Оқушыны есеп шығаруға үйрету



Оқушыны есеп шығаруға үйрету

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Бастауыш сыныпта есеп шығару әдістемесі

1.1Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2 Есеп шығарудың жалпы әдіс .тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.8

2 Есеп шығаруға үйретудің жолдары

2.1 Бастауыш сынып оқушыларын мәтінді есептерді шығаруға үйрету ... .9.11
2.2 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Ең бастысы, қазіргі кезде ұстаздар қауымы, ата-ана, бүкіл ел-жұрт болып күш біріктіріп, қайтсек еркін ойлы, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелейміз деуімізге еш күмәндік туғызбайды. Басты міндет балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу болып табылады.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Қандай зәулім үй салсаң да, оның іргетасы дұрыс қаланбаса, күндердің күнінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол секілді бала тәрбиелеу мен білім беруде бастауышта мықты іргетас қаланбаса, жас ұрпақтан болашақта білімді, көргенді азамат шықпайтыны хақ.
Тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы қабілетті де оқушыларымыз болмақ. Шәкірт санасын білім нәрімен сусындатып, оларды шығармашылық ізденіске баулу мен тәрбиелеуді ұйымдастыру ұстаздардың біліктілігіне де байланысты.Ұстаздық бұл киелі мамандық. Сондықтан да баланы адам етудегі оның сіңірген еңбегі – ардың ісі.
Курстық жұмыстың мақсаты.Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Баймуханов Б.Математика есептерін шығаруға үйрету.Мектеп.1999.
2. Ағанина Қ.Ж., Кенжебаева М.Ө.,Шалғынбаева Б.Ә., Алтыбаева Ш.Б., Палжанова Ұ.Н. Математика дидактикалық материалдар. Алматы. Атамұра.2001.
3. Рақымбек Д. Оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру. — Алматы, 1998-255 бет.
4. Баймұханов Б. Математиканыоқытудағысабақтастық// Бастауышмектеп. — 2000 - №1. 25-26 б.
5. Елубаев С. ХалықауызындағыесептердіңсипаттарыБастауышмектеп 2003 - №2 20-226.
6. Көшкентаева М. СабақтаоқушылардыңталдаужасаужәнелогикалықойлауқабілеттеріндамытужолдарыБілім2001 -№4 7-8 6.
7. Жұмабаева Н. Баланыңлогикалықойлауындамытудыңжолдары // Бастауышмектеп 2002 - №11 37-44 б.
8. Рақымова Б. ОқушыныңтанымдыкәрекетіндамытуБастауышмектеп 2002 - №10 25-26 6.
9. Ә.Бидосов «Математика оқытуметодикасы

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыны есеп шығаруға үйрету

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1 Бастауыш сыныпта есеп шығару әдістемесі

1.1Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
1.2 Есеп шығарудың жалпы әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..7-8

2 Есеп шығаруға үйретудің жолдары

2.1 Бастауыш сынып оқушыларын мәтінді есептерді шығаруға үйрету ... .9-11
2.2 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...11-1 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17- 18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Ең бастысы, қазіргі кезде ұстаздар қауымы, ата-ана, бүкіл ел-жұрт болып күш біріктіріп, қайтсек еркін ойлы, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелейміз деуімізге еш күмәндік туғызбайды. Басты міндет балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу болып табылады.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік - дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Қандай зәулім үй салсаң да, оның іргетасы дұрыс қаланбаса, күндердің күнінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол секілді бала тәрбиелеу мен білім беруде бастауышта мықты іргетас қаланбаса, жас ұрпақтан болашақта білімді, көргенді азамат шықпайтыны хақ.
Тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы қабілетті де оқушыларымыз болмақ. Шәкірт санасын білім нәрімен сусындатып, оларды шығармашылық ізденіске баулу мен тәрбиелеуді ұйымдастыру ұстаздардың біліктілігіне де байланысты.Ұстаздық бұл киелі мамандық. Сондықтан да баланы адам етудегі оның сіңірген еңбегі - ардың ісі.
Курстық жұмыстың мақсаты.Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Курстық жұмыстың міндеті. Бастысы, оқушылардың әрбір есепті шешу үдерісінен жаңа бір нәрсе білуі, жаңа іскерліктерді игеруі немесе игерілген білім мен іскерліктерді бекітіп, дамытуы.
Математикада мәтінді есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Мәтінді есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Бастауыш сыныпта есеп шығару әдістемесі
1.1 Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру
Есеп шығарудың математиканы оқып үйренуде алатын орны өте зор. Оқушылардың математиканы меңгеру деңгейі көбінесе олардың математикалық есептерді шығаруға қан-шалықты төселгендігі арқылы бағаланады.
Оқыту процесінде есеп шығаруға оқушыларды үйрету мақсат десек, ал белгілі бір типтегі есептердің шығарылуын қарастыру қандай да бір математикалық материалды меңгеруге әсерін тигізетін әдіс болып табылады. Сондықтан оқыту барысында оқушыларды есеп шығаруға үйретуге көп көңіл бөлінеді. Соңғы кезге дейін есеп шығаруға үйретудің бірден-бір тәсілі белгілі бір түрдегі есептерді шығарып көрсету ғана болатын. Сондықтан оқушыларға арналған есеп шығару кұралдары жауабы және оған байланысты кейбір нұсқаулары бар есептер жинағы болып келді. Соңғы жылдары оқушыларды есеп шығаруға үйретудің әдістемесі мен жалпы тәсілін үйретуге арналған көптеген құралдар шығуда.
Есеп шығарудың жалпы білігі мен дағдысын қалыптастырудың қиындығы оқушыларды есеп шығару барысындағы іс-әрекеттеріне жүйелі де тиянақты талдау жасалып отырмауына, оқушылар шығаратын есептердің барлығына ортақ жалпы істің анықталмауына, сондай-ақ белгілі бір типтегі есептерді шығаруға үйретуді неден бастау керектігін, ондағы жүйелілік пен сабақтастықтық қалай болатынын анық білмеуге байланысты екенін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.
Есеппен танысқаннан бастап оның толық шешімін алғанға дейінгі процесті қарастыратын болсақ, онда бұл процесс бірнеше кезеңнен тұратынын көреміз. Енді сол кезеңдерді анықтайық.
Есеппен танысқаннан кейін ең бірінші істелетін жұмыс, сол есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажырату, қандай талаптар қойылғанын анықтау, яғни есепке талдау жасау. Сонымен талдау жасау есеп шығару процесінің бірінші кезеңі болады.
Кей жағдайларда есепке жүргізілген талдауды қағазға түсіріп, жазуға тура келеді. Ол үшін есепті схемалык түрде жазулардың алуан формалары қолданылады. Есеп шығару процесінің екінші кезеңі, оны схемалық түрде жазу.
Есепті талдау мен оны схемалық түрде жазу, ол есепті шығару тәсілін іздеп табу үшін қажет. Бұл тәсілді іздеп табу -- есеп шығару процесінің үшінші кезеңі болады.
Есепті шығару тәсілі табылғаннан кейін, оны іске асыру қажет. Ол есеп шығару процесінің төртінші кезеңі болады.
Есеп шығару процесі жүзеге асырылғаннан кейін, ол жазбаша не ауызша баяндалған соң, бұл шешудің дұрыстығын және оның есептің барлық шарттарын қанағаттандыратынын тексеру қажет. Ол үшін есеп шешуін тексереді, бұл есеп шығару процесінің бесінші кезеңі болады.
Көптеген есептерді шығарғанда, тексеруден басқа, ол есепке зерттеу жүргізуге, яғни қандай шарттар орындалғанда есептің шешімі болады және әрбір жеке жағдайда қанша шешімі бар немесе қандай жағдайда есептің тіпті шешімі болмайды т. с. с. қарастыруға тура келеді. Бұлардың барлығы есеп шығару процесінің алтыншы кезеңі болып, оны есепті зерттеу деп атайды.
Есеп шығарудың дұрыстығына көз жеткеннен кейін, қажет болған жағдайда оған зерттеу жүргізген соң, есептің шыққан жауабын анық етіп тұжырымдаған жөн. Бұл есеп шығару процесінің жетінші кезеңі болып табылады.
Ең соңында есепті шешу жолына талдау жасалады, яғни есеп шығарудың бұдан басқа тиімді тәсілі жок па, есепті шығару жолын жалпылауға болмай ма, шықкан шешімнен қандай қорытынды жасауға болады және т.с.с. Бұлардың барлығы есеп шығару процесінің ең соңғы, әрі қажетті сегізінші кезеңі болады.
Соныменесепшығарупроцесінсегізкезең гебөлугеболады:
1-ші кезең -- есептіталдау;
2-щі кезең -- есептісхемалықтүрдежазу;
3-ші кезең -- есептішығарутәсілініздестіру;
4-ші кезең -- есепшығарудыжүзегеасыру;
5-ші кезең -- есепшығарылуынтексеру;
6-ші кезең -- есептізерттеу;
7-ші кезең -- есепжауабынтұжырымдау;
8-ші кезең -- есепшығарылуынаталдаужасау.

1.2 Есеп шығарудың жалпы әдіс - тәсілдері
Математикалық есептерді шығара білуге үйрету жане одан әрі оған дағдыландыру -- мұғалімдер алдында тұрған өте қиын да жауапты жұмыс. Әр оқушының математикаға деген ұқыптылығы мен зейінділігі түрліше, ал математикалык есептердің саны шексіз көп. Есеп шығаруға үйрету мен дағдыландыру көбіне сыныпта сабақ өту кезінде болатындықтан, барлық оқушыларды есеп шығарудың жалпы әдіс-тәсілдерімен карулаңдыру керек. Мұны іске асыру үшін олардың есеп шығару процесіндегі іс-әрекеттерін басқарып, жұмысты белгілі бір жүйемен жүргізген жөн.
Оқушыларды есептер шығара білуге үйрету процесі шығармашылық сипатта болуға тиіс, яғни мұғалім ұсынған әдісті сол күйінде қолдануға жол бермей, есепті шығару жолын іздеп табу мұғалімнің басшылығымен орындалатын оның шығармашылық жұмысының жемісі ретінде болғаны жөн. Ол үшін есеп шығару процесінін құрылысын білу кажет. Барлық есептер үшін мына кезеңдерден тұратын шешу кұрылысы карастырылады:
1-ші кезең. Есеп шартымен таныстыру (есеп шартын шешуші системаның қабылдап меңгеруі; іске кажетті хабарларды шешуші системаның есінде сақтау);
2-ші кезең. Есеп шығарудын жоспарын құру (есеп шығарудық әдіс-тәсілдерін таңдау, орындалатын түрлендірулердің құрамын және реттіліктерін анықтау);
3-ші кезең. Шешуді орындау (енген хабарларды қорытынды хабарларға айналдыру);
4-ші кезең. Есеп шешуінің дұрыстығын тексеру (қорытынды жасау; шыққан шешімді бағалау; басқа шешуді іздестіру).
Әрбір кезең белгілі бір амалды орындау арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
-бағытты анықтау -- іс-әрекет мақсатының сипаттамасын айқындау, түрлендірулер қолданылатын объектінің қасиеттерін атап көрсету;
-жоспарлау -- орындалатын түрлендірулердің кұрамы мен реттілігін анықтау;
-атқару -- осы түрлендірулерді орындау;
-бақылау -- іс-әрекет мақсатының орындалуын тексеру.

2 Есеп шығаруға үйретудің жолдары
2.1Бастауыш сынып оқушыларын мәтінді есептерді шығаруға үйрету.
Оқушылардың есеп шығару барысында іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың қиындығы олардың есеп шығару барысындағы іс-әрекеттеріне, ойлау қабілеттеріне жүйелі де тиянақты талдау жасалмауына байланысты екенін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі. Мәтінді есептерді шығару - математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі.
Оқушыларды мәтінді есептерді шешуге үйретуді бірден есепті шешуден емес, есептердің теориясын оқытудан бастау және оларды есепті құруға үйретуден бастау ұсынылады. Оқушыларды әлдебір әдіске емес, жалпы әдіс есептің шартын құруға дұрыс үйрету.
3-сыныптың математика оқулығынан алынған есептерге тоқталайық.
Есеп № 2, 84 - бет. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
а) Мектеп пен үйдің арасы 300 м. Оқушы минут сайын 60 м жүреді. Ол 3 мин жүрді. Мектепке жету үшін ол тағы неше метр жүруі керек? Есепті оқыған соң мәтін бойынша әңгіме жүргізіледі, тақтада және дәптерлерінде қатар мұғалімнің көмегімен есептің моделін құра бастайды [5].
Мәтін бойынша сұрақ қоя отырып, мұғалім дауыс ырғағымен тірек сөзді бөліп айтады. Ол сөздер мәтінде асты сызылып тұр. Мектеп пен үйдің арақашықтығы қанша болған? (300 м) Жазуды орындаймыз - моделдің бірінші жолы:
Болғаны - 300 м.
Оқушы қанша метр жолды жүріп өтті? (Белгісіз)
Жүріп өткен жол туралы не білеміз? (Оқушы минут сайын 60 м жүреді). Оқушы жолда қанша уақыт болды? (3 минут)
Жазылу моделі:
Жүргені - ? м, минут сайын 60 м, 3 мин.
- Есептің сұрағы қандай? (Мектепке жету үшін ол тағы неше метр жүруі керек?) Жазылу моделі:
Қалғаны - ? М.
Мәтінді есеппен жұмыс істеу нәтижесіндегі соңғы жазылу моделі: Болғаны - 300 м.
Жүргені - ? м минут сайын 60 м, 3 мин.
Қалғаны - ? м
Мәтінді есеппен жұмыс істеудің келесі кезеңі, оны шығару жоспарын құру. Ол үшін моделі бойынша есепті талдаймыз. Бұл жағдайда мақсатты талдауды пайдаланамыз (сұрақтан берілгенге қарай).
Мұғалім сыныпқа сұрақ қойып әңгімелесе отырып, есепті талдау сызбасын салады.
- Есепте нені білу керек? (Оқушыға мектепке дейін жүретін қанша жол қалды?)
-Қанша қалғанын білу үшін не істейміз? (Ара қашықтыққанша еді және оқушы қаншасын жүріп өтті?).
- Қалған жолды қандай амал арқылы табамыз? (Азайту)
- Үйден мектепке дейінгі ара қашықтықты білеміз бе? (Иә, 300 м)
- Оқушы қанша жол жүріп өткенін білеміз бе? (Жоқ. Бірақ ол әр минут сайын 60 м жүргенін білеміз.)
- Оқушы жолда қанша уақыт болды? (3 минут)
-Жүріп өткен жолын қандай амалмен табамыз? (Көбейту)
Есепті талдаудың ең соңғы мына түрде болады: Егер есепті синтезді қолданып 300 - ? 60 · 3 талдасақ ( берілгеннен сұраққа қарай), онда әңгімеміз
мына түрде болады:
- Оқушы әр минут сайын 60 м жүргенін білеміз және жолда барлығы 3 минут жүрген, біз нені біле аламыз? (жүріп өткен жолды)
-Жүріп өткен жолын қандай амалмен табамыз? (Көбейту)
- Үйден мектепке дейінгі қашықтық 300 м екенін білеміз және жүріп өткен жолын біле отырып, енді нені таба аламыз? (Оқушы мектепке дейін неше метр жол жүруі керек)
-Қалған жолды қандай амалмен табамыз? (Азайту)
Есепті талдаудың (синтез) соңы мына түрде болады:
Келесі кезеңде екі амалды орындау керектігі анық көрініп тұр.
Мәтінді есептермен жұмыс істеудің келесі кезеңі оны шығару жоспарын орындау. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері
Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету дағдылары
МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру тарихы
Бастауыш сынып математика сабағында оқушылар мен муғалім жұмысының ерекшеліктерін анықтай отырып олардың шығармашылығын дамыту
Математикалық есеп және оқушының танымдық белсенділігін дамыту
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Логикалық есептерді шешу
Бастауыш сыныптың оқу практикалық мазмұнды есептерін шығару біліктерін қалыптастыру
Математиканы көрнекі түрде оқыту
Пәндер