Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай


Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. 1917 жылы Қытай үкіметі Антанта блогының жағына шығып, Германияға қарсы соғыс жариялайды. Соғыс жылдары Еуропа елдерінің Қытайға экономикалық ықпалының әлсіреуі Қытай кәсіпорындарының дамуына едәуір үмкіндік туғызды. Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі жылдары жеңіл өнеркәсіп анағұрлым даму жолына түсті. 1913-1920 жылдар аралығында Қытай ұлттық капиталына 675 кәсіпорын салынды. Ұлттық капталдың қорлануы-жаңа Қытай банктерін құруда көрініс тапты. Жапон монополистері Қытайдағы өнеркәсіп өндірісінің дамуына көлемді қаржы аударды. 1914-1921 жылдар ішінде Жапония Қытайда, жалпы алғанда, 222 зауыт-фабрика салды. Осы уақыт ішінде Қытайдағы Жапон шахталарында көмір өндіру 2, 2 млн тоннадан 3 млн тоннаға дейін жетті. Жапония Қытайдағы өзінің экономикалық қажеттіліктерін қаржыландырушы 26 банкке әмірін жүргізе алды. Париждегі бітім туралы конференцияда Қытайдың ұлттық мүддесі ескерілмеді. Германия иелігінде болған Қытайдың Шаньдун провинциясын Жапонияға беру жөніндегі империалистік державалардың әділетсіз шешімі жарияланды. Осы әділетсіз шешімі Қытайдағы 1919 жылдың “ 4мамыр ” қозғалысына себеп болды. Қозғалысытң басында студент жастар тобы тұрды. 4 мамыр күні Пекин унивирситетінің студенттер тобы көтерілді. Полицияның жазалау әрекеті Қытайдағы оқушы жастардың ереуілдерін тудырды. 1919 жылдың маусымында жастар қозғалысын басқа да әлеументтік топтар қолдады; жұысшылар, қаладағы ұсақ және ұлттық буржуазия өкілдері - саудагерлер, қолөнершілер, қаланың кедей топтары. Жапон тауарларныа бойкот жариялау әрекеттері күшейді. Антиипериалистік және антифеодалдық сипаттағы қозғалыс маусым айында Қытайдағы 150 қала мен 10 млн-нан астам тұрғындарды қамтыды. 1919 жылыдың 5 маусымында Шанхай қаласындағы антиимпериалистік ереуілге 70 мың жұмысшы қатысты. 4 мамыр қозғалысы Қытайдағы ең ірі және ең күшті антиимпериалистік қозғалыс болды. Онымен санасуға мәжбүр болған Париждегі Қытай үкметінің ресми өкілдері Версаль-Вашингтон шартына қол қоюдан ас тартты. 20-жылдардың басында Пекин, Шанхай, Чанша сияқты ірі жұмысшы орталықтарында ұсақ коммунистік үйрмелер пайда болды. Қытайдағы маркстік идеологияның негізін қалағандар қатарында профессорлар Ли Дачжао мен Чэнь Дусю болды. Коммунистік Интернационалдың көмегімен, 1921 жылы шілдеде Шанхайда Қытай Коммунистік партиясының 1 сьезі шақырылды. 1921 жылы сәуірде Кантонға жиылған парламет мүшелері Сунь Ятсенді Қытай Республикасының призиденті деп жариялады. Астана Кантон қаласы болып, осы қалада жаңа үкімет құрылды. Бірақ Пекиндегі оңшыл буржуазиялық топтар мұндай шешімге қарсы болды. Сунь Ятсен Кеңес үкіметімен саяси байланыс орнатты. Революцияшыл Қытай армиясына офицер мамандар даярлау үшін Вампу аралында арнайы мектеп ашып, оны қаржыландыру міндетін КСРО меекеті өз мойнына алды. Коммунистік Интерноционал Қытайдағы саяси жағдайдың шиеленіскенін ескеріп, гоминьданшылар мен коммунистерді біркелкі ұлттық майдан шебін құруға шақырды. Бұл мәселені іске асыру үшін, 1924 жылдың қаңтарында Кантонда гоминьдан партиясының 1 сьезі шақырылды. Сьезд гоминьданшылар мен коммунистер арасындағы біркелкі майдан келісімі жөніндегі шешімге келісіп, Сунь Ятсен “халықытың үш қағидасын” жаңартты. Бірінші Гоминьдон конгресінің шешімдеріне сәйкес жаңа революциялық қозғалысқа дайындықтың негізі қаланды. 1925 жылдың наурыз айында Пекинде Солтүстік Қытай топтарымен кездесу барысында Сунь Ятсен қайтыс болды. Коммунистер мен гоминьданшылардың арасындағы осал одақ Сунь Ятсен дүниеден өткеннен кейін әлсірей бастады. Шанхайда “30 мамыр оқиғасы” және революцияның басталуы. 1925 жылы 30 мамырда Шанхайдағы антипериалистік ереуілді басу үшін ағылшын полициясы оқ атып, көтерілісшілерді жарақаттады. Шетел полицясының мұндай масқара әрекеттері жаппай ереуілге түрткі олды. 1925 жылғы 1 шілдеде Кантон революцияылқ үкіметі өзін Қытай Республикасының ұлттық үкіметі деп жариялады. Революциялық қозғалыс жалпыхалықтық, антиимпериалистік сипат алды. Революцияның жетекшісі ретінде Қытай ұлттық - революциялық армия өлімшелері жасақтала бастады. 1926-1927 жылдары Ұлттық армия тоғыз айдың ішінде 7 ірі провинцияны және Ухань, Нанкин, Шанхай сияқты ірі өндірістік орталықтарды Ұлттық үкіметтің құрамына қосты. 150 млн-нан астам тұрғыны бар елді мекендер Ұлттық үкімет билігін мойындады. Ұлттық үкімет Кантоннан Уханьға ауысты. Сунь Ятсен қайтыс болғанан кейін Гоминьдан басшылығына келген ірі ұлттық буржуазияынң өкілі генерал Чан Кайши (1887-1975 ж. ж) революциялық қозғалысты тежеп, төнкеріске әзірлене бастады. 1927 жылы наурызда ірі қалаларда төнкеріс жасалып, коммунистер қуғынға алынды. Нанкинде Чан Кайши бастаған үкімет жарияланды. Бұл үкімет қанды террор жолына түсті. 1925-1927 жылдары Қытай революциясы өз алдында мақсат етіп қойған Қытайыдың ұлттық егемендігін қалпына келтіру, милитаристердің билігін күшейту, елдің саяси бірлігін сақтау, жер мәселесін шешу, бұқара халыққа буржуазялық - демократиялық құқықтар мен теңдік беру міндеттерін орындай алмады. Сондықтан коммунистік партия астыртын жағдайға көшті. Қытайда Гоминьдан билігінің орнауы. 20-жылдардағы (1925-1927 ж. ж ) ұлттық революцияның негізгі нәтижесі саяс құрылыстың өзгеруі болды. 1928 жылдың соңына қарай бүкіл ел Гомньдандық ұлттық үкіметті мойындады. 1928 жылдан бастап барлық алдыңғы қатарлы мемлекеттер Чан Кайши үкіметін мойындады. Оған Қытайдың егемендігін нығайтуға қол жеткізудің сәті түсті. 1928-1929 жылдары еуропалық елдер қытайдағы бірқатар концессиялардан бас тартты. 1930жылдың ақңтар айынан бастап шетелдіктерідң бұрынғы аумақтық режімі жойылды. Чан Кайши үкіметінің 1928-1934 жж. Саясаты. Ішкі сясат саласында Гоминьданның барлық күші, ең алдымен, орталық өкіметті нығайтуға бағыталды. 1931 жылы мамыр айында Қытай Респуликасының Уақытша Конституциясы қаылданды. Қытай 28 провнция мен 2 ұлттық ауданға (Тибет және Ішкі Монғолия) бөлінеді. Әрбір ауданда өз өкіметі жұмыс атқарды. Нақты билік әскер қолбасшының қолында болды. Мемлекеттің рөлін күшейту үшін ЧАН КАЙШИ ірі банктерді меншіктендіріп олар арқылы экономикалық ақылау орнатты. Өнеркәсіпте, көлік салаларында мемлекеттік сектор өсті. 1931 жылы қабылданған даудың “ 6 жылдық жомпары” инфрақұрлымының даму және сыртқа шығарылатын өнімдер өндірісін жөнге келтіру мақсатын қойды. 1930 жылғы аграрлық жалға аул ақысының мөлшерін шектеп, шаруаларды өкіметтің бассыздығынан қорғауды талап етті. 1930 жылы қабылданған “ Еңбек пен капитал арасындағы жанжалдарды реттеу жөніндегі ” заң еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілеп, жұмыс уақытының ұзақтығын шектеді. Жұысшылар ереуілге шығуға, ұжымдық келісімшарттарды бекітуге, кәсіпорындарды басқаруға қатысуға және түскен кірістен үлесін алуға құқылы болды. 1927-1937 жылдардағы азаматтық соғыс. Чан Кайши басқарған Гомньдан режімінің біршама табыстарына қарамастан бұл үкіметтің толық тұрақтылығы байқала қоймады. Ауылдық жерде аграрлық заңдары орындалмады. Шынайы билік ауылдық феодалдық -өсімқорлық жоғарғы топтардың бақлауында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz