«Сервир Компании» ЖШС-нің негізгі құралдарының есебі және оның тиімділі пайдалануын талдау


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1. Нарықтық жағдайдағы негізгі құралдар есебінің теориялық негіздері . . . 9

1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні . . . 9

1. 2 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау . . . 12

1. 3 Негізгі құралдардың амортизациясы мен құнсыздануын есепке алу . . . 16

1. 4 Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттық рәсімдеу . . . 24

2. «Сервир Компании» ЖШС-нің негізгі құралдарының есебі және оның

тиімді пайдалануын талдау . . . 26

2. 1 «Сервир Компании» ЖШС-нің негізгі экономикалық сипаттамасы . . . 26

2. 2 «Сервир Компании» ЖШС-нің негізгі құралдарының есебін

ұйымдастыру . . . 28

2. 3 «Сервир Компании» ЖШС-нің негізгі құралдарының есебі . . . 30

2. 4 «Сервир Компании» ЖШС-нің негізгі құралдарын тиімді пайдалануды талдау . . . 40

3. Негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары . . . 53

3. 1 Негізгі құралдардың есебін жетілдіру бағыттары . . . 53

Қорытынды . . . 56

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісіне ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құраладары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруышылық құрал - саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды атады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигвтельдер, құрал-саймандар, өлшеуіш апаптар және тағы басқалары жатады. Өірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және таға да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құраладар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқалар салалар бойынша топталады.

«Негізгі құралдары» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Әр субьектінің ұзақ мерзімді активтері меншік формалары мен қызмет түрлеріне тәуелсіз негізгі капиталды құрайды және келесілерден тұрады: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар.

Ұзақ мерзімді активтерді тиімді басқару олардың есеп методикасын нақты анықтауды білдіреді. Ұзақ мерзімді активтердің негізгі құраушысы болып негізгі құралдар табылады. Сондай-ақ, көптеген кәсіпкерлік ортада қызмет ететін кәсіпорындардағы активтердің басты бөлігін негізгі құралдар құрайды. Олар туралы ақпарат кәсіпорынның іс-әрекет нәтижелері мен қаржылық жағдайының сипаттамасы үшін маңызы зор. Әсіресе, 16 ХҚЕС сәйкес қаржылық есепті құрастыратын ұйымдарға қатысты. Негізгі құралдарға салынған салымдардың тиімділігін, олардың ұдайы өндірісі мен эксплуотациясының талдауын бағалау кезінде келесі принципті ережелерге негізделу қажет:

  1. Негізгі құралдардың функционалды пайдалылығы бірнеше жыл бойы сақталады, сондықтан оларды иелену мен эксплуатация бойынша шығындар уақытпен бөлінген;
  2. Негізгі құралдардың заттық алмастыру (жаңарту) кезеңі құндық орнын басу кезеңімен сәйкес келмейді, ал бұл пайдалы қызмет мерзімін қайта қарастыру қажеттілігіне әкеледі;
  3. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі олардың түрлеріне, өндіріс процесіне қатысу сипатына, қызметтеріне байланысты әр түрлі бағаланады. Негізгі құралдар субьект қызметінің тек қана өндірістік емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрмыстық сферасына қызмет көрсететіндіктен, оларды пайдалану тиімділігі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқадай факторлармен анықталады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп шаруашылық операциялардың қарапайым тіркелуі мен есеп жүргізу шеңберінен тыс шығады. Кәсіпорындарда шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі - шаруашылық есеп. Оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Іс өміріне тартылғандардың барлығы бухгалтерлік есептің терминдерін дұрыс пайдалануға, алынған нәтижелердің шаруашылық қызметтің жағдайымен байланысын қадағалап, бухгалтерлік және қаржылық құжаттарды еркін оқуға міндетті. Экономиканы нарықтық қатынастармен қалыптастыру жағдайында қатаң есеп пен бақылаусыз материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды рационалды пайдалануын ұйымдастыру мен олардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Жалпы кәсіпорында және құрылымдық бөлімшелерінде есептің ұйымдастырылуына байланысты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты өндіріс үдерісіне ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарының бағалануын және жіктелуін, құнсыздануын есепке алу, аудит жүргізу, талдау сонымен қатар жетілдіру жолдарын ұсыну.

Қазіргі уақытта бизнес интенсивті дамып жатыр. Әр бизнестің мақсаты - бұл табыс алу. Нарық жағдайында өз қаражаттарын субьектіге салған меншік иелері бұл субьектінің қызмет нәтижелеріне мүдделі болады. Бұл нәтижелерге ең әуелі ұзақ мерзімді активтерге, тауарлы - материалдық қорларға, қаржылық инвестицияларға және басқадай активтерге капитал салу пропорциялары туралы дұрыс қабылданған шешімдер әсер етеді.

Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерді рационалды пайдалану мен нормалау құрылымының, мөлшерінің, ұдайы өндіріс мәселелерінің ғылыми негізделген жұмысы (зерттемесі) шаруашылықтың материалдық - техникалық базаның кеңеюіне, жинақтар қарқынының жылдамдатуына себеп болады.

Кәсіпорындардың ұзақ мерзімді активтермен қамтамасыз етілуі өндіріс интенсивтілігінің жеткен деңгейі туралы куәландырады. Негізгі құралдардың өсуі мен жетілдірілуі оларды қолданылуының жақсаруымен бірге болуы қажет, ал бұл аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінің өсу резерві болып табылады.

Жұмыстың тақырыбы бойынша қарастырылған зерттеу обьектісі «Сервир Компании» ЖШС қарастырылады

1. Нарықтық жағдайдағы негізгі құралдар есебінің теориялық негіздері

1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні

Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды атады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигвтельдер, құрал-саймандар, өлшеуіш апаптар және тағы басқалары жатады. Өірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және таға да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құраладар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқалар салалар бойынша топталады.

Кәсіпорынның материалдық базасын өндіріс құралдарына бірігетін еңбек құралдары мен еңбек заты құрайды. Еңбек құралдары негізгі қорлар формасында есептелінеді. Құндық көріністегі негізгі қорлар бухгалтерлік есеп беру жүйесінде есептелінетін негізгі құралдарды білдіреді.

К. Маркс белгілегендей: «Еңбек құралдары адамның жұмыс күшінің дамуын ғана өлшеген жоқ, сонымен бірге сол қоғамдық қатынастардың көрсеткіші болды. Еңбек құралдарының ішіндегі еңбектің механикалық құралдары қоғамдық өндірісінің нақты кезеңінің ерекше белгілерін құрайды». Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. “Негізгі құралдарға” - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс маллдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Барлық “негізгі құралдар” өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (комуналдық) шаруашылығында, ден саулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шарушылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

“Негізгі құралдарды” халықшаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы нешізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, т. б. ) ;

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, т. б. ) ;

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, т. б. ) ;

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер; іштен жанатын двигательдер, көтергіш крандар, су өлшегіш құралдар, т. б. ) ;

г) тасымалдау құралдары (жолдаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, тракторлар және т. б. ) ;

ғ) құрал- саймандар мен жабдықтар ( шкафтар, бактар, контейнерлер, т. б. ) ;

д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, т. б. ) ;

е) жұмыс және өнім малдары

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны) ;

и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары, т. б. ) .

Негізгі құралар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы “Жалға алынған негізгі құралдар” деп аталатын шотта есптейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материлдық активтер матып алыну мақсатында қарай былай бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

б) тауарлық-материалдық қорлар;

в) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жеручаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

өндірісінің нақты кезеңінің ерекше белгілерін құрайды».

Негізгі құралдар кәсіпорынның қалыпты өндірістік - шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Қажетті негізгі құралдардың саны еңбек құралдырын тиімді пайдалану, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың алдыңғы қатарлы прогрессивті формалары есебімен жоспарлы тапсырыстан шыға, әр өндіріс бойынша анықталады.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары келесі сатылардан құралатын шаруашылық айналымын жасайды: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттарды жинау, капиталдың салымдарды жүзеге асыру жолымен ауыстыру.

Негізгі құралдардың бірнеше анықтамалары бар, солардың бірі: «Негізгі құралдар бастапқы формасы мен қасиетін сақтап, процеске ұзақ уақыт бойы қатысатын еңбек құралдарын білдіреді».

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 халықаралық есеп беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Негізгі қорлардың мәнін келесідей сипаттауға болады:

  1. Олар еңбек құралдарында заттай көрсетілген;
  2. Олардың бөліктері бойынша құны өнімге ауыстырылады;
  3. Жұмыс мерзімі аяқталғанда амортизациялық аударымдар негізінде өте алады.

Өнім өндірісіне қатынасатын еңбек құралдары өндіріс өнімі ретінде құрылады. Бірақ ауыл шаруашыығында өндіріс процесінде құрылған еңбек құралдарымен қатар өндірістің негізгі спецификалық құралы бар. Ол - жер.

Өндірістің басқа құралдарына қарағанда жер бір уақытта еңбек құралы ретінде де (өсімдікке әсер ету құралы), еңбек заты ретінде де (еңбек құрал - жабдықтарының әсер ету обьектісі) болуы мүмкін.

Негізгі қорларды талдау кезінде олар өндірістің белсенді элементі болып табылатынын белгілеу қажет. Оларды дұрыс қолдану кезінде тек қана тауарлардың пайда болуын қамтамасыз етпейді, сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайының жақсаруына негіз болады.

1. 2 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау

Негізгі құралдар халық шаруашылығының келесі салалары мен қызмет түрлері бойынша топтасады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, байланыс, құрылыс, сауда, материалдық - техникалық жабдықтау және өткізу, жартылай фабрикаттар, материалдық өндіріс сферасының қызметінің басқа түрлері, тұрмыстық - коммуналдық шаруашылық және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, ағарту, мәдениет, өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, несиелендіру және мемлекеттік сақтандыру, басқару және қоғамдық ұйымдастырулар.

Түрлер бойынша негізгі қорлардың топтасуының теоретикалық негізі К. Маркспен ұсынылған өндірістік процестегі еңбек құралдарының рөліне байланысты бөлімшесі болып табылады. Еңбек құралдарының бірінші тобы кәсіпорынның өндірісітік қуаттылығын және өндірістің техникалық жабдықталуын сипаттайтын механикалық құралдар болып табылады. Екінші тобына К. Маркс процесс жүзеге асырылуы үшін қажетті еңбек құралдарын жатқызады. Мысалы, өндірістік ғимараттар, құрал - жабдықтар, т. б. Үшінші тобына транспорттық құралдар, аппараттар және өндірістік - шаруашылық керек - жарақ (инвентарь) .

Қазіргі уақытта барлық негізгі құралдарды келесі белгілері бойынша бөлуге болады:

1) экономикалық мазмұны бойынша:

өндірістік, өндіріс процесіне тікелей қатынасады;

өндірістік емес, кәсіпорынның жарғылық қызметімен байланыспайтын;

2) функционалдық белгісі бойынша субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептің Бас жоспар шоттарына сәйкес топтасады;

3) пайдалану дәрежесі бойынша негізгі құралдар әрекет жасайтын (эксплуатацияда болатын), қор (қоймада болатын), әрекет жасайтын (белгіленген тәртіпте консервацияланған) ;

4) иелену бойынша негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті негізгі құралдар меншік құқығымен субъектіге жатады немесе шаруашылық жүргізу, оперативтік басқару құқықтарында бекітілген және баланста есептелінеді, ал жалға алынған негізгі құралдар - бұл ағымдағы немесе ұзақ мерзімді жал негізінде ақылы уақытша пайдалануға алынған активтер.

Жоғарыдағы топтастыруға келесі белгіні қосуға болады - натуралды - заттай белгісі бойынша негізгі құралдар керек - жарақты (инвентарлы) және керек - жарақсыз (инвентарсыз) болып бөлінеді. Инвентарлы негізгі құралдарға заттай мазмұны бар және айырбас пен есепке жататын (ғимараттар, құрал - жабдықтар, машиналар) обьектілер жатады. Инвентарсыз негізгі құралдарға жер, орман және су алқаптары (құрал - жабдықтардан басқа) капиталдық салымдар, яғни заттық формасы жоқ шығындар жатады.

Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріс көлеміне, еңбек өнімділігінің өсіміне тікелей әсер етпеуіне қарамастан, бұл қорлардың үнемі өсуі кәсіпорын жұмысшыларының әл-ауқатының жақсаруымен, өмірдің материалдық және мәдени деңгейінің өсуімен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсер етеді.

Негізгі құралдардың обьектісі ретінде активті танудың негізгі критериялары болып табылады:

  1. бір жылдан астам активтің жарамдылық мерзімі. Негізгі құралдардың обьектісі ағымдағы жылда толық пайдаланған материалдардан ерекшеленеді.
  2. активті сатып алудың мақсаты - белгісі бойынша субьект қызметінде пайдалану.
  3. Негізгі құралдар - тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе жеткізу, басқа кәсіпорындарға жалға беруге тапсыру немесе әкімшілік мақсаттар үшін қоғаммен қолдануға болатын материалдық активтер. Негізгі құралдардың құрамында аяқталмаған құрылыс обьектілері бойынша шығындар көрініс табады, мысалы, үйлер мен ғимараттарды салу бойынша, монтажды қажет ететін технологиялық, энергетикалық және өндірістік құрал - жабдықтарды сатып алу бойынша, т. б.

Аграрлық өндіріс процесінде қызметіне байланысты, яғни технологиялық белгісі бойынша өндірістік негізгі құралдар құрамында ауыл шаруашылық қызметтері 11 ірі топтарын бөледі. Топтардың әр қайсысы қызмет ету мерзімімен, эксплуатация шарттарымен және басқадай көрсеткіштерімен ұқсас негізгі құралдардан құралатын топшаларға бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның ақша айналымын басқару
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Кәсіпорынның негізгі құралдары
НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Өндірістік іс-тәжірибе
Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz