Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама – Қазақстандағы экономикалық қатынастар тұрақтылығының құралы


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І бөлім . Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымына сипаттама . . . 7
ІІ бөлім. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама - Қазақстандағы экономикалық қатынастар тұрақтылығының құралы . . . 23
2. 1 Мемлекет шығыстарының құрамындағы сатып алулар . . . 23
2. 2 Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі . . . 29
2. 3 Мемлекеттік сатып алулардың құқықтық негіздері мен жүзеге асыру әдістері . . . 33
2. 5 Мемлекеттік шопинг . . . 44
ІІІ бөлім. Электронды құралдар арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру . . . 57
3. 1 Веб-порталдар мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тиімді
құралы ретінде . . . 57
3. 2 Сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері . . . 59
3. 3 Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру . . . 62
Қорытынды . . . 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Кіріспе
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер тауар - ақша процестерінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.
Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.
Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді.
Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника - жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған.
Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және демократия процесттері барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғайды.
Шаруашылықты әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартып, біртіндеп қатаң орталықтан жоспарлану мен шаруашылық қызметкерлерінің кейбір түрлеріндегі монополия үстемдігін жоя отырып, экономикалық қарым-қатынаста және ресурстарды пайдалануда икемделіп туындады.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңі басталды. Нарықтық қатынастарды ынталандырып және реттейтін көптеген заңдар мен қаулылар қабылданды.
Халықаралық экономикалық қатынасты, зерттеуде, оның объективті негізгі ұлттық экономикадағы сияқты еңбек бөлінісі және айырбас екендігін, бірақ халықаралық деңгейде қарастырылатынын ескерген жөн. Халықаралық еңбек бөлінісі жекеленген елдер шеңберінде жоғарғы техникалық деңгейде қазіргі өнім түрлерінің бәрін өндіру мүмкін болғандықтан нәтижесінде пайда болды. Ол көптеген елдердің өздерінің артықшылықтары бар салаларда мамандануына алып келді. Өздерінде жоқ өнімдері олар импорттауды жөн көрді. Осының бәрі халықаралық айырбасқа, яғни халықаралық экономикалық қарым-қатынасқа әкеледі. Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі халықаралық экономикалық қатынас дамуына ықпал етеді деп тұжырымдай аламыз.
Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.
Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан экономикалық тұрақтылығының дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс процесі кезінде біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады; екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады; төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу процесін және республикадағы экономикалық механизмдерін зерттеу өте маңызды мәселе болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу процесі үшін құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің кепілдігін қамтамасыз ететін ерекше тәртіп белгілеу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, қорғаныс, құқықтық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік қажеттерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргізіледі. Осындай сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібі бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 205 қаулысымен белгіленген.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алудың экономикалық тетіктерін, сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, оның қазақстандық экономика жүйесіндегі әлеуметтік мүмкін боларлық жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- Қазіргі кездегі мемлекеттік сатып алулардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау.
- Қазақстан Республикасының экономикасындағы мемлекеттік сатып алулардың орнын сипаттау.
- Экономиканы тұрақтандырудың келешегі мен түрі ретіндегі артықшылықтарын негіздеу.
- Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың түрлері мен принциптерін жүйелендіру және сыныптандыру, олардың түрлерін ауыспалы экономика өзгешеліктерін ескере отырып таңдау күштерін ұсыну;
- Мемлекеттік сатып алу механизмдерін дамытуды күшейтуге бағытталған жалпы бағдарламаны және саяси ұсыныстарды беру.
Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық және шетел экономикалық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері, үкімет органдарының мәліметтері, экономиканы интернациаландыру және транснационализация мәселелері бойынша конференция деректері болып табылады.
Жұмыста жазылған жалпылама ойлар, қорытындылар Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулы, құқықтық, заңдық актілерінің қолдануына негізделген.
Жұмыстың мәліметтік негізін статистика және талдау комитеті деректері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер негізінен тұрады.
І бөлім . Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымына сипаттама
Рыноктық түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Республика Президенті анықтап берді. Өтпелі рыноктық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері отандық тауар өндірушіге талғамалы көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты жүргізу болып табылады.
Тәуелсіз елдің жаңа экономикалық идеологиясын қалыптастырудың басы деп есептеуге болатын 1993 жылдың соңынан бастап (ұлттық валюта шолу жасап көрейік.
Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі Қазақстан мысалында экономиканың рыноктық дамуының көкейкесті мәселелерін қарастырамыз. Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді. Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4 кезеңге: 1993-1995жылдар, 1996-1997жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.
Орта жылдамдықты перспективаға (1993-1995жылдар) арналған бірінші дагдарысқа карсы шаралар бағдарламасында құнсыздануды қолайлы деңгейге дейін басу өндірістік төмең кұлдырауын тоқтауға және оның 1995жылдың аягына қарау өсуі үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді деп күтілген болатын. Алайда кұнсыздану деңгейі 1993 жылы 2265%-га жетті. Құнсыздану процесінің жылдамдатылуы өндірістің төмен кұлдырауына әкелді. Халык тұтынатын тауарлардың ішкі рыногы бұзылды, өнімдер экспорты тастама экспорт бойынша төмен бағаларға жүргізілді. Осы үлгімен 1994 жылдың ортасына қарай дағдарысқа қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған бағдарлама бойынша экономика реформларын әрі қарай жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Бірдей уақытта іске асырылу мерзімі 15 ай (1994-1995 ж) экономикалық реформаларды жылдамдату бағдарламасы енгізілді. Бұл багдарламаның негізгі мақсаты өндірісті оның жандануына жағдай туғызу үшін қүнсыздануды басатын деңгейге дейін тұрақтандыру болды.
1995 жыл деректері қүнсызданудың деңгейі бағдарламамен қарастырылғаннан жоғары болғанын көрсетті. Өндірістің қүлдырауын жеңу мүмкін болмады. Егер өндірістің құлдырау динамикасына көз жүгіртетін болсақ, онда 1992 жылы оған қарағанда салыстырмалы түрде түрақты болған 1990 жылда 14, 6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы - 48%, 1995 жылы - 57% құрады.
Осы жылдары Қазақстан мен Ресейдегі үкімет бағытын әкімшілік-бұйрық басқару элементі қосылган тұрақсыз монетаризм ретінде анықтауга болады. Аталған бағытқа тоқтаусыз жүре беру бағалардың жылдам өсуіне және күнсыздану процестерінің дамуына, жеміссіз қаржылык макрореттеуге экелді. Микроэкономикалық және өңірлік саясат, ғылыми-техникалық даму, мемлекет меншігін басқару, кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамыту мэселелері шешімін таппай қалды. Ұйымдастыру жарнамалардың ауысуына қарамастан мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру тетігі іске қосылмады. Ескі партиялық-шаруашылық номенклатурамен өндірісті монополизациялау жалгаса берді.
Қазакстанда орташа жылдамдықты болашак бағдарламасы (1996-1998жж. ) бес жыл бұрынғы міндетті- құнсыздану деңгейін 1997 жылдың аяғына дейін 9-12% төмендетуді алға қойды. Бұл жолы мақсатқа кол жеткізілді: 1997 жылдың аяғына қарай құнсыздану деңгейі 11, 2% құрады.
1998-2000 жылдар - экономиканы кұрылымдық қайта кұрылысуы, оны халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру кезеңі. Осы кезеңдегі экономиканың дамуына негіз болған маңызды фактор елде шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бюджеттік-қаржылық жүйенің жұмыс істеуін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік дем беру шараларын институционалдық және заңнамалық жетілдіру болып табылды.
Халықаралық әлем үшін Карнеги қоры сарапшыларының бағалауы бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан рыноктық реформалар нәтижесі болып табылатын карқынды экономикалық өсу байқалып отыр. Осындай кейбір өсу Ресей экономикасынан да көрініс тапты. Қазақстанда Ресейде сияқты бұл реформалар кіріс бөлігі шығындар бөлігінен аса бастаған үкіметтік бюджеттерді тазартудан басталды. Бұған мұнайды сатудан түскен табыс қана емес, кәсіпорындарға берілетін демеуқаржыларды қысқарту да себебін тигізді.
Күшіне 1998 жылы енген импорт алмастыру бағдарламасын іске асырумен байланысты 2000 жылғы ІЖӨ елеулі өсуі (14 пайыз) Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары тұлғасында Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілдерімен ұсынылған ресми айқындамалары дәлел бола алады.
Алайда көпшіліктің ойынша республика экономикасының өсуі бірінші кезекте соңғы кезеңдегі мұнайға деген әлемдегі жоғары бағам, тек содан кейін ғана елеулі артта қалумен ішкі экономикалық факторлар жатыр деген ой.
Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастыру сияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды : бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бүл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне үласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығьндарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді -барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерді нарықтык қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде ? Экономикалық әдебиеттерде бүл сүраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиіколданылатын нарыққа анықтаманы франсуз экономисі А. Курно (1801-1877ж. ж), экономист
А. Маршал(1842-1924ж. ж) береді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі накты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс(1835-1882ж. ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады.
Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
- екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;
- еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
- шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 - тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын,
нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бүның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бугін шектеулер жойылды - мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу, криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет, мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны түтынады. Түтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір - бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің әүл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
еледі және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін транакциондык шығындар болжайды, яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сүраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлар түтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың ене ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс материялдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмІнің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т. б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға кешкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. [2]
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті) ;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер-бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары -қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz