Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті сақтандыру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І бөлім. Сақтандыру нарығының құрылымы және сақтандыру ұйымдарының қызметі ... ... ... .8
1.1. Сақтандыру түсінігі мен түрлері ... ... .8
1.2. Сақтандыру . экономикалық категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Сақтандыру ұйымдарының қызметін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті сақтандыру ... ... ..30
2.1. Сақтандыру нарығы құрылымындағы жылжымайтын мүліктер ... ... ... ..30
2.2 Меншіктегі жылжымайтын мүлікті сақтандыру негіздері ... ... ... ... ... ... ..47
2.3 Жылжымайтын мүлікті сақтандыру ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
2.4 Сақтандыру кезінде кәсіпорынды және оның мүлкін бағалау ... ... ... ... ...57
ІІІ бөлім. Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары, олардың даму
қабілетін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
3.1 Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары ... ... .68
3.2 Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен келешегі ... ... 71
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82
Кіріспе


Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал — сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және ұжымдық қызығушылықтар (мүдделер) туады.
Сақтандыру компаниясы — сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.
Сақтандыру компаниясы — коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензия негізінде сақтандыру келісім-шарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы тек қана Ұлттық валютада төленеді. Сонымен қатар Мұнда тартылған акция мен қарыздық қаражаттарды қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі мынадай қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:
• сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш;
• құрылтайшылық құжаттар;
• сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер және т.б.
Сақтандыру қызметін жүзеге асырута лицензия алу үшін агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
• лицензия беру туралы өтініш;
• мемлекеттік тіркеу және статистикалық карта туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• жарғылық капиталдың минималды көлемін толық төлегенін растау және меншік капиталы көлемі бойынша минималды талаптарды орындауы туралы құжаттар;
• басқару қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
• сақтандыру ережелері;
• ішкі аудит қызметі туралы ереже.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
3. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарыты бойынша нормативтік-заңдық актілер жинағы. 2 том. - Алматы, 1997-1999 жж.
4. Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы тура-лы»3аңы, 23.12.1995 ж.
5. Қазақстан Республикасынын «Валюталық реттеу туралы» Заңы, 24.12.1996 ж.
6. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы, 7.04. 1995 ж.
7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баға-лы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы» Заңы, 05.03.1997 ж.
8. Қазақстан Республикасының «ҚР инвестициялық корлары туралы» Заңы, 6.03.1997 ж.
9. Қазақстан Республикасынын «ҚР вексель айналысы туралы» Заңы, 28.04.1997 ж.
10. П.Қазақстан Республикасының «Қоршаған органы қорғау туралы»
11. Заңы, 15.06.1997 ж. №160-1. 12. Қазақстан Республикасының «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы, 20.06.1997 ж. ІЗ.Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік туралы» Заңы, 22.04.1998 ж.
12. Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» Заңы, 10.12.1999 ж.
13. Қазақстан Республикасыньщ «ҚР сақтандыру кызметі туралы» Заңы, 18.01.2000 ж.
14. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы, 2003 ж. 18.
15. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы,
16. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Введение в фондовые операции. -Самара: Сам Вен, 1992.
17. Алексеев М.Ю. Рынок ценных бумаг. - М.: Финансы, 1992. 27.Баринов Э.А., Хмыз О.В. Рынки: валютные и ценных бумаг. - М., 2001.
18. Буренин А.Н. Фьючерсные, форвардные и опционные рынки. - М., 1995.
19. Бородулин В. Рынки ценных бумаг США. - М.: Московская цент-ральная фондовая биржа, 1992.
20. Бейсембетов И.К. Фондовый рынок Республики Казахстан. - Алма¬ты, 1997.
21. Берзон Н.И. Фондовый рынок. - М.: «Вига-Пресс», 1998.
22. Базаев С. «Мировой бизнес: Эпоха слияния компаний». // РЦБ № 4, 1999.
23. Баймухамедова С, Танкибаева Д. «Фондовый рынок и реальный сек¬тор экономики». // Рынок ценных бумаг Казахстана. 2000, № 8.
24. Бердникова Т.Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело: Уч. пос. -М.:ИНФРА-М, 2000.
25. Васильев А.А. Биржевая спекуляция: торговля на рынке ФОРЕКС. -СПб.: Питер, 2001.
26. Таланов В.А., Басов А.И. Рынок ценных бумаг. -М., 1999.
27. Дуглас Л.Г. Анализ рисков операций с облигациями на рынке цен¬ных бумаг. - М., 1998.
28. Джонк М., Гетман Л. Основы инвестирования. / Пер. с англ. - М.: Изд. «Дело» 1997.
29. Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. - М.: Изд. ЮНИТИ, 1995.-224 с.
30. Жуков Е.Ф. Деньги, ҚРедит, банки. - М : Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999.
31. Инвестиционно-финансовый портфель. -М., 1993. -с.11.
32. Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценными бумагами в Республике Казахстан. - Алматы, 1995. - 220 с.
33. Кулекеев Ж.А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и про-цессы приватизации: Уч. пос. - Алматы, 1995. - 30 с.
34. Кулекеев Ж.А., Джексебаева Л.Н. Государственные ценные бумаги в экономике Казахстана: Уч. пос. - Алматы, 1996.
35. Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Практикум по российскому рынку ценных бумаг: Уч. пос. -М., 1997.
36. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. и др. Рынок ценнцх бумаг Казахста¬на: проблемы формирования и развития. - Алматы, 1998.
37. Козлов А.А. Основные этапы проведения сделок с ценными бумага¬ми // Деньги и ҚРедит. 1994, № 2.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І бөлім. Сақтандыру нарығының құрылымы және сақтандыру ұйымдарының
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
1.1. Сақтандыру түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.2. Сақтандыру – экономикалық категория
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Сақтандыру ұйымдарының қызметін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.1. Сақтандыру нарығы құрылымындағы жылжымайтын мүліктер ... ... ... ..30
2.2 Меншіктегі жылжымайтын мүлікті сақтандыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. 47
2.3 Жылжымайтын мүлікті сақтандыру
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..51
2.4 Сақтандыру кезінде кәсіпорынды және оның мүлкін
бағалау ... ... ... ... ...57
ІІІ бөлім. Қазақстандағы сақтандыру ұйымдары, олардың даму
қабілетін бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 68
3.1 Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру
ұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
3.2 Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен келешегі ... ... 71
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2

Кіріспе

Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал — сақтандыру компаниясы.
Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі
жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және
ұжымдық қызығушылықтар (мүдделер) туады.
Сақтандыру компаниясы — сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи
анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның
рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын
анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.
Сақтандыру компаниясы — коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензия
негізінде сақтандыру келісім-шарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге
асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен
акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент
және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында
құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол
тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар,
жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар
құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы тек қана Ұлттық валютада
төленеді. Сонымен қатар Мұнда тартылған акция мен қарыздық қаражаттарды
қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
агенттігі мынадай қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:
• сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш;
• құрылтайшылық құжаттар;
• сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер және т.б.
Сақтандыру қызметін жүзеге асырута лицензия алу үшін агенттікке мынадай
құжаттарды ұсыну қажет:
• лицензия беру туралы өтініш;
• мемлекеттік тіркеу және статистикалық карта туралы куәліктердің
нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған
көшірмелері;
• жарғылық капиталдың минималды көлемін толық төлегенін растау және
меншік капиталы көлемі бойынша минималды талаптарды орындауы туралы
құжаттар;
• басқару қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
• сақтандыру ережелері;
• ішкі аудит қызметі туралы ереже.
Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен
қалыптастырады және жинақталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды
жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларының
инвестициялық портфелінің әртараптандыруын шектеу бойынша нақты талаптар
бар. Онда бағалы қағаздардың қандай түрлерінде салымдарға лимиттер бар
екендігі көрсетілген.
Сақтандыру компаниясына тән ерекшеліктердің бірі — қаражаттарды
тартудың ерекше формасы — сақтандыру полисін сату. Олар алынған табысты
біріншіден, басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және
мемлекеттік бағалы қағаздарына салады. Сонымен қатар олар мемлекет пен
кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несиелер береді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру ұйымдары өмірді
сақтандыру және жалпы сақтандыру салалары бойынша лицензия негізінде
жұмыс істейді. Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет өмірді сақтандыру
саласындағы қызметпен бірлесе және кездейсоқ жағдайлар мен ауруларды,
медициналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру формасында
жүргізіле алмайды. Сақтандыру ұйымдары негізгі қызметтен өзге мынадай
қызметтерді атқарады:
• инвестициялық қызмет;
• жинақтаушы сақтандыру келісім-шартына сәйкес қарастырылған сома
шегінде өзінің сақтанушыларына займдар беру;
• сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін ерекше
бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
• сақтандыру бойынша арнайы әдебиеттерді сату;
• өзінің қажеттіліктері үшін алдын ала сатып алынған немесе
сақтандыру келісім-шартының қорытындысына байланысты өзінің
иелігіне түскен мүлікті жалға беру немесе сату;
• сақтандыру бойынша консалтинг;
• сақтандыру немесе қайта сақтандыру салаларында біліктілікті
жоғарылату мақсатында оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
• сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
агенттігі осы ұйымдар үшін төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық
нормативтерінен тұратын пруденциалдық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге
асырады. Сақтандыру ұйымдарының жеке келісім-шарттары бойынша максималды
міндеттемелер көлемі қызмет етуші сақтандыру келісім-шарттары бойынша өз
міндеттемелерін орындаумен байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
үшін ғана берілген меншік капиталы мен сақтандыру резервтері сомасының 10%-
ынан аспауы керек.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан
айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет
ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы,
азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының
бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек
қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру
әдістерімен қаланған.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: кез-келген өркениетті
демократиялық мемлекет үшін азаматтарының өмірі мен мүліктерінің
қауіпсіздігі басты мәселе болып табылады. Бұл қазіргі қаржы дағдарысы
кезінде де өзектілігін жоғалтпайды.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін
рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың
сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады [1. 48-б].
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ыктималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырак, шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы
заңына сәйкес "Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік
қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып
табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді
жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, Қордың
уақытша бос қаражатын Ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға,
жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге
де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық
капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы
жылжымайтын мүлікті сақтандыру нарығының әлеуетіне сипаттама бере отырып,
оның келешектегі дамуына талдау жасау. Оның ел экономикасы үшін маңызын
ашып көрсету. Қаржы нарығындағы сақтандыру қорларының ролін айқындау.
Қазақстандағы сақтандыру нарығының әлемдік бәсекеге қабілеттілігіне
сараптама жасау.
Жалпы құрылымы: Дипломдық жұмысты жазу барысында әдебиет құралдары мен
ақпараттар тиімді қолданылды, терең сараптаулар жасалып, мәліметтер
талданды. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І Бөлім. Сақтандыру нарығының құрылымы және сақтандыру ұйымдарының қызметі
1.1. Сақтандыру түсінігі мен түрлері

Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып
басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары
заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық реформалардың бастапқы
кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл
сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына
әкелді.
Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара
қатысушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей
байланысты. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған елдердің заңдарында сақтандыру
қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы
түсіндірулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: Сақтандыру қызметі
туралы заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары
айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. 2008 жылғы 10-шілдедегі
Сақтандыру қызметі туралы қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес
сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:
- сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
- сақтандыру қоры;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
- уәкілетті аудиторлық ұйым;
- сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге aсырушы өзге
жеке және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы
жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде
көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды,
сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым
нарығының объектілерін. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік
сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу секілді бағыттарда
көрінуі тиіс. [2. 38-б]
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін
қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы
халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын
әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар
мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың
бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен
анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері
мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу
қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы
тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері
бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді.
Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі.
Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық
сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор
арқылы тек сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге
асырылады.
Мемлекттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын
күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру
есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды
шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық – уақытша еркін
ақща қаражаттарын мемлекеттік қарыздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің
бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебіне
сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу-сақтандыру тәуекелдіктерін
бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. Жалпы нарықтың
анықтамасына және оның ішінде сақтандыруға сәйкес оның құрамына сақтандыру
ұйымдары мен компаниялар, серіктестіктер, бәсекелес, сақтандыру делдалдары,
сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар, кеңес берушілер енеді. [2. 78-б]
Сақтандыру ұйымның күй – жайын анықтаған кезде басқарудың алдын алу
әдістерін пайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған жөн,
себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайдын белгілерін анықтау, оның ішінде
бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады.
Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар
мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.
Сақтандыру ұйымдары сақтанушылардың, сақтандырушылардың өскелең
талаптарына жауап беретін өзін-өзі реттеудің жетілдірілген мөлшеріне әсер
ету мүмкіндігі артықшылық болып табылады. Егер өзін-өзі реттейтін
сақтандыру ұйымына немесе бірлестікте мүшелік міндетті болса,
бәсекелестікті шектеу қауіпі тындайды. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар бір
қалыпсыз даму заңдарына бағынады, өйткені олардағы өрісінің орналасуы
тұрақты да, өзгермелі де, уақытша болуы мүкін, алайда өзара байланыс
жүйесінде ажырағысыз және іске асырылғыш болады, Ұйымның мақсатқа сай жаңа
сапалы бөліктерді қайта жасауға қабілеттілігі Өзін-өзі реттейтін
ұйымдардың икемділігін, көнгіштігін, бейімделушілігін сипаттайды, Бұл
ұйымдар бейкоммерциялық ұйымдар болып есептеледі, олардың қызмет ету
көздері болып демеушілердің жарналары, мемлекеттік өкімет органдарының,
басқарма, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көмектері мен қолдаулары
және басқа қайырымдылықтар саналады. Ал олардың қызметі, оларды құру
нысандары т.б. өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ережелерді ескеріп, сондай-
ақ сақтандыру заңдарымен және сақтандыру нарығының ерекше шарттарымен
анықталады. Сақтандыру нарығындағы ұйымдардың қатарына сақтандыру нарығының
кәсіптік қатысушыларын біріктіретін мемлекеттік емес бейкоммерциялық
ұйымдарды жатқызуға болады. Сақтандырушылар, делдалдар, сақтандыру
агенттері, актуарийлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, яғни экономиканың
бір саласындағы бір немесе әртүрлерінің қызметін жүзеге асыратындардың тез
пайда болатынын шамалауға болады. Қызмет ету мақсаты, кез келген басқа
бірлестіктегі сияқты – оған қатысушылардың мүдделерін қорғау және
сақтандыру саласын дамыту болып табылады. [3. 85-б]
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалгастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
қатынастардың ықтималдық сипаты;
қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген аукымда —мемлекеттік,
аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
• сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
• сақтандырудың қоғамдық енімнің қүнын қайта белуге қатысуы;
• оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен косарланып
отырады;
• сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатынын болуы;
• ақша қорларын жасап, пайдалану көзіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардын. балама-сыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндікген сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының
көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай
келеді. [4. 44-б]
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң
мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты
қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік фунщиясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қогамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысқан және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс
істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден,
Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды —
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жургізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім-шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде — қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда — қос әдіс,
үшінші бөлікте — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде
ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жемшөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін. [5. 67-б]
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін
рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардын,
сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады. [5. 79-б]
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ыктималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырак, шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары көзіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі. [7. 65-б]

1.2. Сақтандыру – экономикалық категория ретінде

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісім-шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. [8. 63-б]
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне
карамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша
қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі
объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
камтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жургізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес
сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі
сақтық ісі ретінде болып көрінеді. [9. 10]
Сақтандыру — сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратыи сақтық
төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де
оқиғалар туындаған кезде жеке иемесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін
мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының)
шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
• міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
• сақтандыру объектісі бойынша ~ жеке және мүліктік;
• сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру. [10. 93-б]
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға бөлінеді. Сақтық ұйымы
бола отырып, корпорация "Сақтық қызметі туралы" заңға сәйкес іс-әрекет
етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың
жеке келісім-шарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының
міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің
10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің
әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар
көзінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші
халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта
сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың
мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды,
құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның
ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы
операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және
тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандару. Мүліктік сақтандыруға міндетті
нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-
құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастан ауыл шаруашылығы
өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және
жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз
табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан
міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді. [10. 110-б]
Өмірді сақтандыру — азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбекке
қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің
көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты)
жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе
сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп
соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен
сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас
сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші
субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол,
теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің
жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық, жауаптылығы, әскери қызметшілердің
жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық
қызметкерлері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда
болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті
және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық
категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан
айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет
ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы,
азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының
бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек
қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру
әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру ка-тегорияларының
іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап
айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы
толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін
қаражат шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өн бойы
индексациялап отыру қажеттігін тудырды. [11. 86-б]

1.3. Сақтандыру ұйымдарының қызметін бағалау

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған
екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін
ең аз белгілінген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің
кепілдіктері;
зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын
межелеу;
зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық
азаматтардың міндетті қатысуы;
еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен
қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасыиың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану
құқығын белгілеу;
қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвсстициялау, бұл оның дамуына
жәрдемдеседі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
• еңбек ету қабілетін жоғалтқан жағдай;
• асыраушысынан айрылған жағдай;
• жұмысынан айрылған жағдай;
Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып
табылады:
• Қазақстан Рсспубликасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
• әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға
мемлекеттің кепілдік беруі;
• міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
• заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге
пайдалану;
• әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
• әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
• міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік
органдардың қызметіндегі жариялылық.
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті
жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-
өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс. [12.
43-б]
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік
сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар
мынадай мөлшерде белгіленеді:
жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінен 1,5 пайыз;
жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінен 2 пайыз;
жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимі
қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына
төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007
ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең
төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).
Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін
әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысын
тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.
Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік
төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген
соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіде белгіленген ең
төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты
алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айрылу мен қатысу өтілінің тиісті
коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті — 0,6 болады.
Еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті: жалпы еңбек ету қабілетінен
айрылу дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен
айрылған адамдар үшін — 0,7; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі
алпыстан сексен пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған
адамдар үшін — 0,5; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі отыздан
алпыс пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін —
0,3.
Қатысу өтілінің коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің
өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем
болғанда — 0,1; алты айдан он екі айға дейін — 0,7; он екі айдан жиырма
төрт айға дейін — 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - 0,85; отыз
алты айдан қырық сегіз айға дейін — 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін
- 0.95; алпыс және одан да көп айларға — 1,0 болады.
Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа
жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында берілетін әлеуметтік
төлемдер тоқтатылады.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды
деп жариялаған) асыраушының — өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері
асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға және
алуға құқылы:
он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек
болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен
немерелері. Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері мен немерелерінің еңбек
етуге қабілетті ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент
алмаған жағдайда. Егер жоғарыда аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсіби
білім беретін оқу орындарының орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін
күндізгі нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге
дейін беріледі;
жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе
жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс
болған асыраушысының бір жарым жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-
сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса. [11. 12. 23-
б]
Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың —
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған
балаларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер заңнамалық актіге сәйкес
айрылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қорганшыға (қамкоршыға)
төленеді.
Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға
әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.
Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айрылған
жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының
барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады. Асыраушысынан
айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік
аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі
табыстың заңнамалық актіде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызы
шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының
және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Асырауындағылар санының коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс
болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және
асырауында бір адам болеа — 0,4, екі адам болеа — 0,5, үш адам болеа — 0,6,
асырауында төрт және одан да көп адам болеа — 0,8 бола-ды.
Бұл ретте табыстарды алмастыру коэффициенті мен қатысу өтілінің
коэффициенті Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңының 21-бабына сәйкес
есептеледі.
Жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге
отініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік
аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі
табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффиценттеріне
және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл
ретте кірісті алмастыру коэффицснті — 0,3 болады, ал қатысу өтілінің
коэффициенті атал-мыш заңның 21-бабына сәйкес есептеледі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік
аударымдар жүргізілген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша
• әлеуметтік төлемдерді күнтізбелік есептеумен алғанда:
• алты айдан он екі айға дейін — кемінде бір ай үшін;
• он екі айдан жиырма төрт айға дейін — екі ай бойы;
• жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін — үш ай бойы;
• отыз алты айдан жоғары — төрт ай бойы алуға құқығы бар.
Өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер
алып тұрса, бірақ жұмысына орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша
әлеуметтік төлемдер алу құқығынан айрылған жағдаііда, кезекті әлеуметтік
төлемдер жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алған әрбір айы үшін
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік аударымдар жүрпзілген
мұндай қатысушысы үшін он екі ай шегеруді негізге ала отырып
тағайындалады. [13. 58-б]
Дүниежүзінің көптеген елдерінде жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қорғау
шаралары қолданылады. Бұл шаралар қызметкерлердің еңбек қызметінен
жоғалтқан табыстарына өтемақы төлеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді;
олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне,
отбасының табысы денгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше,
жұмысынан айрылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері,
бұл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері
ажыратылады.
Жұмысынан айрылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне
бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір
мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі,
әлеуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік служба-сында тіркелген
және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға
нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді.
Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы
мәселе шешілгенге дейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын
уақытқа төленеді.
Басқа елдерде жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қолдауды каржыландыру
үшін қаражаттарды қалыптастырудың әр түрлі механизмдері қолданылады. Бірақ
негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру
еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс берушілердің сақтық жарналары есебінен
жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда (мысалы,
өтілі бойынша) олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджет-тердеы
немесе қайырымдылық қорларынан алады. Жұмыссыз мұқтаж адамдарды қолдаудың
тап осы нысаны Қазақстанда 1999 жылдан бастап Халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу қоры қайта ұйымдастырылғаннан кейін қабылданған болатын. Бұл
акция мемлекеттің қаржы ресурстарын басқаруды жүргізіліп отырған
орталықтандыру жағдайында амалсыз акция болып табылады.
Жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қолдаудың ерекше өзгешеліктері оның
уақытша сипаты, харакетшіл халыққа бағдарлануы, Мұқтаж адамдардың
өздерінің меншікті проблемаларын шешуге қатысуы, яғни өзін-өзі қолдау
элементтерінің барлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы
заңына сәйкес "Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік
қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып
табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді
жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, Қордың
уақытша бос қаражатын Ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға,
жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге
де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық
капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады. [14.
66-б]
Қордың активтері әлеуметтік аударымдар төлеу мерзімін өткізіп алғаны
үшін алынған өсімпұл, Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық
сыйақылар шегерілген инвестициялық кіріс, заңнамада кезделген өзге де
көздер есебінен құралады. Олар әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға,
тізбесін Үкімет айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға, артық төленген
әлеуметтік аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға
пайдалана алады.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырумен қатар мемлекеттік емес
зейнетақылық сақтандыру — зейнетақы келісім-шартына сәйкес қызметкерлердің
және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша
зейнетақыны қалыптастыру арқылы және мамандырылған мемлекеттік емес
зейнетақы қорлары арқылы зейнетақыларды төлеу жолымен азаматтарды
әлеуметтік қорғаудың қатынастары қолданылады.
Қорланымдардың ынтымақтастығы негізіндегі жүйеден дербес қорланымдардың
жүйесіне квшу кезеңі еңбегі сіңген зейнетақыларды алуға шыққан
зейнеткерлердің құқықтарын сақтауды талап ететіндігімен, сонымен бірге
зейнеткерлік алдындағы жастағы көптеген азаматтардың мемлекеттік емес
зейнетақы жүйесінде зейнетақынын, жеткілікті жинақ ақшасын қордалаудың
мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан шыққан зейнеткерге
мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақыларының мөлшерінің
сақталуына мемлекет кепілдік береді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін
зейнеткерліккс шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақыларының мөлшері
мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде олардың мүмкін болатын қатысу жасының
санына үйлесімді түрде қысқаратын болады.
Медициналық сақтандыру — бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық
жарналары мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның
орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу
үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денеаулықты қаржыландыру жөніндегі
қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық
қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.
Мысалы; АҚШ-та "Медикэр" жүйесі — егде адамдар үшін, "Медикэйд" жүйесі —
кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де — сырқатты сақтандыру-
Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі
сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және
мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және
нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық
қорғаудың ұжымдық (салалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше)
жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде
жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық
қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың
табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына
қарай сараланған.
Қазақстанда Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір
тәжірибесі жинақталған еді, бірақ жүйені басқару саласының төмендігінен
және жұмылдырылған қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың
жеткіліксіздігінен ол беделін жоғалтқан болатын.
Медициналық сақтандыру ұйымдастырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет
көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың —
медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы
дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына
тікелей мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық көмекті
тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен
нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл Міндетті медициналық
сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол
Медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере
алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажетті кезінде
емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар
қолдана алады.
Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды
буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы - еңбек
ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық процестерінде
оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс
істеуінің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық
ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі),
ұйымдастырудың міндетті нысаны — бұлар барлық азаматтарға қажетті
медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сақтық келісім-
шарттарын жасауға және сақтық операция-ларының нәтижелігіне жетуге ынталы
тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі. [15.16-б]
Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-
сату объектісі "ерекше тауар" — сақтық қызмет болып табылады және оған
деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып
табылады: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті;
сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлык ұйым
(уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және Жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын
кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол
қызметтің мынадай түрлерін: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылжымайтын мүліктің объектісінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің болашағы
Ипотекалық несиелеу және оның ерекшеліктері
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық кредиттеудің дамуы
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несие жүйесінің қалыптасуы және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы банктердің ипотекалық несиелеуі
Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру
Бағалау қызметінің құқықтық аспектілері
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Пәндер