Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау



Жоспар:
Кіріспе
1. Ғылыми.техникалық прогрес түсінігі және ерекшелігі
2. Ғылыми.техникалық прогрестің нәтижесі . инновация
3. Кәсіпорындағы ҒТП.ті стратегиялық жоспарлау
Кіріспе
Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП). Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс, айырбас, тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.
Сонымен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқыны қазір мынаны талап етіп отыр: мемлекеттердің, адами ресурстардың ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым дамуының басым бағыттарына жұмылдыруды тездету, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пайдалану.
1. Пинегина И. Т Стратегическое планирование научно-технического прогресса Проблемы современной экономики, N 3 (35), 2010

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
? АТЫНДАҒЫ ? МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: "Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау"

Орындаған:?
Тексерген: ?

Ақтөбе-2012ж

Жоспар:
Кіріспе
1. Ғылыми-техникалық прогрес түсінігі және ерекшелігі
2. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі - инновация
3. Кәсіпорындағы ҒТП-ті стратегиялық жоспарлау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе
Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми - техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП). Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс, айырбас, тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.
Сонымен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқыны қазір мынаны талап етіп отыр: мемлекеттердің, адами ресурстардың ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым дамуының басым бағыттарына жұмылдыруды тездету, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пайдалану. Ғылыми-технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары - мемлекетаралық ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін технологияларды игеру; технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интеграциялайтын жаһандық метатехнологияларды жасап шығару; санаткерлік ресурстардың халықаралық мобилділігін жеделдету; әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетіктерін қалыптастыру; әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын интернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-технологиялық кешенді реттеу барысында трансұлттық корпорациялар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады.

1. Ғылыми-техникалық прогрес түсінігі және ерекшелігі
Ғылыми-техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 - 18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми-теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амал шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл - ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір механикалық процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғылыми және техникалық нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д'Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа өндіріс қызметшілері деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-техникалық ізденістің ғана емес, ғылымның жемісі саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технологиялық тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғылыми-зертту қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры - тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.
20 ғасырдың елуінші жылдарынын басталған ғылыми - техникалық ревалюцияның өзіне тән қазіргі көріністерді және ерекшеліктері бар. Олар мыналар:
* ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатка ие болды. Ол коғам өмірінің барлык жактарын камтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті үйымдастыру жэне басқару жүйесін мүлдем өзгертті;
* ғылым мен өндірістің интергациялык катынасы жоғары дәрежеге жетті. экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен кайнар көздерін, шаруашылык қүрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
* жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. сапалык жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жүмыс күші даму үстінде;
* қазіргі ғьшыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі-микроэлектрониканын жедел қаркынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондык акпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бүл казірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;
* ғылыми -техникалык прогресті каркынды дамуы қоғамдык өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айкын корінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айткымыз келеді. Осының негізінде:
* қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мүның экономикалык және экологиялык маңызы өз алдына ереше, өндіріске озык технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық езгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жүмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, казіргі ғылыми -техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.
Қазіргі ғылыми-техникалык прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бүл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп жэне іс жүзінде пайдалануды тездетеді.
Ғылыми техникалык революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.

Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі - инновация
Инновация қызмет сипаты бойынша барлық салаларға әсер ете отырып, ҒТП-тің сатылап дамуы кезінде циклдық кезеңдер бойынша сол салалардың дамуына әсер етеді. Оның қоғамдық өмірде тұтыну кезінде нәтижелігі мен тиімділігі жағынан әр түрлі екенін көруге болады. Кейбір инновациялар жоғары нәтижелі және тиімді болса, ал кейбіреулері керісінше болады. Егер пайда болған жаңа идея нақты секторларда қолданылып, оның экономикалық тиіміділігі мен маңыздылығы кең көлемде дами түссе, бұл ауыл экономикасының дамуында мол мүмкіндік қалыптастырады.
Инновацияның қоғам өміріндегі маңыздылығының артуына байланысты қазіргі кезде мағынасы кеңейіп, инновациялық жоба, инновациялық қызмет, инновациялық инфрақұрылым, инновациялық қор ұғымдары қолданысқа ене бастады.
Инновациялық менеджмент- бұл инновациялық поцесстерді, инновациялық қызметті, осы қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдарды және оның персоналын басқару принциптері, әдістері және формаларының жиынтығы. Менеджменттің басқа да облысы сияқты, инновациялық менеджментке де келесі тән:
oo мақсаттар қою және стратегияны таңдау;
oo циклдық 4 кезеңі: жоспарлау, шарттар мен ұйымдастыруды анықтау, орындау, басшылық ету.
Циклдың әрбір кезеңінде белгілі бір мәселелер шешіледі.
1. Жоспарлау - стратегияны жүзеге асыру жоспарын құру.
2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру- инновациялық циклдың әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтау, қызметкерлер алдында мәселелерді қою,жұмысты ұйымдастыру.
3. Орындау - зерттеулер мен жасауларды жүзеге асыру, жоспарды іске қосу.
4. Басшылық - бақылау және талдау, іс-әрекеттерге түзетулер енгізу, тәжірибе жинақтау. Инновациялық жобалардың, инновациялық басқару шешімдерін, жаңалықтарды қолдану тиімділігін бағалау.
Инновациялық қызметті сәтті басқару үшін инновацияны жете зерттеу қажет. Жаңа инновация технологиялық параметрлері бойынша, с.б нарықтық тұрғыдан бағаланады. Осыны есепке ала отырып инновацияның жіктемесі құрылады
Технологиялық параметрлерге байланысты инновация өнімдік және процестік болып бөлінеді.Өнімдік инновациялар жаңа материалдарды, жаңа жартылай фабрикаттар мен комплекттерді қолдануды, жаңа өнімдер алуды өз ішіне алады. Процесстік инновациялар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін білдіреді (жаңа технологиялар).

ҒТП-тің кезеңдері бойынша ерекшеленетін инновациялар келесі белгілермен топталады:
- техникалық- жаңа немесе жақсартылған қасиеттермен өнім өндірісінде пайда болады;
- технологиялық-өнімді жасаудың едәуір жетілген әдістерін қолдану барысында пайда болады;
- ұйымдастырушылық басқару- өндірісті, көлікті өткізу және қамтамасыз етуді оптималды ұйымдастыру процестерімен байланысты;
- ақпараттық, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерісаласындағы рационалды ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
- әлеуметтік - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның техникалық дамуын жоспарлауды талдау
Техникалық прогресті жоспарлаудың теориялық аспектілері
Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері
Ұйымдар және оларды тиімді басқару
Ұйымдар және оларды тиімді басқару жайлы
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың мәні, пәні, объектісі
Сапаны басқару механизмінде жоспарлау
Пәндер