Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ. География сабағының тәрбие берудегі маңызы . . . 8

1. 1. География сабағындағы білім мен тәрбие негіздері . . . 8

1. 2. Өлкетанудағы экологиялық білімнің маңызы . . . 13

ІІ БӨЛІМ. Өлкетану сабағында оқушыларды отансүйгіштікке

тәрбиелеу негіздері . . . 21

2. 1. Білім берудегі өлкетанудың маңызы . . . 21

2. 2. Өлкетану сабағында оқушыларды отансүйгіштікке

тәрбиелеу негіздері . . . 31

2. 3. Болашақ мұғалімдерді географиялық өлкетану жұмыстарына

кәсіби даярлау . . . 38

2. 4. Өлкетану мамандарын дайындаудың ерекшеліктері . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.

Ел Президенті «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: « . . . экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында « . . . білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.

Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.

География сабағы мен өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.

Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ. Ж. Аганина, Б. Р. Айтмамбетова, Қ. М. Арынғазин, Б. Әбдікәрімұлы, Ш. Ә. Әбдіраман, Ғ. З. Әділғазинов, А. А. Бейсенбаева, Қ. Қ. Жампейсова, Ж. А. Караев, С. Т. Каргин, Қ. М. Кертаева, Р. М. Қоянбаев, К. Қ. Құнантаева, Н. Ә. Мыңжанов, Ж. Ы. Намазбаева, Г. Қ. Нұрғалиева, И. Н. Нұғыманов, Т. С. Сабыров, Э. М. Сағындыкова, Ш. Т. Таубаева, Е. К. Төлемісов, Г. А. Уманов, Э. И. Шыныбекова, Н. Д. Хмель, т. б еңбектеріне арқау болды.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ. Бөлеев, Р. Қ. Дүйсембінова, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Ж. Қожахметова, Ж. Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев, С. А. Ұзақбаева, қолданбалы салалары Р. М. Айтжанова, С. Қ. Әбілдина, Ш. М. Мұхтарова, Қ. А. Сарбасова, Л. С. Сырымбетова т. б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.

Сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә. С. Бейсенова, Н. А. Бекенова, Ж. Бұламбаев, Ж. Ж. Жатқанбаев, Ғ. Қ. Ділімбетова, З. К. Конурова, А. Кушенов, М. А. Лигай, Г. Мұқышева, Ө. Өмірәлиев К. Ж. Сарманова, Н. С. Сарыбеков, М. Н. Сарыбеков, Г. М. Смирнова, Н. М. Стукаленко, С. Т. Шалғынбаев, Ж. Б. Шілдебаев, В. И. Фурсов, және т. б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.

70-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я. И. Габеев, С. Д. Дерябо, Т. В. Кучер, В. И. Иоганзен, Э. А. Тұрдықұлов т. б. ) .

Адамның қоршаған ортамен байланысы А. Н. Захлебныйдың, И. Д. Зверевтің, И. Т. Суравегинаның және т. б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М. Верзилин, Н. А. Рыков т. б. дәлелдеген.

Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б. Т. Лихачев, Д. А. Урсул, Е. В. Никанорова, Ж. Тастанбекованың және т. б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары С. В. Алексеев, Г. А. Вахромова, Г. А. Иванов, И. П. Сафронов, А. В. Миронов және т. б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары А. К. Егенисова Ф. Н. Жұмабекова, А. Е. Манкеш, Г. М. Сәбденалиева Г. Қ. Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті (Ә. Дайырова, Қ. Құрманбаева, Ө. Танабаев), химия ( Қ. О. Шайхеслямова) физика (Р. С. Басекеева), математика (Қ. Н. Сарыбекова), табиғаттану (Д. І. Жангелдина), ағылшын тілі (Ж. Базарбекова, Ж. Тілешова) пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (И. К. Исламова), оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш. М. Абеуова), мектепалды топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Н. С. Сайлауова) бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру (Ж. Р. Жексембаева) т. б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылай түсті .

Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

  • география мен өлкетану сабақтарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
  • педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасау;
  • география мен өлкетану сабақтарында географиялық білімді қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.

Диплом жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу, шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық моделдеу, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. География сабағының тәрбие берудегі маңызы

1. 1. География сабағындағы білім мен тәрбие негіздері

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануар, құстар, жәндіктерге т. б. береді. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспендігін күнделікті қолданылатын заттарынан анық байқауға болады. Мысалы, түскиіздегі ою-өрнек, хош иісті гүлдерді бейнелеуі, сырмақтағы қошқар мүйіз, кұс тұмсықтары мен қанаттары адамның табиғатқа құштарлығынан туындаған.

Халық емшілері жануарлардың, өсімдіктердің қасиеттерін науқастарды емдеуге қолданған. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар қырып жойылып, шамадан тыс ауланды, тың игеру кезінде жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақ эрозиясы туды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адамзат тағдырына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді табиғат экологиясына душар еткен - ана экологисының нәтижесі.

Әр нәрсенің арнасы білуден басталады. Сондықтан қазақ халқы «Білмеген у ішеді» дейді. Шынында да солай. «Экология» деген сөз «тіршілік ету мекені», «өмір сүрген орта» туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1866 жылы экология терминін атақты неміс биологі Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «экология табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деген анықтама берген. Ата - бабамыз көздің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты- үсті тұнған байлық. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл - ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар т. б ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта жеңілдете түсумен қатар қауіп қатер туғызуда.

Осындай иен байлыққа тәуелсіз республикамыз да ие. Бірақ табиғат тозып бара жатыр. Одан айнала қоршаған орта мен адамдар денсаулығына келер залал ұшан теңіз. Біздің облысымызда да табиғаттың тозып, экологиялық жағдайдың қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Оның бәрі адамдардың жауапсыздығынан. Облысымыздың әр жерінен өрттің жиі шығуы, тал мен шеңгелдің құруға айналуы, жүгірген аңның азаюуы, топырақ құнарлығының кемуі - адамдардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Адамның өзі сол табиғат пен Жер - Ананың перзенті. Табиғат пен Жер ананы сүйе білу, оны аялау - адамның азаматтық борышы.

Қазіргі демократия жағдайында көп нәрсеге қол жетті. Көмкерулі жатқан талай сырлар ашылып, құпиялардың көбесі сөгілді.

Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар, өсімдік, өзен - су, ауа және орман-тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыра білу болып табылады.

Оны іске асыру үшін мектептерде, тіпті бала бақшадан бастап балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру керек [1. 18-б] .

Жалпыға білім беретін мектепте жүргізілетін барлық пәндердің табиғатпен байланыстылығы бар. Әсіресе, география, биология, химия, физика пәндерінің алатын орны ерекше. География пәні оқушыларға үздіксіз толық экологиялық білім мен тәрбие беру құралы. Төменгі сыныптарда алған білімі арқылы дүниетанымы біршама қалыптасқан оқушылар жер шарының құрамдас бөлігін (атмосфера, литосфера, гидросфера) оқып - үйренуге құлшына түседі. Сол үшін 6 сыныпта «Литосфера» тарауында жер қыртысын түзетін жыныстардың құрамында болатын өзгерістердің, топырақ эрозиясының экологиялық себебін ашуға баулыған. Мысалы, Күршім ауданы Маралды бөлімшесіндегі алтын қазу жұмыстары барысында көптеген жайылымдық жер бүлінуде, кені бар жыныстар қопарылып алынған соң бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру баяу жүргізілуде.

Гидросфера тарауын оқытқан кезде туған өлкенің ішкі суларымен таныстырып, оларды қорғау бағытындағы жұмыстары туралы өздері қорытынды жасайды.

Табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы - су. Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.

Су ресурстарына тау-кен өндіруші, металлургия, жылу энергетика өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының техногенді салмағының түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендері (Ертіс, Үлбі) республикамыздың өте қатты ластанған өзендерінің қатарына жатады. Жер беті суларының ең жоғары ластануы полиметалл рудаларын байыту және өндіру аудандарында байқалады.

«Атмосфера» тарауында экологиялық мәселелер өте көп. Әсіресе, ауаның ластану көздері, қышқыл жаңбырлар, озонның жұқаруы туралы мәліметтер беру арқылы пәнаралық, күнделікті өмір мен байланысты жүзеге асыра отырып, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптастыруға болады. Облысымыздағы экологиялық жағдайдың барған сайын нашарлауы 150-ден астам кәсіпорынның болуы. Облыс бойынша жылына ауаға 112 млн. 5 мың тонна зиянды қалдықтың таралуы, автокөліктің зиянды түтіні бүлдіруде. «КазақМырыш», Өскемен жылу энергетика орталығы, Өскемен жылу станциясы мұржаларынан шыққан улы газ қоршаған ортаға өте қауіпті.

Мысалы, 8-сыныпта «Қазақстанның өсімдіктер дүниесі» тақырыбын өткенде оқушыларға халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасыр бойы аялап, қамқорлық жасап келген табиғат байлығының бір тобы - өсімдіктер әлемі екенін түсіндіремін. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қытай дәрігері Шин Нон «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында» деген. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина «Дәрігерде үш қару бар. Олар : сөз, өсімдік, пышақ» деп жазған. Дәрілік өсімдікті халық - өмір шөбі деп атайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған дәрілерге қарағанда адам ағзасының клеткаларының құрамына бір табан жақын. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктің 150 ден астам түрлерінен дәрілер жасалады. Мысалы, Ұлан ауданы Асубұлақ өңірінде дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері өседі. 1997 жылға дейін ауылымызда дәріханада осы шөптерден жинап, кептіріліп дәрілер жасалатын. Қазіргі кезде экономикалық жағдайға байланысты дәрі жасайтын дәріхана жоқ. Бірақ ауылда осы дәрілік шөптерді әлі де қолданып жүрген адамдар бар. Мысалы, Жакупов Мәмпас ата. Ол кісі күзде көптеген дәрілік шөптерді жинап алып, пайдаланады. Жалбызды балалардың іш ауруына, ыстығы көтеріліп ауырған адамдарға емдік қасиетінің пайдасы зор. Адыраспан - пайғамбар шөбі. Оны өсіп тұрған жерінен кез келген адамға алуға болмайды, оны дұға оқып барып алу керек. Себебі : ол қасиетті, киелі шөп болып саналады. Онымен үйдің ішін аластап, жоғары іліп қояды.

Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. т. оттегін бөліп шығарады. Жылына 1 адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған.

Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Өсімдіктер ауаға ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады, айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын көтереді. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды. Қазақ әр қашан жасыл әлемді аялап, құрметтеп, «көкті жұлма, көктей соласың» деп өз ұрпақтарын даналық сөздермен тәрбиелеген.

Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру ең маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Барлық облыс аудандарында қаражаттық қиындықтарға байланысты қоқыс тастайтын жерлер қараусыз қалдырылған. Санитарлы-экологиялық талаптарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигондары Шығыс Қазақстан облысында жоқ десек те болады.

Мысылы, 6 сынып оқушыларына мынадай тапсырма бердім, отбасыларының бір күнгі үйден шығатын қоқыстардың тізімін жазып, көп қабатты үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептеу, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Қазқстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.

Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:

Қағаз - 2-10 жыл

Консерві банкалар - 80 жыл

Полиэтилен - 200 жыл

Пластмасса - 500 жыл

Шыны - 1000 жыл.

Осыдан қандай қорытынды жасауға болады.

Тағы да бір экологиялық мәселені қарастыратын болсақ, 9-сыныпта «Қазақстан халқы» тақырыбын оқығанда, қаламыздағы халықтын өсуін, өмірге келген сәбилердің аурушаң болуын, аналар денсаулығының нашарлауын тікелей экологиямен қатысты екенін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеттім. Соңғы 2 жылда балалар арасында : бүйрек аурулары, қан аздығы, тері аурулары көп байқалуда. Осының бәрі экологияның әсері деп түсінеміз.

Қандай болса да шиеленіскен экологиялық мәселені мамандар шешеді. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімді жолы - сауатты және саналы мамандар екндігін айта отырып, 10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, жаңа маман кадрлар түрлерімен таныстырып, ұсыныс беру арқылы жұмыстар жүргізіледі.

Оқушы нақты материалды меңгере отырып, ойлануға, өздігінен ізденіп жұмыс жасауға, өз ойын жазбаша, ауызша баяндай білуге, меңгерген білімінен қорытынды шығаруға үйренеді.

Оқушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады.

Қорыта келгенде, аймақтық компонент жергілікті жер материалдарын сабақтарда пайдалану оқушы білімінің сапасын арттырады.

География пәні тікелей табиғатпен байланысты болғандықтан кез- келген тақырыбында тәрбие беріп отырамын. Халқымыздың өмірі қоршаған ортамен тығыз байланысты, оны қорғау, таза сақтау өмірдің баяндылығы ғана емес, рухани адамгершілік міндеті деп санау керек [5. 45-б] .

1. 2. Өлкетанудағы экологиялық білімнің маңызы

Қазіргі таңда ХХI-ғасырға аяқ басқан кезімізде адамзат баласының айналасын қоршаған орта мен оның күрделі экологиялық мәселелерін шешу - Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлемдегі саяси-экономикалық маңызы зор проблемаларының бірі.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің басты мақсаты - жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзіөзі іске асыруға, дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Демек, жалпы білім беретін мектептердегі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту ұстаздардың алдына қойылған мақсаттары.

Қазақстан Республикасының географиялық жағынан Еуразияның орталығында орналасқан. Жер көлемі жөнінен әлемде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орын алады. Осындай кең байтақ еліміздің, табиғат байлықтары мол жеріміздің қаймағын бұзбай келер ұрпаққа жеткізу бүкіл қазақ халқының аманаты. Осыған байланысты ел басшысы Н. Ә. Назарбаевтың өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында: «Табиғатқа жанашырлық жасау, бұл адамзаттың келешегіне жақсылық жасау болып табылады. Қазіргі кезде экологиялық жағдайдың нашарлауы адам денсаулығына өз әсерін тигізіп отыр, сондықтан болашақ ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді үздіксіз жүргізу қажет» - делінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту. Мектеп өлкетануының тарихы
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Мектеп география курсын оқытуда өлкетану жұмыстарын дамыта отырып оқыту мүмкіндіктерін айқындау
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері
Туған өлкенің тарихы
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
Өлкетану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz