Жеке құжаттардың адам өміріндегі маңызы мен жазылу мақсаты


КІРІСПЕ
1 Құжаттардың түрлері және оларды жіктеу
1. 1 Құжат түрлері
1. 2 Жеке адамдардың құжаттары
Әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қажет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында кызмет етуі және соған орай іс қагаздарының қазақша жүргізілуі.
Іс қағаздарын жүргізу - басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Меқемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі.
Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыста, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындауын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Бұл курстық жұмыс құжаттардың түрлерін, оларды дұрыс жіктеуді және жеке құжаттарды қарастырады.
- Құжаттардың түрлері және оларды жіктеуҚұжат түрлері
Қүжаттың маңызды
Қазақ тілінің сөздігінде «қүжат» деген сөзге құжат-белгілі бір жайда я фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы, деген түсінік бірілген.
Құжаттыңтарихы, заңдылық. Саясы. экономикалық мәні болуы мүмкін, Құжат мемлекеттің, қаланың, кәсіпорынның, ұйымның тарихын жазуға негіз бола алады. Сонымен бірге қажат куәландыру, дәлелелдеу құрылалы да бола алады. Мекемелер және жеке азаматтар құжатты негізінен осы мақсатта пайдаланады. Мекемерерде құжат ақпаратпен алмасудың құрамі ретінде қолданылады, еңбек құралы және еңбектің нәтижесі де мекемелерде құжат болып табылады. Құжаттың көмегімен мемлекеттік өкіметтің басқару қыызметті жүзеге асырылады. Мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда құжат түрлі жолдармен жасалады: қолмен жазылады, машинада басылады, телефон, телефон арқылы алынады, фото күйінде т, б. болады
«Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі мағынасы бар: 1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ; 3) бір нәрсс туралы жазбаша куәлік.
1. 2 Жеке адамдардың құжаттары
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
- өмірбаян
- түйіндеме
- жеке іс парағы
- визит карточкасы
- өтініш
- арыз
- мінездеме
- кепілдеме
- кеден мағлұмдамасы
- жеделхат
- Өмірбаян.
Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А. С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
- Түйіндеме(Резюме)
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- аты-жөні;
- туған жылы, күні, айы, туған жері;
- ұлты;
- жынысы;
- мекен-жайы, телефоны;
- отбасы жағдайы;
- азаматтығы;
- білімі;
- бітірген оқу орындары;
- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
- тілдік дағдылары;
- компьютерлік сауаттылығы;
- жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т. б. )
- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б. ) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т. б. )
3. ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1. Тегі Аты
Әкесінің аты
2. Жынысы
3. Туған жылы, айы, күні
4. Туған жері
5. Ұлты
6. Әлеуметтік тегі
7. Білімі
ауыл, аудан, қала, облыс
Азаматтығы
Диплом бойьшша мамандығы.
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.
8. Қандай тілдерді білесіз, қандай дәрежее
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ^
10. Ғылыми еңбектері және өнертабыстары
11. Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы.
12. Шетелдерде болуы __^^__^_^___
13. Сайланбалы орындарға қатысуы
14. Мемлекеттік наградалары _^___
15. Әскери қызметке қатысыәскери атағы
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі) ^^___^__^__
17. Мекен-жайы
Толтырылған уақыты Қолы __^^___^^__
- Визит карточкасы
Визит карточкасы - жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасы КЕДЕН МАҒЛҰМДАМАСЫ
Кеден мағлұмдамасы - мемлекеттің Әділет Министрлігімен тіркелген, оның қойған талаптарына сай жасалған, кеден арқылы өтетін жүк туралы ақпаратты (тауар туралы, жүк туралы, құндылықтар туралы, валюта т. б. туралы) мәлімет беретін құжат. Кедендік мағлұмдама жүк беруші адаммен толтырылады да жүктің мемлекеттің шекарасынан қабылданған ережеге сай өтуін бақылайтын құзіретті кеден органдарына беріледі. Кеденге тапсырылатын жүк туралы берілген мәліметтің толықтығына, дұрыстығына жауапты болып кеден мағлұмдамасын толтырушы саналады. Мағлұмдамада көрсетілмеген және кеденнен рұқсатсыз өткізілген жүк кәмпескеленеді.
Кеден мағлұмдамасының бірнеше түрлері болады. Олардың негізгілері: Валюталық мағлұмдама, Кедендік баға мағлұмдамасы, Жүк мағлұмдамасы, Кедендік транзит мағлұмдамасы, Халықаралық Кеден мағлұмдамасы т. б.
16 жаска толған әрбір түлғаға толтырылады. Қажетті жауап сай келетін рамкада V таңбасымен белгіленеді. Уакытша кіру/шығудын, толық уақыты бойы сақталады. Жоғалтылган жағдайда жаңартылмайды
6. Ө Т I Н I Ш
Өтініш - азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын , жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:
- жұмысқа қабылдау
- жұмыстан босату
- басқа жұмысқа ауыстыру
- кезекті демалыс сұрау
- кезектен тыс демалыс сұрау
- материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т. б. туралы сұрау
- жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т. б.
7. Арыз.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс . Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.
Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.
Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.
1. 1. Арыз (өтініш, кейде шағым) .
Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz