Моңғолия мемлекеті


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І. Мемлекеттің тарихы

ІІ. Экономикалық-географиялық орны

ІІІ. Табиғат ресурстары мен байлықтары

ІV. Мемлекеттік құрылысы

V. Халқы:

а) Халқының динамикалық өсімі

б) Этникалық құрылымы

в) Тілі

г) Діні

д) Нәсілі

е) Таралуы мен қоныстануы

VІ. Шаруашылығы:

а) өнеркәсібі

б) ауыл шаруашылығы

в) көлік қатынасы

VІІ. Экологиясы

VІІІ. Туризмі

ІХ. Халықаралық байланыстары

Қорытынды

Кіріспе

Моңғолияның жер көлемі ірі болғанымен, халық біркелкі орналаспаған.

Моңғолия Ресей мен Қытай сияқты алпауыт мемлекеттермен шектеседі. Ел экономикасына осы ұлы державалар әсер етеді. Көшпелі салт-дәстүр әлі күнге дейін сақталғандықтан, экономикалық жағынан артта қалып отыр.

Моңғолия Республикасы -Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет.

Жалпы Ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 4070 АҚШ долларына тең (1997жыл) .

Моңғолияда ішкі саяси жағдай тұрақты.

Моңғолия ұзақ уақыттар бойы жабық ел болды. 1990 жылдарда Моңғолия ресми түрде шекарасын бекітті.

Моңғолия -өтпелі экономикалық ел болып табылады. 2004 жылдан бері Моңғолия экономикалық жағынан біршама дамыды.

Моңғолия экономикасының басты саласы-ауыл шаруашылығы. Моңғолия дүниежүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып келеді. Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егін шаруашылғында бидай, арпа, көкөніс, және мал азығын егумен айналысады. 2008 жылғы есеп бойынша ІЖӨ-нің көлемі 9, 48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 3200 доллар.

Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді.

Табиғи байлық түрлері көп кездеседі. Мыс, молибиден, аққалайы, көмір, вольфрам, мырыш рудасы, темір рудасы және алтын өндеу ел экономикасында маңызды орын алады. Моңғолия ресурс қорының көптігімен ерекшеленеді. Пайдалы қазбалардың 80 түрі, алтын, мыс, молибден, вольфрам, қорғасын, темір, уран, күміс, асбест, графит, фосфорит т. б. Пайдалы қазбалардың түрлері көп кездескенімен олардың көбісі игерілмеген.

І. Мемлекеттің тарихы

Моңғол (Монголи) моңғолша mogul, mоgоl - баяғы, қалмықша mogol, айналым, mооl. Рашид ат-Диннің 1310 жылы жазылған «Жами`ат-Тауарихының» І том, 2 кітабындағы «моңғол» сөзіне берілген анықтамада ( 7-бетте ) түрікше юрт , моңғолша нутуғ - көшпелілер таралған аймақ, жер бөлігі, көшпелілердің шаруашылық-әлеуметтік бірліктері байқалған жер.

Моңғолия моңғолша Монгол Улс - Моңғол елі.

Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады. Б. з. ҮІ - ХІІ ғасырларында қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо, Қидан мемлекеттерінің құрамында болды. Ең бірінші - хуннлар (ғұндар), мемлекет құрып, Қытаймен (Цин династиясы) соғыса бастады. Қытайдың қолбасшысы маршал Менг Тиан өз елін қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды. Хуннулардан кейінгі осы жерде түркілер өзінің империясы жасады.

ХІІІ ғасырда Моңғол жерінде шағын хандықтар мен тайпа-ұлыстар болды. Қолбасшы Тэмужин бүкіл ұлыстарды бір елге біріктіріп Моңғол Империясын жариялады. 1206 жылы ол Шыңғыс хан (Ұлы хан) атын алып, көршілес елдерді жаулап ала бастайды.

Оның Империясы бүкіл Азия және жарты Еуропаны қамтыды. Шыңғыс Хан өлгенде ол өз империясын балаларына бөліп берді. Шыңғыс ханың немересі Құбылай Хан, империяның елордасын Бейжің қаласына көшірді. 1368 жылы Қытайдың Минг Династиясы төңкеріс жасап моңғолдарды өз жеріне қуып жібереді. Осыдан бастап Моңғолия қытайдың отары болды.

1911 жылы Қытайдағы революция нәтижесінде Цин Империясы құлады, соңдықтан Моңғолия тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Бірақ Қытай қолбасшылары Моңғолияға өз әскерлерін кіргізіп, жерді екі аймаққа бөліді (Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолстан) . 1917 жылы Ресей империясының азамат соғысы басталды және көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жеріне қашты. Бір сондай әскери қолбасшы, - Барон Унгерн өз сарбаздармен Сыртқы Моңғолияға кіріп, Урга немесе Да-Хүрее қаласы (қазіргі Ұлаанбаатар) басып алды. Ресей қызыл Армиясы Моңғолияның коммунистік қолбасшыны Сүкэ-Батырды қолданды, ол Унгерның әскерлерін жеңіп, 1924 жылы Сыртқы Моңғолияда - Моңғол Халық Республикасы болып жарияланды. 1946 жылы Қытай Моңғолияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1990 жылдары КСРО-ның ықпалы әлсірегеннен кейін, мемлекетте шектеулік реформалары басталып, бірнеше оппозияциялық партиялар құрылды. Алайда бұрынғы басшылық позициясы сол қалпы қалды.
1991 жылы Моңғол Коммунистік партиясы маркстік-лениндік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экономикалық реформалар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республикасын (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. /1/

1. История Монгольской Народной Республики, Страны мира. Энциклопедический справочник. Минск, 1999 год, стр 192-196.

ІІ. Экономикалық-географиялық орны

Моңғолия-Орталық Азияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқанымен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Астанасы - Ұлаанбаатар (Улан-Батор) қаласы. /1/

Моңғолия теңізге шыға алмайтын ірі мемлекеттердің бірі. Жер көлемі - 1 564 116 км² (Францияның территориясынан 4 есе үлкен) . Жер көлемінің үлкендігі бойынша әлемде 21-ші орында. Жалпы шекарасының ұзындығы 8220 км. Солтүстігінде Ресей Федерациясындағы (3543 км) Тыва, Чит Бурят республикаларымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысында Қытай Халық Республикасының (4677 км) Гоби шөліндегі Сянь-Ұйғұр автономия ауданымен шектеседі. Моңғолия территориясы Қытай мен Ресейдің геополитакалық қызығушылығындағы аймақ. /2/

Моңғолияның оңтүстігі Гоби шөлі, солтүстігі және батысы суықтау келетін таулы өлкеде орналасқан. Моңғолияның орталық бөлігі жазық болып келеді. Ең биік шыңы Моңғол Алтай тау жүйесінің Таванбогд тауының Хүйтэн шыңы теңіз денгейінен 4, 374 метр биік болып келеді.

Моңғолия қатаң континенталдық климатты. Жазда ыстық болғанымен қыста суық болады. Қыста орташа температура -30 °C болады. Ұлаанбаатар қаласы әлемдегі ең суық астана болып саналады. Таулы өлке көп болғандықтан жел көп соғады.

ІІІ. Табиғат ресурстары мен байлықтары

Табиғи байлық түрлері көп кездеседі. Мыс, молибиден, аққалайы, көмір, вольфрам, мырыш рудасы, темір рудасы және алтын өндеу ел экономикасында маңызды орын алады. Моңғолия ресурс қорының көптігімен ерекшеленеді. Пайдалы қазбалардың 80 түрі, алтын, мыс, молибден, вольфрам, қорғасын, темір, уран, күміс, асбест, графит, фосфорит т. б.

Басты табиғи ресурсы - мыс болып табылады. Азияда мыс қоры бойынша алдыңғы орында. Сонымен қатар үлкен көлемдегі көмір мен мұнайдың пайдаланылмаған қоры бар.

Көлдерден тұз өндіру қолға алынған. Пайдалы қазбалардың 70 % - на зерттеулер мен бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Негізі экспорт өнімдері: мыс, молибиден, көмір, мырыш рудасы, темір рудасы, шикі мұнай, мал өнімдері, былғары, текстиль. Негізгі экспорты: ҚХР (76 %), Канада (9 %), Ресей (3 %) . /1/

  1. Страны и регионы мира 2003: экономико-политический справочник/ Под. ред. Булатова. - М. : Проспект, 2003 год, стр 624 .
  2. Гладкий Ю. Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран -Москва, 2009 год, 2-из-во, стр 227-229

ІV. Мемлекеттік құрылысы

Моңғолия - унитарлы парламенттік республика. Мемлекет басшысы - президент. (Моңғолияда туылып, жасы 45-ке толған, мемлекетте соңғы 5 жыл бойына тұрғылықты тұрып жатқан Моңғол азаматы болу керек) Президент жалпы тікелей және жасырын сайлау бойынша 4 жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Президенті - Цахиагийн Элбэгдорж. Жоғарғы атқарушы билікті премьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - Ұлы Мемлекеттік Хурал. Ол 76 мүшеден тұрып, жалпыға бірдей тең, төте сайлау құқығы бойынша жасырын дауыс беру жолымен 4 жылға сайланады. Ұлы халық хуралы республика үкіметі-Министрлер Кеңесін құрады. Жергілікті мемлекеттік үкімет органдары -аймақтар мен қалалар, қалалық аудандарда депутаттар хуралдарын халық 3 жылға сайдайды. Ал хуралдар өз депутаттары ішінен атқарушы басқарма сайлайды. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы беріледі. Сот жүйесі Жоғарғы Сот, аймақтық және қалалық соттар, сол сияқты аймақтық және аудандық көмекші соттардан құрылады.

1990 жылдарға дейін Моңғолияда бірпартиялы жүйе Моңғолдық халықтық-революциялық партия басқарды. Ал қазір Моңғолияда көппартиялы жүйе жұмыс жасайды. 2003 жылы 17 партия тіркілген. Ең ірілері: Моңғолия Демократиялық партиясы, Моңғолдық демократиялы социолистік партиясы, Моңғолдық республикалық партиясы.

Моңғолияда ішкі саяси жағдай тұрақты.

Моңғолия -өтпелі экономикалық ел болып табылады. 2004 жылдан бері Моңғолия экономикалық жағынан біршама дамыды.

Ақша бірлігі - төгрік.

Әкімшілік жағынан 18 аймақ пен 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан, Эрденет) бөлінеді. Моңғолия 21 аймаққа бөлінеді.

Арханғай аймағы

Баян-Өлгей аймағы

Баян-Хонгор аймағы

Бұлғын аймағы

Говь Алтай аймағы

Говьсүмбэр аймағы

Дархан-Уул аймағы

Доронғовь аймағы

Дорнод аймағы

Дундғовь аймағы

Завхан аймағы

Орхон аймағы

Өвөрханғай аймағы

Өмөнговь аймағы

Сүхбаатар аймағы

Сэлэңгэ аймағы

Төв аймағы

Увс аймағы

Ховда аймағы

Хөвсгөл аймағы

Хэнтий аймағы

Моңғолия ұзақ уақыттар бойы жабық ел болды. 1990 жылдарда Моңғолия ресми түрде шекарасын бекітті. /1/

1. Қазақстан Ұллтық Энциклопедиясы, 6 том, Алматы, 2004 жыл, 563 бет.

V. Халқы

а) Халқының динамикалық өсімі

Халық саны: 2 736 800.

Моңғол халқының табиғи өсуі (1963-1971 жылдары аралығында жылына 2, 8 %) жоғары елдердің бірі. 30 жасқа дейінгі адамдардың үлесі (халқының 60%-і) басым.

Туу көрсеткіші (1000 адамға шаққанда) - 22. Өлім-жітім көрсеткіш деңгейі 7 -ге төмендеді. Халықтың табиғи өсімі жылына 1, 45 %. Орташа өмір сүру ұзақтығы 64 жас, ерлерде 62 жас, әйелдерде 67 жас. Зейнетке шығу жасы ерлерде - 60, әйелдерде - 55. /1/

б) Этникалық құрылымы

Этникалық құрамына халха-моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), орыстар (2%), тывалықтар кіреді. Сонымен қатар қазақтар, қырғыздар, хамнигандар, цаатандар, ұйғырлар бар.

в) Тілі

Мемлекетте негізгі тіл - моңғол тілі, 85%-ы халық моңғол тілінде сөйлейді. /2/

г) Діні

1921 жылы революцияның қарсаңында Моңғолияда 1800-ден астам әр түрлі храм және 750 ламаистік (ламаизм -буддизмнің бір түрі) монастыр бар. Орталық тіркеу діндердің басқармасы Моңғолия заңымен қадағаланып отырады. Жыл сайын статистикалық мәліметтер жаңартылады. 2007 жылғы мәліметтерге сүйенсек, елде 138 буддистік (Баян-Өлгий, Гови-Алтай, Гови-Сумбэр и Умнеговь аймақтарында бір-бірден) , 89 христиандық (оның ішінде 64-і Улан-Баторда, 12-сі Дарханда, 6-уы Эрдэнэтте) тағы 2-уі басқа діндердің монастыры мен храмдары болып табылады.

Ламаисттер 6-8 жастағы ұл балаларды, яғни орта есеппен алғанда, осы жастағы әрбір екінші баланы осы монастырларға күштеп оқуға кіргізген. Осының нәтижесінде ламаистік монахтар мен діни қызметкерлер барлық ер адамның 40%-ын құрады. Олар некеге тұрмауға серт беретін болғандықтан, бұл халықтың табиғи өсуіне қатты әсер етті. Демографтар, егер ламаизмнің кесірі тимеген болса, қазір Моңғолиядағы халықтың саны 2, 5 млн. емес, 10 млн адам болатынын есептеп шығарды.

Халқының негізгі бөлігі будда дінін (94% тұрғын), 4%-ы ислам дінін ұстанады. Тибеттік буддизм- моңғол тілдес және түркі, тува тілдес халықтар үшін ұлттық дін.

Баян-Өлгий аймағындағы 88, 7 % қазақтар, Ховд аймағының 11, 5 % тұрғыны және Улан-Батор мен елдің солтүстігіндегі қалаларда бірнеше мың қазақ мигранттары исламның сунит бағытын ұстанады.

2007 жылы Моңғолияда христиандықтар халықтың 4 %-ын құрады. Оның ішінде 90 % протестанттар, 9 % мормондар, 1% католик және провославиеліктер болды. /1/

1. Қазақстан Ұллтық Энциклопедиясы, 6 том, Алматы, 2004 жыл, 563 бет.

2. Максаковский В. П. Географическая картина мира книга ІІ, Москва 2009 год,

стр147-148.

д) Таралуы мен қоныстануы

Халықтың елдегі қоныстану тығыздығы өте сирек. Халқының тығыздығы әр шаршы километрге 1, 7 адамнан. Қызығы 5 миллиондай моңғолдар Моңғолиядан тысқарыда тұрады. Оның 4, 8 миллионы Қытайда. Азия мемлеттерінің ішінде орташа қоныстану тығыздығы ең аз мемлекет. /1/

Қала халқы 46 %-ды құрайды. Мемлекет астанасы Улан-Баторда халықтың 40% (303 мың, 1973 жылы) қоныстанған. Одан басқа Дархан, Чойболсан, Кобдо, Цэцэрлэг, Мурэн қалаларында көп шоғырланған. /2/

Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында - 12 215, Улан-Батормен оның төңірегінде - 7 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында - 4 245 адам тұрады. /3/

Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М. Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен - 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты.

Моңғолияда көшпелі өмір әлі күнге дейін сақталғандықтан, Моңғол халқы киіз үйде, мал бағып, көшпелілік салтын ұстануда. Халық бытыраңқы түрде орналасқан, 1шаршы шақырымға 1 адамнан келіп отыр. /4/

1. Энциклопедия стран мира/ Под ред. Н. А. Симония. - М. : Экономика, 2004 год, стр1319.

2. Қазақстан Ұллтық Энциклопедиясы, 6 том, Алматы, 2004 жыл, 563 бет.

3. Гладкий Ю. Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран -Москва, 2009год, стр 227-229.
4. Максаковский В. П. Географическая картина мира книга ІІ, Москва 2009 год,

стр147-148.

VІ. Шаруашылығы:

Моңғолияның экономикасы негізінен ауылшаруашылығы және тау-кен өнеркәсібіне тәуелді. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарылады.

а) өнеркәсібі

Өнеркәсіпте кен өндірісі жетекші сала болып табылады. Кен өнеркәсібінің өнімдері эскпортқа шығарылады.

Негізі экспорт өнімдері: мыс, молибиден, көмір, мырыш рудасы, темір рудасы, шикі мұнай, мал өнімдері, былғары, текстиль. Негізгі экспорты: ҚХР (76 %), Канада (9 %), Ресей (3 %) . Импорт өнімдері: (3, 6 млрд долл. 2008 ж) : жанар-жағар май, машина техника, автомобиль, азық түлік, құрылыс материалдары, қант, өндірістік және күнделікті қолданыстағы тауарлар, чай т. б. Негізгі импорттерлері: Ресей (35 %), ҚХР (29 %), Жапония (8 %) .

Импортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.

Моңғолиядағы жеңіл өнеркәсіптің дәстүрлі салаларына (мата тоқу, тері илеу, -аяқ-киім тігу т. б. ) қоса 40-60 жылдары тау-кен, энергетика, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, металл жону т. б. өндірістер қалыптасты. Елде негізінен шағын кәсіпорындардың үлесі басым. 1940-70 жылдары өнеркәсіптің жалпы өнімі 13, 8 есе артты. 1972 жылы Моңғолия өнеркәсібі жалпы қоғамдық өнімнің 1/3 -ін өндірді. Өнеркәсіп өнімін түгелге жуық (96, 8%-ы, 1972) мемлекеттік сектор орындары берді. Тау -кен өндірісінің басты саласы-көмір өндіру, ірі кен орындар Шарын-Гол, Налайха, Адун-чулун атыраптарына шоғырланған. Вольфрам, флюорит өндіріледі. Эрдэнетийн-Обо (Булган аймағы) мыс-молибден кеніне негізделіп кен байыту комбинаты салынған (1973 жылы) . Энергетика жылу электр станциялары (ең ірісі Дархан ЖЭО) негізінде дамыған.

Өңдеу өнеркәсібінің басты саласы-жеңіл және тамақ өндірістері. Бұлар жалпы өнеркәсіп өнімінің ½-нен астамын береді. Кәсіпорындары Улан-Батор, Дарзан-Селенга және Шығыс өнеркәсіп аудандарында шоғырланған.

б) ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 83, 4 %-і мал шаруашылығының, 16, 6 %-і егіншіліктің үлесіне тиеді. Мал басы жөнінен Моңғолия дүние жүзінде басты орындардың бірінде. Мал шаруашылығының басты саласы-қой өсіру (әсіресе батыс және орталық өңірлерде) . 1972 жылғы мал саны:

Мүйізді ірі қара-2189 мың

Қой-625 мың

Ешкі -4338 мың

Жылқы-2239 мың

Түйе-625 мың /1/

1. Қазақстан Ұллтық Энциклопедиясы, 6 том, Алматы, 2004 жыл, 563 бет.

1972 жылы елде 24, 2 мың тонна жүн, 67, 4 мың тонна сүт, 3, 8 млн. дана тері даярланды. 1955-72 жылдар арасында жерлердің игерілуіне байланысты Моңғолия егістігі 475 мың гектарға жетті. Егістің 88, 4 %-іне дәнді және бұршақ дақылдары егілді. 1972 жылы егіс өнімі:

Бидай 170 мың тонна

Сұлы 16, 7 мың тонна

Арпа 17, 3 мың тонна

Картоп 10, 2 мың тонна

Көкеніс 10, 9 мың тонна

Мал азығы 48, 9 мың тонна

Моңғолия экономикасының басты саласы-ауыл шаруашылығы. Моңғолия дүниежүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып келеді. Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егін шаруашылғында бидай, арпа, көкөніс, және мал азығын егумен айналысады. 2008 жылғы есеп бойынша ІЖӨ-нің көлемі 9, 48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 3200 доллар.

Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді.

в) көлік қатынасы

Жүк айналымының ¾-і темір жол транспортымен тасылады, темір жол жүйесінің ұзындығы 1, 4 мың км. Басты темір жолы Трансмонғол магистралі елді солтүстүктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Жүк тасымалының 25%-ке жуығы автотранспорт үлесіне тиеді. 1956 жылы Моңғолия азаматтық әуе транспортының басқармасы құрылды. /1/

Моңғолияға жетудің екі-ақ жолы бар: ұшақ арқылы және автокөлікпен. Ол жақта теміржол инфрақұрылымы дамымаған. Уақыт үнемдеп, уайымсыз, қиындықсыз жеткіңіз келсе, ұшақпен бару қолайлы. Өскеменнен Баян-Өлгийдің өзіне қатынайтын тіке рейс қалғытпай-мүлгітпей демде жеткізеді. Ал берісі Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарын, арысы өр Алтайдың таңғажайып табиғатын басып өтем деген кісіге «темір тұлпарды» тақымға басқан жөн. Бірақ машина мінген жолаушының мехнатын үш бірдей шекара бекетінен өткен адам ғана жақсы түсінсе керек. Бір қызығы, «кедендік одақ» деген ұлы көршімен арадағы достықтың иісі де сезілмейді бұл жерде. Шын достық шекарадан басталуы тиіс еді, ал мұнда керісінше, шекарадан өтпей жатып шетқақпай көресің. Әрлі-берлі өткен қандастарымызды артық әбігерге салғанымен қоймай, алып өтпекші болған дүние-мүлкіне екі есе құн сұрап, азапқа салатын көрінеді. Қысқасы, осы шекара мәселесінде шешілмей жатқан түйткілдер аз емес. /2/

1. Қазақстан Ұллтық Энциклопедиясы, 6 том, Алматы, 2004 жыл, 563 бет.

2. Страны и регионы мира 2003: экономико-политический справочник/ Под. ред. Булатова. - М: Проспект, 2003 год, стр 624.

VІІ. Экологиясы

2008 жылдан Моңғолияның Қарулы Күштері «Моңғолия территориямындағы жарылғыш заттардан залалсыздандыру және іздеу» атты жобасын іске асыруда.

1996 жылы ең көп орман өрті тіркелген, 10, 5 миллион га орман өртеніп, экожүйеге үлкен көлемде шығын алып келді. Орман өрттерінің 92 % адам қолымен жасалған өрттер.

2000 жылы 4, 9 миллион га аймақта сексеуіл ормандарын өсіру қолға алынған.

Моңғолияда 40-қа жуық зиянды жәндіктер, 400 мың га аса аймақтағы ормандарда таралған. Баянхонгор аймағында қоршаған ортаны қорғау мақсатында химиялық қалдықтарды жою және заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Оңтүстік Корея Үкіметінің қолдауымен қоқытарды қайта өңдеу заводы мен жанармай заводы құрылды.

1991 жылы республика территориясындағы орманның ауданы 12, 5 %, 1998 жылы - 8, 1, 2008 жылы 7, 2%. Ол 3 басты мәселеге байланысты: ормандардағы өрт, ормандардың жаппай кесілуі, зиянды жәндіктердің әсері. Кейбір деректерде әдейілеп өрт қойылған кездер де байқалды. /1/

VІІІ. Туризмі

Туризм саласының дамуы Моңғолия экономикасында маңызды рөль атқарады. 2012 жылы Моңғолиядағы туристтердің саны 626 мыңға жетті. Туризмнен келген пайда 282 млн. АҚШ долларына жетті, Моңғолияның ЖІӨ-де 5 %-ын алады. 2012 жылдың алғашқы 5 айында 145 мың турист келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Моңғолия қазақтары мен салыстырсақ Қытай еліндегі қазақтарының өмір сүру салты монғолия қазақтарымен етене жақын
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Монғолияның конституциялық құқығы
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
XI – XV ғасырлардағы Монғолия
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының ықпалы
Ерте орта ғасырдағы (VI-X) және дамыған ғасырлардағы мемлекет (X-XIII)
Моңғол мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz