ҚР-ның геосаяси мүдделері



Жоспары :
I. Геосаясат түсінігі.
II. Қазақстанның геосаяси жағдайы
2.1 Жаңа шетелдер географиясы
2.2 Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық
2.3 Қазақстанның геосаяси жағдайы
III. Қазақстанның сыртқы саясаты.
Пайдаланылған әдебиеттер
I Геосаясат түсінігі.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады . Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды . Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861 -1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде - кім Орталық Азияға билік орнатса , Еуразия континентіне билік етеді , ал кім Еуразия континентіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық Азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді . 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан , Қырғызстан , Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен , бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын.
Пайдаланған әдебиет
1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.
2. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
4. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: « Қазақ энциклопедиясы », 2011.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары :
I. Геосаясат түсінігі.
II. Қазақстанның геосаяси жағдайы
1. Жаңа шетелдер географиясы
2.2 Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық
2.3 Қазақстанның геосаяси жағдайы
III. Қазақстанның сыртқы саясаты.
Пайдаланылған әдебиеттер

I Геосаясат түсінігі.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті
қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып
табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және
қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын
көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи
жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси,
экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады . Евразия
континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең
маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие
болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан –
солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия
бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-
бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды . Атақты Британ ғалымы сэр
Хэлфорд Маккиндер (1861 -1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір
ұсынған болатын. Кімде - кім Орталық Азияға билік орнатса , Еуразия
континентіне билік етеді , ал кім Еуразия континентіне билік орнатса, онда
ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық Азияның ғаламдық геосаяси
қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді . 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы
нәтижесінде Қазақстан , Қырғызстан , Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан
мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен , бұлардың халықаралық саяси
және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына
қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері
басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы
11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді . Бұл шабуылдан соң АҚШ
Ауғанстанға әскер енгізді , нәтижеде Орталық Азия аймағы антитеррористік
шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне
аударды.
Мистикалық - нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм
айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет
геосаясат ұғымын қолданды Геосаясаттың түп атасы - неміс географы
Ратцель . Оның ұлт тарихы лебенераумға — өмір сүру кеңiстiгiне қарай
қалыптасады дейтін идеясын кейін доктор Карл Хаусхофер дамытып, осы негiзде
Мюнхен университетi жанынан Геосаясат институтын құрған (
институт Туле ложасының жариядағы ресми бүркемесi , ал Хаусхофер
ложаның көрнекті мүшесі еді ). Доктор герман жастарын бағзыда арий нәсiлi
мекендеген Азияға баруға үндедi . Хаусхофер тевтондық Дранг нах Остен (
Шығысты , славян жерін басып алу) ұранын көтерді деген сөз, тегінде ,
кейiнгi антифашистік насихаттың жанынан шығарып жүргенi . Байқағанға , Туле
мүшелері алғашқыда немістер Шығысқа , Азия жеріне ағылшындармен күш
бiрiктiрiп баруы керек деп есептеген. Сол себептi нацистер басында Англияны
әлемдiк держава ретiндегi қуатынан айырмауды құнттады. Егер Англия немiстiң
Орталық Еуропадағы ықпалының күшеюiне кедергi келтiрмесе , немiстер
ағылшындардың Үндiстан беттегi қимылына бөгет жасамауға мақұл едi.
Кейiнiрек Хаусхофердiң бел шәкiртi Рудольф Гесс жасаған жоспар бойынша
Германия Польша мен Обь аралығына, ағылшындар Обь — Лена аралығына ,
американдар Лена мен Охот теңiзi аралығына иелiк етуi тиiс едi. Бұл
жоспарда Орта Азия аймағы жоқ. Ол заман ағылшындар Үндiстан пен Ауғанстанды
тұтқынында ұстағаны мәлiм, демек кейiн сөз жүзiнде өзiн өзi дербес
басқарады делiнген Тұтас Тұранды (Гросстүркiстан) геосаясат тiлiнде Орталық
Азия деп аталған зор аумаққа ағылшын ықпалымен кiргiзу жоспарланғанын
көремiз. Ұлыбритания Германияға соғыс жарияламай тұрып, 1939 жылы Герман
Геринг фюрерге Англияға қонақ болып ұшып барғысы келетiнiн бiлдiредi.
Гитлер негiзiнде қарсы болмаған. Бiрақ кейiн Герингтiң орнына Гесс ұшты.
Хаусхофер жоспары сонда ғана белгiлi болды. Бiрақ бұл кезде нацистер
Англияға басып кiру үшiн жасалған Теңiз арыстаны жоспарынан айнып, КСРО-
ға шабуыл жасаудың Барбаросса жоспарына кiрiсiп кеткен едi.
Қайбір тәуелсіз мемлекет өзінің дүниеге келуімен бірге саяси дүниеден
өзінің орнын ала отырып, айналасымен қарым-қатынастық алуан дәйектейтіні
бар. Саяси айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз
ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі болғандықтан,
оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан бұл жайт Қазақстан
жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар. Жалпы, Қазақстанның болашақ
ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси
айналасын былайша кейіптеген жөн:
- экономика жағынан еуроазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса
икемділігі, жастығы кепіл;
- географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс,
оңтүстік-солтүстік көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны
куә ;
- этнодемографиялық жағынан – түркілік қарашаңырақ, оған тарихта,
объективтік жағдайда, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да
итермелейді ;
- діни сенімі жағынан – дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса
жақтаспайтын зайырлы мемлекет.
Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырден бастап сыртқы
ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн.
Қазір саясат әлемінде геосаясат деген ұғымның пайда болғаны
белгілі. Бұл саясаттанушылар мен тарихшылар және басқа да ғалымдар үңіле
зерттеп, ден қойып отырған ғылыми сала десек те болады. Тақырыптың өзегі
өміршең және ауқымды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар мен оқиғалар
өзінің шынайы себеп-салдарының, оның орын алуының мәнісімен жан-жақты
зерттеуді және әлем өңірлеріндегі өзіне тән, одан тыс ерекшеліктерді
мұқият зерделеп, салыстыра қарап, ой топшылауға жетелеп отыр. Қазақстандық
саясаткерлер мен ғалымдардың да назарын аударған мәселеде соны ізденістер
бар.
  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов осы
орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Секретариатының
жауапты қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат
Шайхутдиновтің “Геосаясат, жаһанданушылық және ұлттық қауіпсіздіктің
теориясы: әдіснамалық және қолданбалы аспектілері”, “Қазақстан және Ресей
жаңа геосаясат түйістерінде”, “Геосаясат: тарих, теория, тәжірибе. І-том,
Батыстың геосаясаты” деп аталатын үш бірдей кітабымен – ғылыми-зерттеу
туындысымен және аталмыш институттың бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар
докторы Мұрат Лаумулиннің “Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік
геосаясатта. І-том, Орталық Азия мен Қазақстан қазіргі саясаттануда” деген
кітабымен таныстырды.
  М.Шайхутдинов пен М.Лаумулин геосаясат үдерісі жағдайында көп
айтылып, көп жазылып жүргенін еске сала келе, Қазақстанның әлемдегі орны,
арғы-бергі тарихындағы және бүгінгі күнгі даму кезеңіндегі рөлі жайында
шетелдік саясаттанушылардың көзқарастарын салғастыра қарау қажеттігін
айтты. Бұл ғылыми еңбектерде әлемдік саясаттануды ой көкжиегінің аясында
талдау, айқындау және тұжырым жасау тұстары барынша қамтылған. Сондықтан да
бұл зерттеу кітаптарының құндылығы бірден көзге шалынды. Орыс тілінде
жазылған еңбектердің қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жету қажеттілігі де
ойға оралды.
“Дөңгелек үстелге” қатысушы саясаттанушылар мен ғалымдар бұл ғылыми
еңбектердің бағалы жақтарын атап өтіп, қазіргі геосаяси жағдай туралы өз
ойларын ортаға салды.

II Қазақстанның геосаяси жағдайы
2.1 Жаңа шетелдер географиясы.

1991 жылы соңында 15 республикадан тұратын алып мемлекет - Кеңес
Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты.Оның кең-байтақ аумағында Қазақстаннан
басқа 14 егеменді мемлекет пайда болды. Олардың барлығы біздің елге катысты
алғанда шет елдік мемлекеттерге айналды.Осылайша жаңа шетел термині пайда
болды. Бір тұтас мемлекет құрамында өмір сүруден бірге, бірақ жеке-жеке
өмір сүруге өту үшін 1991 жылы 8
желтоқсанында Ресей, Украина, Белар усь Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы (ТМД) құрылғанын жариялады. 22 желтоқсанда Қазақстанның
астанасы Алматы қаласында жаңа шетелдер президенттерінің кездесуі өтті.
Онда ТМД-ның құрамына құрылтайшылар (негізін салушылар) құқында 
Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Қыр ғызстан, Молдова,Тәжікстан, Түрікме нстан 
жәнеӨзбекстан қосылды. 1993 жылы Достастық құрамына  Грузия кірді ( 2008
жылы - ТМД-дан шығатыны жөнінде мәлімдеді ). ТМД құрамындағы бұл 12 ел
жақын шетел деп атала бастады.Бұл жерде арақашықтықтың қатысы жоқ , олар
көп мәселелер бойынша бір-біріне өте жақын. Ең алдымен оларды тарихи
тағдырластық , ұзақ уақыт бір мемлекет құрамында болу, қазіргі уақытта
шешілетін мәдени және экономикалық мәселелер ұқсастығы байланыстырады. Елде
біртұтас халық шаруашылығы кешені құрылды. Республикалар арасында еңбек
бөлінісі мен экономикалық байланыс қалыптасты. Оларды біртұтас көлік тік
және энергетикалық, жүйелер, жекелеген сипаттағы,атап айтқан да туыстық,
ғылыми және мәдени тұрғыдағы мың сан байланыс тар біріктірді.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тығыз
экономикалық жақындасуға (интеграцияға) ұмтылды.Олар алдымен Кедендік Одақ,
кейінірек - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық немесе (ЕурАзЭҚ) құрды
(2002 жылы) . Осылайша еліміздің президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Еуразиялық
Одақ құру жөніндегі көзқарасы біртіндеп жүзеге асып келеді. ЕурАзЭҚ құрылуы
ынтымақтастықтың мүлдем жаңа біртұтас экономикалық кеңістік құруға өту
кезеңін көрсетеді.

ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы
(ҰҚТКҰ) қамтамасыз етеді.Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҰҚТКҰ - ның кез
келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады. Ол үшін ұйымда барлық қажетті
жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық қалқаны да бар.

2.2 Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. Тәуелсіз Қазақстан
Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды.
Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, 
саяси және экономикалық қарым - қатынастарда аймақтық, субрегионалдық
құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы
қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы,
экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты
Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы
елдермен қауіпсіздігін, егемендігін , аумақтық тұтастығын құрметтеу
қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтық
мемлекет ретінде танытты .

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-
қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің
экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сәйкес, ядросыз
 мемлекеттер қатарында Қазақстан Я дролық қаруды таратпау жөніндегі
Келісімге қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық
қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ.
Ендігі бірден-бір шешім - ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш
мемлекеттің - Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар
жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға
Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлеке ттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы
оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның тәуелсіздігі,
дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық
державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млн доллар алды. 1995
жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан
әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең
соңғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық
өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау,
бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі,
бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық
экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан
өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

• АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес —
1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл
ұйымды қолдап сөз сөйледі.
• Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындағы Мәскеуге сапары кезінде Н.
Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
• 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас
ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзір байжан, Қазақстан, Ауғанстан, Қырғы зст
ан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан  мүше болды.
Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-
экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді.
Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит
 аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік
экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік
рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық
байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандану үдерістері
халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан
жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың
көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) - (Еуропадағы кауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру
банктері, Халықаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі
халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰ БА) 46-сессиясында
Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі қарарға қол
қойылды.Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып,
Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау
көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына
қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке
айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы Халықаралық ынтымақтастық
және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Орталық азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты негізі
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Пәндер