Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі



Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Мың көлеміндегі сандарды оқыту

1.1 Сандардыоқу, жазужәнесалыстыру (сандардынөмірлеу) ... ... ... ... ... ..5.8
1.2. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.11

2 Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

2.1 Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.14
2.2. Сандар нумерациясы такырыбынаарналган сабақ жоспары ... ... ... ... 14.19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының мың көлеміндегі сандарды, жазу салыстыру, қосу және азайту, көбейту және бөлу тәсілдерін оқушыларға үйрету.Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап, пысықтау. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1.Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі - жүздікпен таныстыру.
2.ІІІ разрядтың бірлігі ұғымын енгізу. 10-дың санау жүйесінің құрылу
принципін меңгерту (1 жүзд. = 10онд. = 100бірл.).
3.Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.
4.Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.
5.Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін
қалыптастыру.
6.Үш таңбалы сандарды нөмірлеуден алған білімдерін шамаларды
өрнектеуге қолдануға үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттер:
1. Мың көлеміндегі сандарды оқыту.
2.Сандарды оқу, жазу және салыстыру (сандарды нөмірлеу).
3.1000 көлеміндегі сандар нумерациясы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Баймұханов Б. Математиканы оқытудағы сабақтастық// Бастауыш мектеп. — 2000 - №1. 25-26 б.
2. Көшкентаева М. Сабақта оқушылардың талдау жасаужәне логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары Білім2001 -№4 7-8 6.
3. Жұмабаева Н. Баланың логикалық ойлауын дамытудыңжолдары // Бастауыш мектеп 2002 - №11 37-44 б.
4. Рақымова Б. Оқушының танымдык әрекетін дамытуБастауыш мектеп 2002 - №10 25-26 6.
5. Ә.Бидосов «Математика оқыту методикасы». Алматы«Мектеп» 1999 ж.
6. М.Ө. Мұсабеков, А.Тұрсынбаева «Есеп шығаруға үйрету»,«Бастауыш мектеп» 2004 ж. 56-6.
7. М.А.Бантова, Г.В.Бельтюкова, А.М.Полевникова «Бастауышкластарда математика оқыту әдістемесі» Алматы 1998 ж. 9-6.
8. А.Сайдинова «Оқушылардың білім, білік, дағдыларынтексеру мен бақылау», «Бастауыш мектеп» 2004 ж. 4/-0.
9. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құ рманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ө.Ергешова «Математика» Алматы Атамұра 2002.
10. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ө.Ергешова. «Математика оқыту әдістемесі» АлматыАтамұра 1998 ж.
11. М.Тәттібекова «Математикалық логика»2001 N 3 216.
12. А.Жакипова «Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту»
ИФМ 1997 N3 76.
13. П.Сағымбекова «Бастауыш мектепте математикадан сабақберуге дайындау» Бастауыш мектеп 2004 N11 12-6.
14. Г.Нұрмаханова «Шығармашылық-танымдык іс-әрекетнәтижесі»Бастауыш мектеп.2004 N11 12-6.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының мың көлеміндегі сандарды, жазу салыстыру, қосу және азайту, көбейту және бөлу тәсілдерін оқушыларға үйрету. Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап, пысықтау. Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік - дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1.Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі - жүздікпен таныстыру.
2.ІІІ разрядтың бірлігі ұғымын енгізу. 10-дың санау жүйесінің құрылу
принципін меңгерту (1 жүзд. = 10онд. = 100бірл.).
3.Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.
4.Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.
5.Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін
қалыптастыру.
6.Үш таңбалы сандарды нөмірлеуден алған білімдерін шамаларды
өрнектеуге қолдануға үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттер:
1. Мың көлеміндегі сандарды оқыту.
2.Сандарды оқу, жазу және салыстыру (сандарды нөмірлеу).
3. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы.
4. Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі.
5. Сандар нумерациясы такырыбынаарналган сабақ жоспары.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Математиканың бастауыш курсына арифметикалық амалдардың бірқатар қасиеттері енеді. Онымыз-мың көлеміндегі сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту мен бөлудің үлестірімділік қасиеті, сондай-ақ мынадай қасиеттері санды қосындыға қосу, санды қосындыдан азайту.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiсi. Оқушылардың ғылыми - дүниетанымдық қабілетiн қалыптастыру, логикалық ойлау қабiлетiн дамыту, практикалық дағдылары мен ебдейлiктерiн дамыту және т.б өзектi мәселелердiң iшiнде оқушылардың мектептің жоғарғы сыныптарындағы математика курсына дайындығын жетілдіру.
Курстық жұмыстың болжамы. Егер бастауыш сыныпта оқушыларға мың көлеміндегі сандарды оқыту материалдарды жетік меңгерте алсақ, онда олардың математикадан бiлiм деңгейi жоғарылайды және т.б пәндердi оқушылардың жетелей түсiнуiне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесін жетілдіруде, бастауыш мұғалiмдерi мен әдiскерлердiң iс - тәжiрiбесiнде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Мың көлеміндегі сандарды оқыту
1.1 Сандарды оқу, жазу және салыстыру (сандарды нөмірлеу)
Бастауыш мектеп математикасындағы өзекті ұғымдардың бірі натурал
сан болып табылады. Жалпы алғанда, бұл ұғымды эквиваленттік жиындар
класының сандық сипаттамасы ретінде анықтауға болады. Сондай-ак, натурал сан ұғымы нәрселерді санаумен ғана шектелмейді де, шамаларды өлшеумен байланыстырылады. Ол реттелген жиын элементі немесе натурал тізбек мүшесі ретінде айқындала түседі. Натурал тізбек қасиеттерін карастырумен байланысты натурал санның мӛлшерлік мәні мен реттік мәні көрсетіледі. Арифметикалық амалдарды оқып үйренген кезде натурал сан жаңа сипатта - оларға қолданылатын объекті ретінде кездеседі. Сан өте ежелгі ұғымдардың бірі. Әр түрлі халықтарда жазудың пайда болуымен қатар санаудың да белгілі бір жүйелері пайда болған.
Санаудың ондық жүйесіндегі сандарды жазу үшін таңба (цифр) қолданылады. Осы цифрдың әрқайсысының өз атаулары бар және олар бір таңбалы теріс емес, бүтін он санының атауларына сәйкес келеді. Цифр ұғымы сандарды жазу таңбасы ретінде енгізіледі. Сан мен цифр ұғымы әр түрлі ұғымдар. Разряд, Класс, Разрядтар мен кластар, бірліктер, Разрядтык сан түсініктері біртіндеп енгізіледі және дами береді, бірте-бірте разрядтар мен кластар, олардың атауы, оған байланысты сандардың атауы, жазылуы, оқылуы, олардың ондық құрамы қарастырылады.
Бастауыш мектептерде сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрету
дайындық деп аталатын кезеңдегі оқушылардың игерген белгілі бір деңгейдегі білім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттардың оннан аспайтын тобындағы заттарды реттік және есептік сандардың кӛмегімен санау, соның нәтижесінде Берілген топта неше сан бар? Әр зат санағанда нешінші? екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын салыстыру. Онда алдымен оқушылардың мектепке дейінгі тәрбиесінде (жанұяда, балабақшада) алған әр алуан мағлұматтарын жинақтау, толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Сондықтан алғашқы күннен бастап-ақ әр оқушының математикалық дайындығының нақты деңгейін дәл анықтап алуға ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Өкінішке орай, тәжірибеде, көбінесе мұғалім балалардың білім деңгейін тиянақты анықтап алмай, сондай-ақ оқушылардың қарапайым болсын білім біліктерінің болуы мүмкін екендігін ескермей, нақты мүмкіндіктер және жағдайлармен санаспай, математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда үстірттікке жол беру жиі кездеседі. Тіпті, кейде оқушыларға белгілі мәселелерді тәптіштей қарастырып, олардың қызығушылығын тежейді, сондай-аң ешқандай дайындықсыз, күрделі мәселені оқытуға әзірлік жасамай, балаларға қосымша жүктеме де туғызып алады. Ал мектепке келген әр баланың математикалық дайындың деңгейін тексеріп, біліп алған мұғалім, олардың әркайсысымен жеке-дара қарым-қатынас жасай отырып, олардың бәрінің де жетілуіне және жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Өйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі дайындық кезеңі материалының мазмұнын және сәйкес іс-әрекетінің түрін, оны ұйымдастырудың әдісін айқындауға кӛмектеседі. Осыған орай мұғалім қандай сұрақтарды жалпы сыныппен тиянақты талдау керектігін, ал қандай мәселелерді жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігін анықтайды. Сонда ғана оқу процесі әр оқушының өзіндік ерекшелігіне және дайындық деңгейіне сәйкес келіп, нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.
Натурал сан қатарындағы тізбектес сандарды салыстыру ең алдымен
жиындарды салыстыруға негізделіп орындалады және мұнда көрнекілікке
сүйеніп, бірінші кезекте балаларға сол жақта бір және оң жақта бір үшбұрыштың суретін салып, сонан соң сол жаққа тағы да бір үшбұрыштың
суретін салу ұсынылады. Суреттердің астына сәйкес цифрлар жазылады. Сонан кейін 2 саны 1 саннан артық, ал 1 саны 2 санынан кем екенін баяндайды. Сондай-ақ, екі бірден үлкен сан, ал бір екіден кіші сан екендігі айтылады. Балалар салыстырудағы (сандарды) мӛлшерлік қатынастарды олардың реттік қатынастарымен байланыстыра отырып, ұғынады. Сонда сандардың кесіндісін оқып үйренгеннен кейін оқушылар мынадай қорытындыға келеді: әрбір келесі санның алдындағыдан біреуі артық, ал әрбір алдыңғы санның келесіден біреуі кем, сондықтан сандарды салыстыру олардың натурал қатарындағы орнын анықтауға келтіріледі де, 6 саны 5-тен үлкен, өйткені санағанда 6 саны 5-тен кейін аталады деген түсіндірмелерді басшылыққа алуға болады. Біріншіден, ондық сандарды оқып-үйренгенде, балалар сондай-ақ 0 санымен де танысады. Бастауыш курста 0 санына бос жиындар класының сандық сипаты ретінде түсініктеме беріледі. Математиканың бастауыш курсында 0 санын және цифрын енгізу сандар аймағын кеңейтіп, оқушыларды теріс емес бүтін сандарды игеруі үшін ңажетті жағдай жасайды. Ең алдымен 0 - заттардың тобында ешқандай заттың жоқ екенін білдіреді, сонан кейін сызғыш бетінде өлшеу басын анықтайтын цифр ретінде қарастырылады. Әрі қарай 2-2, 3-3 түріндегі азайтуда енгізіледі. Мұнымыз осы санның мәнісін бос жиындар класының сандық сипаттамасы ретінде дұрыс талқылауымызға сәйкес. Балалар нәрселер санын, бірде-біреуі қалмағанша, бір-бірлеп кеміту арқылы анықтайтын жаттығулардың бірнешеуін орындайды, (бұтактағы жапырақтар
бірі қалмай түсіп қалады, ұядағы барлық құстар ұшып кетеді, оқушы дәптерлерді үлестіріп береді, т.с.с), сонда шыққан нәтиже 0 санын білдіретінін түсінеді және оны сәйкес 0 (нөл) цифрмен белгілейді: 1-ден 10-ға дейінгі сандар такырыбын оқу кезінде оқушылар сандардың цифрлармен таңбаланатындығымен де танысады. Кейде цифрларды (1-9) пайдаланып, сәйкес санды көрсетіп береді, біртіндеп цифрлар арқылы кез келген санды жазып көрсетуге болатындығын меңгереді. Цифрлар да санды жазу үшін қолданылатын ерекше математикалық таңбалар екеніне балалардың назарын аудару қажет. Бұл өте маңызды.
Он көлеміндегі сандар тақырыбын оқытып-үйретудің ең басты міндеті -- сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Сантиметрдің кӛмегімен
кесіндінің ұзындығын өлшеудің нәти жесі ретінде әр санды шығарып алудың
мүмкіндігі қоса қарастырылады.
100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады. 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді. Толық ондықтар. Жүз тақырыбының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: бірлікпен санау, бірге арттыру және кеміту, бір таңбалы натурал сандар қатары; сантиметр мен дециметрдің ара қатынасы және дециметрдің көмегімен ұзындықты өлшеу, ондықтармен санау және ондықтарды қосу және азайту, толық ондықтардың катары.

1.2 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы
Бұдан кейін 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы үйреніледі. Мұнда көп таңбалы сандар нумерациясының негізін құрайтын үш разряд (бірліктер, ондықтар, жүздіктер) қарастырылады, арифметикалық амалдар жөніндегі білім жинақталып қорытылады, жазбаша қосу мен азайту әдістері енгізіледі. Сонымен, курста бес концентр бөлініп алынған: ондық, екінші ондық жүздік, мың, көп таңбалы сандар.
1м = 10 дм = 100см, 1000м = 1км
Қолданылатын негізгі кӛрнекілік: кластар кестесі, кеспе цифрлар, көп таңбалы сандар жазылған карточкалар, есепшот, санды талдау сызбасы жазылған плакат және т.б. жатады.
Тақырыпты оқып үйренуге дайындық кезінде балалардың өздеріне белгілі разрядтық бірліктерінің қат ысы, үш таңбалы сандардың ондық құрамы, 1000 көлеміндегі натурал сандар тізбегі, үш таңбалы сандарды жазу принциптері жайындағы алған білімдерін бекіту қажет. Осы мақсатпен дайындық кезінде мынадай тапсырмаларды қарастыру ұсынылады:
1. Бір ондықта неше бірлік бар, бір жүздікте неше ондық бар, бір жүздік мыңнан неше есе кем, ондың бірліктен неше есе артық, ондың жүздіктен неше есе кем, он миллиметр, жүз сантиметр т.с.с. басқаша қалай аталады?
2. Қандай сан 7 жүздіктен, 5 ондықтан құралады? 3 разрядтың; 2 бірлігінен 2 разрядтың 2 бірлігінен, 1 разрядтың 2 бірлігінен құралған санды ата. 995 санында әрбір разрядтың неше бірлігі бар? 380 (108, 388) санын разрядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастыр.
3. 500 санынан бастап бір-бірден, (он-оннан, елу-елуден, жүз-жүзден (қосып) кемітіп сана. Санағанда 199 санынан тікелей кейінгі санды, 300 санының тікелей алдындағы санды ата.
4. 909 санын жазыңдар. Жазу үшін неше цифр қажет болады? Әр түрлі
неше цифр пайдаланылады? Әр цифр нені көрсетеді? Сол цифрмен екінші бір санды жазыңдар, енді 0 цифры нені көрсетеді? 3 цифрын пайдаланып, үш таңбалы сан жазыңдар. Санның жазылуында оң жақтан санағанда 1-ші (2-ші, 3-ші) орында түрған цифр нені көрсетеді. 1000 көлеміндегі сандар қатарын қайталағанда сандарды есепшотка салып көрсетуге балаларды жаттық тырған орынды.
Оларды оқу, жазу және салыстыру тақырыбында разрядтар мен кластар жайында түсінік беру және көп таңбалы сандарды заттардың әр түрлі санау бірлігін пайдаланып санау; көп таңбалы сандарды оқу, жазу және сандармен шамаларды салыстыру; көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру; шамаларды (ұзындық, масса, аудан, көлем, уақыт) өлшеу және кейбір шамалардың жаңа бірлігін енгізу, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер сияқты мәселелер қарастырылады.
Разрядтар мен кластар жайындағы түсінік әр түрлі санау бірлігін негізге ала отырып санаудың нәтижесінде біртіндеп енгізіледі, бірліктермен санау арқылы - бір таңбалы сандар, яғни бірінші разряд бірліктері, ал ондықтармен санау арқылы - ондықтар, яғни екінші разряд бірліктері және т.с.с. жалғастыра береміз де, әр разрядтың реттік номерін анықтап, атауын енгіземіз. Алғашқы үш разряд: бірліктер, ондықтар және жүздіктер -бірліктер класын, бірінші класты құрайды. Жүздіктің онын алсақ, 1000 шығады, бұл бірліктер класының бірлігі емес, мыңдар класының бірлігі. Келесі үш разряд: бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар класын, екінші класты құрайды.
Жүздік мыңның онын алсақ, 1 миллион болады, бұл мыңдар класының бірлігі емес, келесі миллиондар класының бірлігі. Осы тақырыптан бастап 4-сынып математикасының соңғы тақырыбына дейінгі қарастырылатын сандар алғашқы екі класпен (бірліктер және мыңдықтар) шектеледі. Ал оқу жылының соңына қарай алғашқы үш класс (үшінші - миллиондар класы) көлеміндегі миллиардқа дейінгі сандарды қарастыру көзделеді. Үш таңбалы сандарды қарастырған кезде құрылған бірліктер, ондықтар және жүздіктер кестесі сияқты, келесі разряд бірліктерін және екі класты қамтитын кесте құрылады да, сол арқылы кӛп таңбалы санның құрылуы, құрамы, оқылуы, жазылуы және оның қай разряд, қай класс бірліктері екендігін анықтау жүзеге асырылады.
Мың көлеміндегі санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету, яғни оны разрядтық қосылғыштарға жіктеу мен разряд немесе класс бірліктері бойынша, яғни жіктелуі бойынша санды жазып көрсету немесе атау, бір-біріне өзара кері түрлендірулер көп таңбалы сандарды нөмірлеу жайында бағдарлама талаптарына сай білім беруге септігін тигізеді. Сандардың құрылуын және оны шығарып алуды, құрылымын түзуді және жіктеуді оқ ытып-үйрету кӛп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру сияқты мәселелерді қарастырудың негізін құрайтын білімнің қатарына жатады. Осыларды игерген оқушы ілгеріде қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қиындық сыз меңгеріп кетеді.
Мың көлеміндегі сандарды оқу мен жазу жоғары разрядтан басталады.
Алайда, сандарды оқу мен жазуға қатысты ерекшеліктер бар. Көп таңбалы
сандарды оқу үшін алдымен оң жақтан бастап үш цифрдан топтарға бөліп
алу керек. Екінші топтағы (оңнан солға қарай есептегенде) цифрлардың санына қарай, екінші-мыңдар класының бірлігін оқып,оған кластың аты қоса айтылады, әрі қарай бірінші - бірліктер класының бірлігін оқиды (бірінші кластың аты қоса айтылмайды). Ал көп таңбалы санды жазу үшін алдымен аталған кластың бірліктері жазылады. Оқығанда қай разряд бірлігі аталмаса, соны жазып көрсету үшін сәйкес разряд бірлігінің орнына нөл жазылады. Ал егер қандай да бір кластың ешқандай бірлігі аталмаса, оны жазып көрсету үшін сол класс бірліктерінің орнына үш нөл қатар жазылады. Санның жазылуында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Екі теріс санның қосындысы теріс сан
Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының математика оқулығы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
2 – сынып математика пәні мазмұн ерекшеліктері
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Пәндер