Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-бөлім. Мектептегі информатика курсының оқу-әдістемелік

базасына сипаттама . . . 7

1. 1 Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау . . . 7

1. 2 Информатика курсын оқыту барысындағы ақпараттық құралдар………. 16

1. 2 Информатиканы оқытуда электрондық ресурстардың ролі . . . 18

2-бөлім. Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану тәсілдері . . . 22

2. 1 Информатика сабағында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістері . . . 22

2. 2 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін

қалыптастыру . . . 25

2. 3 Информатиканы оқыту үрдісінде өзіндік жұмыстың алатын орны . . . 27

2. 4 Информатиканы деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың ойлау

қабілетін дамыту . . . 31

2. 5 Информатика сабағын жеке тұлғаға бағытталған түрде оқыту . . . 33

3-бөлім. Информатиканы оқыту әдістемесін жетілідіру жолдары . . . 44

3. 1 Информатиканы оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын

жетілдіру туралы . . . 44

3. 2 Информатикаға қызығушылық және оқушы қажеттілігі. . . . …47

3. 3 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі49

Қорытынды . . . 53.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай орта білім алудың құрылысын енгізуге, орта білім берудің 12 жылдық үлгісіне ауысуға ықпал жасады. Қазіргі мектепте кез - келген пәнді оқытудың басты мақсаты − оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды оқу-процесінде қолдану тиімділігі мол [1] .

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар т. б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады [4] . Жаңа акпараттық технология кұралдарын математика пәніне пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды.

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамын:

  • білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
  • оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

  • оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
  • оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т. б. ) ;
  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология, интерактивті тақта) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

  • қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту) .
  • ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
  • өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.

Сондықтан орта мектептердің білім беру процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарының үлесін көбейту, олардың білімді меңгеру барысында жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдануына мол мүмкіндік беру педагогикалық процестің маңызды міндеті болмақ.

Психология-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау нәтижесі бізге оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесіне көп көңіл бөлінетінін, дегенмен зерттеу жұмысы әлі аяқталмағанын, өзіндік жұмысты ұйымдастырудың мүмкіндіктері толық ашылмағанын көрсетті.

Бүгінгі ақпаратпен толықтырылған білім беру ортасының оқу процесін электрондық қорларды жоғары дәрежеде құрылымдалған және көрнекіленген электрондық оқулықтар мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін (жаңа ақпараттық коммуникативтік және Интернет-конференциялар жағдайындағы бірлескен танымдық іс-әрекет және т. б. ) қолдана отырып, сапалы ұйымдастыру жөнінде айтарлықтай педагогикалық тәжірибелер жинақталған.

Қазіргі кезеңде орта мектептердің толықтай 12 жылдық орта білім беру жүйесіне өту жағдайында оқушылардың білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу қажеттігі мен олардың белсенді іс- әрекетін қалыптастыру арқылы даярлау арасында бірнеше қарама-қайшылықтар туындап отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мектепте информатиканы оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және осы бағытта сын тұрғысынан ойлау элементтерін тиімді қолдану әдістемесін ұсыну.

Зерттеу нысаны: мектептегі информатика сабақтарындағы педагогикалық процестер.

Зерттеудың мақсаты: Информатика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін тәжібе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.

Жұмыстың міндеті-әр түрлі әдебиеттерді зерттеу барысында:

  • «шығармашылық» деген ұғымға анықтама беру.
  • шығармашылық дағдысын дамытуға байланысты зерттеуші ғалымдардың ой пікірімен танысу.
  • оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға байланысты физик ғалымдардың іс тәжірибесімен танысу.
  • оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға бағытталған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеп, оны қолдану шарттарын белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • зерттеу мәселелеріне байланысты шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы «оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру» ұғымының педагогикалық мәнін нақтылау;
  • информатика курсының мазмұнын айқындап, жаңа ақпараттық технологияны қолдану барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
  • оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын анықтау және дидактикалық тапсырмалар жүйесін құру;
  • экономика мамандықтарына информатикадан оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемесін жасау және оның сапалығын тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Зерттеу көздері: Білім беру аумағындағы ресми құжаттар мен нормативтік материалдар; зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетел (философ, психолог, педагог) ғалымдарының оқушылардың өзіндік жұмыстары мен ақпараттандыру саласындағы зерттеу еңбектері; орта мектептердің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары, пәннің оқу-әдістемелік кешендері, компьютерлік оқыту бағдарламалары, педагогикалық және әдістемелік пәндерден оқулықтар мен оқу құралдары; инновациялық оқыту технологияларына қатысты педагогкалық зерттеулер.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жүргізу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама жүргізу, тестілеу, педагогикалық эксперимент, оны компьютерлік сапалық және сандық талдау.


1-бөлім. Мектептегі информатика курсының оқу-әдістемелік базасына сипаттама

1. 1 Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау.

Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.

Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А. Құсайынов, Ұ. Асылов, Қ. Молдабек т. б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М. Скатин, И. Лернер, В. Краевский, Ю. Бабанский, Б. Лихачев, В. Леднев, А. Хуторский ғылымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ. Аймағамбетова, Г. Уәйісова, Т. Оспанов, Ш. Құрмнәлина, С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Ж. Қайыңбаев, К. Ерешов т. б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.

Оқулыққа қойылатын талаптар:

- Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;

- Бағдарламаға сәйкестігі;

- Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;

- Әлеуметтік-мәдени құндылығы;

- Ұсынылған материалдың тарихилығы;

- Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;

- Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;

- Сабақтастық принципінің сақталуы;

- Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;

- Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;

- Компьютерлік оқытушы программалар пайдалануының ескерілуі;

- Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;

- Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;

- Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.

Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Әрбір сыныпқа арналған информатика оқулықтардың мазмұнына тоқталамыз.

7-сыныпта информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Алгоритмдік мәдениет дегеніміз - алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті.

Оқытудың мазмұны - шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.

Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың операциялық жүйемен, PAINT графикалық редакторымен, WORDPAD мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды, электрондық поштаны іске қосуды меңгерту сияқты және тағы басқа мәселелер қамтылады.

7-сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2007 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықта дәл сол тақырыптар қамтылған. Тек айырмашылығы - ескі оқулықтағы кейбір қазақша нұсқасымен берілген терминдер қайта орысшаға аударылған, кейбір тарауларға деректер қосылса, кейбіріннен, керісінше, материалдар алынып тасталған және суреттер мен кестелер өзгертілген.

1 - бөлім информатиканың теориялық негізгі іргелі ұғымдары - ақпарат, ақпараттық үрдістер ұғымдарына кеңінен түсініктеме беріліп, ақпаратты қабылдау және өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бұл бөлімде “ақпарат” сөзіне “ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы” деген түсініктеме берілген. Адам ақпаратты сақтай алады, жеткізе алады және өңдей алады. Бұл әрекеттер ақпараттық үрдістер деп аталады. Жаңа кітапта ақпараттық үрдістер сызба түрінде кескінделген. Бұл бөлімнің 2-тақырыбы “Ақпаратты кодтау(таңбалау) ” деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта кодтау - ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну деп берілсе, 2007 жылы шыққан оқулықта кодтау - ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Бұл үрдісті кодтау деп атайды деп толықтырылған. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код - ASCII, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады. 2007 жылы шыққан оқулықта да оның кодтау кестесі берілген.

2-бөлім ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары - есептеу техникасы, оның даму тарихы, архитектурасы зерттеуге арналған. Бұл тақырып бойынша «Дидактикалық материал. Практикум» құралында әр түрлі кестелік және мәтіндік тапсырмалар берілген. Мысалға «ЭЕМ буындары мен олардың сипаттамалары» кестесін келтіруге болады және оның дұрыс жауаптары мұғалімге арналған оқыту әдістемесінде жазылған.

2003 жылғы кітаптың 3-бөлімінде Windows'98, ал жаңа оқулықта Windows ХР оқытылады және мағлұматтар жаңартылған. Оның мәтіні келесідей: Қазіргі кезде Windows - барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows-тің кең таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады.

PAINT графикалық редакторы 4-бөлімде қарастырылған. Бұл бөлімде программасын іске қосу, сурет салу кезеңдері, редактордың құралдары жайлы өте жақсы жазылған. Сонымен қатар оқушыларға тапсырмалар берілген.

WORDPAD мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жайлы мағлұмат 5-бөлімде беріледі. Мұнда бағдарламаны іске қосуды, құжат құруды, мәтінді пішімдеу, мәтінге күн мен уақытты кірістіруді және т. б. үйретеді.

6-бөлімде блокнот және калькулятор программалары ұсынылған. Бұл бөлімде блокнот пен калькулятордың мүмкіндіктері, калькулятордың түрлері мен батырмалары суреттерімен түсінікті етіліп жазылған. Сондай-ақ тақырып соңында практикалық тапсырмалар берілген.

8-бөлім компьютерлік желілер деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта компьютерлік желі - бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы деп беріледі. 2007 жылы шыққан оқулықта қор сөзі ресурс, бағдарлама сөзі программа деп аударылып жазылған. Сонымен қатар, ақпарат алмасу, желілік ақпараттық технологиялар сызбалары кескінделген. Одан әрі жалпы желі, электрондық пошта ұғымдары кең көлемде ашылып жазылған.

Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2007 жылы шыққан оқулықтың 2003 жылы шыққан оқулыққа қарағандағы жетістігі - көптеген тақырыптарға жаңа деректер қосылып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған. Ал кемшілігі - қазақша терминдер орысша нұсқада берілген. Сондықтан қайсы оқулықпен оқыту керек екендігін таңдау өз қалауларыңызда.

8 сыныпта оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Оқытудың мазмұны - шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.

8 сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2008 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықтың негізгі мазмұны 2004 жылғы басылыммен ұқсас. Айырмашылығы алдыңғы оқулықтағы ұзақ мазмұндар қысқартылып, кейбір екі бөлім біріктіріліп, оқушы практика жүзінде орындайтын ұғымдар көбірек қарастырылған. 2004 жылғы басылымда 13 бөлім болса, 2008 жылғы басылымда 9 бөлімге қысқартылып жазылған.

1-бөлім «Ақпарат және информатика». 2004 жылғы басылымында 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. 1-тақырыпта «ақпарат» туралы түсінік берілген. 2-тақырыпта ақпарат және оны басқару туралы жазылған. 3-тақырыпта «Информатика» туралы түсінік берілген. Ал 2008 жылғы басылымында бір тақырып, яғни «Информатиканың негізгі түсініктері» деген атпен ақпарат және информатикаға қысқаша жалпы түсініктеме берілген.

2-бөлім «Компьютердің арифметикалық негіздері». 2004 жылғы басылымында 3 тақырыпқа бөлініп түсініндірілген. 1-тақырып «Санау жүйелері» делініп, санау жүйесі дегеніміз - сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағы деп анықтама берілген. Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері туралы жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 1-тақырыбы «Сандардың тарихы және санау жүйелері». Онда сандардың шығу тарихы жазылған және санау жүйесі дегеніміз - сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері деп түсіндірілген. Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері туралы қысқаша анықтама берілген. 2004 жылғы басылымның 2-тақырыбы «Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру» делініп, бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелері мысалмен түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Сандарды позициялық санау жүйесіне көшіру» делініп, онда бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелері қысқаша түсіндірілген. 3-тақырып 2004 жылғы басылымда «Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар» деген атпен беріліп, қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары және ережелері мысалмен түсіндірілген. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар» деген атпен беріліп, қосу және азайту амалы мен ережелері мысалмен түсіндіріп, көбейту, бөлу амалы қысқартылып қалған.

3-бөлім «Компьютердің логикалық негіздері». 2004 жылғы басылымның 1-тақырыбы «Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері» болып, логиканың анықтамасы, түрлері және пікірдің анықтамасы түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Логиканың негізгі түсініктері» деген атпен беріліп, пікір және логикаға анықтама беріледі және ойлау, пайымдау әдістері туралы ілімнің пайда болуы мен оған үлес қосқан ғалымдар, логиканың түрлері жазылған. 2-тақырып 2004 жылғы басылымда «Логикалық операциялар» делініп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген. Сонымен бірге компьютердің логикалық элементтері: және, немесе, емес схемалары, триггер, қосындылауыш, ақиқаттық кестені құру, логикалық есептер деген бірнеше тақырыпшалар қосымша жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Логикалық амалдар» деп беріліп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген, қосымша тақырыптар жазылмаған.

2004 жылғы басылымның 4-бөлімі «Дербес компьютерлер» 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Онда дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, оның құрауыштары, дербес компьютерлерді жіктеу жазылған. 5- бөлімі «Компютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері» делініп, онда бір ғана тақырыппен дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл 2 бөлім біріктіріліп 4-бөлім «Компьютер және программалық қамтамасыз ету» деп берілген. Онда қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері жүйелі түрде суретпен түсіндірілген 2-тақырып және компьютердің негізгі компонентерінің өзара әрекеттесуі - магистраль делініп онда дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері жазылған.

2004 жылғы басылымның 6-бөлімі «Операциялық жүйе» 7 тақырыпқа бөлініп жазылған. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелерді жіктеу, Windows тиіпті операциялық жүйелер, Windows-ті баптау, файлдар мен қапшықтарды іздеу, копмьютерлік ақпаратты қорғау, Архивтеу бағдарламалары деген тақырыптар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 5-бөлімі «Операциялық жүйе» 6 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелер топтамасы, операциялық жүйелерді баптау, файлдар мен бумаларды іздеу, компьютерлік вирустардан қорғау, файлдарды архивтеу деген тақырыпта алдыңғы оқулықпен ұқсас мазмұнда жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білім беруді цифрландыру
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері
Мектептегі информатика курсындағы Excel бағдарламасын меңгеру негіздері
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері
Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz