Биотехнологияның дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі жағдайына шолу



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. 2.1 Биотехнологияның осы заманғы жай.күйi
2.2Қазақстанда биотехнологиялық ғылымның және оның эксперименталдық.өндiрiстiк базаның iс жүзiндегi жағдайы
2.3 Қазақстанда биотехникалық өнiмге деген iс жүзiндегi сұраныс пен ұсынысқа баға беру
2.4Қазақстан Республикасында биотехнология өнiмiн тұтынудың стандарттарын, ережелерiн және қолдануға енгiзу шарттарын әзiрлеу және енгiзу қажеттiлiгi
2.5 Қазақстанда және әлемде биотехнология саласындағы ғылыми.техникалық әзiрлемелердi коммерциялау өсiмiне кедергi болатын мәселелер
2.6 Биотехнологиялық өнiмнiң әлемдiк нарықтағы жай.күйi және даму беталысы
2.7 Биотехнологияның бүгіні мен болашағы
2.8 Биотехнологияның Қазақстандағы болашағы зор
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Биотехнология - болашақтың ғылымы, Қазақстанның даму Стратегиясының осы онжылдықтағы қарқынды дамитын алғашқы ғылымының бірі болып табылады. Биотехнология іргелі биологиялық білімдерді адамның практикалық қызметінде қолдануға және табиғи қорларымыздың жойылып кетпеуін сақтауға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы болып табылады.
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады.
Қазiргi уақытта әлемнiң жетекшi елдерiнiң экономикасының дәстүрлi индустриялықтан ұлттық индустриядан кейiнгi, яғни бiлiм мен жоғары технологияларға негiзделген экономикаға ауысу тенденциясы айқын байқалады.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы Қазақстанның экономика дамуының индустриялық-инновациялық жолына бейiлдiлiгiн нақты айқындайды.
Келтiрiлген аргументтер Қазақстан экономикасының салалық құрылымын жоғары технологиялық, ғылыми салалардың үлесiнiң елеулi ұлғаю жағына өзгерту қажеттiлiгi туралы айғақтайды. Бұл республикада жүргiзiлген жүйелi реформалардың, сондай-ақ әлемдiк рыноктағы қалыптасқан мұнайдың жоғары конъюнктурасының алғашқы тиiмдiлiгi екенiн есте ұстауымыз керек. Экономиканың шикiзаттық бағыты республиканың тұрақты өсу аймағына шығуына мүмкiндiк бермейдi. Тұрақтандырылған экономиканы құру үшiн оны индустрияландыру қажет, ал тұрақты өсу аймағын қалыптастыру және тиiмдi экономиканы құру үшiн жоғары технологияларды қолданатын ғылыми инновация енгiзiлуi тиiс. Қазақстанның жағдайында мынадай салалар өсу нүктелерi болуы мүмкiн:
ақпараттық;
аэроғарыштық;
биотехнологиялық;
ядролық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығының" дамуы негiзiнде (бұдан әрi - ҰБО) Қазақстандағы биотехнология саласының дамуына бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006
2. Интернет көздері
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Биотехнология - болашақтың ғылымы, Қазақстанның даму Стратегиясының осы онжылдықтағы қарқынды дамитын алғашқы ғылымының бірі болып табылады. Биотехнология іргелі биологиялық білімдерді адамның практикалық қызметінде қолдануға және табиғи қорларымыздың жойылып кетпеуін сақтауға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы болып табылады.
Биотехнология дегеніміз -- биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты -- өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады.
Қазiргi уақытта әлемнiң жетекшi елдерiнiң экономикасының дәстүрлi индустриялықтан ұлттық индустриядан кейiнгi, яғни бiлiм мен жоғары технологияларға негiзделген экономикаға ауысу тенденциясы айқын байқалады.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы Қазақстанның экономика дамуының индустриялық-инновациялық жолына бейiлдiлiгiн нақты айқындайды.
Келтiрiлген аргументтер Қазақстан экономикасының салалық құрылымын жоғары технологиялық, ғылыми салалардың үлесiнiң елеулi ұлғаю жағына өзгерту қажеттiлiгi туралы айғақтайды. Бұл республикада жүргiзiлген жүйелi реформалардың, сондай-ақ әлемдiк рыноктағы қалыптасқан мұнайдың жоғары конъюнктурасының алғашқы тиiмдiлiгi екенiн есте ұстауымыз керек. Экономиканың шикiзаттық бағыты республиканың тұрақты өсу аймағына шығуына мүмкiндiк бермейдi. Тұрақтандырылған экономиканы құру үшiн оны индустрияландыру қажет, ал тұрақты өсу аймағын қалыптастыру және тиiмдi экономиканы құру үшiн жоғары технологияларды қолданатын ғылыми инновация енгiзiлуi тиiс. Қазақстанның жағдайында мынадай салалар өсу нүктелерi болуы мүмкiн:
ақпараттық;
аэроғарыштық;
биотехнологиялық;
ядролық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығының" дамуы негiзiнде (бұдан әрi - ҰБО) Қазақстандағы биотехнология саласының дамуына бағытталған.

2.1 Биотехнологияның осы заманғы жай-күйi

Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар саласындағы генетикалық және клеткалық инженериядағы осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен микроорганизмдер) әлеуеттi мүмкiндiктерiн пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада да және стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде.
Әр елдер, соның iшiнде Қазақстан үшiн де ұлттың салауаттылығы, экономикалық ауқаттылық немесе қорғаныс қабiлеттiлiгi болса да болашағының даму мәселелерi маңызды болып табылады. Бұл мәселелердi шешуде биотехнология маңызды роль атқарады, ол ғылымды барынша қажетсiнетiн салалардың жетiстiктерiн жинақтайды, сол арқылы олардың дамуын ынталандыра отырып, жеткен нәтиженi барлық қалған салаларға таратып, оларға мүлдем басқаша сапалық деңгейге серпiндi көтерiлуiне мүмкiндiк бередi.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша ХХI ғасырда биотехнология оның барлық қызмет салаларында және ең бiрiншi кезекте азық-түлiк өнiмдерiн, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экология, энергетика салаларында адамзаттың дамуын анықтайтын болады.
Соңғы онжылдықта биологияда болған өзгерiстер биотехнологияның дамуында қағидалы жаңа перспективаларды ашты, өндiрiсте биологиялық процестердi қолдану шектерiн кеңейттi және "осы заманғы биотехнология" деген жалпы атауымен бiрiктiрiлген жаңа бағыттардың пайда болуына әкелiп соқты.

2.2 Қазақстанда биотехнологиялық ғылымның және оның эксперименталдық-өндiрiстiк базаның iс жүзiндегi жағдайы

Кеңестiк заманда Қазақстан өнеркәсiптiк биотехнологияның негiзгi өндiрiстiк ролiн атқарған. Мамандандырылған мекемелер құрылды және әскери-өнеркәсiптiк кешенге кiретiн стратегиялық маңызы бар жабық қалалар тұрғызылды. Бiз 90-шы жылдардың басына жоғары бiлiктi кадрлары және осы заманғы өндiрiстiк базасы бар дамыған инфрақұрылым түрiнде келдiк. Он бес жыл iшiнде биотехнологиялық зерттеулер деңгейi төмендеп, технологиялар ескiрдi. Ғалымдар мен мамандардың көбiсi шетелге кеттi, ал бiрегей және қымбат өндiрiстер мүлдем тоқтап қалды.
Қазiргi уақытта Қазақстанда биотехнологияның дамуы кеңестiк нұсқаулы моральдық тұрғыдан ескiрген ғылыми-өнеркәсiптiк базамен, осы салада айналысатын мамандар топтары санының аздығымен сипатталады. Биотехнология мәселелерiмен айналысатын мамандар топтарының аздығы осы салада бәсекелестiктiң болмауына әкелiп соғады. Өз кезегiнде зерттеулердiң деңгейiнiң төмендiгi ғылыми зерттеулердi қаржыландыруды ынталандырмайды. Терiс әсер мынадай факторлармен күшейтiледi:
ағылшын тiлiн бiлмеу (себебi, АҚШ, ЕЭО, Жапония және басқа да елдер көшбасшы болып табылады);
ақпараттың және халықаралық ынтымақтастықтың болмауы;
ғылымдағы "авторитарлық" дәстүрлер.
Қазақстанда өндiрiлетiн биотехнологиялық өнiмдердiң спектрi тар және ол ашық рынокта бәсекелестiкке қабiлетсiз болғандықтан, өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi iшкi рынокқа бағытталған.
"Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiмдерiнiң өндiрiсiн ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастырудың" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы;
"Биожем" ЖШС алаңдарында фармацевтикалық өндiрiстi дамыту" салааралық бағдарламасы;
"Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бағдарламасы.
Көрсетiлген бағдарламалар мына бағыттар бойынша жобаларды iске асыруды көздейдi.

2.3 Қазақстанда биотехникалық өнiмге деген iс жүзiндегi сұраныс пен ұсынысқа баға беру

Қазiргi уақытта бiздiң елде биотехнологиялық өнiмдi әзiрлеу және өндiру көлемi тиiстi дамыған жоқ. Көптеген биоөнiмдер бойынша елiмiз импортқа тәуелдi. Ресейде сияқты Қазақстанда да биотехнология саласының дамуында елеулi келiспеушiлiктер байқалуда. Көлемдi жағынан өнеркәсiптiк өндiрiс Қазақстанда дәрi-дәрмек препараттары, спирт және сүт биоөнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi түрiнде ұсынылған.

2.4 Қазақстан Республикасында биотехнология өнiмiн тұтынудың стандарттарын, ережелерiн және қолдануға енгiзу шарттарын әзiрлеу және енгiзу қажеттiлiгi

Биоиндустрияның табысының жоғарлылығы қандай бағамен болса да пайдалылығы кез келген бағамен жоғары пайданы қуу үшiн себеп болуы мүмкiн, сондықтан биотехнологиялар бiр жағынан прогрестiң күштi құралы болып табылады, басқа жағынан баяусыз және соқыр пайдалану кезiнде терiс салдарға әкелуi мүмкiн.
АҚШ-та өнiмдi тұтыну ол қатерлi екенi дәлелдемегенге дейiн қауiпсiз болып саналады. ЕО-да керiсiнше тұтыну қауiпсiз екенi дәлелдемегенге дейiн қатерлi болып саналады.
ГРИНПИС экологиялық ұйымы генетикалық модификацияланған өсiмдiктердi азық-түлiк және жем мақсатында пайдалануға тыйым салуды ұсынады, өйткенi бұл өнiмдердiң ұзақ тұтыну жағдайында адам табиғатына қандай әсерiн тигiзетiнi әлi белгiсiз.
Бiр қатар елдер ГМ (генетикалық модифицикацияланған) - құрамдары бар өнiмдердi маркалауға қатаң талаптар қояды. ЕО-тан басқа ондай елдерге Жапония, Корея Республикасы, Австралия және Жаңа Зеландия жатады.
Қазақстан өз биотехнологияларының дамыта ма, дамытпай ма, ғаламдану жағдайында республика әлемдiк биотехнология өнiмiн тұтынуға тартылады. Қазақстан дамыған елдердiң тәжiрибелiк зертханасына айналмауы керек.
Жағымсыз салдарларға жол бермеу үшiн мықты қорғаныс қою қажет, сол үшiн Қазақстанға биотехнологияның импорттық және отандық өнiмдерiн пайдалануды бақылау мен мониторингiнiң жоғары бiлiктi қызметтерiн болуы қажет.
Қазақстанға биотехнология саласында дамудың басымдылығын белгiлеген кезде экономиканың қалыптасқан ерекшелiктерi мен даму перспективаларын ескеру қажет :
агроөнеркәсiптiк кешеннiң және тау-кен өндiрiсiнiң жоғары үлесiн;
табиғи байлықтардың болуын және табиғатта экологиялық байланысты сақтауды ескере отырып, Каспий шельфiн игеру жоспарларын;
экономиканың өсуiнiң сақталатын жоғары қарқындарын, мұнайхимия, құрылыс, көлiктiк-телекоммуникациялық кешен, ақпараттық технологиялар, тоқыма өнеркәсiбi, туризм және спорттың даму перспективаларын;
жылдам өсетiн және перспективтi сату рыноктарымен көршiлестiктi (Орталық Азия елдерi, Қытай, Үндiстан, Ресей);
ядролық физика (Ядролық Физика институты, Курчатов қаласы),
ғарышкерлiк (Байқоңыр ғарышжайы, Приозерск қаласы) саласында дамыған инфрақұрылымның болуы;
кеңестiк ғылым мұрасының болуы (Республикалық микроорганизмдер коллекциясы, "Прогресс" ҒӨБ Технопаркi, биологиялық институттар және басқалар).
Аграрлық ел болып табылатын Қазақстан Республикасы үшiн ауыл шаруашылығының биотехнология саласындағы технологияларды әзiрлеу және жем қоспаларының өндiрiсi маңызды. Республикадағы мал шаруашылығын дамыту агроөнеркәсiптiк кешеннiң стратегиялық бағыты болып қала бередi. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары мал мен құс басы өсуде.
Қалыптасқан тенденцияларды ескере отырып, жем қоспалардың қажеттiлiгi жақын жылдарда 25 - 30% өседi.

2.5 Қазақстанда және әлемде биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық әзiрлемелердi коммерциялау өсiмiне кедергi болатын мәселелер

Биотехнология iргелi зерттеулермен алынатын жаңа бiлiмдi экономиканың әртүрлi салаларының дамуына ықпал ететiн капиталға жылдам айналдыруға мүмкiндiк бередi. Жаңа өндiрiстердi жасау немесе жаңғыртуда биотехнологиялық тәсiлдерiн қолдану қаржылық және өзге де ресурстардың тиiмдiлiгiн елеулi арттыруға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Өндiрiсте биотехнологияның ең жаңа жетiстiктерiн пайдалану өте жоғары экономикалық көрсеткiштерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Биотехнологиялар көптеген жағдайларда дәстүрлi технологияларға қарағанда едәуiр тиiмдi және ресурс сақтайтын болып табылады. Бiрақ олар олардан өте ерекшеленетiндiктен енгiзу тек ұзақ мерзiмдi перспективада күтуге болады.
Технологияларды коммерциялау ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн тауарға айналдыру және өнеркәсiптiк көлемде оларды тиiмдi сатып алу процесi болып табылады. Осыған байланысты басқа елдермен салыстырғанда жалпы инновациялық қызмет және ғылымды коммерциялау көрсеткiштерiн қарастыру қызықты.
Жалпы түрде әлемдiк технология кеңiстiгiнде Қазақстанның орны екi көрсеткiштер тобы - "кiру" - яғни ғылымды қажетсiну деңгейi және "шығу" - тиiмдiлiк және бәсекелестiкке қабiлеттi көрсеткіштерiмен сипатталады
Берiлген деректерге қарағанда, Қазақстанда инновациялық қызмет және технологияларды коммерциялау көрсеткiштерi - ең төменгiлердiң бiрi. Тауар экспортында жоғары технологиялық өнiм және ақпараттандыру жабдығының болмауы халықаралық рынокта отандық инновациялық жүйенiң жоқтығы немесе бәсекелестiкке қабiлетсiздiгi туралы куәландырады. Басқа жағынан, қазiргi уақытта әлемнiң дамыған елдермен салыстырғанда ҒЗТКӘ нәтижелерiн алу мен оларды коммерциялау арасында үлкен айырылыс бар. Осындай жағдайдың себептерi жоғарыда қаралған осы заманғы қазақстандық инновациялық жүйенiң жалпы сипаттарынан шығады.
Биотехнология саласы, кез келген ғылыми идея өз дамуында идеядан өнiмге дейiн мына кезеңдер арқылы өтедi:
Iргелi ғылым;
Қолданбалы ғылым;
Кең көлемдi экспериментальдiк өндiрiс;
өнеркәсiптiк өндiрiс, инновациялық жүйенi дамытуда Қазақстанның артта қалуының ең айқын көрiнiсi болып табылады.
Бұл ретте, бiр жағынан, республикада биотехнологиялар жарияланбаған, тұтынушылар мен бизнесмендердiң кең қоғамдарына белгiлi емес, ғылыми және ведомстволық қоғамдарда талқыланады. Екіншi жағынан, олар тиiсiнше дамымаған және отандық және халықаралық рыноктар iс жүзiнде қажет ететiн тиiстi әзiрлемелер жоқ.
Сондықтан биотехнологиядағы отандық әзiрлемелердiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн ғылымнан бастап өнiмдi өндiруге дейiн бүкiл процестi коммерциялау үшiн жағдайлар жасау маңызды болып табылады.
Қазақстанда жоғары технологиялық бизнес және технологияларды коммерциялау саласында жұмыс iстейтiн шетелдiк мамандар бiрiншi кезекте мынадай кедергiлерге назар аударады:
бiлiктi менеджерлердiң жетiспеушiлiгi;
сыбайлас жемқорлық және оның салдарынан - қазақстандық компаниялардың жабықтығы;
инновациялық қызметтi дамыту және экономиканың шикiзаттық емес секторларға инвестициялар үшiн ынталандырмайтын салық режимi;
тар (технологиялық) және кең (жолдар, әуежайлар, коммуникациялар, визалық режимнiң қанағаттанарлық емес қалпы) мағынада техникалық инфрақұрылымның жоқтығы.
Осыған байланысты биотехнология саласында ғылыми-техникалық әзiрлемелердi коммерциялау өсiмiне кедергi жасайтын мәселелер мысалдарын талдау үшiн дамыған елдер тәжiрибесiн қарастырайық.
Биотехнологияларды қолдану көптеген ұлттық және халықаралық ережелермен реттеледi, олар бұл сала үшiн белгiлi бiр мүмкiндiктер де, қиыншылықтар да жасайды. Осылайша, Еуропалық одақ, өзiн сақтау үшiн, генетикалық модификацияланған ауыл шаруашылығы дақылдарын үлкен аумақтарда коммерциялық өңдеуге ұзақ мерзiмдi ғылыми мониторингiн белгiлеудi жоспарлайды. ЕО болжамдарына сай ондай мониторингiнiң нәтижесiнде мұндай дақылдардың адам денсаулығына да, қоршаған орта үшiн де зиянсыздығы дәлелденуi тиiс. Германияда генетикалық өзгерген өсiмдiктер, жануарлар және микроорганизмдердi зиянсыздыққа тексерiс 5-тен 6 жылға дейiн жалғастырылуда.
Биотехнологияны кеңiнен пайдалану қиындықтары ауыл шаруашылығында биотехнологиялық әдiстерге тұтынушылардың сенiмсiздiгiне (негiзiнен Еуропа елдерiнде) байланысты.
Біздің ел жағдайында қазақстан халқы биотехнологияға қатысты толық белгiсiздiк күй кешуде. Бұл ретте биотехнологиялық өнiмнiң зияндығы-зиянсыздығы мәселелерде отандық сарапшылардың бiлiктiлiк деңгейi күмәндi.
Барлық өнеркәсiптiк дамыған елдерде биологиялық өнеркәсiптiң жұмыс iстеуi мемлекеттiк зерттеу бағдарламалары шеңберiнде кейiннен нәтижелердi жеке сектордың коммерциялауымен өтедi.
Ондай саясаттың нәтижелерi бойынша экономикалық дамыған елдерде мемлекеттiк-жеке инновациялық серiктестiк жүйесi қалыптасқан, мұнда мемлекеттiк өкiмет және бизнес тең құқылы серiктестер ретiнде өзара бiр-бiрiн толықтырады. Мемлекет, инновациялардың көзi болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi және бiлiм беру жүйесiн қолдай отырып, кәсiпкерлiктi ынталандыруға қолайлы жағдай және орта жасайды, ал бизнес инновациялық өнiмнiң рыногында жұмыс iстеудiң барлық коммерциялық қатерiн өзiне алады. Мемлекет салық жинаудан және әлеуметтiк мәселелердi шешуден өз пайдасын, ал бизнес - өз кiрiсiн алады.
Бiздiң ел жағдайында биотехнология саласында бизнестi қалыптастыру және дамыту үшiн өзiн-өзi реттейтiн бизнес орта қалыптасқан жоқ. Негiзiнен мемлекеттiк қаржыландырудың арқасында қызмет ететiн дәстүрлi ҒЗИ және кәсiпорындар ұсынылған. Орта және шағын бизнестi тиiстi тартылуы жоқ.
Биотехнологиялық өндiрiстер - бұл ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер. Жаңа технологиялық тәсiлдер, жаңа штамм-продуценттердi ғылыми әзiрлеусiз кәсiпорын бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн тез жоғалтады.
Қазiргi кезде кәсiпорындар үшiн мемлекеттiк қаражат есебiнен жасалған және мемлекеттiк иелiгiндегi ғылыми әзiрлемелерге қол жеткiзу қиындатылған. Ондай әзiрлемелердi қажеттi инновациялық компанияларға және өнеркәсiптiк кәсiпорындарға бюджеттiк қаражат есебiнен жасау және қазiргi кезде пайдаланбайтын патенттелген әзiрлемелердi өз өндiрiсiнде тегiн пайдалану құқығын беруге дейiн өндiрiске енгiзудiң айқын және нақты құқықтық тетiгi қажет.
Тиiстi алғышарттарды жасаумен бұл тәртiптен бас тартуға болады.
Ендiгi мәселе елде биотехнологиялық инновациялық компаниялардың iс жүзiнде жоқтығы болып табылады. Қазақстанның жағдайында өз базасында отандық бизнестiң пайда болуына және дамуына мүмкiндiк бере алатын биотехнология саласындағы мемлекеттiк инфрақұрылым мен ғылым жоқ. Оларды жасау және қолдау да мемлекеттiк iс-шаралар жүйесi қажет.
Биотехнологияны қалыптастыру және дамыту мақсатында биотехнология рыногы әрекет ететiн АҚШ-тан басқа барлық елдерде, соның iшiнде дамыған елдерде де (Батыс Еуропа, Жапония) мемлекеттiк даму бағдарламалары қабылданған.
Осыған байланысты биотехнологияны дамытуға арналған мемлекеттiң ықпал ету бағыттары екi аспектiде айқындалуы тиiс:
- ҰБО базасында мемлекеттiк инфрақұрылым мен ғылымды жасау және дамыту;
- Шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жағдайлар жасау, биотехнология саласына жеке бастама және капиталды тарту, соның iшiнде отандық және шетелдiк ғылымды пайдалану және енгiзумен мемлекеттiк, өндiрiстiк және қаржылық инфрақұрылымға қол жеткiзудiң жағдайларын жасау.
2.6 Биотехнологиялық өнiмнiң әлемдiк нарықтағы жай-күйiжәне даму беталысы
Осы заманғы биотехнологияның әдiстерiн дамыту биотехнологиялық өнiмдердiң тауар рыногының өз бетiнше қалыптасуына әкелдi. Биотехнология макроэкономикалық маңызы бар өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарының бiрi болып табылады. Сондықтан, экономика үшiн тиiмдiлiк жағынан елеулi маңызы ескерiле отырып, биотехнология бойынша әлемнiң барлық жетекшi елдерiнде мемлекеттiк және жеке капиталмен қаржыландырылатын ұлттық және халықаралық бағдарламалар әзiрленген және қолданылуда.
Осылайша, әлемдегi биотехнологиялық өнеркәсiп рыногының жыл сайынғы өсiмi шамамен 7% құрайды.
Әлемде биотехнологиялық препараттарды сатудың жылдық көлемi:
тамақ өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығында - $46 млрд.;
гендiк-модификацияланған өсiмдiктердiң тұқымдық материалы - $30 млрд.;
фармацевтикалық препараттар - $27 млрд.;
жуу құралдарын өндiру үшiн ферменттер - $21 млрд.;
өсiмдiк және жануарлар шикiзатынан алынған емдеу-косметикалық құралдары - шамамен $40 млрд. құрайды.
2010 жылға биотехнологиялар рыногының жалпы көлемiнiң өсуi $2 трлн. болжанып отыр.
Осы заманғы әлемдiк биоиндустрия айналымының жартысынан көбi АҚШ үлесiне тиедi. Салыстыру үшiн, биотехнологияны қаржыландыру көлемi бiр жылда АҚШ-та - $100 млрд., Қытайда - $1 млрд., Ресейде - $0,04 млрд. құрайды, ал сол уақытта Қазақстанда республиканың 2005 жылға арналған бюджетiнде биотехнология саласында мақсатты зерттемелер мен әзiрлемелерге $1 млн. (0,001 млрд.) сома жоспарланған.
Жапония биотехнология дамуының деңгейi бойынша АҚШ-тан кейiн екiншi орын алып отыр. Бұл саланың дәстүрлi салаларында, атап айтқанда ферменттер, антибиотиктер және аминоқышқылдар өндiруде күштi ұстанымдарға ие бола отырып, ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн қолдануда АҚШ-тан едәуiр артта қалып отыр. Қазiргi уақытта Жапонияның фармацевтикалық өнеркәсiбiнiң ҒЗТКӘ-ге арналған тек 5 % жуық шығындар гендiк инженериясы саласындағы зерттемелерге келедi және 120 жуық фирмалардың ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн пайдаланумен дәрi-дәрмек құралдарын алу тәсiлдерiн әзiрлеу бойынша өз бағдарламалары бар. Жапонияда биотехнологияны дамыту үшiн мемлекеттiк және жеке секторлар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың елеулi маңызы бар, жекелеген биотехнологиялық бағдарламаларды iске асыруға елдiң үкiметi қатысады.
Биотехнология АҚШ және Жапониямен бiрге Батыс Еуропа елдерiнде жылдам қарқынмен дамуда. Өз қызметiн үйлестiрiп алып, болашақта бұл елдер биотехнологиялық өнiмдер рыногының конъюнктурасына елеулi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Батыс Еуропада биотехнологиялық фирмалар, негiзiнде бұрында iргелi ғылыми зерттемелер жүргiзген зертханалар базасында пайда болды. Қазiргi уақытта олардың көбiсi өнеркәсiптiк корпорациялар және қаржылық мекемелермен қаржыландырылады, немесе үкiмет тарапынан қаржылық көмектi пайдаланады. Батыс Еуропалық елдерiнiң үкiметтерi қаржыландыратын биотехнологияны дамытудың бағдарламалары мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға немесе нақты коммерциялық мақсаттарға жетуге бағытталған (АҚШ-тан айырмашылығы, мемлекеттiң күш-жiгерi көбiнесе iргелi зерттемелердi қолдауға бағытталған, ал жеке сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары мемлекеттiң қаржылық қолдауынсыз дамиды).
Гендiк инженериясы және биотехнологиялардың халықаралық орталығы (IСGЕВ) ЮНЕСКО басшылығымен құрылған және Еуропаның, Азияның, Африканың, Латын Америкасының 45 елдерiн бiрiктiредi. Ұйым мүшелерi денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және экология салаларында биотехнологиялық өнiмдердiң ғылыми зерттеулерi және әзiрлемелерiмен айналысады.
IСGЕВ мақсаттары: бейбiт мақсатта гендiк инженериясы мен биотехнологияны қолдану және дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу; дамушы елдерге гендiк инженериясы мен биотехнология саласында олардың ғылыми-технологиялық әлеуетiн нығайтуға көмек көрсету; мүше елдердiң ғылым мен техника саласындағы мамандар арасында ақпарат, тәжiрибе, ноу-хау алмасуды дамыту болып табылады.
Тұтастай алғанда биотехнологиялық өнеркәсiптi 3000 астам биотехнологиялық компаниялар, академиялық мекемелер, мемлекеттiк биотехнологиялық орталықтар және әлемнiң басқа да ұйымдары ұсынады.

1. АҚШ-тағы биоиндустрия

Биотехнологияның отаны АҚШ деп санауға болады.
1980 жылдан 1983 жылға дейiнгi кезеңде Америкада 200 жуық ұсақ биотехнологиялық компаниялар құрылған болатын. Бұған салық жеңiлдiктерiн енгiзу, құнды қағаздармен операциялардан түсетiн жоғары пайда және жеке салымшылардың мүдделiлiгi әсер еттi. Genentech биотехнологиялық фирмасының вице-президентi болған Сан-Францискодағы Калифорниялық университеттiң ғылыми қызметкерi Герберт Бойердiң соңынан көптеген университеттiк профессорлар өз компанияларын ашты.
1985 жылға қарай АҚШ-та 400-ден аса биотехнологиялық фирмалар қызмет еткен; олардың көбiсi гендiк-инженерлiк цехқа жататынын көрсету үшiн өз атауына "ген" сөзiн енгiзген: Biogen, Amgen, Calgene, Engenics, Genex, Cangene. Бүгiнгi күнi елде 1500-ден аса биотехнологиялық компаниялар бар. Сонымен қатар, молекулалық биотехнологияның дамуына барлық iрi халықаралық химиялық және фармацевтикалық компаниялар, соның iшiнде Мonsanto, DuPont, Upjohn, American Cyanamid, Еli Lilly, SmithKline Beecham, Merck, Novartis, Hoffman-LaRoche зор үлес қосты.
80-шi жылдары биотехнологиялық бизнестiң қарқынды дамуы кезеңiнде ұсақ компаниялар бiрлескен кәсiпорындар пайда болды. Мысалы, 1991 жылы Genentech компаниясының акцияларының 60 % Нoffmann-LaRoche фирмасына 2,1 млрд. долларға сатылған. Сол уақытта көптеген компаниялар банкротқа ұшыраған. Осында жылжымалылық-биотехнологиялық индустрияның ерекшелiк сипаты.
Молекулалық-биотехнологиялық индустрияның табысы 1986 жылы 6 млн. доллардан 30 млрд. долларға артты, 1996 жылғы және бүгiнгi күнi бiр жылға 160 млрд. доллар құрайды.
Алайда, тұтастай алғанда биотехнологиялық бизнестiң табысы жоғары болмады, бiз күткендей инвесторлардың ынта-ықыласы азаймады және бұл молекулалық биотехнология үлкен перспективаларға ие болғанын айғақтайды.
Мысалы, гендердi клондаумен айналысатын компаниялардан кейiн АҚШ-та жұқпалы ауруларды, қатерлi iсiктi және адамның басқа да ауруларын емдеуге арналған гендiк-инженерлiк әдiстер арқылы алынатын антиденелердi шығаратын компаниялар пайда болды: Immunex, ImmuLogic, ImmunoGen, Immunomedics, Medlmmune, Immune Response.
Қазiргi уақытта биотехнологиялық кластерлер сияқты инновациялық құрылымдар өте маңызды болып отыр. АҚШ-тағы ең дамыған кластерлердiң бiрi Массачусетс штатында орналасқан. Онда дәрi-дәрмек препараттардан бастап ГМ-өсiмдiктерге дейiн әртүрлi өнiмдердi шығаратын бiрнеше ондаған биотехнологиялық фирмалар бар. Кластер үшiн зертханалық зерттеулер атақты ғылыми орталықтарда, соның iшiнде Массачусетс технологиялық институтында, Гарвард және Бостон университеттерiнде жүргiзiледi. Клиникалық зерттеулердi Бостон ауданындағы ауруханалар өзiне алады.

2. Еуропадағы биотехнологиялық сала

Еуропалық биотехнологиялық индустрия да үздiксiз дамуда. 1995 жылға қарай Еуропа елдерiнде 600 астам биотехнологиялық компаниялар құрылды. АҚШ-тан басқа биотехнологиялық дәуiрге кеш көшкен елдерде ұлттық молекулалық-биотехнологиялық индустрияны дамытудағы басты ролдi мемлекет алды. Мұнда "ХХ ғасырдың барлық технологияларының ең үздiк революциялық технологиясы" молекулалық биотехнология деген сенiм стимул болды.
Еуропада сала үшiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
Сүтті ешкі тұқымдары
Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері
Құрғақшылыққа төзімді өсімдікті алу
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Төменгі мөлшерлі сарқынды суларды тазарту үшін кең таралған әдіс биологиялық тазарту әдісі
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығын дамытудын 2009-20010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Экологиялық биотехнология туралы
Биотехнология ғылымы
Пәндер