«Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары»



Суицид (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.
Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі жағдайлар ғана.
Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады.
Балалардың өзіне өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады:
баланың достары болмаса;
ешкіммен араласпаса;
ата-анасымен сырласпаса;
ешкімге сенбесе;
ешнәрсе қызықтырмаса;
қымбат адамын жоғалтса;
біреуге ренішін ұзақ уақыт уайымдаса;
сүйген адамы қарамаса;
ата-аналары ажырасып, олардың махабатын жоғалттым деп ойласа;
ата-аналарының өмірден өткенін қайғырса;
басқа адамдар қорлап, кемітіп тілін тигізсе;
өзінікін дұрыс деп кешірім сұрағысы келмей жазалаудан қашқанда;
жасөспірім қыздар жүктеліп қалып үйяттан қашып сондай іс әрекетке баруы мүмкін;
ұзақ уақыт бопсалауға кездескенде;
жолдасына, кітаптағы немесе кинодағы кейіпкерлерге еліккенде.
Егенисова А.Қ. Психология

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары.

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу мәселесі

Суицид (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол
жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің ішкі
болмысына жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте
рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-
өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.
Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның
ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы,
моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып
оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы
сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл
аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі
жағдайлар ғана.
Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі
таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда,
ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын
өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына
көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктерден болып жатады.
Балалардың өзіне өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі
мәселелерге байланысты болады:
баланың достары болмаса;
ешкіммен араласпаса;
ата-анасымен сырласпаса;
ешкімге сенбесе;
ешнәрсе қызықтырмаса;
қымбат адамын жоғалтса;
біреуге ренішін ұзақ уақыт уайымдаса;
сүйген адамы қарамаса;
ата-аналары ажырасып, олардың махабатын жоғалттым деп ойласа;
ата-аналарының өмірден өткенін қайғырса;
басқа адамдар қорлап, кемітіп тілін тигізсе;
өзінікін дұрыс деп кешірім сұрағысы келмей жазалаудан қашқанда;
жасөспірім қыздар жүктеліп қалып үйяттан қашып сондай іс әрекетке баруы
мүмкін;
ұзақ уақыт бопсалауға кездескенде;
жолдасына, кітаптағы немесе кинодағы кейіпкерлерге еліккенде.
Балалар өз проблемаларын ашылып ешкімге айтпайды. Біреуге
айтса, елдің бәріне жария болып кете ме деп қорқады. Сонымен өзіне-өзі қол
салу өміріндегі кездескен дағдарыстан шығудың түйық жолы, өмірмен күресуге
қабілетсіздік, қиыншылдыққа төзе алмау. Алдын ала өзін өлімге ақырын
бейімдеп жүреді де, кейін сәл ғана нәрсе түрткі болады. 15-25 жас
аралығында жастар арасында жыл сайын өзіне-өзі қол салушылар көбеюде.
Зерттеу нәтижесі бойынша әрбір бесінші жас ұшырайды екен. Өзіне-өзі қол
жұмсауға ұмтылған көптеген жастар, өздерінің осы іс-әрекеті туралы ылғи
ескерту жасайды. Кейде айтады, кейде соны білдіретін іс-әрекеттер жасайды,
кейде ыммен білдіреді. Өзін қоршаған адамдардың барлығына білдірмегенмен
жақын досына немесе туысына білдіреді. Ешқандай білдірмей кететіндер аз.
Егер жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсауға бет бұратын болса, онда оған ара
түсу мүмкін емес. Бірінші кезде ойлағанына жете алмаса онда қайта-қайта
қайталай береді де өз дегеніне жетеді. Егер осы кезде өзіне қымбатты бір
адам ара түссе, өмірдің қымбатшылығын түсіндірсе, ол ешқашан мұндай қадамға
бармайды. Егер сенімен бірге жүрген жолдасың өзіне-өзі қол салу туралы
әңгіме қозғаса, оның ойында сол бар екенін ескере отырып, оның жаман
жақтарынан сақтандырып, өмірдің қаншалықты қажет екенін түсіндіру керек.
Өзіне-өзі қол салу тұқым қуаламайды. Өзіне-өзі қол жұмсауға психикалық
бұзылысы бар адамдар және сонымен қатар сау адамдар да барады. Олар өзіне
ғана емес, өзгеге де қауіпті. Олардың ішкі көңіл-күйлерінің бұзылуы өте
жоғары дәрежеде болғандықтан, олар тек өлім туралы ойлайды. Өзіне-өзі қол
салу туралы айтқан адам, сол іс-әрекетке барады. Он адамның жетеуі өзінің
алдағы істейтін іс-әрекеті туралы жолдастарын хабардар етеді екен. Ал оған
адамдар мән бермейді немесе қалжыңдады деп ойлайды. Менің өлгім келеді
деген сөзге балалар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері басқалардың көңілін
өзіне аударғысы келіп тұр деп ойлайды. Олай емес, сол мезетте осы әңгімені
қозғап, не үшін өлгісі келетінін білуге тырыс. Оған көмек қолын соз. Көп
нәрсе адамның досына байланысты. Досың өзіне-өзі қол жұмсау туралы саған
сеніп айтатын болса, онда оның шын мәнінде өлгісі келмегені, сенен көмек
күткені. Баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге
жол бермей, әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне араластырып ортақ
мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу керек. Мектепте баланы
тек ұрсу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін құм етіп, оны өмірден безінетін
жағдайлар да болып тұрады. Алдында үлгі-өнегі алатын, сырласатын, үлкен
адамға тән қадыр-қасиет, жүріс-тұрыс, мәнері мен мен әдеттерін үйренетін,
шаруашылыққа икемдейтін әкенің рөлі ер балаға ауадай қажет. Отбасында
қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін
ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің
аздығына, білімінің әлі таяздығына қарамай ересектерден кем білмеймін,
қолымнан бәрі келеді деп есептейді. Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Суицидке бейім адамдармен әлеуметтік-оңалту жұмыстары
Суицидтік мінез құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері
СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Суицид девиантты мінез - құлық ретінде
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Суицид
Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері
Қазақстандағы суицид мәселесі
Дж. Ритцер еңбектерін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлері
Пәндер