Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы және дамуы
1.Адам дамуының анықтамасы
2.Экономикалық өсудің классикалық тұжырымдамаларындағы АД мәселесі
3.Адам капиталы теориясы
4.Базалық мұқтаждықтар мен тұрмыс сапасының тұжырымдамалары
5.АД тұжырымдамасының одан әрі дамуы

1.Адам дамуының анықтамасы. Кейбір жағдайларда адам əлеуетінің (потенциалының) дамуы ретінде тəржімаланатын адам дамуы (ағылш. "human development" сөзінен) дегеніміз - адамдарды анағұрлым кең тұрғыдағы таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету үдерісі. Сайып келгенде, осы таңдау шексіз болуы жəне уақыт бойынша өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ дамудың қай деңгейінде де адам дамуының басты аспекті ұзақ жəне ауру-сырқаусыз ғұмыр, білім алу жəне лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Егер негізгі осы таңдауға қол жетпесе, адамның өзге мүмкіндіктерге шамасы келмейді.
Алайда адам дамуы мұнымен шектелмейді. Қосымша аспекттер саяси, экономикалық жəне əлеуметтік еркіндіктен адамның жасау мен өндіру мүмкіндіктеріне, дербес қадір-қасиет сезімі мен кепілденген адам құқығын иеленуге қарай өзгеріп отырады.
Тұжырымдама адам дамуының екі жағын даралайды. Біріншісі адамның денсаулығын жақсарту мен білімін жетілдіру сияқты адам қабілетін қалыптастыруды қараса, ал екіншісі осы қабілеттерді жұмыс, бос уақыт немесе мəдени, əлеуметтік жəне саяси қызмет үшін пайдалануды қамтиды. Адам дамуының деңгейі осы екі жақтың балансын қамтамасыз етпеген жағдайда, адамның өз өміріне көңілі толмауы мүмкін.
Адам дамуының негізгі идеялары, осы заманғы көптеген өзге идеялар сияқты, негізінен соны емес, тек олар жаңа көзқарасты немесе ескі мұраға қолданылатын өзге тəсілді ғана көрсетеді. Адам дамуы тұжырымдамасының баста-уларын адамзат тарихының ерте кезеңдерінен, көптеген мəдениеттер мен діндерден байқауға болады.

1. Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы және дамуы

2.Экономикалық өсудің классикалық тұжырымдамаларындағы АД мәселесі. Адам дамуының тұжырымдамасы даму жəне ілгерілеу тəсілдеріне қарағанда, нəтижелерге көбірек негізделеді. Адам дамуының негізгі мақсаты - адамдардың салауатты жəне жасампаз тіршіліктен біршама ұзақ уақыт бойы лəззат алуына мүмкіндік жасайтын саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық лайықты қоршаған орта құру.
Экономикалық дамудағы адам ролін қарау жөнінде экономикалық теорияның классиктері сонау заманда-ақ алғашқы талпыныстар жасаған. Мəселен, А. Смит пен оның ізбасарлары адамды қоғам байлығының көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық байлықтың бөлігі деп те есептеген.
Адамды қоғамдық өндірістің мақсаты ретінде тануды өзге мектеп өкілдерінің туындыларынан да кездестіруге болады. Маржиналистік бағыттың жақтастары, мəселен, шекті пайдалылық теориясының негізгі ережелерін тұжырымдау арқылы тұтыну ұстанымының (тəртібінің) теориясына тұспа-тұс жақындады
Экономикадағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі А. Маршалл байлық жинауды адамның дамуымен тікелей сабақтастырды. Ол былай деген: "Байлықты өндіру - адам тіршілігін ұстаудың, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен дене, ақыл-ой жəне рухани күштерін дамытудың құралы ғана. Ал адамның өзі - осы байлықты өндіретін негізгі құрал жəне ол байлықтың түпкі мақсаты болып қызмет атқарады..."
XX ғасырдың 30-шы жылдары Дж.М. Кейнс экономикалық өсудің аса маңызды шарттары (жағдайлары) ретінде адам қабілеттерінің дамуы мен іске асуын, сондай-ақ оның жеке таңдауының мүмкіндіктерін ұлғайтуды бөліп атады.
3.Адам капиталы теориясы. Капиталдың қорлануы мен материалдық-заттық факторлар прогрестің əмбебап жəне айқындаушы факторлары ретінде қаралды. Алайда дəл сол материалдық байлықтың өсу көздеріне факторлық талдау жасау экономикадағы адам роліне жаңаша қарауды туындатты.
Осындай түсінік (пайым) Т. Шульц (T. W. Schulz) тұжырымдаған адам капиталы теориясы арқылы өмірге келді. ХХ ғасырдың 50-ші жылдары еңбек өнімділігінің өсу көздерін іздеу кезінде ол бастапқыда "қалдық фактор" аталған белгісіз параметрді дербес фактор етіп даралады. Кейіннен осы автордың "Білім арқылы капиталдың қорлануы" жəне "Адам капиталына инвестициялар" аталатын танымал жаңашыл еңбектерінде ол адамның еңбек қабілетін иемденуі мен дамытуы ретінде сəйкестендірілді.
Э. Денисон туындыларының айналасындағы айтыс-талқылаулар зерттеуші еңбектерінің негізі болды, Э. Денисон көлемді статистикалық материалдар бойынша техникалық жаңа енгізілімдерді, еңбекті пайдалану мен өндіріс жабдығының ауқымдарын (масштабтарын) кеңейту ХХ ғасырда АҚШ-та ең қолайлы жағдайда нақты ұлттық өнімді ұлғайтудың тек жартысын ғана қамтамасыз ете алатындығын дəлелдеді. Осы идеяның негізінде Т. Шульцтің ізбасарлары адам капиталы тұжырымдамасын жасады. "Адам капиталы" факторын даралау бұған дейін тұтынушы жəне өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының экономикалық ролін дұрыс анықтауға мүмкіндік берді. Адам капиталы - өндіріс жəне ұзақ уақыт пайдалану заттарының екі жақты қызметін орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы.
