Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . … . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕСІ.

1. 1 Мұрагерлік құқықтың пайда болуы және даму кезеңдері…… . . . ……. . 7

1. 2 Қазақстан Республикасының заңы бойынша мұра қалдырудың сипаттамасы және түсінігі……… . . . . …. 14

2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ӨСИЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Өсиеттің түсінігі мен элементтері. … . . . 23

2. 2 Өсиеттің нысаны. Өсиетті жарамсыз деп тану негізі мен тәртібі

және құқықтық салдары . . . . . . … . . . 32

2. 3 Өсиеттің орындалуы. Мұрадағы міндетті үлес. … . . . 37

3 Мұраны қабылдау

3. 1 Мұрагерлік істі хаттау тәртібі . . . ……… . . . 41

3. 2 Мұрагерлі мүлікті қорғаушылардың шара қолдануы. . ………. … . . . 44

3. 3 Мұрадан бас тарту . . . ……… . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 53

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес, жеке меншік пен оны мұра ретінде алу құқығы мемлекетпен қорғалады [1; 26б] .

Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты.

Дипломдық жұмысты зерттеудің негізгі объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі және кейбір мүліктік емес құқықтар мен міндеттер.

Жекелеген азаматтардың қолында жеке меншік заттардың шоғырлануы қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарлауына және оның нәтижесінде мүдделлігін арттырады. Демек, мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық негізін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің елдің халқына Үндеуінде, жеке меншік институттары жерге жеке меншік есебінен және де мұрагелік құқықты қорғайтын заңи жүйенің есебінде бекітіледі. [2; 19б, 52б]

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысымен өтетін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға қатысты барлық құқықтыр мен міндеттерге ие болып отырған. Мұрагерлік процесінен екі кезеңді байқауға байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.

Мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа тиесілі, мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде құқықмирасқорына тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттердің бір бөлігі. Мұра екі жолмен жүреді: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша (егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса) [3; 1038б] .

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болєан жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдау керек. Мұраны қабылдау - біржақты келісім және әрбір келісім сияқты қабылдау тек қана қабілетті азаматты тұлғамен орындалады.

Қабылдау екі тәсілмен іске асырылады:

  • нотариусқа қатысты арызды беру жолымен;
  • нақты (мұрагерлі мүлікке иелік ету сәттен) .

Егер мұраны қабылдаудан өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерлер бас тартқан жағдайда онда иесіз қалған мұра болып есептелген [4; 36-37б] .

Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқық - азаматтық құқықтың өте ертедегі және бөлшекті жасалынған саласы. Мұра сөзі адамзатқа өте ертеден белгілі. Мұрагерліктің мәні және ролі қоғамдық қатынастың даму деңгейіне байланысты өзгереді, бірақ та кез келген жағдайда мұра қалдырушы өзі жинаған мүлкін, мұрагерлік құқығын өзі тағайындаған жақын туыстары немесе жеке және заңды тұлғаларға мұра қалдырып кетуге деген сенімі мол болады. Сонымен қатар, « . . . Мұрагер болу құқығы - әрбір азаматтық құқықтың мәртебесінің бөлінбейтін элементі». Бірақ та мұрагерліктің конституциялық құқығы азаматта нақты мұра туғызбайды. Ондай құқықтар өсиет немесе заң негізінде туындайды [5; 9б] .

Мұрагерлік құқықтың мәні-мұрагерлік құқығы бар нақты тұлғада тек заңда белгіленген (мұра қалдырушымен туыстық қатынастары бар мұрагерлер шеңберіне қосылуы) негіздердің бар болуы.

Осы аталған жұмыстың зерттелу пәні - берілген құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Мұрагерлік құқықтың әсер ету шеңбері мұрагерлік қатынастың әрекет ету шеңберінен әлдеқайда кеңірек, өйткені олар - мұрагерлік құқықтың тек бір бөлігі ғана. Мұрагерлік құқықтың пәні - мұрагерлік заңымен реттелетін мүліктік-бағалық сипаттағы қоғамдық қатынастар.

Мұрагерлік құқық - азаматтық құқықтың саласы сияқты, әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Мұрагерлік мүлік мұрагерге және меншік негізінде қаралуы керек.

Мұрагерлік құқық объективті және субъективті мағынада қарастырылады. Объективті мағынада мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың саласын түзетін мұрагерлікті реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен сипатталады. Мұрагерлік құқықтың объективті мағынадағы мәні - әрбір адам қайтыс болғаннан кейін оның мүліктері жақын туыстарына өтеді деген мүмкіншілігімен кепілдік беріледі.

Мұрагерлік құқықтың субъективті мәні (қайтыс болған адамның мүлкін мұрагерлік алу) - азаматтық құқық қатынастың нақты субъектілер мүмкіншілігімен сипатталады. Мұрагерлік құқық-мұрагерлікке дейін (өсиет жазу, нотариальды куәлікті алу, өзгеру т. б. ) және олардан кейінгі (мұраны қабылдау, мұраны бөлу) қатынастарды реттейді. Осыдан мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың саласы екені айқындалады.

Сонда мұрагерлік құқықтың пәні азаматтыққа қарағанда, неғұрлым тар, және де ол тек мұраның ашылуы, мұраның орындалуы, мұрагерлік құқықтың хатталу тәртібі, оларды қорғау негізінде туындайтын азаматтық- құқықтық қатынастарға беріледі.

Мұрагерлік қатынасты реттейтін нормалар кез келген потенциялды мұрагер сияқты азаматтың жұмысын қиындатады. Сол себепті мемлекет мұрагерлік құқық аясында зиянды болдырмауы тиіс. Ол азаматты өзінің мүлкін, соның ішінде қайтыс болған жағдайында ерікті түрде қолдануға кепілдік беру қажет. Мұра құқығының әдісі - мұрагерлік қатынасты реттейтін құралдар мен тәсілдер жүйесі. Мұрагерліктің әдісінің келесі белгілері бар: азаматтық құқыққатынастарға қатысушылардың теңдігі, қатысушылардың автономиясы, олардың мүлік еріктігі т. б.

Адамның қайтыс болуынан қалған мүлкін билік ету қабілеттілігі - мемлекетте экономикалық қатынастарды тұрақтандырады, одан қоғамда және мемлекетте берілген мүмкіншілігі бар адам өзі үшін ғана емес, сонымен қатар жақын туыстары үшін де (болашақтағы мұрагерлер) жұмыс істейді.

Егерде азамат өлген жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп, сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады.

Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланысты ықпалын тигізеді және бекітеді. Біздің заң бойынша азаматқа өлмей тұрып, өз мүлкіне билік етуге, яғни өсиет қалдыру жолымен өкім тастай алады.

Азамат өсиетте өзі өлгеннен кейін берілетін мүліктің белгілі отбасы мүшелеріне ұйымдарға және басқа да тұлғаларды көрсетуге болады. Сонымен, ол өзінің өмірі кезінде өзінің мүлкін қалдыратын тұлғаларды анықтап қоюы тиіс.

Азаматқа өз мүлкімен билік етуде кең құқықтар бере отырып, өсиет қалдыруда мемлекет кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз отбасы мүшелерін қорғап, оларға міндетті мұрагерлік үлестің сақталуын қамтамасыз етеді.

Мұрагерлік құқық сұрақтары қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ол нарықтық қатынастардың пайда болуы, объектілер шеңбері және де мемлекетке жататын меншік пен мүмкіндіктердің жекешелендіру тәртібімен жеке меншікке ауысуы-мұрагерлік тәртібімен өтуі әлдеқайда кеңейтілуімен түсіндіріледі. Егер де ертерекет мұрагерлікке тек осы бағалы заттар қалдырылса, (көлік, саяжай, салым), ал қазіргі уақытта пәтер, тұрғын үйлер, жер үлесі және т. б. мүліктер болуы мүмкін. Сонымен мұрагерлік құқықтың нормалары аса қажет болып табылады.

Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.

1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.

2-ден Ажал кез келген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

3-ден Өсиет жазу кейбіреулерге қиынға түседі. Өйткені көптеген адамдар өлім деген суық сөзден қорқады. Бірақ та ақиқаттан қашуға болмайды.

Сонымен, тақырыптың өзектілігі жоғары көрсетілгендер мен қатар келесідей аспектілерді бекітеді.

1-ден Тақырыптың өзектілігі азаматтық заңнама көлеміндегі жаңалықтардағы деректердің жоқ болуында.

2-ден Алдағы уақыттағы заңнама мен қазіргі кездегі мұрагерлік құқықтық салыстырмалы түрде саралау.

3-ден Құқық тәжірибесіндегі қалыптасқан кезекті жаңа мұрагерлікті зерттеу.

Осы жұмыстың мақсаты болып, өсиеттік құқық мирасқорлықты құқықтық құбылыс ретінде түрлі ерекшеліктерін және өсиеттің негізінде пайда болатын қатынастарды зерттеу табылады. Осы мақсатқа жетуде келесі сұрақтарды ашуда көруге болады:

  • мұрагерлік қатынастардың қалыптасуы мен даму сатыларын қарастыру;
  • өсиеттік мирасқорлықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі, өсиеттің маңызын, белгілерін және мағынасын анықтау;
  • өсиеттік құқыққабілеттілікті жүзеге асырудағы құқықтық кепілдіктерді зерттеу.

Дипломдық жұмыстың кең ауқымды көрінісін, ғылыми зерттелу деңгейін М. Ю. Барщевскийдің «Наследственное право», Ю. Н. Власовтың, Э. Б. Эйдинованың, А. Давидовичтің, А. М. Немковтың Наследование по закону и завещанию, П. С. Никитюктің «Наследственное прво и наследственный процесс», А. Л. Маковскийдің «Наследственное право» «табан ақы, маңдай терімен» жазылған еңбектерінен көруге болады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Өсиеттің осындай ерешеліктерін және мұрагерлік құқығын біз толығымен осы жұмыста ашуға тырысамыз.

1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕСІ

1. 1 Мұрагерлік құқықтың пайда болуы және даму

кезеңдері

Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым - қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік қүштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыста өзгереді.

Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып қеледі, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.

Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде экономикалық құрылыстың өзі өндірістік қүштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды [6; 7б] .

Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына, соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әртүрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.

Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқада жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасу мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ол үшін мұра қалдыру тәртібін әртүрлі әлеуметтік - экономикалық нысандарын қарастыру керек.

Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат тарихындағы бірінші қоғамдық - экономикалық формация. Бұл құрылыс жүйелі түрде дамуда матриархат және патриархат қезеңінен асып түскен. Жеке меншік, таптар және мемлекеттің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына алып келген.

Матриархаттың бастапқы кезеңінде топтық неке орын алды, онда бір топ ер адамдар бір топ әйелдермен некеге тұрды. Өндірістің негізгі құралдары ( жер, аң және балық аулайтын құралдар), сонымен қатар бірге дайындалатын және пайдаланылатын ( тұрғын үй, қайық, азық-түлік және т. б. ) заттар рудың жеке меншігі болып танылды.

Рулық қауымдастықтың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет-ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген адамға тиісті болған мүлік жақын туысқандардың арасында бөлінді. Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді. Жеке өзі пайдаланылатын құнды заттар олардың иесімен бірге көмілді.

Матриархат кезеңінде жеке меншіктің әртүрлілігі мен мөлшері аз болғандықтан мұрагерлікке ешкім мүдделі болған жоқ.

Патриархат кезеңі бірнеше өндірістік күштердің адамның қызметінің барлық шаруашылық саласында дамуымен сипатталады.

Жеке меншік ер адамның қолында болған соң, оның отбасы шеңберінде сақтап қалу қажеттілігі туды. Сондықтан, меншік иесі өлген соң мүлікке тек өзіне жақын адамдар мұрагерлер болғанын дұрыс көрді. Мұрагерлік мүлікті өз балаларына қалдыру үшін, меншік иесінен некеде туған баласы болуы қажет [6; 16-17б] .

Өндірістік қатынастары өзгерген соң мұра қалдыру тәртібі де өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы, мұрагерлердің шеңберінің тарылуына алып келді. Матриархат кезеңіндегі мұра қалдыру тәртібі бойынша өлген адамның мүлігі барлық ру мүшелерінің арасында бөлінген болса, патриархаттың алғашқы кезеңінде мұрагерлік - агнаттық тәртіппен ауыстырылды. Өлген адамның мүлкі Патриархалды отбасының шегінен шықпай, агнаттар арасында бөлінді.

Қалған туыстары мұра ретінде тек агнаттардан ешкім қалмағанда ғана алатын. Агнаттар - деп мұра қалдырушымен агнаттық туыстықтағы тұлғаларды атаған. Агнаттық туысқандарға: отбасы иесі, оның әйелін, олардың ұлдары мен күйеуге шықпаған қыздары, ұлдарының әйелдері мен оның балалары және де асырап алған тұлғалар кірді.

Рулық қауымдастықтың соңғы қезеңінде өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды.

Сонымен, алғашқы қауымдық құрылыста мұра қалдырудың ешқандай тәртібі болмаған. Қоғамның экономикалық дамуының өнімі мұрагерлік өмірдегі өндіріс құралдарының тәсілдерінде болған өзгерістермен бірге ауысты. Өндірістік күштердің дамуымен тамақтану үшін туыстық негізіндегі бір топқа жиналған тұлғалардың шеңбері тарылды. Сонымен қатар, мұрагерлердің де саны азайды.

Демек, шаруашылық жүргізудің экономикалық негізі өндіріс құралдарына деген қауымдық меншік болған соң мұрагерлік мүлік өндірістік ұжымның шегінен шықпады.

Өндіріс құралдарына деген ортақ меншікті мұра қалдырушы өз еркімен билей алмады. Сондықтан рулық қауымдастыққа өсиет бойынша мұра қалдыру мәлім болмады. Жеке меншік пайда болған соң ( рулық қауымдастықтың соңғы сатысында) өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды [6; 20б] .

Құл иеленушілік құрылыстың мұрагерлік құқығы. Құл иеленушілік қоғам екі негізгі топқа бөлінді: құл иеленушілер және құлдар.

Құлдық құрылыстың экономикалық негізі болып, өндіріс құралдары мен құлдарға деген құл иеленушінің меншігі табылды. Жаңа қоғамдық - экономикалық формацияға өту сол уақытқа өндірістік күштердің өсуі қарқынды болды.

Мемлекетпен бірге құқық та пайда болды. Құлдық мемлекеттердің алғашқы заңдары алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы кезінде жүзеге асырылатын мұрагерліктің, үшінші мұрагерлік тәртіптегі қатынастарды реттеп, бекітті. Сонымен қатар заңдарда мүлік иеленушінің құқықтары, оған өсиет ету құқықтарын беру жолымен ұлғайтылды.

Көне Египеттік құқықтың сақталған мұраларынан құлдық мемлекетте заң мен өсиет бойынша мұраға қалдыру мәлім болғанын көруге болады. Мұра қалдырудың жариялық нысаны ғана рұқсат етілген.

Мұра қалдырушы жеткілікті негіздер болған жағдайда, заңды мұрагерлерді мұрадағы үлестерінен айыруға мүмкіндік берді. Мұра қалдырушы өзінің мүлкін тек заңды мұрагерлерге ғана емес, сондай ақ басқа тұлғаларға қалдыра алды. Өсиет болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның мүлкі заңды мұрагерлеріне беріледі. Мұрагерлердің бірінші кезегінде мұра қалдырушының балалары тұрды.

Мұрагерлік мүлік балаларының арасында тең үлесте бөлінеді. Балалары болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның ағалары мен апалары саналады.

Құл иеленушілік құрылыстағы мұрагерлік қатынастардың толық түрде реттелуі Рим құқығында берілген. Рим құқығының көне мұрасы болып, 12 таблица заңы болып табылады. Онда патриархаттың соңғы кезеңіндегі мұра қалдырудың тәртібі бекітілген болатын және мұра қалдыру екендігі танылды.

Рим құқығы өсиет бойынша немесе заң бойынша мұра қалдыруды рұқсат етті. Мұра қалдырудың екі түрі де бір уақытта әрекет ете алмады. Өсиет бойынша мұра қалдыру заң бойынша мұра қалдыруды рұқсат етпеді.

Басқа да құл иеленуші мемлекеттердегі сияқты Рим құқығы да мұра қалдырудың жария нысанын қарастырды. Мұра қалдырудың мұндай нысаны мұра қалдырушының отбасы мүшелерін мұрагерлік қателіктерінен сақтаған. Өйткені, халық жиналысы мұра қалдыруды әділетсіз деп таныса, рұқсат етілмеді.

Өсиеттің мазмұнына да қажетті талаптар қойылды. Соның ішінде міндетті түрде мұрагер көрсетілуі тиіс. Егерде мұраны қалдырушы туыстарының ішінде мұрадан айыратын тұлға болса, онда ол мұрасыз қалған тұлғаларды жазуы тиіс. Егерде ондай тәртіп қолданылмаса, өсиет жарамсыз деп танылады.

Империя кезеңіндегі рим құқығында легаттан басқа (өсиеттік бас тарту) бас тартудың басқа түрін - фидейкомисс танылды. Фидейкомисстің легаттан айырмашылығы тек қана өсиет бойынша мұрагерге ғана емес, сонымен қатар заң бойынша мұрагерге де қойылады.

Рим құқығында шартты түрде мұрагер болу мүмкіншілігі бар. Тұлға егер өсиет қалдырушы шартын орындағаннан кейін ғана мұрагер болып танылады. Егерде бұл шарт орындалмаса өсиет жазылмаған деп танылды. Яғни, өсиеттің тиістілігіне әсер етеді.

Өсиет келісім шарт болып танылғандықтан, өсиет қалдырушы құқық қабілетті және әрекет қабілетті болуы керек болды. Рим құқығы мұра қалдыруды жан-жақты (әмбебап) мирасқор ретінде қарастырды. Бұндай жағдайда мұрагер мұраны алған соң, бір актімен өлген адамның құқықтары мен міндеттерінің барлық жиынтығын алды. Мұрагерге мұра көшу үшін, ол мұраны қабылдап, алуы тиіс. Мұрагер мұраны алды деп, мұрагерлік мүлікті басқаруға көшсе немесе қуәлердің қатысуында мұраны қабылдау туралы мәлімдесе ғана танылады [7; 566б] .

Сонымен жеке меншіктің дамуы мен отбасы мүшелерінің еңбегін құлдардың еңбегіне ауыстыру құл иеленуші қоғамдағы отбасын өндірістік коллектив ретінде экономикалық ұя ретінде қарауды қойды. Мұрагерлікке мұралық мүлікті жинауына және алуына қатысуына қарамай, өлген адамның жақын қандық туыстары шақырыла бастайды. Өсиет мұра қалдырудың басым нысаны болады.

Феодалдық құрылыстың мұрагерлік құқығы. Өндіріс құралдарының, одан әрі дамуы енбеқтің өнімділігінің өсуімен қоса болады.

Құл иеленушілік өндірістік қатынастарда өнімділік қүштердің өсуінің сәйкессіздігі құл иеленушілік құрылыстың біртіндеп феодалдыққа ауысуына алып қелді.

Феодалдық құрылыстың сипаттамасы ретінде жер меншігінің иерархиялық құрылымы танылды. Көптеген феодалдық меншіктер саяси бытыраңқылық пен өзара соғыстардың арқасында жүйеленген заңдар болған жоқ. Мұрагерлік құқықтың сұрақтары басқа құқық институттары да нашар қарастырылған. Құл иеленушілік құрылыс сияқты, феодалдықта да көптеген мұрагерліктің кезектілігі сақталды.

Соңғы кезектегі мұрагерлер алғашқы кезектегі мұрагерлер болса ғана шақырылмаған. Мұрагерлік кезектердің жүйелілігі туыстық дәрежесіне негізделген. Туыстық дәрежесі жақын туыстар алыс дәрежедегі туысқандарды шегеріп тастаған.

«Саксондық айна» (герман құқығының 13- ғасырдағы ескерткіші) мұрагерлер мұра қалдырушының арыздарын жылжымалы мүліктің бағасымен жауапкершіліктің мөлшерін азайтқан [6; 46б] .

Феодалдық құқыққа мұра қалдырудың тек заң бойынша ғана емес, сонымен қатар өсиет бойыншасы да мәлім болған, бірақ мұра қалдырушының құқықтары біршама шектелді. Мысалы: Егерде мұра қалдырушыда ұлдар болса, онда мүлікті өсиет бойынша мұраға қалдыруға болмады. Бұл жағдайда мұра қалдырушының еркінен тыс барлық мұралық мүлік ұлдарының арасында бөлініп берілді. Егерде ұлдары болмаса, мұра қалдырушы өз мүлкін кімге болса да қалдыра алды.

«Полицтік статут» (15- жүзжылдықтағы оңтүстік славяндардың феодалдық құқығының ескерткіші) Бұл заңдар жинағында, мұра қалдырушының ұлдарын мұрадан айырудың жекелеген және заңда көрсетілген жағдайларын көрсеткен [6; 47б] .

Феодалдық қоғамда мұрагерлік құқық қатынастарды реттеуде үлкен әсерлерді көрсетті. Дін, идеология, әлеуметтану феодал таптарындағы қоғамда басшылықтың еркін білдірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Мұрагерлік
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
Халықаралық дербес құқық пәні бойынша дәрістер кешені
Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқық ғылымының мәселелері
Мұрагерлік құқық туралы мәлімет
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz