқылы
әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде
есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік
технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық
қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық
технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса,
қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ
компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды.
Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді
түрде пайдаланылады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-
тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту
әдістері, оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Біз өз
тәжірибемізде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын
арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, алдымызға төмендегідей мақсат қоюымыз
керек:
• Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
• Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға
тәрбиелеу.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен,
сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы
ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді
өздігінен меңтерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы
қалыптастырады: Оқушы- оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде
оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның
өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады. География
пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ,
оны төмендегідей атап өтуге болады:
• Мәтіндік редакторы- географиялық құжаттарды құру құралы (реферат,
таблицалар)
• Графикалық редактор- шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы
(шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың
көрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу)
• Мультимедиялық редактор- сабақта табиғи процестерді құру
құралы(геологиялық, климаттық).
• Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.
• Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта,
анықтамалық, энциклопедия)
• Локальдық тестілеу.
• Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез- келген жеріне виртуалды
саяхат жасау;
• География ғылымы бойынша өзінің интернет- қорын құру; тәжірибе
алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
• Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар
жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
• Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
• Қажетті білімді толығымен алу.
• Білімді өздігімен меңтеру.
• Өзін-өзі бағалау
• Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу
• Жалған бағадан арылу
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін
пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлу керек. Пайдаланатын
әдістерімді төмендегідей сызба түрінде көрсетуге болады.
Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай
оқыту тәсілін пайдалансаңыз да өзіңіз білесіз. Мұндағы мұғалімнің қызметі:
оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын біле отырып, пән аралық
қорытынды сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек. [15. 102-б]
Өзін- өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды
қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде түсіндіру керек. Содан кейін
оқушылар өздері компьютердегі алдын ала дайындап қойған программаны ашып,
жұмыс жасай береді.
Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті- әдебиеттер беру және
оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл әдісте әр оқушының
ізденімпаздығын, яғни шығармашалық жұмыс жасауын арттыру.
Электрондық оқулық. Оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп
қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және
мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат
көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды,
сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және
әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы.
Қосымша программалар арқылы. Яғни, қолданбалы программаларды қолдана
отырып, Microsoft Power Point программасынан презентация, Microsoft Excel
арқылы диаграмма, Paint арқылы географиялық құбылыстардың суреттерін
салдыра отырып, көптеген қызықты сабақтар өткізуге болады.
Мультимедиялық оқыту программасы. Оқушыға экран арқылы компьютер жаңа
сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарады. Әрине бұл программа
информатика пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асады.
Қашықтықтан оқыту тәсілі. Қашықтықтан білім беру дегеніміз- белгілі бір
қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу
орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу
тәсіліне негізделген.
№1 сызба. Ақпараттық технологияның артықшылықтары.
Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде
электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес
“оқушы- электронды оқулық” және “мектеп- интернет” жүйесін құруға болады.
“Мектеп- интернет” жүйесі бойынша оқушы ағымдағы сабақ бойынша жаңа
ақпаратты мектепте отырып, интернет жүйесіне ену арқылы іздеп табады,сондай-
ақ “дүниежүзілік өрмекке” электронды саяхат жасауға мүмкіндік алады.
Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны
төмендегідей атап өтуге болады: (№ 2 сызба)
• Анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша
анықтамалыққа мүмкіндік алу.
• Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану.
• Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы текеруді жүзеге асыру.
• Мемлекеттік білім беру стандартының география курсындағы жаңа
ақпараттар енгізілген.
• Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
• Сабаққа деген қызығушылығын ояну негізінде білім сапасын арттыру
№ 2 сызба. Электронды оқулықтың тиімділігі.
Жаңа ақпараттық технологияны география сабағында пайдаланудың
тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде география
пәнін оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты
екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен,компьютерлік технологияны
география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:
Ақпараттық технологияны география сабағында үздіксіз пайдалану, әсіресе
сарамандық сабақтарда.
Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда георгафия
пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.
Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану.
(дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б) [16. 75-б]
Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу
барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже
береді. Компьютерді пайдалану оқушының географияны терең танып білуіне ғана
емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру-
уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. География сабағында жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып
қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.
2.3. География сабағында компьютерлік технологияларды қолдану
Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі мектепте география
сабақтарында компьютерлік технология мен мультимедианы енгізу болып
табылады. Бұл процесс жақында ғана басталса да, оның таралу жылдамдығы өте
жоғары.
Феноменнің құрылымы соншалықты, етер мұғалім компьютерлік технологияға
қарсылығын көрсететін болса да, оқушылардың ішінде компьютерді және
мультимедианы жақсы меңтерген нұсқауларды қабылдайды. Қазіргі жастар
тапсырманы орындау барысында өздері компьютерлік мүмкіндіктерін қолдануға
тырысады. Әсіресе бұл тапсырмалар қазіргі таңдағы көп ақпараттарды
пайдалануға және жұмысты даярлауында үлкен талаптар қойылуымен байланысты.
Мұндай жағдайда мұғалім экологиялық білім беруіндегі барлық
мүмкіндіктерді сонымен қатар жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға барлық
күшін салады.
Орта мектептің оқылатын пәндердің, барлығында компьютерлік
технологияны пайдалану мүмкіндіктерді қарастырылуда және қолданылып та
жүр (Шульгина, 2003; Горечко, Чернышев, 2004; Перфильев, 2003; Брукс, Кент,
2002, Таможняя, 2002)
География сабағында жаңа технологияларды қолдануға көптеген
мүмкіндіктер бар. Географиядан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта
компьютерлік технологияны және мультимедианы қолдануға болады.
1-сызба. Компьютерлік технологиялар.
І. Бағыт материалдарды көрсету: көрнекі құралдар және карталар.
География сабағының көрнекті құралы географиялық карталар болып табылады.
Мультимедиа география пәнінің мұғаліміне экранда әр түрлі
статикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа көмегімен бір объектіден басқа кез-келген тізбекке
фрагментті үлкейтуге болады. Сонымен қатар бір экранда бірнеше сюжеттерді
енгізуге болады. Бұның география пәнінің мұғаліміне өте үлкен көмегі
тиеді, себебі лекция сабағына бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді.
Сондықтан мультимедиа аппараттарының жетістіктері жоғары екенін байқаймыз.
Болашақ педагогтар үшін мультимедианы қолдану көптеген жұмыстар іске
асады. Яғни оқушылардың пәнаралық ойлау қабілеттері артып, дүние жүзінің
географиялық жағдайын біледі. Мұнымен қатар аэрокосмостық және
фотосуреттер, арқылы оқушылардың географиялық қана емес, экологиялық,
туристік және өлкетанулық білімі қалыптасады. Міне, осы кезде мультимедиа
көмекке келеді.
ІІ-бағыт – процесстерді көрсету.
Географиялық процесстерді ұйымдастыру туралы көп және әр түрлі салада
түсіну керек. Жлапы су айналымы, географиялық қабықтағы зат және энергия
айналымы туралы диаграммаларды сызып көрсету.
Мультимедианың көмегімен компьютерлік карталардың құрылуын және
геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) тізбектелуін көрсетуге болады.
Құбылыстарды салыстыру. Жоғарыда келтірілгендей визуальды
құбылыстарды салыстыруда және көрнекі материалдарды көрсеткенде бір
экранда әр түрлі ақпарат жинақталады. Құбылыстарды салыстыру, яғни
географиялық карталарда қоршаған ортаның ластану жолдарын қарастырады және
әртүрлі бояу арқылы болады (ластану көрсеткіштері көрсетіледі).
Ш – бағыт – Геоақпараттық оқыту.
Жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектептерде
геоинформатика пәні енбеген. Мұнда оқушылар мен білімтерлер компьютерлік
технологияны итеруге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz