Ақпараттық жүйе ұғымы



Кіріспе
1.Ақпараттық жүйе ұғымы
2.Ақпараттық жүйелер үлгілері.
3.Басқару жүйесіне қатысты кибернетикалық принціптер
4.Ақпараттық жүйе негіздері
Қорытанды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми – техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі - ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр.
Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – объектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеудегі аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынады.
Ақпарат жүйесінің теориясын меңгеру барысы ғылыми, қолданбалы және танымдық жайларды қамтитын болса, осы рефератта жоғарыдағы шаралар жайындағы теориялық материалдар, мәліметтердің синтаксистік және семантикалық үлгілері, ЭЕМ арқылы мәселелік есептерді шешугдегі ақпаратты өңдеу технологиясын жүйелік ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Байжұманов М.Қ «Ақпараттық жүйе теориясы»
2. Якубайтис Э.Я. Открытые информационные сети. М., Радио и связь, 1991.
3. Астафьев А.Л. Поляков Л.А. Анализ зарубежных баз статистических данных доступных советским пользователям.
4. Родионов И.И. Мировой рынок информационных услуг:электронная деловая и коммерческая информация. Серия "Технология электронных коммуникаций", М.:,1992
5. Клименко С.В., Уразметов В. Internet. Среда обитания информационного общества, М, ИВФЭ, 1994.
6. С. Воробьев, Защита информации в персональных ЭВМ, М.: Мир 1993.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1.Ақпараттық жүйе ұғымы 4
2.Ақпараттық жүйелер үлгілері. 7
3.Басқару жүйесіне қатысты кибернетикалық принціптер 10
4.Ақпараттық жүйе негіздері 12
Қорытанды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 18

Кіріспе

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми – техникалық прогрестің
адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі - ақпаратты басқару құралына,
ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу
құралы – компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру
болып отыр.
Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің
және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы
жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе
ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер
теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – объектілерді басқару мен
реттеу барысын үлгілеудегі аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы
агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді
ұйымдастыру әдісін ұсынады.
Ақпарат жүйесінің теориясын меңгеру барысы ғылыми, қолданбалы және
танымдық жайларды қамтитын болса, осы рефератта жоғарыдағы шаралар
жайындағы теориялық материалдар, мәліметтердің синтаксистік және
семантикалық үлгілері, ЭЕМ арқылы мәселелік есептерді шешугдегі ақпаратты
өңдеу технологиясын жүйелік ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады.

1.Ақпараттық жүйе ұғымы

Ақпарат латының Informatio деген сөзіне шыққан, яғни істің жай-күйі
немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай бір
нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді
қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана
қамтиды.
Ақпаратты қандай бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып
алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат
дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-
түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:
синтаксистік , семантикалық және прагматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін
тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның
мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.
Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұнынмеңгеруге мүикіндік
береді. Мәлімдеменің мазмұны – белгілі бір түрде реттелген білім болып
табылады.
Прогматикалық сүзгі (бағалау механизмі) ақпаратты қабылдаушының іс-
жүзіндегі қызмет барысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені
бағалауына мүмкіндік береді.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық
ретінде, сондай-ақ басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар
арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген
объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.
Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы
жүйеге қатысы бар мәліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер
арқылы жүзеге асады.
Ақпарат жүйесі (АЖ) – қандай бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты
жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп
қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін
қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңестікті бейнелейтін пәндік саланы
иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады.
- ақпараттық – анықтамалық жүйелер;
- ақпараттық – кеңес беретін жүйелер;
- ақпараттық – қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық – анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы
үшін дайындайды.
Ақпараттық – кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі
туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді
ұсынады.
Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз
ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Дегенмен келтірілген жіктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды таңдау
сәйкес факторлардан тәуелді.
Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық
бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және
ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге
жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі бар екені
белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі.
Әрбір реквизит сандар мен әріптер жиынтығынан тұрады және мән мағананың
сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит негіздеп аталады. Ал
ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит белгі деп
аталады.
Бұл ұғымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратын пәндерде осылай
беріледі. Ал тек таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі пәндерде
ақпраттың атрибут және құрамды бірлігі деп саналатын екі негізгі бірліктері
қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні болады. Атрибуттың аты
мәліметтерді өңдеу барысындағы шарты белгілеуді білдіреді.
Атрибуттың мәні деп, нақты бір жағдайдағы құбылыстың, жағдайдың, қандай
да бірқасиеттерін сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттық барлық
мүмкін болатынмәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені
деп аталады.
Егер атрибуттың А деген аты болса, ол (Аd) деген жұпты белгілеп тұрса,
яғни мұндағы d D, онда D жиыны А атрибуты мәнінің домені (анықталу облысы)
деп аталады. D шамасы А атрибутының беріген уақыт мезетіндегі мағанасы
болып табылады.
МҚБЖ-ға арнап бағдарлама жазғанда, ондағы мәтінде кездесетін атрибуттар
үшін доменнің барлық элементтерін тізіп шығу мүмкін емес жағдайлар болады.
Осындай кезде домен үшін мәннің типі мен ұзындығы көрсетіледі. Мысалы,
мекеме доменін – МЕКЕМ қарастырайық. Оның мәтіндік ұзындығын 15 белгіге
дейін шектейік. Оны бағдарламалық паскаль тілінде былай жазуға болады:
var МЕКЕМ: string (15);
Мұндай домендегі мәндер жиыны мүмкін болатын мәндер жиынынан тұрады.
Қажет болған жағдайда олардың жіктегіштері қалыптастырылып, шартты белгілер
қамтылады. Егер жіктегіштер қажет болмаса, мәліметтер қоймасындағы
объектілерді тек реттік нөмірі мен қоюға болады. Бұл реттік шарты белгілеу
де аталады.
Мысалы, мекеменің шартты белгісі атрибуты мәнінің шартты белгілеудегі
әр түрлі мәнін қарастырайық. Мекеменің реттік нөмірі берілсін. Оны айталық,
1-ден 300-ге дейін кіші мекеме, ал 301-ден 500-ге дейін орта мекемелерде,
500-ден 600-ге үлкен көлемдегі мекемелер деп жіктейік.
Осы жағдай үшін разрядтық шартты белгіні қолдансақ, шартты белгінің
бірінші мәні үш мәнді қабылдайтын болады. (1- кіші мекеме, 2- орта мекеме,
3- ірі мекеме). Шартты белгінің келесі таңбасы мекемелердің нөмірлерін
көрсетеді. Осындай разрядтық шарты белгіде мекемеге қатысты т.б. белгілерді
толық сипаттау үшін келесі реттік таңбаларды тізбектеп ұлғайта беруге
болады да, ол өз кезегінде мекеме туралы көптеген терең мәліметтерді бере
бастайды. Дегенмен шарты белгінің разрядтық жүйесі бірнеше белгілер бар
объектілерді шарты белгілеу үшін қолданылады.

2.Ақпараттық жүйелер үлгілері.

Қызмет ететін объектілерді үрдістердің сандық және сапалық жақтары
объектілердің ақпараттық жүйесін үлгілеу үшін негіз болып табылады.
Үлгілеу шынайы құбылыстар мен үрдістерді тұспалдаудың тиімді әдістерінің
біріне саналып, үрдістерді сипаттаушы айнымалылардың өзара сандық
байланысын бекітуге қызмет етеді. Үлгілеу әдісі жүйені зерттеу құралына
немесе таным құралына жатқызғанда, үлгі қаншалықты деңгейде шынайы
құбылысты сипаттауы мүмкін деген сұрақ қалыптасады. Егер үлгіні тұрғызудағы
бастапқы ақпарат қате болса, немесе үлгілік есепті шешудегі әдістер
жетілікті қатаң болмаса, ол үлгі қалыпты болмайды, әрі іс жүзінде қолдануға
қызығушылық туғызбайды.
Ақпараттық жүйе үлгісі дегенде, пәндік саланың бірнеше деңгейлі
ақпараттық технологиядағы бейнесін беріп, әрі шала тұжырымдалған сипатта
болады.
Логикалық үлгі концептуалды үлгінің нақты бөлігін қандай бір шартпен
бөліп алу арқылы қалыптасады. Бөліп алынған пәндік саланың байланыстарын
математикалық өрнектермен сипаттайтын логикалық үлгі – математикалық үлгі
түрінде қалыптасады.
Математикалық үлгі арқылы алға қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы
тізбектелген әрекеттерді көрсетіп беретін алгоритімдік үлгі қалыптасады да,
компьютерге түсінікті тілдегі бағдарлама мәтіні тұрғызылады. Ақпарат
жүйесінің деңгейлерге бөлінуі, пәндік саланы бағдарлама арқылы бейнелеудің
күрделі үрдісін бірнеше интерактивті қарапайым түрдегі бейнелеулерге
бөлшектенуіне мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйе үлгісін тұрғызуда есептеу шаралары аса күрделі болмай, ал
тұрғызылатын үлгі белгілі бір шектеулі уақыт аралығында жүйенің дамуын
сипаттайтындай, динамикалық түрде болғаны дұрыс. Объектінің ақпараттық
жүйесінің үлгісі атқарымды түрде жоспарлауды, есеп пен реттеуді
қарастырады.
У.Р. Эшбидің айтуынша, жүйе қаншылықты үлкен болып және оның бөліктері
мен тұтастығы арасындағы айырмашылықкөлемі үлкен болса, бүтін жүйенің
қасиеті де соншалықты оның бөліктерінің қасиеттерінен ерекшеленуі мүмкін.
Ақпараттық үлгі құрамына
- атқарымдық ішкі жүйелердің ақпараттық схемасы;
- реквизит каталогы мен ақпараттың құрамды бірлігі (АҚБ);
- жеке АҚБ анықтау формулалары енеді.
Ақпараттық үлгінің негізгі қолданылу бағытына:
- АҚБ-ның құрылу сипатының көркемділігі
- АҚБ сипатының бірыңғай және кешенді түрі
- АҚБ-дағы ақпараттық байланыстардың анықталған түрде бейнеленуі;
- Барлық мәліметтердің бір мезетте көрсетілу мүмкіндігі;
- АҚБ, ішкі жүйе, жүйе көлемдерінде мәліметтерді белгілеу;
- АҚБ реквизиттерді жіктеу мен сәйкестендіру (унификациялау)
мүмкіншіліктері;
- Бөлек АҚБ реквизиттері арасындағы қатынастарды жорамалдап көрсету
мүмкіндігі;
- Логикалық амалдар мен мәліметтерді жинау, сақтау және өңдеу амалдарынан
бөліп алу мүмкіндігі;
- Мәліметтерді тек бір рет ендіру;
- АҚБ мен олардың бірігулерін анықтауды (рационализациялау) оңтайландыру;
- Бөлек АҚБ-ның немесе олардың бірігулерін анықтау Үшін алгоритімдердің
жүзеге асырылу жиілігі;
- Ақпарат қоймасын анықтау үшін шарттар тұрғызу
- Ақпаратты параллель өңдеуді жою;
- Ақпараттың әр түрлі функцияларда көп рет қайталануы жол бермеу;
- Ақпараттың жоғалып кетуі мен бұрмалануын жою;
- Басқарудың ақпараттық циклындағы уақытты үрдіс атқарылып жатқан кездегі
шынайы уақытқа сәйкестендіру мүмкіндігі;
- Басқарудың аралас функциялары кезіндегі ақпараттық өзара байланысты
қамтамасыз ету шаралары жатады.
Тұрғызылған ақпараттық үлгіге қойылатын талаптарға мыналарды атауға болады:

- жүйенің кейбір бөліктері мен оның элементтерінің пропорционалдығын
бейнелеуі;
- Барлық иерархиялық бөлімшелердегі басқарудың біртұтас принциптерін
қадағалауды қамтамассыз етуі.
- Қарастырылып отырған жүйеге баламалы (адекватты) болуы;
- Орындалуының қарапайымдылығы;
- Құрамындағы қандай да бір ауытқуларды өзгерту барысында қызмет ету
қалыптылығын сақтап қалуы;
- Тәуелсіз атқарымдық модульдерден түзілуі;
- Дамытуға икемділігі.
Басқаша айтқанда, тұрғызылған үлгі қандай да бір қарастырылатын үрдістің
дәлме – дәл сандық және сапалық бейнелеуін қарастырады.
Ақпарат жүйесінің атқарымдық ішкі жүйесі – АҚБ ішкі жүйелері мен АҚБ-ның
реквизиттік құрамының өзара байланыстарына сәйкес, кесте түрінде
қалыптамалық (матрицалық) үлгі. Мұндағы АҚБ құрылымына әрбір реквизит тек
бір рет еніп, ал әрбір АҚБ- ның кем дегенде бір кілті болуы тиіс және әрбір
кілттік емес реквизиттің басқа кілттік реквизиттен тәуелділігі сақталуы
қажет.
Ақпараттық жүйені тұрғызуда АҚБ-ны алу әдістерін формальді түрде
сипаттауға да негізгі талаптар қойылады. Бұл сипаттау арнайы өңделген тілде
орындалып, қолданушының компьютерлік технологиядағы мәліметтерді өңдеу
білімінен тыс, ондағы өңдеу технологиясының схемасын компьютерде формальді
сипаттау негізінде жасалады.

3.Басқару жүйесіне қатысты кибернетикалық принціптер

Есептеу техникасы мен математикалық әдістерді қолдану арқылы ақпараттық
жүйелердің дамуы, басқару жүйелерінің қалыптастырылуы, басқару туралы ғылым
кибернетикамен тығыз байланысып, әрі олар қолданбалы кибернетика
элементтеріне саналады.
Философ Платон қолданған кибернетика (кемені жүргізу тұтқасы) сөзіне
бертін келе, XX ғасырдың ортасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе ұғымы туралы
Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйенің есептері
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Қазақстан Республикасының компьютерлендіру және ақпараттандыру деңгейі
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Ақпараттың жалпы құрлысы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Пәндер