Кеңес өкіметінде саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы



Мазмұны
1 Мәдени революцияның мақсаты
2 Мәдени революцияның міндеттері
3 Сауатсыздықты жою
4 Әліпбиді өзгерту
5 Мектептік білім
6 Пайдаланылған әдебиет
Мәдени революцияның мақсаты

Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.

Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.

Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мәдени революцияның мақсаты

Мәдени революцияның жүзеге асырылуы -- социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.

Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.

Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.

Мәдени революцияның міндеттері

Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:

жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;
кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін -- театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру;

жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.

Осылайша 1920 -- 1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз -- түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан -- шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан -- халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.

Сауатсыздықты жою

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.

Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

1919 -- 1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:

халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық Сауатсыздық жойылсын қоғамының бөлімшесі құрылды. Сауаташқыш газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.

Әліпбиді өзгерту

Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.

Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:

жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;
өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;
түркі жазуын реформалау.

1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау жүйесінің түсінігі
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Алаш қозғалысының қайраткері – Жанша Досмұхамедов
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Жаһанша Досмұхамедов
Эссе-шығарма «саяси процесс»
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
Левиннің зерттеулері
Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары Республика зиялылары қызметін зерттеудегі дерек көзі
Пәндер