Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

577389 (1)dksd.png «Менеджмент» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі»

Орындаған: Тойбазарова Ақмарал

Тексерген: аға оқытушы Альжанова А.

Мамандығы: Менеджмент 341

Алматы 2013

Мазмұны
: Кіріспе . . .
Мазмұны:
: 3
: 1
Мазмұны: Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
:
: 1. 1
Мазмұны: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері . . .
: 6
: 1. 2
Мазмұны: Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі . . .
: 8
: 1. 3
Мазмұны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылу тарихы, қызметі, міндеті, мақсаты . . .
: 10
: 2
Мазмұны:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі

кезеңдегі жағдайын талдау

:
: 2. 1
Мазмұны: Ұлттық Банк қызметінің тиімділігін талдау . . .
: 15
: 2. 2
Мазмұны: Ұлттық Банк менеджмент тиімділігін анықтаушы ішкі және сыртқы орта параметірлерін талдау . . .
: 19
: 3
Мазмұны: Ұлттық Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі
:
: 3. 1
Мазмұны: Қазақстан Республикасының банк жүйесін тұрақтандырудағы мәселелер . . .
: 25
: 3. 2
Мазмұны: Қаржы дағдарысы жағдайындағы банк жүйесін жетілдіру жолдары . . .
: 27
: Қорытынды . . .
Мазмұны:
: 31
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Мазмұны:
: 33

Кіріспе

«Инфляция деңгейін экономикалық өсім үшін қолайлы ұстау қажет. Бұл 2013 жылдан бастап Ұлттық банк пен Үкімет жұмысының басты бағыты», - деп Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Жолдауында айтып өткендей, елiмiз өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады [1] .

Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының даму тарихы қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Шетелде банктік қызметтің тәжірибесі Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде қалыптасып отырған жаңа шаруашылық жүйелердің үшін үлкен қызығушылықты көрсетеді. Жоғары монополиялы әкімшілдік-басқарушылық мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық сәттілікке, пайда алуға бағытталған несиелік бөлімшелердің жүйесі жеке ұжымдық меншікке негізделген қарқынды, икемді құрылымына өту жүргізіліп жатыр. Капиталдық нарықта тиімді жұмыс істейтін механизмін, коммерциялық құрылымда қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, несиелік жүйенің институционалдық құрылымының оптималды формаларын іздестіру жүргізіліп жатыр. Тұрақты, икемді және тиімді банктік инфрақұрылымды құру - Қазақстанда экономикалық реформалаудың маңызды тапсырмасының бірі [2] .

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің рөлі ерекше. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.

Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық [3] .

Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Ал біз осымен тоқтамай, банктік жүйені одан әрі дамытуымыз керек. Ол үшін банктік жүйе қызметтері туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы керек.

Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату дүниежүзлік қауымдастықта оның саяси және әлеуметтік рөлін нығайтудың негізгі шарты ретінде үздіксіз экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандық банктердің заманауи талаптарына беделді жауап бере алуы үшін басқарудың жетілген әрі тиімді жүйесі қажет.

Көптеген батыс және қазақстандық банктер жиылған ұжымы бар, қызметкерлері бар, қызметкерлері өз қызметіне беріліп атқаратын, иерархиялық кедергілер жойылған фирмалар табысты екеніне көз жеткізеді, өйткені осы жәйттерден фирманың материалды ауқаттылығы тікелей тәуелді. Қазіргі таңдағы басқарушы сыртқы орта жай-жапсарын, орын алып отырған ахуалды, банкпен еніп отырған жүйесінің қоғамдық құрылымын, жалпы мәдениеттің элементтердің белгілі бір мөлшерде игеруі, қарамағындағыларға үйренуі қажет. Заманауи басқару әдістерін меңгерген басқарушы банк мүмкіндіктерін бейімдеу мен басқару жүйесін жетілдіруге әрдайым алаңдауы қажет [4] .

Басқарудың заманауи тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде компанияның іс-әрекеті негізінде нақты адамды белгілейді және қызметкерді банктің ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор.

Курстық жұмыстың тақырыбы «Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі» деп таңдалу себебі - әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикада нарықтық қатынастардың дамуы міндетті түрде мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына байланысты болады. Ол саясаттың құрамына мемлекеттің ақша-несие саясаты, бюджеттік және валюталық саясаттары жатады. Ал бұл саясаттарды мемлекет банк жүйесі тарапынан атқарып отырады.

Бұл жұмысты орындау барысында алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттер келесідей:

  • Банктердің нарықтық экономикадағы рөлінің маңыздылығын ашып көрсету;
  • Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен басқару тиімділігін талдау;
  • банктегі менеджмент тиімділігін бағалаудың оңтайлы әдістемесі: нәтижелер бойынша басқару тұрғысынан сауалнама нәтижелерін талдау негізінде жоғары нәтижелікке қол жеткізудегі кедергі жасаушы факторларды анықтау;
  • Қаржы дағдарысы жағдайындағы банк жүйесін жетілдіру жолдары.

Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бұл тараулардың әр қайсысы өте маңызды, әрі ерекше.

Бірінші тарауда, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму сатылары және даму беталысы, банктердің нарықтық экономикадағы рөлі және де Ұлттық Банктің тарихы, қызметі, міндеттері мен мақсаты карастырылған.

Екінші тарауда, Ұлттық Банктің қызметінің тиімділігі мен Ұлттық Банктің менеджмент тиімділігін анықтаушы сыртқы және ішкі орта параметрлерін анықтау қарастырылады.

Үшінші тарауда, Ұлттық Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының банк жүйесін тұрақтандырудағы мәселелер мен оларды шешу жолдары, қаржы дағдарысы жағдайындағы банк жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылды

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.

Курстық жұмыстың құрылымы, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ұлттық банктің банк жүйесіндегі алатын орны мен рөлі

1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуының кезеңдері

Біздің еліміздің банк жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін шыққан банктік қызметті реттейтін бірінші заң пайда болуынан басталды деп айтуға болады. Қазақстанның банк жүйесінің қалып-тасуы мен дамуын төрт кезеңге бөлуге болады.

Бірінші (1988-1991жж) дайындық кезеңі. Бұл кезең банк жүйесінің қалыптасуының негізгі процестеріне дейін басталды, салалық банктер қайта құрылып елдің тәуелсіздігін алмас бұрын Қазақстанның банк жүйесі алты банк арқылы қалыптасты: Мемлекеттік банк, Сыртқы экономикалық банк, Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Кредсоцбанк және Жинақ банкі. Бұл мелекеттік банктер Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырудың негізі болды, себебі осылардың негізінде бірінші жеке коммерциялық банктер құрылды.

Екінші кезең (1992-1993 жж) банк жүйесінің жоғары инфляция жағдайларындағы (1992 жылы - 125%, 1993жылы - 2500%) сандық өсуімен сипатталады. Осы кезеңдегі өндіріс қатысушыларының алатын табыстары шығындардың өсуін жауып үлгермейтін. Елдегі қалыптасқан банк жүйесі Ұлттық банк тарапынан бақылаудың әлсіздігімен, банктік операцияларды лицензиялауға және банктік капитал көлеміне қойылатын талаптардың әлсіздігімен сипатталды. Осындай жағдайлар көптеген бір күндік банктердің пайда болуына себеп болды. Банктердің саны күрт өсіп 1993 жылы олардың саны 200-ден асып кетті. Екінші кезеңдегі келесі өзгерістердің бірі - Қазақстанның рубльдік аймақтан шығуы, яғни айналыстан кеңестік рубльдер шығарылып, ұлттық валюта - теңге еңгізілді. Сол уақыттан бері 15 қараша Қазақстандық қаржыгерлер күні болып саналады.

Үшінші кезең (1994-2003 жж. ) - Қазақстанның банктік жүйесінің дамуын-дағы ең ұзақ кезең болды. ҚР Ұлттық банкі банк құру бойынша талаптарды күшейтті (жарғылық капитал бастапқыда 500 мың. АҚШ доллары болып, кейін ол 2 млрд. теңгеге көбейді - жуықпен 15, 5 млн. долл. ), жарғылық капитал тек ақшалай құралдармен төлену керек болды және пруденциалдық (реттейтін) нормативтер еңгізілді. Мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі қызмет ете бастады. Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) - 2001 жылдың сәуірінде құрылды, еврооблигацияларды орналастырудан (қарыздық бағалы қағаздар) және республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген құралдарды орта және ұзақ қаржыландыруға бағыттады. Қазақстанның Даму банкінің тартылған ресурстары қарыз несиелер ретінде беріледі.

Мемлекет сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің иесі. Бұл несиелік институттың негізгі қызметі - ұзақ мерзімді әлеуметті мағналы жобаларды қаржыландыру.

Үш жыл ішінде бұл банкпен 50 инвестициялық жобалардан астам қаржыланды, жалпы сомасы 800 млн долл., жобаның орта мерзімі 9, 5 жыл және орташа салмақталған проценттік ставкаорта 9, 7% (орташа нарықтық 35-тен 21%-ке дейін) .

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2003 жылы құрылып тұрғын үй құрылысын орта және ұзақ несиелеу қызметін атқарады. Оның қызметі жинақтау-несиелікке негізделген, яғни салымшы банкте шот ашып және үйдің құнынан 50% - ті жинап, жетпеген сомаға несие ала алады.

Банк жүйесін ары қарай нығайтуға екінші деңгейдегі банктерді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіру Бағдарламасы бағыттады. Ол 1996 жылдың желтоқсанында қабылданды.

Бұл бағдарламаға сәйкес барлық қызмет жасайтын банктер 2000 жылдың аяғына дейін капитал жеткіліктігі, өтімділігі, активтер сапасы, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есеп деңгейіне байланысты халықаралық стандарттарға сай келу керек.

Бағдарламаны іске асыру жылдары банктердің саны қаржылық жағдайы төмен банктер есебінен тез қысқарды.

Депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қалыптасу кезіне Қазақстанның банктік және қаржылық жүйесі өзінің тұрақтылығын көрсетті, алайда ресейлік қаржы дағдарысы салдарының әсері байқалды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып тәуелсіз несиелік рейтинг алып, оны позитивті деңгейде ұстап тұрды. 1999 жылы банк жүйесіне халықтың жинақтарының келуін қамтамасыз ету мақсатында депозиттерді кепілдендіру жүйесі құрылды. Жүйеге қатысушы банктер еріксіз таратылған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін.

Қор құрылғанда 1999 жылдың желтоқсанында депозиттерді өтеудің күрделі сызбасы қолданылды, яғни өтеудің регрессивті түрі, сомасы 200 000 теңгеден басталатын.

Төртінші кезең (2004 жылдан - осы уақытқа дейін) Қазақстанның банк жүйесінің ары қарай дамуы және әлемдік қаржы нарығына интеграциялану кезеңі деп қарастырылады. Бірақ бұл кезеңді дағдарысқа дейінгі (2004-2008 жж. ) және дағдарыстан кейінгі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) кезеңдерге бөлуге болады. 2004 жылы қаржы нарығында мемлекет мүдделерін қорғайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттілігі атты жаңа реттеуші орган пайда болды. 2011 жылдың сәуірінде ҚР Ұлттық банкі бұл өкілеттіктерді өзіне қайтарып алды. Банктік жүйе белсенді дамып, жақсы нәтижелер арқылы елдің сапалы экономикалық дамуына негіз болды.

Қазақстанның банктік жүйесінің дағдарыстан кейінгі даму кезеңі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) әлемдік қаржы дағдарысының әсерімен және оны жоюмен сипатталады. 2009 жылғы қаржы секторының тұрақтылығын анықтайтын негізгі факторлар Қазақстанның экономикалық өсуінің төмендету қауіпі және қаржы жүйесіне сенімділікті сақтап қалу болды. ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің дағдарыс салдарын жою бойынша шаралардың дер кездігі Қазақстанның қаржы жүйесін басқа ірі елдермен салыстырғанда төмен шығындармен сақтап қалуға мүмкіндік берді. Біріккен шаралар кешені банк секторындағы жүйелі тәуекелдерді төмендету және банк жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында провизиялардың адекватты деңгейде болуы бойынша 2009 жылдың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталды. Жүйе құрушы екі банкке қатысты «БТА Банк» АҚ және и «Альянс Банк» АҚ шаралар қолданылды. Бұл екі банктердің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау процедуралары жүргізіліп, олардың жалпы қаржы жүйесіне негативті әсері шектелді. Сонымен қатар қосымша капитализациялау түріндегі мемлекеттің қаржылық көмегі «Қазақстанның Халық Банкі», «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамдарына көрсетілді.

Банктер ҚР территориясында және басқа елдерде еншілес банктер, филиалдар, өкілдіктер ашуға құқылы. Банк ашуға лицензия 2004 жылға дейін ҚР Ұлттық банкімен берілетін, 2004 жылдан бастап ҚР ҚҚА, ал 14. 04. 2011ж. - өкілеттіктер қайтадан Ұлттық банкке берілді. Қазақстанда банктер тек қана акционерлік қоғам формасында құрылады, жарғылық капитал оның акционерлерінің құралдары есебінен қалыптасады, негізгі шешімдер акционерлер жиналысымен қабылданады. Жарғылық капитал акционерлерімен тіркелу кезіне 50% - ке төленуі керек және тіркелгеннен кейін 30 күнде толық төленуі керек [5] .

Сонымен, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарап, жетістіктерді атап өтуге болады. Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі жылдары қабылданған шаралар қаржы жүйесін реттеудегі іс-қимылдардың маңыздылығын көрсетті. Қазіргі таңда банк секторы үшін өтімділік тәуекелі оншалықты қауіпті емес, себебі банктердің депозиттік базасы өсуде, халықтың несиелік белсенділігі төмендеді. Сондықтан бос құралдар көбеюде.

1. 2 Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі

Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құры-лымдарының бірі. Банктердің және тауарлы - ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Банктер арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретіңде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердін салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық- несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін. К. Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айып пұл, төлем төлеу құнын созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органда-рының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғүрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі [6] .

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және тағы басқа. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

1. 3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құрылу тарихы, қызметі, міндеті мен мақсаты

Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады - «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары
Қазіргі банк жүйесі және өтпелі экономикадағы рөлі
Банктер жүйесі жайында
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі маркетингтің орны
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Банк жүйесіндегі маркетинг
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz