Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері



1. Кіріспе: Арнаулы салық режимі туралы түсінік және оны қолдану ерекшеліктері

2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері

3. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
Салық режимі – Салық кодексінде белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Салық режимдері екі топқа бөлінеді:
- жалпы режим;
- арнаулы салық режимі.
Жалпы салық режимі – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін барлық салық және басқа да бюджетке төленетін міндеттердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды көздейді.
Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары, шағын бизнестің субъектілері, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекеленген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
1. Салық кодексі
2. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006.
3. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2010.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультеті
"Қаржы және банк ісі" кафедрасы

Мәнжазба
Тақырыбы: "Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі "



Орындаған:Мырзағарина Г.А. Тексерген: Кельбетова С.Ж.

Ақтөбе 2012жыл

Жоспар

1. Кіріспе: Арнаулы салық режимі туралы түсінік және оны қолдану ерекшеліктері

2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері

3. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

Кіріспе

Салық режимі - Салық кодексінде белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Салық режимдері екі топқа бөлінеді:
жалпы режим;
арнаулы салық режимі.
Жалпы салық режимі - салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін барлық салық және басқа да бюджетке төленетін міндеттердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды көздейді.
Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары, шағын бизнестің субъектілері, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекеленген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Төлеушілердің жеке топтарына жеке салықтарды есептеп шығарудың және төлеудің жеңілдетілген тәртібі мен олар бойынша есептілікті көздейтін арнаулы салық режимі анықталған.
Арнаулы салық режимдері келесідей субъектілерге қатысты пайдаланылады:
* шағын бизнестің субъектілеріне;
* шаруа қожалықтарына;
* заңды тұлғаларға - тек қана ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін;
* кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлеріне.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеп шығару мен төлеудің және де олар бойынша есептілікті алудың бір ғана тәртібін өз бетінше таңдауға құқылы. Олар келесідей: жалпылай бекітілген тәртіп; бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі; патент негізіндегі арнаулы салық режимі; оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Жалпылай бекітілген тәртіпті қолдану барысында арнаулы салық режиміне ауысу тек қана осы тәртіпті қолданудың екі жылдық мерзімі біткеннен кейін ғана мүмкін.
Арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ субъектілер:
# филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
# филиалдар мен өкілдіктердің өзі;
# заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
# басқа да құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер.
Салықтарды төлеу арнаулы салық режимінде бір жолғы талон негізінде, патент негізінде, оңайлатылған декларация негізінде орындалады.
Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін іс-әрекетін жылына 90 күннен аспайтындай мерзімде жүзеге асыратын жеке тұлғалар қолданады. Бұл тұлғалар өздерінің қызметін жүргізуде жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбаса, олар жеке кәспікерлер ретінде әлеуметтік салық пен мемлекеттік тіркеуден босатылады. Қызмет түрлерінің тізбесін, бір жолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Жалдамалы еңбекті қолданбай бір жолғы талон негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлемейді және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі. Бұл режимді іс-әрекеттері алдын-ала анықталған шарттарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер қолданады. Олар:
1. жалдамалы жұмыс күшін қолданбайды;
2. іс-әрекетін жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырады;
3. жылдық табысы 2.0 млн. теңгеден аспайды.
2002 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер үшін патенттік тәртіпті пайдалану шегі 1.0 млн. теңгеден 2.0 млн. теңгеге дейін кеңейді. Патент жеке кәсіпкерлерге бір календарлық жылдың шегіндегі бір айлық мерзімге беріледі.
Патенттің құны жеке кәсіпкерлердің табысынан салық ставкасы 3 көлемінде есептеліп шығарылады. Оның сомасы бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сияқты бірдей бөлімдермен төленеді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Бұл режимді төмендегідей шарттарға сәйкес келетін шағын бизнестің субъектілері қолданады:
жеке кәсіпкерлер үшін:
салық мерзіміндегі жұмыскерлердің орта саны кәсіпкердің өзін қосқанда он бес адамды құрайды;
салық мерзіміндегі шекті табыс - 4500,0 мың теңге құрайды.
заңды тұлғалар үшін:
o салық мерзіміндегі жұмыскерлердің орта саны жиырма бес адамды құрайды;
o салық мерзіміндегі шекті табыс - 9000.0 теңге құрайды.
Оңайлатылған декларация бойынша 1,5% мөлшеріндегі түзетуді пайдалану үшін жұмыскерлердің жалақысы бойынша шектеулер төмендетілді.

2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері

Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады. Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы. Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды. 20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Шаруа қожалықтары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:
oo қызметтен түскен шаруа қожалықтарының табысынан;
oo жер салығы;
oo көлік құралдарына салынатын салық;
oo мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.
Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады. Жер учаскесін айқындау ҚР жер заңдарына белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1% ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде:
oo ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңінің 20 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде, жалпы сомасының бөлігінен кем емес мөлшерде төленеді;
oo бірыңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
20 қазаннан кейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуге тиісті жалпы салық сомасын енгізеді.
Шаруа қожалығы жер учаскесін басқа шаруа қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінің нақты пайдаланылу кезеңін негізге ала отырып есептейді және төлейді.
Жер учаскесін жалға беруден алынған табыс бойынша шаруа қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді. Бұл орайда осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығының төленген сомасы салық салынатын табыс айқындалған кезде шегерілуге тиіс.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына өткен салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация тапсырады. Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданған бірінші жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай құжаттарды:
- Ағымдағы кезең үшін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін;
- Нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;
- Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесін бағалау құнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған көшірмесін;
- әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректерді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салық кезеңінде жалдау туралы мәліметтер табыс етеді.
Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші қызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органына бергеннен кейін 15 күн мерзімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетті. Бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа қожалығының басшысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы салық режимдері туралы
Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимі
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
Салық саясаты және оны жузеге асыру
Арнаулы салық режимдері
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Кәсіпкерлермен арнаулы салық режимдерінің қолданылуы
Салық түсінігі және түрлері
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері туралы
Пәндер