Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы


Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
Мазмұны :
Кіріспе . . . 3
І Тарау. Арал маңының табиғатына сипаттама . . . 8
1. 1. Арал өңірінің физикалық географиялық орынының ерекшеліктері . . . 8
1. 2. Арал өңірінің климатының жалпы ерекшеліктері
1. 3. Зерттеу тарихы, геологиялық құрылысы . . . 10
1. 4. Тұран жазығының Арал маңы бөлігінің тектоникалық даму тарихы . . . 16
ІІ Тарау. Арал өңірінің ландшафтарының жүйесі және қалыптасу тарихы . . . 28
2. 1. Жер бедері мен ландшафттарының жалпы ерекшеліктері . . . 28
2. 2. Торғай үстірті . . . 40
2. 3. Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр . . . 42
ІІІ Тарау. Арал өңірінің табиғат зоналарының ландшафттық ерекшеліктері . . . 48
3. 1. Табиғат зоналарының таралуы . . . 48
3. 2. Лессті-эфемерлі шөлдер . . . 50
3. 3. Сазды - жусанды және сортаң шөпті - жусанды шөлдер . . . 51
3. 4. Құмды - псаммофитті шөлдер . . . 52
3. 5. Тасты - галофитті шөлдер мен тақырлар . . . 54
Қорытынды . . . 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
. . . 61
Кіріспе
35-53°с. е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі: Сырдария өзені аңғарының төменгі ағысы аумағындағы ландшафттардың дамуы - облыс тұрғындарының өндірістік қызметі мен шаруашылық жүргізуімен тікелей байланысты оның ішінде ауыл-шаруашылық өнімдерінің өндірісі ерекше орын алады. Аталмыш өндірістің кері әсері тиіп нәтижесінде жергілікті ландшафттар түпкілікті өзгеріске ұшырап экологиялық шаруашылықтық жүйелер түзіле бастады.
Осы аймақты зерттей отырып Арал өңіріндегі ландшафттардың антропогендік өзгерісінің картасын пайдаланып суармалы егістік аудандарындағы ландшафттардың өзгерісінің түрлі типі анықталды.
Сырдария аңғарының - өсімдік топырақ жамылғысы Қазақстанның шөл зонасының Оңтүстік және солтүстік зонаға тән заңдылықтарға ұқсастығын көрстедеі. Олардың шартты шекарасы Сырдария өзені. Топырақтың морфогенетикалық сипаты және топырақ жамылғысының құрылымы жалпы ендік зоналдықтың биоклиматтық жүйесімен ғана емес, аймақтық ерекшелікпен де анықталады.
Аңғардың солтүстік бөлігінің топырақ жамылғысы денудациялық үстіртте шөлдің қоңыр және күңгірт-қоңыр топырақтарымен көмкерілген. Топырақ құрушы жыныстарға әртүрлі литогендік негіздегі карбонатты және тұзданған борлық, палеогенді-неогендік және төрттік шөгінділер жатады. Зоналды топырақтар кешенінде кең таралған құмды, тақыр тәрізді сор топырақтар таралған. Сырдария өзені аңғарының топырақтары негізінен ала құлалығымен ерекшеленеді және топырақ құрылымының интразоналдылығымен көрінеді. Олар жерасты суларының қосымша ылғалдануымен ала құлалы аллювиалды шөгінділердің қат-қабаттарында құрылған. Кең таралғаны аллювиалды-шалғынды топырақтар, бірақ олар жерасты сулары деңгейінің төмендеуіне қарай шөлге айналуға жақын аллювиалды-шалғынды топырақтарға ауысады. Көбінесе шығу тегі антропогендік қалдықты, сол жерге тән тақыр тәрізді топырақтар, тақырлар, шалғынды-сорлар кездеседі.
Топырақтың зоналдық типі сияқты Сырдария өзені аңғарлық жүйесінің интразоналдық топырақтары да жоғары тұздану мен карбонаттылығымен, химиялық құрамы әртүрлі суда ерігіш тұздардың болуымен ерекшеленеді. Өнімділігі жоғары жерлер суармалы егін шаруашылықты зоналарға тән, олардың көп бөлігі деградацияланған және антропогендік бұзылған.
Агромелиоративтік көрсеткіштер бойынша суармалы егін шаруашылықты зоналарда интразоналды топырақтар маңызды болып табылады. Гидроморфты топырақтар ішінде қатардағы шалғынды топырақтар (аллювиалды-шалғынды, аллювиалды-шалғынды-тоғайлы, шөлге айналуға жақын аллювиалды-шалғынды) және қатардағы батпақты (батпақты, шымды-батпақты, суармалы-батпақты, шалғынды-батпақты және шөлге айналуға жақын шалғынды-батпақты) ерекшеленеді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін; келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің, температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішініндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Тұран жазығының Арал маңы бөлігінің шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептермен өтуі мен ерекшеленеді. Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды.
Диплом жұмысының мақсаты:
- Арал өңірінің географиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына тигізетін әсерін;
- Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылу себептерін ашып көрсету.
Төмендегі мәселелерді шешу көзделген:
- Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- Аймақтың зерттеу тарихын;
- Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- Ландшафттарының өзгеру мәселелерін жан-жақты талдап қорытындыларын шығару;
Тұран ойпатының географиялық орыны, геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Арал өңірі туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Тұран ойпатымен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
Арал маңы құмды денудациялық жазықтары Арал маңында 2-60 шақырымға дейін артады. Кіші борсыққұм субмредианальды бағытта 100 шықырымға созылып жатыр ені 10-40 шақырым аралығында ауытқиды. Арал Каспий теңізіне қарай беткейрлері көлбеу болып келеді. Абсалют биіктігі солтүстігінде 160 метрден оңтүстігінде 80 метрге дейін ауытқиды. Жазықтын бетін жоғарғы плиоцен мен төменгі және орта төрттік жасындағы жыныстарды жел ұрлеуінің әсерінен түзілген құмдар жауып жатыр. Жел әрекетінен тілімденген құм жолдарының аралығындағы ойыстардың терендігі орталық бөлігінде 20, шетінде 5-10 метрге дейін жетеді. Үлкен және кіші Борсыққұм өсімдіктерімен бекіген. Белесті, белді, төбелі құмдардың қатарына жатады. Кейбір құмды төбелердің шыңының биіктігі150-170 метрге дейін жетеді. Адамның шаруашылық әрекетінен жалаңаштанған құм төбелердің сусып жылысу үрдісі артып келеді. Арал маңы құрылымды - денудациялық жазығының шығыс бөлігін арал маңы қарақұмы алып жатыр. Өзінің құрлысы жағынан ол өзінің құрылымы жағынан неоген - төрттік дәуірдін шөгінділерін желдің үрлеуінен түзілген белесті - жалды, төбелі - жалды құмдардын қатарына жатады. Соңғы жылдары аралдын тартылуына байланысты теңіз табанындағы құмнын үрлеуінің есебінен аумағы артуда. Жел ұшырған жалаңаштанған сусымалы құм жолдарының аудаңы кәзіргі кезде 2000 шаршы шақырымға жетті. Арал теңізімен солтүстік арал маңы құрылымды денудациялық жазығының оңтүстік шығысы мен шығысын Арал-Сырдария аккумулятивті жазығы орналасқан - оңтүстік батысымен батысында құзылқұммен шектеседі.
І Тарау. Арал маңының табиғатына сипаттама
1. 1. Арал өңірінің физикалық географиялық орынының ерекшеліктері
Тұран жазығының Арал маңы бөлігінің шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептермен өтуі мен ерекшеленеді. Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. /1/
Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр. Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан. Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық. Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі. /2/
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Олар:
- Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С. е аралығындағы орынының;
- дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
- оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат
- мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
- Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
- транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
- Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады. Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады. /3/
1. 2. Арал өңірінің климатының жалпы ерекшеліктері
Тұран ойпатының климатының жалпы ерекшіліктері факторлары. Тұран жазығынын климатының қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді.
- біршама төменгі және орта еңдіктерде отналасуына байланысты раациялық баланстың мөлшерінің жоғары болуы;
атмосфералық циркуляциясының үрдістеріне әсер ететін жер бедерінің тегіс болуы. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасуына дүниежүзілік мұхиттардан қашық болуына байланыстыклиматты шұғыл континентті болып келеді:
- Орта және төменгі еңдіктерде орналасуына сай күн радияциясының қарқыны жоғары әрі аумақтың мол жылу алуына аридті шөл ланшафтысының қалыптасуына ықпал етеді. Жер бедерінің тегіс болуына орай трансформатцияланған қоңыржай ауа массаларының кедергісіз өтіп кетіп жауын шашынның аз түсуіне климаттың шұғыл кантинентті болып күшеитіледі.
Географиялық орынының ерекшелігіне сай жазы өте ыстық ашық әріқұрғақ, қысы суық аязды болып келеді, температураның жылдық амплетудасы 87-85 0 С, орташа айлық температура 42-30 0 С, құрайды.
Тұран жазығының климатына жауын шашынның жылдық орташа мөлшерінің аздығы мен жыл мезгілінде әркелкі таралуы, температура ауытқуының тәуліктік және жылдық ауытқуының жоғарылығы, атмосфера ауасының құрғақтылығы бұлтсыз ашық күндердің көптігі тәң.
Тұран оипатында ашық бұлтсыз күндердің ұзақтығы 2400-3000 сағатқа дейін созылады. Жылдық жиынтық күн радиациясы оңтүстігінде 160 ккал /см² тең солтүстігінде 120 ккал/см² аралығында ауытқыйды. Оңтүстіктегі географиялық орыны қыстың өзінде белгілі мөлшерде күн радиятциясының енуіне мүмкіндік береді. Ашық күннің көптігі мен жылудың мол түсуі күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді .
Тұран оипатының басым бөлігіне қыста Азия максимулының ықпалы күшті болатындықтан төменгі температура мен жоғарғы атмосфералық қысым бұлттың түзілуіне мүмкіндік бермейді. Жазда мол жылуасатындықтан жердің ауамен әрекеттесетін беткі қабаты құрғап кетеді. Осыған орай ауа массаларыда құрғақшылығымен ерекшеленіп ауаның конвекциялық ағынын тудырып су буының конденсациясын күшейтеді. Табиғи кедергілер болмағандықтан қатпарлы бұлттар өте биікте түзіледі. Сондықтан жазда жауын шашын өте аз түседі:
Тұран жазығындағы бұлтсыз ашық күндер саны солтүстігінде 180 күннен оңтүстігінде 260 күнге дейін артады. Ашық күндердің көп, тура радиацияның жыл бойы басым болуына сай мүмкіндік береді .
Қыста жиынтық күн радиациясының мөлшері азайып жазда күннің түсу бұрышы көтерілуіне сай шілде тамыз айларында артады. Шілде тамыз айларында тұран жазығының орталығы мен оңтүстігі 19-20 ккал/см² дейін жетеді.
Көп жылдық метеорологияалық бақтаулардың деректеріне сүйенсек жиынтық радияцияның мөлшері күзде 16 ккал/см², көктемде 14 ккал/см² деиін кемиді
Жиынтық күн радиятциясының мөлшері мен жылу балансы температураның жылдық және айлық орташа мөлшерінеде әсеретеді.
Тұран оипатының солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы 16ºс оңтүстігінде + 4ºс дейін артады шілдеде солтүстігінде +22ºс оңтүстігінде.
Тұран жазығының аумағындағы қаңтардың изотермасы субендік бағытта оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжыған сайын біртіндеп кемиді оңтүстігінде әр 100 шақырым жылжыған сайын 1, 3-1, 5ºс артады.
Қыста Сібірден суық ауамассасы енгенде солтүстігінде-35º-40ºс, оңтүстігінде -20º-25ºс дейін төмендедейді.
Кіші Азия мен Иранның оңтүстігіндегі түзілген циклон енгенде температураның көтерілуі байқалады . Тұран жазығының оңтүстігінде жылы циклонның қайталауы 45-55℅ дейін жетеді.
Жазықтың оңтүстігінде қыс қоңыржай жылы, солтүстігінде қоңыржай суық.
Тұран жазығының үстінде жүретін атмосфера циркуляциясының урдістері жылумен ылғалдың таралана әсеретіп, ауарайының анықтайтын манызды факторлардың бірі болып табылады.
Жазда аймаққа азор максимумының солтүстік шығыс тармағын, (1025 мб) қыста Азия (сібір) максимумының батыстарларға әсеретеді. (1030 мб) меридианальды бағытағы циркуляцияның Қыста солтүстік- батыстан және солтүстіктен ауа массалары енетіндіктен адвекциясының әсерінен аумақ біршама суынады. Суық фронтың енуінен күшті желдер тұрп қарлы боран болады. Батыстық еңдік бағыттағы церкуляция кезінде анти циклондық жүйелердін шығысқа қарай ығысуы байқалып төменгі қысымды жылға тұзіледі.
Ендік бағыттағы циркуляция кезінде Тұран жазығының аумағында жауын - шашынның жетіспеуінен, температураның көтерілуі байқалады. Қиыр оңтүстік батыс бөліктен азор максимумының шығыс тариағынан жылы ауа массалары енеді суық ауа массалары солтүстікке қарай ығысып температураның көтерілуі байқалады. Желдін соғылуына церкуляция ұрдісімен тығыз байланысты.
Батыстан шығысқа қарай қысымның артуына байланысты жел шығыстан батысқа бағытталып соғады. Оның айлық орташа жылдамдығы 4-8 мин дейін жетеді. Тұран ойпатында жауын-шашынның таралуына атмосфера церкуляциясы тікелей әсер етеді.
Полярлық фронттын Иран тармағы Тәжікстанмен Түркменстанның, Ауғаныстанмен шекарасында орналасқанымен озінің негізгі жолынан ауытқып, тұран ойпатының оңтүстік бөлігіне таралатындықтан суық және жылы ауа массаларының араласуына байланысты жауын-шашын түзіледі. Қыстын соңында Азия максимумы әлсіреуне байланысты жазыққа солтүстіктен арктикалық суық ауа ағыны енедіде суық ашық ауарайы қалыптасады. Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігінен ылғалды жылы ауа еңгенде бұқлтты жауын-шашынды ауарайы қалыптасады. Тұранның солтістік бөлігінде қыста жауын шашын қар түрінде түседі. Оңын қалындағы 20 сантиметрден Арал теңізінің еңдігінде 10 сантимертге дейін кемиді.
Оңтүстігінде жауын-шашын сұйық күйінде түседі. Катты түрінде түсетін жауын-шашынның мөлшері солтүстігінде 61 мм оңтүстігінде 1 мм дейін кемиді.
Көктемде теріс және оң радиациялық баланстың бір-бірімен алмасатын кезеңінде ауа -райының режимі жылдам өзгереді. Оңтүстігінде ақпанның екінші жартысында біртіндеп солтүстікке қарай тарала бастайды. Бұл кезенде ауа мен топырақтың температурасы жылдам көтерілуі байқалады Полярлық фронттың Иран тармағы солтүстікке қарай ығысады оның бойында салқын қоныржай және жылы тропиктік ауа массалары бірбірімен араласқанда қалыптасқан қарқынды циклогенез үрдісі жүріп жауын-шашынды ауа-райы қалыптасады.
Жазғы бұлтылық шамалы әрі биік қатпарлы болатындықтан күн сәулесін ұстап тұра алмайды. Тұран жазығы.
Климаты. Климаты жағынан Тұран жазығы құрғақ континентті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа артктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°-40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте +22°С, оңтүстікте+29°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын -шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттыңқуаншылығы Тұран жазығының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты.
Өзендері мен көлдері . Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орта Азияреспубликаларының шексіз мақта плантациаларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.
Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас оларда Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғыстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда қарасуларға, ұсақ көлдерге бөлініп тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Алакөл, Қопа сияқты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері- Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде.
Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде. Арал теңізі тартыла бастады. Балқаштың деңгейі де төмендеуде. Тұран жазығының су проблемасын шешуде жер асты суларының маңызы үлкен. Мұнда еспе су 20-50 м терендікте ғана жатыр. Ал, артезиан суы одан тереңдеу қабаттарда. Шөлді аймақтарда ауыз су да, шаруашылық үшін қажетті су да жер астынан өндіріледі.
Арал теңізі-жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Амударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.
Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші (Каспий, Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл, Африкадағы Виктория көлінен кейін) орын алатын көл. Қазақстан мен (Қызылорда, Ақтөбе обылыстары) Өзбекстан елдері арасында, Үстірттің солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит денгейінен 53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66 мың км², суының көлемі 1064 км³ болатын. Ұзындығы 428 км, ені 235 км еді. Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер -Сырдария 1974 жылдан және Амудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі -ұсақты 1100 аралдар тобы болатың, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Кезіндегі ең ірілері: Көкарал, Барсакелмес аралдары келмеске кетті. Ұзақ уақыт аралында КСРО-ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz