Экономикалық теория



ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ
пәні бойынша 2008.2009 оқу жылына
СИЛЛАБУС
барлық мамандықтар үшін
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың экономикалық мәселелерді белсенді түрде талдай білуге, экономика жағдайын ойлау қабілетін, экономика туралы білімділік ой-өрістерін кеңейтіп, осыған байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық теория негіздерін оқыту міндеттері:
- экономикалық негізгі түсініктер және категориялар туралы білім беру;
- студенттерді экономикалық теорияның қағидалы және тәсілдерімен таныстыру;
- алған білімдерін шаруашылық іс-әрекеттерін жүргізу кезінде шешім қабылдауда дағдысын қалыптастыру;
- мемлекеттің макроэкономикалық жағдайы туралы талдау жасауды үйрету.
Ұсынылып отырған оқу құралы мемлекеттік стандартпен бекітілген экономикалық теорияның негізгі тақырыптарының қысқаша түсінікті етіліп жазылған мазмұнымен ерекшеленеді. Сонымен қатар әрбір тақырыптарда негізгі түсініктемелер мен атаулы сөздер және бақылау сұрақтары да алға тартылды. Оқу құралында негізгі түсініктер мен терминдердің сөздігі және қолданылатын оқулықтардың тізімдері де келтірілді.
Негізгі әдебиеттер

1. Шеденов.Ө.Қ. Сагындықов Е.Н. Жүрсінов Б.А. Байжомартов У.С. Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория, Оқулық. - Ақтөбе, 2004ж.
2. Шеденов.Ө.Қ; Жүрсінов Б.А.;Байжомартов У.С.; Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория, Оқулық. - Ақтөбе, 2002ж.
3. Әубәкіров Я., Нәрібаев Қ., Есқалиев К. Т.б. Экономикалық теория негіздері. -Алматы,1998ж.
4. Нұрпейсов Ж.К. Экономикалық теория негіздері, Оқу Құралы. -Ақмола, 1996ж.
5. Ділдабекова Н.Д.; Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. - Астана, Оқу Құралы, 2004ж.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы,1995ж.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). -Алматы,1995ж.
8. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы, «Қазақстан –2030»; 1-3 тараулар, -Алматы,1997ж.
9. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2004 жылға ішкі және сырытқы саясатының негізгі бағыттары, 2003ж 4сәуір.
10. Қазақстан Республикасының кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау туралы мемелекеттің 1994-1996жылғы бағдарламасы,10шілде1994ж.№1727
11. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы. №3XII, 4шілде 1992ж.
12. Әубәкіров Я., Қабдиев А., Доскалиева В. және т.б. Экономика. Оқулық. -Алматы, 1994ж.
13. Әубәкіров Я., Есқалиев к. Экономикалық теория негіздері. -Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиеттер:
1. Дорнбш Р., Фишер Р.С. Макроэкономика. -Алматы. КазМБА және білім баспасы, 1997ж.
2. Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері. -Алматы,1997ж.
3. Жүнісов Б.,т.б. Нарықтық экономика негіздері. -Алматы, 1994ж.
4. Қожамқұлов Т. Саяси экономия негіздері. -Алматы, 1991ж.
5. Мадешев Б.Р., Нарықтық экономика теориясына кіріспе. -Алматы,Экономика,1995ж.
6. Мадешев Б.Р., Беляков А.Т., Бекмолдин С.К. Экономикалық жүйе. -Алматы,1995ж.
7. Саяси эконмия. Оқулық. -Алматы, 1991ж.
8. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. -Алматы, 1997ж.
9. Сейтқасымов Г.С.Ақша,несие,банктер. -Алматы, 2000ж.
10. Нұрсейт А., Темирбекова А., Нурсейтова Р. Теория рыночной экономики. -Алматы, 2000ж.
11. Баймуратов У.Б. Национальная экономичекая система. -Алматы, 2000г
12. Рыночная экономика Казахстан: проблемы становления и развития 2тома. -Алматы,1995г.
13. Тоқсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства. -Алматы,1999г.
14. Каренов Р.с., Шакшина Ш.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. -Алматы,1995г.
15. Нурмаганбетов К.Р. Рыночное регулирование проищзводственнохозяйственнлй деятельности фирмы по переработке сельскохозяйственной продукции. -Алматы,1995г.
16. Нурмаганбетов К.Р. Многообразие форм собственности и хозяйствования в АПК Казахстан. -Кокшетау,1993ж.
17. Токсейтов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық. -Қарағанды, 1999ж.
18. Крымова В. Экономическая теория в схемах. -Алматы, 2000г.
19. Ильясов К.К.Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана. -Алматы,1995г.
20. Предпрнимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О., Смагулова Н.Т. и др. -Алматы. Экономика.2000г.
21. Смагулова Ш.А., Баспакова А.Д. Макроэкономика. -Алматы «Жеті Жарғы»1999ж.
22. Шедеов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомаров Ұ.С., Комягин Б.Н. Жалпы экономикалық теория. -Алматы-Актөбе,2002ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 151 бет
Таңдаулыға:   
ҚР білім және ғылымСапа менеджмент жүйесі СМЖ ЕҰУ ӘН
министірлігі Әдістемелік нұсқаулар 19-35-2007
Л.Н. Гумилев атындағыОқу-әдістемелік нұсқау Барлығы 86 бет,
ЕҰУ РМҚК Оқу-әдістемелік кешен оның ішінде 1-80

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ
пәні бойынша 2008-2009 оқу жылына
СИЛЛАБУС
барлық мамандықтар үшін

Дайындаған: Экономикалық теория

кафедрасының аға оқытушысы

_________________Женсхан Д.

Астана 2008

Рецензия жазған: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университеті экономикалық факультеті Экономикалық
теория кафедрасының э.ғ.д., профессоры
Садыков Т.У.
Астана қаласы Еуразия Гуманитарлық институты
Экономика және математика пәндер кафедрасының
э.ғ.к., прфессоры Жүкібай М.Ы.

Ұсынылып отырған оқу құралында бекітілген мемлекеттік стандартқа сай
экономикалық теория негіздерінен барлық тақырыптар бойынша лекциялардың
қысқаша курсы келтірілген.
Оқу құралы кредиттік технологиямен оқитын экономикалық емес
мамандықтардағы студенттеріне, сондай-ақ қазіргі жалпы экономикалық
мәселелерге назар аударған оқырмандарға да арналған.

Женсхан Д.Ж.
Экономикалық теория негіздері. Экономикалық емес мамандықтардағы
студенттерге арналған қысқаша курс. Оқу құралы. Астана: Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008-142 бет.

Ұсынылып отырған оқу құралы мемлекеттік стандартпен бекітілген
экономикалық теорияның негізгі тақырыптарының қысқаша түсінікті етіліп
жазылған мазмұнымен ерекшеленеді. Сонымен қатар әрбір тақырыптарда негізгі
түсініктемелер мен атаулы сөздер және бақылау сұрақтары да алға тартылды.
Оқу құралында негізгі түсініктер мен терминдердің сөздігі және
қолданылатын оқулықтардың тізімдері де келтірілді.
Оқу құралы кредиттік технологиямен оқитын экономикалық емес
мамандықтардағы студенттерге арналған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Алғы сөз

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты
қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері
туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім
берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес Экономикалық теория негіздері
курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың экономикалық
мәселелерді белсенді түрде талдай білуге, экономика жағдайын ойлау
қабілетін, экономика туралы білімділік ой-өрістерін кеңейтіп, осыған
байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық теория негіздерін оқыту міндеттері:
- экономикалық негізгі түсініктер және категориялар туралы білім беру;
- студенттерді экономикалық теорияның қағидалы және тәсілдерімен
таныстыру;
- алған білімдерін шаруашылық іс-әрекеттерін жүргізу кезінде шешім
қабылдауда дағдысын қалыптастыру;
- мемлекеттің макроэкономикалық жағдайы туралы талдау жасауды үйрету.
Ұсынылып отырған оқу құралы мемлекеттік стандартпен бекітілген
экономикалық теорияның негізгі тақырыптарының қысқаша түсінікті етіліп
жазылған мазмұнымен ерекшеленеді. Сонымен қатар әрбір тақырыптарда негізгі
түсініктемелер мен атаулы сөздер және бақылау сұрақтары да алға тартылды.
Оқу құралында негізгі түсініктер мен терминдердің сөздігі және
қолданылатын оқулықтардың тізімдері де келтірілді.

1 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.

1тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

1. Экономикалық теория.
2. Экономиканың зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін
қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін
ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның
алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен
Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше
нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас,
ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар
экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.
Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда үй шаруашылығын
жүргізудің өнері деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек
отбасы төңірегінде емес, сондай - ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде
жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес,
сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала)
ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар –
ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда
меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі мерканте - саудагерлер көпес,
сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі
материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантилистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан
аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту
арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға
болады деді. Демек меркантилистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады.
Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл
ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген
қағида ең бірінші физократтар мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде
пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының
еңбегінде деп есептеді.
Физио - табиғат, кратос - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл
шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп
есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго,
Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо,
Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың
құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен
реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді:
марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов).
Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары.
К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация,
капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда
болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген
еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды,
абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды
екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша
құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс
тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің
басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.
Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы
бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті
көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-
математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық
мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған,
оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл,
А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың
субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы
қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның капитализмді
реттеу теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің
араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел,
М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын
құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі.
Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік
бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы
мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды
қанаттандыру жолдарымен әдістерін зерттейді. Қажеттілік – бұл адам
баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінеді. Ол сезім оларды
қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру
мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады.
Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз
өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен
дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері
екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу
заңы деп аталады.
Қажеттіліктердің түрлері:
– Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек
қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
– Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы)
қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы,
интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл
қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды.
Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге
мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп
бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын
қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып
алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін
емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен
ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам
үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы
мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік
қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады.
(Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген
оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады.
Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты
қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар
екі түрге бөлінеді.
– Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).
– Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар,
зауыт құралдары).
Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі
жағдайға байланысты анықтауға болады.
➢ Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.
➢ Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады,
ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады
сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.
Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында
пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және
қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.
Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп
бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен
өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар,
плащ пен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және
мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі
және болашақтағы деп бөлуге олады.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің
әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
келесі кестеде көрсетілген.

1.1. кесте
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Жалпы әдістер Жеке әдістер
Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған Экономико –
құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын математикалық
дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді модельдер әдісі,
тауып көрсету процесі. экстраполяция
Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды (болжау),
бөліктері мен жақтарына ажыратылады. баланстық,
Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс функциональдық және
болып қалыптасуы. тағы басқа да
Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды әдістер.
шығару.
Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке
көшу.
Эксперимент, гипотеза және т.б.

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен
категорияларға бағынышты.
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе
қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы
қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып
қарауға болады:
1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына
жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің
нақты тарихи дамуының заңдары.
3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар
барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп
байланыстырады.
Экономикалық заңдар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар
тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып
кетіп отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық
процестердің өзгерісімен байланысты болады. Экономикалық теория
экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік
қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
– микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік
капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда
жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет
атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
– макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық
экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне
жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі
түрге бөлінеді.
– Позитивтік экономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді.
– Нормативтік экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни
экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін
қандай шаралар жүргізу керек.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-
лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың
сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың
болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді
әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен
түсіндіреді.
5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми
жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі
тиіс:
- Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?
- Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалану
арқылы өндіру қажет?
- Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге
арналады, кім сатып алады? Қоғамның қажеттілігін барынша толық
қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау
проблемасымен тығыз байланыста болады.

Негізгі түсініктер мен терминдер
Институционализм
Кейнсиандық мектеп
Классикалық саяси экономия
Маржинализм
Меркантилизм
Неолассикалық теория
Физиократизм
Экономикалық заңдылықтар
Экономикалық игіліктер
Экономикалық қажеттіліктер
Экономикалық категориялар
Экономикалық теория
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.

Бақылау сұрақтары

1. Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.
2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
3. Экономикалық қажеттіліктердің түсінігі мен түрлері.
4. Экономикалық теорияның қызметтері.
5. Негізгі экономикалық түсініктер.

2 тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ.

1.Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.
2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
3.Өндіріс және ұдайы өндіріс.

Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол
өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті
құрайды.
1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін
пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар
өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық
игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге
тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер
жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің
дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық
жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын.
Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері
өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле
түседі.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы,
байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы
білінеді. Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі
элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани
игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар:
табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық
шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын
қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су
ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары
және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы
жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек
ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың
қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін
бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп
қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы
мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат
күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі
құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы
күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар
қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада
болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа
технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық
қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық
заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді
жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты
технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады.
Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар,
қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады.
Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе
болып табылады.
Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші
әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп
атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және
әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе
экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық
игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы
табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл
шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының
жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары,
қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық
экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция
кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады.
Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер.
Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске
қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы.
Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар
жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет
тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады,
ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға
қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру
керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.
Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар
көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:
➢ жер беті ретінде
➢ экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды.
Олардың пайдалану мүмкіндіктері:

Өндеу Қазба түрінде Орналасқан орын
Ауыл Жер асты байлықтарын тұрғын үй құрлысы,
шаруашылығы; пайдалану, жол байланысы жүйесі,
орман энергетика өндірісі, демалыс орындары,
шаруашылығы. балық аулауда. кәсіпорындар.

Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа
технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын
жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі
жылдан жылға қысқаруда.
2. Капитал:
➢ Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
➢ Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда
ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа
мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол
байланыс қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы
қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып
алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға
айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:
– адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.
– өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек
ресурстары.
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік
немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі.
Білім деңгейіне қарай:
– көп дайындықты қажет ететін еңбек,
– көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,
– ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді.
Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе
адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке
қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады. Еңбек
ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы,
білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.
4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына
кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі
факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі.
Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.
1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім
деңгейі жоғары болуы керек.
2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.
4). Тәуекелшіл болуы тиіс.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес
өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс
болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін
қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық
емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

2 кесте.

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, Денсаулық сақтау, білім беру,
материалдық-техникалық жабдықтау, көлік, байланыс, мәдениет,
сауда, қоғамдық тамақ саласы, несиелік мекемелер, қоғамдық
құрылыс, су шаруашылығы және т.б. мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты
қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің типтері

жай өндіріс ұлғаймалы
өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз
өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене
үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.
2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде
дамиды.
3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен
технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол
қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген
ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.
Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген
ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы
байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы
тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.
Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін
көздейді:
– тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;
– фирмалар - пайданы максималдауды;
– мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін
сипаттайды.
Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен
қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та
ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады,
яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау
проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге
болады.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі.
Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ
ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды
бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл
жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды
өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

Мысалы экономикада екі ғана тауар
Y өндіріледі: Х және У
А - барлық ресурстар У- тауарын
А C өндіруге бағытталған
D В - Х тауарын өндіруге,
С және Ғ – ресурстарды тиімді
F пайдалану
E Е - ресурстарды толық пайдаланбау
Д - осы берілген технологияның
даму деңгейінде мүмкіншілігі
жоқ өндіріс.

B X
2 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің
қисығы.

Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан
туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен
тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып
табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын
шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас
Альтернатива
Бөлу
Интенсивті өндіріс
Материалдық емес өндіріс
Материалдық өндіріс
Өндіріс
Өндіріс факторлары
Ресурс
Таңдау
Тұтыну
Экстенсивті өндіріс

Бақылау сұрақтары

1. Қоғамдық өндірістің сатылары.
2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.
3. Өндіргіш күштерге сипаттама.
4. Өндіріс құралдары және оларлың түрлері.
5. Қоғамдық өндірістің түрлері.
6. Ұдайы өндіріс және оның типтері.
7. Қоғамның экономикалық таңдауы.
8. Тиімділік проблемасына сипаттама.
9. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.

3 тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.
2. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.
3. Аралас экономикалық жүйе.

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық
экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін
құрайды.
Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан
әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару
әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада
шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы:
капитализм; социализм – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал нарықты
экономика, аралас экономика деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу
әдістеріне қарай анықталады.
1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
4. Кім үшін өндіру керек?
5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол
қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге
асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей
топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде
жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне
экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта
қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт
бойынша қатынастар қалыптасады.
2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық
ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып,
мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы
арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы
натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар-
ақша қатынастарына негізделеді.
3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат
саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.
Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша
сипаттама беруге болады.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде
артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа
елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық
экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде
мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы
мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан
жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының
болмауы.

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында
шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге
қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және
сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп
отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір
әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді
таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану
дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық
механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық
талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын
нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс
шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды
маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің
болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы)
анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол
арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық
бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым,
нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен
талапты жұмыскерлерді қорғайды. Өз күшіңді өзің көр.
2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мұнда
капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі
мен байланысып отырады.
3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі
әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды,
бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты
бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім
алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде
осыдан.
4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік
емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу
мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі,Қытай экономикасында социалистік
үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі
сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және
ұлттық шаруашылықтың әр түрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық
шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе
түрі сақталуда.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек:
Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып
қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениетті өкілдер
меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін
ортаға салып өткен.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері
экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық
практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын
бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты,
рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге,
дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы
реформалағанда солармен есептесу керек.
Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат
айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірбие айырбасына кедергі
жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б.
Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі
ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге
мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір
экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде
қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер
рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы өндіру қабылетін
сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы
қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән
ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға
енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.

Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты
міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке
қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы
және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық
сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз
ету.

Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық
экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз
мемлекеттілігінде жүзеге асырды.
Екіншіден, нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік
практикада әкімшілік - әміршілікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық
меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде
негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан
нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы
басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ
та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай
болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы -
өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып,
өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан республикасындағы экономиканы реформалау
созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-
байыту, металлургиялық, химиялық және химия – мұнай кәсіпорнынан тұрады.
Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – кеңшарлар көп болды. Республикада
2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай
ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.
Нарықтық экономика кезінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің
реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл-мемлекеттік
экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп қысқа орта,
ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге атсалысады. Бұдан басқа да қалыпты және
төтенше бағдарламалар жасалуы.
Мысалы, соғыстан соң Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға
қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда Автомобиль жолын салудағы
төтенше шаралар заңы ескерілді. Жапонияда мемлекеттің 10-нан астам
институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.
Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек.
Бұл жағдай Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру процесі Чехословакияда
қолданылған модельге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны
кіргізуімен бірге жүргізе бастады.
Қазақстан республикасының дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік –
экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттары мына
салаларға арналған: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-
түлік және коммуникация (байланыс, темір жол транспорты) салалары. Осындай
бастамалардың нәтижесі: 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы
тоқтатылды. Энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік
инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие
болады. Мемлекеттің заңды тұлға ретінде жаңа функциясы – кәсіпкерлік
қабілетті игеру қажеттілігі.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізі мемлекеттік меншік
болып табылады. Қазақстан республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік
кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады.
Мемлекеттің осындай үлесі ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет
қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының
болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай
қаражат табуына мүмкіндік берді.
Осының ең күрделі мысалдары:
- Қазақстанның кең өндіру, отын – энергетика мен металлургия кешендерінің
аса ірі өнеркәсіптік өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғап, дәл
уақытында шетел капиталын тарта біледі;
- 1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразия темір
жолы бойынша транзистік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Европа
пен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша
мемлекеттің қызметі көрінді. Қазақстан территориясы арқылы төрт
трансконтинентальды темір жол магистральдары өтеді:
1. Трансазия (Қытай-Қазақстан-Түркия),
2. Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа),
3. Ортазия мен Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы,
4. Еуропа – Скандинавия- Иран – Парсы шығанағы арасында жүктердің
тасымалдау уақытын қысқартуын қамтамасыз ететін Солтүстік – Оңтүстік
жоба қаралуда.
Осы келісімнің маңыздылығы: барлық магистральдар бойынша қосымша
жұмыс орындарын құруға, жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру
мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның
өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық
моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критериі
қолданылады:
1. Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың
салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату
мүмкіндігі.
2. Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.
3. Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриальды стадиясына жетуге сәйкес
келуі тиіс.
4. Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді
болуы керек.
5. Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту
мүмкіндіктерене баға беру.
6. Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті
болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс
тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы
жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне
мыналар жатады:
– халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес,
қорғау кепілдіктері негізінде тарту;
– шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;
– тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;
– кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен
кәсіпорындар құру.

Қазақстан –2030 стратегиясы
Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан республикасының
жоғары индустриальды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан,
қазіргі азиялық жолбарыстары деп аталатын Оңтүстік Корея, Малайзия,
Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриальды елдер
қатарына өтуін жүзеге асыру. Осы мақсатқа жетудегі жолдар:
1. Бизнестің барлық төрт деңгейінде: өтпелі экономиканың барлық
сфераларында ғылыми-техникалық жетістіктердің ашу мен енгізу жолдарында
ішкі және сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік қызметтің (шағын, орта, ірі
және мемлекеттік) қалыптастыру мен ынталандыру саясатын жалғастыру.
2. Экономикада салалық, құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру.
Қазақстан ғалымдары атап көрсеткендей, Қазақстанда өз уақытында
жүргізілген индустриализация – ірі экономикалық іс-әрекет қалыптастыруға
жол ашты. Бірақ та, республикадағы индустриализация процесінің өзі, егер
оны экономикалық техникалық құрылымының өзгерістерімен байланыстырғанда
- ол аяқталады, оның себептері:
- технологиялық базистің үштен екісі төменгі ескішеге негізделген алғашқы
машиналы технологияларды құрайды;
- автоматтандырылған және кешенді механикаландырылған өндіріс техникалық
базистің үштен бірін құрайды;
- кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базисте
жекеленген ошақтармен берілген.
1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының
шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға
көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.

Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Экономика саласынан дәрістер курсы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ ТУРАЛЫ
Экономикалық теорияның дамуы
Экономика: түсінік және қызметтері
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық тәрбие беру
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Пәндер