Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Мониторинг.
2.2. Сел құбылыстарының түрлі әсерлері.
2. 3 . Қоршаған орта сапасының стандарттарын және нормативтерін жетілдіру
III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер
Соңғы жылдары республикада қоршаған ортаның жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми зерттеулердің едәуір көлемі орындалған, оның сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірленген. Келесі кезеңде орындалған ғылыми – зерттеулер нәтижесіндеұсынылған ұсынымдарды тәжірибелік енгізу жөніндегі жұмыстарды өткізумен қатар бұл салада зерттеулерді орындауды жалғастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының сапасы туралы ұлттық баяндаманы дайындау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет, бұл мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және халықты қоршаған ортаның сапасы туралы объективтік, ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орнықты даму республикада аумақтық деңгейде тек қана әкімшілік-аумақтық бөлу субъектілері шеңберінде жүзеге асырылмайтындығынабайланысты Орал-Каспий орнықты даму аймағы мысалында жеті экожүйелік аймақты құрудың ғылыми негіздемесін әзірлеу көзделіп отыр.
Су ресурстары жай-күйін зерттеу және қорғау саласындағы жұмыстар мыналарды қосатын болады:
Қазақстан Республикасының жер беті суларының жай-күйін, қорғауды және пайдалануды талдау;
экожүйеге биологиялық толыққанды суларды қайтарумен өнеркәсіптік және тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін цеолитті фоторезонансты биобелсендіру қондырғысын әзірлеу;
ағынды және коллекторлық-кәріздік суларды зерттеу және оларды тиімді тазарту және суаруға қайталама пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Қытай Халық Республикасымен бірлесіп су тұтынуды, су бөлуді нормалау, су ресурстары сапасы, су үнемдеуші технологиялар, су пайдалануды оңтайландыру мәселелері жөніндегі екі елде бар материалдарды зерттеу мен зерделеу;
Қазақстанның құмды шөлейттерінде тегістелу үдерістердің қарқындылығын зерттеу және олардың дамуының неғұрлым қауіпті
IV. Әдебиеттер

1. Г. С. Оспанова, Г.Т. Босшатаева, экология, Алматы 2009, 7 – 12 беттер.
2. Журнал «География және табиғат» 12 – 16 беттер.
3. Ү.И. Кенесариев, Н.Ж. Жақашов ,экология және халық денсаулығы, Алматы «Ғылым» 2003 жыл, 143 – 145 беттер.

Семей мемлекеттік медицина университеті
Жалпы гигиена және эпидемиология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі : Токанова Ш. Е

Формасы: Реферат
Тақырыбы: Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері
Пән: Экология және тұрақты даму

Орындаған: Гатина З. Р.
ЖМФ 110 - топ
Тексерген: Сатпаева Р.Ж.

Семей 2010 жыл

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
0.1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Мониторинг.
0.2. Сел құбылыстарының түрлі әсерлері.
2. 3 . Қоршаған орта сапасының стандарттарын және нормативтерін жетілдіру
I. Қорытынды
II. Әдебиеттер

І. Кіріспе
Соңғы жылдары республикада қоршаған ортаның жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми зерттеулердің едәуір көлемі орындалған, оның сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірленген. Келесі кезеңде орындалған ғылыми - зерттеулер нәтижесіндеұсынылған ұсынымдарды тәжірибелік енгізу жөніндегі жұмыстарды өткізумен қатар бұл салада зерттеулерді орындауды жалғастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының сапасы туралы ұлттық баяндаманы дайындау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет, бұл мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және халықты қоршаған ортаның сапасы туралы объективтік, ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орнықты даму республикада аумақтық деңгейде тек қана әкімшілік-аумақтық бөлу субъектілері шеңберінде жүзеге асырылмайтындығынабайланысты Орал-Каспий орнықты даму аймағы мысалында жеті экожүйелік аймақты құрудың ғылыми негіздемесін әзірлеу көзделіп отыр.
Су ресурстары жай-күйін зерттеу және қорғау саласындағы жұмыстар мыналарды қосатын болады:
Қазақстан Республикасының жер беті суларының жай-күйін, қорғауды және пайдалануды талдау;
экожүйеге биологиялық толыққанды суларды қайтарумен өнеркәсіптік және тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін цеолитті фоторезонансты биобелсендіру қондырғысын әзірлеу;
ағынды және коллекторлық-кәріздік суларды зерттеу және оларды тиімді тазарту және суаруға қайталама пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Қытай Халық Республикасымен бірлесіп су тұтынуды, су бөлуді нормалау, су ресурстары сапасы, су үнемдеуші технологиялар, су пайдалануды оңтайландыру мәселелері жөніндегі екі елде бар материалдарды зерттеу мен зерделеу;
Қазақстанның құмды шөлейттерінде тегістелу үдерістердің қарқындылығын зерттеу және олардың дамуының неғұрлым қауіпті аудандарын анықтау;

II. Негізгі бөлім

2.1. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Мониторинг.
Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістеріне метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сиптын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және тағы басқалары жатады.Қазіргі кезде осы әдістердің ішінде практикалық маңыздылығы жағынан мониторингке ерекше көңіл бөлінеді.
Экологиялық мониторинг. Мониторинг - биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық, физико - географиялық, геохимиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Мысалы, биологиялық мониторинг қоршаған ортаның функционалдық және құрылымдық биологиялық белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Мониторинг қызметінде дистанционды және автоматтық бақылау әдістерінің рөлі артып келеді. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару кірмейді.
Қазақстан Республикасының табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде жаңа бөлім - экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингінде мемлекеттік басқару жұмыстарын жүргізеді. Бұрын бұл жұмысты ауа райын болжау, ауыл шаруашылығы министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, өндіріс орындары, ғылыми - зерттеу институттары жүргізіп келген, ол тікелей экологиялық мекемелердің міндеті емес еді. Олар әр түрлі әдістермен, әдетте ескі құрал - жабдықтармен жүргізіліп келді. Оны құрудағы мақсат - орындаушы органдар мен халықты объективті экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету. Біртұтас қоршаған орта объектілерінің жағдайының біртұтас мемлекеттік мониторингін жасау қажет.
Бұл жұмыстың бірінші кезеңінде орындалатындары - табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрын жүргізу, қоршаған ортаны ластау көздері мен ластанған бөліктерін, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу.
Біздің республикамыздың пайдалы қазбаларының Мемлекеттік кадастрлары жасала бастады.
Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген.
Экологиялық мониторинг жүргізу үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:
1. Атмосфераны ластаушы көздердің кадастры.
2. Суды ластаушы көздердің кадастры.
3. Шайынды суларды жіберу кадастры.
4. Техногенді ластанған учаскелердің кадастры.
5. Техногенді қалдықтардың кадастры.
6. Радиоактивті қалдықтардың кадастры.
7. Жоғары улы қалдықтардың кадастры.
8. Зиянды заттарды көму кадастры.
9. Тұрмыстық қалдықтардың кадастры.
10. Зиянды элементтердің концентрациясы жоғары табиғи геохимиялық аномалиялар кадастры.
11. Табиғи радиоактивті аномалиялар кадастры.
12. Экологиялық қалыпты қызмет түрлерінің тізімі.
13. Потенциялды қауіпті химиялық заттардың кадастры.
14. Республиканың әкімшілік облыстары бойынша жалпы мемлекеттік кадастры.
15. Қ. Р - ның біртұтас жиынтық мемлекеттік кадастры.
Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударылатын мәселелер:
1. Мұнай өндіру қызметінің нәтижесінде мұнаймен ластану.
2. Магистралды су жүйелерінің - Ертіс, Сырдария, Нұра, Оралдың суының ластануы.
3. Ірі өндіріс орталықтарында - Алматы, Лениногорск, Өскеменде ауаның ластануы.
4. Радиоактивті газ - радон көп бөлінетін территориялар.
5. Семей аймағы мен басқа да жарылыстар жүргізілген жерлердегі радионуклидтермен ластанған территориялар.
6. Қазақстанның Оңтүстігіндегі жер асты суларының радионуклидтермен табиғи ластануы.
7. Қазақстанның Оңтүстік, батыс және солтүстік бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің пестицидтермен ластануы.
8. Солтүстік және орталық Қазақстанның, әсіресе, Ақмола облысының табиғи геохимиялық ластануы.
9. Оңтүстік Қазақстандағы шөлдену мен жерлердің деградациясы.
10. Аурулар картасын жасау мен құрастыру.
Нәтижесінде әр облыстың экологиялық атласын жасау қажет.
Жергілікті мониторинг әдетте қандайда бір интенсивті антропогенді қысымға ұшыраған жекелеген объектілерге қатысты болады. Оларға орман, су, тау және т.б жатады.
Пайдаланатын әдістері бойынша - космостық, авиациялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша - химиялық, физикалық, биологиялық және басқалар болып бөлінеді.
Аймақтық мониторинг - көршілес табиғат жағдайларынан ерекшеленетін үлкен кеңістікті алып жатқан аудандар мониторингі.

2.2. Сел құбылыстарының түрлі әсерлері.

Сел құбылыстарының халыққа тигізетін әсері медициналық, био - логиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық сияқты кешенді критерийлермен бағалануы мүмкін жәнебағалануда. Құбылыстардың халыққа тигізетін әсерін бағалаған кезде аумақтың (қала агломерация - сының, өнеркәсіптік аудандардың), халық тығыздығының, әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың сипаттамасын ескеру қажет болады. Ха - лыққа әсер ететін әсерлер кластары мынадай түрде болуы мүмкін.
1-класс: сел құбылыстары адам өмірі үшін қауіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климаттық мониторинг
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
МДҰ әдістемелік кабинет
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Педагогикалық бағалау функциялары
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Пәндер