Сурогаттық аналық


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Суррогаттылықтың тарихы
- Ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру» ұйымы
- Суррогаттық тәсілдің түрлері
- Ислам суррогаттық туралы
- Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жайында
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қол ұстасып шаңырақ құрған ерлі-зайыптылардың басты тілектерінің бірі - сәби сүю. Алайда не әйелінің, не ерінің бедеулігінен балалы бола алмаған көптеген отбасылар туған-туыстарынан, балалар үйінен бала асырап алады немесе «Құрсақ ана» жалдайды, әйтпесе әйел бедеу болмаған жағдайда суррогаттық тәсілмен бала көтеру үшін арнайы медициналық жәрдемге арқа
Суррогаттық тәсіл Әйелдің жұмыртқасы мен күйеуінің ұрығын медици-налық арнайы түтікшеде қолдан ұрықтандырғаннан кейін оны басқа бір әйелдің жатырына орналастыруды - суррогаттық тәсіл деп атайды. Бұл табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда жүзеге асырылатын медициналық іс-шара. Медицина тілінде оның екінші атауы - «қолдан ұрықтандыру». Мамандар әйелдің жұмыртқа-лық клеткасының еркек ұрығымен ұрықтанған кезін «зигота» дейді.
Біз енді ең алғаш рет жануарларға, адамдарға жасалынған тәжірибелерге тоқталсақ.
Жануарларға жасалынған тәжірибе Зерттеуші мамандар суррогаттық тәсілдің ең алғаш рет ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жан-жануарларға жасалғанын айтады. Яғни, бір малдың ұрығымен бірнеше мың ұрғашы мал қолдан шағылыстырылыпты. Ол оң нәтиже беріпті. Сонан соң мамандар шаруашылықтағы бұқалардың санын азайтқан да жаппай осы тәсілді пайдалануға көшкен. Он бұқаның орнына оның біреуін ғана ұстау экономикалық жағынан тиімді болған соң жан-жақты қолдау тапқаны мәлім. Ойлап қарасаңыз, Кеңес дәуірінде көбіміз сурро-гаттық тәсілмен өмірге келген малдардың (сиырлардың, қой- лардың) етін жеп келгені-міз ғой. Ал оның адам денсаулығына өзіндік зияны-ның да болуы мүмкін-ау. Өйткені, табиғи емес, жасанды жолмен алынған өнімнің қай-қайсында да адам ағзасына зиянды заттардың болатыны анық.
Адамға жасалынған тәжірибе Ғылымда медициналық тәжірибелердің бәрі алдымен жан-жануарларға қолданылып, сонан соң барып адамдарға жасалынбайды ма. Англияда Эдварде және Стептоу деген дәрігерлер 1978 жылы табиғи жолмен ұрықтана алмаған ерлі-зайыптылар Джон Браун мен Луиз Браунға суррогаттық тәсілді қолданған. Тәжірибе сәтті аяқталады. Сөйтіп, сол жылғы 25 тамызда «құрсақ ана» - Луиз Брауннан алғашқы сәби дүниеге келеді. Олар оған Лесли деп ат қояды.
«Ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру» ұйымы.
Шет елдерде осылай аталатын арнайы ұйымдар бар. Ол заңды түрде мемлекеттік тіркеуден өткен. Медициналық жағынан да барлық талаптарға сай мекеме болып саналады. Қызметі баласы жоқ ерлі-зайыптылармен заңды түрде келісім-шартқа отырып, талап еткен қаржысы төленген соң оларға бала тауып беру. Ұлыбританияда 38 жасар құрсақ ана - Керол Хорлок суррогаттық тәсілмен тоғыз рет өзгелердің баласын босанып, оған көлемді мөлшерде ақы (ақша) алған. Осы орайда айта кететін таңқаларлық бір оқиға, Американың Аризон штатының тұрғыны 25 жасар құрсақ ана Терезе Андерсон зиготадан (қолдан ұрықтандырудан кейін) бірден бес нәресте көтеріп, операцияның сәтті өтуінің нәтижесінде 1550-1800 грамм салмақтағы бес нәресте аман-сау жарық көріпті. Бұл - кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректер.
Суррогаттық тәсілдің екі түрі . Мамандар қолдан ұрықтан-дырудың мынандай екі тәсілі бар дейді:
1. Қолдан іштей ұрықтандыру. Мұндай тәсілді пайдаланған кезде ер кісінің ұрығы (спермасы) алынады да әйел жатырына апарып орналастырылады.
2. Қолдан сырттай ұрық-тандыру. Мұндай тәсілді пайдаланған кезде еркектің спермасы мен әйелдің жұмыртқа клеткасы алынып, олар зертханада арнайы түтікшелерде ұрықтандырылады, сонан соң ол әйелдің жатырына салынады. Бұл негізгі тәсілге тән қолдан ұрықтандырудың алты түрі бар болса, олардың екеуі ішкі, төртеуі сыртқы қолдан ұрықтандыру. Ішкі ұрықтандыру тәсілінің алғашқысы күйеуінің ұрығы табиғи жолмен әйелінің жатырына жете алмаған жағдайда жүзеге асырылады да, екіншісі күйеуінің спермасының басқа әйелге салынуы. Сырттай ұрықтандыруда бірінші тәсіл: ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клеткасының алынып, түтікше-де ұрықтандырылып, содан соң әйелдің жатырына орналастырылуы. Екінші тәсіл: ер адамның спермасы мен бөгде әйелдің жұмыртқасын түтікшеде ұрықтандыру. Үшінші тәсіл: бөгде ер-әйелдің спермасы мен жұмыртқасын түтікшеде ұрықтандырып, оның басқа әйелге салу. Төртінші тәсіл: ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клеткасын түтікшеде ұрықтандырып, оны бала табуға келісім-шарт жасасқан суррогаттық құрсақ ананың жатырына орналастыру.
Ислам суррогаттық туралы
Ислам ғұламалары «Ислам лигасы» ұйымдастырған фиқһ мәжілісінің ҮІІІ кезекті отырысында қолдан ұрықтандыруға қатысты мынандай пәтуалар шығарылған болатын: «1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клеткалары табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда, оларды қолдан ұрықтандыруға шариғат рұхсат етеді».
Яғни, «сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы, жатыр» бәрі ерлі-зайыптылардікі болуға тиісті. Оған қолдан ұрықтандырудың бірінші, сырттай ұрықтандырудың бірінші тәсілі ғана сәйкес. Және де әйелдерге әурет жерін көрсетуге тиым салынғандықтан, бұл тәсілдерді тек қана әйел дәрі-гер, мұсылман ер дәрігер, олар болмаған жағдайда басқа сенімді ер дәрігер жүзеге асыра алады. Ол кезде әйелдің жанында әйел туысқандары болып, ұрықтың ауысып кетпеуін бақылағаны абзал. Ең бастысы, бұл іске ерлі-зайыптылардың екеуі де келісім беруге, қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жүзеге асырылуы қажет.
«2. Қолдан ұрықтандырудың қалған барлық түрі шариғат бойынша - харам».
Иә, Ислам діні шариғаты бойынша, әке-шешесі мүлдем белгісіз ұрықтарды басқа әйелге салу, зертханаларда ұрықтарды зерттеп, түрлі тәжірибеден өткізу адалдыққа жатпайды, болашақ адам ұрпағына жасалынған қорлық. Егерде әлсіз сперма әйел жұмыртқасымен күштеп ұрықтандырылса, одан ауру, кемтар, әлжуаз сәбилердің жаратылуы әбден мүмкін. Ана мен бала арасында рухани байланыстың болатыны ақиқат. Суррогаттық ана сәбиді тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, босанғаннан кейін басқа әйелге берсе, бұл рухани байланыстың үзіліп, мұндай баланың өзін асырап алған анасын жақсы көрмеуі, сыйламауы да, біліп қалған жағдайда құрсақ анасына кетіп қалуы да өмірде жиі болып жүрген оқиғалар.
Адамның сыңарын жасап шығару Кейбір дәулетті адамдар өмірде жоғалтқан, өзіне өте қымбат адамның көшірме сыңарын жасатып шығаруды қалайды. Мұны биотехнологияда клондау деп атайды.
Табиғаттағы ең биік сана-сезім иесі адамды клондау (зәузаттау) - қазіргі таңдағы үлкен ғылыми жетістік. Ол - белгілі бір адамның кескін - келбеті айнымайтын сыңарын, егізін медициналық технологиямен жасап шығару. Бірақта Еуропаның бірқатар елдерінде адамды клондауға тиым салынған. Американың өзінде 1997 жылы адамды клондауға уақытша мароторий жарияланды да.
Бедеулікті емдеу ЭКО орталығының жетекші дәрігер - эмбрикологтарының сөзіне арқа сүйесек, адамды клондауға қаржы да, уақыт та өте көп қажет. Тек қана бір клонды қолдан жасап шығару үшін 100 әйелдің аналық ұрығы пайдаланылады. Мұн-ың сыры орта шамамен әр әйелден он ұрықтан алғанда, мың ұрықтан бір ғана ұрық клонның өмірге келуіне негіз қалай алады. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, адамды клон- дау жұмыстарының нәтижелі шығуы 0, 1 пайыздан аспайды. Бұл адамды клондаудағы ең басты қиындық. Сол себепті, клон жасауға өз еркімен көнген әйелдің ана-лық ұрығының гендері алынып тасталады да, заказ берушінің денесінің бір клеткасынан гендер алынып, жатырға қоса салынады. Дәрігер - эмбринологтардың дәлелдеуінше, клондар ерлі-зайыптылардың арасынан аталық, аналық ұрықтарынан әсте пайда болмайды.
Қандайда бір ұрпақтың бойына ген арқылы ата-тегімен келіп қонатын қасиеттер де болады ғой. Әзірге бұл да клондарға тән емес деп есептелуде. Тек, бір қызығы, заказ беруші еркек бедеу болса да, кәрі немесе өліп қалса да, тірідей не өлідей мүддесінен алынған клеткалары арқылы оның сыңарын жасап шығаруға болады. Бизнестің харам түрі Қазір суррогаттық тәсілмен бала көтеру - АҚШ-та үлкен бизнес көзіне айналып отыр. Заң жүзінде ол үшін төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленбегенімен, Мednovosti. ru сайтындағы мәліметтер бойынша суррогаттық тәсіл-мен бала көтеріп берудің төлем мөлшері 12-18 мың евро көлемінде өзгеріп отыратын көрінеді.
Суррогаттық «құрсақ ана» болып келісім-шарт бойынша белгілі бір мөлшердегі ақыға бала тауып беру, жатырын жалға беріп, оны бизнес көзіне айналдыру, табыс табу, онымен күн көру, отбасын, ата-анасын асырау - қазақ халқының қанында жоқ харам іс, бұрын-соңды елімізде болмаған «кәсіп». «Харамға жоламаған халық едік, Аллаһ Тағала қазақ қыздары мен әйелдерін мұндай жиіркенішті жат қылықтан сақтағай», -деп мың мәрте жалбарынғанымызбен қазір Қазақстанда да жатырын жалға беру табыс көзіне айналуда.
Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жайында
2011 жылдың 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне қол қойды және де ол заңды күшіне еніп, бүгінгі күндері заң шеңберінде қолданылуда. Осы Кодекс бұрынғы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормаларымен қоса, жаңа бөлімдермен, тараулармен және баптармен толықтырылды. Солардың бірі «Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану», яғни «Құрсақ ана» жайындағы үлкен бір тараумен толықтырылуы. Мұндай ұғым бұған дейінгі қолданыстағы Заңда болмаған. Заңда болмаса да, ол кейінгі жылдары біздің қоғамымызға еніп үлгерген, қандай да бір болмасын себептермен балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптылардың қосалқы репродуктивтік технологиялар әдісін қолдану арқылы бала сүюіне мүмкіндік беретін медицинаның жаңа бір тармағы. Жалпы, «Суррогат» дегеніміз не? «Суррогат ана» дегеніміз - суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала туатын әйел болып табылады. «Суррогат ана болу шарты» Қазақстан Республикасының азаматтық заң талаптарын сақтай отырып, жазбаша түрде жасалады және де міндетті түрде нотариалды куәландырылуға жатады. Суррогат ана болу шартын құрумен бірге, ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын және сәйкес қызметтерді көрсететін медициналық ұйыммен шарт жасасады. Суррогат ана болуға ынта білдірген әйелдерге жаңа Кодекспен белгілі бір талаптар қойылған, яғни жасына, денсаулығына қарамастан кез-келген әйел суррогат ана бола салмайды. Суррогат ана болғысы келетін әйелдің жасы 20 мен 35 аралығында, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық физикалық, психикалық және репродуктивтік денсаулығының, сонымен қатар өзінің дені сау баласының болуы қажет. Егер суррогат ана заңды тіркелген некеде тұрса, суррогат ана болу шартын жасардан бұрын ерінің нотариалды тәртіпте куәландырылған жазбаша келісімі ұсынылуы тиіс. Жаңа Кодекстің 57 бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар суррогат ана болу шартын жасасқанда суррогат ананың медициналық тексерістен өтуімен, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданумен байланысты материалдық шығындарды көтеруге, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымдарға физикалық, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сонымен қатар медико-генетикалық тексеріс нәтижелерін ұсынуға, жүктілік, бала туу және бала туғаннан кейінгі кезеңде 56 күн бойы, ал, егер де жүктілікпен және бала туумен байланысты қиындықтар туындап қалса, бала туғаннан кейін 70 күн бойы суррогат ананың медициналық қызмет бойынша шығындарын төлеуге міндетті. Ал өз кезегінде суррогат ана осы баптың талаптарына сәйкес, суррогат ана болу шартын жасасқанда тапсырушыларға өзінің физикалық, психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға, жүйелі түрде дәрігерге байқалуға және оның ұсынымдары мен тағайындауларын қатаң тәртіпте орындауға, суррогат ана болу шартында көзделген кезеңдермен жүктіліктің өтуі туралы онымен шарт жасасқан тұлғаларды ақпараттандыруға, туылған баланы онымен суррогат ана болу шартын жасасқан тұлғаларға беруге міндетті. Суррогат ананың баланы басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Суррогат ана қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданғаннан кейін, суррогат ана болу шартымен көзделген жүктілік үшін жаупты және табиғи жүктіліктің туындау мүмкіндіктерін болдырмауға міндетті. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған баланың ата-анасы болып суррогат ана болу шарты негізінде ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар танылады. Баланың туылғанынан кейін оның анасы болып туу туралы медициналық куәлікте суррогат ана болу шартын жасасқан тапсырушының аты-жөні жазылады. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға өздерінің келісімдерін берген және суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар баладан бас тартқан жағдайда суррогат анадан материалды шығындардың орнын толтыруды талап ете алмайды. Егер ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар баладан бас тартса, оған ана болуға өз тілегі бойынша суррогат ана құқылы, ал, егер ол да баладан бас тартса, бала мемлекеттің қамқорлығына өтеді. Баланың суррогат анаға немесе қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын атқаратын мемлекеттік ұйымдарға берілуі оның ерлі-зайыптылардың, яғни тапсырушылардың мұрагері ретінде құқықтарын тоқтатпайды.
Қорытынды
Дегенмен, кез - келген заттың екі ұшы болмайды емес пе? Сол сияқты осы мәселені де мен екі жақты көзқараспен қарастыруды жөн көрдім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz