Сәбіз өсіру



МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Әдебиетке шолу
2.1 Сәбіздің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері ... ... ... .4
2.2 Сәбіздің агротехникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 Сәбіздің тұқым шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3.1 Сәбіз тұқымын көшірусіз өсіру әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3.2 Тұқымды жинап бастыру және тазалау ... ... ... ... ... ... ..14
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Азық-түлік қауіпсіздігінің ғаламдық маңыздылығы барынша артып отырған қазіргі таңда Қазақстанның негізгі стратегиялық саясатында бұған ұлттық деңгейде аса зор мән беріліп отыр. «Агробизнес 2020» бағдарламасында азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ішкі рынокта 80 пайызға арттыру көзделген. Азық-түлік қауіпсіздігінің бірден бір кепілі ауыл шаруашылығында дақылдар мен көкөністердің өнімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстанда асханалық сәбіз көкөністер арасынан жоғары орын алады және республикамыздың барлық аймағында кеңінен өсіріледі. Соңғы жылдары оған деген сұраныс артып, егістік көлемі 17-18 мың гектар алқапты құрап, одан 404,2 мың тонна өнім өндірілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда сәбіздің 17 сорты мен буданы аудандастырылған. Бұл тізімнің дені шетелдік сорттар мен будандардан тұрады. Отандық көкөніс дақылдары селекциясына соңғы 10-15 жылда ғана басымдылық беріліп, дәстүрлі түрлерімен қатар, көкөністердің Қазақстанда болмаған жаңа түрлерінің сорттары зерттеліп, өндіріске енгізіле бастады. Нарық жағдайында азық-түлік өнімдерін көбейту үшін, алдымен көкөніс өндірушілерді өнімділігі мен сапасы жоғары тұқыммен қамтамасыз ету керек.
Сәбіз тамыржемісі адам ағзасына қажетті биологиялық белсенді заттар мен дәрумендерге, микро және макроэлементтерге бай болғандықтан, күнделікті ас мәзірінде де алатын орны ерекше болғандықтан және егіс көлемі едәуір болған себепті Қазақстанда асханалық сәбіздің тұқымына деген сұраныс өте жоғары. Бұл сұраныс бүгінгі күні негізінен шетелден келетін тұқыммен қамтылып отыр, ал отандық тұқымның үлесі мардымсыз. Бұл олқылықтардың негізгі себебі – елімізде әлі күнге дейін селекция және тұқым өндіру салаларының дұрыс жолға қойылмауы.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә. Жеміс-көкөніс шаруашылығы, «Дәуір», 2011.
2. «Жаршы» ғылыми-сараптамалық журналы, №8-2012
3. «Жаршы» ғылыми-сараптамалық журналы, №4-2013
4. Өтешқалиев А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. «Білім», 2008
5. Амиров Б.М., Амирова Ж.С. Рекомендации по технологии выращивания семян столовой моркови, «Кайнар», 2004.
6. Ысқақов М.Ә., Щепетков Н.Г. “Көкөніс шаруашылығы” курсы бойынша зертханалық-іссаналық сабақтарға арналған тапсырмалар жинағы, Астана, 2009.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АГРОНОМИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША
ЕСЕП

Тақырыбы: СӘБІЗ ДАҚЫЛЫН ТҰҚЫМҒА ӨСІРУ

Жетекші: а.ш.ғ.к., аға оқытушы Жаңбыршина Н.Ж.
Орындаған: 3-курс студенті Мәлімбекова Л.С.

АСТАНА 2013
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Әдебиетке шолу
2.1 Сәбіздің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері ... ... ... .4
2.2 Сәбіздің
агротехникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 Сәбіздің тұқым
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .10
2.3.1 Сәбіз тұқымын көшірусіз өсіру
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..13
2.3.2 Тұқымды жинап бастыру және тазалау ... ... ... ... ... ... ..14
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 7

Кіріспе

Азық-түлік қауіпсіздігінің ғаламдық маңыздылығы барынша артып отырған
қазіргі таңда Қазақстанның негізгі стратегиялық саясатында бұған ұлттық
деңгейде аса зор мән беріліп отыр. Агробизнес 2020 бағдарламасында азық-
түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ішкі рынокта 80 пайызға арттыру
көзделген. Азық-түлік қауіпсіздігінің бірден бір кепілі ауыл шаруашылығында
дақылдар мен көкөністердің өнімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстанда асханалық сәбіз көкөністер арасынан жоғары орын алады және
республикамыздың барлық аймағында кеңінен өсіріледі. Соңғы жылдары оған
деген сұраныс артып, егістік көлемі 17-18 мың гектар алқапты құрап, одан
404,2 мың тонна өнім өндірілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда сәбіздің 17 сорты мен буданы
аудандастырылған. Бұл тізімнің дені шетелдік сорттар мен будандардан
тұрады. Отандық көкөніс дақылдары селекциясына соңғы 10-15 жылда ғана
басымдылық беріліп, дәстүрлі түрлерімен қатар, көкөністердің Қазақстанда
болмаған жаңа түрлерінің сорттары зерттеліп, өндіріске енгізіле бастады.
Нарық жағдайында азық-түлік өнімдерін көбейту үшін, алдымен көкөніс
өндірушілерді өнімділігі мен сапасы жоғары тұқыммен қамтамасыз ету керек.
Сәбіз тамыржемісі адам ағзасына қажетті биологиялық белсенді заттар
мен дәрумендерге, микро және макроэлементтерге бай болғандықтан, күнделікті
ас мәзірінде де алатын орны ерекше болғандықтан және егіс көлемі едәуір
болған себепті Қазақстанда асханалық сәбіздің тұқымына деген сұраныс өте
жоғары. Бұл сұраныс бүгінгі күні негізінен шетелден келетін тұқыммен
қамтылып отыр, ал отандық тұқымның үлесі мардымсыз. Бұл олқылықтардың
негізгі себебі – елімізде әлі күнге дейін селекция және тұқым өндіру
салаларының дұрыс жолға қойылмауы.

Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу

1.1 Сәбіздің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Сәбіз ­ Daucuc carota. Құрамында каротин, В1, B2, C, PP және B9
дәрумендері, қанттар, минералды тұздар, азотты және адам ағзасына пайдалы
басқа да заттар көп болғандықтан дәруменнің қоймасы деп айтады. Онда
кобальттың тұздары ет пен сүтке қарағанда, он есе көп. Оны зат алмасуы
бұзылғанда және қан аз болғанда белгілейді. Сәбіз пісірген кезде
каротиннің жартысына жуығын жоғалтады.
Жапырақтары күрделі қауырсынды. Гүлденгіш сабағы түкті, биіктігі 1,5 м
дейін. Гүлшоғыры шатыр тәрізді. Тозаңдануы желдің және бунақденелілердің
көмегімен жүреді.
Тұқымы ұсақ, ұзынша сопақ, түкті, тығыз қабықты. Эфир майының
көптігінен бөртуі үшін судың мол болғанын тілейді. Танапта өскіні 20-25
тәулікте пайда болады [1].
Жылуға қатынасы. Сәбіз суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы 4-6ºC-да
өне бастайды. Ересек өсімдіктері төмен температураға өте төзімді, бірақ
күзде тамыржемістері 2-4ºC төмен үсікке шыдамайды. Сәбіздің жақсы өніп
өсуіне қолайлы жылылық +20-22ºC. Жоғарғы жылылықта тамыржемістері қысқа әрі
дәмсізденеді. Тамыржемістерін тұқымдыққа бірінші жазда тұқымдарымен
өсіргенге қарағанда, келесі жазда өсіргенде жылуға талабы жоғары болады.
Жарыққа қатынасы. Дамуының алғашқы кезеңінде жарықты өте қажет етеді.
Алғашқы көктеп өсіп өну кезеңдерінде жарық жетіспесе, сабақ жапырақтары
сорайып, өнімі мен сапасын төмендетеді. Бұл сәбізді жеміс беретін
ағаштардың қатараралықтарында, қою егістіктерде өсіргенде, арамшөптер
уақытында оталмағанда, мезгілінде қоректені аумағының көлемі аз болғанда
және сирету мен отау жұмыстарын кешіктіргенде байқалады.
Ылғалға қатынасы. Басқа тамыржемістілерге қарағанда құрғақшылыққа
төзімді. Бірақ тұқымдарының жақсы өнуіне ылғалды мол қажет етеді. Құрғақ
топырақта тамыржемістері жарамсыздана бастайды, осы кезеңде су берілсе,
тамыржемістерінің ішкі қабаттары толықсып, сыртқы қабат қабықтары жарылып,
сапасын төмендетеді. Осыған байланысты суарудың мөлшері мен жиілігі
біркелкі болғаны жақсы. Тамыр жүйесі топыраққа терең бойлайды. Сондықтан
ылғалды орташа қажетсінеді, бірақ сонда да ылғалдың артықшылығы немесе
жеткіліксіздігі оған зиян келтіреді: құрғақ топырақта тамыр жемісі
дөрекіленіп, қиқы­жиқыланады, ал артық ылғалдылық ауруға шалдықтырады. Ауа
құрғақшылығына сәбіз басқа тамыржемістілерге қарағанда жақсырақ
бейімделген. Бұған жапырағының тиімділігі, онымен бірге сабағының түктілігі
ықпал жасайды.
Қоректік элементтерге талабы. Сәбізге қарашіріндісі мол және өңдеу
қабаты терең, батпақтанбайтын, жеңіл саздақ және құмдақ топырақтар қажет.
Қоректену элементтерінің ішінде ол, бәрінен де калийді, сонымен бірге
азотты тыңайтқышты қажет етеді. Оны жас көңмен мол етіп қоректендіруге
болмайды, себебі ұзын тамыржемістері қиқы­жиқы, тармақталған, ашық­сары
түсті және дәмі ұнамсыз болады. Бір тонна өніммен орташа есеппен алғанда
1,2 кг фосфор, 3,4 кг азот, 5 кг калий, 4кг кальцийді алып шығады. Осыған
байланысты қоректену элементтерінің ішінде соңғы екеуін көбірек қажет
етеді.
Топырақта азот көп болса, жапырақ сабақтары жақсы өсіп жетіледі де,
тамыржемістері нашар өседі. Фосфор тәттілігін көтереді, жетіспесе
жапырақтары қызыл күлгін түсті болады. Калий тамыржемістер мәйегінің
нәзіктілігіне себепші болады [4].
СҰРЫПТАРЫ.
Витаминная 6. БОКШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде піседі, өскін
пайда болғаннан техникалық пісуінің басталғанынша – 90-120 тәулік.
Өнімділігі өте жоғары. Тамыржемістерінің массасы 101-159 г, ұшы тұқыл
цилиндр тәрізді, қызғылт сары, үсті тегіс, топыраққа толығымен еніп өседі,
өзегі кішкентай, диаметрінің – 20%-на жуық, түсі бойынша мәйегінен
өзгешеленбейді. Дәмдік сапасы өте жоғары. Сақталғыштығы жақсы. Каротин
мөлшері жоғары. Жалпы өнімі 423-646 цга, тауарлысы – 420-640 цга.
Нантская 4. БО көкөніс өсімдіктерінің селекциясы және тұқым
шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі. Өскін пайда
болғаннан техникалық пісуіне дейін 100-120 тәулік. Байламдық өнім 60
тәулікте алынуы мүмкін. Жақсы өнімді күзде сепкенде береді. Тамыржемісі
цилиндрлі, ұшы тұқыл шошақты, оның ұзындығы 10-15 см, диаметрі 3-5 см,
орташа массасы 102 г. Еті ашық сары, қызыл, нәзік, тәтті. Өзегі ашық сары,
кішкентай, тамыр жемісінің 20-40 % алады. Гүл шоғырын қалыптастыра
қоймайды, жарылуға бейімді, топырақтың біркелкі ылғалдануын қажет етеді.
Сақталғыштығы қанағаттанарлық. Тамыр жемісінің өнімділігі – 310-360 цга.
Шантанэ 2461. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған.
Орташа мерзімде пісетін сұрып. Өсінді кезеңі 115-125 тәулік. Байламдық
өнімді өскін пайда болғаннан 60-70 тәуліктен соң береді. Негізінен күзгі-
қысқы кезеңдерде пайдалануға өсіріледі. Азыққа және мал азығына
пайдаланылады. Салыстырмалы түрде құрғақшылыққа төзімді, жарылуға шыдамды.
Тамыржемістері шошақ тәрізді, басы ішіне кіріңкі, өзегі сарғылт, қызыл,
тамырының диаметрінің 55%-ын қамтиды. Тауарлық тамыр жемісі – 87%-ға дейін.
Сақталғыштығы жақсы. Өнімі – 394-429 цга.
Карлсон F1. Голландияда шығарылған. Өсінді кезеңі 134 тәулік.
Тамыржемісінің ұзындығы орташа, түсі біркелкі, басы жасыл реңсіз. Жапырағы
қуатты. Ауыр топырақта өсіруге ұсынылады [1].
Камаран Ғ1. Конус тәрізді, жоғары жағы тегіс келген тамыржеміс, тегіс,
жарылуға және механикалық әсерлерге төзімді. Сақтау мерзімі ұзақ емес.
Магно Ғ1. Тегіс, массасы 70-160 г болатын, жарылуға төзімді
тамыржеміс, әмбебап пайдаланылуымен және тамыржемісінің тегістілігімен
ерекшленеді.
Мирзои красная 228. Жапырағы жартылай тік, мықты, күңгірт жасыл.
Мәйегі сарғылт-қызыл, тәтті. Орташа мерзімде (73-116 тәулік) пісетін,
өнімділігі орташа (гектарынан 40,5 тоннаға дейін) сұрып. Тамыржемісінің
массасы 69-166г [5].

1.2 Сәбіздің агротехникасы

Сәбіз арамшөп басқан танаптарға шыдамайды, сондықтан оны топырағын
арамшөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін орналастыру керек. Оған ең
жақсы алғы дақылдар ­ ерте көкөністер және ерте картоп. Егер сәбізге
суландырылатын жерден орын тимесе, онда оны ойпаңдау жердегі сүрі жерге,
егіс қорғайтын орман алқаптарының маңына, шоқ ағаштардың төңірегіне,
жүгеріден, күнбағыстан немесе басқа биік сабақты өсімдіктерден ықтырма егіп
орналастыру керек.
Сәбіз егістігі үшін топырақты өңдеу әдеттегідей. Сүдігер көтергенде әр
гектарына 1,5-3 ц суперфосфат және 0,5-1 ц хлорлы калий енгізеді. Ерте
көктемде телімге тырма жіберіледі. Себер алдындағы культивациямен бірге
гектарына 0,8-1 ц аммиак селитрасын енгізеді.
Сәбізді өнгіштігі жоғары тұқымдармен себеді. Бұл тамыржемісінің әр
гектарынан 50-ден 100 центнерге дейін қосымша өнім береді. Ұсақ тұқымдарын
0,7 мм елеуіштен өткізіп немесе тұзды суға (1л суға 40-60г тұз) салып,
бөліп алады. Бөліп алынған тұқымдарды таза сумен жуып, кептіреді.
Өскіннің па йда болуын тездету үшін тұқымды көктету, оларды ауыспалы
температурамен өңдеу, сондай­ақ басқа да тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Тұқымды себуге дейін 3-4 тәулік бұрын көктете бастайды. Ол үшін 3-4
сағат бойы бөлме температурасында суда ұстайды, сосын кенепке жұқалап
төгеді, дымқыл кенеппен жауып, әлсін-әлсін араластырып тұрады. Тұқым мұртын
жара бастасымен оларды сәл құрғатады да, іле себеді. Егер судың орнына
тотыяйынның (0,5%-дық), марганец қышқылды калийдің (0,2 %-дық), бор
қышқылының (0,1%-дық) ерітіндісін қолданса, мұның тиімділігі арта түседі.
Тұқымды алдын ала көктету өскіннің 7-10 күн ертерек пайда болуын қамтамасыз
етеді.
Тұқымды ауыспалы температурамен өңдеуді себуге 15-20 күн қалғанда
бастайды. Тұқымды жәшікке 10-15 см қалыңдықпен салады және су құяды (1 кг
тұқымға 1 л су). Суды 2 мерзімде құяды. Су сіңгеннен кейін тұқымды дымқыл
кенеппен жауып, бөлме температурасында 2-3 тәулік, тәулігіне ең кемі бір
рет араластырып, ұстайды, сосын оны мұзға қойып, 10-15 тәулік бойы -1°С пен
+1°С жылылық аралығында ұстайды. Тек тұқымды тым ұзақ уақыт тоңазыту
сәбіздің гүлденгіш сабағын қалыптастыруға бейімдейтінін есте ұстаған жөн.
Себер алдында тұқымды сәл құрғатады. Міне, осындай өңдеуден өткен тұқым,
біршама төмен температурада өне алады және өскіні 5-8 тәулік ертерек пайда
болады.
Тұқымдарды қоректік заттармен сыртынан қаптау олардың көлемін
ұлғайтады, оңай, біркелкі себілуін қамтамсыз етеді, өну қуатын арттырады
және өсімдікті алғашқы өсіп-даму кезеңдерінде қосымша қоректік заттармен
қамтамасыз етеді, түптеп келгенде өнімді арттыра түседі.
Күнге қыздыру тұқымның өну қуатын арттырады және өскіндердің біркелкі
пайда болуын қамтамасыз етеді. Қыздыруды жылыжайда немесе булыжайда
жүргізуге болады. Өну қуаты төмен тұқымдарды 2 сағат бойы 40-45°С-да
қыздырады.
Тұқымды оттекті суда 20 сағат бойы барботылау өте тиімді.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тәжірибелерінде
тұқымды барботылау тамыр жемісінің өнімділігін жай сумен шылағанмен
салыстырғанда 15-17 % арттырған.
Тұқым себер күні міндетті түрде ТМТД (1 кг тұқымға 8 г) немесе
фентиураммен (1 кг тұқымға 5 г) өңдеу керек. Егер тұқым барботыланатын
болса, пестицидтің мөлшерін екі есе кемітеді.
Қазақстанның солтүстігінде, сәбізді дұрысы ерте көктемде, қысқа қарай
немесе қыста себу.
Ерте көктемде сәбізді топырақ өңделісімен себу дұрыс. Сонда тұқым
топырақтың беткі қабатындағы ылғалды пайдалана алады. Тұқымның себу мөлшері
гектарына 7-8 кг (қатардың әр метріне 70-100 өнгіш тұқым).
Тұқымның сіңіру тереңдігі 2-3 см; 5 см-ден терең сіңірсе тұқым өне
алмайды. Егістікті сепкенше және сепкеннен кейін тығыздайды. Себуден
кейінгі тығыздауды себумен бірге жүргізеді. Барботыланған немесе
өскіндетілген тұқымдарды дымқыл топыраққа сіңіру керек, әйтпесе олар өнбей
қалады.
Себу біркелкі болуы үшін тұқымдарды кептірілген ағаш үгіндісімен
немесе түйірленген суперфосфатпен (тұқымның 1 бөлігіне ағаш ұнтағының 2-3
бөлігін немесе көлеміне қарай түйірлі суперфосфат алынады) араластырады.
Көктемгі егістік өскіндері өте кеш пайда болатындықтан егістікті
арамшөптердің басып кету қаупі бар. Сондықтан тұқымға із білдіргіш дақылдың
тұқымын араластыру дұрыс: 1 кг сәбізге 0,5 кг шалғам (шалғам егістіктің
қатарларын ерте білдіреді де, сәбіздің өскіні пайда болғанша, арамшөппен
күресуге мүмкіндік жасайды).
Қысқа қарай себуді тұқымның бөртуі басталуын, бірақ өскіні пайда
болмауын ескеріп жүргізеді, себебі күздегі өскіндер әдетте өліп қалады
(қазан айының соңы – қараша айының басы). Сәбізді топырақтың беткі қабаты
тоңазығанда да, бірақ тұқым сепкіштің шүмегі әлі де оны тіле алатын кезде
жүргізуге болады. Құрғақ, іріктелген және дәріленген тұқыммен себеді. Себу
мөлшерін көктемдегі себумен салыстырғанда 25-30 % арттырады. Тұқымды 3-
4 см сіңіреді. Қыс түсер қарсаңында себілген сәбіз, көктемде себілгенмен
салыстырғанда 15-20 тәулік ертерек піседі және өнімі де әжептәуір жоғары
болады.
Байламдық сәбіз өнімін ерте іске асыру шілденің басында басталады. Бұл
кезде оның гектарлық өнімі 250-300 цга жетеді. Сәбізді бүкіл қыс бойы,
қардың қалыңдығы 20-30 см аспағанша себуге болады. Қыста себу үшін ені 10-
12 см атыздар жырта алатын фрезерлі түренді СФ-20, СФ-24 арнаулы тұқым
сепкіштері қолданылады.
Сәбізді қатараралығын 45 см қойып немесе кең жолақты 68+8-10 см (қос
ізді) тәсілмен себеді. Арамшөптерді уақытында жою және біркелкі өскіндер
алу үшін, өскіндер пайда болардан 3-4 тәулік бұрын танапты торлы көз БСН-4
тырмасымен немесе МВН-2,8 айналмалы шотпен өңдеу ұсынылады. Бұл агрошара
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің деректері бойынша өскіннің санын 30%
арттыратын көрінеді және егістіктің арамшөппен ластануын 3 есе кемітеді.
Өскіндер пайда болғанша топырақты өңдеуді (із білдіргіш дақылдар
бойынша) бір жақты ұстара табаны бар культиватормен 4-5 см тереңдікте
жүргізеді. Қатарлары байқалысымен сәбіз егістігін қорғағыш алаңын 8-10 см
қойып, екінші рет 5-6 см тереңдікке қопсытады. Одан тереңірек қопсытса
өскіндерді топырақ басып қалып, олар солып қалады.
Өсімдіктің 3-4 жапырағы пайда болғанда қатараралығын үшінші рет, 8-10
см тереңдікке өңдейді. Одан әрі қопсытуды қажетіне қарай жүргізеді, әдетте
суландырудан кейін қорғау алаңын 10-15 см етіп, 10-12 см тереңдікке
өңдейді. Қатараралықты соңғы рет өңдеу алдында үстеп қоректендіреді: бір
гектарға 1-1,5 ц аммиак селитрасын, сонша суперфосфат және 0,5 ц хлорлы
калий енгізеді.
Арамшөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Топыраққа тұқым
сепкенше, сәбіздің өскіні пайда болғанша немесе 1-2 нағыз жапырағы
кезеңінде гезагардты (2-3 лга) бүркеді. Тамыржемістерін гербицид
қолданғаннан 4 ай өткен соң ғана қолдануға рұқсат етіледі. Бір жылдық астық
тұқымдас арамшөптерге қарсы, олардың 2-6 жапырақ кезеңдерінде набу (1-3
лга), тарга супер (1-2 лга) бүркеді. Трефланды (3-4 лга) тұқым сепкенше
немесе себу жұмыстарымен бірге топырақ үстіне бүркеді де, іле-шала
топыраққа араластырады.
Сәбіз судың жеткілікті болғанын тілейді. Ең жоғары өнімді суландырудың
жүйелі түрде қолдануы қамтамасыз етеді. Өсу-даму кезеңінде ауа райына
байланысты сәбіз егістігін 5-7 рет гектарына 350-400 м3 су
жіберіп суарады және суарғанда ойпаң жерде судың жиналмауын қадағалау
керек, себебі ол өсімдіктерді тұншықтырады да кейіннен опат қылады.
Суландыру суын тиімді пайдалану, топырақтың су-физикалық қасиеттерін
жақсарту мақсатында, нәтижесінде сәбіздің өнімділігін арттыру үшін, өсу-
даму кезеңінің ортасында, екі суландырудан кейін, қатараралықты 20-25 см
тереңдікке саңылаулау тиімді. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің деректері
бойынша бұл тәсіл тамыр жемістерінің гектарлық өнімін 43 ц арттырыпты.
Суландыруды өнімнің толық пісуіне бір ай қалғанда, тамыржемісінің
жарылуын болдырмас үшін тоқтатады.
ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ. Ерте піскен сәбізді жүзеге асыру үшін күнде аз-
аздан жинайды. Сыйымды тоңазытқыштары бар шаруашылықтарда бәрін бірақ
жинайды. Қысқы сақтауға қойылатын сәбізді -2°С аяз түскенше жинап алу
керек, орташа есеппен қыркүйектің үшінші онкүндігінде. Аязға ұрынған
тамыржемісі сақтауға келмейді. Қолайлы ауа райы болса, жинауға асықпаған
жөн, себебі қыркүйекте гектарлық өнім тәулігіне 4 ц-ден 9-ц-ге дейін
артады.
Сәбізді топырақтан алдымен қызылшақопарғышпен, культиватормен,
картопқазғышпен немесе жазық тілгішпен қазып, сосын жинайды.
Қызылшақопарғышпен немесе жазық тілгішпен жұмыс істегенде бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат
Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер
Тамыржемісті көкөністер
Сәбіз және оның адам ағзасына пайдасы
Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен танысу
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы
Тамыр – түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Сәбізді өсіру технологиясы
Дайындық кезеңі
Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері
Пәндер