Халықаралық ынтымақтастық саласындағы адам капиталының теориясы негізінде адам ресурстарының дамуына Жəрдемдесу ретінде та-нымал болған дербес бағыт пайда болды. Адам ресурстарының дамуына жəрдемдесу - адам капиталын барынша ұлғайту жəне демографиялық мəселелерді, жұмыспен қамтылу, денсаулық сақтау, тамақтану, кенттену, тұрғын үй, білім алу, кадрлар даярлау жəне т.б. қоса есептегенде, оны экономикалық жəне əлеуметтік даму мақсаттарында тиімді пайдалануға жəрдемдесу.
4.Базалық мұқтаждықтар мен тұрмыс сапасының тұжырымдамалары. Адам капиталы теориясымен қатар адам дамуы тұжырымдамасының туындауына базалық мұқтаждар тұжырымдамасы белгілі роль атқарды, ол ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Скандинавиядағы зерттеу топтарының арасында пайда болды. 1976 жылы осы тұжырымдама Халықаралық еңбек ұйымының "Жұмыспен қамтылу, өсу жəне базалық мұқтаждар" баяндамасының арқауы болды. Базалық мұқтаждар тұжырымдамасы - үкіметтерге мына мəселелерді есепке алу арқылы экономикалық жəне əлеуметтік саясат құруды ұсынады: отбасының тамақ ішудегі, киінудегі, тұрғынжай мен үй мүлкіндегі кейбір ең төменгі қажеттіліктерін міндетті түрде қанағаттандыру; ауыз сумен қамтамасыздандыру, тұратын орындарының санитарлық жағдайын, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы қоғамдық қызметтерді жақсарту.
"Адам дамуы" категориясын жасауға өзге əлеуметтік-экономикалық категория - "тұрмыс (өмір) сапасы" өз ықпалын тигізді. Тұрмыс (өмір) сапасы категориясының мəні шоғырландырылған түрде Я. Тинбергеннің "Экономикалықтəртіпті қайта қарау" еңбегінде айтылды, онда былай делінген: "Осы шама тұтас алғанда жеке тұлғаларға немесе мемлекетке қатысты "пайдалылық критерийін" жай ғана есепке алу арқылы емес, сонымен бірге адамның негізгі құндылықтары жүйесіне сəйкес ойластырылуы жəне жете зерттелуі тиіс". Тұрмыс (өмір) сапасының деңгейін өлшеу өмірдің жеке қырларын бейнелейтін көрсеткіштердің біртұтас жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Дж. Форрестер тұрмыс (өмір) сапасын жалпы бес параметр бой-ынша өлшеуді ұсынды, олар: халықтың саны, қорланған (жинақталған) капиталдың саны, ауыл шаруашылығындағы капиталдың үлесі, қолда бар табиғи ресурстар мен мекендеу ортасының ластануы.
Сонымен, адам дамуы көптеген анағұрлым ерте тəсілдерді өзіне жинақтайды. Осы кең ауқымдағы анықтама адам өмірінің бүкіл күрделі қырларын адамдардың күнделікті қыруар əбігершіліктерінің, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі халықтың көптеген мəдени, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси айырмашылықтарының жиынтығы ретінде жақсырақ қамтуға мүмкіндік туғызады.
5.АД тұжырымдамасының одан әрі дамуы. Адам дамуы идеялары ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының орта шенінен ұлттық даму бағдарламалары мен халықаралық ынтымақтастық жобаларын əзірлеу кезінде экономикалық топтар тарапынан көбірек қолдау таба бастады. Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуына 1986-1989 жылдары Солтүстік-Оңтүстік Дөңгелек столы, БҰҰ ДБ дамытушы зерттеу бағдарламасы аясында орындалған жəне Исламадабта жарияланған К. Хак пен У. Киргардың (K. Haq and U. Kirgar) еңбектері күшті ықпалын тигізді.
Адам əлеуеті (потенциалы) дамуының осы заманғы түсінігіне Амартья Сеннің (A. Sen) 1989 жылы "Мүмкіндіктерді ұлғайту ретіндегі даму" еңбегінде жарияланған теориялық зерттеулері шешуші ықпал жасады. Ол даму үдерісін материалдық немесе экономикалық əл-ауқатты арттыру ретінде емес, ал адам "мүмкіндіктерін" ұлғайту (кеңейту) үдерісі, яғни, ұзақ жəне салауатты өмір сүру, білімге қол жеткізу, көбірек шаруалар тындыру жəне тағы сол сияқтылар ретінде қарады. Бұл ретте осы үдеріс адам таңдауы еркіндіктерін кеңейтумен байланысты. Адам дамуы тұжырымдамасы сол арқылы даму мақсаты ретінде экономикалық өсудің көрсеткіші есебінде ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімнің) өсуін емес, ал адамның өзінің даму мүмкіндігін, оның таңдау еркіндігі өрісін ұлғайтуды қойды.
1995 жылдағы адам дамуы туралы Дүниежүзілік Баяндама адам дамуы тұжырымдамалық үлгісі негізгі төрт қағидаға негізделетініне сүйенеді:
1. Өнімділік. Адамдардың өз əрекетінің өнімділігін арттыруға мүмкіндіктері болуы тиіс, табысты құрау үдерісіне толыққанды қатысулары жəне ақшалай əділ сыйақы үшін еңбектенулері керек. Сондықтан экономикалық өсу, жұмыспен қамтылу жəне жалақы динамикасы адам дамуы үлгісінің құраушылары болып табылады.
2. Теңдік. Барлық адамдар əуел баста бірдей мүмкіндіктерді иеленулері тиіс. Жынысына, нəсіліне, ұлтына, қай тапқа жатуына, тегіне, тұратын жеріне, əл-ауқатының деңгейіне байланысты экономикалық жəне саяси өмірдегі мүмкіндіктерді иеленуге кедергі жасайтын тосқауылдарды, адамдар осы мүмкіндіктерді іске асыруға қатыса алулары мен олардың игіліктерін пайдаланулары үшін жою керек.
3. Орнықтылық. Мүмкіндіктерге қол жеткізу тек қазіргі ұрпаққа ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпаққа да қамтамасыз етілуі тиіс. Адам дамуының орнықтылығын қамтамасыздандыру мақсаттарында капиталдың барлық түрлерінің - физикалық, адам, табиғи капиталдарының орнын толтыруды мүмкін ету керек, кейінгі ұрпақ төлеуге тура келетін борыштар (қарыздар) жасамаған жөн.
4. Мүмкіндіктерді ұлғайту (кеңейту). Даму адамдардың мүдделері үшін ғана емес, солардың күш-жігер жұмсаулары арқылы жүзеге асуы тиіс. Адамдар өз өмірлерін белгілейтін шешімдер қабылдау мен өзге де үдерістерге барынша жан-жақты қатысулары тиіс.
Адамзат баласы дүниеге белгілі бір əлеуеттегі (потенциалдағы) қабілеттермен келеді. Адам дамуының міндеті əр адам өз қабілетін дамытуға мүмкіндік жасай-тын орта құрумен тұжырымдалады жəне осы дамудағы мүмкіндіктер барған сайын ұлғая түсулері керек.
Адам дамуы тұжырымдамасы адам өмірінің адамдардың игілік өндіруге қабілетті болғандарынан емес, ал осы дамудың мақсаты болып табылуымен құнды екендігіне сүйенеді. Даму əр адамды тұрмыстың барлық - экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне саяси салаларында өздерінің ең жоғары қабілеттерін пайдаланудағы мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі тиіс.
2. Адам дамуы индекстері
1. Адам дамуы индекстерінің сипаттамасы
2. Адам дамуын өлшеу мәселелері және көзқарастары
3.Адам дамуы индекстерін есептеудің макро- және мезодеңгейлік аспектілері
1.АДИ-нің сипаттамасы. Адам дамуы индексі (АДИ) адам дамуы туралы бірінші Баяндама арқылы еңгізілді (1990 ж.). АДИ елдің әлеуиеттік-экономикалық дамуын өлшеу үшін ЖҰӨ ( жалпы ұлттық өнімге) балама болып табылады.
Алайда АДИ елеулі кемшілігі - ел бойынша есептелген орташа шамалар үлкен теңсіздікті жасыруы мүмкін екендігі. Ең манызды топтар үшін жеке АДИ жасау өте дұрыс шешім болар еді: мысал үшін, жыныс бойынша, немесе табыстар (кірістер) тобы бойынша, географиялық аймақ бойынша, нәсіл немесе этникалық (ұлыстық) топ бойынша есеп құру. Жеке есептелген АДИ әр елдегі адам мұқтаждарының әлдеқайда толық көрініс анықтай алады.
Адам дамуы индексінен басқа елдегі адам дамуына интегралдық баға беретін өзне де индекстер қолданылады, олар - Халықтың жоқшылық индексі, Гендерлік факторды есепке алғандағы даму индексі және Әйел мүмкіндіктерін ұлғайту көрсеткіштері.
Егер АДИ елдің адам дамуы саласындағы жалпы прогрессің сипаттайтын болса, ал Халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ) прогрестің бөлінуін көрсетеді және халықта сақталған мұқтаждардың деңгейін өлшейді. Жоқшылық деңгейін өлшеу үшін дамушы елдерде халықтың жоқшылық индексі ХЖИ-1, ал дамыған елдерде ХЖИ-2 пайдаланылады. 1995 жылы Гендерлік факторды есепке алғандағы даму индексі (ГФДИ) енгізілді, ол әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті көрсету мақсаттарында АДИ түзету үшін қолданылады. Әйел мүмкіндіктерін ұлғайту (кеңейту) көрсеткіші (ӘМКК) олардың экономикалық және саяси өмірге (тыныс-тіршілікке) белсенді қатысу мүмкіндіктерін бейнелейді. ГФДИ-нен айырмасы - ол жеке салалардағы мүмкіндіктердің теңсіздігі ашады.
2. Адам дамуын өлшеу мәселелері және көзқарастары. Жоғарыда қаралған төрт индекс (АДИ, ХЖИ-1, ХЖИ-2, ГФДИ) өздеріне бірдей компоненттерді енгізеді, олар-өмір сүру ұзақтығы, білім тұрмыс деңгейі бірақ осы индекстерді есептеу кезінде әр түрлі көрсеткіштер пайдаланады.
Адам даму индексі үш өзге индекстің орташа арифметикалық шамасы ретінде есептеледі: туылған кездегі өмір ұзақтығы, білім деңгейі мен жан басына шыққандағы табыс деңгейі. Білім деңгейінің индексі салауаттылық (үштен екі бөлік салмағында) және білім алу мүмкіндігі (үштен екі бөлік салмағында) индекстің негізінде есептеп шығарылады.
Индекстерді есептеу үшін шекті белгілерінің саласы мына межелерде жататын төрт көрсеткіш пайдаланылады:
Көрсеткіштер
Минимум
Максимум
Туылған кездегі болжамды өмір сүру ұзақтығы, жас
25
85
Ересек халықтың сауаттылық деңгейі, %
0
100
5-24 жастағы оқушылардың жиынтық үлесі, %
0
100
Жанбасына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), АҚШ доллармен (сатып алу қабілетінің паритеті (тепе-теңдігі) бойынша)
100
40000
Осы көрсеткіштердің негізінде мына жалпы формула бойынша индекстер есептелінеді:
І=Х і нақты мәні Х і ең төменгі мәні Х і ең жоғары мәні Х і ең төменгі мәні
Жан басына шаққандағы табыс индексін жасау кезінде халықтын жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ оның әлемдегі табыстардың орташа деңгейінен асқан жағдайындағы түзетілген мәні пайдаланылады. БҰҰДБ 1999 жылғы адам дамуы туралы Есебінде табыс индексін есептеудің жаңа формуласын қабылдады, формуланын алымы мен бөлгішінде халықтын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемдерінін ондық логарифмдер пайдаланылады:
І= Iog 10 (Хі нақты мәні) - Iog 10 (Хі төменгі мәні) Iog 10 ( Х і ең жоғары мәні) - Iog 10 ( Х і ең төменгі мәні)
3.Адам дамуы индекстерін есептеудің макро- және мезодеңгейлік аспектілері. Гендерлік факторды есептегендегі (ГФДИ) АДИ. ГФДИ аясында өмір ұзақтығы, қол жеткен білім деңгейі және табыстар саласындағы көрсеткіштің орташа мәндері әр ел үшін әйелдер мен еркектер жетістіктерінің арасындағы алшақтық шамасына сәйкес түзетіледі. Осы түзетуді іске асыру үшін жыныстар жағдайының айырмасына таразылау формуласы пйдаланылады, формуланың орта дәрежеге көрсеткіші ең төмен белгілі қабылдағанына қарағанда дәрежесі орта қызметінің барынша төмен мәнді қабылдау ерекшелігіне негізделеді (ортаңғылардың мажоранттылық ережесі).
Гендерлік факторларды есепкеалу арқылы индекстерді есептеу үшін С.Ананд пен А.Сен оларды есептеудің мынадай жалпы формуласын ұсынды:
І=[dә хІә 1-e + dе хІе 1-e ] 1(1-е) ,
Мұнда dә және dе - халықтын жалпы санындағы сәйкестігіне қарай әйелдер үлесі және еркектер үлесі;
Іә және Іе - сәйкестігіне қарай әйелдер мен еркектер индекстері;
(1-е) - орта дәреженің көрсеткіші
е-әр түрлі мәндері кезінде (1-е орта дәреженің көрсеткіші) орта шаманың әркелкі түрлері шығады: е=0-орта арифметикалық; е=1-орта геометриялық; е=2-орташа үйлесімдік және т.б.
Ортанғыдан қабылданған дәреже орта арифметикалық дәреже мәнінен неғұрлым өзгешеленетің болса, соғұрлым бұл орта көрсеткіштің төмендеуіне елеулі ықпал етеді. Адам дамуы туралы Баяндамаларда е параметірі 2-ге тең деп қабылданады.(теңсіздікке орташа жиіркеніш). Нәтиже әйелдер мен еркектер жетістіктерінің орта үйлесімдік көрсеткіштерін атқарады.
Әйелдердің еркектерге қарағанда ұзақ жасайтындарының ескеру арқылы өмір ұзақтығының ең жоғары және ең төмен белгілеріне қатысты ГФДИ түзетуде де осылай жүзеге асырылады. Осыны ескеру арқылы елдердің ең жоғары өмір ұзақтығы 87,5 жас деңгйінде, ал ең төменгісі -27,5 жас, ал еркектерде сәйкестігіне қарай 82,5 және 22,5 болып қабылданады.
Орташа өмір ұзақтығының біркелкі бөлінген индексі (е=2 таразылау параметрін қолдану арқылы ) мына формула бойынша анықталады:
І= (d\Іәөұ + de \ Іеөұ ) -1
Мұнда dә және dә - жалпы халық санының сәйкестігіне қарай әйелдер үлесі және еркектер үлесі;
Іәөұ және Іеөұ - сәйкестігіне қарай әйелдер мен еркектердің өмір ұзақтығының индекстері
Білім мен табыс саласының біркелкі бөлінген индекстері осыған ұқсас есептеледі. Гендерлік факторды есепкеалу адам дамуының нәтижелеуші индексі біркелкі бөлінген үш индекстің орта арифметикалық шамасы ретінде анықталады.
Гендерлік бөліктегі табыс индексінің есебі анағұрлым күрделі сипат алады. Елімізде өндірілген кірістер еркектер мен әйелдер арасында олардың қолға тиген жалақылары үлестеріне пропорция бөлінеді.Еңбек ақы табысындағы әйелдер мен еркектердің үлестерің еептеу кезінде деректердің екі түрі қолданылады:әйелдерінің орташа жалақыларының еркектердің орташа жалақыларына қатынасы және әйелдер мен еркектердің экономикалық белсенді 15 жастағылар мен одан ересек халықтың пайыздық үлесі есептеледі. Әйелдерінің орташа жалақыларының еркектердің орташа жалақыларына қатынасы жөнінде деректер болмаған жағдайда 75% шамасындағы қатынас пайдаланады - жалақы туралы деректер бар жалақы көрсеткіштерінің барлық елдерге арналған орташа таразыланған қатынасы:
Әйелдер үлесіне тиетін жалақы мөлшері (Sә) мына формула бойынша анықталады:
Sә = dэбә x Iәжа (dэбә x Iәжа + dэбә )
Мұнда: dэбә - экономикалық белсенді халықтың жалпы санындағы сәйкестігіне қарай әйелдер үлесі және еркектер үлесі;
Iәжа - еркектердің орташа жалақысына қатысы бойынша айелдердің орташа жалақы индекстері
Халықтың жыныстық жас құрылымын есепке алу арқылы бір әйел мен бір еркекке шаққандағы табыс көлемін (ЖІӨ) шығарамыз:
ЖІӨә =ЖІӨ х Sә\ dә ,
ЖІӨ = ЖІӨ х (1- Sә) \ dе
Мұнда: ЖІӨ,ЖІӨә ЖІӨе - сәйкестігіне қарай жан басына шаққандағы бір еркек пен бір әйелге келетің ЖІӨ көлемі.
Тұратынжердің үлгісі бойынша (қалаауыл) Қазақстанның АДИ. Тұратын елдің үлгісі бойынша АДИ есептеу үшін қала\ауыл бөлігінде ұсынылған базалық көрсеткіштердің болуы қажет. Тұратын жердің үлгісі бойынша бөліктегі көрсеткіштерді есептеудің кейбір қиындықтарына қарамастан, соңғы кездері олар, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ қоспағанда, есептеле басталады.
Қала және ауыл араында ЖІӨ бөлу үшін гендерлік аспекттегі ЖІӨ есептеу кезінде қолданылатын идея пайдаланылады. Егер гендерлік бөлікте ЖІӨ есептеу кезінде елде өндірілген табыстар еркектер мен әйелдер арасында алға жалақыларының үлестеріне пропорционал бөлінсе, ал жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) қала\село бөлігінде есептеу кезінде халықтың жан басына шаққанда қала және ауыл тұрғындары алатын табыстар пайдаланылады.
Ауылдың үлесіне тиетің ЖІӨ үлесі (Sа) мына формула бойынша есептеледі:
Sa= da x Ia \ (da x Ia + dқ),
Мұнда da және dқ - сәйкесігіне қарай қала және ауыл тұрғындарының республика халқының жалпы санындағы үлестері; Іа - орта есеппен жан басына шаққандағы ауыл тұрғындарынын атаулы ақшалай табыстарының индексі.
Халықтың қоныстану үлгісі бойынша құрылымын есепке алу арқылы біз ауыл мен қаладағы бір адамға келетін (ЖІӨ) табыстын көлеміндерін аламыз:
ЖІӨа = ЖІӨ х Sа\ dа
ЖІӨқ = ЖІӨ х (1-Sа)\ dқ ,
Мұнда ЖІӨа, ЖІӨ,ЖІӨқ - сәикестігіне қарай жалпы ел бойынша, аулдағы және қаладағы халықтың жан басына шаққанда тиетін ЖІӨ көлемі.
Қазақстан үшін 2001 жылғы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ еебін мысалмен көрсетеміз. Ауыл және қала халықының үлесі сәйкестігіне қарай 0,4392 және 0,5608 құрады, ал қала тұрғындарының орта есппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының индексі-0,53251 (ауыл тұрғындарының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы -38600 теңге, қалалықтардың табыстары - 72487 теңге). Осыдан ауыл үлесіне тиетін ЖІӨ (Sa) мына нәтижені құрайды:
Sa = 0,4392х 0,53251\ (0,4392х0,53251+0,5608) = 0,294341
Республикада жан басына шаққандағы ЖІӨ 2001 жылғы 198038,2 теңге құрағаның есепке алу арқылы, ауылдағы және қаладағы бір адамға тиетін ЖІӨ көлемдерін аламыз:
ЖІӨа = 198038,2х0,294341\0,4392=132707,6 теңге
ЖІӨқ = 198038,2х(1-0,294341)\0,5608= 249211,8 теңге
Әйелдер мүмкіндіктерін ұлғайтудың көрсеткіштері (ӘМҰК - ПРВЖ). ӘМҰҚ әйелдер мен еркектердің және экономикалық қызмет салаларындағы салыстырмалы мүмкіндіктерін өлшеу үшін арнайы құрылған көрсеткіштер пайдаланылады.
Екі көрсеткіш, экономикалық қызметке қатысуды және экономикалық шешімдер қабылдау мүмкіндігін есепке алу үшін іріктелген: әкімшілік және басқарушылық қызметтегі әйелдер мен еркектердің пайыздық үлестері. Осы санаттың әрқайсысындағы қызметті иелеетін адамдардың салыстырмалы үлесі халықтың жалпы саныңда әркелкі болғандықтан, әр санат бойынша жеке индекстерді бөлек есептеген, содан соң оларды жиынтықтаған жөн.
Үшінші көресеткіш - парламент лауазымдарындағы әйелдер мен еркектердің үлесі - саяси өмірге қатысу мен саяси шешімдер қабылдау саласындағы мүмкіндіктерді көрсете алатындай етіп таңдалады.
Үш көрсеткіштің әрқайсысына қолдануға жарамдылығы ескерілген орташалау формуласын пайдалана отырып, мұнда таразылар ретінде халықтынтиісті үлестері алынады, қос жыныс бойынша тең бөлу кезінде баламалы пайызды (ТББП - ЭПРР) бірге:
ТББП = (d a\ d ia + d e \ d iе) -1
Мұнда d a және d e -сәйкетігіне қарай әйелдердің және еркектердің халықтық жалпы саныңдағы үлестері; d ia және d iе - сәйкестігіне қарай үш көрсеткіштің әрқайсысы бойынша әйелдер мен еркектер табысының үлесі.
Одан әрі ТББП - ЭПРР 50 % -ға бөлу жолмен көрсеткіштердің әрқайсысына индекстеу жүргізіледі.
Экономикалық ресурстарды иелену қабілетін көрсететін көрсеткіш ретінде табыстар көрсеткіші пайдаланылады. ГФДИ (ИРГФ) қолданылытын әдіснама бойынша көрсетілген көрсеткіш есептеп шығарылады (бар айырмашылығы, халықтың жан басына шаққандағы түзетілген ЖІӨ орнына түзетілмеген ЖІӨ пайдаланады). Сонымен, табыстар көрсеткішінің ең жоғарғы көрсеткіші СҚП 40000 долларын құрайды, ал ең азы СҚП 100 доллары болады.
Соңғы қадам ретінде біз таңдаған көрсеткіштер топтарының әрқайсысы бойынша индекстер жай ғана жиынтықталады - экономикалық қызметке қатысу және экономикалық шешімдер қабылдау саласындағы мүмкіндіктер, саяси өмірге (тыныс-тіршілік) қатысу мен саяси шешімдер қабылдау саласындағы мүмкіндіктер және экономикалық ресурстарды иелену қабілеті, соның нәтижесінде біз жиынтықты ӘМҰК аламыз.
3,4. Экономикалық өсу, жұмыспен қамтылу және адам дамуы
1.Экономикалық өсу: анықтамасы, факторлары мен индекаторлары
2.Экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы өзара байланыс
3.Экономикалық өсу және Қазақстандағы адам дамуы
1.Экономикалық өсу: анықтамасы, факторлары мен индекаторлары. Экономикалық өсу - адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың "мəңгі" проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мəселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада "экономикалық өсу" термині елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнімінің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі жəне өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткішті есептеуде баға факторын жəне өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сəйкес жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) сондай-ақ ел азаматтарының шет елдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден əкеткен табыстарын шегеріп тастайды.
Халықаралық практикада ЖІӨ есептеудің үш əдісін пайдаланады:
1) табыстарды бөлу əдісі. Осы əдіс кезінде ел экономикасынан түскен табыстар еңбек төлемдеріне, салықтар мен таза пайдаға жұмсалған қаражаттар түрінде жіктеледі. ЖІӨ есептеу экономикадағы жалақы, капиталға шағылатын пайыздар, пайда жəне рента түріндегі барлық табыстарды жиынтықтау жолымен жүргізіледі;
2) табыстарды (кірістерді) пайдалану əдісі. Мұндағы алынған табыстар, оларды түпкілікті тұтыну мен қор жинауға пайдалану көзқарасы тұрғысынан қаралады. ЖІӨ тұтынуға, инвестицияларға, мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуына, сондай-ақ таза экспортқа (экспорт минус импорт) жұмсалған барлық шығыстарды жинақтау арқылы есептеледі.
3) өндірістік тəсіл - табыстар, тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасына кіретін үстеме құнды (жалпы өндіріс минус материалдық шығындар), салықтар мен субсидияларды (демеуқаржыларды) жиынтықтау жолымен ел экономикасы салаларындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру сатысында есептеледі.
Осы үші əдістің үшеуі бойынша есептеп шығарылған теориялық нəтиже бірдей болуы тиіс, өйткені экономикалық қатынастардың бір қатысушысы жұмсаған шығыстар əрқашан екіншісі үшін табыстар болып табылады, сондықтан бүкіл шығыстардың сомасы барлық табыстардың сомасына тең болуы тиіс.
ТМД өзге мемлекеттеріндегі сияқты, Қазақстанда да ЖІӨ есептеп шығарудың базалық əдісі өндірістік əдіс болып табылады, ал əлемдегі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімді тұтыну мен қор жинауға түпкі пайдалану əдісі қолданылады. Бұл негізінен ақпараттар жинау дəстүрлерімен жəне рыноктық қатынастардың хал-жағдайларымен байланысты.
ЖІӨ мөлшері құндық көріністе есептеп шығарылады, қағида бойынша, ол мемлекеттің ұлттық валютасымен жəне ағымдағы бағам бойынша АҚШ долларымен есептеледі (халықаралық салыстырулар жүргізу үшін). БҰҰ халықаралық салыстыру Бағдарламасына сəйкес ЖІӨ мөлшері сондай-ақ валюталардың сатып алу қабілеті паритетін (СҚП) есепке алу арқылы АҚШ долларымен есептеп шығарылады.
Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс; сұраныс; бөлу.
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы;
негізгі капиталдың көлемі;
технология.
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан əлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің əйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімде-луі, қайта жаңғыруы (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарында тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің əлемдік рыноктағы бəсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың өсуіне бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
өндіріс ресурстарын салалар, кəсіпорындар, елдегі аймақтар бойынша нақты бөлу;
шаруашылық қызмет субъектілерінің арасында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту жəне экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті жəне қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі - ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тəн, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогре-спен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек жəне табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады жəне экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа əкеп тірейді.
Өндірістің тиімділігі - шығындар бірлігіне есептегендегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарудың көлемдерін (мөлшерлерін) анықтайтын көрсеткіштер жүйесі, мəселен, жұмыс істейтін бір адамға (еңбек өнімділігі), тұтынылған электр энергиясының бірлігіне не-месе өнім өндіруге жұмсалған жиынтық шығындарға шаққанда. Табиғи капиталды пайдалану тиімділігіне баға беру үшін өндірілген шикізаттан пайдалы компоненттер алудың кешенділігі мен деңгейі немесе ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің егін шығымдылығы, бір сиыр беретін сүттің мөлшері сияқты осындай көрсеткіштер қабылданады. Неғұрлым шығын аз болса, соғұрлым тиімділік те жоғары болады, тиімділік коэффициент түрінде (тауарлар (қызмет көрсетулер) өндірісі көлемінің шығындар көлеміне қатынасы) немесе пайыздармен өлшенеді.
Өндірістік ресурстар - əр түрлі өндірістің қажет етілетін негізгі шарттары. Классик-экономистер "өндірістің үш факторын" бөліп атаған, олар: еңбек, капитал, жер. Соңғы жылдарда экономикалық теорияда "капиталдың үш түрі" туралы жиірек айтылып жүр, олар - адам капиталы, өндірілген жəне табиғи капиталдар.
Дүниежүзілік банктің анықтамасы бойынша капиталдың осы түрлері былайша сараланады:
:: адам капиталы - адамдардың өндіріс үдерісіне қатысу қабілеттері, олардың білімдері, тəжірибелері, еңбек машықтары (дағдылары). Адам капиталына тартылатын инвестициялар денсаулық сақтауға, білімге жəне адамдардың еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізетін өзге де қызметке жұмсалатын шығындар болып саналады;
өндірілген (табиғи) капитал дегеніміз - тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісі үшін пайдаланылатын машиналар, жабдық жəне құрылыстар, сондай-ақ шикізат, жартылай дайын фабрикаттар мен дайын өнім қорлары;
табиғи капитал - қоғам үлесіндегі табиғи ресурстардың қорлары: "табиғи қоймалардағы" бүкіл қорлар топырақты, ауаны, суды, пайдалы қазбаларды қосқанда өндірістік мақсаттарға пайдалануға болатын қорларды қамтиды. Табиғи капитал ұғымына, турасын айтқанда, қордың нысаны жоқ табиғи ресурстар
(мəселен, күннің сəулесі) немесе таза тұтыну ресурстары (мысалы, табиғи пейзаждар) кірмейді.
Табиғи капитал жаңғыртылатын жəне жаңғыртылмайтын болуы мүмкін. Жаңғыртылатын капиталға жер, орман, су ресурстарын, жануарлар əлемін т.б. жатқызуға болады. Жаңғыртылмайтын ресурстар минерал жəне отын ресурстарын қамтиды.
Экономикалық өсуді сипаттайтын индикаторлар болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсуі, халық табыстарының нақты өсуі, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жəне ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт жəне сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестицияларлың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар жəне көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.
2.Экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы өзара байланыс. Көптеген жылдар бойы экономикалық өсу саясат əзірлеу жөніндегі мамандар мен саяси жетекшілер қолданатын негізгі мақсаттық көрсеткіштердің бірі болып саналып келді, олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны неғұрлым көп болса, адамдардың тұрмыс деңгейі де соғұрлым арта түседі деген терең тамыр жайып қалыптасқан көзқарасқа сүйенді, жəне мұндай тəсіл ең озық тəсіл деген пікірді ұстанды.
Бұрын айтылғандай, адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың дəстүрлі теориясынан анағұрлым ауқымды. Экономикалық өсудің дəстүрлі əдістері сі адам тұрмысының сапасын арттырумен емес, ал ЖІӨ ұлғайтумен байланысты. Адам ресурстары дамуының тұжырымдамасы негізінен адам роліне өндіріс үдерісіндегі факторлардың бірі ретінде қарайды, оны түпкі мақсаттан гөрі, құрал есебінде анықтайды. Əл-ауқат тұжырымдамасында адам даму үдерісіндегі өзгерістердің таратушысы емес, ал бенефициарийі ретінде қаралады. Базалық мұқтаждардыр қанағаттандыру тұжырымдамасы халықтың қолайсыз жағдайлардағы топтарына материалдық тауарлар мен қызмет көрсетулер ұсынуға баса назар аударады да, барлық салаларда адам мүмкіндіктерін ұлғайтуды ұмыт қалдырады.
Осы тəсілдерден адам дамуы тұжырымдамасының айырмасы, ол өндіріс пен тауарлар бөлуді, адам əлеуетін (потенциалын) ұлғайту мен пайдалануды біртұтас етіп біріктіреді. Тұжырымдама қоғам дамуындағы барлық мəселелерді - экономикалық өсу, жұмыспен қамтылу, саяси еркіндік немесе адам мүдделерінің көзқарасы тұрғысынан мəдени құндылықтардың талдауын қарастырады. Сонымен, аталмыш тұжырымдама адам таңдауының мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталады.
Осы тұжырымдаманың басты жорамалы (постулаты) былай: адам дегеніміз - мақсат, ал экономикалық өсу - құрал, яғни экономикалық өсу мен тұтыну көлемі өзіндік мақсат ретінде емес, ал қоғам дамуының жоғары деңгейіне жетудің құралы есебінде қаралады.
Экономикалық өсу адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық базаны кеңейтуді білдіреді. Алайда қажеттіліктерді қанағаттандыру дəрежесі халықтың арасында ресурстарды бөлуге жəне оларды пайдалануға, сондай-ақ мүмкіндіктерді, əсіресе жұмысқа орналасу саласындағы мүмкіндіктерді бөлісуге де байланысты болады. Демек, экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы байланыс автоматты болып табылмайды.
Маңызды кері байланыс та бар. Адам əлеуетінің (потенциалының) дамуы өзгелерінің арасынан білімге, денсаулық сақтауға жəне тамаққа едəуір күрделі қаржы жұмсалымын талап етеді. Соның нəтижесінде экономикалық өнімді жұмыспен айналысуға қабілетті денсаулықтары берік жəне білімді халық қалыптасады.
Сонымен, "экономикалық өсу - адам дамуы" циклында (айналымында) тізбектік екі байланыс бар. Солардың біреуі экономикалық өсуден адамдардың өсуі үшін адам дамуына қарай апарады. Екіншісі керісінше. Біріншісі - экономикалық өсудің адам дамуына қалай жəрдемдесетінін, екіншісі адам дамуының экономикалық өсуге қалай ықпал ететінін көрсетеді. Əр жағдайда күшті байланыстар бар, бірақ олардың бірде-біреуі мүлтіксіз немесе өте тиімді болып табылмайды. Бірақ солардың барлығы бірге себептік-салдарлық байланыстар құруы мүмкін, осы байланыстар ең қолайлы жағдайлардың тоғысуы кезінде елдің адам дамуы мен экономикалық өсу салаларында елеулі прогреске қол жеткізуіне көмектесуге мүмкіншілігі болады.
Экономикалық өсу адам дамуында негізгі роль атқарады, бірақ ол ұсынатын жақсартылған əл-ауқатты тұрмыстың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, экономикалық өсуді дұрыс басқара білу керек. Кейбір елдер өздерінің экономикалық дамуын басқаруда айтарлықтай дəрежедегі жетістіктерге қол жеткізіп үлгерсе, енді біреулері аз дəрежені місе тұтып отыр. Сонымен, экономика мен адам дамуының арасында автоматты байланыс жоқ. Ең орынды саяси міндеттердің бірі - дамудың əркелкі жағдайларында өсу адам дамуына ұласуы немесе ұласпауы мүмкін болатын қажетті үдерістерді анықтау.
Экономикалық өсу мен адам дамуы арасында қалаулы байланыс орнатудың төрт тəсілі бар.
Бірінші тəсіл білімге, денсаулық сақтауға, кəсіптік даярлыққа инвестицияларды ұлғайтуды, адам қабілеттерін іске асыруға жəне оның өндіріс пен игіліктерді негізінен ақылы еңбек арқылы бөлуге қатысуына жəрдемдесуді қамтиды.
Екінші тəсілдің мəні экономикалық өсу мен адамзат дамуының арасында тығыз байланыс орнату үшін шешуші жағдай ұлттық табыс пен байлықты əділ бөлу болуы тиіс екендігімен тұжырымдалады. Табыс пен байлық əркелкі бөлінетін жерлерде, ЖІӨ жоғары қарқынмен өсуі адамдар тұрмысына оң əсер етпейді.
Үшінші тəсіл кейбір елдердің тіпті экономикалық өсу мен дұрыс бөлу орын алмаған жағдайда да адам дамуында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгендерін көрсетеді. Олар осындай жетістіктерге мемлекеттік əлеуметтік шығындарды дəл ұйымдастыра білгендерінің арқасында жетті.
Төртінші тəсіл - адам мүмкіндіктерін, əсіресе əйелдер мүмкіндіктерін ұлғайтуды мақсат тұтады, - ол экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы байланысқа жетудің сара жолын көрсетеді. Мүмкіндіктерді ұлғайту адам өмірінің барлық салаларында қатысуы тиіс. Егер адамдар өз таңдауын саяси, қоғамдық жəне экономикалық салаларда жасауға құқылы болса, онда экономикалық өсудің перспективалары анағұрлым орнықты, баянды болады жəне адамдардың мүдделерін
ескереді.
3.Экономикалық өсу және Қазақстандағы адам дамуы. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экономикалық өсудің əлем экономикасы өсуінің қарқындарына тікелей тəуелді еместігін белгілеуге болады. 90-шы жылдардың ба-сында əлемдік экономика өсу сатысында болса, ал қазақстандық экономика терең құлдырау ахуалында болды. Егер 1999-2001 жылдарда дүниежүзілік экономика жоғары қарқындармен дамып, ал 2001 жылғы қыркүйектен рецессия (құлдырау) сатысына түссе, ал Қазақстан мен ТМД өзге елдері экономиканың барлық салаларында дерлік экономикалық өсудің жоғары қарқындарына жетті.
Қазақстанда нарықтық қатынастар, əсіресе экономиканың қаржы жəне нақты секторларының арасындағы қатынастар жете дамыған жоқ. Қор рыногы қазірге дейін дамудың бастапқы сатысынан шыға алмай отыр жəне экономиканың дамуына ықпал етуге дəрменсіз.
Сонымен қатар өзге сыртқы факторлар, əлемдік үдерістерден біршама кешеуілдесе де, Қазақстан экономикасының дамуына елеулі ықпал жасап отыр. Қазақстандық экономика мұнай мен металдардың əлемдік бағаларына, тікелей инвестициялардың түсімдері мен Ресейдегі экономикалық дамудың жай-күйіне тікелей тəуелді (байланысты) болып отыр. Мəселен, егер əлемдік экономикада мұнайға жəне мұнай өңдеу өнімдеріне, сондай-ақ түсті металдарға тағайындалған бағалардың деңгейі неғұрлым жоғары болса, Қазақстан да дамудың оң динамикасына қол жеткізеді. Ал со енді əлемдік бағалар күрт төмендеп, шикізат секторына инвестициялар құйылуы азайып, ресейлік тұтынушылардың төлем қабілеттілігі нашарласа, осылардың барлығы отандық экономиканың дамуын құлдырауға ұшыратады.
Қазақстан соңғы жылдарда əлемдік мұнай, газ жəне металдар рыногында өз орнын таба білді. Бұл ірі ТҰК инвестицияларын елге тартудың арқасында жүзеге асты, осындай инвестициялар мұнай экспорты бойынша еліміздің көлік (тасымал) мүмкіндіктерін ұлғайтуға, менеджментті жетілдіруге, маркетингтік зерттеулер жүргізу мен əлемдік рынокта қазақстандық өнімдер көлемінің өсуін қамтамасыз етуге септігін тигізді, бұл экономикалық өсудің басты факторларының біріне айналды.
Бірақ өнеркəсіпке қатысты ауқымды екі проблеманы естен шығармау керек. Мұнай жəне газ өндірісі Каспий теңізінің айналасына шоғырланған. Осы аймақта жоғары білікті жұмысшылардың біршама аз саны жұмысқа пайдаланылады, мұндай жұмысшыларды жергілікті еңбек рыногынан табу қиынға түседі. Кен жəне кен байыту өнеркəсібінің қарқынды дамитын салалары еліміздің нақты бір бөлігіне орналасқан жəне отанымыздың өзге бұрыштарындағы жұмысшыларды жалдау үшін кең мүмкіндіктер ұсына алмайды. Екінші ірі проблема - жеңіл жəне ауыр өнеркəсіп кəсіпорындарына таяу орналасқандықтарының арқасында тіршілік құрып келген барлық қалалар дерлік енді ешқашан қайта жаңғыра алмайды, өйткені тəуелсіз Қазақстанның ішіндегі қайта оңтайландыру осындай кəсіпорын-қалаларды құру мен ұстау қажеттілігіне əмір жүргізген КСРО-ның бұрынғы экономикалық немесе қорғаныс мұқтаждарымен ешқандай да салыстыруға келмейді.
Осыған байланысты өнімді жұмыспен қамтуды, республиканың барлық аймақтарында тұрақты жəне сенімді табыс табуды көздейтін Қазақстанның орнықты дамуы үшін еліміздің экономикасын əртараптандыру талап етіледі.
Мұнайға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz