Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны нығайту мәселелері және оны шешудің жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ3

БӨЛІМ 1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ4

1. 1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі4

1. 2 Дүниежүзілік валюта жүйесі6

1. 3 Валюта бағамы. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар8

1. 4 Валюта бағамын реттеу құралдары9

1. 5 ҚР-сының Ұлттық валютасы. Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау11

БӨЛІМ 2. ҚР ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЗАҢЫ. ҚР-СЫНДА ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ18

2. 1 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы18

2. 2 Валютаны нығайту үшін ақша айналысын басқару21

2. 3 Валютаның тұрақтылығын сақтау және нығайтуға бағытталған саясаттың құралдары23

ҚОРЫТЫНДЫ26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ27

ҚОСЫМША (А) 28

ҚОСЫМША (В) 29

ҚОСЫМША (С) 30

КІРІСПЕ.

Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады. Оны енгізу жылдам әрі бар болғаны бес күн ішінде жүрді. Сөйтіп Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. Ал ұлттық валютамыз енгізілген күн қаржыгерлер мерекесі ретінде аталып жүр.

Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңгелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен жасалған) құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.

Теңге алғашында Ұлыбританиялық «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноттар шығаратын фабрикада басылып шықты.

Ендігі кезекте ұлттық валютаның құнын ұстап тұру, құнсызданудың алдын алу, оны нығайту мәселелері күн тәртібінде тұр. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ҚР-сының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны шығару, оның бағамын белгілеу, тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-кредит саясатын жүргізу міндеттерін атқару Ұлттық Банкке жүктелген. Ұлттық Банк бұрынғы мемлекеттік банк негізінде құрылғаннан бері ұлттық валютаны нығайту саласында өнімді іс-әрекеттер жасап келеді.

Осы жұмыста ұлттық валютаны нығайту барысында елімізде атқарыл ып жатқан істерге тоқталғанды жөн көрдік.

БӨЛІМ 1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ.

1. 1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесіде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастырула. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасы болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама - қарсы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысыты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң, «Банк және банк қызыметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы заң, сонымен Қазақстан Республикасиның Президентінің Жарлықтары жатады.

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, алтын және басқа металдарды республикаға әкелу және алып кету, жібіру тәртібін белгілеу болып табылады. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

- Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;

- Қазақстан Республиасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай - ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай - ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

ҚР-ғы «резидент еместерге» жоғарыда республика «резиденттері» түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол:

  • шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;
  • резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
  • резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
  • ұлттық валютаның - теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай - ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
  • алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
  • халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы - валюталық және несие - есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
  • қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:

  • жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
  • резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай - ақ ҚР - ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

1. 2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.

Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір - бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: Әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықта да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе.
  • Дүниежүзілік валюталық жүйе.
  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық ең бірінші қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежүзілік валюталық жүйе - бұл халықаралық несие - қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді. [Қосымша (А) ]

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) - бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу - экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпке белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта - бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта - бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.

Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:

I кезең - жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

II кезең - жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең - толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

1. 3 Валюта бағамы. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар.

Валюта - бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы болады . Влюта тауарының бағасы - валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бійлігін қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа; ылығы. Валюта бағамының негізгі рөлі:

1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін баскшварға айырбасталу кажеттілігімен ;

2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен ;

Фирмалардың, банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.

Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :

- валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;

- елдің төлеу қабілеттілігі;

- төлем балансының сальдосы ;

- инфляция.

Бұлардың ішіндегі маңыздылары:

- инфляция екпіні;

- пайыздық қойылымның өзгеруі ;

- елдің төлем балансы ;

- ұлттық табыс ;

- жағдаятты факторлар .

Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды эсер етеді. Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.

Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады. Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын ұстауы өте табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.

Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды эсер етеді. Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады. Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.

Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.

Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

1. 4 Валюта бағамын реттеу құралдары.

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар :

- валютаның еркін айналымдағы бағамы ;

- тағайындалатын валюта бағамы.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :

- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.

- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.

- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарларын түлынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.

- салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нэтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.

- алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында :

1. Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар;

2. Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қаупі бар ;

3. Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.

Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.

Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:

- белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

- сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.

- түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске

қарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:

- резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен эсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.

- сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.

- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.

- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысындағы проблемалары және қиындықтары
Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясаты
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
Қазақстандағы валюталық реттеу
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Валюталық саясат
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері. 1905-1907 жж. Қазақ депуттары Ресей империясының I – II Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Валюта нарығы және валюталық операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz