Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық


Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық
Казақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық
Этномәдениетті диахронды жөне синхронды талдау дәстүр мен жаңашылдықтың (инновациялық) арақатынасы мәселесін алдыңғы орынға шығарады. Мәдениет өзінің кең мағынасында әлемдегі адам болмысының тәсілін білдіреді және бұл болмыс ұрпақтар сабақтастығымен, шындықты игерудің әлеуметтік-мәдени тәжірибесін тасымалдаумен анықталады. «Тіл мен мәдениет, - деп жазады И. Гердер, - өзінің бастауын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден алады».
Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан да ол кезенді дәстүрлі деп те атайды) . Жазу болмаған жағдайында мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді. Американдық этнограф Маргарет Мид дәстүрлі мәдениеттің осы ерекшеліктеріне көңіл аударады және оны постфигуративті деп атайды. Бұл мәдениетте дәстүрлер басым-дылық маңызға ие болады, байланыс үлкеннен кішіге қарай жүріп, өткен шақ біржақты түрде болашақты айқындайды. Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткенімен барлық ескілік сақталады. «Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін», - деп жариялайды постфигуративті мәдениет өкілі.
Алайда, мәдениеттегі дәстүршілдік тоқырау мен алғашқы қауымдылық көрінісі емес. Этномәдениет түбірлерін дәл осы дәстүрлік кезеңнен іздеу қасиет, оның архетиптері осы тарихи кесіндіде қалыптасады.
Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында мәдениеттанымдық еңбектерде мифологиялық, дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер ерекшеленеді. А. Х. Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезендерді бөліп алады: «1. Мифология. 2. Ренессанс (жаңғыру) . 3. Ағартушылық».
Біздің ойымызша қазақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі тайпаларының этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Этникалық үдерістердің жойқын күші Исламдық Ренессанстың біріктіруші шеңберін бұзып шықты. Бұл үдерісті әр түрлі бағалауға болады. Қалыптасушы этностар (қазақтар, қырғыздар, өзбектер және т. б. ) тұрғысынан көшпелі орталық-азиялық империялардың құлауы жағымды оқиға болды. Бірақ, сонымен бір мезгілде көрші отырықшы империялар бас көтеріп, номадтарды жаулап алуға дайындалды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғүрлым толық сіңірген, өйткені ол XX ғасырдың басына дейін көшпелі мал шаруашылығын сақтап келді.
Мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен уақыттың белгілі бір социум өмір қамының негізі ретіндегі түсінігімен байланысты. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде уақыт адамнан бөлінбеген және «уақытты өткізу (немесе өлтіру) » ол үшін мүлдем жат.
Дәстүрлі медениет уақыттың түп-түзу желілік емес, циклдік өлшемін пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер (ырғақтар) жатады. Мысалы, қазақтың ай атауларын алайық: «көкек» - құстардың оралу уақыты, «мамыр» - жаңару кезеңі, «отамалы» - мал барынша тойынады, «қазан» - шөптің таусылуы, «қаңтар» - күннің қысқарылуы, қаңтарылуы және т. б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың тура өлшемдері орнына қазақтар «ат шаптырым», «ет асым», «сүт пісірім», «бие сауым» және т. б. қолданады.
Егер Батыс мәдениетінде (бос кеңістік және абсолюттік шексіздік идеясына негізделген) адам «күнделікті тірлікпен» басылып қалса, номад бүл мәселені шеше алды. Табиғатпен оңаша қалған адамға әрбір мезет құнды және бүл әлемдегі өз болмысы үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. «Қалай жағдай?» деген сүраққа көшпенді жақсы көңіл-күймен «әдеттегідей» деп жауап береді.
Номадтың дәстүрлі мөдениеті болмыстың тұлғалық, тылсымдық ырғақтарына мөн береді. Адам өмірі өткінші жағдайдан «бақи дүниеге» өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Бұл өмірде адамға мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі беріледі. Ең басты шарт - «адам болу» (Абай) .
Жыл санаудың он екі жылдык белгілі циклін жеке тұлғаның өзіне де қолдануға болады. Циклдер арасындағы аралық жылдар ерекше маңызға ие болады (мүшел жас - 13, 25, 37, 49, 61 . . . ) . Күн белсенділігінің он бір жылдық циклдері де өмір қамы ырғақтарына ықпал етеді. Өзге мысал: Ресей профессоры А. Жабин 11842 белгілі қайраткердің өмірбаянын зерттей келе, адамдардың шығармашылық белсенділігінің 15 жылдық циклі болады деген қорытындыға келді («Известия», 1996, 24 шілде) . Жыл санаудың он екі жыддық циклінен өзге қазақтарда «козы жасы» - 10 жас, «қой жасы» - 15 жас, «жылқы жасы» - 25 жас және «патша жасы» - 40 жас туралы көзқарастар да кездеседі.
Дәстүрлі мәдениетте уақыт басымдылығын жоғалтып, жаңашылдықтарға бейімделе бастайды. Мысалы, көшпенділердің дәстүрлі құдайы Тәңірі уақыт өте келе Алла бейнесімен бірігіп кетеді, Албасты бірте-бірте исламның зұлым рухтары қасиеттерін бойына сіңіріп, ал Баба түкті Шашты Әзиз мұсылман әулиесіне айналады. Осы түрғыда бұл мәселені А. Байтұрсынов өзінің «Қобыланды аңызындағы әйел бейнесі» мақаласында қарастырады. «Кең байтақ . . . жөне өзгелерге толығымен таңсық болған қазақ даласы өз ұлдарына үлтгық сипат пен халықтық ерекше бет-бейнені әуел бастапқы тазалығын бүлдірмей, ұзақ уақыт сақтап қалуға септігін тигізді. Сыртқы ықпалдан жерана арқылы қорғалған қазақтар әдет-ғүрпын, өз халқына (номадқа) тән өзіндік өмір төртібін сақтап қалды».
«Қобыланды» эпосының бірнеше нұсқасы болды. Оның қыпшақтык нұқасында тәңіршілдік пен шаманизмнің көптеген элементтері кездеседі және бүл қазақтардың исламға өту жағдайын бейнелейді. Бұрынғы наным-сенім көрінісі ретінде кейіпкердің бірінің анасы Көктен кемпір мифтік қырымен ерекшеленеді. Эпоста жаңа, мұсылман дініне амалсыз орын берген ескі наным-сенімге деген халықтың терең ықыласы байқалады. Кейіпкердің анасы Аналық - мұсылман әйелінің символы. «Бұл - өзгенің қуанышымен және қайғысымен өмір сүретін әйел» (Ә. Бөкейханов) . Оның күйеуі ескі номадтық тәртіптерді, ата-бабаның наным-сенімін үмыткысы келмейді. Ол бағынышты жан ретіндегі әйелге деген мұсылмандық көзқарасты қабылдағысы келмейді.
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетін карастырғанда бірнеше тарихи параллель (салыстыру) жүргізуге болады. Батыс Рим империясының қүлауымен Еуропада қаһармандық ғасырлар орнайды. Алайда батырлық кодекстің осалдығы онын институционалды емес, жеке тұлғалық сипат алуында болды. Көсемге деген адалдық индивидуалдық әлеуметтік жүйеге сүйенеді. Ұзақ уақытқа шыдайтын берік әлеуметтік жөне саяси институттар құруға батырлар қабілетті емес. Оның мысалын Атилланың өлімінен кейін батыс ғұндардың құлауынан байқауға болады. Қазақ мәдениеті дәстүрлі кезеңінің өзіндік санасының үстем формасы батырлық эпосы болып табылады. Эпос әлемі әдетте дәстүрлі. Онда қиын-қыстау ахуалдардағы жүріс-тұрыс қалыптары (агрессияны тойтару, стихиямен күрес және т. б. ) көрініс табады. Эпикалық дәстүрлі кеңістік мынадай оппозицияға негізделеді: «біздікі жоне біздікі емес (бөтен) », «достар - дұшпандар». Және бұл белгілі бір формаға ие болады. Мысалы, қазақтың батырлық жырларында шексіз дала «біздікі» деп есептеледі және оның ар жағында жау бар деп саналады. Батырлық кезең әрқашан да оқиғаларға толы, қиын-қыстау ахуалдарда ол қоюлана түседі. Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде реликтілік (сақталу) және динамикалық (өзгермелі), архаикалық (көне), актуалды (өзекті) жәнс футуристік (келешекті) деп бөлуге болады (Л. Н. Гумилев, А. Тойнби) . Бұл жерде біз моральдық бағалауға ұмтылмаймыз. Мысалы, тоталитарлық жүйеде утопиялық болашаққа (коммунизмге) бола бүгінгі күн құрбан болатын. Және қазіргі кейбір саясаткерлер де күйзелген халықты былайша жұбатады: «Шыдай тұрыңдар, нарық деген жарқын болашақ орнайды». Алайда, әдетте болашаққа бағдар ұстанған динамикалық жүйелер өміршең болып келеді. Уақыттың өткен шактан бүгінгі арқылы болашаққа қарай ағатыны сияқты жаңашылдық мәдениеттер де үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін.
Зсрттеу объектіне қайта оралайық. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті утопиядан бас тартып, антиутопияға бағдар ұтанғанын тарихи талдаулар дәлелдейді. Қаһармандық ғасырларға қарамастан «Гүлстан» және «Жерұйық» идеяларын «Зар заман» идеясы алмастырды. Қазақ утопиясы өз бастауын Шыңғыс тұқымдарының номадалық ұлыстары дағдарысы кезеңінен алады. Бұл идеяның классикалық көрінісі «Бірінші қазақ философы» Асан қайғы (Ш. Уөлиханов) шығармаларында орын алады. Асан «Жерүұығы» өзінің амбиваленттілігімен сипатталады: «жұмақ бағы» Тәртіп пен Хаостьвд, адам мен табиғаттың, өлім мен мәнгіліктің, дәстүр мен жаңашылдықтың жарасымдылығы болып табылады. Тарихи тағдырға орай және саясатта көрініс табады. Мысалы, Германияда архаизм көрінісі ретінде - тевтонизм мен таза арийлік идеяны жандандыру, Израильде әлі тіл - ивритті тірілту, Үндістанда санскритті тірілту сияқты талпыныстарды айтуға болады. Дәстүршілдік дүниетаным тірі жүйелерді ұйымдастырудың фундаментальды принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша тұйық жүйелер дегенерацияға ұшырайды. Росс Эшби кибернетикасы жабық және қатаң жүйелерде энтропия ұлғаяды және коллапс туады деп түжырымдайды. Қазақстандағы азаматтық қоғамды рулық-тайпалық басқару мен хандық билікке алмастыруға, исламды тәңірішілдікпен және шаманизммен алмастыруға т. б. шақырған ұстанымдарды архаизм ретінде бағалауға болады.
Әрбір халықтың рухани мұрасында әлемдік мәдениеттің жалпы қазынасын байытатын құнды ойлар болатыны белгілі. Халықтың бай рухани мұрасын зерттеу тек осы мәселемен айналысатындар үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар бүгінгі күн адамдарының өзара адамгершілік қатынастарын дұрыс пайымдау" үшін де қажет, болашақта адамзаттың адамгершілік үдерісі заңдарын дүрыс түсінуге де көмек береді. Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Біз бұл жерде белгілі философ О. А. Сегізбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығы дамуы барысындағы үш кезеңге бөлінген жіктемені келтіреміз:
а) шартты түрде жыраулар дөуірі деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы) ;
ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы) ;
б) ақындардың өзіндік сайысы - айтыстың пайда болуымен
байланысты кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы) .
Асан қайғы (XV ғ. ), Қазтуған жырау (XV ғ. ), Доспанбет жырау (XVI ғ. ), Шалкиіз (1465-1560), Ақтамберді (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819) және т. б. -өз дәуірінің философиялық идеалдарын білдірген ойшылдардың бүтіндей бір шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш-жігерді қорытты. Кез келген даму идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендігі белгілі. Осыған орай біз ақын-жыраулар дүниетанымы қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдік. Өйткені, олардың өздерін де, шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып отырдұы. Олардың қатарына ертетүркі әдеби ескерткіштерін, дала тайпаларының әлеуметтік-саяси, адамгершілік, философиялық көзқарастарының белгілі дәрежеде квинтэссенциясын білдіретін мақал-мәтелдер түріндегі халық ауыз әдебиетін жатқызуға болады. Дүниетаным қалыптасуына исламға дейінгі және ислам діндері де үлкен ыкпалын тигізді. Адам жанын ашылған кітаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да, рухани түрғыда да байланысты болған бізге белгілі және белгісіз данышпандар шығармашылығындағы уақыт жібінің сабақтастығы дәл осындай өлшем арқылы айқындалады.
Ақын-жырау көзқарастары калыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бірі ертетүркі жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткіштердің тас тақташалар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгілі. Бізге дейін жеткен санаулы ертетүркі жазбасы мәтіндерінде түркілердің ата-бабаларының жоғарғы адамгершілік қасиеттері туралы этикалық мәселелер молынан кездеседі. Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркіндігі мен төуелсіздігін сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірінен саналатын Орхон-Енисей жазбаларында өте өткір қойылуымен ерекшеленеді.
Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегі түркілердің әлемге деген көзқарасын, олардың идеалды өткен шағының толық картинасын түсінуге және оны жоғары адамзаттық қасиеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жазба авторы түркі қағанаты құлауына әкелген олардың өміріндегі өзгерістер себебін ата-бабалардың қалдырған өсиетінен ауытқудан көреді. Қағанаттың күші мен құдіреті қағанға адалдықпен, аристократия бірлігімен сипатталады. Автор идеалды батыр-қағанға қажет міндетті этикет қалыбын ұсынады:
- түркі халқының заңы мен мемлекетін қүру және қолдау;
- дүниенін, төрт бұрышындағы халықтарды басу және қолдау;
- дана және батыл қаған болу. Орхон жазбаларында қаған-ды «көктен жаратылған» деп атайды.
Түркілердің шынайы тарихын ертетүркілердін сына жазуымен салыстырғанда, оның ақиқаттылығы мәтіндердегі сипаттаудан анағұрлым бай және алуан түрлі болғандығы аңғарылады. Бұл жазбаларда өз дәуірі үшін қажет идеалдарды, моральдық кодекстерді, яғни өзара кырқысқа жол бермей, ата-баба жолымен мемлекеттің құдіреті мен тұтастығы идеяларын ғана автордың жариялауға мүмкіндігі болды. Халық өз батырларын даңққа бөледі, соғыста да, бейбіт уақытта да батырлық адамның жағымды адамгершілік қасиеті ретіңде жоғары бағаланды. Батыр болу ерте түркі қоғамында ең жоғарғы өлшемдерге лайықтылықты білдірді.
Ертетүркі қоғамында қалыптасқан адамгершілік көзқарастар біздің ата-бабаларымыздың белгілі бір мораль мәселелері бойынша ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарынан байқалатын ойлау деңгейін салыстыруға, адамгершілік дамуындағы сабақтастықты анықтауға мүмкіндік береді. Ақындардың рухани ойы қалыптасуының келесі бір маңызды идеялық бастауы шаманизмнің (бақсылықтың) діни-этикалық концепциясы болып табылады.
Шаманизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық қолданыста да әр түрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар немесе оның ізбасарлары арқылы негізі қаланған діндердің көпшілігімен салыстырғанда шаманизм ертерек пайда болғанына қарамастан, халық дүниетанымы негізінде табиғи, тарихи жолмен қалыптасқан дін болып саналады. Онда адамның қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен байланысты ерте діни жоне мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады.
Шаманизм адамзат қоғамы дамуының ерте кезендерінде материалдық өмір мен ұжымдық сананың жалпы зандылықтары шеңберінде табиғи жолмен пайда болып, қалыптасты. Шаманизм ұрпақтан ұрпаққа ауызша жөне визуалды дәстүр арқылы жсгкізіліп сақталды және бүл бүгінгі ұрпаққа осы дін туралы белгілі бір түсінік болуына мүмкіндік береді. Қазақтар мұсылман болғанымен дөстүрлі шамандық наным-сенімдерін, ертетүркілерден тарайтын Тәңіріге, Ұмайға, Жер-Суға табынушылықтарын сақтап қалды. Қазақ шамандары (бақсылары) өздерінің құрбандық шалу рәсімін мұсылман пайғамбарлары мен өулиелеріне жалбарынудан, мұсылман сүрелерін оқудан бастады және аяқтады. Ш. Уалихановтың айтуынша «Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігі, өмір мен өлім мәселесі жөне адамның табиғатқа қатынасы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты және өлген адамдар рухын қастерлеуді тудырды».
Шаманизмнің культтық (табынушылық), ғұрыптық (ритуалдық) ерекшелігіне кеңінен тоқталмай, біз оның маңызды қырына - моральдық-этикалық, адамгершілік-тәрбиелік қырына көңіл қоямыз.
Қоршаған табиғат - оған бағыштылыққа орай діни сезім тудыратын бастапқы нәрсе. Табиғатты бейнелеу барлық тайпалар мен халықтарда заңды және универсалды құбылыс болды. Ол адамдардың бастапқы дүниетанымын бейнелейтін мифологияның, фольклордың, діни түсініктердің өзгешелігін тудыратын қоғамдық сана дамуының кезеңі ретінде қарастырылады. Бақсылар бүкіл өзінің табынушы құралдарымен адамның құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы идеясын орнықтырды. Жекелеген адам тағдыры, оның өмірі, денсаулығы, материалдық игілігі рухтар мен құдайларды пір тұтуға тәуелді болды.
Ендігі жерде, отбасылық тұрмыс жағдайында адамның рухтар мен құдайларға қатысты жүріс-түрыс ережелерінің кейбір түрлерін қарастырған орынды. Бүл әсіресе отбасы ошағын білдіретін от-ана қүдіретін пір тұтуға байланысты тыйымдарды қамтиды. Жалпы отқа табыну түркі халықтарына ғана емес, Азияның моңғол немесе иран халықтарына және өзге халықтарға да тән универсалды құбылыс. Қазақтардағы отқа табыну жоғарыда аталған от-ананы құдірет тұтумен байланысты. Кейде «от-ана» өзін құрметтемегені, пір тұтпағаны үшін жазалаушы әрекетімен де көрінеді. Отты бүлдіруге, яғни оған қоқым лақтыруға, өткір темір заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлді басуға және т. б. тыйым салынады. Отқа күн сайын шаңырақ иелері коректенетін тағамынан ауыз тигізіп отыру да міндетті саналады. Тіпті үй ошағынан шыққан күлді де адам мен мал баспайтын жерге төгеді. Бүл тәртіптер мен қалыптар бұзылса, от құдайы бұл үйдің иелерін зұлым рухтан қорғамайды, әр түрлі аурулармен жазалайды, кейде тіпті белгілі бір заттарды, үйді өртеп те жіберетін. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын білдірді, сондықтан онан кейін кұрбандық шалынып, қүдайға жалбарынып құлшылық етеді.
Осылайша, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткіші, зұлымдықтың қарсыласы ретінде барлық түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақпен қатар, табалдырық та қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе есікті керуге болмайтын еді, өйткені онда үйді қорғайтын есіктің иесі орналасады. Ол да бұл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жіберу арқылы жазалай алады.
Азиялық көшпенділердің табынушылық өмірінде Аспан құдайының (көктің) рөлі мен маңызы ерекше болғандықтан Ж. П. Ру бүл діни нанымдарды Тәңірішілдік деп атады. Малшы көшпендінің табиғатқа толық бағыныштылығы құдіретті, тылсым күштерді қастерлеуге, әулиелендіруге әкелді. Қазақ көшпенді барлық қайғы-қасіретгі, пәле-жаланы, ауру-сырқауды көктің жазалаушы күшімен ұштастырды және барлық үмітін де көк тәңірімен байланыстырды.
Қазақтар Айға, Күнге, отқа, суға, аспанға, Жерге табынды, оларды қасиетгі деп есептеді және соның нәтижесінде анттар пайда болды. Ант абырой жөне адалдықпен қатар тұтынылды. Антты бұзудан өлім артық болды (ең жаман қарғыс - «ант ұрсын») . Қарғыс адамның басына бақытсыздық әкеледі деген сенім пайда болды. Халық бүгінгі күніне де өзінің жек көрушілігін қарғыспен, сүйіспеншілігі мен игі тілегін батамен білдіреді. Адамды тәрбиелеуде, оны қайырымды істерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды аулақ ұстауда батаның рөлі өте зор.
Адамдар казіргі күні де қайғы-қасіреттен құтылу осы өмірдегі қайырымды қылықтар мен игілікті істер арқасында деп пайымдайды. Сондықтан да бата орындалды деп түсінеді. Мазмұндалған бұл материалдан жер бетінде игілікті өмір сүрудің жалғыз жолы рухтар мен қүдайлар алдындағы бағыныштылықты уағыздайтын дін ретіндегі шаманизмнің идеологиялық мөні айқын көрінеді. Оның тағы бір ерекшелігі, адамдардың бұл өмірдегі әр түрлі қылықтары мен қылмыстары, сондай-ақ, жақсылықтары оның өлгеннен кейінгі тағдырына әсер етпейді.
Шаманизм қарапайым малшылардың діни санасында терең жөне берік орын алған. Шаманизмге тән мәнді белгі ретінде оның діни мәнділігі жазбаша түрде сипатталмағанына және насихат түрінде уағыздалмағанына қарамастан, тарихи тұрғыдағы тұрақтылығын да айтуға болады. Ол отбасылық және рулық-тайпалық деңгейде ұрпақ арасындағы үздіксіз байланыс жолымен жалғасты. Оның маңызды себептерінің бірі көшпенділер өмірінің ерекше экономикалық жағдайымен сипатталады. Шаманизмнің моральдық-этикалық түсініктері ақын-жыраулардың адамгершілік көзқарастары қалыптасуы мен дамуына тікелей ықпал етті, бұл олардың шығармашылығынан айқын аңғарылады.
Ақын-жыраулардың этикалық көзкарастары қалыптасуына ықпал еткен маңызды идеялық, бастаулардың бірі исламның діни-этикалық концепциясы болды. Қазақ қоғамында патриархалды-феодалдық дәстүр үстемдігі жағдайында мұсылмандық фанатизмнің рөлі төмен болды. Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейін қазақтар Төңіріге (аспанға) табынды. Тарихшылардың бірауызды пікірінше, Орта Азияның отырықшы халықтары 713-714 жылдары арабтарға толығымен бағынды
Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершілік туралы ілім де болып табылады. Ислам Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, шетелдік Шығыстың бүтіндей бірқатар елдерінің ізгілікті дамуына ықпал етті және ықпал етіп келеді. Жалпы исламның этикалық ойы исламның өмір сүру тәртібін аныктайтын идея ретінде осы дін пайда болғанынан бері өмір сүріп келеді. Бірақ теологиялық-этикалық жүйе түріндегі бүл ойдың қалыптасуына мұсылманшылықтың негізгі деректері - Құран мен Суннада көрініс табатын мұсылмандардың моральдық қалыптары жинағы әсер етті. Исламдық этикалық ой сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретінде сүйене отырып, мұсылман қоғамының тәрбие принциптеріндегі қажеттіліктерін өтей алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz