Қазақстанның салық жүйесін жетілдіру


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

Кіріспе . . .

1-бөлім. Салық түсінігіне экономикалық баға беру . . .

1. 1. Салық мәні, мазмұны және элементтері . . .

1. 2. Жалпы мемлекеттік салықтар . . .

1. 3. Тікелей салықтар және жанама салықтар . . .

2-бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы . . .

2. 1. Салық жүйесі туралы көзқарастар мен пікірлер . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері . . .

2. 3. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі . . .

3-бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру

3. 1. Қазіргі кездегі салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

3. 2. Мемлекеттің салық саясатының негізгі проблемалары

3. 3. Салық салу қызметін ұйымдастыру

3. 4. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелерді шешу жолдары.


КІРІСПЕ

Салықтар баршаға белгілі көптеген ғасырлар бойы қоғамның экономикалық базалық құрамы және мемлекеттің кірісін қалыптастырудың маңызды қаржылық құралы ретінде қолданылып келеді. Теориялық жағынан салық салу жүйесі - қоғамның әлеуметтік құрылымын танып білудің шартты жағдайы және объективті қажеттілігі.

Қоғамның даму процессінде әлеуметтік-экономикалық жүйедегі салықтардың атқаратын рөлі күн өткен сайын жаңа нысанға айнала отырып, артып келеді. Бұл әсіресе нарықтық қатынастардың қалыптасып дамуы жағдайындағы экономикадағы өрлеу кезеңдеріне тән нәрсе, өйткені салық салу жекелеген тұлғалардан бастап мемлекетке жеткенге дейін оның барлық деңгейіндегі әлеуметтік процесстерге әсер ете алатын бірден бір макроэкономикалық құрал болып табылады. Бұдан да басқа, халықаралық экономикалық қарым қатынастардың ұлғаюуына байланысты салық жүйесі белгілі бір жекелеген елдердің ішкі жұмысы болудан қалды. Осылайша, салық салудың бір жағынан шаруашылық байланыстарға терең бойлауы, екінші жағынан оның жалпылығы қазіргі кезде салықтардың атқаратын рөлінің жан-жақты қанат жаюына жағдай жасап отыр.

Салық - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем.

Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVII-XIX ғасырларды пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В. Петти, Д. Рикардо, А. Смит.

А. Смиттің айтуы бойынша, салық төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. К. Маркс «Салық - бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1755 жж. ) «өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтқан.

Шарль Монтескье (1689-1755 жж. ) ризықтың қанша бөлегін бодандардан тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен негіздеген.

Салық салудың мақсаты кәсіпорын (фирма), тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.

Қосымша құн салығы 1958 жылы Францияда енгізілді. Қазіргі кезде қосымша құн салығы әлемнің 40-тан астам елінде қолданылады. Оның ішінде Еуропаның 18 елінде бар. Әлемдік тәжрибеде қосылған құн салығының көлемі (мөлшері) 15-тен 18%-ға дейін құрайды. Қазақстанда қосымша құн салығының көлемі 15%- ды құрайды.

Нарықты қатынас жағдайында, әсіресе нарыққа өтпелі кезеңде салық жүйесі экономикалық реттеуші, экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржылық-несиелік механизм негізі болып табылады. Мемлекет салық саясатын нарыққа тигізетін әсерін нақты реттеуші ретінде қолданады. Салықтар, барлық салық жүйесі сияқты нарық жағдайындағы басқарудың қуатты құралы болып табылады. Салық салу жүйесінің дұрыс құралуынан, барлық ұлттық шаруашылықтың тиімді қызметістеуі тәуелді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен пайда болды және оның бар болуының негізі болып табылады. Адамзаттың дамуының барлық тарихының жалғасуында салық үлгілері және әдістері өзгерді, өңделді, мемлекет қажеттілігіне қарай икемделді.

Салық өзінің даму сатысында тауарлы-ақша қатынасына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесіне үйлесті.

Салықтар-нақты көлемде және орнатылған мерзімде алынатын мемлекетпен бекітілетін міндетті төлемдер.

Салықтың экономикалық мәні мемлекеттің негізгі функциясы мен тапсырмаларын іс жүзіне асыру арқылы қалыптасқан ұлттық табыс арқылы көрінеді.

Қай кезеңде болмасын кез келген елдің қоғамдық әуелеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сапқа тұрған салық жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған. Жалпы осы уақыттардың ішінде қоғамда, ел экономикасында болған көптеген өзгерістер, оның ішінде салық саясатындағы елеулі бетбұрыстар жаңа салық заңын - Салық кодексін 2001 жылғы 12 маусымда тудырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев үстіміздегі жылдың 18 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз» деген. Сол себептен Қазақстанның тығыз экономикалық интеграцияға көшуі және ортақ нарытық қатынасына қарай ілгерлеуі заман талабы.

Қазір дүние жүзі бойынша салық заңдары бір ізге түсіп жатыр. Мысалы, қосылған құн салығын халықаралық салық деп айтуға толық негіз бар. Әрине, көбінесе қосылған құн салығын өндіріп алу принциптеріне көшкен кезде әдістемелік тұрғыдан айтарлықтай шығындардың болғаны рас. Дей тұрғанмен, осының өзінде үлкен алға басушылық болды. Өйткені, айналымға салынатын салық алынып тасталды, салық салу әдістемесінің өзі оңайландырылып, алға қарай түбегейлі қадам жасалды, яғни, кірістерді оңтайлы жолмен есептеуге қол жеткізілді. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Бұл димломдық жұмыс салықтық жүйедегі қосылған құн салығының түсінігі мен мәнін және орнын қарастыруға арналған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытыңдыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмысты жазудың теориялық, тәжірибелік, әдістемелік негізі болып белгілі ғалымдардың ғылыми еңбектері мен мемлекеттік заңнамалар пайдалынылды .

1-бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1. 1. Салық мәні, мазмұны және элементтері

Салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттік жоғарғы өкілді орган қабылдаған нормативті акті заңның негізінде, сондай-ақ, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды және жеке түлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізінде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Осы берілген түсінікті жан-жақты талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталамыз.

Көптеген экономистер салықтардың түсінігін, мәнін ашуға тырысты. Алғаш рет салықтардың мәні Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген. "Салықтар - ел капиталы немесе кірісінен алынып, үкімет иелігіне түсетін өнімнің бөлігі" деп көрсетті ол.

Салық теориясына Ресейдің ғалымдары да өзіндік үлес қосты. Н. Тургенев Ресей экономикасын зерттей отырып, былай деді: " Салық - қоғамның немесе мемлекеттің бір мақсатқа жетудегі мәні. Халық мемлекетке бірігіп, оған басшылық жасауға және салық салуға құқық берді ".

Ал А. Соколов: " Салық дегеніміз мемлекет шығындарын жабу және экономпкалық саясатты шешу үшін кәсіпкерлерден алынатын мәжбүрлік алым " деп көрсетті. Соколовтың бұл анықтамасы салыктың түпкі мәнін көрсетеді. Ол тек ғана салықтың фискалдық кызметін жүргізіп қоймай, осы

Жиналған салықтарды мемлекеттің саясаттарын жүргізуге қолдану қажеттілігін айтады.

Мысалы, Гуреев В. И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және мынадай түсінік береді: " міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белпленген тәсілмен ақшалай түрде алу ".

Ал салық жөнінде, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан тиісті деңгейде бюджетке алатын міндетті жарнасы деген анықтама берген. Белгілі ғалым Пепеляев С. Г. салыққа мынадай анықтама береді “салық мемлекеттің өкімет билігі субьектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес ақысыз түрінде заңды және жеке түлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.

Осы автордың айтуы бойынша, егер қандай да болмасын міндетті төлемді алу заңда белгіленіп, негізделмеген жағдайда, оларды алу заңсыз болып табылады. Ал салық телеуші бұл жерде азамат ретінде емес, сонымен қатар меншік иесі де болғандықтан салықтарды төлеу оның жеке меншік жөніндегі құқығынан шығатын әлеуметтік міндеті.

Қазақстандық, белгілі экономист-ғалым Қарағүсова Г. Ж. " салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады" деген анықтама береді.

Қаржылық қүқық саласының Қазақстан бойынша берілетін бір әйгілі ғалымы Худяков А. М. өз еңбегінде салықтардың түсінігін беріп қана қоймай, олардың басқа төлем түрлерінен ажыратуға қажетті ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Бұл ерекшеліктер салықтардың өз қүқылық және экономнкалық табиғатына тән белгілер болып табылады

1 Салық-әрқашан мемлекет тарапынан енгізіледі және алынады. Бұл жерде мемлекет саяси субъектісі ретінде көрінеді.

2 Салық-мемлекеттің біржақты түрде белгілейтін төлемі. Бұл жерде мемлекет салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайды. Осы айтылған жағдайлар Конституция баптарында көрініс тапқан: Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міңдеті болып табылады.

3. Салық- әрқашанда ақшадай түрдегі төлем. Осы белгісі бойынша салықтар әртүрлі мүліктік міндеттемелердің - тәркілеу, реквизициялау және т. б. ерекшеленіп тұрады.

4. Салық- әрқашанда ақшаларды еріксіз алу. Бұл жерде салық төлеушіге оның ақшаларын еріксіз алу механизмі құрылады.

5. Салық- заң жүзінде белгіленген ақшаларды алу. Мемлекет салықтарды ашықтан ашық заңға негізделген күйінде алады. Яғни жеке меншіктегі ақшалар мемлекет меншігіне ауысады.

6. Салық- міндетті төлем. Салық төлеушінің салық телеу жөніндегі міндетті салық қызметі органдарының төленген салықты қабылдау жөніндегі міндетімен ұштасады.

7. Салық- тек құқылық формада қездесетін төлем. Салықтар нормативтік сипаттағы заң актілерімен белгіленеді.

8 . Салық- тек мемлекеттік кіріске түсетін төлем.

9. Салық- тұрақты ақша міндеттемелерін туғызатын төлем.

10. Салық- баламасыз төлем. Яғни, салық қандайда болмасын көрсетілген қызмет немесе сатып алған тауарларға төлейтін төлем емес, ол тек ақысыз төлем.

А. И. Худяковтың айтуы бойынша салықтардың басты белгісі салық нысанасының ауысуы, меншік иесінің ауысуы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жеке түлғалардың салық төлеу кезінде мемлекет қарамағына өтетін ақшалары мемлекет меншігіне айналады.

Ал мемлекеттік заңды тұлғалардың салықтарды мемлекет қарамағына түскенімен, олардың (заңды түлғалардың, ақшалардың) иесі мемлекет болып қала берді. Бұл жерде мемлекет салықтарды белгілеу және алу процесінде саяси субъекті ретінде, ал міндетті төлемдерді белгілеу және алу кезінде - меншік иесі ретінде болады. Салықтарды алу кезінде мәжбүрлі (еріксіз) түрде меншік формасы өзгертіледі. Қорыта келіп айтқанда міндетті төлемдер - өз кірістерінің бөлігі, ал салықтар - бөтен кірістердің бөлігі.

Салықтар әркашаңца мемлекет пен халықтың жан-жақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономнкалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арасыңдағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Енді салық салу саласында міндеттемелерін және олардың орындалу тәртібін анықтайтын заңды құрылымға, яғни салық туралы заңның элементтеріне тоқталамыз. Тек салық туралы заңның элементтерінің жиынтығы арқылы салық төлеушінің салық міндетттемелері толық белгіленбеген болып есептеледі.

Салық заңдарында белгіленген салық элеметтеріне мыналар жатады: салық төлеуші; салық салу объектісі; салық салу бірлігі; салық ставкасы; салық салу әдісі; салықты есептеу тәртібі; салық төлеу мерзімі; салықтарды төлеу тәсілдері және тәртібі; салық төлеушілердің, банк мекемелерінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері. Енді осы салық элементтерінің әрқайсысын жекелеп қарастырамыз.

Салық төлеуші- өз меншігі есебінен салық төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға, яғни салық субъектісі. Бұл жерде салық төлеушілер деп, заңмен белгіленген салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғаларды айтамыз. Экономикалық термин ретінде " салық ауырмаларын көтеруші " деген ұғым қолданылады, яғни салықты нақты төлейтін тұлға деген мағынада.

Сонымен, Қазақстан аумағындағы салық төлеушілер мыналар болып табылады:

Кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы заңды тұлғалар

1) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындар;

2) біздің республикамызда заңды тұлға ретінде тіркелмегендер, бірақ басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылатындар. Бұлар үшін салықтарды филиалдары, агенттіктері, оқшауланған бөлімшелері немесе тұрақты өкілдері төлейді.

Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары, яғни азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар.

Салық салу обьектісі - заңда көзделген тауарлық-материалдық игіліктер жасалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т. б. болып табылады.

Қазақстанда заңда көзделген салық салу обьектілері мыналар болып табылады:

а) заңды және жеке түлғалардың кірістері (табыстары, пайдалары және т. б. ) ; б) заңды және жеке түлғалардың мүліктері;

в) мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер;

г) өнімдер мен қызметтердің ( жүмыстардың ) қосылған құны;

д) тауарлардың кейбір топтары мен түрлері;

е) шаруашылық айналымы;

ж) қаржылық операциялар;

з) табиғи ресурстарды пайдаланушылардың төлемі

Бұл жерде ескертетін бір жай, қандай да болмасын заң жүзінде белгіленген объектіден салық бір-ақ рет (бір дүркін) алынады, сондай-ақ салық төлемдерін арттыратын заңдарды қолданудың кері күші болмайды.

Салық салу бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. Бүл жерде салық салу бірлігі деп салықтарды есептеу негізіне салынған салық обьектісінің бір бөлігін айтамыз.

Мысалы, жер салығында- 1 гектар, 1 шаршы метр, 1 акр; акциздерде -1 бөтелке, 1 қорап сигарет; табыс салығында - теңге, доллар, евро, рубль және т. б.

Салық ставкасы - салық салу бірлігіне қатысты салық мөлшері немесе салық нарқы. Салық ставкасы салық салу нормасын сипаттайды. Құрылу әдісіне байланысты салық ставкалары тұрақты және пайыздық болып екіге бөлінеді. Тұрақты ставкалар - түсетін табыс мөлшерін есепке алмай, салық салу обьектісіне ( жер учаскесіне ) тікелей, нақты салық бірлігінің шекті сомасымен белгіленеді. Пайыздық ставкалар: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болып екіге бөлінеді.

Пропорционалды ставкалар - бірыңғай пайыз түрінде белгіленеді, бұл жерде салық обьектісінің көлемі ескерілмейді.

Прогрессивті ставкалар - табыстар мен мүліктердің өсуіне байланысты күрт өсетін шкала түрінде белгіленеді. Прогрессивтік ставкалар екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі.

Қарапайым прогрессивтік ставкалар - мүліктің немесе табыстың құны артқан сайын өсе түсетін салық ставкалары.

Күрделі прогрессивтік ставкалар - табыс екіге бөлініп, әрқайсысына көбейетін салық ставкасы белгіленеді.

Регрессивті ставкалар - салық салу объектісінің өсуіне қарамастан төмендетіле берілетін ставкалар.

Салықты есептеу тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорындардың жеке тұлғаға табысын төлеу кезінде, бұрынғы тапқан табыстарын есепке алмай, сол төлеп жатқан табыстан ғана салық сомасын есептеуі.

Кейбір әдіс бойынша, төлеушінің жылдық нақты мезгілінде тапқан табысының соммасын және осы мезгілге қатысты салық төлеушінің жеңілдіктерінің жалпы сомасын есептеу арқылы жүзеге асырады. Әрбір кәсіпорынның бухгалтериясында нақты салық төлеушінің бір жыл бойындағы табысының жалпы сомасын алып тастау арқылы да салық есептелінеді.

Салықтың есептелген сомасын төлеу кезінде бұрын осы табыстан ұсталған салық сомасына азайтылады.

Салықтардың төлеу тәсілдері. Салықтарды төлеудің үш тәсілі бар, деклорация бойынша салық төлеу, салық төлеудің кадастірлік әдісі, табыс көзі бойынша салық төлеу әдісі.

Салық төлеу мерзімі - салықтар мен басқа да міндетті төлемлердің бюджетке алыну уақыты. Мысалы, қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеуші ағымдағы он күндік төлемдерін мына мерзімдерде, есепті айдың он үші, жиырма үші, келесі айдың үші күндері төлейді.

Салық жеңілдіктері - төлеушілердің заңда көзделген жағдайда, салық төлеуден ішінара (кейбір түрлерін ғана) немесе толығымен босатылуы. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: салық төлеуден толығымен босату, салық төлеуден ішінара босату, салық салуға жатпайтын объектілерді анықтау; салық мөлшерін төмендету; мақсатты салық жеңілдіктерін беру; уақтылы төленбеген салықтарды есептен шығарып тастау; салық төлеу мерзімін кейінге калдыру.

Мысалы, табыс салығы бойынша - мынадай заңды тұлғалардың табысы салық салудан босатылады: мүгедектердің ерікті қоғамы; Ауғанстан соғысы ардагерлерінің республпкалық ұйымы және т. б

Сонымен, салықтардың мәнін қарастыра отырып, мемлекеттің салықтарды дамыту мен қолданудағы рөлін, жаңашыл салық салудың қоғамның қандай мүшелерінің мүддесі үшін жұмыс атқаратынын көруге болады.

Біріншіден, қоғамның барлық мүшесі елдің қауіпсіздігін және ел ішіндегі азаматтарының жеке басының қауіпсіздігін ойлайды. Сондықтаң да қоғамның барлық мүддесі үшін әскери күштер мен қоғамдық тәртіпті сактау органдарын ұстауға қаражат қажет.

Екіншіден, қоғамда мемлекетті басқару қызметкерлерін ұстауға қаражаттар керек.

Үшіншіден, қоғамдағы білім беру және емдеу мекемелерін толығымен ақылы түрге көшіргенмен де, қарттар үйі мен жетім балалар үйлерін ұстауға, уақытша жұмыссыздарға жәрдемақылар және зейнетақылар төлеуге қаражат міндетті түрде керек. Өйткені, осы және басқа да әлеуметтік мәселелер қоғамның барлық мүшелерін қозғайды, сондықтанда бұл мақсаттағы шығындар салықтар арқылы жабылу қажет.

Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сақтандыру нарығын дамыту
Салық жүйесінің жеңілдіктерінің жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz