Литосфера



ЖОСПАР

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.1 Литосфераның құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2 Литосфераның қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.3 Топырақтың ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.4 Топырақтың бүлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.5 Жерді қайта құнарландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
III. Литосфераның даму заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Литосфера – жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira – шар) – жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі – шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.* Литосфера – Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфера лық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфера лық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфера ның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді. Литосфера – жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен жердің беткі мантиясы кіреді.
Литосфераның қалыңдығы 5-200 км., оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-70 км.-ге дейін (жазықтықтарда – 35-45 км-ге дейін, тау сілемдері астында 70 км.-ге дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера – қоршаған ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытқа байланысты литосыфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т.б.) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанар таудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы және т.б.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ақбасова А.Ж. Экология:Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы.- / Алматы:Бастау,2003
2. Қаженбаев С., Махмудов С. Табиғатты қорғау. – Алматы: Ана тілі, 1992
3. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. – Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
4. Қазак тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасыныњ ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов – Алматы: «Мектеп» баспасы» Ж А Қ , 2003. – 248 бет. ?SВN 5-7667-8188-1, ?SВN 9965-16-512-2
5. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы – геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. 2000. – 328 бет.
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
7. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
8. География : Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. – Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: Мектеп, 2010. – 304 б.,

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:
ЛИТОСФЕРА

ТЕКСЕРГЕН: ________________________
ОРЫНДАҒАН: _______________________

АЛМАТЫ 2013
ЖОСПАР

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.1 Литосфераның құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2 Литосфераның қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.3 Топырақтың ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.4 Топырақтың бүлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.5 Жерді қайта құнарландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
III. Литосфераның даму заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

КІРІСПЕ

Литосфера – жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira – шар) – жердің
сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер
қабығының жоғарғы бөлімі – шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан
тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының
тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі
болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл
қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық
немесе базальттық аса тығыз жыныстар қабаты жатады.* Литосфера – Жер
планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі
жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен
шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты
қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан
тұратын, литосфера лық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы
қабатын біріктіреді. Литосфера лық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич
шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы
негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес
келетін болса керек. Литосфера ның беткі жазықтығы атмосферамен немесе
гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп
есептелінеді. Литосфера – жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол
біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның
құрамына жер қыртысы мен жердің беткі мантиясы кіреді.
Литосфераның қалыңдығы 5-200 км., оның ішінде жер қыртысы – құрлықта 50-
70 км.-ге дейін (жазықтықтарда – 35-45 км-ге дейін, тау сілемдері астында
70 км.-ге дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында.
Литосфера – қоршаған ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің
пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен
қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен
сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытқа
байланысты литосыфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу,
ылғалдылық, жел, радиация және т.б.) және олардың салдарынан орын алатын
геологиялық құбылыстар (жанар таудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы
және т.б.) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.

2.1 Литосфераның құрамы

Литосфераның үстінгі қабатын топырақ деп атайды. Топырақ – ол аналық
жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер
бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық
– тарихи дене.
Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнмрлығы, ягни
өсімдіктерді органикалық және минералды қоректі заттар мен қамтамасыз ету
қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне
байланысты келеді.
Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын
орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің,
бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды
және дербес табиғи түзілу болып табылады.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В.Докучаев (1846-
1903ж.ж.) қалады. Ол бірінші рет топырақ және топырақ құрылымы
ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процессінің мәнін ашты және
басты ерекше қасиеттерін тапты.
В.В.Докучаев топырақ түзілу процессінің бес факторға байланысты екенін
анықтады. Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт,
өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне
байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық
әрекеті қосылады.
Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трасформациясына байланысты
топырақ құрылымы бірнеше қабаттарға, немесе горизонттарға дараланады.
Қабаттардың арақатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты. Ең жоғарғы
органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең
негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады. Оны гумусты немесе
қарашірінді деп атайды, құрылымын қиыршықты – түйірлі болады. Гумус немесе
қарашірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын
микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануартекті
қалдықтарды айтады.
Топырақтың минералды бөлігі негізінде 50 ℅ кремнеземнан ( SiO2), 25 %-
ке дейін глиноземнен (Al2O3), 10 %- ке дейін темір оксидінен (Fe2O3) және
0,1 %-тен 5 %-ке дейін (MgO), калий (K2O), фосфор (Р2О5), кальций (СаО)
оксидтерінен тұрады. Органикалық қалдықтар жай (су, көміртек диоксиді,
аммиак және т. б.) немесе күрделілеу (мысалы, гумусты) қосылыстарды түзіп
минералданады.

2.2 Литосфераның қасиеті

Топырақтың маңызды қасиеттеріне топырақ ерітінділеріндегі тұздар
мөлшерінің, қышқылдықтың өзгеруі жатады, себебі оларға микроорганизмдердің
белсенділігі мен өсімдіктердің азотты сіңіруі, топырақтың коллоидтердің
алмасу негіздерінің жалпы жиынтығы, олармен байланысты топырақтың алмасу
мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.
Топырақтағы судың мөлшері бір қатар факторларға байланысты, әсіресе
температура мен жауын-шашынның көлеміне. Топырақ ерітінделері неғұрлым
тұзды болған сайын олардың өсімдікке өтуі төмендейді. Қоректік заттектер
топырақтан өсімдіктерге иондық түрде тамыр арқылы өтеді, мысалы, металл
катиондары органикалық қышқылдардың сутек катионымен алмасады. Топырақ
түзупроцессінде топырақты мекендеген тірі организмдердің атқаратын ролі
зор. Топырақ неғұрлым құнарлы болса соғұрлым олардың саны жоғары болады.
Қара топырақтың қалыңдығы 15 см беткі қабатының 1 га ауданында 10 т
бактериялар, сонша саңырауқұлақтар, 4 т шылаушындар,. 140 кг балдырлар, 17
кг жәндіктер және 6 кг аяққұйрықтылар болатыны есептелді.
Топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерінің қалыптасуына ерекше
маңызды роль атқаратын жәндіктерге жауын құрты жатады. Олардың көмегімен
күрделі экологиялық мәселені шешуге болады, мысалы, органикалық қалдықтарды
өңдеуді және топырақтың құнарлығын жоғарылатуды. Көрнекті биолог ғалым Ч.
Дарвин айтқандай топырақ ... өткен ғасырлар бойы жауын құрттары арқылы
жыртылып келген.
Бір жауын құртының массасы шамамен 0,5 г-дай, бір шаршы метрде олардың
саны 50-ге жуық болады. Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері арқылы 50 т-
дай топырақты, құрғақ шөптерді, жапырақтарды, көңді және т.б. да
органикалық заттектерді өткізіп, құнарландыра алады. Жаңбыр құрттарының
өнімділігі және өсімі жоғары қызыл түрлері кейбір елдерде жасанды жолдармен
өсіріліп құстарға, балықтарға, терісі қымбат аңдарға жем ретінде беруге
және өте сапалы биогумус деген тыңайтқыш алуға қолданылып жүр.Жауын
құртының ішегінен өткен органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге
ұшырап, жай қосылыстарға айнаады және микроэлементтер мен пайдалы
микрофлорамен байытылады, капролитті құрылым түзеді. Капролиттер суда
біртіндеп еріп топырақтың құрылысын жақсартып отырады.
Жерді жыртуды, тырмалауды, дара дақыл егуді және т.б. қамтитын
топырақты ауылшаруашылығы тұрғысында пайдалану заттектердің айналымының
тепе-теңдігін бұзады, топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.

2.3 Топырақтардың ластануы

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетінде тікелей және жанама зор
ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд.
т. деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд. т
ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың
мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ
ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтардың көлемі
4 000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының
түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану – радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран
рудаларын ашық әдіспен алғанда жер қыртысында активтілігі жоғары
сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға
итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған
топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік
бойында сақталса, ластағыштар мен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен
жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын
химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың
шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен
минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық
жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік
кешендері жатады.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі
дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны
байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия,
аскаридоз және т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Топырақтың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы
есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластану концентрациясының
коэффициенті (ЛіКК) қолданылады:

ЛіКК = Хі ШРКі немесе ЛіКК = Хі Хф

Бұл жерде ЛіКК – і- заттегіне тән ластану концентрациясының
коэффициенті
Хі – і- заттегінің мөлшері
Хф – осы заттектің фондық мөлшері.

2.4 Топырақтың бүлінуі

Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30 %- нен астамы игерілген, осыған осы салада
пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65% жетеді. Ауыл
шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына
себеп болатын жағдайлар:
• топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің (дефляция) және
т.б. табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-
жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;
• агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс
болмауынан және қоекті заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта
айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының
біртіндеп азаюы;
• құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз суды
қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы
(сортандануы)
• топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер
қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы);
• топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.
Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен
топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасикттерінің:
қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына,
улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдануына, қышқылды
жаңбырдың жаууына, малдың жайылымға шамадан тыс жайылуына, пайдалы
қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының
реттелмеуі мен бақылаусыз жатуларына т.б. өзгерістерге байланысты. Осы
қарастырылған процесстерге аймақтардың ерекшелігіне қарай өздеріне тән
өзгешелігі бар.
Топырақ түзілу процессі аймақтық геологиялық жасына да көп байланысты.
Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан қалыптасқан топырақ болады
да, ал жаңадан пайда болып жатқан құрғақ жерлерде топырақ түзілу
процесстерінің бастапқы сатылары жүріп жатады. Топырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Литосфера - жер қабығы
Ішкі геосфералар
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеттері
Литосфера — жер қабығы, топырақ – ерекше табиғи түзілім
Литосфера — жер қабығы туралы ақпарат
Литосфералық тақталар тектоникасы геотектоникалық тұжырымдамасы
Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар
Литосфера туралы
Құрлық тіршілік ортасы
Пәндер