Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері



Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері


Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытудың негіздері
1.1 Дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9
1.2 Дыбыстардың ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.11

2Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
2.1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.16
2.2 Бастауыш сынып оқушыларына тілдің орфографиялық нормасын оқытудың ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Бүгінгі күнде әртүрлі ғылымдардың өзара тоғысуы, бір-бірімен ықпалдасуы оң нәтиже беруде. Қазақ тіліндегі мәтіндерге математикалық әдістер арқылы қазақ дыбыстарының тілімізде қолданылу жиілігін, оның сандық және сапалық ерекшеліктерін, тілдік заңдылықтарын айқындау, анықтау, осы арқылы сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда жаңа жүйе жасау қажеттігі туындады. Сондықтан мектеп есігін жаңа ашқан балаларды тез және сапалы сауаттандырып, дыбыстардың дұрыс айтылу, жазылу заңдылықтарын оқушыларға тез үйрету жолдарын іздестіру, оны зерттеу мәселесі алға шықты.
Әліппе – сауат ашудың негізгі саласы. Әліппе – баланы алғаш рет оқуға, жазуға үйрету жөніндегі ғылым.
Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын, әріп танымайтын баланың сауатын ашу жұмыстарын жетілдіру, оны ойдағыдай іске асыру оңай шаруа емес екені белгілі. Оны лингвостатистикалық әдістер арқылы анықтауға тура келді. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды тіліміздегі дыбыстардың қолданылу жиіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне, табиғи заңдылықтарына негіздеп жүргізу тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу нысаны. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды жаңаша зерделеп, жүйелеу әдістемесі.
Зерттеу мақсаты. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды тіліміздегі дыбыстардың сөздерде кездесу жиілігін, олардың бір-бірімен тіркесу заңдылығын, өзіндік ерекшеліктерін және дыбыстардың жұпталып келу мүмкіндіктерін лингвостатистикалық әдістермен зерделеу арқылы жаңа әдістемелік жүйе жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
1. Сауат ашу жүйесінің әліппе кезеңіне қатысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді шолу арқылы сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдірудің теориялық негізгі бағыттарын айқындау.
2. «Әліппе» оқулықтарына талдау жасау.
3. Ғылыми еңбектерге, көркем шығармаларға және күнделікті баспасөзде жарияланған мақалаларға лингвостатистикалық зерттеу жүргізіліп, қазақ тіл дыбыстарының сөздердегі қолданылу жиілігін, өзіндік ерекшеліктерін, табиғи заңдылықтарын анықтау.
4. Дыбыстар мен әріптерді жаңа жүйе бойынша үйрету үшін сауат ашудың әліппе кезеңінде оқытылатын дыбыстарды сұрыптау принциптерін анықтау.
5. Сауат ашудың әліппе кезеңінде оқытылатын дыбыстарды сұрыптау принциптері негізінде оларды оқытудың жаңа жүйесін жасау.
6. Сауат ашудың әліппе кезеңін жаңа жүйеде оқытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау.
7. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды айқындау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 1995,390-бет.
2. Оралбаева Н, Мадина Г, Әбілқаев А. Қазақтілі. Алматы, 1999
3. Қазақтілініңгармматикасы. Синтаксис. II. 1997.
4. Ә.Әбілақов. меңгерудің өзіндік ерекшеліктері, қазақстан мектебі,1995, №6;
5. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991, З-б.
6.Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модельді және мақсат
мәнді жай сөйлем типтері. 1968.
7. Арғынов X. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис, пунктуация. 1974.
8. Оралбаева Н, Мадина Г, Әбілқаев А. Қазақ тілі. (практикалық курс). Алматы, 1964 ж. 164-6.
9. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1967, 7-8-6.
10. Ш.Әуелбаев, Қ.Қабиева. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1969, 66-67-6.
11. Арғынов X. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис, пунктуация. 1974, 21-22-6.
12. С.Аманжолов, А.Әбілқаев. Қазақ тілі VII класқа арналған, 1985, 31-32-6.
13. Қабиева Қ.Е. «Сөйлемдегі сөздердің байланысу нінде» 1965, 5-14-б.
14. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971. 33-35-6.
15. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы: «Мектеп», 1997 ж 42 бет.
16. Бастауыш мектеп 1997. №16, 17, 18, 19 бет.
17. Бәкірова «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау - Алматы: 1987ж48бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Бүгінгі күнде әртүрлі ғылымдардың өзара тоғысуы, бір-бірімен ықпалдасуы оң нәтиже беруде. Қазақ тіліндегі мәтіндерге математикалық әдістер арқылы қазақ дыбыстарының тілімізде қолданылу жиілігін, оның сандық және сапалық ерекшеліктерін, тілдік заңдылықтарын айқындау, анықтау, осы арқылы сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда жаңа жүйе жасау қажеттігі туындады. Сондықтан мектеп есігін жаңа ашқан балаларды тез және сапалы сауаттандырып, дыбыстардың дұрыс айтылу, жазылу заңдылықтарын оқушыларға тез үйрету жолдарын іздестіру, оны зерттеу мәселесі алға шықты.
Әліппе - сауат ашудың негізгі саласы. Әліппе - баланы алғаш рет оқуға, жазуға үйрету жөніндегі ғылым.
Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын, әріп танымайтын баланың сауатын ашу жұмыстарын жетілдіру, оны ойдағыдай іске асыру оңай шаруа емес екені белгілі. Оны лингвостатистикалық әдістер арқылы анықтауға тура келді. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды тіліміздегі дыбыстардың қолданылу жиіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне, табиғи заңдылықтарына негіздеп жүргізу тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу нысаны. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды жаңаша зерделеп, жүйелеу әдістемесі.
Зерттеу мақсаты. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуды тіліміздегі дыбыстардың сөздерде кездесу жиілігін, олардың бір-бірімен тіркесу заңдылығын, өзіндік ерекшеліктерін және дыбыстардың жұпталып келу мүмкіндіктерін лингвостатистикалық әдістермен зерделеу арқылы жаңа әдістемелік жүйе жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
1. Сауат ашу жүйесінің әліппе кезеңіне қатысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді шолу арқылы сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдірудің теориялық негізгі бағыттарын айқындау.
2. Әліппе оқулықтарына талдау жасау.
3. Ғылыми еңбектерге, көркем шығармаларға және күнделікті баспасөзде жарияланған мақалаларға лингвостатистикалық зерттеу жүргізіліп, қазақ тіл дыбыстарының сөздердегі қолданылу жиілігін, өзіндік ерекшеліктерін, табиғи заңдылықтарын анықтау.
4. Дыбыстар мен әріптерді жаңа жүйе бойынша үйрету үшін сауат ашудың әліппе кезеңінде оқытылатын дыбыстарды сұрыптау принциптерін анықтау.
5. Сауат ашудың әліппе кезеңінде оқытылатын дыбыстарды сұрыптау принциптері негізінде оларды оқытудың жаңа жүйесін жасау.
6. Сауат ашудың әліппе кезеңін жаңа жүйеде оқытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау.
7. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды айқындау.
8. Ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу; бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту үрдісін бақылау; бүгінгі күнге дейінгі және қолданыстағы Әліппе оқулықтарын, топтамалар мен кешендерді талдау.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


1 Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытудың негіздері
1.1 Дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқыту
Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).
Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.
Дауысты дыбыстар. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, е
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай: Жуан: о, ұ, а, ы.
Жіңішке: ө, ү, ә, і, е.
Жақтың қатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е.
Қысаң: ы, і, ү, ұ.
Еріннің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү.
Езулік: а, ә, е, ы, і.
Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және
қатаң болып үшке бөлінеді.Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ
ДЫБЫС ПЕН ӘРІПТЕРДІ ОҚЫТУ
Қазақ тілінің фонетика тарауынан бастауыш класс оқушыларына негізгі білімдік мағлұмат пен практикалық дағды біршама жеткілікті беріледі. Дыбыс пен әріптер үш класта да өтіледі. Қазақ тілі бастауыш курсында дыбыс, әріп, олардың мәні, жазылу емлесі, алфавит, буын және тасымал жайлы бастапқы ұғымдармен танысады.
Балалар қазақ тілі дыбыстары ерекшелігін мектепке келгенше практикалық тұрғыда әжептеуір игереді. Бірақ олар жеке сөздегі әрбір дыбысты саналы түрде ажырата алмайды. әліппені өту кезеңдерінде сөзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды айырып үйренеді. Мұнда да тіл дыбыстарының бір-бірінен өзгешелік белгілерін толық тани қоймады. Ал, тіл дыбыстарын және олардың өзіндік айырмашылықтарын білудің балаларды сауаттандыру үшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеру үшін де және ауызша, жазбаша тіл дамыту үшін де маңызы күшті.
Дыбыс пен әріп тақырыбы ең негізгі мәселе ретінде бірінші класта оқытылады да, екінші-үшінші кластарда ол меңгерілген білік пен дағды тереңдетіліп, бекітіле түседі.
Дыбыстың сөз мағынасы түрленуіне әсер ететіндігін практикалық жұмыс орындату арқылы түсіндіруге болады. Ол үшін қосу және алу әдістері қолданылады. Тиісті сөзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сөзден бір дыбысты алып тастағанда, сөз мағынасы өзгеріп, түрленетіні байқатылады. Сөздегі дыбыстардың саны көбейсе не азайса, сөздің мағынасы өзгеретіні ғылыми ұғым бағдарында танытыла бастайды.
Сөзде басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайтынын сөздегі дыбыс санын көбейту амалы мен ойын элементін ендіре отырып, қызғылықты түрде түсіндіру - тиімді әдіс. Мәселен, а дыбыс деп танылады, егер біреу есіміңді атағанда, а деп жауап қайтарсақ, сөз мәнінде жүретіні ескеріледі. Енді осы а-ның үстінде бір-бірлеп дыбыс қосып атау жолымен қандай-қандай алуан мағыналы сөздер жасауға болатынын төмендегіше байқатамыз.
Аа.Ат. Ата. Атақ. Атағы (сөздер)
Ал. Ала. Алан. Аланы (сөздер)
Дыбыстарды, оның жазудағы таңбасы әріп деп аталатыны оқушыларға әліппе кезеңінде үйретіледі. Осы мәселе бірінші класс қазақ тілін оқуға түскенде, дыбысталады. Мұнда Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады деген ережелер беріледі. Ал, практикалық жұмыстарда сөз ішіндегі дыбыс пен әріптер айтылады, олардың қанша екені сұралады.
Дыбыстар бастауыш кластарда төмендегі ретпен бөлініп оқытылып жүр.
Бірінші класта жеті дауысты дыбыс (а, с, о, ө, и, й, ү, ұ және олардың емлесі. Екінші класта дауыстылардан и, і, у, и, ю, я дауыссыздардан б, п, д, т, к, қ, л, р, н, ң), бұлардың емлесі. Үшінші класта дауыстылардан: е, э, дауыссыздардан в, ф, х, һ, ц, ч, щ, ъ, ь дыбыстар мен әріптер өтіледі, емлесі үйретіледі.
Ана тіліміздегі э, ж, з, м, с, ш дыбыстары мен әріптері, олардың жазылу емлелері жөнінде программада айтылмаған. Соған орай олар жайлы оқулықтарда да материал ендірілмеген. Оқыту процесінде бұл дыбыстардың қатынасымен жасалатын сөздер, оларға байланысты емле кездеспей қалмайды. Сол себепті мұғалімдер тәжірибе жүзінде бұл тілдік объектілер турасында оқушыларға дұрыс мағлұмат беріп отырады.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС ПЕН ӘРІП ЕМЛЕСІН ОҚЫТУ. Оқушыларға дауысты дыбыстарды оқыту ісінде бірінші класта берілетін білімді берік негіздеуге көңіл бөлінеді. Өйткені дыбыс пен әріп туралы, дауысты дыбыстар және олардың жуан, жіңішке түрлері жөнінде бірінші класс оқушылары әліппені өту кезеңінде бастапқы түсінік алады. Енді бірінші класс қазақ тілі пәнін оқуға кіріскенде сол материалдар қайталанады.
Дауысты дыбыстар мен олардың емлесі үш класта да өтіледі. Тілімізде дауысты дыбыс әріптері 15 десек, солардың жетеуі бірінші класта оқылады. Олай болса, бұл тақырып материалын дұрыс меңгерту ісіне осы класта негіз салынады. Сонда ғана оқушылар келесі кластарда жеңіл үлгеретін болады.
Дауысты дыбыстарды үйреткенде, қолданылатын негізгі әдістер дыбыстың естілуін тыңдап бақылату, сөйлеу арқылы жаттықтыру, дыбыстың мәнін сөздерді салыстыру тәсілімен таныту, әріптердің жазылу емлесін талдау, жаттығу жұмыстары бойынша меңгерту болып табылады. Бұл әдіс-тәсілдер қалыпты жүйемен жүргізіліп, оқушылардың практикалық дағдысына ендіріледі.
А, ә дыбыстарының мәні мен ерекшелігін таныту үшін, олар бір сабақта қатар алынып, екеуі дыбыстау жолы, естілу үні бойынша салыстырылып юайқатылады, дыбыстарды тыңдау, айтқызу жолымен бақылатып жаттықтырылады. Осындай дыбыстар ерекшелігін таныстыру жұмысында мына әдістер қолданылады.
1. Мысалға алынған сөз дыбыс жіктерімен айтылып, талданады.
2. Жуан, жіңішке дыбыстар қатысып тұрған сөздер мағынасы жөнінен салыстырылады.
3. Тиісті сөздердің қалай айтылып, естілетіндігі байқатылады.
Мұғалім қай-қай дыбысты не тақырыпты өтуге тиіс болса да ол ең алдымен оқулық материалын егжей-тегжейлі ойластырып, өтілетін сабақты ұйымдастыру жолын, материалды пайдалану тәртібін әбден белгілеп алуға тиіс. Сонымен а, ә дыбыстарын таныстыру сабақтарында жүргізілетін жаттығу жұмыстарының шартты текстерді көшіріп жазу, олардағы а, ә әріптерінің немесе солар қатысып жүрген сөздердің астын сызу, я болмаса Күләш, Күләнда деген кісі аттары мен шай, шайнек сөздерінің жазылуын біліп алу сияқты тапсырмалар ұсынылған. Егер мұғалім оқулық не деп тапсырса, сол күйінде ғана жұмыс жасатумен тынса, онда белгілі тақырыптың ғылыми мәні, практикалық қызметі мүлде ашылмай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалім әрбір тапсырмада күтілетін ғылыми білімдік мәннің ішкі сырын түсінуі тиіс. Мәселен, тапсырмадағы сан-сән деген сөздерді салыстырып оқудан нелерді аңғаруға болады? Одан, біріншіден, екі сөздің қайсысы жуан, қайсысы жіңішке екенін байқатамыз. Ол неліктен?- деген сұраққа жауап тапқызамыз. Демек а - жуан, ә - жіңішке дауысты дыбыс екенін балалар айтуы қажет. Екіншіден, бұл сөздердің лексикалық мағынасы ашылады. Сан - есеп, заттың саны, сән - әсемділік деген ұғым екені ұғындырылады. Ал, осылардағы сөздің ұқсастық және айырмашылықтарын салыстыру арқылы дауыссыз дыбыстары бірдей сөздердің мағыналары басқа-басқа болуына олардағы екі дауысты дыбыстың әсері тиіп тұрғаны түсіндіріледі. Жаттығуларда кездесетін көп буынды сөздердегі а, ә дыбыстарының орнына назар аударылады. Ондағы мақсат - а дыбысы сөздің барлық буындарында да қолданылып, ә дыбысының, негізінде, бірінші буында жазылатынын білдіру. Енді Күләш, Күләнда сияқты кейбір сөздің екінші буынында ә жазылатыны ішінара емлелік ерекшелік деп түсіндіріледі. Ал, кітап сияқты алды жіңішке буынды сөздің келесі буынында ә айтылып, естілгенмен, жазылмайды деген емлеге назар аударылады.
Жуандық, жіңішкелік жағынан жұптанып келетін о мен ө, ұ мен ү, ы мен і дыбыстарын оқытқанда да жоғарғы а мен ә-ні өткендегі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Ескеретін мәселе - осындағы еріндік дауыстылардың айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға жете таныту.
И дыбысының емлесі де у дыбысына ұқсайды. Тек бұл әріпті түсіндіруде оның ы, і дыбыстарына й (қысқа и) бірігу жолымен жасалғанына меңзеу бар. Ал, у дыбысының құрамы да дауыстылық қызмет атқарғанда ұ мен ү дыбыстарына У-дың бірігуімен пайда болатынын программада да, оқулықта да ескерілмеген. Біздіңше, бұл оқыту әдісіне қиындық келтірмейтін сияқты. Сонда у дыбысы дауыстыдан кейін дауыссыз дыбысқа айналады демей-ақ, кейінгі й (қысқа и) секілді сипаттама беріп оқытамыз.
Ал дауыссыз у-дың й әрпінен өзгешелігі оның үстіне үмлеуіт қойылмағандығы екенін айтып, дәлелдеп түсіндіру қиын емес. Сөйтсек, тілімізде и сияқты толық праволы дауысты у дыбысы да бар екенін балалар танитын болады.
1.2 Дыбыстардың ғылыми негіздері
Дыбыстардың бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі. Бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңінде дыбыстардың өтілу ретін анықтауда олардың көрші дыбыстармен тіркесу мүмкіндігі ескерілді. Мақсат ─ қазақ дыбыстарының өзара тіркесу қабілетін айқындау, сол арқылы оқушылардың сөздерді оқу дағдыларын жетілдіру, балалардың сөз құрау қабілеттері мен дағдыларын тиімді қалыптастыру жолдарын анықтау. Ол үшін С.Мырзабековтың Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі дистрибуциялылық пен функционалдылық атты докторлық ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін, қазақ дыбыстарының өзара тіркесімділігін анықтау критерилерін (дауыссыз дыбыстар бойынша) пайдаландық.
Әрбір дыбыстың бір-бірімен сөздің басында, яғни бірінші позицияда; сөздің ортасында, яғни екінші позицияда; сөздің соңында, яғни соңғы позицияда кесдесу мүмкіндіктері сараланды. Зерттеуден төмендегідей тұжырым жасадық:
1. Қазақ тілінің а, е, ы, і, ж, з, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш, и, у дыбыстары үш позицияда да кездеседі.
2. Дауысты о, ө дыбыстары мен б, г, д дауыссыз дыбыстары тек сөз басында ғана кездеседі.
3. Үнді ң дауыссыз дыбысы тек сөздің екінші және үшінші позицияларында ғана кездеседі.
4. Ұяң ғ дауыссыз дыбысы сөз басында және ортасында ғана кездеседі.
5. Ә, ұ, ү дауысты дыбыстары сөз басында жиі ұшырасып, сөз ортасында
тек кейбір сөздерде ғана кездеседі.
Дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін, біріншіден, дауысты және дауыссыз дыбыстардың әртүрлі стильде қолданылу жиілігін; екіншіден, дауысты дыбыстардың іштей жіктелу түрлерінің қолданылу жиілігін; үшіншіден, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуінің қолданылу жиілігін айқындауды мақсат еттік. Сөздерді лингвостатистикалық әдіспен зерттеуден алынған нәтижелері төмендегі кестелерде берілді.
Дыбыстардың жұпталып келу құбылысын ескеру бойынша сауат ашудың әліппе кезеңінде қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына сүйеніп реттелді. Ондағы мақсат ─ қазақ тілінде дыбыстардың варианттарын қатар, салыстыра оқыту арқылы оқушылардың оларды оңай игеруіне ықпал ету. Дыбыстарды артикуляциялық тұрғыдан жуық варианттарымен салыстыра оқыту оқушылардың әрбір дыбыстың өзіндік ерекшеліктерін жете меңгеруіне игі ықпал етеді деген ойдамыз. Бұл үшін әрбір дыбысқа бір-бір сағаттан беріп, үшінші сабақта осы жұпталып келген дыбыстарды салыстыра оқыту қажет.
Сөйтіп, сөздерде дыбыстардың қолданылу жиілігін, олардың басқа дыбыстармен тіркесу мүмкіндігін, өзіндік ерекшеліктерін ескеру және дыбыстардың жұпталып келу құбылысын ескеру принциптері негізінде сауат ашудың әліппе кезеңінде дыбыстарды оқытуды төмендегідей ретпен белгілеуге болады:
Бірінші кезеңде А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш, С дыбыстары меңгертіледі.
Екінші кезеңде Ы, І, М, Ң, Й, И, Ұ, Қ, Ғ, Е, Д, Ү, К, Г, Ө, Ә, З, Ж, П, Б дыбыстары оқытылады.
Үшінші кезеңде қазақ тілінде сирек қолданылатын Х, Һ, Я, Ю, Ф дыбыстары мен орыс тілінен енген В, Э, Ё, Ц, Щ, Ч дыбыстары оқытылады.
Төртінші кезеңде орыс тілінен енген Ь, Ъ белгілері таныстырылады.

2 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
2.1 Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алды - мен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта -- ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады,
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда -- лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Қазақ тілін оқыту методикасы пәнінен түзген лекция мәтіндері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Пәндер