Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.Бөлім. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық
тәрбие сабақтастығының ғылыми.педагогикалық негіздері ... ... ... .6
1.1. Үздіксіз білім беру процесіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім мен
тәрбие сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ.Бөлім. Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. География сабағында жергілікті жер материалдарын
пайдалану арқылы экологиялық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Экологиялық білім берудегі география сабағының маңызы ... 24
2.3. Мектеп оқушыларының экологиялық
білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... 31
2.4. Орта оқу орындарында студенттердің экологиялық
білімдерін дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Көпсатылы оқу жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі бойынша «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы» (2003ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясы» мен «Білім туралы» Заңында, бірқатар ұсыныстар беріліп, жаңа шешімге бағыттап отыр. 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» мемлекеттік экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі берілген.
Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық сабақтастықтың ғылыми-теориялық негіздері. Монография. ТКО «Зерде» баспасы. –Алматы, 2005.-181 б.
2. Айналаны қоршаған орта. Экология. Әдістемелік нұсқау. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –55 б.
3. Окружающий мир. Экология. Методическое пособие. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –55 с.
4. Айналаны қоршаған орта. Экология. Хрестоматия. –Алматы: Алматыкітап, 2003. –35 б.
5. Мектептегі білім берудің сапасы: қазіргі жағдайы, даму үрдісі және болашағы. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2000. –160-162 б.
6. Экологиялық тәрбие жұмысының сипаты //Білім Образование.- 2001. -№2. -31-33 б.
7. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту //Білім берудегі менеджмент. -2001. -№3. –117-119 б.
8. Қазақстандағы география және экология ғылымдарының дамуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Алматы, 2002. –89-192 б.
9. Әлемдік білім беру кеңістігі жағдайындағы ғылым мен практика интеграциясы. //Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 75-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2003. –237-239 б.
10. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт тағылымы. -2003. -№2. –19-21 б.
11. Үздіксіз экологиялық тәрбие //Қазақстан мектебі.- 2003. -№8, –32-34 б.
12. Экологиялық тәрбие технологиясы //Еуразия. Хабаршысы. Астана, 2005. -№2. –115-117 б.
13. Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізу тұжырымдамасы. –Алматы: ТКО «Зерде» баспасы, 2005. –25 б.
14. Педагогикалық технология негізінде жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім берудің тиімділігі. «Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Тараз, 2007.- 157-161б.
15. Педагогикалық инновация негізінде оқушыларға экологиялық білім берудегі мұғалім шеберлігі. Алматы: Қаз. Мем. Қыз.Пед.Инст. Педагогика.
сериалы, 2007. -81-85 б.
16. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы //Ізденіс. -Алматы, 2007. -№ 4(2). -225-229б.
17. Адам және қоғам мәдениеті. Алматы. 2000 ж. Экология.
18. «Қазақстан мектебі» журналдар. 2000-2003 ж.ж.
19. Өсімдік – табиғат қазынасы.
20. «Дидар» газет басылымдары. 2007-2008 ж.ж.
21. Экология және ана мен бала денсаулығы. 1991 ж.
22. География және табиғат. 2003-2008 ж.ж.
23. Сарыбекоа Н.С. Жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері. Алматы, 1993.
24. Сарыбеков Н.С. Воспитание любви к природе. Алматы, 1995.
25. Ушинский К.Д. Знай свой край. Москва, 1986.
26. Барков А.С. Краеведение. Москва, 1984.
27. Уәлиханов Ш.Ш. Очерктер. Алматы, 1962.
28. И.С.Маренко. «Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу »Алматы 1987 ж
29. К. Сарманов,Н.К.Перкас «Экологиялық білім беру бағдарламасы» Қазақстан мектебі № 8. 1993 ж

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-Бөлім. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық
тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері ... ... ... .6
1.1. Үздіксіз білім беру процесіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ..6
1.2. Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім мен
тәрбие
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10
ІІ-Бөлім. Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық
білім мен тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1. География сабағында жергілікті жер материалдарын
пайдалану арқылы экологиялық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. Экологиялық білім берудегі география сабағының маңызы ... 24
2.3. Мектеп оқушыларының экологиялық
білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... 31
2.4. Орта оқу орындарында студенттердің экологиялық
білімдерін дамытудың
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .63
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған
өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық
мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде.
Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың
экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі,
өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың
бірі болып табылады.
Көпсатылы оқу жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі
бойынша Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы (2003ж.), Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен Білім туралы Заңында, бірқатар ұсыныстар беріліп,
жаңа шешімге бағыттап отыр. 2006 жылы қабылданған Экологиялық кодексте
мемлекеттік экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі
берілген.
Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне
бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның
құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын,
сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон,
Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың
(Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский,
К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова,
Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады
Көптеген ғалымдар (М.Фамин, В.И.Фурсов, В.В.Журавлев, Ә.Н.Нысанбаев,
Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков және т.б.) экологиялық тәрбиенің философиялық
тұжырымдамаларын анықтап, табиғатқа саналы көзқарасты адам дүниетанымының
құрамды бір бөлігі ретінде қарастырған, белгілі психологтар болса
(Т.Тәжібаев, М.Мұқанов. Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б.) жеке
тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне мән берген.
Тақырыптың жаңалығы: Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық
негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков,
Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс
тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары
А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген.
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастың ұлттық салт-дәстүрлер
мен байланысы, халық педагогикасын зерттеген ғалымдардың (Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Р.Төлеубекова, Қ.Аймағамбетова,
Р.Дүйсембінова және т.б.) еңбектерінде көрініс алады.
Көптеген ғалымдар жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен
тәрбие берудің теориялық, әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді
(Н.А.Гладков, Я.И.Габев, С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин,
М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және т.б.), кейбірі экологиялық іс-әрекеттің
мәнін айқындап, мазмұнына жан-жақты сипаттама береді (С.Н.Соломина,
И.Д.Лаптев, В.А.Ясвин және т.б.).
Оқытудағы сабақтастық проблемасына қатысты құнды ой тұжырымдар
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренконың еңбектерінде көрініс алса,
оқытудың әдіснамалық ұстанымы ретіндегі сабақтастық С.М.Годник,
З.А.Мукашев, А.В.Петров, А.В.Самускевич, Э.А.Баллердің еңбектерінде
зерделенеді.
Бірқатар ғалымдар (Б.Г.Ананьев, Ш.И.Ганелин, А.К.Бушля және т.б.)
сабақтастықты ағарту жүйесінің әр түрлі буындары арасындағы байланыс
ретінде қарастырса, енді бірі (И.Т.Суравегина, Н.М.Мамедов, И.Д.Зверев,
В.Л.Горохов, А.Н.Чилингаров, А.Н.Захлебный және т.б.) экологиялық білімнің
үздіксіздігін сабақтастық ұстанымын орындаудың құралы деп түсінеді.
Демек, мектеп пен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие берудегі
қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; жастарға
қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен
экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай
тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік
кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады.
Диплом жұмысының мақсаты: үздіксіз білім беру процесі – негізгі мектеп
– жоғары оқу орны арасындағы экологиялық тәрбие сабақтастығын теориялық-
әдіснамалық тұрғыда негіздеу және әдістемелік жүйесін жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының
әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау;
2. Негізгі мектептегі география сабақтарындағы экологиялық бағыттың
деңгейін саралау;
3. Жоғары оқу орнындағы экологиялық білім мен тәрбие негіздерін
қарастыру.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми
әдебиеттерге, статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру,
алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-Бөлім. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие
сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1. Үздіксіз білім беру процесіне жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа
технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесі қамтылады.
Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол
жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.
Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің
негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда
бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған
ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және
ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда
екінші табиғат деп атайды.
Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-
күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы)
ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың
болмысы – сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін
саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл
көрсеткен болатын. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі,
тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы
жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
Екінші табиғат қатаң түрде шынайы, бірінші төл табиғатқа тәуелді және
соның туындысы десе болады. Әйтседе, екінші табиғаттың өзіндік мәнді
ерекшеліктері де жоқ емес. Екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл
табиғаттан айырмашылығы: біріншіден, оны жасап дүниеге келтіру барысында
адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеді, екіншіден,
екінші табиғат дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі
пайдаланылды, үшіншіден, екінші табиғат бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны
дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан,
мақсат-мүдделерінен туындады. Осылайша, екінші табиғат бірінші табиғаттың
заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі,
еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды
қанағаттандыру мақсатында жасалды. Яғни, екінші табиғат болмысы – табиғи
- рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Сондықтан да, бір
жағынан, қоғам мен екінші табиғаттың үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі
еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, бірінші табиғат пен екінші
табиғаттың ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты
олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың жалпы
адамзаттық мәселесі болып табылады. [4. 45-б]
Дамудың диалектикалық концепциясының басты ерекшелігі мынада: даму
дүниеде бар нәрселердің саны жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе азаюы)
тұрғысында ғана түсіндірілмейді, ол ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда
болу процесі ретінде ұғындырылады. Бұл процесс сан өзгерістерінен сапа
өзгерістеріне және керісінше өту заңына негізделеді. Сан өзгерістерінің
сапа өзгерістеріне өтуінде керісінше процесс те болады: жаңа сапа жаңа сан
өзгерістерін тудырады. Бұл табиғи нәрсе, өйткені жаңа сапа басқа сандық
параметрлермен заңды байланыста болады.
Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері
үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі
заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес,
керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар
материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл – дамудағы
үздіксіздік.
Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз
түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды.
Үздіксіздіктің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы
формаларына тоқталатын болсақ ол: біріншіден, бір сапаның басқа сапаға
айтарлықтай тез және бірден айналу формасы; бұл өзіне тән құрылымы бар
объект біртұтас система ретінде бірден, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған
кезде болады; екіншіден біртіндеп болатын сапалық өту формасы; бұл нәрсе
бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақталу
жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгергенде, осындай өзгерістердің
қорытындысында ғана ол бір күйден басқа күйге өткенде болады. Демек,
сапалық жағынан ауысу қаншалықты біртіндеп жүргенмен де, ол үздіксіз болып
табылады.
Үздіксіздік нәтижесінде пайда болған жаңа сапа жаңа мөлшерлік
өзгерістер туғызады. Сөйтіп, бұл заң даму процесінің механизмін көрсете
отырып, қалай? қайтіп дамиды? деген сұрақтарға жауап береді.
Диалектиканың даму заңдылығынан бастау алған үздіксіздік педагогика
ғылымында тігінен, көлденеңінен динамикалық икемділік пен универсалды болу
қажеттігін білдіреді. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және
тұлғаның білім троекториясын еркін сақтап қалу, білім беру субъектісі
ретінде үздіксіз білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады. [2. 57-б]
Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын,
өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып,
өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі өмір бойы
білім алу қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.
Демек, үздіксіз білім беру термині әлемдік практикада осыдан алпыс
жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін-ақ жариялым алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы
өмірлік білім беру идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын
басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр.
Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда үздіксіз білім беру біріншіден, жеке
тұлғаның даму кезеңдеріне үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары
мен деңгейлері, оның нақты мақсаттарын іске асыру шарттары мен
мүмкіндіктері сәйкес келеді.
Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне
айналдыру үшін бірқатар ұстанымдарды негізге алу керек, атап айтқанда:
үздіксіздік, демократиялық, жалпылық және т.б. ұстанымдар.
Үшіншіден, үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және көп құрамдық
құрылымынан көрінеді: білім берудің көп деңгейлілігі ( отбасы, балабақша,
бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі); мамандарды даярлаудың көп
сатылығы; оқу орындарының көп қызметтігі (оқытуды ұйымдастырудың түрлі
формалары); білім бағдарламалары мен құрылымының вариативтігі.
Осы қағидалардың негізінде үздіксіз білім беру жүйесінің барлық
сатыларын қамтитын кешен қолданылады. Бұл кешенде сабақтастықтың екі
принципі сақталады: төменнен жоғарыға дейін; жоғарыдан төменге дейін. Ал,
бұл білім беру сатыларының сабақтастығы жүйесін қамтамасыз етеді: отбасы
→ балабақша →бастауыш мектеп →арнайы орта білім → жоғары білім → жоғарыдан
кейінгі білім (Білім жетілдіру). Жоғарыдан төмен жүйесі оқу орындарының
басқару қызметін білдіреді. Демек, мұндай құрылым білім беру кеңістігінің
біртұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын дұрыс интеграциялаған жағдайда білім алушылар білім берудің
төмен деңгейінен жоғары деңгейіне жеңіл өте алады.
Жұмыстың тақырыбына сәйкес үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің
бірінші сатысы - отбасы, яғни баланың алғашқы әлеуметтік ортасы - мұнда
баланың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алуға деген алғашқы іс-әрекет дағдылары
қалыптасады. Бұл баланы балабақшаға дайындаудың алғашқы қадамы болып
есептеледі.
Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің екінші сатысы - мектепке
дейінгі тәрбие. Мектеп пен басқа оқу мекемелері қызметінің нәтижесі
негізінен мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Бұл ерекшеліктер балабақша
мен бастауыш мектептердегі тәрбие сабақтастығының тиімділігін дәлелдейді.
Үшінші саты – бастауыш мектеп, балабақшада берілетін тәрбие мазмұнының
жалғасы және жоғары сатыларда берілетін білімнің негізі, алғашқы бастауы.
Үздіксіз білім берудің негізгі сипаты білім беру жүйесінің
біртұтастығымен айқындалып, білім беру сатыларының арасындағы тығыз
байланыстың болуы сабақтастықты білдіреді. Ал, бұл болса үздіксіз білім
беру процесіндегі экологиялық тәрбие беру сабақтастығын білім беру
процесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында еліміздегі толассыз белең алған
экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша мүмкіндіктері айқындалып,
экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше мән беріледі. 2006
жылы қабылданған Экологиялық кодексте экологиялық саясатты дәйектілікпен
жүзеге асырудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде шешілуі қажеттігі
басты назарда болды. [1. 68-б]
1.2. Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім мен тәрбие сабақтастығы
1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан
табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты
қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне Біріккен
Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада
экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік
негізін қалыптастыру бағытында табиғат қорғауға оқыту термині кең
қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді табиғат қорғауға тәрбиелеу
термині ауыстырып, соңғы жылдары уақыт талабына сай экологиялық тәрбие,
экологиялық білім терминдері пайдаланылуда.
Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде
айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басы болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие
берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің
барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа
жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден
бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен
жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы 20 жылының
Экологиялық білім беру жылы деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім
берудің барлық өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып
отырғандығын тағы да дәлелдеп берді.
Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ
ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп,
биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға
бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:
- мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу
орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
- басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;
- қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің,
конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының
мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары
Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық
бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан
қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға
жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты
қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-
білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр
алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның
ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-
пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын
адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете
келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, –
деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан
олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным,
экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім;
экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте
қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау – әлеуметтік табиғи түзілім
десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеуіміздің
мазмұнына сай, біз төмендегідей мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен
адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді,
экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау
заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі
талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың
формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты
қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше
ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу
барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын
білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді.
Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың
білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны
қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің
маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат,
табиғат–қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз
арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен,
меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника
саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың
төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы -
табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада -
экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын
меңгерту.
Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі
рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына
сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға
бастайды.
Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген
ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның
заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы
мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан
тұрады.
Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті
дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және
оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.
[3. 98-б]
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап
құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи
-философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған
жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама...
табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік
сақталып қалады,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит
... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден
тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды- дейді, ал
неміс философы Л.Фейербах болса адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі,
сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды,- деп ой түйіндейді.
Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға
болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам
тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну
қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше,
табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның
зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек
білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі
болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-
қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай
орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін
сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі
экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа
педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап,
бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие
сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
Сабақтастық, үздіксіздік ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай
өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың
жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз
етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні бірқатар
ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко,
З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың
терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі екендігіне мән
беріледі. Солардың ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша сабақтастық –
жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде
ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен
кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға
көшуі болып саналады.
Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол
байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық
кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық
кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын
ұстанатын аддеструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару); аккумуляция
(ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); конструкция (құру, жаңаны жасау,
қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету
сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи
процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие
сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау
талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму
процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған
категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс
түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың
сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс. [4. 72-б]
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты,
өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның
арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады.
Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен
ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те
өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды.
Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.
Одақтық энциклопедияда сабақтастық – даму процесінде құбылыстар
арасындағы жаңаның ескіні ығыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде
сақтап қалатын байланыс деп берілсе, педагогикалық энциклопедияда
Оқытудағы сабақтастық – оқу пәнін оқып-үйренудің түрлі сатыларында оның
бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан
тұрады деп көрсетілген. Олай болса, сабақтастық ұғымы оқытудың әрбір
сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, жаңа оқу материалын
түсіндіру формаларына, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге
бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.
ІІ-Бөлім. Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім
мен тәрбие беру
2.1. География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы
экологиялық тәрбие беру
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануар, құстар, жәндіктерге т.б. береді.
Қазақ халқының табиғатқа сүйіспендігін күнделікті қолданылатын заттарынан
анық байқауға болады. Мысалы, түскиіздегі ою-өрнек, хош иісті гүлдерді
бейнелеуі, сырмақтағы қошқар мүйіз, кұс тұмсықтары мен қанаттары адамның
табиғатқа құштарлығынан туындаған.
Халық емшілері жануарлардың, өсімдіктердің қасиеттерін науқастарды
емдеуге қолданған. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең
білмей, оған қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде
табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар
қырып жойылып, шамадан тыс ауланды, тың игеру кезінде жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақ эрозиясы туды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адамзат
тағдырына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп
отыр. Бізді табиғат экологиясына душар еткен – ана экологисының нәтижесі.
Әр нәрсенің арнасы білуден басталады. Сондықтан қазақ халқы Білмеген у
ішеді дейді. Шынында да солай. Экология деген сөз тіршілік ету мекені,
өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1866 жылы
экология терминін атақты неміс биологі Эрнест Геккель ғылымға енгізген және
экология табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін
ғылым деген анықтама берген. Ата – бабамыз көздің қарашығындай қорғап,
бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты- үсті тұнған байлық. Бүгінде
тәуелсіз Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр.
Адам ақыл – ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар т.б
ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта жеңілдете түсумен қатар
қауіп қатер туғызуда. [6. 48-б]
Осындай иен байлыққа тәуелсіз республикамыз да ие. Бірақ табиғат тозып
бара жатыр. Одан айнала қоршаған орта мен адамдар денсаулығына келер залал
ұшан теңіз. Біздің облысымызда да табиғаттың тозып, экологиялық жағдайдың
қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Оның бәрі адамдардың жауапсыздығынан.
Облысымыздың әр жерінен өрттің жиі шығуы, тал мен шеңгелдің құруға айналуы,
жүгірген аңның азаюуы, топырақ құнарлығының кемуі – адамдардың қоршаған
ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Адамның өзі сол табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Табиғат пен Жер
ананы сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Қазіргі демократия жағдайында көп нәрсеге қол жетті. Көмкерулі жатқан
талай сырлар ашылып, құпиялардың көбесі сөгілді.
Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі -
өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар, өсімдік, өзен – су, ауа және
орман-тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-
қалпында қалдыра білу болып табылады.
Оны іске асыру үшін мектептерде, тіпті бала бақшадан бастап балаларға
экологиялық білім мен тәрбие беру.
Жалпыға білім беретін мектепте жүргізілетін барлық пәндердің табиғатпен
байланыстылығы бар. Әсіресе, география, биология, химия, физика пәндерінің
алатын орны ерекше. География пәні оқушыларға үздіксіз толық экологиялық
білім мен тәрбие беру құралы. Төменгі сыныптарда алған білімі арқылы
дүниетанымы біршама қалыптасқан оқушылар жер шарының құрамдас бөлігін
(атмосфера, литосфера, гидросфера) оқып – үйренуге құлшына түседі. Сол үшін
6 сыныпта Литосфера тарауында жер қыртысын түзетін жыныстардың құрамында
болатын өзгерістердің, топырақ эрозиясының экологиялық себебін ашуға
баулыған. Мысалы, Күршім ауданы Маралды бөлімшесіндегі алтын қазу жұмыстары
барысында көптеген жайылымдық жер бүлінуде, кені бар жыныстар қопарылып
алынған соң бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру баяу жүргізілуде.
Гидросфера тарауын оқытқан кезде туған өлкенің ішкі суларымен
таныстырып, оларды қорғау бағытындағы жұмыстары туралы өздері қорытынды
жасайды.
Табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы – су. Сусыз жер бетінде өсімдік
өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Су табиғаттағы барлық тіршілік
атаулының құрамына кіреді.
Су ресурстарына тау-кен өндіруші, металлургия, жылу энергетика
өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының техногенді салмағының түсуіне
байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендері (Ертіс, Үлбі)
республикамыздың өте қатты ластанған өзендерінің қатарына жатады. Жер беті
суларының ең жоғары ластануы полиметалл рудаларын байыту және өндіру
аудандарында байқалады. [10. 53-б]
Атмосфера тарауында экологиялық мәселелер өте көп. Әсіресе, ауаның
ластану көздері, қышқыл жаңбырлар, озонның жұқаруы туралы мәліметтер беру
арқылы пәнаралық, күнделікті өмір мен байланысты жүзеге асыра отырып,
олардың экологиялық көзқарастарын қалыптастыруға болады. Облысымыздағы
экологиялық жағдайдың барған сайын нашарлауы 150-ден астам кәсіпорынның
болуы. Облыс бойынша жылына ауаға 112 млн. 5 мың тонна зиянды қалдықтың
таралуы, автокөліктің зиянды түтіні бүлдіруде. КазақМырыш, Өскемен жылу
энергетика орталығы, Өскемен жылу станциясы мұржаларынан шыққан улы газ
қоршаған ортаға өте қауіпті.
Мысалы, 8-сыныпта Қазақстанның өсімдіктер дүниесі тақырыбын өткенде
оқушыларға халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасыр бойы аялап, қамқорлық
жасап келген табиғат байлығының бір тобы - өсімдіктер әлемі екенін
түсіндіремін. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес.
Қытай дәрігері Шин Нон Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында
деген.Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина Дәрігерде үш қару бар. Олар :
сөз, өсімдік, пышақ деп жазған. Дәрілік өсімдікті халық - өмір шөбі деп
атайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған
дәрілерге қарағанда адам ағзасының клеткаларының құрамына бір табан жақын.
Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктің 150 ден астам түрлерінен дәрілер жасалады.
Мысалы, Ұлан ауданы Асубұлақ өңірінде дәрілік өсімдіктердің көптеген
түрлері өседі. 1997 жылға дейін ауылымызда дәріханада осы шөптерден жинап,
кептіріліп дәрілер жасалатын. Қазіргі кезде экономикалық жағдайға
байланысты дәрі жасайтын дәріхана жоқ. Бірақ ауылда осы дәрілік шөптерді
әлі де қолданып жүрген адамдар бар. Мысалы, Жакупов Мәмпас ата. Ол кісі
күзде көптеген дәрілік шөптерді жинап алып, пайдаланады. Жалбызды
балалардың іш ауруына, ыстығы көтеріліп ауырған адамдарға емдік қасиетінің
пайдасы зор. Адыраспан – пайғамбар шөбі. Оны өсіп тұрған жерінен кез келген
адамға алуға болмайды, оны дұға оқып барып алу керек. Себебі : ол қасиетті,
киелі шөп болып саналады. Онымен үйдің ішін аластап, жоғары іліп қояды.
Өсімдік – тіршілік тірегі.Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына
400 млн. т. оттегін бөліп шығарады. Жылына 1 адам тыныс алу үшін 173 мың
литр оттегін қабылдайтыны анықталған.
Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Өсімдіктер ауаға
ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады, айналадағы
шуды да бәсеңдетеді. Ал шу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын
көтереді. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара
алмайды. Қазақ әр қашан жасыл әлемді аялап, құрметтеп, көкті жұлма, көктей
соласың деп өз ұрпақтарын даналық сөздермен тәрбиелеген. [7. 120-б]
Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру ең маңызды
проблемалардың бірі болып отыр. Барлық облыс аудандарында қаражаттық
қиындықтарға байланысты қоқыс тастайтын жерлер қараусыз қалдырылған.
Санитарлы-экологиялық талаптарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды
орналастыру полигондары Шығыс Қазақстан облысында жоқ десек те болады.
Мысылы, 6 сынып оқушыларына мынадай тапсырма бердім, отбасыларының бір
күнгі үйден шығатын қоқыстардың тізімін жазып, көп қабатты үйлерден
күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептеу, олардың қанша уақытта толық
айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Қазқстанның
экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.
Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз - 2-10 жыл
Консерві банкалар – 80 жыл
Полиэтилен - 200 жыл
Пластмасса – 500 жыл
Шыны – 1000 жыл.
Осыдан қандай қорытынды жасауға болады.
Тағы да бір экологиялық мәселені қарастыратын болсақ, 9-сыныпта
Қазақстан халқы тақырыбын оқығанда, қаламыздағы халықтын өсуін, өмірге
келген сәбилердің аурушаң болуын, аналар денсаулығының нашарлауын тікелей
экологиямен қатысты екенін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеттім. Соңғы 2
жылда балалар арасында : бүйрек аурулары, қан аздығы, тері аурулары көп
байқалуда. Осының бәрі экологияның әсері деп түсінеміз.
Қандай болса да шиеленіскен экологиялық мәселені мамандар шешеді.
Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімді жолы – сауатты және саналы
мамандар екндігін айта отырып, 10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беріп,
жаңа маман кадрлар түрлерімен таныстырып, ұсыныс беру арқылы жұмыстар
жүргізіледі.
Оқушы нақты материалды меңгере отырып, ойлануға, өздігінен ізденіп
жұмыс жасауға, өз ойын жазбаша, ауызша баяндай білуге, меңгерген білімінен
қорытынды шығаруға үйренеді.
Оқушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады.
Қорыта келгенде, аймақтық компонент жергілікті жер материалдарын
сабақтарда пайдалану оқушы білімінің сапасын арттырады.
География пәні тікелей табиғатпен байланысты болғандықтан кез- келген
тақырыбында тәрбие беріп отырамын. Халқымыздың өмірі қоршаған ортамен тығыз
байланысты, оны қорғау, таза сақтау өмірдің баяндылығы ғана емес, рухани
адамгершілік міндеті деп санау керек.
Туған өлкеңді сүйе де біл, қорғай да біл! – дегендей оқушы бойына
экология ұғымы толығымен қалыптасуда.
Туған жер бәрінен қымбат, топырағында өсіп, cуын ішіп, ауасымен
тыныстап, табиғатпен біте қайнасып адам болып қалыптасады.
Бүгінгі күннің негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қоршаған
ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілектерін
қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау, табиғатын
қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа экологиялық, өлкетанулық тәрбие беру.
Елбасының жолдауымен 1999 жылы Экологиялық білім бағдарламасы деген
құжаттар қабылданған. Сонымен қатар Елбасының жолдауымен қабылданған Жасыл
ел бағдарламасы да іске асырылуда.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгіліктік,
ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық,
өлкетанулық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары республика
көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш сыныптардағы экологиялық
тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарлама бағытында. [9. 163-б]
Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Туған өлкенің
табиғатымен таныстыру-балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі.
Оқушыларға экологиялық тәрбие ұғымдарын беру теориялық-практикалық әдістері
төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өрлеуден тұратын үрдіс. Мысалы:
экология тәрбиесімен әр түрлі пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат
зерттеушілері, тағы басқа мамандық иелері айналысады. Оның ішінде, әсіресе,
мектеп оқушыларын көбірек қамтитын география пәнінің орны ерекше. Әр бір
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сан салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-
ғұрпы күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі, айнала қоршаған
ортамен байланысты болады.
Адам табиғат перзенті. Адам табиғаттан жеке дара тыс өмір сүре алмайды.
Судың да сұрауы бар, Су-ырыстың көзі, Сулы жер-нулы жер, бұлақты жер —
тұрақты жер.
Ал өлкетану-жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің
шағын бөлігін оқып үйрену. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын
меңгеруді алғаш рет мектеп тобалдырығын аттаудан бастайды.
Бастауыш сыныптарда өлкетану өз туған жерін тани білумен басталады.
Қоршаған орта, табиғатты көз көріп, араласып, табиғат өзгерістері туралы
ұғым қалыптастырады. Ал 3-4 сыныптарда өлкетану жұмыстары барған сайын
күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың енді өз өлкесі жөніндегі
экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта туған
өлкесінің табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сәйкес адамдардың
еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін бақылай алады. [8. 85-б]
Бастауыш сыныптардағы экология, өлкетану жұмысы дүниетану пәніне
байланысты табысты шешіледі.
Төменгі сынып оқушыларында мұндай дағдыларды қалыптастыруда табиғат
көріністерін бейнелейтін суреттерді пайдаланудың, олар бойынша жұмыс
жүргізудің маңызы зор. Туған өлкені суреттей отырып, туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру, табиғатын аялай білуге баулиды. Бастауыш
сыныптарда табиғат қорғау, табиғатты тани білу, ең алғаш өзінің көріп
жүрген туған жерінен басталады.
Мектепте оқылатын жаратылыстану пәндерінің ішінде экологиялық
мәдениетті қалыптастырудағы маңызы ерекше пәннің бірі-география.
Географияны оқытудың басты міндеттері-табиғат пен қоғамның өзара
әрекеттесуінің тарихи сипатын ашу, оқушыларға қоршаған ортаны өзгертудегі
антропогендік факторларды түсіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
және қоршаған ортаны ұқыпты қорғауға үйрету.
Осыған орай, кең байтақ қазақ жеріне тән өзіндік ерекшелік — оның үлкен
континентішілік орналасуы. Көптеген жерлерде халық аз қоныстануына
байланысты бұл жерлер әскери базалар мен атом жарылысын сынайтын
палигондарға беріліп, жер қойнауының байлығын — жалпы өндіріс орындарына,
құнарлы жерлерді-ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруге, егіншілікті
көтеруге, мал жайылымдарын — мал шаруашылығын дамытуға беріліп, біздің
табиғатымызға көптеген жылдар бойы өте зор зиян тигізілді.
География пәні бойынша әр тақырып экологиялық проблемалармен таныстыру
және өлкетанулық білім беруде зор маңызы бар.
Қорыта келгенде, экологияны оқыту әдістемесі, үздіксіз зерттеулер,
тәжірибелер мен жан-жақты ізденістер қажет ететін күрделі проблемалар.
Экологиялық, өлкетанулық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру
үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру керек өйткені экология, өлкетану
курсын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін
ұйымдастыру керек. Бұл ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. [11. 114-б]
2.2. Экологиялық білім берудегі география сабағының маңызы
Қазіргі таңда ХХI-ғасырға аяқ басқан кезімізде адамзат баласының
айналасын қоршаған орта мен оның күрделі экологиялық мәселелерін шешу –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлемдегі саяси-экономикалық маңызы
зор проблемаларының бірі.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған білім беруді
дамыту тұжырымдамасында Орта білім берудің басты мақсаты – жылдам өзгеріп
отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзіөзі іске асыруға, дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру делінген. Демек, жалпы білім беретін
мектептердегі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының
сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, әрбір шәкіртті жеке тұлға
ретінде жан-жақты дамыту ұстаздардың алдына қойылған мақсаттары.
Қазақстан Республикасының географиялық жағынан Еуразияның орталығында
орналасқан. Жер көлемі жөнінен әлемде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия,
Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орын алады. Осындай
кең байтақ еліміздің, табиғат байлықтары мол жеріміздің қаймағын бұзбай
келер ұрпаққа жеткізу бүкіл қазақ халқының аманаты. Осыған байланысты ел
басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің Қазақстан-2030 стратегиялық жолдауында:
Табиғатқа жанашырлық жасау, бұл адамзаттың келешегіне жақсылық жасау болып
табылады. Қазіргі кезде экологиялық жағдайдың нашарлауы адам денсаулығына
өз әсерін тигізіп отыр, сондықтан болашақ ұрпаққа экологиялық білім мен
тәрбие беруді үздіксіз жүргізу қажет - делінген.
Соңғы жылдары републикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған экологиялық
дағдарыстарға ұшырап отыр. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті
көріністері: сарқылатын табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалануы, ауаның
ластануы, судың тартылуы, топырақтың тозуы, ормандардың азаюы, биосфераның
зиянды қалдықтармен ластануы қоршаған табиғи ортаға үлкен зиянын тигізіп
отыр. Адамнан басқа ешбір тірі жан иесі өз ұясын осыншама жылдам ластай
алмас еді!
Ендеше бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері –
оқушылардың санасына Отанға, атамекенге, туған өлке табиғатына деген
сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын
сақтауды, оны аялап, қорғауды барынша насихаттап, үздіксіз жұмыс
жүргізулері қажет. Осыған байланысты жастарға жаппай үздіксіз экологиялық
білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып отыр.
Туған өлке табиғатын қорғау және тиімді пайдалану, оны ластану мен
бүлінуден қорғау үшін адамзамтты жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатпен
қарым-қатынас жасаудың азаматтық негіздерін қалыптастыру Отанға деген
сүйіспеншілікке байланысты. Патриоттық сезімді тәрбиелеу өз Отаныңды терең
танудан басталады. Бұл жайлы М.И.Калинин: Отанына патриоттық сезімін
тәрбиелеу дерексіз ұғымдарға емес, нақты заттарға негізделуі керек. Осыған
орай біздің жеріміз, орман, тауларымыз, өзендер мен көлдеріміз, өндіріс
орталықтары, біздің мектептеріміз – осылардың барлығы тәрбиелеудің құнды
материалы болып табылады - деп тұжырымдайды. Елінің нағыз азаматы болу
үшін ең алдымен өз өлкесін, оның табиғатын, байлығын, тарихы мен
мәдениетін, өнерін біліп, зерттеу қажет. Тек халықтың еңбек әрекетін, ауыл
немесе қаланың экономикалық өмірін ғана емес, сонымен қоса өлкенің орманды,
далалы, таулы, шөлді жерлерінде не болып жатқанын білу керек. Ал туған
өлкенің табиғатында оқушылардың психологиялық, логикалық ойлау қабілетінің
дамуына нақты ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізетін
сарқылмайтын материалдары көп. [12. 92-б]
Өлкетану географиясы – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың туған
өлкесінің (мектеп маңын, ауыл, аудан, қала, облыс, өлке, Қазақстан) табиғи,
тарихи, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы
арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланыста
қарастыруға болады.
Өлкетану географиясының зерттеу объектісіне: ауа, су, топырақ,
өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі және сол өлкенің тарихы, мәдениеті,
шаруашылығы жатады.
Туған өлке табиғатын зерттеудің ғылыми-педагогикалық негізін салған
орыстың классик педагогы К.Д.Ушинский болды. Ол туған өлкені зерттеудің
білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетіп, оқытудағы Отантану ұстанымын
ғылыми тұрғыда дәлелдеді. К.Д.Ушинский баланың бойында табиғатты қорғау
сезімдерін оятып, оның адамгершілік, эстетикалық дамуындағы табиғаттың
маңызын аша түскен. Ол: Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа
апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін
пайдалану ғана қалады - деді. [13. 93-б].
Қазақстанда өлкетану географиясының алғашқы негізін салған – Шоқан
Уәлиханов болды. Ол адамды табиғаттың туындысы деп ұғынып, орман мен
тоғайды, өзен мен көлді, далалы мен таулы жерлердің тіршілік үшін
қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Ш.Уәлиханов қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін, әдет-ғұрыптарын жете зерттеп, олардың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін былай деп суреттейді: Көшпелі қазақ халқы табиғаттағы
кейбір аңдар мен құстарды киелі деп қастерлейді. Оларды обал, сауап деп,
ұстамайды, атып өлтірмейді. Осындай құрмет тұту, ата-дәстүрін сақтау адам
баласына бақыт пен байлық, құт пен береке әкеледі - деп қазақ халқының
өмірін табиғатпен жақын байланыстығын көрсетеді. [15. 305-б].
Өлкетану географиясы – географияның қызықты салаларының бірі. Өлкетану
жұмыстарымен айналысқан мұғалімнің өзіне де өте пайдалы. Олар өз білімдері
мен педагогикалық шеберліктерін тереңдетуге, оны әрі қарай дамытуға, сабақ
әдістемесін түрлендіруге мүмкіндік алып, экологиялық білім мен тәрбие
беруде нақтылық пен сенімділікті енгізеді. Өлкетану – бұл мұғалімдердің
білімдерін жетілдірудің ең тиімді жолы. Өлкетану географиясының құрылымы
мемлекеттік, мектептік және қоғамдық болып бөлінеді.
Белгілі ғалым-географ А.С.Барков өлкетануды кішкене елтану ретінде
қарастырады. Ол: Өлкетану – бұл мазмұны мен зерттеудің жек әдістері
жағынан әртүрлі, бірақ өзінің тұтастығы жағынан өлкені ғылыми және жан-
жақты тануға жетелейтін ғылыми пәндер жиынтығы - деп тұжырымдайды. [14.
224-б].
Демек, өлкетану негіздері дегеніміз - өз өлкеңді (ауыл, аудан, қала,
облыс, республика) жан-жақты тану, оның қоғамдық өмірін, географиялық,
экологиялық, экономикалық, демографиялық және табиғи, мәдени ресурстарын
есепке алып зерттеу.
Өлкетану мен экологиялық білім берудің жолдарын жан-жақты зерттеген
ғалым, академик, табиғаттың жанашыры Нұрғали Сарыбекұлы Сарыбеков (1934-
1998ж.) бүкіл ғұмырын табиғатты қорғау ісіне арнап, артында өшпес еңбектер
қалдырды. Ол өзінің ғылыми ізденістері жолында табиғатты қорғаудың негізгі
заңдарын мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу формуласын жасап шығарды.
Табиғатты қорғаудың негізгі заңдары:
1)Табиғаттың тазалығын сақтау заңы;
2)Табиғаттың мол қазыналығын сақтау заңы;
3)Табиғаттың көркемдігін немесе сұлулығын сақтау заңы.
Академик Нұрғали Сарыбековтың пікірінше, аталған осы заңдарды адам
баласы орындамайтын болса, онда табиғат олардың қажетін толық өтей алмайды.
Бұл үш қасиеттен айырылған табиғат адам баласына өмірдің орнына - өлім,
денсаулықтың орнына – жазылмас ауру, байлықтың орнына – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz