Медициналық этиканың дамуы


Жоспар:
I. Кіріспе
1. Этика және оның даму тарихы
II. Негізгі бөлім
1. Медициналық этиканың қалыптасу тарихы
2. Биоэтикадағы негізгі модельдер және зерттеу нысаны
3. Биоэтиканың принциптері
III. Қорытынды
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер
Этика - адамның түрлі қызметінде кеңінен таралған ұғым. Сондықтан да, философия саласы, яғни философиялық ғылым деп түсіну қажет. Этика (грекше ēthiká ếthos - салт, таным, мінез) ғылым ретінде адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. сондай-ақ, алғашқы Аристотельмен қолданылған зерттеудің түрлі саласын білдіретін термин. Этика адам қоғамының түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың қалыптасу задылықтарын қарастырады. Дұрыс, рұқсат етілген әрекеттер, моральды және аморальды, гуманистік жіне адамға қайшы қылықтар тарихи кезеңге байланысты мағыналық метоморфозға ұшыраған болатын. Яғни, қоғамның даму мен перспективалық қажеттіліктеріне байланысты. Адамзаттың қазіргі даму кезеңінде этикалық қағидалар өзгертіліп, тарихы өзге елдер адамзат құндылықтары бойынша ортақ консенсусқа келіп жатыр. Бұл ең алдымен адамның аса маңызды құқығы: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, денсаулық сақтау құқығы, баспаналы болу құқығы.
Этиканың қосалқы мағыналары адамдардың қарым-қатынасындағы нормаларда, тәжірибелік қызметте, басылымдарды қолданылады. Аса тарағаны -профессионалы этика. Бұл қызметке қарасты салт-дәстүр, ой бөлісу, идеялар, көзқарастардың қосалқы жүйесі болып табылады. дәрігерлік және мейірбикелік этика, ғылыми медициналық зерттеулер ұғымы планетаның бүкіл даму барысында дамыған этикалық қағидалар. Мұндағы аса зер қоятыны медицина қызметкерінің міндеті, профессионалды компетенттілік, деонтология. Қазіргі кезде медициналық этика қағидалары биомедициналық этика ұғымына жинақталған. Ол медицина қызметкер тұлғасын, оның құқығы мен профессионалды қызметін орындау барысында заң бойынша және санасы бойынша әрекет етуін қолдайды.
Медициналық этика - медициналық ғалымдардың, медициналық қызметкерлер, фармацевтердің өз тәжірибесінде Адам игілігі үшін ғылыми-техниканың озық жетістіктерін пайдаланып қана қоймай, оның «өмірді қастерлеу» мақсатында, адамға, ұрпаққа, қоршаған ортаға зияндылығын тигізбеуді қамтамасыз ету үшін, медициналық қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқын реттейтін ережелерғ принциптер мен заңдар туралы ғылым.
Жаңа пәнді оқып-тануды бастамастан бұрын, біз оның тарихына көңіл бөлуіміз қажет, себебі, ол өзінің әртүрлі даму кезеңінде әрқалай, яғни дәрігерлік этика, медициналық деонтология, биоэтика деп аталған.
Медициналық этика жалпыэтикалық этика дамуынан кейін, дәрігер, медбике, акушер, фармацевт қызметтері бөлініске түскен тұста пайда болды. Кез-келген өзге ғылым сияқты, білімнің бұл саласы да практикада өзінің қажеттілігін, мақсаттылығын, пайдалылығын дәлелдемесе, онда өмірден өз еншісі ретінде медициналық қызметті таңдаған - медиктердің әрбірі білуге тиісті көп ғасырлық ережелері, принциптері мен заңдары жасалмас еді.
Этикалық көріністер бастамасын адамзат дамуының жабайы кезеңінен мәдениеттілік кезеңіне дейінгі әртүрлі даму кезеңінен іздеу қажет.
Жабайылылық стадиясынан адамзат әрең өтті, онда әртүрлі әрекеттерді жазалау, мадақтау жүйелері, тиім салу мен рұқсат етудің белгілі жүйелерін сипаттайтын өз қауымының мінез-құлық ережелерін жасауға тура келді.
Тас дәуірінде өнегелік құндылықтар негізі - жамандық пен жақсылыққа сүйенген, медик (емші) мінез-құлқын реттейтін осы ғылымның алғашқы даму кезеңі басталады. Осы ғылымның алғашқы заңы былай деп жар салды: «Ауруға көмек көрсету - ол жақсылық, ал көмек көрсетпеу ол жамандық (ешқандай себепсіз) » оны кейіннен «жақсы іс принципі» деп атады.
Алғашқы мемлекеттерде азаматтықтан басқа «медициналық заңдылықтарда» болды, ол ерте заман дәрігерлерінің кәсіби-мінез құлқын реттеді.
Ал монотеистік діндер дамуына ауысқан шақта әулие адам (monos -жалғыз және theos - Құдай дегенді білдіреді) мен дәрігерлердің функциясы көбіне бірігіп жүрді. Мысалы, Библияда әулиелерге проказа мен әртүрлі тері ауруларының «дифференциальды диагностикасы» туралы нұсқаулары келтірілген.
Библияда, Авестада, Құранда және тағы басқа діндерде қоғамдағы мінез-құлықтың өнегелік ережелері діни заңдылықтар түрінде мазмұндалған.
Өтіріктің куәсі, ұрлық, өлтіруге тиым салу, ата-ананы құрметтеу т. б. сияқты өнегелік ережелер мазмұны бар Моисейдің «Он парызы» көпшілікке танымал.
Кластық қоғам құрылған кезеңде өнегеліктің фундаменталды құндылықтарын ұғыну әрекеті қабылданған. Осыдан кейін этика өз алдына ғылым болып қалыптасып, рухани және материалды еңбектер бөлінісі көрініс ала бастады.
Сократ (469-399 жж. Б. э. д. ) «ерте замандағы этиканың әкесі» болып саналады. Ол адамдар сол немесе өзге ситуацияларда өздерін қалай ұстауы керек, деген сұрақты анықтамақ болып, ең алғаш адамдардың мінез-құлқын зерттей бастады. Ол адамдар табиғатынан мейірімді болады, ал кімде-кім өнегесіздік көрсетсе, онда осы жеткіліксіз өнегеліктің себебі этикалық білімнің «ақылсыздану» кемшілігі деп түсінді.
Сократ этикасының бірінші және негізгі принципі - білімді жақсылық жасаушы адамдар теңдігі (өнеге тұрғысынан қарағанда адам бойындағы ерігін жақсылық жасауға бағыттайды) . Сократтың ойы бойынша өнегеліктің шығармашылық бастамасы немесе көзі ретінде жақсылық жасаушы сауат пен арифметика сияқты пәндерін ұсынады, егер кімде-кім сол пәнді саналы және жетік меңгерсе, айталық сауат-сауатпен, математик-арифметиканы меңгергендей, онда ол адамды жақсылық жасаушы немесе өнегелі деп атауға болады. Сократ үшін ақыл-ой (разум) мінезі нағыз адамға тән мінез сиононимі болып табылады. Көпшілік қабылдаған және көпшілік таныған барлық дүниелер өнегелік көзқарас тұрғысынан «адамға сәйкес» түсініктер ретінде бағаланады. Адамның ақыл-ойы ерікті билеуге, құштарлық пен түйсікті, ақылды меңгеруге қабілетті болса да, оны туа берілген «табиғи бастамасынан» қандай дәрежеге көтерілгенін анықтайды. Қоғамда және қауымда өмір сүріп жатқан әрбір адамның мақсаты, мүддесі және іс-әрекеті негізгі игіліктің нышаны- жоғарғы және ортақ мақсаттарға бағынуы керек деген ойды Сократ айтқан.
Сократ өмірінің трагедиялық соңы (оны мемлекет заңдарын бұзып, жас ұрпақты еркін ойлауға шақырды деп, сот айыптаған, одан кейін ол «у» ішуге мәжбүр болған) - қоғамда өнегеліктің орнығуына жақсылық жасаушылардың еңбектерінің жеткіліксіз болуы, осыған дәлел болғандай.
Платон (427-347 жж. Б. д. д. ) -ерте замандағы көрнекті философтардың бірі, ол өзінің этикалық ілімінде басқарылатын, істелінетін ойлардан тұратын өмір ғана өнегелілік, яғни жақсылық жасауды іске асырады деп түсінді. Оның ойынша, жақсылық жасау - бұл жан тәртібі мен оның үйлесімділігі.
Платон жақсылық жасаудың төрт түрін ажыратты: ақыл, батылдық, ақылдылық (өзі игерген) және ең басты жақсылығы - әділділік, ол өзгелерін үйлестіреді және толықтырады.
Әділділік принципі- жалпыэтикалық және медициналық этиканың ең маңыздысы.
Нағыз мемлекетті құру үшін, Платонның жақсылықтары өте қажет, себебі мемлекет дегеніміздің өзі - көп масштабтағы адам. Адамның негізгі міндеті - жақсылық жасауды рухында қалыптастыру арқылы өзін сақтауы. Платонның басты ойы - нағыз мемлекетте өмір сүріп жатқан жетілген, кемелденген адамды құру, бұл ойы тек қиял ғана болды. Бірақ Платон жазған жақсылықтар (ақыл, батылдық, ақылдылық, әділділік), ол кез-келген іспен айналысатын адам, әсіресе медиктер үшін өте қажет нәрселер.
Ұлы грек энциклопедисті-ғалым Аристотельдің этика мәселелері туралы жазған еңбектері «Никомахов этикасы», «Үлкен этика», «Саясат» Европалық әлемде кең танылды. Аристотель осы ғылымғы - этика (грек сөзі ethos - әдет, өнеге, салт-дәстүр, сипат, мінез деген мағына береді) деп атауды ұсынды.
Бұл ғылымды өзінің әлем туралы теориялық білімі мен салыстыра келе, оны өзге де әріптестері сияқты практикалық философия (ақыл) деп есептеді. Әрине, әрбір теориялық білімнің практикалық мағынасы болады. Аристотельдің ойы бойынша этиканың ерекшелігі, адамдарды қоршаған ортаға және онда өмір сүріп жатқан адамдарға әртүрлі әрекеттер, заттар арқылы әсер етуге бағыттайды. Олар оны міндеттің жақсылық, жамандық қалыптасуы арқылы жасайды (сөзі deon, бұдан деонтология - міндет туралы ғылым) . Этика адам өмірінің мағынасы, анықтылығы туралы, мінез-құлық нормасы және өнегелілік принциптері туралы ілім болды.
Сократ пен Платонның мінез ерекшелігі мен ерікті жете бағаламағанын және олардың адам мінезіне әсер ететінін сынап, Аристотель өзінің «Үлкен этикасында» Сократ мінез бен құмарлықты алып тастады деп жазды. Оның ойы бойынша табиғатты танып-білу үшін, онда міндетті түрде жақсылықты жасауға бағытталмаған жамандық пен жақсылықтың қатар болуы ретіндегі қалыптасулар болады. Сондай-ақ, жақсылық жасау үшін адамда өнегелік тұрақтылық, принципиальдылық бір сөзбен айтқанда, еріктің- эмоционалды сенімділігі қажет. «Құштарлықпен өмір сүретін адам бір нәрсені түсінбесе, онда ол оны тыңдауға да құлақ салмайды, ал оны амалсыздан тыңдай қалса, онда ол оны бәрібір түсінбейді. Бұл жерде, құштарлық түсінікке емес, зорлыққа жол бағынып тұр. Сонымен, жақсылық жасаушылардың лайықты ниеттері, әсемдікті сүюі алдын-ала қалыптасуы керек».
Аристотельдің түсінігі бойынша анық, шын игілік - бұл адамның іс-әрекеті мен қылықтары арқылы жасалған, соған қол жеткізген игілік. Кейін келе этикада мәселенің екі түрі анықталды: болып жатқан дүниелердің теориялық сұрақтары мен өнегелік маңызы (философиялық этика) және практикалық сұрақтары - кез-келген бір басқа түскен жағдайларда адам не істеуі керек деген (нормалық этика немесе деонтология) .
Нормалық этиканың өнегелік заңдарын, нормаларын ең ақылды, тәжірибелі адам жасауы керек болды. Сол себептен Аристотель өзінің «Никомахов этикасында» былай деп жазды: «Заңдар өнер шығармаларына ұқсас болады. Онда олардың қайсысының керемет екенін қалай білуге болады? Күнделікті тіршілікте көріп жүргеніміздей дәрігерлер үшін құрастырылған арнайы нұсқаулықтар болады, онда осыны құрастырған мамандар қалай емдеу жолдарын ғана жазып қоймайды, сонымен бірге қандай ауруды қалай емдеу керек, кімнің қалай жазылғаны туралы түсініктер береді. Ал енді мұнымен танысқан тәжірибелі мамандар болса, онымен толығымен келіспейді, себебі оның практикасында ол басқаша болуы мүмкін, ал кімнің медицина туралы білімі жоқ болса, онда оған мүлдем ешнәрсе түсініксіз болады».
Осыдан кейін, медициналық этика мен деонтологияны «дәрігерлік етудің ақылы» деп жиі атайды.
Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі . Бұл модельдің негізгі қағидасы - «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг. ) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.
2. Парацельс моделі (1493-1541 гг. ) - «жақсылық жасау», орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.
3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров) . Негізгі қағидасы «намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы». Ол медицнақауымымен бекітілген ар-ұят кодексіне негізделген
Биоэтиканың зерттеу нысаны: адамдар арасындағы моральді және аспектілері. Біздің дәстүрде мыңдаған жылдар бойы этика мен медицина арасында тығыз байланыс болды.
Мейірбикелік этика және деонтологияның негізгі принциптері Флоренс Найтингейлдін антында, халықаралық мейірбикелер кеңесінің кодексінде берілген. Бұл, бәрінен бұрын:
• Адамгершілік пен қайырымдылық, махаббат пен қамқорлық.
• Аяушылық білдіру.
• Тілектестік.
• Риясыздық.
• Еңбекқорлық.
• Кішіпейілдік.
Медицина әлемінде көпшілік мақұлдаған жұмыс принципі және медбикенің адамгершілігі халық менталитетіне, тарихына, салт дәстүрлеріне, даму дәрежесіне, діни, білім беру және экономикалық институттарыныа байланысты әр елде өз ерекшеліктері бар. Мысалы, әлемнің алып мемлекеттерінің бірі, медицинасы мен денсаулық сақтауы көптеген мәселелер бойынша алдыңғы орындарды алатын АҚШ-та мейірбике ісі келесі принциптерге негізделген:
1. Келісілген информация алу принципі. Науқастың тәуелсіздігі өзінің жағдайы туралы, емдеу жоспарымен, не орындалатыны туралы хабардар болу бостандығы мен құқығына неізделген, сонымен қатар науқастың өзінің ауруы жайлы құпияда сақтау құқығы бар. Келісілген информация мағынасында науқастың өз еркімен емдеу курсына және медицина қызметкерлеі компетентті және адекватты информация ұсынған процедураға келісім беру және келісім алу жатыр. Дәрігердің міндетіне:
1) Ұсынылған емнің мақсаты мен мінезі туралы;
2) Онымен байланысты қауіп қатер туралы;
3) Сол емнің альтернатива мүмкіндігі туралы науқасқа хабарлау болып табылады.
2. Қайрымдылық принципі - «қайырылымдылық жасау» деген мағынаны білдіреді. Оның құрамына қайғыдағы адамдарға мейірімділікпен қарау.
3. Қызметтік құқық бұзушылықты болдырмау принципі. Бұл «зиян келтірме» принципі дәрігер мен медицина қызметкеріне басқаларды қауіп қатерден сақтау, өзінің компетенттілігінің шегінде ауырсыну мен қайғыны басуға міндеттейді.
4. Әділеттілік принципіне адамзат теңдігіне сыйластық, жетіспейтін заттарды тең бөлу жатады.
5. Шынайылық принципі (науқасқа шындықты айту) . Науқас пен медициналық орталық арасында ашық қарым қатынас пен медицина орталығының өз міндеттерін орындаудың негізін қалайды.
Биоэтиканың принциптері:
1. Тұлғаның жеке құқығын құрметтеу;
2. Адамға зиян келтірмеу;
3. Адамдарға қайырымдылық жасау;
4. Әділетті болу.
Биоэтиканың өзекті мәселелері:
- түсік тастау;
-эфтаназия
- клондау
-мүшелерді алмастыру (трансплантация)
-өмір сүру жасын ұзарту
-суррагатты ана
-гендік инженерия
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz