Жерді есепке алу
МАЗМҰНЫ:
Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы, түрлері мен әдістері ...
Жер балансын толтыру ережелері.
Негізгі жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелері жерлерінің категориялары бойынша аудандардың өзгеруі жөнінде анықтама жасау /22.форма 5.қосымша/
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер бойынша жыртылған жерлерді пайдалану және жайылым алқаптарын түбірімен жақсарту үшін пайдаланылатын жерлер жөнінде анықтама жасау
Республика, облыс, аудандардың мемлекеттік шекараларынан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға пайдалануға берілген жерлер жөнінде анықтама /7 және 8.қосымшалар/
Жерлер экспликациясын жасау /9 және 10.қосымша/
Бар жерлер және олардың категориялар, пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінулері туралы есебіне тіркелетін түсіндірме хат мазмұны
Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу
Жерді есепке алудағы кадастрлық мәліметтерді алу, өндеу және талдау әдістерінің жаңа технологиясы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы,
түрлері мен әдістері
Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады.
Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігі жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік объектісі ерекшелігіне байланысты.
Халық шаруашылығы салаларында жерлер әр түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және соған лайықты оның есебі жүргізіледі. Жер тұрғын үй, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, транспорт кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері мен ұйымдары және т.б. құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.
Өндірістің кейбір салаларында ауыл және орман шаруашылығында операциялық базис ретінде жер есебінен басқа, оларды өндіріс күштері, негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы мен пайдалануы туралы арнайы мәліметтерді алуға қажеттілікті туғызады. Бәрінен бұрын бұған ауыл шаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы мәліметтер жатады.
Жер учаскесінде жерді сапалы сипаттау және сандық бейнелеу үшін заттық натуралды өлшеуіштер қолданылады. Есепке алу, Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Соның үшін , оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.
Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады. Мемлекеттік есепке алудың объектісіне Қазақстан Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы жатады. Бөлек салаларда мүдделері мен міндеттерін есепке алу мен ведомостволық есепке алуды жүргізуге қажеттілік туады, оның объектісіне нақты ведомоствоның қарауына жататын барлық жерлер жатады.
Жердің ведомостволық есебі мемлекеттік есептің мазмұны мен талаптары бойынша құрылады. Жер есебі мемлекеттік шара ретінде мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі болады. Мемлекеттік жер есебі белгілі жүйе болып, оған жердің сандық және сапалық есебі кіреді. Оның даму заңдылығына жер категорияларының, жер учаскелерінің және алаптардың аудандарын анықтау дәлдігін жоғарылату, жер сапасы сипаттамасын кеңейту жатады.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер категориялары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі, жер бедері, жер оты құрамы қалыңдығы, мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі біріңғай әдіс бойынша, яғни жер категориялары мен бөлек зоналар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.
Есепке алу мәліметтері жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау көрсеткіштеріне қарағанда көбірек дифференцияланған және кеңейтілген болуы керек. Бұл есепке алу тек қана жер жағдайын ол жағы немесе бұл жағын анықтап қоймай, жаңа жер қорларын игеру және олардың өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды ашады. Есепке алу мәліметтері жердің жағдайы және нақты өлшемімен, оны жүргізген уақытпен сайма-сай болуы керек, сонда ғана олар пратикалық құнды көрінетін болады. Жерді есепке алу барысында, есептеу

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Конституция Республики Казахстан - Алматы: Казахстан, 1995.
2. Земельный кодекс РК. Алматы: Жети жаргы, 2003. – 255с.
3. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. - Алматы, Борки, 1997.
4. Волков С.Н., Хлыстун В.Н., Улюкаев В.Х. Основы землевладения и землепользования. Уч. Пособие - М., Колос, 1992.
5. Дегтярев И.В. Земельный кадастр. - М.: Колос, 1979.
6. Земельное законодательство республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов (с комментариями)// - Алматы: Жети жаргы, 1998.
7. Подольский Л.И. Научные основы оценки земель. «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана, Ж., НИЦ «Бастау, Алматы, 1997. -с.29-36.
8. Порядок ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан. Земельное законодательство Республики Казахстан - //Сб. нормативно-правовых актов.-Алматы: Жети жаргы, 1998.-с. 139-152.
9. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. - Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.
10. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами. - Алматы.: КазНАУ, 2004.
11. Жер кадастры. Сейфуллин Ж.Т. – Алматы.: КазНАУ, 2001.

Пән: Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жер ресурстары және кадастр кафедрасы
РЕФЕРАТ
тақырыбы: Жер пайдалануды есепке алу
Тексерген: Пентаев Т.
Орындаған: ЗУ-1курс магистранты
Есмаганбетова А.Б.
Алматы, 2013 жыл
МАЗМҰНЫ:
Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы, түрлері мен әдістері ...
Жер балансын толтыру ережелері.
Негізгі жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелері жерлерінің
категориялары бойынша аудандардың өзгеруі жөнінде анықтама жасау 22-форма
5-қосымша
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер бойынша жыртылған жерлерді пайдалану
және жайылым алқаптарын түбірімен жақсарту үшін пайдаланылатын жерлер
жөнінде анықтама жасау
Республика, облыс, аудандардың мемлекеттік шекараларынан тыс жерлерде
пайдаланылатын жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға
пайдалануға берілген жерлер жөнінде анықтама 7 және 8-қосымшалар
Жерлер экспликациясын жасау 9 және 10-қосымша
Бар жерлер және олардың категориялар, пайдаланушылар және алқаптар бойынша
бөлінулері туралы есебіне тіркелетін түсіндірме хат мазмұны
Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу
Жерді есепке алудағы кадастрлық мәліметтерді алу, өндеу және талдау
әдістерінің жаңа технологиясы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы,
түрлері мен әдістері
Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы
есебінің бір түрі болып саналады.
Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігі жердің өндіріс құралы және
жылжымайтын мүлік объектісі ерекшелігіне байланысты.
Халық шаруашылығы салаларында жерлер әр түрлі мақсаттар үшін
пайдаланылады және соған лайықты оның есебі жүргізіледі. Жер тұрғын үй,
өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, транспорт
кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері
мен ұйымдары және т.б. құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.
Өндірістің кейбір салаларында (ауыл және орман шаруашылығында)
операциялық базис ретінде жер есебінен басқа, оларды өндіріс күштері,
негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы
мен пайдалануы туралы арнайы мәліметтерді алуға қажеттілікті туғызады.
Бәрінен бұрын бұған ауыл шаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы
мәліметтер жатады.
Жер учаскесінде жерді сапалы сипаттау және сандық бейнелеу үшін
заттық (натуралды) өлшеуіштер қолданылады. Есепке алу, Республиканың жер
қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері,
сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және
сақтауға бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара
болып есептелінеді. Соның үшін , оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және
тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмұны
мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп
беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін
жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.
Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне
міндетті болады. Мемлекеттік есепке алудың объектісіне Қазақстан
Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы жатады. Бөлек салаларда
мүдделері мен міндеттерін есепке алу мен ведомостволық есепке алуды
жүргізуге қажеттілік туады, оның объектісіне нақты ведомоствоның қарауына
жататын барлық жерлер жатады.
Жердің ведомостволық есебі мемлекеттік есептің мазмұны мен
талаптары бойынша құрылады. Жер есебі мемлекеттік шара ретінде мемлекеттік
жер кадастрының құрам бөлігі болады. Мемлекеттік жер есебі белгілі жүйе
болып, оған жердің сандық және сапалық есебі кіреді. Оның даму заңдылығына
жер категорияларының, жер учаскелерінің және алаптардың аудандарын анықтау
дәлдігін жоғарылату, жер сапасы сипаттамасын кеңейту жатады.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары
негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер
есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер
категориялары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады.
Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз
етілгендігі, жер бедері, жер оты құрамы қалыңдығы, мелиоративтік жағдайы
және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі біріңғай әдіс бойынша, яғни жер
категориялары мен бөлек зоналар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп
жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және
топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар
қолданылады.
Есепке алу мәліметтері жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау
көрсеткіштеріне қарағанда көбірек дифференцияланған және кеңейтілген болуы
керек. Бұл есепке алу тек қана жер жағдайын ол жағы немесе бұл жағын
анықтап қоймай, жаңа жер қорларын игеру және олардың өнімділігі мен сапасын
жоғарылатуды ашады. Есепке алу мәліметтері жердің жағдайы және нақты
өлшемімен, оны жүргізген уақытпен сайма-сай болуы керек, сонда ғана олар
пратикалық құнды көрінетін болады. Жерді есепке алу барысында, есептеу
классификациясында қарастырылған жергілікті белгілер мен заттарды
мүмкіндігінше дәлдікпен, нақтылықпен анықтау қажет.
Мемлекеттік жер қоры мемлекеттік жерді есепке алу объектісі
болғандықтан, барлық жерлер,оның құрамына кіретініне, олар кімнің
пайдалануы мен және иеленуіне жататынына, оларды қазіргі кезде
пайдаланатынына және пайдаланбайтынына қарамастан есепке алынады.
Басқа сөзбен айтқанда, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлық жерін
есепке алуды қамту принципін сақтау керек. Бұл оның жер категориялары, жер
пайдаланушылар және алаптар бойынша қайта бөлісуі мен құрамын, жалпы
ауданын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жерді есепке алуды дұрыс
жүргізудің негізгі шарты – оны өз уақтында және тоқтаусыз жүргізу. Бұның
өзі жер есебі мәліметтерін қазіргі кезгі деңгейінде ұстап тұрады. Бұл
принцип жердің жер жағдайы мен пайдалануында өтетін сандық және сапалық
өзгерістерді жүйелі есепке алу қажеттілігін тудырады. Жер бетінде
(натурада) пайда болған өзгерістерді өз уақытында анықтап бегілеп отыру
және тиісті есепке алу мәліметтерін алу мен жазудың уақыты бойынша келісім
орнату керек.
Жер есебі мәліметтері нақты және жеткілікті толық болғаны дұрыс.
Есепке алу материалдары мен құжаттарында жазулар ебедейсіз және қиын
оқылатын болмауы керек. Жер есебі мәліметтері тек қана текстік құжаттар
болып көрініп қоймастан, жоспарлы картографиялық негізде міндетті түрде
кескінделеді, ақпараттарды (цифрлы кестелер, текст, графиктер,
диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) беретін және
сақтауға мүмкіндік беретін компьютер технологияларын пайдалану мен
магниттік тасымалдау-шыларда есепті жүргізу айтарлықтай жеңілдетілдірілген.
Есепке алу барысында мәліметтерді алу және өңдеуде аз қаражатты қамтамасыз
ететін әдістер мен құралдарды қолдану қажет. Есептеуіш компьютерлік
техникаларды және тексеру мен түсірістің ең жетілдірілген әдістерін
қолдану, республиканың жер қорын өз уақтында және дұрыс есепке алуды
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ал сонымен қатар мемлекеттік жер
кадастрын ойдағыдай жүргізеді.
Жерді түгендеу (инвентаризациялау) жер есебінің құрам бөлігі, бір
жолғы есепке алу шарасы болып есептеледі. Оны жергілікті жерде, кадастрлық
құжаттарда бар, тиісті мәліметтерді табу мақсат пен қажеттілік туғанда
жүргізіледі. Бұл барыста табылған анықтаулар кадастрлық мәліметтерге және
бірінші кезекте есеп алуға енгізіледі. Түгендеуді жүргізу барысында
өндірісте бар болған жоспарлы-картографиялық және басқа да материалдар
қолданылады. Жергілікті жердегі тиісті мәліметтерді табу жерді тексеру
барысында жүргізіледі. Жергілікті жерде арнайы түсірістер қағида бойынша
жүргізілмейді.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және
ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және
күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен
өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір
кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу
және талдау жасау.
2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы
деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық
жұмыстарды жүргізу.
3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта
бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есепік
текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
5. Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша
бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер
(аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Алғашқы есепке алуды жүргізуге байланысты кең көлемдегі жұмыстар
туралы пікір айту үшін, мысал ретінде бірнеше мәліметтерді келтіреміз.
Қазақстан Республикасы жер қорының жалпы ауданы (272.45 млн.га)
есептелінеді және 14 облыс, 161 әкімшілік аудан, 302 қалалар мен поселкелер
және 7164 ауыл елді мекендер бар (01.01.1998 жылғы).
Азаматтардың иелігінде жеке қосалқы шаруашылық жерлері 230,5 мың
гектар, 100,2 және 85,0 мың гектар жер бау шаруашылығы мен бақша өсіруге
бөлінген.
Бастапқы жер пайдалану саны: шаруа қожалықтары – 63977, ауыл шаруашылық
кооперативтер – 3310, шаруашылық серіктестіктер – 133, басқа мемлекеттік
емес кәсіпорындар – 1594, мемлекеттік ауыл шаруашылықтар –1669 құрайды.
Ауыл шаруашылық алқаптары олардың түрлері мен түр тармақтары
бойынша анықталады; топтар, класстар; топ тармақтары құрамы; механикалық
құрамы бойынша топтық сипаттама беріледі, барлық ауыл шаруашылық алқаптарын
бағалау жүгізіледі.
Алғашқы есепке алу түсірістер мен тексерулерді жүргізуге, жоспарларды
құруға, аудандарды есептеуге байланысты. Анықталатын территория жерінің
саны мен сапасы туралы толық және жан-жақты мәліметтерін алу үшін оны
жоғары мамандандырылған мамандар жүргізеді. Ол келесі кезең жұмыстарына
дайындық, далалық есепке алу бойынша нәтиже жұмыстарын рәсімдеуден тұрады.
Дайындық жұмыстары барысында анықталатын территория жерлерін саны мен
сапасы туралы мәліметтерден тұратын барлық материалдар мен құжаттарды
жинайды. Жерді пайдалануды тіркеу құжаттарын, топографиялық-картографиялық
материалдарды, шаруашылықаралық және ішкі шаруашалықтық жерге орналастыру
мәліметтерін, әр түрлі бағыттарды тексеру материалдарын жинайды және
зерттейді. Егер материалдар ескерілмеген және натураға көшірілмеген
жағдайда, жоспарды түзету бойынша жұмыстары көрсетіледі немесе жаңадан
түсірістер, тексерулер жүргізіледі, яғни далалық жұмыс кезінің
бағдарламасын анықтайды.
Далалық жұмыстарының жергілікті жердегі жер-есептік мәліметтеріне
қажеттілік туғанда арнайы қызметтер жоспарланады. Бұл жұмыстарға
түсірулер, тексерулер бұған дейінгі бар жоспарлы материалдарға түзетулер
жатады. Далалық жұмыстардан кейін тиісті шаралар - топырақ талдау, жер
есептік және мәліметтерді рәсімдеу, аудандарды есептеу мен үйлестіру,
арнайы жоспарлық есептік құжаттарды құру орындалады.
Осындай жолмен алынған мәліметтерді белгілі бір тәжірибеде қарап
шығады, бұдан кейін сапасы жақсы деректі мәліметтерді қабылдайды және
есепке алу құжаттарына еңгізіледі.
Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелген және анықталған мәліметтер
уақыт өтуге байланысты талапқа сай болмай жарамсыз қалады. Шаруашылық
пайдалану процесінде жерді бөлу мен құрамында белгілі бір өзгерістер
болады. Сонымен, соңғы жылдары жер учаскелерін нақтылауға, шаруа
қожалықтарына, кооперативтер мен серіктестіктерге, ауылдық аудандардағы
жерді бөліп беру өзгерді. Бұдан басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарда,
шамамен 20%-тен, алқаптарды трансформациялау жүргізіледі, яғны жыл сайын
алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Мелиоративтік шаралардың қысқаруына
байланысты, табиғи мал азықтық алқаптар мен егістіктің сапасы өзгерді. Елді
мекендер жері құрамында да үлкен өзгерістер болды және басқа жер санаттары
жерлерінде құрамы мен құрлысында жыл сайын өзгереді.
Сондықтан алғашқы есепке алу құжаттарына еңгізілген мәліметтер
ескіреді, оларды жаңарту күнделікті есепке алуды жүргізуге алып келеді.
Күнделікті есепке алу міндетіне жердің саны мен сапасында, бөлінуінде
болған өзгерістер туралы мәліметтерді анықтау және жазу, алғашқы есепке алу
барысында жіберілген қателерді табу мен тиісті анықтауларды еңгізу кіреді.
Құжатта тек заңды өзгерістер белгіленеді, сондықтан күнделікті есепке алу
барысында тек қана нақты өзгерістерден басқа мен олардың заңдылығы да
анықталады. Күнделікті есепке алуды жүргізуде негізгі есепке алу
материалдары қолданылады және тек жердің пайдалану мен жағдайында өзгеріс
болған территория бөлігі ғана өзгереді.
Жер балансын толтыру ережелері.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлердегі ауыл шаруашылық алқаптары
аудандарында болған өзгерістер жөніндегі анықтаманы жасау тәртібі.

аудандарында болған өзгерістер жөніндегі анықтама барлық жерлерге және
суармалы жерлерге бөлек жасалады. Анықтама – ауыл шаруашылық алқаптарының
әр түрі бойынша баланс жасау үшін бастапқы құжат болып табылады.
Анықтама екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде – аталған графаларда
көрсетілген себептер бойынша, өткен жылдың 1-қаңтарынан келесі жылдың 1-
қаңтарына дейінгі уақытта, алқаптардың әр түрінің ұлғаюлары; екінші
жартысында – сол кезеңде және сол себептер бойынша кішіреюі көрсетіледі 1,
8.
Анықтама келесі құжаттар негізінде жасалады:
- жерлерді бөліп беру, алып қою және қайтып беру туралы графалар –
жергілікті атқару органдарының шешімімен толтырылады;
- алқаптардың кейбір түрлерінің ұлғаюы немесе кішіреюі туралы графа –
пайдаланушылар есебі негізінде, сондай-ақ жаңа түсірістер мен бұрынғы
жылдардағы түсірістерге түзетулер енгізу материалдары, тексеру өлшеулері
және жерлерді графикалқ есепке алу кезіндегі күнделікті өзгерістер есебінің
мәліметтері негізінде;
- 01 және 08-жолдар бойынша 9 және 11-графалар мен 05 және 07-жолдар
бойынша 27 және 29-графалар – жақсартылған шабындықтар мен жайылымдарды
жырту, бұл аудандарда ауыл шаруашылық дақылдарын егу немесе басқа
себептермен олардың кішіреюі туралы акті негізінде;
- түбірімен жақсартылған шабындықтар мен жайылмдар ауданын ұлғайту
негізі болып, бұл алқаптарды түбірімен жақсарту бойынша жұмыстарды қабылдау
актісі табылады;
- 1-қосымшаға алқаптардың барлық түрі бойынша беру және қайтарып беру
туралы графалар 2, 3 және 4-қосымшалар формалары бойынша есеп
көрсеткіштерімен сәйкес болуы қажет;
- суарылатын жерлерге 1-қосымшаны толтырудағы 5-тен 11-ге дейінгі
және 23 - 29-графаларда мелиорацияланған жерлер шектеріндегі мысалы,
суармалы шабындықтарды жырту есебінен егістік жерлер ұлғайды аудандарда
болған өзгерістер көрсетіледі;
- егер ұлғаюлар бұрын суармалы емес болған жерлер есебінен болса,
онда ол мемлекеттік құрылыс ретінде ескеріледі;
- 1-графадағы көрсеткіштер - өткен жылдың 1-қаңтарына 22 және 22а
формалары бойынша жасалған есеп мәліметтерімен , ал 37-графада – келесі
жылдың 1-қаңтарына жасалған есеп мәліметтерімен сәйкес болуы қажет.
Азаматтарға және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар мен
басқа мақсаттар үшін берілген жерлер және бұл жерлерді қайтарып беру 22-
формаға 2,3,4-қосымшалар туралы есеп жасау.
Бар жерлер және олардың категориялар, жер учаскелері иелері, жер
пайдаланулар және алқаптар бойынша бөлінулері 22-форма туралы есеппен
бірге, келесі құжаттар беріледі:
- азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар мен
басқа мақсаттар үшін тұрақты пайдалануға берілетін жерлер туралы есеп 22
және 22а-формаға 2-қосымша;
- азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін
уақытша пайдалануға берілетін, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жүргізу және
геологиялық-зерттеу, іздеу, геодезиялық және басқа іздестіру жұмыстарын
жүргізу үшін берілетін жерлер туралы есеп 22 және 22а-формаға 3-қосымша;
- ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін берілген жерлерді азаматтардың
және заңды тұлғалардың қайтарып беруі туралы есеп 22 және 22а-формаға 4-
қосымша;
Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін
берілген жерлер және жерлерді қайтарып берулер туралы есептердің барлығы
барлық жерлер мен суармалы жерлерге жасалады. Соңғысы соның ішіндегің
бөліміне жазылады 2,4.
Үкімет қаулысы мен тиісті жергілікті органдар шешімдері – есептерді толтыру
үшін негіз болып табылады.
Ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін, 3-жылға дейінгі қысқа мерзімге
бөлінген 3-қосымша жерлер туралы есептегі 01-12-жолдарда – азаматтар мен
заңды тұлғалардан алынып қойылған және белгіленген тәртіпте басқа азаматтар
мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін берілген жерлер
көрсетіледі.
13-жолда жергілікті атқару органдар комитетінің шешімі бойынша, ауыл
шаруашылығын жүргізу үшін екінші рет қысқа мерзімге берілетін жерлер
ескеріледі және бұл жерлер алғашқы жер пайдаланушылардан алынбайды;
14-жолдағы олардың ішіненң деп көрсетілген орынға жалға беру арқылы
ауыл шаруашылығын жүргізу үшін берілген жерлер көрсетіледі.
15-жолда – геологиялық зерттеу, іздеу, геодезиялық және басқа
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген тәртіпте берілген жерлер
ауданы көрсетіледі және және бұл жерлер алғашқы жер пайдаланушылардан
алынбайды.
Кейбір азаматтар мен заңды тұлғалар пайдалануға берілген жерлерін өз
қызметтері түріне, қажеттіліктің өтуіне немесе басқа да себептерге
байланысты, бірнеше уақыттардан кейін басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға
немесе бұрынғы жер пайдаланушыларға тапсырады. Жерлерді мұндай тапсырулар
қайтарып берулер 22 және 22-форманың 4-қосымшасында белгіленеді.

5 - қосымшада – барлық жерлер категориялары мен негізгі ауыл
шаруашылық пайдаланушылар бойынша аудандардың өзгеруі келтіріледі.
Әрбір жолда және графада қосылған және алынған өзгерістер қосындысы
бөлек-бөлек жазылады.
5 - облыстық қосымшадағы аумақтардың өзгеруі туралы 19 және 20-
графалар – басқа облыстармен және мемлекеттермен өзгерістер болған жағдайда
толтырылады.

Жыртылған жерлерді пайдалану және оларды пайдалану құрылымындағы
өнімділік сипатын анықтау бойынша неғұрлым толық және сенімді ақпараттарды
алу мақсатында, аудан көлеміндегі мәліметтер және егістік аудандар мен
парлар бойынша облыстық нәтижелер мәліметтері 6-қосымшада келтіріледі.
6а -қосымшада – шабындықтар мен жайылымдарды түбірімен жақсарту
мақсатында жүргізілетін аудан көлеміндегі егістік аудандар мәліметтері және
облыс бойынша нәтижелер келтіріледі. Анықтама шабындықтар мен жайылымдар
бойынша бөлек, одан соң бірге қосылып толтырылады Мемлекеттік жерге
орналастыру комитетінде 6 және 6а-қосымшалар мың гектармен беріледі.
6 және 6а қосымшаларын толтырулар 22-форманың 02,03,05,06,07,09,10,11-
жолдары бойынша жүргізіледі.
22-форма графаларының ауданы қосымшалардың сәйкесті графалары
көрсеткіштеріне тең болуы қажет 2, 15.

Республика, облыс, аудан шектерінен тыс жерлерде пайдаланылатын
жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға пайдалануға
берілген жерлер сияқты екі ауданның облыстың да есебін жасаушы
алқаптардың түрлері мен түршелерінің жалпы ауданы бойынша лауазымды
тұлғалар куәлаған анықтамалармен келісіліп, бекітілуі қажет. Бұл
анықтамалар жерлерді пайдалану жөніндегі есепке тіркеледі.
Облыстық есепте – шекарадан тыс жерлерде пайдаланылатын және басқа
аудандар облыстар пайдаланылуына берілген жерлер жер пайдаланушылары, ал
бөлімінде суармалы жерлер ауданы гектармен көрсетіледі.

22-форманың 9-қосымшасы облыс бойынша нәтижелермен бірге аудан
көлемінде мыңдаған гектармен көрсетіледі және 22-форма жолдарының
көрсеткіштеріне сәйкес болуы қажет 7,15.
22 және 22а-формаларының 10-қосымшасы әр жер пайдаланушы бойынша
гектарда көрсетіледі және алқаптар бойынша жалпы ауданы, соның ішінде бөлек
жолдарда суармалы, тұрақты пайдаланудағы, уақытша пайдаланудағы жерлер және
ерекше қорғалатын аумақтар жерлері, алғашқы пайдаланушылардан алынуынсыз
жазылады.
Елді мекендер бойынша жерлер экспликациясы әр қала, поселке және
ауылдық елді мекен бойынша беріледі.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылық емес
мақсаттағы жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, орман және су қоры
жерлеріне объектілік экспликация беріледі.

бөлінулері туралы есебіне тіркелетін түсіндірме хатта Қазақсатн
республикасы Үкіметі мен Парламентінің Президенті Жарлығының орындалу
барысы, республика жер ресурстарын қорғау және пайдалану, жер кадастрын
жүргізу, жерлерді пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу, жер заңдары
талаптарын сақтау, жерлерді пайдаланудағы кемшіліктерді жою және т.б.
туралы толығырақ баяндалады 1, 15.
Түсіндірме хатта келесі мәліметтер келтіріледі:
- әкімшілік аумақтық бөлулердегі өзгерістер;
- алдыңғы жылмен салыстырғандағы жерлердің категориялар және жер
пайдаланушылар бойынша бөліну динамикасы;
- алқаптар құрамындағы өзгерістер;
- пландық, картографиялық материалдар 1-қосымша;
- аэрофототүсірістер материалдарын өңдеу және пайдалану;
- топырақ зерттеу және геоботаникалық іздестірулер материалдары 3,4-
қосымшалар;
- мемлекеттік есеп бойынша егістіктер ауданын Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік Сатистика комитетінің оперативтік мәліметтерімен салыстыру 5-
қосымша;
- суармалы ауыл шаруашылық алқаптардың мемлекеттік жағдайы 6-қосымша;
- стационарлық жерге орналастыру қызметтерінің саны 7-қосымша;
- жер учаскелеріне иелік құқығы мен тұрақты жер пайдалану құқығына актілер
дайындау, рәсімдеу және беру барысы 8-қосымша;
- жер үлесіне құқық және жер үлесі келісімдері туралы актілерді дайындау,
рәсімдеу және беру барысы 9-қосымша;
- азаматтар мен заңды тұлғаларға сатып алу-сату келісімдерін, жер
учаскелерін тұрақты және уақытша пайдалану құқықтарын рәсімдеу және тіркеу
10-қосымша;
- жер-кадастрлік құжаттарды жүргізу;
- жерлерді графиктік есепке алу;
- есеп беру жылында жер заңдарындағы бұзушылықтарды анықтау;
- топырақ құнарлығын көтеру бойынша шаралар;
- ауыспалы егістерді жүргізу және игеру, парларды өңдеу;
- органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу;
- орман мелиоративтік шаралар;
- эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстар салу;
- түгендеу материалдары бойынша ауыл шаруашылық алқаптарының құрамын
анықтау;
- аудан немесе облыс жерлері жағдайлары мен пайдалануларын жақсарту
бойынша ұсыныстар.
Есеп құжаттары келесі тәртіпте іріктеліп жинақталады:
1. Есепті бекіту жөніндегі шешім
2. Түсіндірме хат
3. 22, 22а, 22б – формалары
4. Суармалы жерлердің 22, 22а, 22б – формаларына жұмыстық ведомостар
5 . 22, 22а – формаларының нөмірленуі бойынша барлық қосымшалар
6 .Жерлерді пайдалануға бақылау жөнінде есеп 1-форма – жер
7. Жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану
жөнінде жиынтық есеп 2-ТП формасы
8. Жер реформасы барасы 1-форма – жер және басқа материалдар жөнінде есеп
9. Жерлерді бөлудегі ауыл шаруашылық өндірісі шығындарының орнын толтыру
үшін пайдаланулар туралы есеп.
Қазақстан Республикасы жерелерін мемлекеттік есепке алуды жүргізу
тәртібі туралы нұсқаулардың күшіне енуіне байланысты, 1993 ж. 27-
қазанындағы бұрынғы нұсқауларды күшін жойған деп есептеу қажет.
Түсірістер мен жаспарлы материалдарды дайындау заң бойынша
жүгізіледі. Сонымен, күнделікті есепке алу алғашқы есепке алудың жұмыстық
көлемі бойынша да, түрі бойынша да ерекшеленеді.
Өзгерістер өзінің түріне қарай келесі түрлерге: алқаптарды
трансформациялауға қарай алқаптар ауданына, топырақтың сапалық жағдайында,
жерді алу мен бөлуге байланысты. Жер пайдалану мен басқа есепке алу
барлығының өлшемінде, әкімшілік бірлігінің территориясы ауданында болуы
мүмкін; негізгі және күнделікті есепке алудың өзара байланысы бар, алғашқы
екіншінің жүргізілуі үшін қайта құрады, екінші біріншінің мәліметтерін
жаңалайды, туралайды және толықтырады, жер туралы мәліметті қазіргі кез
деңгейінде жүйелі түрде ұстап тұрады. Алғашқы және күнделікті есепке алу
барысында көрсеткіштер сан жағдайында кескінделеді. Есепке алу барысындағы
мәліметтер әр түрлі әдістермен, бәрінен бұрын түсіріс, тексеру және өлшеу
жолдарымен алынады.
Жерді есепке алуды дұрыс орындау үшін, түсірістер үлкен мағынаға ие.
Осыдан бұдан алынған түсірулер, жоспарлы материалдар негізінде
Республиканың жер қорын нақты есептеуге мүмкіндік туады. Түсіріс
материалдары жер пайдалану ауданы, алқаптар құрамы мен олардың түр
тармақтарының нақты мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер
жердің сапасын есепке алу үшін қажет.
Түсірістер жердегі және аэрофототүсіру болып бөлінеді. Қазіргі кезде
аэрофототүсіру - жерді мемлекеттік есепке алу барысында түсірістің негізгі
түрі. Ол жер қорының өлшемі, жағдайы және пайдалануы туралы, соның ішінде
әр жер пайдаланудың керекті материалдарын тез және арзан алуға мүмкіндік
береді. Оның мәліметтері жер пайдалану мен жергілікті элементтерді есепке
алу үшін қажетті жер беті түсірістермен салыстырғанда көбірек қамтиды.
Мысалы, аэрофототүсіріс материалдарында тек қана алқаптар контурлары ғана
емес, басқа да әр түрлі дақыл егістері шекаралары, эрозияның даму дәрежесі
және тағы басқалары белгіленеді.
Әсіресе бұл мәліметтер ауданы бойынша шағын жер учаскелері көп шаруа
қожалықтарының үй іргесі жерлерін есепке алу үшін құнды. Бұл материалдар
мен қазіргі кез деңгейіндегі жерді есепке алу мәліміттерін оңай әрі нық
ұстап тұру мүмкін.
Аэрофотокосмостық түсіріс үлкен маңызға ие, оның мәліметтері
республика жерінің үлкен аудандарын қамтуы мүмкін, оның мәліметтерін
пайдалану әдістері өте кең қолданылады. Халық шаруашылығында, әсіресе
экономика-сында және қоршаған орта мен жер мониторингінде жартылай
қолданылады. Есепке алу мәліметтерін ең маңызды әдіспен алу және тексеру
деп аталады. Жерді тексерудің міндетіне жер алаптарын пайдалану мен нақты
жағдайын анықтау және оларды ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалануының ең
қарқынды мүмкіндіктерін анықтау кіреді. Олар екі түрге - арнайы және
агрошаруашылықтық деп бөлінеді.
Арнайы тексеруге топырақтық, геоботаникалық және мелиоративтік жатады.
Агрошаруашылықты тексерудің жергілікті жердегі бір алқап контурының жағдайы
мен сыртқы белгілері бойынша оның сапасының мүмкіндігі, ең тиімді
пайдаланылуы анықталады. Деректі мәліметтерді алу және жер пайдалануына
бақылау жасау үшін, үй іргесі учаскелері мен егіс аудандарында өлшеу
жүргізіледі. Өлшеу жалпы және таңдаулы болуы мүмкін. Жалпыламаға барлық
анықталатын территория, ал таңдаулыға тек бөлігі ғана жатады. Жерді есепке
алуда жер-есебі мәліметтері екі әдісте көрсетілді. Бірінші текстік, яғни
алынған мәліметтер сандық көрсткіштерде көрсетіледі, арнайы текстік
құжаттарға (кітаптар, ведомостар) енгізіледі және жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттар жүйесінде ақпараттарды магниттік
тасымалдаушыға енгізеді, оған қажеттілігіне қарай түсініктеме жазулар
немесе басқа текстік материалдар беріледі.
Екінші, графикалық жер есебіне ғана тиісті және оны жүргізудің белгілі
ерікшелігіне байланысты үлкен мәнге ие. Ерекше ескерілетін жағдай
графикалық тәсілде жерді есепке алуда тек есептелінетін объект және
олардың құрам бөліктерін бейнелеп қоймастан, объект туралы қажетті алғашқы
ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және ондағы уақыттың өтуімен өзгерген
өзгерістерді көрсетеді. Онда өзіне тән белгілі бір техникалық жүзеге асыру
тәсілдері бар. Бұл тәсілдің мәні мынада бұнда, арнайы техникалық тәсілдер
көмегімен жергілікті жерде тынымсыз өлшеулер нәтижесінде, жоспарлы-
картографиялық негізде көрінеді. Бұндай жолмен құрылған жоспарда
есептелінетін территорияның, яғни қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндігі
бар кішірейтілген кескіндер алынады.
Пайдаланатын жоспарлы-картографиялық материалдар түрлеріне байланысты
алаптардың, жер пайдаланудың және әкімшілік бірлік территориясы аудандарын
анықтаудың екі тәсілі қолданылады. Бірінші тәсілдегі деректі материалдарға
бөлек алап түрлері мен жер пайдаланудың жалпы ауданы бойынша есептейтін
бөлек жер учаскелері жоспары жатады. Аудан жері ауданы мен оның алаптарының
жалпы аудандарын қосу жолымен анықталады. Республика және облыстарда
аудандарды аналитикалық жолмен есептейді. Бұл тәсілдің де өзіне тиісті
жеткіліксіздігі бар. Бұдан әр түрлі дәлдіктер бар екені көрініп тұрса,
онда ірі масштабты карталар бойынша есептелінген аудандар дәлдігін де
айтуға болады.
Бұдан басқа, бөлек жер учаскелері аудандарын анықтау барысында жіберілген
қателер қосу мен алынған аудандарға механикалық жолмен кіреді. Үшіншіден
аудандарды есепке алу дұрыстығы мен дәлдігіне нақты бақылау болмайды,
сондықтан жіберілуі және жер қорының кейбір бөліктерін қайта есепке алуы
мүмкін. Екінші тәсілде, жерлерді есепке алу үшін жоспарлық материалдар
ретінде аудандары аналитик тәсілмен есептелінген, жалпы мемлекеттік
бөлшектеу трапециялары пайдаланылады.
Пайдаланатын жерлердің, аудандардың, облыстардың және Республика
шекараларын координаттар бойынша трапецияларға түсіреді. Содан кейін жер
учаскелерінің, пайдаланатын жердің, әкімшілік бірліктердің аудандары
есептеліп, оларды трапециялар аудандарында байланыс-тырады увязка,
осындай әдіс аудандардың дәлділігін жоғарылатады.
Егер бөлек-бөлек пайдаланатын жерлердің және олардың алқаптарының аудандары
осы екі әдіспен анықталғанда тек дәлдікпен және бірдей техникалық
жағдайдарда келесі тұжымдарға келеміз:
- пайдаланатын жерлерді жоспармен салыстырғанда трапеция бойынша
аудан көлемінің қатесі екі есе төмен;
- облыс бойынша 4-5 есе аз;
- ең кең тараған жағдайда пайдаланатын жерлердің шекаралары бойынша
еркін теодолиттік жүрістер салынғанда аудандар және облыс алқаптары,
аудандары трапеция, пайдаланатын жерлер жоспарлары бойынша қарағанда, 2-9
есе дәлірек. Сонымен, трапеция бойынша дәлірек анықталады деуімізге толық
мүмкіндік бар.
Жер пайдаланудағы алқаптардың құрамында болып жатқан барлық өзгерістер,
жоспарлы материалда графикалық жолмен белгіленеді.
Кәзіргі кезде уақытша республикамызда есепке алынатын аудан және облыстық
жер учаскесінің компьютерге енгізілген электрондық карталары бар. Жер
учаскесінің есептелінетін квартал, аудан және облыстық электрондық
карталарды компьютерде алу жолымен графикалық тәсілді әбден жетілдіру
бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электрондық карталар түріндегі есеп алудың
графикалық тәсілін қолдану, тек есепке алудың дәлдігін жоғарылатып қоймай,
бастапқы алғашқы күнделікті есепке алудағы өзгерістерді енгізу процесін
автоматтандыруға және картографиялық есепке алу материалдарын беруге
мүмкіндік береді. Графикалық тәсіл, анықталатын жердің кеңістік жағдайы,
олардың құрамы мен пайдалануынан көрініс беруді қамтиды. Тектік және
графикалық тәсілдердің өзара белгілі айқын байланысы бар.
Мәліметтерді анықтауда графикалық тәсіл дәл болған сайын, текстік
құжаттарда қамтылатын мәліметтер де соншама дәл болады. Көрсетілген
тәсілдер, бір бірін толықтырып, жерді есепке алу барысында, оған жан-жақты
сипаттама беруге мүмкіндік береді.

Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының
жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен
түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады.
Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша
жүргізіледі. Сонымен,алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы
қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар,
тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек
егжей-тегжейлі анықталады.
Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз – ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық
алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер,
шабындық және жайылымдар жатады.
Егістік жерлерге – ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде
өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.
Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір
жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін
пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.
Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған,
сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті
болып бөлінеді.
Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық
немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы
көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік,
жидектік, жемісті питомник плантация жатады. Бұлардың аудандары есепке алу
барысында төмендегіше бөлінеді: Бақтар аудандары - жеміс және жидек өндіріп
алу үшін құрылған ағашты және бұталы көшеттер (екпе ағаштары), тұқымды,
сүйекті, жаңғақ жемісті, цитрус тұқымдасты, субтропикалық және басқа
тұқымды иеленген жер учаскелері;
Жүзімдіктер ауданы - жүзім өсіру үшін құрылған жүзім көшеттері (екпе
ағаштары) иеленген жер учаскелері;
Жидектер аудандары - жеуге жарайтын жидектер беретін, мәдени бұталы,
жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктердің астында жатқан жер учаскелері;
Жемісті питомниктер аудандары - жеміс-жидек дақылдарының көшет
материалдарын өсіру үшін пайдаланылатын жер учаскелері;
Плантация аудандары - арнайы техникалық, дәрілік, азық-түлік, гүл және
сәндік дақылдар (шай, құлмақ, тұт, гүлдер, эфир майы алынатын өсімдіктер
және басқалар) өсіру үшін пайдаланатын жер учаскелері.
Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық
шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және
батпақты болып бөлінеді.
Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі
бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат
жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.
Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын,
жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының
жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.
Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын
тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің
төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен
жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі -
ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады.
Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және
орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым-соқым басқан), желінбейтін
(непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.
Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін және күтім
жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы
жүргізілетін шабындық жатады.
Түпкілікті жақсартылған шабындық - бұл мерзіммен жаңартылып тұратын,
жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі
нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу
мақсатында түпкілікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz