Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны



Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Бастауышсыныптардаграмматиканыоқытуәдістемесі.

1.1. Грамматикалық, орфографиялықталдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8
1.2. Қазақтілісабағындағыграмматикалықжаттығуматериалдарыменжұмысжүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.15

2 Бастауышсыныптардақазақтіліпәніноқытуәдістемесі.

2.1. 1.ші сыныптақазақтіліноқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.18
2.2. Грамматика материалдарыноқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланғанәдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Кіріспе

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен: табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т.б. өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.
Қазақ тілі бастауыш мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқылуда. Қазақ тілі жеке грамматикалық категорияның өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады.
Сөйтіп, қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті – болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін бастауыш сынып оқушысын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдірудің әдіс-тәсілдерімен формаларына қатысты әдістемелік әрі іскерлік дағдылармен қаруландыру болып табылады.
Курс бойынша барлық әдістемелер психология, педагогика, лингвистика, әдебиет тану және балалар әдебиеті сияқты ғылым салаларымен өзара тығыз байланыстарды қамтып, сабақ, лекция, семинар және студенттердің өздік жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі грамматикасын» оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
- «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік Ұстанымдарды таныстыру;
- бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
- сауат ашу әдістемесін меңгерту;
- әдебиеттік оқудың әдіс-тәсілдерін игерту;
- тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;
- оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., «Мектеп» баспасы. 1998.
2. С.Ф.Иванова Речевая основа учащихся . М., «Просвещение». 1998.
3. Н.Оразханова. Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу. «Қазақтілі мен әдебиеті» журналы. №10. 2000.
4. М.Т.Баранов. , А.Р. Трудникова Лексические упражнения. М. «Просвещение». 1999.
5. Е. Исабаев. Дыбыс жүйесінің негіздері. А., «Мектеп». 1998.
6. Диктанттар жинаѓы. А., «Мектеп». 2004.
7. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп» , 2002.
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің бағдарламасы. А., «Мектеп». 2005.
9. С.Омаров, Н.Бәйділдаев. Мазмұндама текстерінің жинағы. А., «Мектеп», 1999.
10. С.Тілешова. Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстары. А., «Мектеп», 1998.
11. К.Д.Ушинский Педагогика. М., «Просвещение». 1999.
12. . С.Рахметова. Мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп», 1998.
13. Я. А.Коменский. Школьная правила. «Русский язык в школе». М., 2000.
14.Рахметов С. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту (мазмұндама мен шығарманың методикасы), пед.ғыл.канд.дисс. – А.,1999.
15. Бастауыш класстарда қазақ тілін оқыту методикасы, - А., 1997
16. Құрманова Н. Қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксистік дамыта оқыту технологиясы. – Ақтөбе, 2004
17.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1999
18.Даулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - //Атамұра//. 2001
19.Қазыбаев С. Қазақ тілінің методикасы. – Алматы

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен: табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т.б. өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.
Қазақ тілі бастауыш мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқылуда. Қазақ тілі жеке грамматикалық категорияның өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады.
Сөйтіп, қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті - болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін бастауыш сынып оқушысын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдірудің әдіс-тәсілдерімен формаларына қатысты әдістемелік әрі іскерлік дағдылармен қаруландыру болып табылады.
Курс бойынша барлық әдістемелер психология, педагогика, лингвистика, әдебиет тану және балалар әдебиеті сияқты ғылым салаларымен өзара тығыз байланыстарды қамтып, сабақ, лекция, семинар және студенттердің өздік жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Әліппені, Әдебиеттік оқуды, Қазіргі қазақ тілі грамматикасын оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
- Әліппені, Әдебиеттік оқуды, Қазіргі қазақ тілі грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік Ұстанымдарды таныстыру;
- бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
- сауат ашу әдістемесін меңгерту;
- әдебиеттік оқудың әдіс-тәсілдерін игерту;
- тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;
- оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.
Жұмыстың өзектілігі, қажеттілігі. Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компоненттерді қамтиды. Әліппе, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясынан берілетін білім студенттердің мектеп қабырғасында алған білімдеріне және алғашқы курстарда Жалпы психологиядан, Педагогикадан (әсіресе Тәрбие теориясы мен Дидактикадан), сондай-ақ Қазіргі қазақ тілі курстарынан алған білімдеріне негізделеді.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс. Бұл- жазба жұмыстарына да қатысты талап.
Күні бүгінге дейін көп көңіл аударылмай келе жатқан жазба жұмыстарының бірізділігін, жүйелілігін, әртүрлі дағды қалыптастыратындай, түрлі творчестволық ізденістерге апаратындай болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан оқулықтардағы жаттығуларға жаңа талаптар деңгейінен қарап, жаңа технологиялық тұрғыдан орындап, жаттығуларды орындау тәсілдерін өзгертіп отыруға зер салсақ, қателіктерге жол берілмес еді.

1 Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі.
1.1 Грамматикалық, орфографиялық талдау
Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі және бұл сөздер бірнеше мәтіндерде қайталанып отырылады, бұл материалды тыңғылықты игеруге септігін тигізеді. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында кеспемен (карточкамен) жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы кеспені алдын-ала дайындап, сонымен жұмыс жүргізу барысында белгілі ережелерді дәлелдеуге, анықтауға үйренеді.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі - оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең әуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы жеке оқушылардың жаттығу жұмыстарын жан-жақты тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыру оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу әдісі арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.
Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б)орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.
Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты дағдылар дамиды:
оқушылардың білімі бекітіледі;
есту қабілеті қалыптасады;
сенімділік қабілеті нығаяды;
байқау қабілеті дамиды.
Ауызша және жазбаша өтілетін талдаулар жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдалынады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.
Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:жаттығудың нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.
Дамыта оқыту теориясы сонау И. Г. Песталоцци, А. Дистервег,К Д ушинский еңбектерінен бастау алады .Оның ғылыми негізі Л .С. Выготскийдің еңбектерінде берілген. Бұл теория Л. В Занков. Д . Б
Эльконин,В В Давыдов және басқалардың эксперименттік жұмыстарында одан әрі дамытылды.Олардың тұжырымдарында оқыту мен дамыту бір процестің өзара байланыстағы жүйесі ретінде беріледі
Л.С. Выготский бала дамуының екі деңгейін бөліп көрсеткен 1)Актуальді даму аймағы - баланың қалыптасқан сапалары, өздіктерінен орындай алатын істері; 2) жақын даму аймағы- баланың әзірше өздігінен орындай алмайтын, тек үлкендердің көмегімен орындай алатын істері. Баланың дамуы екінші аймақты меңгеруде жүзеге асады Дамудың екі аймағы, өзара әрекеттесе отырып,оларды игерген кезде жүзеге асады. Оқыту балаға осы аймақтарды меңгертіп, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың негізгі қозғаушы күші болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С. Рахметова былай : Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді .Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы деген кітапта түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады деп көрсетеді
Н.Ж Құрманова жаттығулар туралы былай деді: Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс- әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.
Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие бола алады Біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады. Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы тиіс:
1.Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт;
2 Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барын түсінгенде ғана оны саналы орындайды .Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады;
3 Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт. Өйткені, бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділін нашарлатады;
4 Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отыруы шарт;
5 Жаттығу жұмыстары тек таяуда өткізілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек;

1.2. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.
Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.
4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.
Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі.
Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн.
Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз... көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын.
Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта Нені үйреттім?, Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?, Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты? деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады.
Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді.
Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Педагогикалық технология дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді.
ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз - делінген Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік. Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы.
- Сабаққа қызығуының төмендігі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме, жаңашылдық, ал инновациялық үрдісті жаңа әдістеме құралы деп атауға болады.
Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін қанағаттандары талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Алдымыздағы межеленіп отырған 12 жылдық білім беру жоспарының ішіндегі бастауыш мектептегі оқыту жүйесі де басты назарда. Келешекте біздің қоғамымызда жеке тұлға қалыптастырудың негізгі міндеттерін бастауыш мектеп шешуі тиіс.
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін дайын білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі кезде ҚР-да 12 жылдық 1-2 сыныптарында оқулықтарымен оқу әдістемелік кешендер сынақтан өтуде. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі - білімді қазығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің кеңінен ашылу түсуі - пән мұғалімдеріне күрделі міндетті жүктеп отыр. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басып келген ғалымдар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Пәндер