Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Рекреациялық ресурстар туралы түсінік . . . 5
2 Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық - географиялық сипаттама
2. 1 Жер бедері . . . 19
2. 2 Геологиялық құрылысы . . . 20
2. 3 Климаты мен гидрографиясы . . . 20
2. 4 Топырақ жамылғысы . . . 22
2. 5 Өсімдігі мен жануарлар дүниесі . . . 24
3 Оңтүстік қазақстан облысының рекреациялық ресурстары және олардың дамуы
3. 1 Табиғи рекреациялық ресурстар . . . 31
3. 2 Тарихи рекреациялық ресурстар . . . 38
4 Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
4. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының геологиялық түзілісі және оның рекреациялық ресурстардың қалыптасуына ықпалы . . . 41
4. 2 ОҚО-ң климат жағдайының туризм объектілеріне және туристік маусымдарға әсері . . . 43
4. 3 ОҚО-ң жер бедері туризм объектілері ретінде . . . 46
4. 4 ОҚО-ң табиғи кешендері туризм объектілері ретінде . . . 48
4. 5 ОҚО-ң рекреациялық ресурстары мен емдік-сауықтыру орындарын туризм объектілері ретінде пайдалану мәселелері . . . 52
Қорытынды . . . 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымшалар . . . 60
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі Бұл жұмыс кіріспеден және төрт бөлім мен қорытындыдан тұрады. Ал бұл тақырыптың өзектілігі демалыс аймақтарын Республикадағы демалыс аймақтары деңгейінде қарастыру. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш курорты еліміздегі басқа курорттар сияқты өте жоғары деңгейлі курорттардың бірі. Ал облысымызда көптеген жерлерде минералды, табиғи ыстық сулар табылған, ал оларға санаторийлер салу мемлекет тарапынан әлі жақсы қарастырылмауда. Жекеменшікке өтіп кету салдарынан көптеген демалыс объектілері жойылып кетуде. Емдік-сауықтыру аудандарына мемлекет тарапынан кешенді көмек көрсетлуі тиіс.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы рекреациялық аудандарның емдік сауықтыру жұмыстарындағы потенциялын арттыру және туризмді дамыту үшін атқтаруға тиіс нақты жобалар мен ұсыныстар енгізілген.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Оңтүстік Қазақстан облысының емдік-сауықтыру орындарының қызмет көрсету, инфрақұрылым салаларын дамыта отырып, халық игілігіне жарату. Облыстың рекреациялық аудандарына туристік бағыттар ұйымдастыру және туристік жобалар жасау.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық аймақтарына жататын объектілер Батыс Тянь-Шань сілемдерінің арасына орналасқан. Туристік рекреациялық объектілерге «Ақ мешіт», «Біркөлік», «Ақсу», «Манкент», «Сарыағаш» сияқты шипажайлар мен демалыс үйлері мен Машат шатқалында орналасқан туристік базаларды, Сайрам шыңының етегінде орналасқан Әлтеке туристік базаларын атап көрсетуге болады. Бұдан басқа облысымызда көптеген демалыс орындары туризмнің дамуына өз үлесін қосуда. Мұндай туристік рекреациялық объектілер жалпы облыс көлемінде емес көбінесе Республика көлемінде қарастырылуда. Бұл жұмыстың мақсаты мұндай объектілердің қазіргі кездегі пайдалану мәселелері, бұған мемлекет қандай дәрежеде қарауда?
Зерттеу жұмысының міндеті: Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру орындарын дамыту мәселелеріне теориялық негіздеме жасау; Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру орындарының әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру; Оңтүстік Қазақстан облысында дамытудың әлеуметтік-экономиканың алғы шарттарын қарастыру.
Зерттеу обьектілері: Оңтүстік Қазақстандағы емдік сауықтыру орындарының қазіргі жағдайы мен перспективасы.
Теориялық және әдіснамалық негізі: Жұмыстың басты методологиялық негіздері болып статистикалық, жүйелілік, салыстырмалы және әдеби материалдарға талдау жасау әдістері саналады.
Зерттеу жұмысының жазылуының практикалық базасы: Қолданылған әдебиеттер мен дерек көздері негізінен алғанда отандық басылым беттерінен алынды. Негізгі әдебиет ретінде Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарық көріп жүрген мақалалары кеңінен қолданылды. Бұқаралық ақпарат құралдарынан Егемен Қазақстан және көптеген басқа мерзімді басылымдар да пайдаланылды. Сонымен бірге, www. aykin. kz, www. almaty tv. kz, www. kiyan. ru, www. khabar. kz секілді басқа да интернет сайттары қолданылды.
1 РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық процестерінің құрамына жатады.
ҚСРО кезінде рекреация мәселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары жарияланып басталды. Қазіргі таңда рекреация адамдардың өмір сүруінде аса маңызды орын алады.
Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio - қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004) . Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)
Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.
Территориялық рекреациялық жүйелері туралы түсінік . Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:
- қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі) ;
- әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі) ;
- субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді) .
Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар
рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.
В. Б. Николаенко [15] бойынша, рекреациялық география жүйелердің оптимальдық функциолануы бойынша түрлі ұсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір көрсеткіштерімен жүйелерді проектілейді; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; жүйелердің жасау және функциолау саладарына болжам береді; территориялы-дифференциацияланған нормаларды және территориялық рекреациялық жүйелерді проектілеудің және оны зерттеу әдістер жүйесін жасап шығарады; территориялық рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады. Демек, рекреациялық география қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның зерттеу объекті мен предметінің мақсатты функциясы әлеуметтік деп анықталады. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесеніде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медикалы-биологиялық ғылымдарының әдістерін қолданыдаы, мысалы, баланстық, социологиялық т. б. Рекреациялық географияның басты мәселесі территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының объективті заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайыда олардың әрекеттеу механизмдерін.
Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет жүргізу үшін жүй тармақтары арасындағы оптимальдық өзара байланыстар және өзара тәуелділіктерді орнату, территориялық рекреациялық жүйелердің шоғырлану деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық географияның маңызды мәселесі өз өлкенің, Қазақстанның, шет елдердің рекреациялық жүйелер туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу.
Н. Ф. Реймерс [17] бойынша, адамның ден саулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу үйлерінде т. б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға себеп береді. Осы көз қарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. Белсенді түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарды. Ал пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу.
Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұймдастырылмаған және ұйымдастырылған демалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу рекреациялық ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни демалу процесі уақыт, кеңістік т. б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы маршруттар бойынша, жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді белгілі бір тәртіпке бейіделген болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір жүйеге немесе тәртіпке жатпайды, яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда өткізілетін демалу.
Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т. б.
Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т. б. және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстары.
Ғылыми географиялық әдебиетте «рекерациялық объект», «рекреациялық территория» және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ) » деген терминдер қолданады. Қазіргі таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын - рекреациялық объект болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т. с. с. Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі - рекреациялық территория болып табылады, ұлттық парктер, ормандар, көлдер т. б.
Үшінші термин жүйелі көз қарастан қарастырылады, сондықтан, территориялық рекреациялық жүйе деп өзара байланысқан жүйе тармақтарынан тұратын (табиғи және мәдени кешендерден, техникалық құрылыстардан, қызмет көрстеу персоналдан, басқару органдардан және демалушылардан) геожүйе болып табылады.
Территориялық рекреациялық жүйе концепциясы 1969 жылы В. С. Пребораженский негіздеді [15] . Оның ойыларын дамыта отырып бірнеше авторлар рекрациялық жүйенің адаптациялық моделін жасап шыққан. Берілген модельдің құрылымында демалушының рекреациялық ортаны қабылдаудың үш негізгі стадиясын ажыратады: әрекет алды (ортаның «көрінісі»), әрекеттегі («ситуация») және әркеттен кейін («із») .
Қабылдаудың бірінші фазасы (әрекет алды), рекреациялық шұғылдану циклдерге қатысты рекреациялық қажеттілігінің сипаты мен құрылымын сәулелендіреді. Екіншісі (әрекеттегі) - демалу ортамен адамдардың өзара әрекеттесудің ерекше формалары түрінде рекреациялық шұғылдануды орындау процесі. Үшінші (әрекеттен кейін) - рекреацияның эффективтілігі, яғни естелік, басқа адамдарға мәлімет жеткізу, және сонымен қатар экономикаға, мәдениетке және экологияға жанама ықпалы.
Кеңес кезеңінде, рекреациялық ресурстарды, территориялық рекреациялық жүйелердің функциолануын, құрылымын және құрамын, рекреациялық территориялардың қасиеттерін зерттейтін ғылыми бағыт ҚСРО-да ХХ ғасырдың 60-ші жылдары «рекреациялық география» деп аталды. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде рекреациялық географияны «туризм және демалу географиясы», «бос уақытының географиясы», «демалу географиясы» деп аталады.
Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста бағалы болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-гірім урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), жеке объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т. с. с., сонымен қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе табиғи-мәдени ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер - ескі паркттер, тоғандар т. с. с. табиғи ескертіштер деп жарияланады.
Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада ұқсас объектілер жатады. Ескерткіштерді бағалылығына және біргейлігіне қарай дүние жүзі мұралар ескерткіштердің категориясына немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштерге жатқызады.
Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады:
1) археологиялық ескерткіштер;
2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайртакерлерімен байланысты) ;
3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың қалдықтары, діни архитектура т. с. с. ) ;
4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т. с. с) ;
5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т. с. с. ) .
Демек, табиғаттың және мәдениеттің ескерткіштері, демалушылардың белгілі бір ландшафтға келуінің негізгі себептері болу мүмкін
Жоғарыда көрсетілген территориялардан тыс, демалушылардың апта бойы қысқа мерзімді демалу мақсаттымен баратын, жалпы мақсатта пайдаланатын саябақтар, ормандар, елді мекендердегі жасыл учаскелері рекреациялық ресурстары ретінде пайдалануда.
Табиғи және мәдени объектілерімен қатар рекреациялық территориялар шегінде көпфункционалды рекреациялық әрекетті жүргізуді қамтамасыздандыратын (емделу, сауықтыру, спорттық) рекреациялық мекемелер түріндегі территориялық рекреациялық жүйелерде бар. Мұндайларға санаториялар, курорттар, жасалыңған маршруттар жүйесі бар экскурсиялық орталық болып табылатын қалалар, туристтік базалар, альпинисттік және тау шаңғы лагерлері.
Белсенді демалу көлемінде туризм деген рекреациялық іс-әрекетінің түрі ерекше дамыды. Қазіргі ғылыми әдебиетте «туризм» деген түсінікке бірнеше көз қарастан түсіндірме береді. Анықтамалардың бірі бойынша туризм деген бос уақытындағы белгілі бір мақсатпен саяхат жасау. Басқа бір пікір бойынша шаруашылықтың, тұратын жерінен уақытша тыс орналасқан адамдарға қызмет ету саласы немесе туристтерге тауар мен қызмет етуін қамтамасыздандыратын рыноктың бір сегменті болып табылады.
Жүйелі көз қарастан туризм географиялық элементтерден, туристтерден, туристтік индустриядан құрылған жүйе деп анықталған.
Географиялық элементтер туристтер аймағы, транзиттік аймақ және туристтік дестинация болып бөлінеді. Туристтердің тұтынуна жауап беретін және тасымалдау, түнеу, азықтану, демалу тағы сол сияқты сұраныстарды қамтамасыздандыратын территорияны дестинация деп атайды. (ТМД елдеріндегі туризм бойынша еңбектерде мұндай термин жоқ, оның орнына «курорт» термин қолдануда) .
В. Б. Николаенко бойынша [15], туризм саяхаттанудың басты мақсатына қарай курорттық-емдеу-, сауықтыру-спорттық, тану, конгресстік, діни, білім алу, ойын-сауықтыру, ғарыштық т. б. ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында экотуризм жақсы даымп бастады. Туризмнің мұндай түрінің басты маңыздылығы адамның табиғатты қорғау мәселелерін қарастыру.
Саяхат жасаудың орнына және көлік түріне қарай түризм жаяу жүру, сулы, автокөлікті, шаңғы, велосипедттік, мотоциклеттік, тау шаңғы, таулы, спелеотуризм, альпинизм, құзға шығу (скалолазание), сонымен қатар авиа мен теңіздік турларға бөлінеді.
Белсенді демалу түрлеріне қала түрғындарының саяжайларында демалу барысында айналадағы суаттарда шомылу, балық аулау, саңырауқұлақ теру т. с. с.
Қала түрғындары елді мекенде де демалуға мүмкіндік бар, мәдениет сарайлары, музейлер, кинотеатрлар, театрлар, библиотекалар, цирктер, әр түрлі көрмелер, әр түрлі спорттық құрылыстар (бассейндер, стадиондар, ипподромдар, корттар т. б. ), клубтар және қоғамдар т. б. Сонымен қатар жалпы демалудың негізгі түсінігі іс-әрекеттің түрін өзгерту үй жағдайында өткізуге болады.
Рекреацияның типтері . Рекреация жаңаны танудан басқа, стресс, шаршағандыққа реакция болып келеді. Адамның өмірінде стресстік жағдай, шаршағандық көп болған сайын, рекреацияда қажеттілігі күшейеді. Бұл заңдылық ең белсенді рекреанттар болып басым ірі, үлкен қалалардың түрғындары болады. Адам шаршағанын тәуліктік, апталық, квартальдық және жылдық циклдер есебінен қайта қалпына келтіріледі.
Кеңістік көз қарасынан рекреацияның екі стандарты - белсенді және пассивті түрлері ажыратылады. Мекен жайынан жақын жерде, немесе мекен жайының шегінде демалуды «пассивтік рекреация» деп түсінеді. «Белсенді рекреация» негізгі мекен жайынан алыс қашықтаған жерде демалу. Рекреациялық әрекеттің қайталану критериялары негізінде рекреацияның 5 түрін ажыратуға болады:
1) Тәуліктік демалу - 24 сағаттық цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шамамен 8 сағат, бұл - ұйқы.
2) Апталық демалу - 7 күндік цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шартты түрде 6 - 8 сағат. Бұл демалыс мекен жайынан жақын орналасқан демалу орындарына бару, мысалы, саябақтар, зообақ т. с. с., сонымен қатар табиғатта шығып демалу.
3) Квартальдық демалу - 65 - 90 тәуліктік цикл. Орташа есеппен тікелей демалуға арналған уақыт көлемі 8 сағат. Демалудың квартальдық циклі басым біркүндік, мекен жайынан алыс емес жерге барып демалуды түсінеді. Бірақ сонымен қатар түрақты мекен жайынан алысқа кету шарт емес.
4) Жылдық демалу - 365 тәуліктік цикл. Демалуға арналған тікелей уақыт 10 - 14 тәулік деп белгілеуге болады. Демалудың жылдық циклі әр түрлі мақсатпен түрақты мекен жайынан алыс жерде (оқу, діни, курорт, спорттық демалу т. с. с. ) болғанын түсінеді. Бірақ мекен жайымен шектелуге де болады, квартальдық демалу циклінен өзінің ұзақтылығымен сипатталады.
5) Өмірлік демалу - В. Б. Николаенко бойынша [15] - шамамен 10 - 15 жылды қамтиды. Бұл циклде мекен жайынан аса ұзақ орындарға бару, мұндай циклдер барлық адамдарда болмайды, оның себептері тосаттан болады.
Рекреацияның тәуліктік және апталық циклдері адамның іс-әрекеті процесіндегі биологиялық еркешеліктерімен анықталған. Тәуліктік рекреацияның себептері - күндізгі шаршағандық, адам белгілі бір уақыт бойы ұйықтау, жұмыс орнынан тыс болу қажет. Апталық рекреацияның себептері жоғардағыдай, адамның ден саулығы аптаның аяғына қарай демалуды талап етеді. Шамамен апта бойы 40 - 50 сағат жұмыстан кейінгі демалу. Тәуліктік және апталық рекреациялар: «шаршаған жерден» «демалу жері» арасындағы қашықытық маңызды емес. Квартальдық рекреация күрделі құбылыс болғандықтан оның себептері әр түрлі болады, соның ішінде ең маңызды себеп, бір орында ұзақ уақыт бойы болудан шаршау, сондықта квартальдық рекреацияда мекен жайынан белгілі бір қашықтықта кетуі байқалады.
Кеңістікті жылдық белсенді демалу типтері - кеңістікті игеру жоғарғы деңгейінің туындысы. Олар әлуеметтік мәдени эволюцияның белгілі кезеңдеріне сәйкес келеді. Бір қатар факторлар тәуелді бұл цикл әр түрлі формада және жиілігімен сипатталады. Демалу деген жақсы жағдайға ауысудан басқа мекен жайынан басқа бір әр түрлілікті іздеу болып табылады. Әр түрлілікке мекен жайынан алысқа кетпей де жетуге болады. Кеңістік көз қарасынан бұл пассивтік демалу, бірақ өізінің функциларын орындауда белсенді демалудан айырмашылығы жоғары емес. Жылдық демалуда мекен жайынан алысқа кетуі шарт емес.
Рекреацияның шаруашылық потенциалы . Рекреацияның шаруашылық потенциалы деп рекреанттар үшін сату және тауар мен қызмет үсыну, тікелей өндіріс арқылы орындалатын негізгі қорды, сонымен қатар рекреацияның жағдайын жақсартатын бірақ процесте тіккелей қатыспайтын қосымша еңбек құралдарын түсінеді. Рекреацияның шаруашылық потенциалы территорияны рекреациялық мақсатта игеру барысында пайда болады. Бұл процестің күрделілігі рекреациялық игеру және рекреациялық игерілгендік деегн түсініктерді анықтауын қажет етеді.
Рекреациялық игеру және рекреациялық игеру деңгейі (игерілгендігі) . Территорияны рекреациялық шүғылданудың белгілі бір түрлеріне және олардың комбинацияларына беуімделуінің көптарапты процесті - рекреациялық игеру деп аталды [12] . Еңбектің территориялық бөліну процесінде рекреацияның шаруашылық потенциялының деңгейі [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz