Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері


Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Дүниегекөзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф (аңыз), дін, философия
Әр бір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе қателесуден қалай аыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар қалыптасады. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниегекөзқарас деп аталады.
Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниегекөзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниеге көзқарасты құратын құбылысқа философияда кіреді. Дүниегекөзқарастық проблемаларды шешуге философияның атқарар рөлі орасан зор. Міне, сондықтан да философия дегеніміз не деген сұраққа дұрыс жауап беру үшін дүниегекөзқарас дегеннің не екенін анықтап алу керек.
Дүниегекөзқарас -- адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің көңіл күй мен мақсат мүдденің, үміт пен ниеттің т. б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниегекөзқарас адамдардың дүние және өзі туралы бір тұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.
Сонымен, дүниегекөзқарас дегеніміз шындық дүнме және адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен. Дүниегекөзқарастың өзегі білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы ментереңдігіне, дәлелділігі мен жүйелілігіне қарай ол күнделікті практикалық және теориялық болып бөлінеді.
Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда да үлкен рөл атқарып келеді. Кейде “өмір философиясы” деп аталатын бұл дүниегекөзқарас стихиялы түрде қалыптасады және қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл ой байлығын жинақтайды. Күнделікті практикалық дүниегекөзқарас біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі, ақыл ой мен рухани мәдиниеті, ұлттық дәстүрлері мен дүние сенімі жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол “өмір философиясының” өрісі де ерекше кең болады.
Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп дәлелденген. Философия көзқарастың осындай деңгейіне жатады. Дүниегекөзқарастың барлық басқа формалары мен типтеріне қарағанда, философиялық көзқарастар системасы теориялық, жағынан негізделген, мазмұны да, шындық жайында жинақталған білімдерді қорыту әдіс-тәсілдері де әбден тексеруден өткен болады. Осы тұрғыдан алғанда дүниегекөзқарас ұғымы философиялық көзқарасқа қарағанда әлдеқайда кең көлемде болады, өйткені ол сансыз көп құбылыстарды қамтиды, ал философиялық көхқарас жалпы теориялық білімдерді ғана бейнелендіреді. Бұл екеуінің арақатынасын формальды логика әдісін қолда на отырып, былай түсіндіруге болады: кіші шеңбер (философия) көлемі кең шеңбердің (дүниегекөзқарастың) ішіне еніп т ұрады. Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік тарихи типтеріне мифология мен дін жатады. Мифология-адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеледі. Миф (аңыз, ертегілерн) сананың әлі жіктелеген біртұтас формасы болды.
Мифология (гректің mifos-аңыз ертегі және lotos-ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Мифтер барлық халықтарда болды. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде қоғамдық сананың әмбебап формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, обьективтік және субьективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады.
Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне-әдебиетіне, музыкасына, сурет-мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жанырларында да бар.
Қоғамдық өмірдің алғашқы-қауымдық формасының жойылуына байланысты қоғамдық сананың алғашқы түрі ретінде мифология да тарих ароасынан кетті. Бірақ мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі, тағы басқа жайындағы сұрақтар. Дүниегекөзқарастардың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды. Мифологиядан қалған ол сұрақтар енді діни және философиялық көзқарастардың сұрақтары на айналды. Мифология қойып кеткен бұл дүниеге көзқарастық сұрақтарға жауап іздеудің барысында дін мен философияның жолды екі айрылды.
Дін-дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіру формасы. Ол дүниені "О дүние " және "бұл дүние " деп екіге бөліп, "о дүние " табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін дүние, ал "бұл дүние " көріп білуге болатын табиғат дүниесі деп түсіндіреді. Діни дүтниеге көзқарастың негізін құратын-"о дүниелік " күшке деген сенім, "бұл дүниенің ", адамның тіршілігіндегі шешуші күш "о дүниеге " деген сенім. "Ғаламат күшке " деген сенім-діни сананың негізі.
Философия мен дінінің жақындығы сол, ол екеуі де дүриекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасымен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі
Адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды. философиялық пайымдауға ақыл-ой еркіндігі тән. Діәни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетілген, рухани жағынан табанды адамдар ғана қабілетті болды. ал адамдардың басым көпшілігінің дүниегекөзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден адамгершілік мінез-құлық талантарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдиниет өскен, ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі-үш ғасырда ғана философиялық көзқарас, зерттеулер кеңінен тарай бастады.
Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім ақыл-ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.
Дүниеге философиялық көзқарас
Философиялық көзқарас адламдарлың санасынлы бір-бірімен тығыз байланысты да қарама-қарсы екі ұғым -"материалдық" және "идеалдық". "обьект" және субьект"деген ұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда болды. Философиялық ойлау бұларды қарама-қарсы қарас тырмай, оларды әрдайым белгілі бір қарым қатынаста қарастырды, атап айтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа қатынасын қарастырды. Философтардың, жеке адамның дүниеге көзқаорасы қандай болсын, ол бұл мәселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық көзқарастарының мазмұны мен сипаты осы мәселеге қарай шешіледі". Бүкіл философияның, әсіресе ең жаңа философияның ұлы негізгі мәселесі-ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе" - деп атап көрсетті Ф. Энгльс.
Философияның негізгі мәселесінің мәні шындықтың екі негізгі типінің - обьективтік, материалдық және субьективтік, идеалдық жақтары бар екенін және олардың қайсысы алғашқы, кейінгі екенін мойындауда: материя санадан бұрын пайда болған ба, әлде сана материадан бұрын пайда болған ба? -деген сұраққа жауап беруде. Философиялық көзқарастың өзіде осы сұраққа жауап іздеудің барысында пайда болды .
Сананың материяға қатынасы қандай деген сұраққа жауап берулеріне қарай философты үлкен екі топқа, екі лагерге бөлінді-, деп жазды Ф. Энгельс - олардың ішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп сайын келгенде, дүниенің жаратылуын қайткенде де мойындағандары . . . идеалистік лагерді құрды. Ал енді табиғат негізгі мәселесі материалдық пен руханилықтың қайсысы алғашқы деумен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені, руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды осыған байланысты материализмнің ішінде де негізгі философиялық мәселені қоюына, шешуне қарай түрліше жеке тармақтар пайда болады. Мәселен, Гегель алғашқы бастама деп адамнан тыс ойлауды (абсолюттік идеяны) түсінсе. Дж . Беркли дүниеде бардың бәрінің негізі түйсік деп санайды.
Көптеген марксизмге және марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп есептейді. Ф. Бэкон үшін, мәселен, табиғаттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мәселесі болып табылса ХХғ Француз философы А. Камю үшін ол негізгі мәселе-өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? Деген мәселе болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философтардың мәселесінің мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бәрінен де жуығырақ келгені неміс философы-материалист Л. Фейербах болды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдап қоя білген және оны ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде шешіп берген Ф. Энгельс болды. Ол бұл мәселені қоғамдық-тарихи практиканың шешуші рөлін негізге ала отырып қарас тырды.
Адамның дүние туралы ой пікірлерінің бәрі, сайып келгенде, оның негізгі философиялық мәселені қалай шешешетініне байланысты болады -дүниенің мәңгілігі және құбылыстардың заңдылығы бар ма, дүниені танып білудегі мақсат неде және ол не үшін керек? - деген сұрақтар көп. Осыған байланысты көп философтар өз ойларын айтты. Философия мәселесінің екі жағы бар 1-дүниенің мәні, табиғаты туралы (онтологиялық) 2-дүние танымдылық (гносологиялық) .
Материализмнің және идеализмнің тарихи формалары
Ғылыми-философиялық көзқарас ұғымы
Философия тарихында материализмнің 3 негізгі формалары бар.
1) антик заманының тұрпайы материализімі(басты өкілдері Гераклид, Демокрит және басқалар)
2) ХVII-ХVIII ғ метафизикалық материализм(Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Ж. Ламерти, Д. Дидро)
3) диалектикалық (Маркс, Энгельс, Ленин)
идеализмнегізінен обьективтік және субьективтік идеализм болады.
Обьективтік идеализм (Платон, Гегель) адамнан тыс дүниенің бар екенін мойындайды, бірақ ол дүниенің негізін, бастауын құратын идея.
Субьективтік идеализмнің (Дж. Беркли, Э. Мах, Р. Авенариус) дәлелдеуінше, обьективтік дүние адамнан тыс өмір сүре алмайды, біздің көретін, иісін, дәмін сезетін нәрселеріміз субьективтің түйсінуі. Философия менг арнайы ғылыми білімнің арақатынасында үш негізгі тарихи кезеңді аңғарға болады: а) ертегілердің алғашқы біртұтас білімдерінің жиыны. ә) білімдердің мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, біртұтас жиынынан бөлініп шыға бастауы, бұл процесс көптеген ғасырлар бойы, әсіресе ХVII-ХVIIIғ жылдамдай жүрді. б) бірқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың біртіндеп интеграциялануы, бірігуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz