Мектеп тәжірибесінде авторитарлық тәрбиенің позитивті және қарама-қайшылықты жақтарын зерттеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3


1. АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... .

1.1

1.2 Авторитарлық тәрбие . тәрбие бағыты ретінде тарихи дамуы мен зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Авторитарлық тәрбие бағытының тұлға қалыптасуына психологиялық әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 Авторитарлық тәрбиенің қарама.қайшы көзқарастар арқылы жеке тұлғаға позитивті әсер етудің педагогикалық мүмкіндіктері ... ... ... .


2. МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ АВТОРИТАРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПОЗИТИВТІ ЖӘНЕ ҚАРАМА.ҚАЙШЫЛЫҚТЫ ЖАҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1 Авторитарлық тәрбие бағыттарының тұлға қалыптасуында әсерін диагностикалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Мектеп тәжірибесінде тәрбие бағыты ретінде авторитарлық тәрбие элементтерін қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Авторитарлық тәрбиенің позитивті әсері мен қарама.қайшылықты жақтарын зерттеуге бағытталған тәжірибелік жұмыстар және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ


Педагогикалық іс-әрекет – бұл нәтижесіне оның қатысушыларының өзара қарым-қатынасы әсер ететін іс-әрекет түрі. Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің күрделі және жауапты міндеттерін сәтті шешу оқытушының тұлғасына, оның ұстанымына, кәсіби шеберлігіне, білімі мен мәдениетіне тікелей байланысты.
Оқытушы мен оқушы ... мектептегі негізгі екі тұлға. өзара қарым-қатынастары сабақ барысына шешуші әсер ететін тұлғалар. Сондықтан, мектепте терең өзара түсіністік, мейірімділік, сыйластық пен достастық атмосферасын қалыптастыру өте маңызды.
Оқыту мен тәрбиелеудің негізі болып табылатын мұғалім мен оқушы арасындағы рухани қарым-қатынасқа қандай құралдармен немесе жолдармен қол жеткізуге болады?
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде көптеген инновациялар пайда болып отыр. Осыған байланысты педагогикалық практиканың дәстүрлі формаларының тиімді және тиімсіз жақтарын талдау маңызды рольге ие болып отыр. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетті, оның ерекшеліктері мен авторизмді педагогикалық әрекеттің кең тараған формаларының бірі ретінде зерттеуге деген қызығушылық күшейіп отыр (В.А.Караковский, КГМитрофанов, Г.Н.Прозументова, Ю.Н.Турчанинова, А.Н.Тубельский және т.б.).
Педагогикалық практиканың жаңа формалары мен қалыптасқан жағдайларын зерттеу осы практика мен педагогикалық іс-әрекеттің мүмкін негіздерін қалыпқа келтіру мен талдау қажеттігін туғызады. Бұл жерде іс-әрекетті талдау шеңбері педагогикалық практиканы субьектілердің өздерінің іс-әрекет практикасы ретінде (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев), бірлескен іс-әрекет практикасы ретінде (В.В.Рубцов), іс-әрекеттегі адамның даму практикасы ретінде (Л.С.Выготский, Г.П. Щедровицкий) зерттеуге мүмкіндік береді.
Әсіресе, қазіргі педагогикада жүріп жатқан өзгерістерді педагогикалық практиканы зерттеу шеңберінде түсінуге болады. Педагогикалық іс-әрекетке қатысты әр түрлі түсініктер бар, оның ішінде оны кәсіби біліктілікті меңгеру процесі (В.А.Сластенин), педагогтың маңызды кәсіби сапасын қалыптастыру (В.Э.Тамарин), педагогтың шығармашылық потенциалын дамыту (В.И.Загвязинский), қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру (К.Г.Митрофанов, Е.Н.Ковалевская, Ю.В. Сенько), түсіністік пен ой туындату мәдениеті (В.Е. Клочко, О.М. Краснорядце-ва), педагогикалық іс-әрекеттің рефлексивті формаларын қалыптастыру (А.О. Зоткин, И .Д. Проскуровская) деп түсіндіретіндер де бар. Егер педагогикалық іс-әрекетті субьектті «қалыптастырушы» деп алатын болсақ (JI.C. Выготский, Г.П. Щедровицкий), онда жоғарыда аталған түсініктер өзара көмекші роль атқарады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1 Развитие системы общего среднего образования в современном мире: учебное пособие / Составитель Абылкасымова А.Е., Ушаров Е.А., Омарова Р.С. –Алматы: НИЦ Ғылым, 2003.
2 Развитие образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Издательство МГГУ, 1996.
3 Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего образования: -Алматы: НИЦ Ғылым, 2002.
4 Бухвалов В.А. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества. –М.: Центр “Педагогический поиск”, 2000.
5 Зимняя И.А. Педагогическая психология. / И.А. Зимняя - М., Логос, 2004.
6 Макаренко А.С. О воспитании. / А.С. Макаренко - М., Политиздат, 1990.
7 Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. / В.А. Сухомлинский - М., Просвещение, 1989.
8 Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 т., М.:1982. Том 2.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..

1. АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... .
1.1Авторитарлық тәрбие - тәрбие бағыты ретінде тарихи дамуы мен
зерттелуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Авторитарлық тәрбие бағытының тұлға қалыптасуына психологиялық
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
1.3Авторитарлық тәрбиенің қарама-қайшы көзқарастар арқылы жеке
тұлғаға позитивті әсер етудің педагогикалық
мүмкіндіктері ... ... ... .

2. МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ АВТОРИТАРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПОЗИТИВТІ ЖӘНЕ
ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫ ЖАҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.1Авторитарлық тәрбие бағыттарының тұлға қалыптасуында әсерін
диагностикалау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
2.2Мектеп тәжірибесінде тәрбие бағыты ретінде авторитарлық тәрбие
элементтерін қолдану
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
2.3Авторитарлық тәрбиенің позитивті әсері мен қарама-қайшылықты
жақтарын зерттеуге бағытталған тәжірибелік жұмыстар және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Педагогикалық іс-әрекет – бұл нәтижесіне оның қатысушыларының өзара
қарым-қатынасы әсер ететін іс-әрекет түрі. Мектеп оқушыларын оқыту мен
тәрбиелеудің күрделі және жауапты міндеттерін сәтті шешу оқытушының
тұлғасына, оның ұстанымына, кәсіби шеберлігіне, білімі мен мәдениетіне
тікелей байланысты.
Оқытушы мен оқушы ... мектептегі негізгі екі тұлға. өзара қарым-
қатынастары сабақ барысына шешуші әсер ететін тұлғалар. Сондықтан, мектепте
терең өзара түсіністік, мейірімділік, сыйластық пен достастық атмосферасын
қалыптастыру өте маңызды.
Оқыту мен тәрбиелеудің негізі болып табылатын мұғалім мен оқушы
арасындағы рухани қарым-қатынасқа қандай құралдармен немесе жолдармен қол
жеткізуге болады?
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде көптеген
инновациялар пайда болып отыр. Осыған байланысты педагогикалық практиканың
дәстүрлі формаларының тиімді және тиімсіз жақтарын талдау маңызды рольге ие
болып отыр. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетті, оның ерекшеліктері мен
авторизмді педагогикалық әрекеттің кең тараған формаларының бірі ретінде
зерттеуге деген қызығушылық күшейіп отыр (В.А.Караковский, КГМитрофанов,
Г.Н.Прозументова, Ю.Н.Турчанинова, А.Н.Тубельский және т.б.).
Педагогикалық практиканың жаңа формалары мен қалыптасқан жағдайларын
зерттеу осы практика мен педагогикалық іс-әрекеттің мүмкін негіздерін
қалыпқа келтіру мен талдау қажеттігін туғызады. Бұл жерде іс-әрекетті
талдау шеңбері педагогикалық практиканы субьектілердің өздерінің іс-әрекет
практикасы ретінде (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев), бірлескен іс-әрекет
практикасы ретінде (В.В.Рубцов), іс-әрекеттегі адамның даму практикасы
ретінде (Л.С.Выготский, Г.П. Щедровицкий) зерттеуге мүмкіндік береді.
Әсіресе, қазіргі педагогикада жүріп жатқан өзгерістерді педагогикалық
практиканы зерттеу шеңберінде түсінуге болады. Педагогикалық іс-әрекетке
қатысты әр түрлі түсініктер бар, оның ішінде оны кәсіби біліктілікті
меңгеру процесі (В.А.Сластенин), педагогтың маңызды кәсіби сапасын
қалыптастыру (В.Э.Тамарин), педагогтың шығармашылық потенциалын дамыту
(В.И.Загвязинский), қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру (К.Г.Митрофанов,
Е.Н.Ковалевская, Ю.В. Сенько), түсіністік пен ой туындату мәдениеті (В.Е.
Клочко, О.М. Краснорядце-ва), педагогикалық іс-әрекеттің рефлексивті
формаларын қалыптастыру (А.О. Зоткин, И .Д. Проскуровская) деп
түсіндіретіндер де бар. Егер педагогикалық іс-әрекетті субьектті
қалыптастырушы деп алатын болсақ (JI.C. Выготский, Г.П. Щедровицкий),
онда жоғарыда аталған түсініктер өзара көмекші роль атқарады.
Мұндай іс-әрекет кезінде педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы
немесе типологиясы ғана емес, әсіресе, авторитарлы педагогикалық іс-әрекет
сапасының пайда болу жолдары да қызықтырады.
Авторитаризм іс-әрекет түрі ғана емес, тұлғаның сапасы (Т.Адорно,
Г.В.Залевский, К.Г.Митрофанов, Л.М.Фридман и др.), психологиялық жағдайы
(Э.Гринвальд, И.Ю.Кулагина, К.Г.Митрофанов), педагогикалық іс-қимыл
(Р.Бернс, Р.Берон, Д.Ричардсон және т.б.) ретінде де көрінеді. Бірақ
педагогикалық іс-әрекеттің түрлері мен типологиясы психологияда да,
педагогикада да ерекше қызығушылық туғызып келген (И.Акимов, П.Б.Ганушкин,
В.Клименко, М.Ю.Кондратьев, Н.Ф.Маслова, К.Г.Митрофанов).
Авторитаризмді педагогикалық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастыру оның
түсінігін кеңейтеді, мәнін тереңдетеді, оны басқа педагогикалық іс-әрекет
түрлерін, оның ішінде серіктестікті, диалогты, достастықты (В.А. Кан-Калик,
С.Соловейчик) дамыту арқылы жетілдіру мүмкіндіктеріне назар аударуды қажет
етеді. Сонымен қатар, қазіргі кезде авторитаризмді адамзат практикасының
феномені ретінде қарастыратындар да табылуда.
Сондықтан, менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Мектеп тәжірибесіндегі
авторитарлық тәрбиенің позитивті және қарама-қайшылықты жақтары деп
аталады.
Авторитаризмнің әлемдік педагогикалық практикада кең тарауына оның
табиғи сипаты жол ашты, ал осы себепті оның өзгеруінің қиындықтары жаңа
технологиялардың кең көлемде тарауына жол бермей отыр.
Осы себепті, педагогикалық әрекеттердің авторитарлы мазмұны мен
формаларының сапасын, оның мәдени қарым-қатынас түрі ретінде сипатын
өзгерту үшін арнайы педагогикалық шарттар қажет. Мұндай шарттарға мыналар
жатады:
- мектептің білім беру кеңістігін дамытудың тұтастығы мен рефлексия
процесіне педагогтарды көптеп тарту;
- мектептің дамушы білім кеңістігінде педагогтардың жобалық іс-
қимылдарын құру қажеттігі мен мүмкіндігі;
- педагогтардың өз жұмыстарында педагогикалық және бірлескен іс-
әрекеттің әр түрлі модельдерін пайдалану қажеттілігінің
өзектілігі;
- педагогтардың авторитаризм шекарасын тиімді жағына кеңейту
мақсатында әр түрлі іс-әрекет модельдері мен формаларын анықтап,
енгізуі.
Тақырыптың зерттеу нысаны: мектептегі тәрбие процесіндегі авторитаризм.
Зерттеу пәні: мектептің дамытушы практикасындағы авторитарлы іс-
әрекеттің сапасы, оның позитивті және қарама-қайшылықты жақтары.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері іс-әрекеттегі адамның дамуы
туралы ережелерден, адамды іс-әрекет дамытады (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Эльконин, Г.П.Щедровицкий), педагогикалық практикада бірлескен іс-
әрекет барысында субьектілер жиынтығы қалыптасады (В.В.Рубцов),
субьектінің, практиканың және іс-әрекеттің сапасы педагогикалық практиканың
қарама-қайшылықты жақтарының ықпалынан қалыптасады (С.И.Гессен) деген
қағидалардан құралады.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы авторитаризмнің әр түрлі –
табиғи (эмпирикалық) және рефлексиялық (мәдени) формаларының анықталуымен,
авторитаризмнің бір формадан екінші формаға өту, сонымен бірге дамытушы
практикадағы авторитаризмнің сапасының өзгеру шарттарының ашылуымен
сипатталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: мектептегі білім беру процесіндегі
авторитарлы тәрбиенің тиімді және тиімсіз жақтарын анықтай отырып, оны
жетілдірудің жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- педагогикалық іс-әрекеттегі авторитаризмнің белгілері мен
сипаттамаларын анықтау;
- авторитарлы педагогиканың тарихи дамуына шолу жасау;
- авторитаризмді педагогикалық іс-әрекеттің ерекше мазмұны ретінде
қарастыру;
- авторитарлы педагогиканың позитивті және қарама-қайшылықты жақтарына
салыстыра отырып, талдау жасау;
- мектептегі іс-әрекеттің авторитарлы формаларын тиімді жақтарына қарай
өзгертудің теориялық негіздерін құру.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы педагогикалық іс-әрекеттің авторитарлы
мазмұнының сапасын өзгерте отырып, авторитаризмді педагогикалық іс-
әрекеттің табиғи (эмпирикалық) формасынан рефлексиялық (мәдени) формасына
айналдыруға деген ұмтылыстан көрінеді. Бұл әрекет төмендегідей сипаттарға
ие:
- педагог педагогикалық практиканың және өз іс-әрекетінің даму
мақсаттарын қалыптастырады;
- педагог өз практикасында жобалық іс-қимылды пайдаланады;
- педагог бірлескен және педагогикалық практиканың әр түрлі модельдері
мен формаларын пайдаланады;
- педагог өз іс-әрекетінің және педагогикалық іс-қимылдағы
авторитаризмді пайдалану шекараларын рефлексиялайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Авторитарлық тәрбие - тәрбие бағыты ретінде тарихи дамуы мен
зерттелуі

Ғасырларға тереңірек көз жүгірткен сайын авторитарлы тәрбие
үстемдігінің арта түсетініне көз жеткіземыз. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырлар шегінде
европалық мектептер мен педагогтар гуманистік педагогикаға көңіл бөле
бастады. Осыған қарап, адамзат қатал, репрессияға бейім дәстүрлі мектептен
гуманистік бағыттағы педагогикаға қадам басты деп айтуға болады.
Ежелгі Египеттің, Индияның, Қытай мен Спартаның тәрбие жүйелері де
авторитарлы бағытта болды. Бұл авторитарлы тәрбие жүйесінің ХХ ғасырдың
соңына дейін үстемдік етіп келгенін дәлелдейді. Баланың тұлғалық
мүмкіндіктерін басып-жаншуға негізделген авторитарлы тәрбиені кеңінен
қолданған Ежелгі Египет педагогтары Баланың құлағы оның желкесінен өсуі
тиіс деген нақыл сөз қалдырған.
Алайда, Афины академиясының бақтарында шәеірттерімен сұхбаттасатын
Платонның әдісіне қарап, сол кездің өзінде авторитарлы тәрбиемен қатар,
гуманистік тәрбие де қалыптаса бастағанын көреміз. Онан соң гуманистік
бағытты Коменскийдің, Локктың, Песталоццидің, Дистервегтің, Ушинскийдің
еңбектерінен көре аламыз. Осылайша, әлемнің кейбір бөліктеріндегі, әсіресе,
Европадағы авторитарлы тәрбие жүйесі біртіндеп жойыла бастады да, орнына
гуманистік педагогика келді.
Сонымен қатар, бихевиористік педагогиканы да авторитарлы тәрбие түріне
жатқызуға болады. Белнілі бір дәрежеде Парсонстың қатаң әлеуметтендіру
теориясын – неотомизмді де осы бағытқа жатқызуға болады. Шынын айтқанда,
авторитаризм сөзі тым қатаң естіледі. Егер түзетіп айтатын болсақ, бұл
балаға тікелей ықпал етуге, оның әрекетін басқаруға негізделген педагогика.

Бихевиористік педагогика (behavior – жүріс-тұрыс, іс-әрекет) ХХ
ғасырдың басында пайда болды. Классикалық бихевиоризм тұлғаны оның іс-
әрекеті мен жүріс-тұрысы анықтайды деп санады. Ал оның жүріс-тұрысын ішкі
жан-дүниесін есепке алмай-ақ бақылауға болады деген түсінік қалыптасты.
Сондықтан да бұл бағыттың пәні – адамның белсенділігі, әрекеті мен жүріс-
тұрысы. Осы бағытты жақтаушы педагогтар өздерінің тәрбие беру процестерінде
баланың қарсы іс-әрекеті туралы теориялар мен Павловтың шартты рефлекс
туралы ілімін, адам психикасы туралы ғылыми білімді пайдаланды. Осылайша,
олар оқушылардың тіршілік жағдайларына дұрыс реакциясын қалыптастыруға
тырысты.
Уақыт өте келе тұлға әрекетін түсін мен оларды басқару қиындап кетті.
Танымал небихевиористердің бірі Б.Ф.Скиннер тұлғаның жүріс-тұрысын сыртқы
орта ғана емес, адамның ішкі ойлауы да анықтайтынын дұрыс сипаттап берді.
Сондықтан, ол тұлғаның жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін реттеу үшін оң және
теріс ықпал ету әдістері жүйесін жасау керек деген ұсыныс айтты.
Адамды дұрыс тәрбиелеуге ұмтылуы Скиннердің жақтастарын көбейте тұсті.
Ол сонымен қатар, теріс іс-әрекет жасаған адамдарды жазалап отыру қажет,
осылайша оларды дұрыс адам болып қалыптастыруға болады деп санады.
Скиннердің бағдарламамен оқыту жүйесін жасады. Оның негізінде баланың іс-
әрекетінің әр нәтижесін қадам сайын бақылап тексеріп отыру болды. Осы
жағынан бихевиористік бағытты көбіне авторитарлы педагогикаға жатқызады.
Скиннер мен оның жақтастары мұндай әдіс дұрыс азаматтарды тез
тәрбиелеуге жол ашады, оқушыларды қажетті жүріс-тұрысқа үйретеді деп
есептеді. Скиннер осы бағытта жүріс-тұрыс технологиясы атты концепцияның
негізін қалауға тырысты. Дұрыс әрекеттерді балының санасына сіңіре отырып,
олардың бас көтерулерін, антиәлеуметтік әрекеттерін болдырмау қажет деп
санады ол. Өзінің жасаған жүйесі әлеуметтік пайдалы тұлғаны тәрбиелейтінін
атап көрсете отырып, ол бұл процесті жүріс-тұрысты модификациялау деп
атады. Ол сонымен қатар, оперантты жүріс-тұрыс тұлғаны оның әрекетін түзей
алмайтын моральды таңдау сезімінен, құзырлық және рухани факторлардан
алшақтатады деп сендірді. Осылайша, алдын-ала дайындалған жүйелік
бағдарлама баланы еркін етеді, бақытты өмір сыйлайды деген пікірді қатаң
ұстанды. әр адам осылай қалыптастырылса, қоғам мінсіз бола түседі деп
санады. Ол осы идеяларын өзінің ғылыми еңбектерінде ғана емес, Уолден
екінші атты утопиялық шығармасында да дамытады.
Бихевиористік педагогика авторитарлық педагогикамен тығыз байланыса
отырып, тәрбиенің технологиялық әдістерін қалыптастырды. Оған сәйкес, тұлға
қасиеттерінің алдын-ала жоспарланған жиынтығы анықталады, және соған қарап,
ықпал ету әдістері мен құралдарының жүйесі жасалады. Бұл педагогикадағы
технократиялық тенденцияларға жауап береді: тұлға қалыптасуын басқарудың
ғылыми-педагогикалық жүйесі жасалады. Технократиялық әдістің ең шектік түрі
оқушылар мен балаларға психотропты ықпал ету теориясы мен практикасы болып
табылады. Фармокологиялық препараттар көмегімен тәрбиелеу барлық ар-ождан
және құқықтық нормаларға қайшы келеді.
Скиннердің ілімі тұлғанй дөрекі басқаратындығы үшін қатты сынға ілікті.
Бихевиоризм адамның сана-сезімін, құныдылықтарын, ар-ожданын,
көзқарастарын,еркі мен боастандығын есепке алмай, оның өмірін биологиялық
және механикалық әрекеттерге негіздейді. Скиннердің қарсыластары оны
адамдарға деген антигуманды қарым-қатынасы үшін айыптап, оның ілімі
басқарылатын тұлғаны қалыптастырады деп санады. Сонымен қатар, жүріс-тұрыс
технологиясының жақтастары да бар (АҚШ-нда). Олар мектепте тәртіпке
бағынатын, жауапты, тыңдайтын азаматтарды тәрбиелеу үшін осы технология
қажет деген пікір айтты.
Қазіргі заманғы тәрбие процесі көптеген ғасырлар бойы қалыптасып
дамыған теориялар жиынтығына негізделеді. Іс жүзінде кез-келген қазіргі
заманғы тәрбие және тұлғаның даму теориясы өткен уақыттағы психологиялық-
педагогикалық идеялардан өсіп шығады.
Адамды тәрбиелеу туралы ғылыми ойлар мен көзқарастар Ежелгі дүниеде-ақ
пайда болды. Әсіресе, Платонның, Аристотельдің, Сократтың, Демокрит пен
басқа да ежелгі грек философтарының тәрбиеге деген көзқарастары кеңінен
танымал. Олардың бала тәрбиесі жайлы айтқандары әлі күнге дейін күн
тәртібінен түскен жоқ.
Адам туралы ғылымдардың дамуымен бірге педагогикалық теория да дамыды.
Оның өзі уақыт өте келе әртүрлі мәселелер бойынша алуан тармақтарға
жіктелді.
Айқын байқалатын авторитарлы сипатқа діни тәрбие де жатады. Барлық діни
ілімдер, олардың арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, үлкендерге,
тәрбиешілерге көзсіз бағынуға үйретеді. Ресейде авторитарлы тәрбие сирек
болса да ерте ғасырлардан қолданылып келді, бірақ, кең көлемде ХVI ғасырда
ғана Домострой мектептерінде қолданыла бастады.
Қайта өрлеу дәуірінен бастап көптеген ірі педагогтар (Я. А. Коменский,
Ф. Рабле) авторитарлы тәрбиеге қарсы бола бастады. А. Н. Радищев, В. Г.
Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов авторитарлы
тәрбиеге қарсы айтылған барлық сындарды патшалық билік пен басыбайлылыққа
қарсы күреспен байланыстырды. Ал жаңа адамдарды тәрбиелеу – халық
азаттығы үшін күрескерлерді қалыптастыру деп түсіндірді. Олардың айтуынша,
авторитарлы тәрбие адамды моральдық тұрғыдан мүгедек етеді, оның өзіндік іс
жүргізе алу қабілетін жояды.
Буржуазия билікке орналасқан соң, авторитарлы тәрбиенің көптеген
принциптерін кеңінен пайдалана бастады. И.Ф.Гербарттың педагогикалық
теориясы кең тарады. Оның теориясының ең басты бөлігі балалардың іс-
әрекеттері мен оқу процестерін қатаң басқару, оларды ересектер мен
биліктегілерге еріксіз бағындыру болып табылатын.
Империализм дәуірінде, әсіресе, фашистер билігі кезінде авторитарлы
тәрбие жаңа сипатқа ие болды. Фашистер барлық құралдармен жастарды
нәсілшілдікті және антикоммунизмді дамыту жолында соғыс жүргізіп отырған
көсемнің еркіне бағындырды.
ХVІІІ ғасырдың ортасында қоғамның табиғи күйден азаматтыққа өтуі
жайында айта отырып, Ж.Ж.Руссо бұл қозғалыс адамның елестетулері мен
қабілеттерімен, оның жан-дүниесінің баюымен байланысты және оның іс-
әрекеттеріне бұрын болмаған құзырлық береді деген пікір айтты.
Осылайша, Ж.Ж.Руссоның идеялары негізінде еркін тәрбие беру теориясы
қалыптасты. Оның негізгі идеялары баланы еркін, табиғи қабілеттері бойынша
тәрбиелеуге сүйенген.
Ал теоретик И.Ф. Гербарт негізін салған авторитарлы тәрбие негізінде
мүлдем басқа құндылықтар жатыр. Гербарттың теориясы баланың тәртіпке
бағынуын қалыптастырады. Бұл жерде қорқыту, қатаң бақылау мен жазалау
тәрбиенің басты құралдарына айналады. Дипломдық жұмыстың тақырыбы
авторитарлы тәрбие мен білім беруді зерттеуге бағытталғандықтан
педагогиканың осы бағытының қалыптасу тарихына көз жүгіртсек.
Жалпы педагогикалық қажеттіліктер ретінде өздері қалыптастырған
этикалық идеяларды тәрбие мақсаты ретінде ала отырып, И.Ф.Гербарт
батысевропалық мемлекеттерде азаматтық қоғамның қалыптасуы кезеңіндегі
адамдардың қоғамдық санасында болып жатқан өзгерістерді дұрыс байқай білді.
Тәрбиенің жалпы мақсатына негіздеме бере отырып, ол тәрбиенің екі
мақсатын бөліп көрсетті: мүмкін және қажетті. Мүмкін мақсаттарды
болашақтағы әрекеттерге, тәрбиешінің ересек болғанда таңдайтын кәсібіне
немесе алдына қоятын мақсатына бағыттады. Мүмкін мақсаттар оның еркін
таңдау пәнін құрайтын обьективті, мазмұнды жағын қамтыған жоқ. Қажетті
мақсаттар кез-келген әрекетті орындауда, іспен айналысуда қажетті
субьективті, тұлғалық сапаны қалыптастыруға бағытталған. И.Ф.Гербарттың
терминологиясы бойынша оларды жан-жақты қызығушылықты дамыту арқылы жүзеге
асыруға болады. И.Ф.Гербарт оларға барлығына тең міндетті құзырлылығымен
ерекшеленетіндерді жатқызды. Сәйкесінше, тәрбиеленушінің ерік-жігері
қайырымдылық, құқық және әділеттілік, ішкі еріктілік бағытында дамуы тиіс.
И.Ф.Гербарт бойынша қажетті мақсаттар қатаң ерік-жігер мен құзырлылық
мінезді дамыту арқылы жүзеге асады.
Ол балаларды жан-жақты дамытудың басты құралы оқу, ал құзырлық күштерін
дамытудың құралы – құзырлық тәрбие деп атап көрсетті. Бірақ, олардың
бөлінуі шартты болып табылады, себебі екі жақтың да оқу-тәрбие әрекетінде
бөлінбейтін тұтастығы бар. Сондықтан, құзырлық тәрбиені қамтымайтын оқу
процесі мақсатсыз құрал, ал оқытусыз құзырлық тәрбие – құралсыз мақсат
болып қалады.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды құзырлы ерік-жігерді ұйымдастыру
құралы ретінде қарастыра отырып, И.Ф.Гербарт кіші жастағы балалардың
этикалық қатынастарды ойлай алмау қабілетіне сілтеме жасады. Бала санасында
ұйымдасқан түсініктер тобы қалыптаспаса, онда ол өзінің ретсіз талап-
тілектеріне – жабайы әрекеттеріне қарсы тұра алмайды. Балаларды тәртіпке
үйретуді, алғашқы деңгей ретінде оларды тәртіпке бағындыруды И.Ф.Гербарт
басқару терминімен көрсетті. Осылайша, оның тәрбиелеу теориясы мен
практикасы үш бөлімге бөлінді: басқару, оқыту, құзырлық тәрбие.
Басқарудың міндеті белгілі бір уақытта тәртіпті ұстап тұру болып
табылады, сондықтан ол тәрбиенің қажетті және мүмкін мақсаттарын қамтиды.
Алайда, И.Ф.Гербарт баланы тәрбиелеу кезінде оны шектеуді мақсат етіп
қойған жоқ. Керісінше, басқаруды тәртіп орнату құралы ретінде қарастыра
отырып, ол басқарудың міндеттерінің ерекшеліктерін нақты түсінуге назар
аудартуға тырысты: бір жағынан, басқару баланы тәртіпке үйретуге
негізделген шектеулі қызметтерді атқарады және қандай да бір тәрбие
мақсатын жүзеге асыруды алдыңғы қатарға қоймайды. Бірақ, соған қарамастан,
ол тәрбиелеуші міндеттерінен толық босай алмайды. Тәрбиедегі секілді
басқарудың өзіне тән элементтері сақталады. Сондықтан, оларды бір-бірінен
бөліп немесе қарсы қойып қарастыруға болмайды.
Басқаруды педагогиканың арнайы бөлімі ретінде бөліп қарастыру, оның
тәрбиеге спецификалық қатынасы И.Ф.Гербарттың метафизикалық идеяларынан
немесе жас ұрпақты тәрбиелеуге деген реакциялық түсініктерінен туындаған
жасанды құрылым емес. Шын мәнінде, мұндай әдіс азаматтық қоғамның
қалыптасуының әлеуметтік-тарихи шарттарына және соған сәйкес тұлғаға
қажетті талаптардың өзгеруіне негізделді.
Өз кезегінде индивидуумның физикалық күшімен ғана шектелетін табиғи
еркіндікті және жалпы ерікпен шектелген азаматтық бостандықты ажыратып
қарауды ұсынған Ж.Ж.Руссо жоғарыда аталған тенденцияларды алдын-ала болжай
білді.
Адамның моральды еркіндігінің жолдары, яғни оның моральдық санасының
қалыптасу кезеңдері туралы мәселе ХІХ ғасырда тәрбиенің негізгі өзекті
мәселелерінің біріне айналды. Тәрбиенің басты міндеті ретінде моральды сана
бірден шешімін таппайды деген пікір айтты И.Кант. оны шешудің алғашқы
кезеңі шектеудің теріс ролі деп атап көрсетті.
И.Ф. Гербарт болса, басқару бағындырушы тәртіппен бірге баланың
қазіргі өмірімен ғана емес, оның болашағымен де байланысты, яғни тәрбиеден
бөліне алмайды дегенді дәлелдей отырып, шектеудің теріс ролін құзырлық
тәрбиенің пропедевтикалық кезеңі ретінде басты орынға қойды. Осы идеяны
дамыта отырып, ол бала бойындағы теріс қылықтар уақыт өте келе өсіп, оның
еркіне қоғамды қарсы қоюы мүмкін деп ойлады. Осылайша, бағыдыру жолымен
тәртіпсіздікті жоя отырып, баланы қазіргі жағдаймен байланыста дамытып,
тәрбиеші болашақты, баланың жан-дүниесінің келешегін және осымен бірге
қоғамның қамын ойлауды назарға алады.
Педагогикалық теория мен практика үшін жаңа тақырып – тәрбиеленушіні
тәртіпке үйретуді құзырлық тәрбиеге кіріспе кезең ретінде шеше отырып, И.Ф.
Гербарт оны жүзеге асыру кезінде қорқыту, бақылауда ұстау, еріксіз істету
секілді мәжбүрлеуші педагогикалық ықпал етуші әрекеттерді пайдалану қажет
деген пікірді жақтады. Бірақ, осылай дей отырып, ол балаларды тәртіпке
үйрету оларға деген сүйіспеншілікпен жұмсартылып отыруы қажет, ал
басқарудың өзі олардың балалық бірбеткейлігін жоюға көмектесуі керек деп
атап көрсетті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.Ф.Гербарттың балаларды басқару туралы
идеяларының бір жақты баяндалуы нәтижесінде оның еңбектерін авторитарлы
тәрбиені жақтаушылар, оның ішінде, әртүрлі елдердің және сонымен бірге
Ресейдің үкіметтік шенеуніктері оқушыларды тәртіпке үйрету шаралырының
жүйесін жасау үшін пайдаланды.
Педагогикалық ықпал ету құралдарын қарастыра отырып, И.Ф. Гербарт олар
ешқашан бала тарапынан қарсылық туғызбауы керек деп ескертті. Баланың
бағынуын ол алғашқы ерікті түрде мойынсұнуы деп түсіндірді. Оның тәрбие
процесінде тәрбиеленушілерді бағындыру мақсатында қолданатын құралдарының
мәні осындай болды. И.Ф. Гербарттың айтуынша балаларды ұйымшыл түрде
басқару дұрыс тәрбиелеуге жол ашады.
И.Ф. Гербарт баланың түсініктері оның тұлғалық қасиеттерінің қайнар
көзі деп санады, себебі, олардың ассоциативті өзара әсерлері, ойлауды, ерік
пен эмоцияны қоса отырып, адамның психикалық іс-әрекетінің бастауы болып
табылады. Бұдан оқыту және оның нәтижесі болып табылатын ақыл-ойдың дамуы
тұлға мінезінің қалыптасуының негізгі құралы.
Нақты айтқанда, И.Ф. Гербарт педагогикаға алғаш рет тәрбиелей оқыту
терминін енгізді, осылайшы ұзақ уақыт жалғасқан педагогикалық пікірлер
жарысын тұжырымдады.
Оның осы идеялары сол кездің аса ірі педагогтары – Германияда А.В.
Дистервег, Ресейде К.Д. Ушинский тарапынан қолдау тапты.
Тәрбиелеуші оықту жайындағы ойларын айта отырып, И.Ф.Гербарт оқыту
логикасын тәрбиелеу логикасымен ұштастыруға тырысты. Осыған байланысты ол,
оқыту екі бағытта қатар жүруі керек деп санады. Осылайша, И.Ф.Гербарт
тәрбиелей оқыту теориясын тәрбиелеу мен оқыту ұқсас және өзара
диалектикалық тығыз байланысты болуымен түсіндіруге тырысты.
Тәрбиелей оқыту идеяларының біржақты психологиялық кемшіліктері болуына
қарамастан, оның негізгі жетістігі И.Ф.Гербарттың адамның жан-дүниесі мен
өмірін біртұтас зат ретінде түсінуге тырысуын айтуға болады. Бұл жерде ол
адамның дамуы жан-дүниесінен басталатындықтан, психологиялық бастауларға
сүйенді. Оның барлық дидактикалық зерттеулері осы бағытта жалғасын тапты.
И.Ф.Гербарттың тәжірибелік психологиясы және оның тәрбиелей оқыту идеялары
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында мектептегі тәрбиенің теориялық
негіздерін жасау жолында аса ірі бағыттардың бірі болды деп айтуға толық
негіз бар.
И.Ф.Гербарт дидактикасының басты сұрақтарының бірі – оған дейін
Я.А.Коменсикй, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо оқытудың қажетті шарттарының бірі ретінде
зерттеп келген оқу процесіндегі қызығушылықтың ролі болып табылады.
И.Ф.Гербарт оның табиғатын ашып беруге тырысты. Оның ойынша қызығушылықта
іс-әрекеттің бастауы, ішкі белсенділік шоғырланады, осының арқасында
тануға, білуге деген ынта-жігер пайда болады.
Авторитарлы тәрбие теориясы орта ғасырлардың өзінде-ақ қалыптаса
бастады және қазіргі кезде де оның кейбір өзгерген түрлері өмір сүріп
келеді. Бұл теорияның танымал өкілдерінің бірі неміс педагогы И.Ф.Гербарт
болды. Ол баланы тәрбиелеуді оны басқарумен ұштастырды. Бұл басқарудың
мақсаты – баланың дөрекі қылықтарын басып-жаншу болып табылады. Баланы
басқару оның қазіргі уақыттағы жүріс-тұрысын айқындайды, сыртқы тәртібін
бақылауда ұстайды. Баланы үнемі қатаң бақылауда ұстау мен оған бұйырып
отыруды Гербарт басқару тәсілдері ретінде пайдаланды.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары біздің елімізде де авторитарлы білім беру
жүйесі толық қалыптасты. Ол баласыз педагогикалық теория мен іс-
тәжірибеге дәлел бола алады. Педагогикалық процестің мұндай моделі,
өкінішке орай, әлі күнге дейін сақталып отыр.
Энциклопедиялар тарихында авторитарлы педагогика түсінігі алғаш рет
Жаңа орыс энциклопедиясында пайда болды. Оған шолу жасайтын болсақ, былай
деп түсініктеме береді: Авторитарлы педагогика – оқушылардың мұғалімге,
тәрбиешіге және ата-анаға мінсіз бағынуын негізе алатын білім беру мен
тәрбиелеу процестерінен құралған педагогикалық жүйе. Балалардың өз бетінше
әрекет етуін басып-жанши отырып, авторитарлы педагогика олардың
бастамашылдығын шектейді, тұлғалық жеке қасиеттерінің дамуына және ересек
өмірде жеке шешім қабылдау қабілетінің ұшталуына кедергі жасайды. Табиғи
тәрбиелеу, еркін тәрбиелеу, демократиялық тәрбиелеу, достастық педагогикасы
және т.б. авторитарлы педагогикаға қарама-қайшы бағытта қалыптасқан.
Авторитарлы бағыттағы педагогиканың ең басты мәселесі – тәртіп. Мұндай
оқытудың негізгі шарттары мыналар – оқушы оқуға міндетті, оқушы тыңдауға
міндетті. Сондықтан педагогикалық процесс диктантқа ұқсап кетеді. Балаларға
тек қана білім емес, олардың барлық өмірі қатаң түрде нұсқалады. Мектептің
санды баға түріндегі есебі оқушылар жұмысының сапасын анықтаушы басты өлшем
болып қалды.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар білім алатын оқушылардың
мүмкіндіктерін, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын есепке
алмай жасалды. Оқыту мәтінінің іш пыстырарлығы, үй тапсырмаларының
қиындығы, өз ойларын айта алмауы оқушылардың мұғалімге, мектепке, мектеп
өміріне деген жек көрушілік сезімін қалыптастырды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзінің барлық мектептері мен
педагогикада айтарлықтай өзгерістер басталды. Бұған білім көлемінің өсуі,
тәжірибе мен біліктің артуы, бала табиғатын зерттеудің нәтижелері, алдыңғы
қатарлы оқу орындарының тәжірибесі ықпал етті. Педагогикалық орталықтар
саны өсті, педагогтардың ұлттық және халықаралық көлемдегі қарым-
қатынастары көбейді және күшейді. Білім беру жүйесі қатаң сынға алынды.
Мектеп ескірген, өндірістің, ғылым мен мәдениеттің деңгейіне сәйкес
келмейтін, өсіп келе жатқан сапалы білімге құмар ұрпақтың қажеттіліктеріне
жауап бере алмайтын орын ретінде сыналды. Білім беру мен педагогиканы
жаңартуға деген қажеттілік өзекті мәселеге айналды. Көптеген алдыңғы
қатарлы мемлекеттер білім беруді қайта құру мен педагогиканы жаңартуды
ұлттық мәселе ретінде қарастырды.
Бұрын мектептерде үстемдік құрып келген гербарттық және спенсерлік
оқыту бағыттарына барлығы күмәнмен қарай бастады. Негізінен ойлау
мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық процесті қатаң
басқарудан тұратын бұл концепциялар оқыту мен тәрбие беру барысында
мұғалімнің ролін бірінші орынға қойды. Мұндай тәсіл толық білімнің шектен
тыс интеллектуалдануына әкеліп соқтырды, оқу процесіне авторитарлы
араласуды тудырды, оқушылардың бастамашылдығын шектей отырып, олардың өз
бетімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін шектеді.
Шынын айтқанда, ұзақ уақыт бойы педагогикада толық қалыптасқан тәрбие
әдістерінің жүйесі болған жоқ. Бірақ уақыт өте келе тәрбие процесін жүзеге
асырудың жекелеген әдістері қалыптаса бастады. Кейбір педагогтар балалар
жабайы қылықтармен туылады, сондықтан олардың мұндай қылықтарын тәрбие
процесінде педагог беделінің күші мен әртүрлі педагогикалық әсер ету
шараларымен басып тастау қажет деп санады. Жоғарыда аталған неміс педагогы
Иоганн Гербарт та осындай идеяларға сүйенген болатын. Авторитарлы тәрбие
туралы алғашқы ғылыми ой-пікірлерді айтқан сол болғандықтан, авторитарлы
педагогиканың негізін салушы ретінде танылады. Негізінде ол мұғалім мен
оқушы арасында өзара достастық қарым-қатынас орнатылса авторитарлы
тәрбиенің баланың интеллектуалды ойлау қабілетінің тез дамуы секілді тиімді
жақтарын түсінді, бірақ бұл әдісті жоғарғы сыныптарда немесе жоғарғы оқу
орындарында қолдану керек деп ойлады. Ал оның ойынша төменгі және ортаңғы
сыныптарда тәрбие жүргізуді ескертпелер, нұсқаулар мен бұйрықтар, жазалау
мен талқылау секілді әрекеттерді арнайы журналға тіркей отырып жүзеге
асыру қажет.
Ресейде бұл әдістемені Н.А.Миллер-Красовский белсенді қолдады. Ол осы
әдістемені жақтай отырып, 1859 жылы Тәрбие заңдары (Законы воспитания)
атты кітабын шығарды. Адамдарда туылғаннан бастап жақсылыққа бейімділік пен
жамандыққа бейімділік болады, деп жазды ол. Туа біткен теріс қылықтарына
қарсы әртүрлі жазалау мен бағындыру шараларын қолдану арқылы мораль
талаптарына сай етіп қалыптастыруға болады деген пікір айтты.
Кеңес Одағы кезінде профессор Н.Д.Виноградов та авторитарлы тәрбиені
жақтады. Ол да баланы теріс қылықтары мен жабайы әрекеттерін басып-жаншу
арқылы ғана тәрбиелеуге болады деп санады. Осының негізінде ХХ ғасырдың 20-
жылдарында ол педагогикаға педагогикалық ықпал ету шараларын енгізді.
Авторитарлы тәрбиенің Америкадағы танымал өкілдерінің бірі – Джон
Добсон. З.Фрейдтің ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас оның басқа
адамдармен қарым-қатынасына негіз болатыны туралы идеясын пайдалана отырып,
Дж.Добсон өз беделі үшін тынымсыз күресуге кеңес береді. Оның айтуынша
қарым-қатынас жасаудың ең үлкен мүмкіндігіне жазалау арқылы қол жеткізуге
болады. Ғалым өз сөзінде оқушыларға басшылық керек екенін айта отырып,
авторитаризмнің қажеттігіне көптеген дәлелдер келтіреді. Және осыған
байланысты авторитаризмді пайдалану шекарасын түсіну қажеттігі пайда
болады. Бұл жерде авторитаризмнің көмегімен не істеуге болатынын, не
істеуге болмайтынын, оның барлық мүмкіндіктерін түсініп алу қажет.
Әр түрлі авторлар авторитаризмнің алуан түрлі сипатын атап көрсетеді.
М.Ю.Кондратьев, Л.М.Фридман, И.Ю.Кулагина, Н.Ф.Маслова, К.Г.Митрофанов және
басқалар авторизмді мұғалім мен тәрбиеленушінің арасындағы қарым-қатынас
деп сипаттайды.
М.Ю.Кондратьев,педагогикалық іс-әрекетті талдай отырып, автористтің
келесі сипаттық ерекшеліктерін атап көрсетеді: жетекшілік пен бағындыру
ұстанымын иеленген педагог тұтас сыныптың өміріне қатысты барлық мәселені
жалғыз өзі шешуге, өз ойынша ғана әр нақты мақсатты анықтауға, кез-келген
тапсырманың шешілуін қатал бақылауға және қол жеткен жетістіктерді
субьективті бағалауға ұмтылады.
М.Ю.Кондратьев авторитарист-педагогтың оқушыға деген көзқарасы тәрбие
ықпалының обьектісіне деген көзқарасқа ұқсас болады деп санайды: баланы
бағалағысы, оның тұлғалық ерекшеліктерін ерекшелегісі келмеуі осыны
дәлелдейді.
Л.М.Фридман и И.Ю.Кулагина авторитаризмді басшылық-бағындыру байланысы
ретінде сипаттайды. Қарым-қатынастың бұл стилінде, авторлардың ойынша, оқу
процесіне де, оның нәтижелеріне де бағдарланады. Мұғалім оқу-тәрбие
процесін саналы түрде жоспарлайды, барлық оқу материалын кезең-кезеңімен
қайталайды, оқушылардың білімін бекіту, қайталау және бақылау сияқты
маңызды факторларды қалдырмайды. Мұғалімнің іс-қимылы жоғары оперативті,
бірақ рефлексивтілікке қарағанда интуитивтілік басым. Мұғалім оқушыларды
сыртқы белсенділіктері арқылы емес, пәннің ерекшеліктерімен қызықтыруға
тырысады. Мұғалім сабақтағы кез-келген өзгеріске сезімтал, тұлғалық жағынан
мазасыз, бірақ оқушыларға қатысты дәлдікке ие. Л.М.Фридман и И.Ю.Кулагина
авторитарист пәнді мәңгілік және өзгермейтін ақиқат деп білетін пәнге деген
ерекше байланыстылығын атап өтеді. Авторлардың айтуынша, педагог-авторист
өз іс-әрекетінің нәтижесіне қатысты эмоционалды мазасыз болып келеді.
Н.Ф.Масловатың айтуынша, мұндай педагог оқушы туралы түсінікке,
абстрактілі талаптарға сүйене отырып, тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмай-
ақ онымен жекпе жек жұмыс істейді. Оған функционалды-іскерлік және
ситуативті әдістер тән. Н.Ф.Маслова күрт байқалатын мінез-құлықты, бағалау
мен жүріс-тұрыстағы стереотиптілікті, таңдаушылық пен субьективтілікті
авторитаристтің сипаттық ерекшеліктері деп санайды.
К.Г.Митрофанов тұлға мен оның іс-әрекетінің бөлінбейтіндігін
авторитаризм деп санайды. Оның ойынша педагог өз қызметін іс-әрекеттерінің
мазмұнын түсінбей отырып, өзін субьект ретінде бөлмей жүргізеді. Мұғалім
шеттетілген, өз тұлғасының ерекшеліктерін жойған қызметкер болып қана
қалады. Ол тек істеуге болатын нәрсені ғана істейді. Бұл түрге тән жабықтық
басшылық-бағыну байланысының сипаттық ерекшелігі болып табылады.
К.Г.Митрофанов мұғалім-авторитаристтің көп жағдайда өз құқықтары
шектелгендігін, оқушыларға ықпал етудің нақты механизмі жоқтығын айтып
шағымданатынын атап көрсетеді. Осындай мұғалімдер көп жағдайда жаңа жазалау
мен мәжбүрлеу шараларының егізілу қажеттігін айтады. Олар оқушылар мен
ұжымдастарын теріс бағалауға бейім. Бірлескен іс-әрекеттің мұндай түрін
жүзеге асырушы мұғалімдер көбінесе оқушыларды түсінуге, оларға мүмкіндік
беруге тырыспайды. Бұл ерекшеліктер оларды шеттеп қалған педагогтарға
қосады. Бірақ алғашқыларына қарағанда, олар үшін мектеп қандай да бір
себептермен маңызды, олар ұжымдастары мен басшылықтың мойындағанын қалайды.
Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, олар педагогикалық ұжымда бөтен адамдар
болып саналады. Бұл оларды оқушылар алдында беделді болуға итермелейді.
Бірақ, К.Г. Митрофановтың айтуынша, авторитарлы-монологтық стильді
ұстанушы мұғалімдер өз орталарында мінезді, қиын тағдырға ие, әр түрлі
құбылыстар мен оқиғаларға қатаң тіршілік ережелерімен қарыйтын адамдар.
Олармен тең дәрежеде сөйлесу қиын, олар үнемі өздерінің басымдықтарын
көрсеткісі келеді, үлкеннің ролін иеленеді. Мұндай мұғалімдер билік
тарапынан берілетін дидактиканың құнды екеніне сенімді, ақиқатқа ие болауға
тырысады. Өзіңді ақиқаттың иесі ретінде сезіну – маңызды және құнды, ал
саған ғқалай бағынып, әміріңді орындап жатқанын көру мұндай педагогтар үшін
бәрінен де маңызды.
К.Г. Митрофанов авторитарлы әрекетті педагогтың ерекше психологиялық
күйі ретінде сипаттайды. Бұл жерде ол педагог-авторитаристтің баланы сезіне
алатынын, оны түсініп, жағдайды дұрыс бағалау арқылы оны қажетті бағытқа
бейімдей алатынын көрсетеді.
Р.Берне де педагогтардың өздерін жақсы көрмейтін балаларға деген теріс
әрекетін көрсете отырып, осыған ұқсас психологиялық ерекшеліктерді бөліп
қарастырады. Оқушыларға босаңсуға мүмкіндік бермеу үшін кез-келген әдісті
пайдаланып, қиындықтар туғызып отыру.
Мұндай мұғалім оқушыларда өз қателіктері үшін кінәлілік сезімін тудыра
отырып, оларды оқуға бағыттайды, оқу процесін бәсекелестік күрес негізінде
жүргізеді. Ол оқушыларды ересек өмірдің қатал шындығымен бетпе-бет
жолықтырып отырады, сабақта қатаң тәртіп орнатуға тырысады, оқушыларды
кінәлілігіне қарай жазалау деңгейін күшейтеді. Сонымен қатар, Р.Берненің
ойынша, өз жұмысын ұнатпайтын, кәсіби тұрғыдан салақ мұғалімдер осы
сезімдерге сай атмосфераны сыныпта да қалыптастырады.
Олар өздерін көбіне тым қатал, авторитарлы ұстанады, сабақта оқушылар
қабілетінің тежелуіне одан соң ересек өмірдегі әлеуметтік пассивтілігіне
жағдай жасауға тырысады.
В.С.Каган авторитарлы педагогика қарсылықты жүріс-тұрысты туындатады
деп атап көрсетеді. В.Л.Леви өзінің көпжылдық психотерапевтикалық
тәжірибесіне сүйене отырып, қорғаныс жүріс-тұрысын жинақтау әсерін
күшейтеді. Бұл өз кезегінде мінез-құлықтың тұрақты сипаты болып табылады.
И.Акимов, В.Клименко авторитаризмді педагогтың басшылық-бағыну
ұстанымын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің ерекше
мақсаттарға және құралдарға ие түрі ретінде сипаттайды. Авторлар мұндай іс-
әрекеттің нәтижесі педагог ұсынған үлгінің дәл көшірмесі болатынын баса
айтады. Авторлар мұғалімдерді жеті түрге бөледі: негізін қалаушы,
скульптор, түзетуші, бағбан, тұқым себуші, толтырушы, от жағушы. От
жағушыдан басқа аталған барлық педагог типтерінде баламен байланыс болады,
оны басшылық-бағыну байланысы ретінде сипаттауға болады. Авторлар
оқушылардың үш тобын бөліп қарайды: шығармашылдар, тұтынушылар және құлдар.
Осыған сйкес мұғалімдерді де үшке бөледі: шығармашылдар, тұтынушылар және
құлдар.

1.2 Авторитарлық тәрбие бағытының тұлға қалыптасуына психологиялық
әсері

Тәрбие жүйесі тұтас бір кешен болып табылады. Оның құрамына тәрбиенің
мақсаты, тәрбие процесінің қатысушылары – балалар және осы мақсаттарға жету
бойынша әрекеттерін жүзеге асыратын педагогтар, тәрбиені ұйымдастырудың
әдістері мен тәсілдері кіреді. Ал тәрбие жүйесін ең үлкен екі тармаққа
бөледі: авторитарлы және гуманистік (1- сурет). Авторитарлы тәрбиелеу
концепциясы жоғарыдағы тақырыптарда айтылғандай, тәрбиеленушіні мұғалімнің
еркіне бағындыруға негізделген. Осының нәтижесінде балалардың белсенділігі,
тұлғалық қабілеттері, шығармашылық бастамалары мен өзінідік әрекет етуге
деген сенімдері жоғалады. Ал басқа салдарлары жасырын конфронтацияның
дамуымен, табиғатынан күшті тұлғалардың күйреуімен, әлсіз балалардағы
еріксіздіктің, бағыныштылық пен әлсіздіктің дамуымен байланысты.
Ал жалпы алғанда, махаббат, бауырмалдық, достық секілді жалпыадамзаттық
сезімдердің жойылуы, олардың орнына адам бойында құлдық сезім мен құлдық
берілгендік сезімдердің қалыптасуы авторитарлы тәрбиенің ең көлемді
салдарлары болып табылады.
Авторитарлы тәрбиенің пайда болуының екі негізгі тамырына шолу жасауға
болады. Біріншісі тоталитарлы-авторитарлы саяси режим билігі жағдайындағы
қоғамның әлеуметтік құрылымымен байланысты. Қоғамда мемлекет мақсаттарын
жеке тұлға мақсаттарынан жоғары қоюға бағытталған тұрақты тенденциялар
дамыған кезде авторитарлы тәрбие жүйесі өздігінен пайда бола бастайды деуге
де болады.

1-сурет. Тәрбиенің негізгі бағыттарының психологиялық салдарлары.

Авторитарлы тәрбие өзінің барлық әдістерімен конформизмнің барынша
дамуына жол ашады. Конформизм дегеніміз тұлғаның өз сенімдерін,
құндылықтарын билікте отырған әлеуметтік таптың немесе белгілі бір адамдар
тобының қалауына сай етіп өзгертуге, қайта құруға бейімділігі. Қарапайым
сөзбен айтқанда, адамдардың ерік-жігерлерінің пассивтенуі болып табылады.
Сонымен қатар, нағыз конформизм бағынуды ашық көрсету немесе жағымпаздық
бола алмайды. Шын мәнінде, ішкі конформизм адам тұлғасының қайта
құрылуымен, оның бойында сәйкес сенімдердің пайда болуымен байланысты.
Адамның өзіндік құндылықтары мен көзқарастары фрейдтік теорияға сәйкес
сананың көлеңкесінде қалып қоюы осындай түрдегі конформизмнің маңызды
аспектілерінің бірі болып табылады. Осының салдары ретінде адамда қос
сана қалыптасады, әсіресе, екінші басып-жаншылған сана оны көптеген
сәтсіздіктерге ұшыратып, өмірін қиындатады. Оруэлдің 1984 атты кітабында
тамаша сипатталған қос сананы осыған дәлел ретінде айта кетуге болады.
Конформизм тақырыбы бізді авторитарлы тәрбиенің пайда болуының екінші
түпкі себебін қарастыруға әкеп соқтырады. Бұл себеп адамдар психикасының
даму заңдарымен байланысты. Дәлірек айтатын болсақ, бала өз өмірінің
алғашқы жылдарында конформды іс-әрекеттің кейбір белгілерін көрсете
бастайды, бұл оның бағынышты жағдайымен, ата-аналарының қимылдарын көшіріп
алуға бейімділігімен, қарым-қатынас ережелерін игеруімен, әртүрлі
жағдайларды бағалауға тырысуымен байланысты. Мұндай жүріс-тұрыстың
психологиялық негізі баланың жоғары сенгіштігімен, жүйке процестерінің
әлсіздігімен сипатталады.
Баланың жасының өсе келе дағдарысқа ұшырауының басты себебі оның
психикасының конформизм жағдайынан шығуға талпынуы болып табылады. Шынында
да, баланың жүріс-тұрысы айқын неконформистік болып табылады. Ол үлкендерді
тыңдауды қояды, бағушылық сезімі жоғалады, ашушаң және ызақор бола
бастайды, ешкімге бағынбай жағымсыз қылықтарға жол беруге бейім тұрады. Бұл
кезде бала нонконформизм жағдайына ауысады деп саналады. Бұл оның
үлкендердің айтқандарына барлық жағдайларда қарсы келуге ұмтылуынан, не
болса да теріс көзқарасты дәлелдеуге тырысуынан көрінеді. Тұрмыстық
деңгейде баланың мұндай әрекеттерін ақ десең қара, қара десең ақ дейді,
жын ұрғандай өзгерді деген сөздермен сипаттап келтіруге болады.
Конформды және нонконформды іс-әрекеттердің бір мезетте пайда болуы
жасөспірім және мектеп жасындағы балалардың мінездерінің сипаттық
ерекшеліктері болып табылады. Нонконформды жүріс-тұрыс отбасылық топпен
(ата-анамен, үлкен туыстарымен) және ересектермен қарым-қатынасында, ал
конформды жүріс-тұрыс өзі санасатын құрбыларымен, жолдастарымен қарым-
қатынасында көрініс табады. Бұл жерде баланың өз құрбы-құрдастарының тобына
тәуелділігі жоғары болғандықтан, оны олардан ажыратып алу, немесе еркінен
тыс басқа мектепке көшіру кезінде бала ауыр психологиялық травма алады.
Сонымен қатар, жасөспірім өсе келе оның бойындағы конформды және
нонконформды жүріс-тұрыс элементтері жас кезеңдеріндегі дағдарыстарға қарай
бірін-бірі алмастырып отырады. Осының нәтижесінде жасөспірімнің мінезін
обьективті бағалау ата-аналар үшін ғана емес, тәжірибелі тәрбиешілер үшін
де қиын міндетке айналады.
Жасөспірімдер бойындағы конформизмді түзетудің әдістері қандай?
Жоғарыда айтылғандардан байқағанымыздай, бұл жерде авторитарлы тәрбие
әдістерінің тиімділігі мүлдем төмен. Тиым салулар мен бұйрықтар қажет емес
тенденцияларды дамытуы мүмкін. Нәтижесінде жасөспірім криминалды, теріс
құқықтарға ие, әлеуметтік қауіпті топтарға қосылып кетуі мүмкін.
Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін гуманистік тәрбие әдістерін белсенді
пайдалану қажет. Бұл әдістің негізгі ережелері Қайта өрлеу дәуірінде-ақ сол
кездегі авторитарлы тәрбиенің жалпы қабылданған догмаларының негізінде
қалыптасты. Тәрбиенің гуманистік негіздерінің пайда болуы оқу дегеніміз
міндеттілік принципінен жұмсақ қол принципіне өтуіна, баланың
қызығушылықтарына, өзіне немесе басқаларға саналы және сыни көзқарасының
принциптеріне, моральды қолдап қуаттауға байланысты болды.
Конформизмді (және гипертрофиялы нонконформизмді) гуманистік тәрбиенің
заманауи әдістерінің көмегімен жою тіршілік жағдайларының анализіне, сана-
сезім тәрбиесінің жүйелік тәжірибесіне, балаға немесе жасөспірімге деген
сыйластық қарым-қатынасқа, өзіндің ойлауларын дамытуға негізделген. Шын
мәнінде, гуманистік тәрбие әдістерін пайдалану жастардың өмір сүру деңгейі
олардың қабілеттеріне, біліміне, қиын жағдайларда бағдарлана алу
қабілетіне, адамдармен тіл табыса білуіне байланысты болып отырған қазіргі
қоғам жағдайында баламасы жоқ таңдау болып табылады.
Сонымен, авторитарлы тәрбие балаларды басқаруға бағытталған қатаң
тәртіппен, тұрақты бақылаулармен және үлкен көлемдегі шектеулермен
сипатталады дейік. Осының нәтижесінде балалардың сана-сезіміне ата-аналар
тарапынан да, ұстаздары жағынан да үлкен қысым түседі.
Осыған қарамастан, кейбір танымал педаготар авторитарлы тәрбиені аса
тиімді деп санайды. Авторитарлы тәрбие стилін қолдану ғылыми ортада әрқашан
қызу пікірталастар туғызып келді.
Бірінші топтың айтуынша, ол тәртіптілік пен ұқыптылыққа үйретеді,
екіншілерінің айтуынша, авторитарлы тәрбие балалардың психикасында
ауытқулар туғызады. Ендеше, авторитарлы тәрбиенің пайдалы және зиянды
жақтарына өзіміз талдау жасап көрейік.
Отбасы адамзат қоғамының бөлінбес әлеуметтік құрамы болып табылады. Ата-
аналар мен балалар отбасының маңызды бөлігін құрайды және олардың қарым-
қатынастары баланың дені сау болып дамуын анықтайтын көрсеткіш болып
табылады.
Бала сонымен қатар, мектеп қабырғасында да тәрбие алады. Бұл жерде оның
тәрбиесіне ұстаздары және құрбы-құрдастары ықпал ететін болады. Ата-ана
болу немесе ұстез болу – бала тұлғасының тұтас дамуы мен тәрбиесі бойынша
жекелеген міндеттерді өз мойнына алу деген сөз.
Психологтар тәрбие процесін көптеген тармақтарға жіктеді. Бәріміз
білетіндей, тәрбие баланың ақыл-ойы мен психикасының дамуына терең әсер
ететін күнделікті ауыр педагогикалық жұмыстар болып табылады. Егер ата-
аналар мен ұстаздар өзінің ойындағысын істету үшін балаға ықпал етуге
барынша тырысатын болса, онда бала мұндай тәрбиеден зиян шегуі мүмкін.
Әдетте, авторитарлы тәрбие стилін ұстанатын ата-аналар мен ұстаздар
балалардан олардың жетістіктері мен көңіл қалауларын қанағаттандырмай,
елемей отырып, көп нәрсені талап етеді. Соған қарамастан, ол ата-аналар мен
ұстаздарбалаға жақсы жағдайлар жасап береді. Бірақ, олар өз ережелерімен
және принциптерімен қатал болып көрінеді. Әсіресе, авторитарлы ата-аналар
өз балалары үшін абсолютті диктаторларға айналады.
Авторитарлы тәрбиені жақтаушылар оның көптеген тиімді жақтары жайында
жар салып айтуда. Олардың айтуынша олардың айтуынша, авторитарлы стильді
ұстанатын ата-аналардың балалары тыңдайтын, жауапты болып өседі, өйткені
қатаң тәртіп және ауыр жұмыс жағдайында өсіп жетіледі.
Бұл жерде де белгілі бір дәрежеде шындық бар. Бірақ, авторитарлы ата-
аналар өз балаларының толық қалыптаспаған, дамымаған тұлға екендігін ұмытып
кетіп жатады. Авторитарлы ата-аналар да өз балаларын күмәнсіз сүйеді.
Алайда, олар махаббат пен көзсіз махаббат арасындағы нәзік шекараны
ұмытып кетіп отырады. Балалардан қарсылықсыз бағынуын талап ете отырып,
олар баланың дамуына кедергі жасайды.
Авторитарлы тәрбиенің теріс жақтарының бірі – ол баланың еркін
ойлауының даму мүмкіндіктерін шектейді. Балалар өз қалаулары мен талап
–тілектеріне тәуелсіз түрде ата-аналарына барлық жағынан бағынуға мәжбүр
болады. Бұл баланың бойында төмен өзіндік баға, сенімсіздік пен
мейірімсіздік секілді теріс тұлғалық сапаларды қалыптастырады.
Егер ата-аналар баланы тыңдамаса, оның пікірі және көзқарастарымен
санаспаса, онда бұл әрекеттері әлі толық қалыптаспаған тұлғаға қатты қысым
ретінде әсер етеді. Егер бала ата-анасы талап ететін нәрсені істей алмаса,
қатаң жазаланады немесе осындай салдарларға ұшырайды. Іс жүзінде
авторитарлы тәрбиенің негізгі құралы жазалау арқылы қорқыныш ұялату болып
табылады және мұны тиімді тәсіл деу мүлдем қате пікір.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз
тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын
педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-
əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына
негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда;
1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық
сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары
қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру,
айыпқа сай талап қою.
Жалпы алғанда, мұның бәрі баланың психикасының бұзылуына әкеп
соқтырады. Оны әлсіз етеді және өзін үнемі кінәлі снап жүретін болады.
Авторитарлы тәрбиенің әсерінен бай отбасынан шыққан балалардың өзі де қадір-
қасиетін жоғалтып жатады.
Авторитарлы тәрбиенің салдарлары негізінен есейген кезде байқалады.
Мұндай тәсілмен тәрбиеленген балалар өзіндік шешім қабылдап отыруды талап
ететін жұмыстардан қашатын болады. Сонымен қатар, бала зиянды әрекеттердің
құрбаны болуы да мүмкін. Кең көлемдегі шектеулер балалардың қарсылығын
тудырып, нәтижесінде олар өздерін тиым салынған әрекеттерді жасауға
ұмтылатынын түсінуіміз қажет.
Есейіп, ақыл-ойы кеңейе келе авторитарлы отбасынан шыққан балалар өз
ата-аналарына қарсы шығады. Бұл олардың өз отбасынан безуіне ғана емес,
көптеген ауыр психологиялық мәселелерге әкеп соқтырады. Физикалық немесе
материалдық жағынан болмаса да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық тәрбиенің теориялық аспектілері
Мұғалім мен оқушылар арсындағы қатынас
Отбасылық қатынастардың негізі - неке
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы
Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу
Экономикалық тәрбие беру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі
Пәндер