Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1 ҚР сайлау және сайлану құқықтары
1.2 Сайлау бостандығының кепiлдiктерi
1.3 Сайлау өткізу ерекшеліктері
1.4 ҚР сайлау органдары
2. ҚР САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ҚР Президентін , Парламент депутаттарын сайлау тәртібі
2.2 Сайлаудың нәтижесі бойынша даулы мәселені шешу әдіс тәсілдері
3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ.ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1Сайлаушылар дауыс беру үрдісі
2.2Сайлаушылар мінез.құлқын зерттеудегі әлеуметтік.психологиялық әдіс
2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Кеңестік Социалистік Қазақ Республикасы жойылды. Оның аймағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды «Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бір талай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендіге туралы Деклорация, ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылы және 1995 жылы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды алға салды Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясы ол тәуелсіздік негізінде конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді. Оның негізгі ережелері мыналар: «Халықтың билік етуі жарияланды Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің қайнар көзі - халық халыққа негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай-ақ Парламент депутатарына сайлау арқылы тікелей және жанамалап мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей басшысын - Президентті сайлайды». Егеменді және тәуелсіздікті жариялау. Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгілер аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмау және бөлінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдар жүйесінің болуы; өзінің дара азаматтылығының болуы; Халық Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өзінің заңдарының болуы;Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесінде терезесі тең жағдайы болуы. «Тәуелсіздік, егеменді деген сөз - Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдерден бір жола тәуелсіз деген емес». Жер жүзі мемлекеттерінің барлығы бір-біріне белгілі сәттерде тәуелді, өзара қатынастарып анықтайтын принциптерді мойындайды, бейбітшілік негізінде өмір сүруге талпынады, қарым-қатынас жасады, адамның құқығын құрметтейді, т.с.с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конституциясы адамның құқықтарымен бостандықтары туралы халықаралық құқықытық құжаттарының талаптарына толығынан сәйкес келеді.
Зерттеу объектісі. Сайлау үрдісі мен сатылары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тғжірибелік құндылығы. Қазақстан Республикасында сайлау үрдісін және сатыларын теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеуге арналѓан бірінші кешенді ғылыми жұмыс болып табылады. Оныњ жаңалығы мен құндылығы қаралатын мәселенің маңыздылығында.
Зертеудің әдістемелік негізін қоғамдық, әлеуметтік, құқықтық құбыластарды танудың зерттеудің теориялық –қисындық, құқықтық тарихи және философиялық әдістері мен тұжымдары құрайды. Зерттеу барсында танудың құқықтық ғылым үшін әдетті әдістері мен амалдары кеңінен қолданылады. Олар: салыстырмалы тарих талдау қисындық статистикалық және т.б. Зерттеу жүргізу мен белгілі бір қортындыға келу сайлау мәселенін реттейтін құқықтық актілерге талдау жасау мен тиісті саладағы ғалым заңгерлердің зерттеулерне сүйену арқылы мүмкін болды. Сондай-ақ зерттеу жүргізуде Қазақстан Республикасының және бірқатар өзге тиісті саладағы тәжірбиелеріне де сүйендім.
Зертеудің нормативтік және ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар, Президент жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, біраз шетел мемлекеттерінің Конституциялары, практикалық тәжірбиелер, мемлекеттік органдардың ресми басылымдары мен Парламенттің ақпараттық - сараптау орталығының деректері құрайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Казақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж.
2. "Казақстан Республикасының Президенті" туралы заң. 26 желтоқсан 1995ж.
3. "Казақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілер" туралы заң. 28 наурыз 1998 ж.
4. Вышинский М.Т. "Право и власть: Человек, право, государство: Человек, закон и правосудие" М. « Прогресс» 1995 г., 214 стр.
5. Дюрягин Н.Я. "Право и управление" М. «Наука» баспасы , 1981ж., 68 бет
6. Зиманов С.З. "Конституция и Парламент РК" А. «Жеті жарғы», 1996 ж., 74 бет.
7. Ибраева А.С. "Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-казақша түсіндірме сөздігі". А. «Жеті жарғы»,1996 ж., 45 бет
8. Каутский К. "Развитие форм государства" Ростов-на-Дону 1905 г.
9. Курашвили Б.П. "Очерки теории государственного управления" М. «МГУ» наука 1993 г., стр. 50
10. Локк Д. "Два тракта о государственном управлении" Избранные философские произведения. М. «Знание» 1996 г., 69 стр.
11. Лившиц Р.З. "Государство и право в современном обществе: необходимость новых подходов" М. , 1992.
12. Макиавели "Государь и Рассуждение на три книги Тита Ливия" СПб 1869 г.
13. Новгородцев П.И. "Кант и Гегель в их учениях о государстве и праве" М. «Юрист» изд., 1901 г., 37 стр.
14. Оболонский А.В. "Человек и государственное управление" М. , 1987 г.
15. Платон "Политика" М. «Былина» изд., 1982 г., 61 стр.
16. Под редакцией академика РАЕН В.В.Лазерева "Общая теория государства и права" М. «Юрист» изд., 1994 г., 20 стр.
17. Под редакцией А.С.Марченко "Теория государства и права" М., 1995.
18. Петров B.C. "Сущность, содержание и формы государтсва" Л., 1971г.
19. Сахаров Н.А. "Институт президентства в современном мире" М. «Юрист» изд., 1994 г., 90 стр.
20. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. "Мемлекет және құқық теориясы" А. «Жеті жарғы» баспасы, 1997ж., 130 бет
21. Сапар¬алиев Г.С. "Казақстан мемлекеті және құқының негіздері" А. «Жеті жарғы», 1994 ж.
22 Хропанюк В.Н. "Теория государства и права" М. «Наука» изд., 1996г., 63 стр.
23 Халиев Л. «Власть. Кратологический словарь» М. «Юрист»,
1999 г., 84 стр.
24. Цицерон "Диалоги о государстве, о законах" М. «Знание» изд. 1966г., 77 стр.
25 Эмерсон А.Г., Тейлор Б. «Управление это наука и искусство» М. «Наука» изд., 1992 г., 63 стр.
26. Әділет органдары туралы Қ Р заңы 18. 03. 2002ж.
27. Қ Р әділет министрлігі туралы ереже 11.03. 1999ж.
28 ҚР Конституциясы, Алматы. Жеті жарғы, 1998.
29 «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы,Алматы, 1998.
30. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Астана, 23.07.1998.№4533
31. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Астана, 2.07.1998 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ-----------
----------------------------------- ----------------------4
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы------------------------
4
1.2 Сайлау құқығы принциптері------------------------ ----------------------
----------5
1.3 Сайлау жүйелері ұғымы------------------------------ --------------------
------------7
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі---------------------
9

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ----------------
----------------------------------- --------------------------12
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі----------------------------- --------------
--------12
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
------------------17
2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы--------------------------- ------------
-------22

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------27

КІРІСПЕ
Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы
Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен
басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау
нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995
жылғы 28 қырқүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін
"Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы
19 маусымдағы №133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №222-1, 1998 жылғы 6
қарашадағы №285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық
заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).
Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар кез келген сайлауға тең
негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады
дегенді білдіреді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 5-бабы). Тең сайлау
құқығы сондай-ақ Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса
алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі
және ол өзі дауыс беруге міндетті.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік
дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл
жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады.
Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта,
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-
теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс
беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды
тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы
Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және
жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен
өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан
Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен
қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды
бір элементін құрайды.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-
өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып,
тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын
жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық
дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады.
Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып
бөлінеді.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы — Республиканың он сегіз жасқа
толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда
дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан
Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілді
органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихаттар депутаттығына)
және жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
Белсенді сайлау құқығын реттейтін жалпы талаптар бар. Олардың арасында
азаматтың белгілі бір жасқа толуы, белгілі бір аумақта тұруы, іс-әрекетке
қабілеттілігінің болуы маңызды болып табылады[1]
Бәсең сайлау құқығын реттейтін басқа қосымша талаптар да бар. Бұл
талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға
жас шамасы цензасы, отырықшылық цензасы, білім цензасы, мүліктік ценза
жатады. Мысалға, жас шамасы цензасы Президенттікке, Парламент, Мәслихат
депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының
Президенті жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола
алады, Парламент Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан
Республикасының азаматы бола алады, Парламент Мәжілісінің депутаттығына
кандидат үшін жиырма бес жастық, ал Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін
жиырма жастық жас шамасы цензасы белгіленген, Отырықшылық цензасы сайлау
заңдылықтарымен Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттарға
қатысты белгіленген.
Сайлау тете және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент
Сенаты депутаттары сайланады. Төте сайлау жолымен Республика Президентін,
Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.

2. Сайлау құқығы принциптері

Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау
заңдарына бекітілген.
Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы
шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға
қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы). Сонымен
бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану
мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген
басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау
құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот
үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты
қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы
лауазымдарға сайлана алмайды.
Төте сайлау құқығы принципі Президентті, Парламент Мәжілісі, Мәслихат
депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлаған
кезде қолданылады, оларды азаматтар тікелей сайлайды (Сайлау туралы
Конституциялық заңның 6-бабы). Жанама сайлау құқығы принципі Қазақстан
Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады.
Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы жолымен жүзеге
асырылады. Парламент Сенатының депутаттарын таңдаушылар сайлайды.
Таңдаушылар тиісті облыстың, астананың және республикалық маңызы бар
қаланың жергілікті басқару органының (Мәслихаттардың) барлық депутаттары
болып табылады.
Жасырын дауыс беру құқығы сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да
болсын бақылау жасау және сайлау кезінде азаматтарға қысым жасау
мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл принципті іске асыру арқылы сайлаушының
еркін білдіру құпиясы сақталады.
Сайлау құқығының маңызды бір принципі сайлау бостандығы принципі болып
табылады. Конституция азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге
асыруына кепілдік береді. Сайлау бостандығы принципі әрбір сайлаушы
сайлауға қалай қатысуды өзі шешеді дегенді білдіреді. Ешкімнің де қандай да
бір жолмен сайлаушыға ықпал етуге хақысы жоқ. Сонымен қатар барлық
кандидаттарға заңға сәйкес сайлау алдыңдағы қызмет үшін тең
мүмкіндік беріледі.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс
беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды
тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
Сайлаудың жариялылығы принципі — демократиялық принциптердің бірі, ол
сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ашықтығы мен жариялылығын, сайлаудың
барша процесін бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты көрсетуімен
қамтамасыз өтіледі. Сайлау органдарының шешімдері баспасөзде жарияланады,
радио-теледидар арқылы хабарланады. Сайлаушылар депутаттыққа кандидаттар
туралы, сондай-ақ сайлау процесі туралы ақпараттар алуға хақылы.

3. Сайлау жүйелері ұғымы

Сайлау жүйесі — заңмен белгіленген ережелер, принциптер және
бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері
анықталады.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік
дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл
жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады.
Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта,
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-
теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:
1) абсолютті көпшілік:
- егер дауыс беруге таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысқан болса,
сайлауды өтті деп жариялаған жағдайда;
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу пайыздан астамының
дауысын алған кандидат сайланған болып саналатын жағдайда.
2) салыстырмалы көпшілік:
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылар санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып
саналған жағдайда.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінде абсолютті көпшілік әдісі те,
салыстырмалы көпшілік әдісі де қолданылады (Сайлау туралы Крнституциялық
заңның 9-бабы). Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент
депутаттарын сайлаған кезде 1-турда абсолютті көпшілік принципі, 2-турда
салыстырмалы көпшілік принципі қолданылады:
- 1-турда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу
пайыздан астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған;

- қайтадан дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен
жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу
пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.
Мәжіліс депутаттарының бір бөлігін сайлау кезінде пропорционалды сайлау
жүйесін қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 6
қарашадағы №285-1 Конституциялық заңымен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңымен сайлау
заңына өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 50-
бабының 3-тармағы "Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас
жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде
сайланады" деген ережемен толықтырылды. Сөйтіп, бұл Парламентте саяси
партиялардың бүкіл спектрінің өкілдігі болуына және сайлаушыға өзінің саяси
көзқарасын дәлірек айқындауға мүмкіндік береді. Саяси партиялар сайлау
процесінде маңызды орынға ие бола бастады. Пропорционалды сайлау жүйесіне
сәйкес сайлауға тек саяси партиялар қатысады. Саяси партиялар Мәжіліс
депутаттығына сайлану үшін партиялық тізімдер жасайды. Тізімге адамдарды
орналастыру тәртібін партиялардың өздері анықтайды. Саяси партиялардың
сайлауға қатысуы ол туралы Республиканың Орталық сайлау комиссиясы шешім
шығарғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Дауыс беру кезінде сайлаушылар өз дауыстарын нақты депутаттыққа
кандидатқа емес, белгілі бір партияға береді. Дауыс беру қорытындысы
бойынша сайлауға қатысушылар санының жеті және одан да көп пайызын жинаған
партия жеңімпаз болып саналады. Жеті пайыздық кедергіден өткен саяси
партияларды жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға -
біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттық мандаттар
санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлаудын, жеке саны (квота) болып
табылады.
Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған
дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді. Санды бөлу
нәтижесінде алынған түтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті партия алатын
депутаттық мандаттар саны болып табылады.

1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі

Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын
мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау
туралы Конституциялық заңның 10-бабы).
Сайлау органдарының біртұтас жүйесін:
1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2. Аумақтық сайлау комиссиялары;
3. Округтік сайлау комиссиялары;
4. Учаскелік сайлау комиссиялары құрайды. Сайлау комиссиялары
өкілдіктерінің мерзімі 5 жыл.[2]

Сайлау туралы Конституциялық заңның 11-бабы Орталық сайлау
комиссиясының құрылу тәртібін, құрамын және қызметін реттейді. Орталық
сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне
басшылық өтеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша
Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның
тәрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
Төраға мен хатшының жоғары білімі болуға тиіс.
Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының
мынадай өкілеттіктері бар:
- Республика аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды
жүзеге асырады; олардың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;
- Президент пен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен
өткізуді ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын
ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді;
- Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін
құрып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
- сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын
жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;
- облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы)
әкімдерінің ұсынуы бойынша аумақтық округтік сайлау комиссияларын құрады;
- сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады;
- Президенттікке кандидаттарды тіркейді;
- Парламент, Мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындайды.
Келесі сайлау органдары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
Аумақтық сайлау комиссияларына облыстық (республикалық маңызы бар қалалар
және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау
комиссиялары жатады. Облыстық сайлау комиссиялары облыс әкімдерінің ұсынуы
бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша құрылады және
Президент, Парламент және Мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі
басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді
қамтамасыз етеді. Төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиісті
әкімнің ұсынуы бой-ынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешімі
бойынша құрылады. Олардың құрамына 9 адамнан 15 адамға дейін кіреді, сайлау
тағайындалғаннан кейін 10 күннен, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдары
мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы 7
күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері:
- әкімшілік-аумақтық бөліністер аумағында сайлау туралы заңдардың
атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
- Президентті, Парламенттің және Мәслихаттардың депутаттарын,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен
өткізуді қамтамасыз етеді;
- Сенат депутаттары сайлауын қамтамасыз етеді, Сенат депутаттығына
кандидаттарды тіркейді;
- Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады және
олардың тізімдерін жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жері
туралы сайлаушыларға хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының қызметі Сайлау туралы Кон-ституциялық
заңның 15,16 баптарымен реттеледі. Олар Орталық сайлау комиссиясының
шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы)
әкімдерінің ұсынуымен құрылады; сайлау округтерінде Парламент Мәжілісі және
Мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз
етеді.
Олардың құрамы жеті адамнан тұрады.
Округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:
- тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын
бақылауды жүзеге асырады;
- Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын сайлаудың өткізілуін
ұйымдастырады;
- учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп
отырады;
- Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған
кандидаттарды тіркейді;
- Округ бойынша дауыс беру үшін учаскелердің рет сандарын белгілейді
және т.т.
Ең төменгі сайлау органы учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады
(Сайлау туралы Конституциялық заңның 17,18 баптары). Олар тиісті әкімдердің
ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиісті сайлау комиссияларының шешімімен
құрылады. Құрамы жеті адамнан тұратын комиссия тиісті сайлау учаскелерінде
Президентті, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен
өткізуді қамтамасыз етеді.
Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:
- сайлау шараларын жүргізеді;
- учаскелік комиссияның орналасқан жері туралы сайлаушыларды
хабарландырады;
- сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімін жасайды;
- дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды;
- дауыс беруді ұйымдастырады;
- дауыс санауды жүргізеді және учаскедегі дауыс беру нәтижелерін
анықтайды;
- арыздар мен шағымдарды қарайды.

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі
Демократияны танымал зерттеуші Р. Даль демократиялық мемлекет,
демократиялық басқару үшін қажетті демократиялық саяси институттар
қатарында:
1. Лауазымды кызметкерлерді сайлау;
2. Еркін, әділ, жиі өткізілетін сайлаулар;
3. Өз ойын еркін жеткізу;
4. Балама ақпарат көзінің болуы;
5. Бірлестіктер автономиясы;
6. Жалпы азаматтық құқты көрсеткен.
Бірінші орынға азаматтардың лауазымды қызметкерлерді сайлауы қой-
ылған, бұл өз кезегінде өкімет қабылдайтын шешімдерге конституциялық
бақылауды жүзеге асыруға мұмкін береді. Жиі өткізілетін сайлауларда
еркіндік және әділдік принциптерінің сақталуы азаматтарға өз тандауларын
жасауға жағдай жасайды.
Сайлаушылар дауыс беру үрдісі арқылы өздерінің таңдауларын, яғни қандай
саяси құрылыс вариантын қолдайтындығын бідціреді. Бұл сайлаушы-лардың мінез-
кұлқынан, яғни сайлаушылардың белгілі бір үміткерге сенім көрсету, қолдау
жолындағы іс-әрекетінен көрініс табады.
Саяси ғылымда сайлаушылардың мінез-құлқын зерттеудің келесі бағыттары
қалыптасқан: социологиялық, әлеуметтік-психологиялық, тиімді таңдау және
географиялық.
Мінеки, осы сайлаушылар мінез-құлқын зерттеу әдістерінің негізінде
казақстандық сайлаушылар мінез-құлқына ыкпал етуші факторларды анық-тап
көрелік.[3]

Социологиялық модельдің пайда болуы XX ғ. басындағы А. Зигфрид, П.
Лазарсфельд, Б. Берельсон еңбектерімен байланысты. Бұл модель сай-
лаушылардың мінез-құлқының негізін әлеуметтік жіктелумен анықталатын
белгілі бір топтың өкілі болуынан іздестіреді. Социологиялық бағыт өкілдері
дауыс берудегі топтық ерекшеліктерді қоғамдағы осы топтың алып отырған
жағдайымен және топтың саяси партиялармен байланысына ықпалымен
түсіндіреді.
Бүгінгі күні дамыған демократиялық мемлекеттерде сайлаушылар мінез-
құлқына бұл әлеуметгік-топтық белгілердің ықпалы бірте-бірте төмендеуде.
Бірақ демократиялық институттары әлі тұрақты емес, демократиялық саяси
қатысу тәжірибесі аз Қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын зерттеуде
социологиялық модель, біздің ойымызша, өзекті болып табылады.
Социологиялық зерттеулер сайлаушылардың мінез-құлқына, оған ықпал
ететін факторларға көп көңіл бөледі. Сайлау нәтижесін болжау мақсатында
зерттеушілер социологиялық зерттеулерді кеңінен пайдаланатыны белгілі.
Сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеу арқылы, сайлаушылар жасаған
таңдау әлеуметтік мәртебесі негізінде түсіндіріледі. Әлеуметтік мәртебе
білімі, кәсібі, кіріс деңгейі негізінде анықталады. Сайлаушылар мінез-
құлқының негізіне белгілі бір топ өкілі болуы алынады. Біз сайлаушылар
арасында жүргізген социологиялық зерттеу арқылы олардың дауыс беруіне ықпал
еткен факторларды анықтауға тырыстық. Сонымен, нақты социологиялық зерттеу
әдісін қолдану бізге сайлаушылар мен олардың мінез-құлқына білімі, жынысы,
кәсібі, аймағы ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Сауалнамаға қатысқан барлық респонденттер сайлауда дауыс беруді саяси
қатысу түрі ретінде бірінші орынға қойғанымен, ал іс-жүзінде сайлауға
қатысу мәселесіне келгенде олардың арасында айырмашылықтар туындайды. 2004
ж. Парламент Мәжілісіне сауалнамаға қатысқан респонденттердің 65% қатысқан.
Ал жас мөлшері бойынша 2004 ж. сайлауға 18-30 жастағылардың — 21%, 30-45
жастағылардың — 78%, 46-60 жастағылардың — 85%, 60-жоғары жастағылардың —
95% қатысқан. Яғни, сайлауда ең жоғары белсенділік танытқан орта жастағы
топ пен қарт адамдар. Саяси қатысу сипатына индивидтің білім деңгейі әсер
етеді. Жоғары білімді адамдардың орта білімді және арнайы орта білім бар
адамдармен салыстырғанда сайлаудағы белсенділігі жоғары. Мұны келесі 1-
кестеден көруімізге болады.

Саяси белсенділікке әсер ететін келесі фактор, ол сайлаушьшардың
жынысы. Кестеден сайлауға қатысқан әйелдер пайызыны" төмендігін көреміз (2-
кесте).

Біздің ойымызша, мұның бірнеше себептері бар. Демократиялық үрдістерді
басымыздан кешіріп отырғанымызға қарамастан, әйелдердің саяси белсенділігі
туралы қазақстандық қоғамда дәстүрлі ұстанымдар сақталып отыр. Яғни
әйелдерді екінші орынға қою, оларды ер адамның сенімді серігі ретінде ғана
қарастыру. Мінеки, осы қағидалар әйелдердің саяси белсенділігіне кері әсер
етуде. Білім деңгейіне, кәсібіне қарамастан, қоғамда қалыптасқан қағида
біздің әйелдердің саясаттың белсенді субъектісіне айналуына кедергі
келтіруде. Ал олардың өздерінің саяси позициясын білдіруі рухани немесе
интеллектуалдық талаптарының көрінісі ретінде бағаланудың орнына,
керісінше, қоғамға "түрпідей тиеді". Тағы бір дәлел кезіндегі Жоғарғы Кеңес
пен Парламент Мәжілісінің құрамындағы әйелдер саны: 1990 ж. — 26, 1994 —
22, 1995 - 13, 1999 - 8, 2004 - 9. Өкінішке орай, еліміздегі жетекшісі әйел
екі партияның бірі "Руханият" партиясы 2004 ж. Парламент Мәжілісіне
депутаттарды сайлауда бар болғаны 0,44% ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау құқығы және оның негізгі қағидалары
ҚР сайлау жүйесі
Сайлау құқығы жайлы
Сайлау жүйесі жайлы
Сайлау құқығы принциптері
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Сайлау жүйелері ұғымы
Қазақстандағы сайлай жүйесі және оның ерекшеліктері
Сайлау жүйесінің ұғымы
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Пәндер