Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңдағы анықтамасы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Экономика және басқару академиясы - Евразия нарық институты

“Қаржы-банктік менеджмент” кафедрасы

Тақырыбы: Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңдағы анықтамасы

Алматы, 2013

Мазмұны

Кіріспе . . . 1

І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі . . . 2

1. 1 Ақшаның экономикадағы рөлі . . . 2

1. 2 Ақшаның қызметі мен функциясы . . . 11

1. 3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы . . . 17

ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары . . . 26

2. 1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері . . . 26

2. 2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері . . . 40

ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары . . . 42

Қорытынды . . . 45

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48

Жоспары

Кіріспе

І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі

1. 1 Ақшаның экономикадағы рөлі

1. 2 Ақшаның қызметі мен функциясы

1. 3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы

ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары

2. 1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері

2. 2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері

ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1, 2б] .

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

- Ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

- Онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

- Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса - адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Ақша қызметінің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, қаржы саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде - Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.

І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі

  1. Ақшаның экономикадағы рөлі

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнарсе жоқ. Сол себепті ақшының «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналасының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т' сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу-сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т') сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарсы тұрады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни ол тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олардың айрықша тауар екендігін тақырыптың келесі тарауларында сөз етеміз.

Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.

Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.

Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекеленген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.

Ақшаның өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.

Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс деп есептедік. Бұл сызба «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика » кітабында. (Мәскеу-Ленинград, 1991ж. 13-бет) келтірілген. Сызбада (сурет 1) тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары және фирмалар айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлік және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген ресурстар нарығығ онда фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды - жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып алады.

Бұл жағдайда барлық ресурстар шаруашылықтарына тиесілі, олар ресурстарын ақша қаражаттарына фирмаларға сатады; яәни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т. б. түрге айналады.

Сызбаның ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық айналымдағы ұлттық табыс пен ресурстар қозғалысы көрсетілген.

Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасы сәйкес жүзеге асады.

Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан туындайды:

  • Шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес, сонымен қатар өлшемдермен есепке алу қажеттілігін;
  • Меншік нысандарының әр түрлі болуымен және оларға сәйкес өндірістік қатынастардың болуымен, олар тауар - ақша қатынастарына негізделген коммерциялық есеп негізінде шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуын және жүргізілуін алдын ала болжамайды.

Ақшаның пайда болуы және оның мәні. Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, және т. б. еңбектерінде - ақ қарастырылған. А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т. б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

Ақшының пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.

Біріншісі (ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Құн тауарларды бір - біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауарды тұтыну - құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының бірте-бірте алмасуы нәтижесінде жүзеге асты.

  • Қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама - қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнынкөрсетеді, яғни тауарда құн бар;
  • Толық немесе жайылыңқылы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады.
  • Құнның жалпы формасы . Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады. (басқаша айтқанда ығыстырылып шығады) Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады.

Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсірушісі халықтары - малды, егін егуші халықтар - астықты, қалаларда - металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т. б. қолданды.

Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:

  • Құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне байланысты бөлу жүзеге асты. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауарды құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, сонық нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.

Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:

  • Ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
  • Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстарады;
  • Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.

Ақшаның формалары мен түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталары жатады.

Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық
  3. Кредиттік
  4. Электрондық ақша

Метал ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т. б. белгілейді.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Ливия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болады. Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқару үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталар арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардығы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.

Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «emission» сөзінен аударғанда «шығару» деген мағынаны береді. Ақшанық эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өлшеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қағам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне ;

Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1кг алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілер болып Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды. Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының өсуіне әкеледі. Толыққұнды ақшалар саны шектеулі және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін құып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша өз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы қысқы мерзімді несиелендірудің Қазақстандағы рөлі және оны жетілдіру
Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы
Ақша - несие саясатының мәні мен мақсаты
Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Инфляция және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz