Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
I БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ географиялық ерекшеліктері және демографиялық жағдайы . . . 5-9
1. 1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданының орналасу жағдайы . . . 5-8
1. 2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы: табиғи өсім, көші-қон, қоныстану мәселелері . . . 8-9
II БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ . . . 10-26
2. 1 Батыс Қазақстан шаруашылығы, өндіріс тораптары . . . 10-13
2. 2 Отын-энергетика кешені . . . 13-26
2. 2. 1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы . . . 13-15
2. 2. 2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы . . . 15
2. 2. 3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері . . . 16-22
2. 2. 4 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыттары . . . 22-26
III БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ агроөнеркәсіптік кешені . . . 27-29
3. 1 Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі . . . 27-28
3. 2 Мал шаруашылығы . . . 28-29
3. 3 Балық шаруашылығы . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы еліміздің батысында орналасқан. Экономикалық аудан республикамыздың халықаралық маңызы бар мұнай, газ кен орындарының, барит кенінің, т. б. пайдалы қазбаларына бай. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикасындағы жетекші салалар болып табылатын мұнай-газ, мұнай-химиясы өнеркәсібінің, балық шаруашылығының маңызы зор. Сондықтан өз экономикасын еліміздегі басқа экономикалық аудандарымен, шетелдермен экономикалық байланыс орнатып, дамытып келеді. Мұнсыз қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Нақ осы уақыттағы саяси-әлеуметтік және экономикалық қауырт даму аймақтың табиғат байлықтарына сүйенеді. Оны ұтымды пайдалану ісі мен қорғау ісін қатар жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі аумақтық күрделі үрдістердің (шаруашылықтың дамуындағы әр түрлі бағыттар, экономикалық дағдарыстар мен қарама-қайшылықтар, өсу қарқыны, салалық және аумақтық құрылымдық өзгерістер, т. б. ) жылдам өзгеруі соншалықты, әлеуметтік-экономикалық, саяси-географиялық ақпараттардың соңынан уақытында ілесіп жүру қиындыққа түседі. Яғни олар жылдам ескіреді немесе ақпараттық жүйелерге жаңа мәліметтердің жинақталуы кешеуілдеп жатады.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы ең алдымен дамыған өнеркәсіпті, көп салалы шаруашылық, көліктің барлық түрлерін, ал өндірістік емес саладан - ірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, сауданы, денсаулық сақтау, білім беру саласын және тағы басқаларды қамтиды.
Қазір аудан шаруашылығын дамытуда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа салаларын құру жолымен экономиканың шикізатқа бағыттылығын жою, көлік, байланыс желісін одан әрі дамыту, тауар, валюта рыноктарын тағы басқаларды қалыптастыру процестерін барынша жеделдету міндеті тұр. Минералды ресурстарды игеруге шетел инвестициясын тарту мен технологиясын пайдалануға үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Курстық жұмыстың мақсаты - Батыс Қазақстан экономикалық ауданында тұратын халықтың әлеуметтік ахуалын, материалдық және рухани талабын қанағаттандыру мәселелерін қарастыру. Курстық жұмыс аудандағы шаруашылықтың даму заңдылықтарымен таныстырады.
Курстық жұмыстың міндеттері: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының географиялық ерекшеліктері және геодемографиялық жағдайы, өнеркәсіп географиясы, инфрақұрылым кешенінің қалыптасуы мен даму процесі, агроөнеркәсіптік кешенінің даму ерекшеліктерін қарастыру мақсатында төмендегідей міндеттерді қояды:
- Батыс Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы: табиғи өсім, көші-қон, қоныстану мәселелерін қарастыру;
- Батыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсіп географиясы, инфрақұрылым кешенінің қалыптасуы мен даму процесіне баға беру;
- Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлері, өндіріс географиясын сипаттау;
- Батыс Қазақстан экономикалық ауданының инфрақұрылымдық кешені: көлік, байланыс және сауда географиясына тоқталу;
- Батыс Қазақстан экономикалық ауданының агроөнеркәсіптік кешенінің даму ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыс нысаны. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері болып табылады.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін Батыс Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысы бар отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық-әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.
Курстық жұмыстың ақпарат базасы статистикалық талдау басқармасынан, интернет парақтарынан алынды.
1 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ географиялық ерекшеліктері және демографиялық жағдайы
1. 1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданының орналасу жағдайы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы - республикамыздың батысында орналасқан. Жалпы ауданы - 729 мың шаршы шақырымға тең. Батыс Қазақстан аумағының көлемі жөнінен республикада бірінші орын алады. Ол республиканың қиыр батысына, Ресей Федерациясының еуропалық бөлігімен шекарадағы айтарлықтай ылғалды Шығыс Еуропа далалары мен Орта Азия шөлдерінің аралығында орналасқан.
Физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы жағынан облыстың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- Облыс аумағының сейсмикалық тұрақты болып келуі;
- Жер бедерінің басым бөлігінің ойпатты болып келуі;
- Еуразия құрлығының ішкі ауданында орналасқандықтан, климаттық жағдайы қатаң, шұғыл континентті болып келетіндігі;
- кен байлықтарының дүниежүзілік және жергілікті жер масштабындағы мол қорларының болуы;
- облыс Ресей Федерациясының облыстарымен және еліміздің өнеркәсіпті облыстарымен шектес орналасқандығы.
1-кесте - Батыс Қазақсан экономикалық ауданының облыстары
Аумағы
(мың шаршы шақырым)
Халық саны
(мың адам)
*2000 ж. Ұлттық статистикалық деректер негізінде құрастырылған
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы - республика экономикасында маңызды орны бар мұнай мен газ, хром, никель, тұз, борат және т. б. пайдалы қазындыларды өндіретін аймақ [1] .
Батыс Қазақстан экономикалық аудан солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында Қостанай, Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-шығысында Қызылорда облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан, Түркіменстан Республикаларымен, батысында Ресей Федерациясының Астрахань облысымен, оңтүстік-батыс бөлігін алып жатқан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан Республикасымен шектеседі.
Аудан аумағының Ресей Федерациясының Астрахань облысымен шекаралас болуы шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсер етеді. Сондай-ақ іргелес облыстармен тығыз ішкі экономикалық, т. б. қарым-қатынастары экономикалық-географиялық қолайлылығын көрсетеді. Ауданның мемлекетаралық, республикалық көліктік-экономикалық байланыстары шаруашылықтың барлық салаларында кешенді даму үстінде [2] .
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы құрамына Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары кіреді.
Пайдалы қазындылары . Аймақтың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар мол. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру тарихи 1899 жылдан басталады. Қазірдің өзінде 70-тен астам мұнай, мұнай-газ және газ конденсатының кен орындары ашылып отыр. Ал 34 кен орнында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Теңіз кенінде газ факторы жоғары, оның мұнайында күкіртті сутегі мол. Шөлқара, Мәткен, Сарыбұлақ, Үлкентөбе, Қарашүңгіл, Үшмола құрылымдарындағы тұз астылық терригендік және терригенді - карбонатты шөгінділерден өндірістік маңызы бар мұнай көздері табылады. Облыстағы тұз күмбезі үстіндегі мұнай кен орнының сипаты ерекшелігі көп қабаттылығы және блоктық құрылымы болып табылады [3] .
Мұнай-газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен аймақ экономикасы үшін маңыздылары ретінде хром, никель, марганец, фосфорит, борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды, құрылыс индустриясы шикізаттарын (борды, бор-мергельді жыныстарды, гипстерді, ангидридтерді, сазды, құмды әктастарды), сондай-ақ битуминозды жыныстар (кирлер) мен тұщы және минералды су көздерін атап айтқан жөн [4] .
Ақтөбе облысының минералдық шикізат базасы түрлі қазбаларға бай. Оның аумағында отандық хромның барлық қоры, 55% - никель, 40% титан, 34% фосфорит, 4, 7% мырыш, 3, 6% мыс, 2% алюминий, 1, 4% көмір шоғырланған. Ақтөбе облысының табиғи байлығы бірегей. Мұнда 10% барланған және 30% көмірсутек Қазақстанның болжамды шикізат ( мұнай, газ және газ конденсанты), барлық отандық хром қорлары, республикадағы жалпы қордың 55% никель, 40% титан, 34% фосфориттер 4, 7 % мырыш, 3, 6% мыс, 2% аллюминия, 1, 4% көмір қоры шоғырланған, аймақ әлемде бірінші орын, үшінші орынды орынға ие болады. Облыс хром кенінің қоры бойынша дүние жүзінде бірінші орын 400 млн. астам, мыс кені 100 млн. тонна құрамы таза және мұнайдың өндірістік қоры бойынша 900 млн. тоннаға дейін (оның 250 млн. тоннасы өндірілуде) [6] .
Галоген типті бораттың өнеркәсіптік маңызы бар кені дүниежүзінің бір-ақ жерінен тек Атырау облысы қойнауынан ғана табылып отыр. Ол Индер және Сәтимола тұзды құрылымдарына байланысты жаралған. Облыстың солтүстік-шығысындағы Индер аймағының бірегей борат кен орны 1934 жылдан бері пайдаланылып келеді. Борат тұзды кендер бірегей, дүниежүзінде теңдесі жоқ, ол көне теңіздер тұзының кебуінен пайда болған. Көл тұзының жер бетіне шығып жатқан жалпы көлемінің өзі 121 шаршы шақырым, қалыңдығы 56, 2 м-ге дейін. Атыраулық ас тұзы құрамында бром, литий, йод және басқа сирек кездесетін элементтер болғандықтан сақтауға өте қолайлы. Индер көлінің тұзды суы құрамында бор, калий, магний, бром, литий және басқалары бар жоғары құрамды рапа мол. Ал рапа құнды қосындылар алынатын шикізат.
Атырау облысының көптеген тұзды алқаптарын құрайтын ас тұзының қоры мол. Тұзды алқаптардағы тас тұз сапасы жөнінен химия өндірісінің жоғары талаптарына сай келеді. Тұздардың бір бөлігі ауыл шаруашылығында малды қосымша азықтандыру үшін де пайдаланылады. Атырау қаласының оңтүстік-батысынан 12 шақырым жердегі ас тұзы күмбезінің үстінен жер бетіне шығып тұрған Тас мұнарасы жер асты санаторийін салуға әбден жарамды [7] .
Сульфат, сульфатты-хлоридті және хлоридті құрамдағы калий және магний аралас тұздар кені Индер-Сәтимола, Қыз, аймақтың басқа да өңірлерінен барланды. Жер бетіне шығып жатқан және олардан кальцийленген сода алуға, сондай-ақ бораттарды өндірудің технологиялық процесінде қосымша ретінде пайдалануға жарамды бор-мергельді жыныстың барланған қоры да Индер өңірінде молшылық. Индер, Қараөзек және Қарашүңгіл күмбездерінде ангидридті-гипсті жыныстардың барланған миллиардтаған тонналық қоры анықталды; тек Индер күмбезі табанының үстіне шығып жатқан гипс аумағы 210 шаршы шақырым алқапты алып жатыр, таза гипстердің орташа қалыңдығы 55 м. Гипс химия, медицина өнерркәсібінде, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды шикізат екені баршамызға белгілі [8] .
Аймақ қойнауында мұнай өндірісін жабыстырғыш материалдармен жабдықтауға кеңінен қолданылатын табиғи битуминозды жыныстардың (кирлердің) барланған мол қоры бар, мұнай кен орындары үш жерде - Қарамұратта, Ақшиде және Иманқарада барланды. Соңғысы игеріле бастады. Кирлердің бар екені Жосалысай, Әлімбай, Қойқара алаңдарында да белгілі болды.
Атырау облысында силикат кірпіш өндірісіне жарамды Индербор, Жаман Индер, Сағыз (Теке) сияқты үш аса ірі құм кен орны барланды. Барланған және өнеркәсіптік қорын тиісті ұйымдар бекіткен жоғарыда аталған пайдалы қазындылардан басқа облыста кендердің басқа да көптеген түрлерінің белгілері анықталып отыр. Мұндай жете зерттелмеген, бірақ қазірдің өзінде болашағы зор объектілерге линзаның, әктас, ангидрид, күкірт, құм-қиыршық, тас қосындылары, отқа төзімді керамзит және кірпіштік саздар, ұлутас, шипалы балшық, қоңыр көмір мен минералды бояулар жасауға жарамды саз шөгінділер жатады [9] .
1. 2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы: табиғи өсім, көші-қон, қоныстану мәселелері
Еңбек ресурстары еліміздің ең құнды жетістігі болып табылатыны белгілі, сонымен қатар осы ресурстар әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі тірегі болып саналады. Шаруашылықтың дамуы халық саны мен еңбек ресурстарына тікелей байланысты. Халқының саны жөнінен Батыс Қазақстан экономикалық ауданы еліміздегі аймақтар арасынан соңғы орындардың бірін иемденеді. 2006 жылғы стастикалық деректер қорытындысы бойынша аймақта 2 142803 адам тұрады [10] .
Аймақ тұрғындары аумақта біркелкі қоныстанбаған. Мәселен, Атырау облысының батыс бөлігіндегі Құрманғазы ауданында - 2, 5; Исатай - 0, 95; Махамбет - 3, 4; Мақат ауданында - 5, 4 адамнан келеді. Ақтөбе облысында орташа тығыздық - 2, 3; Батыс Қазақстан облысында - 4; Атырау облысында - 3, 9; Маңғыстау облысында - 2, 2 адам шамасында [11] .
Соңғы кездегі аймақтағы халық санының өсуі демографиялық дамудың Қазақстан Республикасына тән ортақ заңдарымен және үрдістерімен сипатталады. Бұл орайда аймақта өндіргіш күштердің дамуының, қоғамдық өмірдің алуан түрлі салаларындағы өндірістік қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің айтарлықтай мәні бар. Статистика деректері бойынша, аймақта бала туу деңгейі мен халықтың табиғи өсуі соңғы жылдары республика бойынша орташа деңгейден анағұрлым артық болып отыр.
Соңғы жиырма жыл ішінде аймақта бала туу деңгейінің бір қалыпқа келген сыңайы болатын, дегенмен бірте-бірте өсіп-өну қарқыны айтарлықтай жеделдей түскені де байқалады. Бұған бірқатар әлеуметтік-экономикалық факторлар (әйелдердің қоғамда алатын орны, балалар мекемелерінің көбеюі, медицина мен денсаулық сақтау орындарының жай-күйінің бірсыдырғы жақсаруы, коммуналдық-тұрмыстық, сауда-саттық жүйесінің түзелуі, мәдениет пен білімнің көтерілуі) себепкер болып отыр. Осы аталған себептердің нәтиежесінде соңғы он жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 17, 6 %-дан 20, 2%-ға дейін көтерілді.
Бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру нәтижесінде халықтың жастық-жыныстық құрылымының жақсара бастағаны байқалады. Әсіресе жастар мен орта жастағылар арасында әйелдер мен ерлер сан жағынан теңелді. Егер 1 жастан 44 жасқа дейінгілер арасында ерлер саны біршама басым болса, одан ұлғайғандар арасында әйелдердің саны басым болып келеді. Аймақтағы халықтың 51 % әйелдер, 49 % ерлер.
Халықтың саны табиғи өсімнен басқа «миграциялық өсім», яғни механикалық қозғалыс салдарынан өсетіндігі белгілі. Аймақтың дамыған, әлеуметтік аймақ қатарына қосылуына, республикамыздағы алдыңғы қатардың бірінде болуына халық санының әсері мол. Аймақтағы урбандалу процесі ауыл халқының қалаларға қоныс аудару нәтижесінде болып отыр. Халықтың көші-қон қозғалысы көбінесе аймақ шеңберінде болып тұрады. Аймақ көлемінде тұрғындардың ауылдық жерлерден қалаларға, қала маңындағы елді мекендерге, аудан орталықтарына қоныс аудару процесі әлі де қарқынды жүруде. Алайда өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісуі, көлік қатынасының қиындығы шалғай ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың ахуалын, тұрмысын қиындатып жіберді.
Соңғы жылдары алыс-жақын шетелдерден аймақ аумағына келіп қоныстанған оралмандар саны көбеюде. Аймақтағы халық санын арттыру үшін оралмандарға жағдай жасап, олардың жақсы өмір сүруіне қолайлылық туғызу керек. Оралмандарды тарихи орнына қайта қоныстандыру мәселелері қоғамда қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстандағы халық санының ТМД елдерімен салыстырғандығы төменгі көрсеткіштерінің бірін иемденуі, оның ішінде жергілікті қазақ ұлтының сыбағалы салмағының аздығы осы мәселені көтеруге негізгі себепші болды.
Аймақ аумағында 14 қала, 34 кент бар. Осы елді-мекендердің аумақта таралуы және онда тұратын халықтың қоныстану ерекшелігіне қарай екі топқа бөлеміз. Екі топтың ара салмағында ауыл халқы - 206, 1мың адам, ал қала халқы - 274, 6 мың адам. Қала мен ауыл халқының ішінде көп жылдар бойы ауыл тұрғындары басым болып келді. Бірақ соңғы жылдары қала халқының үлесі артып отыр. Мәселен, Атырау қаласында 207, 2 мың адам тұрады.
Қызметкерлердің орташа айлық номиналдық жалақысы ақшалай және заттай есептелген жалақы қорын орташа айлық жалақыны есептеуі үшін қолданатын жұмысшылардың тізімі бойынша орта санына және кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Аймақ халқының құрамы мен мәдени ерекшеліктері. Аймақ халқы негізінен көп ұлтты. Негізгі халқы - қазақтар.
2 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2. 1 Батыс Қазақстан шаруашылығы, өндіріс тораптары
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы - республикамыздағы өнеркәсібі дамыған қуатты аймақтарының бірі. Соңғы жылдардағы өнеркәсіп жұмысының қорытындылары өндіріс көлемінің өсу бағыт бағдарларын дәлелдейді.
Өнеркәсіп бойынша өнімдер көлемі бүтіндей және салалар бойынша меншік түріне қарамастан, заңды тұлғалар мен олардың жекелеген бөлімшелерінің жүзеге асырған өнеркәсіп өнімдерінің, өнеркәсіп сипатында жұмыстары мен қызметтерінің көлемі туралы мәліметтерінің құны бойынша қосындысы ретінде анықталады. Өнім көлемі туралы мәліметтер сәйкес жылдарыдың бағаларымен келтірілген. Өнеркәсіп өнімдерінің құны бойынша жинақ мәліметтерге ірі және орта кәсіпорындар өнеркәсіп емес ұйымдардың балансындағы шағын және қосалқы өндірістер өнеркәсіп өнімдері, ауыл шаруашылық құрылымдарының қосалқы өнеркәсібіндегі, шаруа шаруашылықтарының, сондай-ақ үй шаруашылығы секторының өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің құны бойынша мәліметтер кіреді [12] .
Маңғыстау аумақтық-өндірістік кешені Маңғыстау облысының аумағында орналасқан, республикамыздың жас өндіріс кешендерінің бірі. Көлемі - 165 мың шаршы шақырым. Көліктің төрт түрімен де төменгі деңгейде қамтамасыз етілуі кешеннің еліміздің экономикасында маңызды рөл атқаруына кері әсер етеді. Кешеннің экономикалық дамуының негізі - минералды шикізат және Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстардың мол қорының болуына сүйенеді. Кешеннің ірі қалалары: Ақтау, Форт-Шевченко, Жаңаөзен; поселкелері: Маңғышлақ, Өмірзақ, Теңге, Өзен, Құрық, Жетібай, Мұнайшы, Сай-Өтес, Баутино, Бейнеу. Облыста -316, 8 мың (1999 ж. ) адам тұрады.
Өндіріс орындары шоғырланған қалалар мен поселкелерде тұратын халық саны - 249, 0 мың адам (1999 ж. ) Ал ауыл халқының үлесіне келер болсақ, не бары - 67, 8 мың адамды құрайды. Мұның себебі: ауыл шаруашылығының нашар дамуына, табиғат жағдайының қатаңдығына байланысты деп түсінуге болады.
Батыс Қазақстан аймағындағы жас қалалардың бірі - Ақтау. Ақтау қаласы 1959 жылы поселок ретінде құрылған. 1963 жылы елді мекеннің табиғи-ресурстық, экономикалық әлеуетінің жоғарылығына байланысты жабық түрдегі қала мәртебесіне ие болды. Қаланың масштабы яғни көлемі мен даму қарқынын жетілдіруші негізгі төрт жағдай бар:
1) Тау-кен металлургия комбинатын салу, осы облыстан уран-фосфорит кенінің ашылуымен қатар дамып, осының негізінде ірі өндіріс торабы құрылды;
2) Жылдам нейтронды реакторды, дистиляттарды дайындау үшін өндірістік бекітім жасалынды;
- Маңғыстау түбегінде мұнай мен газ өндіретін өнеркәсіп дамытылуда;
- Республикадағы ірі пластмасса зауытының осы ауданда салынуы. Өндіріс орындарының дамуы қаланың келешегін айқындап, ірі орталыққа айналу мүмкіндігіне ие болады.
1989 ж. Италияның ЭНЖЕКО фирмасымен біріге отырып Ақтауда тіс пастасын өндіретін күрделі зауыт салу үшін келісім жасалды. Соның нәтижесінде зауыт құрылып, қарқынды жұмыс істеді.
Өндірістің қазіргі экономикалық жағдайына әлеуметтік өзгерістердің, нарықтық қатынастар кезінде айтарлықтай әсері болды. Инвестицияның жеткілікті болмауы және өңдеуші өнеркәсіп орындары үшін несие көздерінің қымбат бағада болуы аймаққа, нақты қалаға тән басты қиыншылық болып табылды. Ақтау қаласының периферияда, яғни экономикалық жағынан дамыған аудандардан шалғайда орналасуы электр тасымалдау жолын құру арқылы қуат көзімен жабдықтауға мүмкіндігін жоятынын баса айту керек. Осы қиыншылықтарды аз мерзімнің ішінде шешу мақсатында, жылдам нейтронды атом электростанцияларымен, жүйелі түрде табиғи газды тұтына отырып жұмыс жасайтын жылу электр станциялары қала тұрғындарының шаруашылық қажеттіліктерін толық өтеп келді. 1990 жылдар энергокомбинат үшін ауыр кезең болды. Өндіріс орындарының құлдырауы тұтынудың күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Демек, электр қуатын өндіру де бәсеңдеді. Тұтынушыларға энергия көздерін жеткізу және өндіру барысындағы сумен жабдықтау, тазарту қондырғыларын кеңейту жөніндегі жұмыстар түгелге жуық тоқтатылды. 1998-1999 жж. реактор тек қыс айларында ғана жұмысқа қосылды. Ал жазда бұл белгілі бір уақыттарда ғана берілетін болды. 1999 ж. республика үкіметінің «Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы ЖН-350 реакторын эксплуатациядан шығару туралы» қаулысына сәйкес реакторды эксплуатациялау тоқтатылды/16/.
Мұнай өндіру кәсіпорындарына шетел инвесторларының келуі шаруашылық қатынастарын қалыптастырды. «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның меншік түрі өзгерді. Бүгінде бұл кәсіпорынның 90% акциясын «Централь Азия Петролиум» индонезиялық компаниясы иеленіп жұмыс жасады.
Маңғыстаудың қолайлы географиялық жағдайы екі маңызды стратегиялық ерекшеліктерден тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz