Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері



Мектеп оқушысының жеке тұлғалық
дамуының жас мөлшерлік кезеңдері

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І Бастауыш сынып оқушыларының дамуы
І.І Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
І.ІІЖеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.11

ІІ Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері
ІІ.І Мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай даму деңгейі ... ... ... ... ... .12.15
ІІ.ІІБастауыш мектеп жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы кезеңде оқушы ағзасының анотомо-физиологиялық құрылысындағымәнді өзгерістер қалыпты және біркелкі жүреді. Дене өсуімен қатар сүйек қаңқасының қалыптасуы да жүреді. Дененің ірі бұлшық еттері кішілеріне қарағанда бұрын дамиды, сондықтан да осы жастағы оқушылар үшін нәзік және нақты қозғалыстарды орындау қиын. Қол фалангілерінің сүйектенуі шамамен осы кезеңнің соңына қарай аяқталады, сондықтан балалар жазба жұмыстарынан тез шаршайды, ұқыпты жазу олар үшін қиындайды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Дамудың әлеуметтік жағдайының өзгерістері келесідей:
1. Баланың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны өзгереді. Бала қаперсіз балалық шақтан жаңа нормативтілік дүниесіне өтеді.
2. Үлкендермен қатынас типі өзгереді, симпатия-антипатия типінен талап қою қатынасына.
3.Қатарластарымен қатынас типі өзгереді. Баланың қатарластырының ортасындағы жағдайы енді оның алған бағаларымен анықталады.
Осы кезеңдегі жаңа құрылымдар.
1. Психикалық процестердің ырықтылығы. Ырықтылық қандай да бір мақсат қоюды және оған саналы ерік –жігер күшімен жетуді ұйғарады. Мектеп жасының аяғында ырықты қабылдау, ес, зейін, қиял ұлғаяды;
2. Әрекеттердің ішкі жоспары («ойша» әрекеттену). Бала өз әрекеттерінің неғұрлым көп қадамдарын болжай алса, соғұрлым ол міндеттерді іс-жүзінде табысты қадағалай алады;
3.Рефлексия – бұл өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, осы ерекшеліктерд басқалардың қалай бағалағанын саналы ұғыну, және де өз мінез-құлқын олардың реакциясын есепке ала отырып құру.
4. Өзін-өзі қадағалау – бұл өз әрекеттерін үлгімен салыстыру әрекеті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
3. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
4. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
5. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
6. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
8. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
9. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
10. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
11. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп оқушысының жеке тұлғалық
дамуының жас мөлшерлік кезеңдері

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І Бастауыш сынып оқушыларының дамуы
І.І Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-10
І.ІІЖеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11

ІІ Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері
ІІ.І Мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай даму деңгейі ... ... ... ... ... .12-15
ІІ.ІІБастауыш мектеп жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19- 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы кезеңде оқушы ағзасының анотомо-физиологиялық құрылысындағымәнді өзгерістер қалыпты және біркелкі жүреді. Дене өсуімен қатар сүйек қаңқасының қалыптасуы да жүреді. Дененің ірі бұлшық еттері кішілеріне қарағанда бұрын дамиды, сондықтан да осы жастағы оқушылар үшін нәзік және нақты қозғалыстарды орындау қиын. Қол фалангілерінің сүйектенуі шамамен осы кезеңнің соңына қарай аяқталады, сондықтан балалар жазба жұмыстарынан тез шаршайды, ұқыпты жазу олар үшін қиындайды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Дамудың әлеуметтік жағдайының өзгерістері келесідей:
1. Баланың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны өзгереді. Бала қаперсіз балалық шақтан жаңа нормативтілік дүниесіне өтеді.
2. Үлкендермен қатынас типі өзгереді, симпатия-антипатия типінен талап қою қатынасына.
3.Қатарластарымен қатынас типі өзгереді. Баланың қатарластырының ортасындағы жағдайы енді оның алған бағаларымен анықталады.
Осы кезеңдегі жаңа құрылымдар.
1. Психикалық процестердің ырықтылығы. Ырықтылық қандай да бір мақсат қоюды және оған саналы ерік - жігер күшімен жетуді ұйғарады. Мектеп жасының аяғында ырықты қабылдау, ес, зейін, қиял ұлғаяды;
2. Әрекеттердің ішкі жоспары (ойша әрекеттену). Бала өз әрекеттерінің неғұрлым көп қадамдарын болжай алса, соғұрлым ол міндеттерді іс-жүзінде табысты қадағалай алады;
3.Рефлексия - бұл өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, осы ерекшеліктерд басқалардың қалай бағалағанын саналы ұғыну, және де өз мінез-құлқын олардың реакциясын есепке ала отырып құру.
4. Өзін-өзі қадағалау - бұл өз әрекеттерін үлгімен салыстыру әрекеті.
Жетекші іс-әрекет. Кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет оқу іс-әрекеті болып табылады. Оқу іс-әрекеті: 1) баланың бүкіл өмірлік қатынастар жүйесін анықтайды, қоршаған дүниеге және өзіне оқушыға деген жаңа позициясын қалыптастырады; 2) саналы ережелермен жүзеге асырылатын бұл іс-әрекет ырықтылықтың ары қарайғы дамуын талап етеді; 3) мектепке келгеннен кейін (Д.Б.Эльконин) оқыту типі де түбегейлі өзгереді (ғылыми ұғымдар жүйесін мегеру); 4) оқу іс-әрекетінің арқасында оқушының өзінің өзгеруі жүреді.
Зерттеу объектісі: Тұлғаның әлеуметтенуі.
Зерттеу пәні: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігінің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар мен ахуалдар.
Зерттеу мақсаты: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру.
Зерттеу міндеттер:
1. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыдан қарастырылуын анықтау;
2. Әлеуметтену ұғымының мәнін қарастыру;
3. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтенуді анықтау;
4. Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері
Зерттеу болжамы: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Бастауыш сынып оқушыларының дамуы
І.ІБастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкіндіктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, есейген шақ кезендеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қалыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап карастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін
оку-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегеңде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жаска дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Жүйке жүйесінін жетілуі де жалғасады. Жүйке жасаушалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді.
7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы баска да дағдыларына үйрену арқылы бала өзін - өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті - бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді -- енді келеді , Бұған дейін жасай алмадым -- енді жасаймын, Бұрын қандай болдым - қазір қандаймын, - міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі калыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды кажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оку іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оку тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды калыптастырады. Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі -- танып-білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың калқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың терендігі қандай? Су астындағы жәндіктер калай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі Неге?, Қалай?, Неліктен?, деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенген, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой-көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау -- бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқтығынан, түсніктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей көздерден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсеңділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінін атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарынын өз еркінен тыс басқа жақка тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
І.ІІЖеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және онын педагогикалық процесте ескерілуі.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады.
Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады.
Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындылық - адамның интеллектуальдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылыньщ деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік - бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан караусыз қалған деген сөз ортаның келенсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.
Мектеп оқушысьшың жеке ерекшелігі дегеніміз - оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушы-лығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогиқалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп окушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-катынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншьшықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.

ІІ Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері
ІІ.ІМектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының педагогикалық категориясы
Әлеуметтік дезадаптацияның себептері
Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент) оқу іс-әрекетінің субъекті
Әлеуметтік дезадаптацияның себептері жайлы
Тұлға дамуындағы диагностикалау
Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие процесінде ескерілуі
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері жайлы
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Пәндер